Балалардағы митральді қақпақшаның бейревматикалық зақымдануы
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Неревматическое поражение митрального клапана неуточненное (I34.9)
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен бекітілген
Митральды қақпақшаның ревматикалық емес зақымдануы - митральды қақпақшаның ревматизмнен басқа, өзге этиологиялы зақымдануы.
Митральды тарылу – сол жүрекше систоласы кезінде қанның физиологиялық ағыммен сол жақ қарыншаға өтуіндегі сол жүрекше – қарыншалық тесіктің тарылуы.
Митральды жеткіліксіздік – сол жақ жүрекше–қарыншалық қақпақшаның әлсіздігінен систола кезінде сол жақ қарыншадан қанның сол жақ жүрекшеге қарай кері бағытқа өтуіне кедергі жасауға қабілетсіздігі [4,5,6,7,8].
Екі жасқа дейінгі балаларда митральды стеноздың клиникалық көріністері анықталса, туа біткен ақауды білдіреді.
Хаттама атауы: Балалардағы митральді қақпақшаның бейревматикалық зақымдануы
Хаттама коды
ХАЖ -10 коды (тар)
І34.0 Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі
І34.2 Митральді қақпақшаның бейревматикалық стенозы
І34.8 Митральды қақпақшаның басқа бейревматикалық зақымдануы
І34.9 Митральды қақпақшаның анықталмаған бейревматикалық зақымдану
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
АҚ - артериялық қысым
АЛТ - аланинаминотрансфераза
АСТ-аспартатаминотрансфера
ААФ - ангиотензинайналдырушы фермент
БІТУ - белсендірілген ішінара тромбинді уақыт
АИВ - адамның иммун тапшылық вирусы
ИФТ - иммуноферментативті талдау
КФК - креатинфосфокиназа
ЛДГ - лактатдегидрогеназа
ХҚҚ - халықаралық қалыптандырылған қатынас
ЖАҚ - жүрекше аралық қалқа
СЕҚҚП - стероидты емес қабынуға қарсы препаттар
МҚРЕЗ – митральды қақпақшаның ревматикалық емес зақымдануы
ЖҚТ – жалпы қан талдау
ЖНТ - жалпы несеп талдау
ЖРҚ - жедел ревматикалық қызба
ПУ - протромбинді уақыт
МҚП - митральді қақпақшаның пролапсы
ПТИ - протромбинді индекс
ЕФМЖ – еритін фибромономерлі жиынтық
ЭШЖ - эритроциттің шөгу жылдамдығы
СРА - С – реактивті ақуыз
СТӘС - синусты түйіннің әлсіреу синдромы
ТУ - тромбинді уақыт
УДДГ - ультрадыбысты допплерография
УДЗ - ультрадыбысты зерттеу
ЖЖЖ - жүректің жиырылу жиілігі
ЭКГ - электрокардиография
ЭхоКГ - эхокардиография
Хаттаманы дайындау күні - 2014 жыл
Пациенттердің санаты - митральді қақпақшасы зақымданған балалар
Хаттаманы пайдаланушылар – балалар кардиологтары, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері, фельдшерлер.
Жіктемесі
Балалардағы митральды қақпақшаның зақымдануының клиникалық жіктелуі [6]:
- Митральды жеткіліксіздік
- Митральды тарылу
- Құрамдасқан митральды жеткіліксіздідігі және тарылуы
Диагностикасы
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейдегі негізгі диагностикалық тексерулер:
- Жалпы қан талдау
- ЭКГ
- ЭхоКГ
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
- ЭКГ Холтерлік мониторингі
·
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі :
- ЖҚТ ( 6 параметрде)
- ЭКГ
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер
(шұғыл госпитальдаудағы амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі):
- ЖҚТ
- ЖНТ
- Биохимиялық қан талдау (калий, натрий , билирубин, несепнәр, АЛТ, АСТ, тимолды сынама, жалпы ақуыз, ақуызды фракция, креатинин, СРБ, АСЛО анықтау);
- ИФТ– әдісі арқылы қан сарысуындағы р24 АИТВ антигенін анықтау
- Өңешті контрастілеу арқылы жүрек рентгенографиясы
- ЭКГ
- Допплерлік тексерумен ЭхоКГ
- Іш қуысы ағзаларының УДЗ
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: (шұғыл госпитальдаудағы амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі):
· коагулограмма (ПВ-ПТИ-МНО, РФМК, АЧТВ, ТВ, фибриноген);
· қан тромбоциттерінің адгезия және агрегация реакцияларын өткізу;
· В және С гепатиттеріне ИФА маркерелерін жүргізу;
· өңеш арқылы ЭхоКГ;
· ЭКГ Холтерлік мониторингі;
· мойын қантамырларының УЗДГ;
· стресс – эхокардиография ;
· велоэргометрия;
· кардиоинтервалография ;
· Электроэнцефалография;
· аңқа жұғындысынан бактериологиялық зерттеу;
· микробқа қарсы препараттардың бөлінген қсірінділер сезімталдығын анықтау.
Жедел жәрдем кезінде жүргізілетін диагностикалық шаралар:
· АҚ өлшеу;
· ЭКГ
Диагностикалық критерийлер
Шағымдар және анамнез:
Шағымдары:
Митральды қақпақша жеткіліксіздігін (ревматикалық емес ) науқастар жақсы көтереді және көп жылдар бойы симптомсыз өтуі мүмкін. Жарақат салдарынан кенеттен болған митральды қақпақша жеткіліксіздігі, қақпақша астылық аппарат зақымдануы болса, клиникалық симптомы жедел өкпе ісінуі арқылы анықталынады [1]:
- ентікпе ;
- жүрек ентікпесінің ұстамалары;
- қақырықпен жөтел, көбіне қан ұйындыларымен;
алғашқы тарылу қалыптасуында шағымдары және ақау көріністері болмайды.
Туа біткен митральды тарылуда:
- респираторлы дистресс-синдром, жиі өкпе аурулары, тахипті (жаңа туылған нәрестелерде) ;
- физикалық күштемеге, ентікпеге, жүрек соғуына толеранттылықтың төмендеуі;
- цианоз, оң қарыншалық жеткіліксіздік бауыр ұлғаюы арқылы көрінеді, ісінулер;
Анамнез:
- жүктіліктің қатерлі ағымы;
- ерте жаста шағымдарының пайда болуы;
- тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің болуы.
Физикалық қарау [1,7,8]:
митральды қақпақша жеткізіліксіздік кезінде:
- төстен солға қарай жүректік бүкір;
- күшейген және жайылған жүрек ұшы түрткісі;
- жүрек шекарасы солға және жоғары кеңейген;
І тонның әлсіреуі не болмауы, өкпе артерия үстінде ІІ тон акценті, жүрек қуысында қосымша ІІІ тон болуы, жүрек ұшында естілетін систолалық шудың интенсивтілігі әртүрлі - жұмсақ, үрлеуші немесе жүректің ұшында максимальды естілу нүктесімен өрескел.
Митральды қақпақша тарылуы кезінде:
- перифериялық пульсацияның азаюы;
- систолиялық АҚ төмендеуі ;
- жүрек ұшы түрткісінің әлсіреуі;
- жүрек ұшында пресистолиялық діріл;
- жүрек шекарасы жоғары және оңға кеңейген ;
- жүрек ұшында шапалақты І тон;
- жүрек ұшында пресистолалық акцентпен максимальды естілетін диастолалық шу;
- өкпе артерия үстінде ІІ тон акцентінің екі еселенуі, жүректің ІІІ және ІV тондарының пайда болуы.
Зертханалық тексерулер:
· ЖҚТ: анемия;
· қанның биохимиялық талдау: СРБ, КФК, ЛДГ жоғарылауы, диспротеинемия (альбуминнің төмендеуінен) ;
· коагулограмма: тромбоциттер агрегациясының бұзылуы.
Аспаптық зерттеулер [8,10]:
Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуі:
Митральды қақпақша жеткіліксіздігі кезінде:
· кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілу белгілері ;
· жүрек көлеңкесінің солға қарай, ал кешірек кезеңінде оңға қарай ұлғаюы
Митральды қақпақша тарылуы кезінде:
· кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілу белгілері;
· жүрек көлеңкесінің сол жүрекше және оң қарыншаға байланысты ұлғаюы;
· өкпе артериясы доғасының ісінуі.
ЭКГ:
Митральды қақпақша жеткіліксіздігі кезінде:
· сол жүрекше мен қарынша гипертрофиясының әлсіз белгілері, ал кейін оң қарынша;
· жүрек ырғағының әртүрлі бұзылыстары, әсіресе жүрекше фибриляциясы, экстросистолия
Митралды қақпақша тарылуы кезінде
· Р тісшесінің өзгеруі – үлкейген, кеңейген, кейін оның І, ІІ және а VL жалғамадырында екі еселенуі, V1, V2 тіркемелерінде екі фазалы;
· оң қарыншаның гипертрофия белгілері, жүрек электро осінің оңға жылжуы
· реполяризация үдерісінің бұзылысы.
Эхо КГ :
Митралды қақпақша жеткіліксіздігі кезінде :
· митралды қақпақша жармаларының өзгеруі, қақпақша асты аппаратының өзгеруі ;
· сол жүрекше мен қарынша қуысының кеңеюі;
· әртүрлі дәрежелі митральды қақпақшада регургитация белгілерінің болуы
Митралды тарылу кезінеде:
· оң қарынша мен сол жүрекшенің кеңеюі, сол қарынша қуысының азаюы;
· митральды қақпақшаның эхотығыздығы қалыңдаған, үлкейген, алдыңғы жармалар қозғалысының амплитудасы төмендеген, екі жарманың да қозғалысы бір бағытта;
· диастолиялық ағымның максимальды жылдамдығы 1,3 м/с жоғары.
Мамандар кеңесіне көрсетулер:
· оториноларингологтың кеңесі – созылмалы инфекция ошақтарын табу және оларды санациялау мақсатында;
· кардиохирургтың кеңесі – жүрек жеткіліксіздігі дамуы кезінде митралды қақпақшаның зақымдалуын кардиохирургиялық түзету жүргізу;
· невропатологтың кеңесі – неврологиялық симптоматика анықталуы кезінде;
· психиатрдың кеңесі – психосоматикалық симптоматика анықталуы кезінде;
· стоматологтың кеңесі - созылмалы инфекция ошақтарын табу және оларды санациялау мақсатында.
Дифференциалды диагноз
Аурудың аталуы | Ажырату белгілері |
Инфекциялық эндокардит |
- стафилококк, грамм-теріс микроағзалар, жасылданатын стрептококктың басым болуы; - тек СЕҚҚП тағайындағанда қызбалық синдром толық басылмайды; - өршитін әлсіздік, анорексия, дене салмағының тез азаюы тән; - жүрек қақпақшаларының тез өршитін деструктивті өзгерістері және іркілулік қанайналым жеткіліксіздік симптомдары; - ЭхоКГ кезінде жүрек қақапақшаларының вегетациясы; - позитивті гемоөсірінді |
ЖАҚ оқшауланған аневризмасы |
- дәнекер тін элементтерінің әлсіздігіне байланысты көбіне сопақша терезе аймағында орналасады; - ЖАҚ ақауының кездейсоқ жабылуынан кейінгі дәнекер тіннің тұқымқуалаушылық дисплазиясы кезінде пайда болады, не туа біткен ақау болып табылылады ; - әдетте аневризмалық шығыңқылар кішкене, гемодинамикалық өзгерістермен жүрмейді және хирургиялық отаны қажет етпейді - ЭхоКГ арқылы жүректе дыбыстық өзгерістерді анықтауға болады: сопақша терезе аймағында оң жүрекшеге қарай ЖАҚ шығыңқы болуынан аневризма анықталады; - жүректе шертпелердің болуынан клиникалық аневризмаға күдіктенуге болады, МҚП кезіндегіге ұқсайды. Аневризма мен пролапс бірігуі болуы мүмкін; - ЖАҚ аневризмасы бар балалар қарынша үстілік тахиаритмияның , СТӘС дамуына бейім |
ЖРҚ (жоғары жастағы балалар) |
- кардит; - артрит; - хорея; - сақина тәрізді эритема ; - ревматикалық түйіндер ; - қызба; - артралгия; - абдоминальды синдром; - серозиттер; - зертханалық: жоғарылаған жіті фазалық ЭТЖ және СРБ ректанттары; - ЭКГ Р-Q аралығының ұзаруы ; - алдында болған А- стрептококк инфекциясын растайтын деректер |
Жүректің вегетативті дисфункциямен шартталған аритмиялар, басқа да өзгерістерінің болмауы. |
экстросистолиялардың, пароксизмальды тахикардияның, қайтымды суправентикулярлы тахикардияның экстрокардиальды генезі пайдасына мына мәліметтер бар: - анамнез (патологиялық жүктіліктен және босанудан туылған балалар ); - созылмалы инфекция ошақтары және олардың өршуі кезінде күшеюі; - гипертензивті – гидроцефальді синдром; - вегетативті тамырлы дистония симптомдары; - экстрасистолалар кезеңімен жоғалады, тұрғанда және физикалық жүктеме кезінде олардың мөлшері азаяды; - Функциялық кардиопатия ЭКГ да ST-T түрінде көрінеді, І дәрежелі АВ – блокаданы дәрілік сынамамен ажыратуға болады (калий обзиданды және атропинді ); |
Сол жүрекше миксомасы |
- жүйелі ауруларға күдік тудыратын көріністер: дене салмағының төмендеуі, қызба , жүйелі эмболия , ЭТЖ жоғарылауы , сарысулы γ-глобулин шоғырлануының жоғарылауы; - сол жүрекшелік қарыншалық қақпақша ашылу шертпесі естілмейді, қолқа қақпақшасының қосалқы зақымдану белгілері болмайды; - дене қалпының өзгеруі кезінде аускультативті симптоматика жиі өзгереді; - ЭхоКГ да сол жүрекшенің эхо-контрастілі түзілісі , ангиографияда бөліктік толу ақауы көрінеді. |
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаты :
· Нейровегетативті , психосоматикалық бұзылыстарды түзету;
· Асқыну профилактикасы (миокард нейродистрофиясы, инфекциялы эндокардит).
Емдік шаралар қанайналым жеткіліксіздігінің, қақпақша зақымдану асқынулардың дамуына, қабыну процесінің дәрежесіне байланысты.
Емдеу тәсілі
Дәрі-дәрмексіз емдеу
· Тәртіп :
Тәртіп 1- төсектік;
Тәртіп 2- жартылай төсектік;
Тәртіп 3- жалпы;
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Кардиометаболиялық препараттар:
·карнитин хлориды 50-75 мг тәулігіне 30 күн;
• калий оротаты 10-20 мг/кг/тәулігіне, 20 күн 3 реттік қабылдаумен;
• магний оротаты 1 табл. күніне 3 реттен 30 күн;
Бір мезетте екі препараттан асырмай кардиометаболитикалық преапараттарды алмастырып тағайындайды.
Бактерияға қарсы терапия (көрсетім бойынша):
• амоксициллин 0,125-0,5 г 10 күн 3 реттен;
• амоксициллин/клавуланат 1,875 г 10 күн 3 реттен;
• эритромицин 0,4-1,0 г тәулігіне 10 күн 4 реттен;
• азитромицин10 мг/кг күніне 1 рет, 3 күндік курспен;
• спирамицин 1,5-9,0 млн. МЕ тәулігіне 10 күн;
• рокситромицин 5 мг/кг/ тәулігіне 10 күн 2 реттен;
• кларитромицин 15/мг/кг/ тәулігіне 10 күн бойы;
• цефазолин 20-50-100 мг/кг/ тәулігінге 10 күн бойы 4 реттен;
• цефалексин 50-100 мг/кг/ тәулігіне 10-14 күн бойы 4 реттен;
• цефуроксим 50-100 мг/кг/ тәулігіне 3-4 реттен 10- 14 күн бойы ;
• цефтриаксон 50-100 мг/кг/ тәулігіне 4-14 күн бойы 2 реттен;
• имипенем + циластатин 50 мг/кг/ тәулігіне 10-14 күн бойы 2 реттен.
Әртүрлі топтағы аритмияға қарсы препараттар (көрсетім бойынша):
• бета-блокаторлар: пропранолол табл. 0,25-0,5 мг/кг/ тәулігіне 3 реттен немесе атенолол таб 50-100 мг тәулігіне бір реттен;
• α- и β-адреноблокатор: амиодарон табл. 5-9 мг/кг/ тәулігіне 3 реттен ;
• мембраностабилизатор (қарыншалық экстросистолия): лидокаин 1-2% ампула ерітіндісі 1-2 мг/кг бір реттен т/і;
• кальций антагонистері: верапамил таб 1-3 мг/кг/ тәулігіне 2-3 реттен.
Қанайналым жеткіліксіздігі дамыған кезде:
• кардиотоникалық препараттар - ІІ және одан жоғары дәрежелі қанайналым жеткіліксіздігі кезінде жүректік гликозидтер - дигоксин таблеткасы тұрақтандырушы доза 0,008- 0,01 мг/кг/ тәул 2 реттен;
• диуретиктер – қанайналым жеткіліксіздігі кезінде фуросемид таб 1-3 мг/кг/ тәулігіне 3 реттен кейін спиронолактон таб 3,3 мг/кг/ тәулігіне 2-3 реттен немесе триамтерен табл. 1-2 мг/кг/ тәулігіне ауысумен тағайындалынады ;
• АПФ ингибиторлары: эналаприл табл. 2,5-5-10 мг/ тәулігіне 2 реттен немесе каптоприл таб (дозасы жеке тағайындалынады) 0,3-1,0 мг/кг/ тәулігіне 3 рет.
Антикоагулянттар мен антиагреганттар:
• варфарин таб 2,5-5,0 мг/тәу, 3 күн бойы 2 реттен,
кейін протромбин уақытына байланысты түзетіп тұрады (нормадан 1,5-2 есе артық болуы тиіс);
фениндион (фенилин) таб 1 мг/кг/тәу, 4 рет;
Қабынуға қарсы терапия ҚҚСЕП (көрсетімдер бойынша):
• ацетилсалицил қышқылы табл. 60-100 мг кг -ға, бірақ тәулігіне 2,0 гр көп емес;
• индометацин таб 2-2,5-3 мг/кг/тәулігіне;
• диклофенак таб 2-3 мг/кг/тәулігіне;
• ибупрофен таб 30-40 мг/кг/ тәулігіне;
• напроксен таб 10-20 мг/кг/тәулігіне;
• нимесулид таб 5 мг/кг/тәулігіне.
Глюкокортикостериодтар (көрсеткіш бойынша ):
• преднизолон таблеткасы 0,5-1,0 мг/кг/тәу 2-3 аптасына қарай аптасына 2,5 мг-нан тәулігіне ақырындап азайтады, күннің алғашқы жартысында бүйрек үсті безінің физиологиялық ырғағына сәйкес тәулік бойы таралады.
Метаболизмді және ми қанайналымын жақсартатын психофармакотерапия, седативті препараттар (көрсетім бойынша ):
• сасықшөп тұнбасы 1 шай қасықтан 20 күн бойы күніне 3 реттен ;
• валериан экстракты табл. 0,02 1 таблеткадан 20 күн бойы 2-3 реттен;
• диазепам табл. 2,5-15 мг 10 күн бойы тәулігіне;
• циннаризин таб 50-75 мг – нан тәулігіне, 20 күн бойы;
• винпоцетин 10-15 мг нан тәулігіне, 20 күн.
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу :
Негізгі дәрілік заттар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
• Бензатин бензилпенициллин флакондағы 600 000 МЕ (459 мг) б/і 4 аптада 1 рет;
• Калий оротаты табл. 500 мг 10-20мг /кг/тәу 3-5 күн бойы 2-3 реттен ;
Қосымша дәрілік заттар тізімі:
• Дигоксин, табл. 0,25 мг, 0,1 мг;
• Верошпирон, табл. 0,25.
Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу :
Негізгі дәрілік заттар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
• Амоксициллин табл. 500 мг, 1000 мг; 250 мг; 500 мг, капс.; 250 мг/5 мл пероральді суспензия;
• Амоксициллин/клавуланат табл. 625 мг,; флакондағы 600 мг, инъекцияға арналған ерітінді;
• Эритромицин табл. 250 мг, 500 мг; пероральді суспензия 250 мг/5 мл;
• Азитромицин табл. 125 мг, 500 мг; капсулалар 250 мг; флаконда 200 мг/100 мл;
• Цефазолин , инъекционды ерітіндіге арналған ұнтақ 1000 мг;
• Цефуроксим таб 250 мг, 500 мг; флакондағы инъекционды ерітіндіні 750 мг дайындауға арналған ұнтақ;
• Цефалексин таблеткасы және капсуласы 250 мг, 500 мг; 125 мг, суспензия және сироп 250 мг/5 мл;
• Пропранолол табл. 40 мг;
• Амиодарон табл. 200 мг; амп 150 мг/3 мл;
• Лидокаин 1%, 2%, 10% (гидрохлорид) инъекцияға арналған ерітінді 2 мл, 10 мл,;
• Дигоксин табл. 0,25мг, 0,1мг; амп 0,25мг/мл;
• Фуросемид табл. 40 мг; амп20 мг/2мл;
• Эналаприл табл. 2,5 мг, 5мг,10 мг; амп 1,25 мг/1 мл;
• Варфарин табл. 2,5 мг;
• Ацетилсалицил қышқылы таб 100 мг, 150мг,75мг, 300 мг, 500 мг;
• Диклофенак табл. 25мг, 50 мг, 100 мг; инъекцияға арналған ерітінді 75 мг/3 мл; ректальді суппозиторилер 50 мг; мазь 100 мг;
• Преднизолон табл. 5 мг; инъекцияға арналған ерітінді 30 мг/мл;
• Диазепам табл. 2 мг, 5 мг;
• Пирацетам табл. 200 мг; амп 20% 5 мл;
• Карнитин хлориды таб 75-100 мг;
Қосымша дәрілік заттар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
• Спирамицин суспензияға арналған гранула 1,5 млн ЕД, 375 мың ЕД, 750 мың ЕД; инфузияға арналған ұнтақ 1,5 млн ЕД;
• Кларитромицин таб 250 мг, 500 мг;
• Цефтриаксон флаконда, инъекционды ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ 500 мг,1 000 мг;
• Имипенем +циластатин флаконда, ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ 500 /500мг;
• Атенолол табл. 50 мг, 100 мг;
• Верапамил табл. 40 мг, 80 мг;
• Спиронолактон табл. 25 мг, 50 мг;
• Индометацин табл. 25 мг;
• сасықшөп тұнбасы 30 мл; \
• Валериан экстракты таблетки 0,02;
• Винпоцетин- таб 5 мг, 1 0 мг; амп 2 мл.
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі қолдыналатын дәрі-дәрмектер:
Митральды тарылу кезіндегі өкпе ісінуін тоқтату:
• Ілмекті диуретиктер: фуросемид бастапқы бір реттік мөлшері — 1–2 мг/кг, максимальды —6 мг/кг.
Жүрекше фибриляциясы/лүпілдеуі кезінде :
• Аденозин - т/і егуге арналған ерітінді (1 мл — 3 мг, в ампулада — 6 мг). Балаларға — 50 мкг/кг. Мөлшерін 2 мин сайын 50мкг /кг дейін ұлғайтуға болады, максимальды мөлшер 250 мкг /кг ;
• Амиодарон - балаларға арналған таблетка мөлшері 2.5-10 мг/ тәу. Ем ұзақтығын және тізбегі жеке тағайындайды;
• Амиодарон – ампула - жүктемелеу мөлшері 5-7 мг/кг 250 мл 5% декстроза ерітіндісі (глюкозы) 30 - 60 минут бойы.
· Амиодарон – таблеткасы ампуласы (жаңа туған нәрестелерге, сәбилерге, және 3 жасқа дейінгі балаларға т/і егуге болмайды.
Басқа да емдеу түрлері
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері
Стационарлық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері:
· Физиоем:
· мойын – жаға аймағына магний және броммен электрофорез;
· электроұйқы;
· Перикард және жүрек ауруларында массаж ;
· Перикард және жүрек ауруларында емдік дене шынықтыру.
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: «Жіті жүрек жеткіліксіздігі» кезінде жүргізілетін клиникалық хаттама бойынша жүргізіледі.
Хирургиялық араласулар:
Амбулаториялық деңгейдегі хирургиялық араласулар: жоқ.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін хирургиялық араласу:
Хирургиялық емге көрсетілімдер:
· митральді регургитациядан әсерінен болған клиникалық айқын көрсеткіштер;
· жыпылықтау аритмиясы;
· өкпелік гипертензияның болуы (өкпе артериясындағы қысым тыныштықта 50 мм сын.бағ.артық немесе жүктеме берілгенде 60 мл сын.бағ асады);
сол қарыншаның анық систолиялық дисфункциясы (СҚ лақтырысының фракциясы 30% аз, аяққы систоликалық көлемі 55 мм артық).
Ота түрлері:
· комиссуротомия;
· баллонды вальвулопластика;
· митральды қақпақшаны протездеу;
Ота шараларының түрі науқас мәртебесіне және қақпақша морфологиясына байланысты анықталынады.
Алдын алуы
Профилактикалық іс-шаралар (асқынулар профилактикасы, МСАК деңгейіндегі алғашқы алдын алу, қауіптік факторды көрсету );
Алғашқы профилактика:
Пренаталтьді скрининг
Қайталама профилактика:
Амбулуториялық кезеңде тағайындайды :
· миокардтағы алмасуды жақсартатын препараттар жылына 2-4 реттік курспен (калий оротаты, панангин, рибоксин, фолий қышқылымен В12 дәрумені, L-карнитин немесе милдронат);
бейстероидты анаболикалық гормондар;
(ретаболил, неробол, фемоболин, метандростендиол, фосфаден).
Көрсетімдер бойынша тағайындайды:
· тұрақтандырушы мөлшердегі жүрек гликозидтері;
· аритмияға қарсы препараттар;
· несеп айдағыштар аптасына 1-3 рет;
· стресстің алдын алу үшін седативті препараттар;
· жедел интеркуррентті ауруларда ҚҚСЕП терапиясын 2-3 апта бойы жүргізіледі ;
· созылмалы тонзиллит кезінде 1 жыл бойы бацилинотерапия тағайындайды
· тонзиллоэктомия жайлы сұрақ индвидуальді қаралады;
· бала мектептегі физикалық жүктемеден босатылады;
· емдік дене шынықтыру және жаяу жүріс ұсынылады.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- Қолданылған әдебиеттер тізімі : 1. Мутафьян, О. А. Детская кардиология: руководство / О. А. Мутафьян. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 504 с 2. ACC/AHA/ASE 2003 Guideline Update for the Clinical Application of Echocardiography A Report of the American College of Cardiology/American Heart Association Task Force on Practice Guidelines (ACC/AHA/ASE Committee to Update the 1997 Guidelines for the Clinical Application of Echocardiography) Scottish Intercollegiate Guidelines Network A National Clinical Guideline Antithrombotic Therapy March 1999 3. Management of Patients WithValvular Heart Disease A Report of the American College ACC/AHA Pocket GuidelinesA Report of the American College of Cardiology/American Heart Association Task Force on Practice Guidelines July 2000 4. Mitral Valve Prolapse: Time for a Fresh Look. Reviews in Cardiovascular Medicine 2001;2(2): 73- 81. Guidelines: https://www.americanheart.org 5. http://www.evrika.ru/show/866 Ю.М. Белозёров, И.М. Османов, Ш.М. Магомедова «Новые взгляды на проблему пролапса митрального клапана у детей и подростков»- 6. Сторожаков Г. И., Гендлин Г. Е., Миллер О. А. Болезни клапанов сердца - М., «Практика», 2012,- С.200 7. «Детская кардиология» Под ред. Дж. Хоффмана. - Пер. с англ., М., «Практика», 2006. – С.543 8. Беляева Л.М. Детская кардиология и ревматология: Практическое руководство., «МИА»,2011, - С.584 9. Murphy M.L., Pichichero M.E. Prospective identification and treatment of children with pediatric autoimmune neuropsychiatric disorder associated with group A streptococcal infection (PANDAS). – Arch. Pediatr. Adolesc. Med.– 2002.– Vol. 156.– P. 356–361. 10. И.Н. Денисов, С.Г. Горохова «Диагноз при сердечно-сосудистых заболеваниях. Формулировка, классификации»,- Практическое руководство,-Москва,«ГЭОТАР-Медиа», 2008. – с. 26-33.
Ақпарат
Әзірлеушілер:
1. Абдрахманова Сағира Тоқсанбайқызы – м.ғ.д., «Астана медицина
университеті» «№2 балалараурулары» кафедрасының меңгерушісі;
2. Нұрғалиева Жанар Жеңісқызы – к.м.н., ассоциирленген профессор, «С.Д. Асфендияров атындағы Казақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «№2 балалар аурулары» кафедрасының меңгерушісі;
3. Мамбетова Индира Зинабдинқызы – м.ғ.к., «С.Д. Асфендияров атындағы Казақ Ұлттық медицина университеті» «Амбулаторлық–емханалық педиатрия» кафедрасының доценті
4. Құдайбергенова Махира Сейдуалиқызы – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ клиникалық фармакологы.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
Пікір иелері:
Отарбаев Н.К. – м.ғ.д., «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ басқарма төрағасы;
Джаксалыкова К.К. – м.ғ.д.,«Семей мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі, профессор.
Хаттаманы қайта қарау шарттары: 3 жылдан кейін не жаңа диагностикалық әдістер пайда болғанда немесе жоғары дәрежелі дәлелденген емдеу шаралары пайда болғанда қайта қаралады .
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.