Артериялық қысымның жоғарылауы

PN-T-008

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Эссенциальная [первичная] гипертензия (I10)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Жоғарылаған артериалық қысым
– тыныштық жағдайда түрлі уақытта, кем 
дегенде үш өлшем көрсеткішінің нəтижесінде САҚ 140 мм.с.б. жəне жоғары жəне/немесе ДАҚ 90 мм.с.б. жəне жоғары тұрақты көтерілуі. Науқас бұл кезде АҚ көтеретін де, түсіретін де дəрілік заттарды қабылдамауы қажет.

АҚ жоғарылауы 2 формаға бөлінеді: эссенциалды жəне симптоматикалық немесе екіншілік.

 
Хаттама коды: PN-T-008 "Артериялық қысымның жоғарылауы"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): I10 Эссенциалды (біріншілік) гипертензия.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Эссенциалды гипертония:
Қалыпты АҚ категориялары:
1. Оптималды АҚ < 120 / 80 мм.с.б.
2. Қалыпты АҚ <130 / 85 мм.с.б.
3. Жоғары қалыпты АҚ немесе предгипертония 130 - 139 / 85-89 мм.с.б.
 
АГ дірежелері:
1. 1 дəреже 140-159 / 90-99.
2. 2 дəреже160-179/100-109.
3. 3 дəреже≥180 / ≥110.
4. Оқшауланған систолалық гипертензия ≥140/ <90.
 
Ағым мінезі бойынша:
1. Қатерсіз ағым аурудың баяу ағымымен мінезделеді.
2. Қатерлі ағым жиірек АГ екіншілік формасында.
3. АГ криздік ағымы – АҚ күрт жоғарылауымен мінезделеді.
 
Симптоматикалық гипертензия:
1. Бүйректік.
2. Эндокриндік.
3. Жүрек жəне ірі қантамырлар зақымдалуынан туындаған гипертензиялар.
4. Центрогендік (нерв жүйесінің зақымдануы).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп қатерлі факторлар
 
Жүрек қантамыр ауруларының бай жанұялық анамнезі (əйелдерде 65 жасқа дейін, ерлерде 55 жасқа дейін), дене салмағының жоғары индексі, құрсақтық семіздік, майларды, натрий хлоридін көп пайдаланумен, жеміс жəне жидектердің жеткіліксіздігімен теңгерімсіз диета, алкогольді көп пайдалану, төмендеген физикалық белсенділік, темекі тарту, стресс, сұйықтықты көп мөлшерде ішу, пероралды контрацептивтерді жəне СЕҚҚП қабылдау, қантты диабет жəне басқа созылмалы аурулар.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
Тыныштық жағдайда түрлі уақытта, кем дегенде үш өлшем 
көрсеткішінің нəтижесінде САҚ 140 мм.с.б. жəне жоғары жəне/немесе ДАҚ 90 мм.с.б. жəне жоғарыны құрайды. Науқас бұл кезде АҚ көтеретін де, түсіретін де дəрілік заттарды қабылдамауы қажет. Физикалық тексеру АГ екіншілік қасиетін жəне ағзалық зақымдануларды көрсетеді.

Гипертониялық криздің диагностикасы келесі негізгі 
критерилерге негізделеді:
1. Салыстырмалы кенет басталу.
2. АҚ жеке жоғары көтерілуі (> 180/120 с.б.).
3. Церебральді, кардиальді жəне вегетативті мінездегі субъективтік жəне объективтік симптомдардың болуы.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез жинау (қауіп факторлары жəне басқа).
2. Объективті тексеру (қарау, АҚ, пульсті өлшеу жəне басқа).

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Дəрі дəрмексіз терапия. Салауатты өмір салтын жүргізуді ұсыну қажет 
(темекіні тастау, алкгольді шектеу, салмақ тастау жəне физикалық белсенділікті арттыру), тұз шектелген диетаны сақтау (тəулігіне 5-6 г дейін азайту).
 
Дəрі дəрмектік терапия:
1. Диуретиктер: гидрохлортиазид тəулігіне 12,5- 25 мг, индапамид 1, 5 – 2,5 мг/тəу.
2. β-блокаторлар: атенолол 25-100мг тəулігіне 1-2 рет, бисапролол 25 -100 мг/тəулігіне.
3. АПФ ингибиторлары: эналаприл 10-20 мг/тəу.
4. Кальций антогонистері: амлодипин 5-10 мг/тəу, нифедипин-ретард 30-60 мг/тəу.
5. α-блокаторлар: доксазозин 1-8 мг/тəу.
 
Асқынбаған ГК кезіндегі емдеу тактикасы – 3-6 сағат бойы бақылау.
АҚ таблетка түріндегі дəрілік заттармен біртіндеп төмендету.
• Нифедипин – 10-20 мг ішке қабылдауға, шайнау қажет (ми гемодинамикасының нашарлау белгілері жəне тамырлардың атеросклероздық зақымдалуы болмаған кезде).
• Эналаприл – 1,25 мг в\і, 3 мин бойы жайлап.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. * Гидрохлортиазид 25 мг табл.
2. **Индапамид 2,5 мг табл.
4.    Бисопролол 50мг, 100мг табл.
5. **Эналаприл табл, 2,5 мг, 10 мг; ампуладағы ерітінді 1,25 мг/1 мл.
6. **Амлодипин табл, 5 мг, 10 мг.
7.  *Нифедипин 10 мг, 20 мг, табл.
8.  *Доксазозин 1 мг, табл.
9.  *Натрия нитропруссид 50 мг ин.үшін ерітінді.
10. **Атенолол табл, 50 мг, 100 мг.
 
Қосымша дəрі дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- Артериялық қысымның жоғарылау себебін анықтау;
- АҚ қалыпқа келтіру (мақсаттық АҚ қол жеткізу), бас ауырудың, бас айналудың, жүрек ауыруының басылуы, ұйқының қалыпқа келуі.
 
* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: асқынған гипертониялық криз.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. «ГЭОТАР Td( )-МЕД», 2004. 2. Тhе 2003 Canadian Recommendations for the Management of Hypertension. Canadian Hypertension Education Program.www.hypertension.car\recommendations 2003 va.html 3. Клиническое руководство по диагностике,лечению и профилактике первичной артериальной гипертонии у взрослых в первичном звене здравоохранения. Ташкент, 2005 4. Справочник фельдшера. Ростов на Дону ,2000

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Татибекова А.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх