Анустың жəне тік ішектің аурулары

P-S-004

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Трещина заднего прохода неуточненная (K60.2)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Артқы өтістің сызаты (аналдық сызат) – дефекация кезінде жəне одан 
кейінгі айқын ауыру сезімімен, кейде нəжісте аз мөлшерде қанның болуымен көрініс
табатын артқы өтістік аймақ терісінің көлденең дефекті. Артқы өтіс пен тік ішектен қан кетулер артқы өтістің сызатын, геморрой, дивертикулез, ангиодисплазиялар, ішектің қабыну ауруларында, ісіктер мен ишемиялық колит кезінде дамиды.

 
Хаттама коды: P-S-004 "Анустың жəне тік ішектің аурулары"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): K60 Артқы өтіс аймағы мен тік ішектің сызаты жəне жыланкөзі.

Жіктемесі


Жіктемесі: клиникалық ағымның сипаты бойынша жедел жəне созылмалы (сызат 2 айдан ұзақ жазылмаса).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: жиі іш қатулар, диарея кезінде жиі үлкен дəрет, тағамдық талшықтарды аз мөлшерде қабылдау.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: үлкен дəретке барған кезде ауыру, қан кетулер пайда болады. Ауырсынулар үлкен дəреттен соң ашытып, қадалып бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға дейін созылады, олардың интенсивтілігі өте маңызды.
 
Физикалық тексеру: артқы өтістік өзек қабырғасының дефекті сызықтық немесе пішіні үшбұрышты, ұзындығы 1-2 см, Хилтон сызығынан жоғары ауыспалы қатпарға
жақын орналасқан жəне тікішек - артқы өтістік сызыққа дейін немесе одан жоғары жайылған сызат; дефекация актінің қиындауы, артқы өтістік қысқыштың спазмы; қан кетулер. Егер сызат орталық сызық бойынша орналаспаса, онда Крон ауруына күдік туады.
 
Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: тəн емес.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы талдауы (гематокрит, гемоглобин, ЭТЖ).
2. Мерез жəне АИВ қан талдауы.
3. Нəжістің құрамында жасырын қанды анықтау.
4. Ректоскопия.
5. Ректороманоскопия.
6. Тоқішектік эндоскопия.
7. Тік жəне жиек ішетерді қатар констрасттау.
8. Іш қуысының төменгі жағының рентгенографиясы.
9. Ирригоскопия.
10. Тоқ ішекті рентгеноконтрастты зерттеу.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз: тік ішек рагімен, туберкулезбен, мерезбен, ВИЧ, Крон ауруымен жүргізіледі.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: Ісік, ішек аурулары, дивертикулез, көтеу кезінде спецификалық ем қажет.

Ем мақсаты: ауыру сезімін басу, ішектің қызметін қалпына келтіру, ішкі қысқыш спазмын жою, артқы өтіс сызаты жəне геморроидалдық өрім аймағында микроциркуляцияны жақсарты, емдеудің жанама əсерлерін азайту.
 
Дəрі дəрмексіз ем:
Консервативті емге диета, басым жағдайда ащы, тұзды тамақтарды шектеумен, қышқылды сүтті-өсімдікті диета. Əлсіз антисептикалық ерітінділермен жылы отырушы ванналар (түймедақ, шалфей, перманганат калий, метилурацилді свеча, проктоседилді, облепиха майымен микроклизма.

Дəрі-дəрмектік ем - Ішектің ісіктері, қабыну аурулары, дивертикулез, геморрой кезінде арнайы ем жүргізіледі.
 
Артқы өтістік жарықты емдеудің кешеніне келесі шаралар кіреді:
- асқорыту жолдарының қызметін қалпына келтіру;
- ауыру сезімін жəне ішкі сифнктердің спазмы жою;
- зақымдалған тіндердің регенерациясын күшейту.
 
Артқы өтістік жарықтар кезінде тиімділігі дəлелденген: А - гемагглютинин ботулотоксинінің инъекциясы, изосорбид динитратын жергілікті қолданумен бірге А-гемагглютинин ботулотоксинінің инъекциясы; артқы өтістің ішкі сфинктерін тілу.
 
Тиімділігі болжанады: нитроглицеринді жергілікті қолдану, артқы өтістік сызаттардың пластикасы (орны ауыстырылған тері қиындысымен).
 
Артықшылықтары мен кемшіліктерін сəйкестендіру: артқы өтістің созылуы.
 
Консервативтік емге: сипаты көбінесе қышқылсүтті-өсімдік тектес диета, тағам мəзіріне ащы, тұщы, тұзды тағамдар, алкоголь ішімдіктері кірмейді; əлсіз антисептикалық ерітінділерге (түймедақ, шалфей, калий перманганаты, құрамында метилурацил бар немесе проктоселид суппозиторийлері, облепиха майымен микроклизмалар) отырып ванналар қабылдау.
 
Абсцесстену (іріңдеу) кезеңінде – абсцессті ашу жəне дренаждау.
 
Ангиодисплазиялар кезінде – колоноскопия кезіндегі коагуляция.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. А-гемагглютининнің ботулотоксині инъекцияға арналған ұнтақ 500 ЕД, фл.
2. Изосорбид динитраты 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 60 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді 0,1% 10 мл; аэрозоль.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: ауыру синдромын басу, ішектің қалыпты функциясын қалпына келтіру, ішкі сфинктер спазмын басу, анальді сызат жəне геморроидальді өрім зонасында микроциркуляцияны жақсарту, ем жанама əсерін минимизациялау.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: сызаттың қысқыштың айқын спазмымен жүретін, кезекші төмпешігі жəне пектенозы бар тыртықпен қоршалған жазылмайтын жараға айналғандағы созылмалы ағымы.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: колит, проктит, энтероколит, криптит, көтеуді дер кезінде жəне тиімді емдеу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации+фармакологический справочник/ Под ред. И.Н. Денисова, Ю.Л. Шевченко. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. (Серия «Доказательная медицина»); 2. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 1. Москва, Медиа Сфера, 2003; 3. Prodigy Guidance – Anal Fissure, 2005; 4. EBM Guidelines. Anal fissure, 2005.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ерманов Е.Ж., ҚР ДСМ Хирургия ҒО

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх