Войти

Артропатиялар

PN-T-002

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Артропатия при других уточненных болезнях, классифицированных в других рубриках (M14.8*)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Артропатия – түрлі патологиялық процесстердің фонында буындардың 
екіншілік зақымдануы. Ол қабынбалық (артриттер), сонымен қатар дегенеративті - дистрофиялық мінезде (артроздар) болуы мүмкін.

 
Хаттама коды: PN-T-002 "Артропатиялар"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін

 
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
М00 – М03 – инфекциялық артропатиялар.
М05 – М14 – қабынбалық полиартропатиялар.
М15 – М19 – артроздар.
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Дəнекер тінінің диффузды зақымдануы кезіндегі буындар ауруы (коллагеноздар).
2. Буын шеміршектерінің дистрофиялық - дегенеративті зақымдануы (деформациялы остеоартроз).
3. Жіті, сирек жағдайда рецидив беретін реактивті полиартриттер (спецификалық емес инфекциялар кезінде - стрептококкты, иерсиниозды, хламидиялы жəне басқа).
4. Спецификалық инфекциялық артриттер (туберкулез, мерез, соз).
5. Буын құрылымының қабынбалы–дегенеративті зақымдануы – микрокристаллдардың  жиналуы (алмасушылық микрокристаллдық артропатиялар).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп қатерлі факторлар:
1. Инфекция: вирустар, бактериальді суперагенттер, токсиндер, оның ішінде темекі компоненттері, аллергендер.
2. Буынға көп жүк түсіру (микротравматизация), ауыр физикалық еңбек.
3. Генетикалық бейімділік, əсіресе қаны бір туыстарда.
4. Алкоголь, етті тамақтарды, жоғары колориялы тағамдарды өте көп пайдалану.
5. Метаболизмнің бұзылуы.

Диагностика


Диагностика критерилері:
- буындық көріністер (тыныштықта жəне қозғалыста буынның ауыруы, ісінуі, деформация);
- буыннан тыс зақымданулар: қызба, астенизация, уыттану, сақина тəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер жəне басқа.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез жинау (анамнездегі қауіп қатерлі факторлар).
2. Объективті тексеру (науқастың ахуалы, процесстің белсенділік дəрежесі, ағымы жəне басқа).

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Кезеңдік ем мақсаты: клиникалық сауығы, жалпы ахуалының жақсаруы, буындардағы ауырудың азаюы жəне қозғалыстың қалпына келуі.
Темекі тартуды тоқтату — темекі тарту аурудың дамуында жəне үдеуінде маңызды роль атқарады.
 
Теңгермелі диетаны таңдау, полиқанықпаған май қышқылдары бар тағамдар, мысалы балық майы, кальций жəне витаминдер, əсіресе витамин D (остеопороз қауіпінің төмендеуі) жəне фоли қышқылы (сарысудағы гомоцистеин деңгейінің төмендеуі). Идеалды дене салмағын ұстап тұру.
 
Дəрі дəрмектік терапия:
Стероидты  емес  қабынуға  қарсы  пропион  қышқылының  туындылары:  ибупрофен  таблеткада  200  мг,  400  мг  –  күніне  2-3  рет  немесе  2-3  апталық  курспен 1 таблеткадан, түнде. Жергілікті ем: сыртқа қолдану үшін - индометацин, диклофенак мазі жəне гелі, хондроитин сульфат күніне 3-4 рет, зақымдалған буынға.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Ибупрофен 200 мг, 400 мг, табл.
2.  Индометацин мазі.
3. *Диклофенак, 1% сыртқа жағу үшін гель.
4.  Хондроитин сульфат 5%, мазь.
 
Қосымша дəрі дəрмектер тізімі: қосымша лабораторлық жəне функционалдық зерттеулерден кейін тағайындалады.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: клиникалық сауығу, ортақ күйдің жақсаруы,  аурудың басылуы және буындардын қозғалысы қалпына келуі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер: емнің стационарлық кезеңіне ауыстыру -  айқын буындық қабынбалық процессте, рецидивті ағымда, асқынулардың дамуында.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации.2004г. 2. Клинические рекомендации для практикующих врачей.2002г. 3. Management of early rheumatoid arthritis. National clinical guideline Scottish Intercollegiate Guidelines Network December2000 4. Clinical practice guideline for the management of rheumatoid arthritis Spanish society of Rheumatology. 2001 5. Внутренная медицина, Шулутко Б.И. РЕНКОР, 1999г 6. Справочник фельдшера, Ростов-на-Дону, 2001г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Татибекова А.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх