Аногениталдық (венерологиялық) сүйелдер
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Аногенитальные (венерические) бородавки (A63.0)
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген
Аногениталдық (венерологиялық) сүйелдер (синонимы - аногениталдық папилломовирустық инфекция, вирустық папилломалар, ұшы өткiр сүйелдер, гениталдық сүйелдер) – адамның папиллома вирусымен шартталған (бәрінен жиірек АПВ-6, 11 типтері) және сыртқы жыныс мүшелерінің, несепшығардың, қынаптың, жатыр мойынының, перианальды мүшелерінің терісі мен шырышты қабықшаларында экзофитті және эндофитті ұлғаюлардың пайда болуымен сипатталатын вирустық ауру [1, 2, 3].
Хаттаманың атауы:
А63.0 аногениталдық (венерологиялық) сүйелдер
Хаттаманың коды:
Код (кодтар) ХАЖ Х
А63.0 Аногениталдық (венерологиялық) сүйелдер
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
АГ - антиген
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
МҚП - микробқа қарсы препараттар
АлАТ - аланинаминотрансфераза
АД - антидене
АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы
б/е – бұлшықет ішілік
АПВ - адамның папиллома вирусы
г - грамм
ӘБ - әрекет бірлігі
ЖЖБИ - жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
мл - миллилитр
мг – миллиграмм
ХПЕА - халықаралық патенттелмеген аталымы
ТИФ - тікелей иммунофлюоресценция
ПТР - полимеразды тізбекті реакция
е-і - ерітінді
УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл наурыз
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, гинекологтар, урологтар, проктологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар.
А63.0 аногениталдық (венерологиялық) сүйелдер
Хаттаманың коды:
Код (кодтар) ХАЖ Х
А63.0 Аногениталдық (венерологиялық) сүйелдер
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
АГ - антиген
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
МҚП - микробқа қарсы препараттар
АлАТ - аланинаминотрансфераза
АД - антидене
АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы
б/е – бұлшықет ішілік
АПВ - адамның папиллома вирусы
г - грамм
ӘБ - әрекет бірлігі
ЖЖБИ - жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
мл - миллилитр
мг – миллиграмм
ХПЕА - халықаралық патенттелмеген аталымы
ТИФ - тікелей иммунофлюоресценция
ПТР - полимеразды тізбекті реакция
е-і - ерітінді
УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл наурыз
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, гинекологтар, урологтар, проктологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар.
Жіктемесі
Аногениталдық (венерологиялық) сүйелдердің клиникалық жіктелуі:
Морфология бойынша:
· Ұшы өткiр сүйелдер: Ұшы өткiр кондиломалар – тері мен шырышты қабықшалардың бетінде саусақ тәрізді дүрдию болып саналады, олар терінің жақсытамырланған (васкулярланған) бөлігі есебінен типті «шұбар» және/немесе ілмек тәрізді суретке ие;
· Папула түріндегі сүйелдер: саусақ тәрізді дүрдиюсіз түйіншекті, кейде пигменттелген (боялған) бөрту;
· Дақ түріндегі сүйелдер: шырышында, оның түсінің аздап өзгеруі ретінде көрінеді (сұрғылт-ақ, қызғылтым-қызыл немесе қызғылт-қоңыр дақтар).
Формасы (пішіні) бойынша:
· Бовеноидты популез және Боуэн ауруы;
· Бушка-Левенштайнның ірі кондиломасы.
Диагностикасы
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
· ПТР әдісімен биологиялық материалда АПВ табу;
· Ерекше антидене әдісімен қан сарысуында ИФТ анықтау: Jg M, Jg G, Jg A.
· Қан сарысуында кардиолипинді антигенімен микропреципитацияның реакциясы;
· Урогениталдық сүртіндіні басқа ЖЖБИ (терапияны бастау алдында) жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көк және/немесе Грам бойынша бояу);
· Иммунофлюоресценцияның реакциясында биологиялық материалда АПВ анықтау;
· цито- гистологиялық зерттеу (биопсия).
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
· меатоскопия;
· цистоуретроскопия (емдеу-диагностикалық).
· аноскопия;
· кольпоскопия;
· сірке қышқылы бар сынама;
· иммунограмма (Е-розетка мен Манчини).
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерулердің минималды тізімі: жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (жедел госпитальдауда амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық тексерулер жүргізіледі): жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (жедел госпитальдауда амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық тексерулер жүргізіледі): жүргізілмейді.
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
Диагностикалық белгілері
Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар:
· аногениталдық аумақта тері мен шырышты қабықшаларда патологиялық өзгерулер;
· бөрту тұсында ауруы (қышу, парастезия);
· жыныстық қатынас кезінде ауруы (әсіресе әйелдерде).
Анамнез:
· бастапқы көрініс немесе оның қайталануы;
· қайталамалы АПВ кезінде: анамнезде қайталанулардың болуы, вирусқа қарсы терапия жүргізу.
Физикалды тексеру:
Зақымдану дара және көптеген (15-ке дейін және одан да көп элементтер) бола алады, диаметрі 1-10 мм. Элементтердің одан да аса ірі элементтерге (түйіндіктерге) қосылуы мүмкін, бұл жиірек иммуносупрессиясы бар тұлғаларда және қант диабетімен ауыратын адамдарда байқалады [7].
Күпектіңі сүндеттелмеген еркектерде зақымдалатындар: еркек жыныс мүшесінің басы, тәждік сайы, күпектің жүгені мен ішкі жапырақшасы. Күпектіңі сүндеттелген еркектерде зақымдалатындар: еркек жыныс мүшесінің басы мен денесінде, ұма терісінде, шап тұсында, бұтара, перианальды тұсында, несеп жолының сыртқы жарығында оқшауланады [8].
Әйелдерде зақымдалатындар: жыныстық ернеудің жүгені, үлкен және кіші жыныстық ернеулері, шүртекей, несепшығардың сыртқы жарығы, бұтара, перианальды тұсы, қынап кіре берісі, қынапқа кіруі, қыздық перде, қынап және жатыр мойынының сыртқы бөлігі [7, 9, 10, 11].
Зертханалық диагностика
ПТР әдісімен биологиялық материалда табу: АПВ ДНҚ табу;
Ерекше антидене әдісімен қан сарысуында ИФТ анықтау: АПВ-ға Jg M, Jg G, Jg A.
Иммунофлюоресценцияның реакциясында биологиялық материалдағы: АПВ-ға АД мен АГ анықтау;
Цито- гистологиялық зерттеу: типтік емес жасушаларды табу.
Аспаптық зерттеулер:
Зерттеудің аспаптық әдістері аногениталдық сүйелдердің типтік емес орналасуы кезінде қолданыла алады.
Меатоскопия: еркектерде қайықтәрізді кішкене шұңқырында папилломаларды табу;
Уретроскопия: несеп жолдарында сүйелдерді табу;
Аноскопия: перианальды, анал тұстарында және бұтара ұшы өткiр кондиломалармен табу;
Кольпоскопия: жалпақ эпителийдің жіктелмейтін типтік емес жасушаларын табу, жалпақ эпителийдің өзгеруі, безді эпителийдің жіктелмейтін типтік емес жасушалары, инвазивтік обыр.
Сірке қышқылымен сынау: хирургиялық емдеу кезінде көздемелі биопсияның орнын анықтау мен зақымдалудың шекарасын айқындау үшін адамның папиллома вирусын жұқтырғанның бұты немесе жатыр мойын тері эпителийлерінің ақ бояуын табу [12].
Мамандардың кеңесіне арналған көрсетімдер
· педиатрдың кеңесі– балаларда аногениталдық сүйелдердің болуы;
· гинекологтың кеңесі – интраэпителиальды неоплазия, қынапта сүйелдер, жүкті әйелдерде ұшы өткiр кондиломалар болған кезде;
· урологтың кеңесі – үрпішілік оқшаулауған жағдайда;
· проктологтың кеңесі– анал сүйелдері болған кезде.
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
Диагностикалық белгілері
Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар:
· аногениталдық аумақта тері мен шырышты қабықшаларда патологиялық өзгерулер;
· бөрту тұсында ауруы (қышу, парастезия);
· жыныстық қатынас кезінде ауруы (әсіресе әйелдерде).
Анамнез:
· бастапқы көрініс немесе оның қайталануы;
· қайталамалы АПВ кезінде: анамнезде қайталанулардың болуы, вирусқа қарсы терапия жүргізу.
Физикалды тексеру:
Зақымдану дара және көптеген (15-ке дейін және одан да көп элементтер) бола алады, диаметрі 1-10 мм. Элементтердің одан да аса ірі элементтерге (түйіндіктерге) қосылуы мүмкін, бұл жиірек иммуносупрессиясы бар тұлғаларда және қант диабетімен ауыратын адамдарда байқалады [7].
Күпектіңі сүндеттелмеген еркектерде зақымдалатындар: еркек жыныс мүшесінің басы, тәждік сайы, күпектің жүгені мен ішкі жапырақшасы. Күпектіңі сүндеттелген еркектерде зақымдалатындар: еркек жыныс мүшесінің басы мен денесінде, ұма терісінде, шап тұсында, бұтара, перианальды тұсында, несеп жолының сыртқы жарығында оқшауланады [8].
Әйелдерде зақымдалатындар: жыныстық ернеудің жүгені, үлкен және кіші жыныстық ернеулері, шүртекей, несепшығардың сыртқы жарығы, бұтара, перианальды тұсы, қынап кіре берісі, қынапқа кіруі, қыздық перде, қынап және жатыр мойынының сыртқы бөлігі [7, 9, 10, 11].
Зертханалық диагностика
ПТР әдісімен биологиялық материалда табу: АПВ ДНҚ табу;
Ерекше антидене әдісімен қан сарысуында ИФТ анықтау: АПВ-ға Jg M, Jg G, Jg A.
Иммунофлюоресценцияның реакциясында биологиялық материалдағы: АПВ-ға АД мен АГ анықтау;
Цито- гистологиялық зерттеу: типтік емес жасушаларды табу.
Аспаптық зерттеулер:
Зерттеудің аспаптық әдістері аногениталдық сүйелдердің типтік емес орналасуы кезінде қолданыла алады.
Меатоскопия: еркектерде қайықтәрізді кішкене шұңқырында папилломаларды табу;
Уретроскопия: несеп жолдарында сүйелдерді табу;
Аноскопия: перианальды, анал тұстарында және бұтара ұшы өткiр кондиломалармен табу;
Кольпоскопия: жалпақ эпителийдің жіктелмейтін типтік емес жасушаларын табу, жалпақ эпителийдің өзгеруі, безді эпителийдің жіктелмейтін типтік емес жасушалары, инвазивтік обыр.
Сірке қышқылымен сынау: хирургиялық емдеу кезінде көздемелі биопсияның орнын анықтау мен зақымдалудың шекарасын айқындау үшін адамның папиллома вирусын жұқтырғанның бұты немесе жатыр мойын тері эпителийлерінің ақ бояуын табу [12].
Мамандардың кеңесіне арналған көрсетімдер
· педиатрдың кеңесі– балаларда аногениталдық сүйелдердің болуы;
· гинекологтың кеңесі – интраэпителиальды неоплазия, қынапта сүйелдер, жүкті әйелдерде ұшы өткiр кондиломалар болған кезде;
· урологтың кеңесі – үрпішілік оқшаулауған жағдайда;
· проктологтың кеңесі– анал сүйелдері болған кезде.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагностикалау мерездік инфекциямен және тері ауруларымен (контагиоздық моллюск, фиброэпителиальды папиллома және себорейлік кератозом) жүргізіледі [12, 13, 14].
Сондай-ақ, еркектерде жыныс мүшесінің (физиологиялық күйі) «папулалдық алқасы» бар аногениталдық сүйелдерді саралау қажет, олар жыныс мүшесі басының тәж шеңбері бойынша және (немесе) күпектің жүгені маңында симметриялы орналасқан, диаметрі 1-2 мм жеке, қосылмаған 1-3 қатарлы папулалармен көрінеді. «Папулалды алқа» кезінде түйіндер ұсақ, қосылмаған, беттері тегіс, тамырлы суреті жоқ.
Дифференциалды диагноз кезінде әйелдерде мөлшердің физиологиялық нормасын алып тастау қажет - кіші жыныстық ернеулерінің ішкі беттерінде және қынап кіре берісінің тұсында симметриялы орналасқан, дұрыс пішінді, қосылмаған папулалар түріндегі микропапилломатозды сарпай.
Сондай-ақ, дені сау тұлғалардың күпектігі мен сарпай тұсындағы май бездері жиі, күпектің және кіші жыныстық ернеулерінің ішкі беттерінде орналасқан, сұрғылт-сары түсті жеке немесе көптеген папула тәрізді болып көрінеді.
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары:
1) аногениталдық сүйелдердің деструкциясы;
2) пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту.
Емдеу тәсілдері
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
2 режим.
№15 үстел (жалпы).
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Аурудың үлгісіне байланысты дәрі-дәрмекті емдеу әдісін таңдау (1, 2-кестелер).
1-кесте. Аногениталдық сүйелдердің терапия әдістері (аурудың өзімен үй жағдайында орындауға болатын)
Фарма-коло-гиялық топ | Препар-аттың ХПА | Шығару формасы | Мөлшерлеу | Қолдану еселігі | Ескерту |
Жергілікті қолдану ға арналған иммуномодуляторлар |
Имихимод (Ib, А) |
5 % крем | аногенитал-дық сүйелдердің санына байланысты | аптасына 3 рет | Альфа және гамма – интерфе-ронның жергілікті пайда болуын және CD4+ Т-лимфоциттерімен қоса, иммунды жасушалардың белсенділігін индукциялай отырып, иммунды жауапты модуляциялайды. Бұл процес сүйелдердің шегінуіне әкеледі және АПВ ДНҚ санының төмендеуімен сүйемелденеді [15, 16]. |
Иммун түзететін құралдар | Гликозилирленген түрде өсімдік протеиндердің және флавоноидтардың кешендік қосылуы | флакон – дәрі тамызғышта ішкі және сыртқы қолдануға арналған тамшылар, 30, 50 мл | орташа, 1 қабылдауда 10 тамшы | күніне 3 рет | Иммун тапшылығы бар пациенттерде ғана қолданылады |
Натрий оксоди гидроак ридинил ацетаты |
ампулаларда бұлшықетіші егуге арнал ған ерітін ді | 250 мг | күніне 1 рет | ||
Адам ның рекомбинантты альфа-2 интерфероны, Таурин |
қынаптық немесе ректалдық салуға арнал ған суппо зитор илер |
125 000, 250 000 МЕ |
тәулігіне 1 рет | ||
Меглю мин акридонаце таты |
125 мг/мл ампулаларда тамыріші және бұл шықетіші егуге арнал ған ерітін ді |
орташа, 125 мг |
күніне 1 рет | ||
Мұздай сірке қышқылы, 70 % азот қышқылы, қымыздық қышқылының дигидраты, 70 % сүт қышқылы, мыс (II), тригидрат нитраты (IIa, B) | Мұздай сірке қышқылы, 70 % азот қышқылы, қымыздық қышқылының дигидраты, 70 % сүт қышқылы, мыс (II), тригидрат нитраты | 0,2 мл ампулаларда т/і қолдануға арналған ерітінді |
күніне 1 рет, амалдар- дың /сеанстардың санын өзгертуге болады |
Жоғары – үлкен емес, ұшы өткiр немесе папулалды сүйелдер кезінде. Үлкен немесе қабыршықтанған зақымданулар кезінде тиімділігі кемірек. |
2-кесте. Аногениталдық сүйелдердің хирургиялық терапия әдістері (медициналық мекеме жағдайларында орындауға болатын)
Фармакологиялық топ | Препараттың ХПА | Шығару формасы | Мөлшерлеу | Қолдану еселігі | Ескерту |
Хирургиялық емдеу | - | - | - | бір рет | жоғары |
Криодеструкция (Ib, А) | - | - | - | күніне 1 рет, амалдардың /сеанстардың санын өзгертуге болады | 63-89 % [17, 18] |
Өзге әдістер қайшымен тілу – (Ib, А), электрокоагуляция (Ib, А), лазерлік хирургия (IIa, В) және т. б. |
- | - | - | күніне 1 рет, амалдардың /сеанстардың санын өзгертуге болады | интерферонды, подофиллинды қолдану, көрсетілген әдістерден тиімді екендігі дәлелдейтін бірнеше РКИ бар. |
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу
Негізі (100 % қолдану мүмкіншілігі бар) емдік дәрі-дәрмектердің тізімі
- Имихимод (Ib, А) – 5% крем.
Қосымша (қолдану мүмкіншілігі 100 % кем) емдік дәрі-дәрмектердің тізімі· Гликозилирленген түрде өсімдік протеиндердің және флавоноидтардың кешендік қосылуы (флакон – дәрі тамызғышта ішкі және сыртқы қолдануға арналған тамшылар, 30, 50 мл);
· Натрий оксодигидроакридинил ацетаты (ампулаларда бұлшықетіші егуге арналған ерітінді);
· Адамның рекомбинантты альфа-2 интерфероны, Таурин (125 000, 250 000 МЕ қынаптық немесе ректалдық егуге арналған суппозиториилер);
· Меглюмин акридонацетаты (125 мг/мл ампулаларда тамыріші және бұлшықетіші егуге арналған ерітінді);
· Мұздай сірке қышқылы, 70 % азот қышқылы, қымыздық қышқылының дигидраты, 70 % сүт қышқылы, мыс (II), тригидрат нитраты (0,2 мл ампулаларда сыртқы қолдануға арналған ерітінді).
Емдеудің өзге түрлері: жүргізілмейді.
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері: жоқ
Стационарлық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері: жоқ
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңіндегі емдеудің өзге түрлері – жоқ
Хирургиялық араласу
Амбулаториялық жағдайда хирургиялық араласу.
Криодеструкция (Ib, А);
Қайшымен кесіп алу – (Ib, А);
Электрокоагуляция (Ib, А), лазерлік хирургия (IIa, В).
Алдын алуы
Аногениталдық сүйелдерді бастапқа айқындау жағдайлары міндетті тіркелуге жатады.
· Аурулар аурудың себебі, емдеу нәтижелері мен мүмкін болатын асқынулар туралы нақты ақпаратты жазбаша болғаны талапты алу керек.
· Жыныстық өмірде болатын барлық әйелдерге жатыр мойынының обыр алдыны уақтылы айқындау мен емдеу үшін цитологиялық зерттеулерді жүйелі түрде жүргізу (солтүстік американдық нұсқаулықтарға сәйкес, жыныстық өмірді бастағаннан кейін 3 жылдан соң, және еуропалық нұсқаулықтарға сәйкес, 25 жастан бастап);
· Аногениталдық сүйелдері бар пациенттермен тәуекел факторлары туралы түсіндіру жұмысы: жыныстық серіктестердің көп саны; жыныстық өмірді ерте бастау; пероральды контрацептивтерді ұзақ қолдану (5 жылдан аса); жүктіліктің көп саны; өзге ЖЖБИ (Chlamydia trachomatis, 2 типті қарапайым ұшық вирусымен, АИТВ қоздырылған);
· Жыныстық байланыстарды уақытында айқындау және тексерілу мен емделуге тарту;
· Отбасы мүшелерін тексеру;
· Соңында ретсіз жыныстық қатынастарды жою;
· Бұқаралық ақпарат құралдары, жаднамалар және мультимедиялық бағдарламалар арқылы ЖЖБИ жеке басты және қоғамдық сақтандыру түсінігін қарастыратын жаппай профилактикалық насихаттау;
· Жеке тұлғалық қарым-қатынастар, сексуалды қарым-қатынастар туралы толық ақпарат, жыныстық өмірді ерте бастау зардабы, қаламаған жүктілік мәселелері бойынша ата-аналармен және жоғарғы сынып оқушыларымен жеке кеңестер мен профилактикалық әңгімелер, қауіпсіз секс (мүшеқапты қолдану) ережелерін түсіндіру;
· дерматовенеролог, акушер-гинеколог, уролог, дәрігерлердің қабылдау кабинеттерінде, кәсіпорындарда, оқу ұйымдарында профилактикалық тексеру кабинеттерінде гонококк инфекциясын және өзге ЖЖБИ жұқтыру қатерін алдын алу мен төмендету тәсілдері бойынша кеңес беру;
· ЖЖБИ сақтандыру мәселелері бойынша қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелерді жүргізу мен ақпараттық-білім беретін әдебиеттерді тарату үшін еріктілерді және білім беретін мекемелердің оқушыларын дайындау.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- Қолданылған әдебиеттердің тізімі: 1. Европейское руководство по ведению больных по ЗППП.-2001 г.- Журнал 12.-№3.- 111 с. 2. Клинические рекомендации по ведению больных инфекциями, передаваемыми половым путем и урогенитальными инфекциями.-2011 г.- с.- 109. 3. Sexually Transmitted Diseases Treatment Guidelines, 2010 // Department of health and human services Centers for Disease Control and Prevention. Recommendations and Reports December 17, 2010 / Vol. 59 / No. RR-12./ p. 114. 4. Gross G, Hagedorn M, Ikenberg H, et al. Bowenoid Papulosis. Presence of human Papillomavirus (HPV) structural antigens and of HPV 16-related DNA sequences. // Arch Dermatol1985;121:858-863. 5. Barrasso R, Gross G. External genitalia: diagnosis. In: Gross G, Barrasso R, eds. Human Papillomavirus Infection. A clinical Atlas. Berlin – Wiesbaden: Ullstein –Mosby, 1997:291-361. 6. Demeter LM, Stoler MH, Bonnez W, et al. Penile intraepithelial neoplasia: clinical presentation and an analysis of the physical state of human papillomavirus DNA. // J Infec Dis 1993;168:38-46. 7. Oriel J.D. Natural history of genitals warts. // Br. J. Ven. Dis. 1971;47:1-13. 8. Cook L.S., Koutsky L.A., Holmes K.K. Clinical presentation of genital warts among circumcised and uncircumcised heterosexual men attending an urban STD clinic. // Genitoriun Med 1993;69:262-264. 9. SyrJanen S. Epidemiology of human Papillomavirus infections and genital neoplasia. // Scand J Infect. Dis. Suppl 1990;60: 7-17. 10. SyrJanen S. Epidemiology of human Papillomavirus infections and genital neoplasia. // Scand J Infect. Dis. Suppl 1990;60: 7-17. Chuang T-Y, Perry HO, Kurland LT, Ilstrup DM. Condyloma acuminatum in Rochester, Minn, 1950-1978. I. epidemiology and clinical features. // Arch Dermatol 1984;120:469-475. 11. Sonnex C, Schofield JH, Kocjan G, et al. Anal human Papillomavirus infection in heterosexuals with genital warts: prevalence and relation with sexual behaviour. // BMJ 1991; 303:1243. 12. Wikstrom A, Hedbland MA, Johansson B, et al. The acetic acid test in evaluation of subclinical genital papillomavirus infection: a comparative study on penoscopy, histopathology, virology and scanning electron microscopy findings. // Genitourin Med 1992;68:90-9. 13. Barrasso R, Gross G. External genitalia: diagnosis. In: Gross G, Barrasso R, eds. Human Papillomavirus Infection. A clinical Atlas. Berlin – Wiesbaden: Ullstein –Mosby, 1997:291-361. 14. Von Krogh G, Gross G, Barrasso R. Warts and HPV-related squamous cell tumours of the genitoanal area in adults. In: Gross G, Barrasso R, eds. Human Papillomavirus Infection in Dermato-Venerology. Boca Raton: CRC Press Inc, 1997:259-304. 15. Tyring SK, Arany I, Stanley MA, et al. A randomized, controlled, molecular study of condylomata acuminata clearance drug treatment with imiquimod. // Infect Dis 1998; 78:551-5. 16. Miller RL, Gerster JF, Owens MA, et al. Imiquimod applied topically: a novel immune response modifier and new class of drug, bit // Jul Immunoplmrmacol 1999;21:1-14. 17. Stone KM, Becker TM, Hagdu A, et al. Treatment of external genital warts: a randomised clinical trial comparing podophyllin, cryotherapy and electrodessication. Genitourin Med 1990;66:16-19. 18. Simmons PD, Langlet F, Thin RN. Cryotherapy versus electrocautery in the treatment of genital warts. // Br. J Venereal Dis 1981;57:273-274
Ақпарат
Әзірлеушілердің тізімі.
1. Батпенова Г. Р. - м.ғ.д., ҚР ДСМ бас штаттан тыс дерматовенеролог, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі.
2. Баев А. И. - м.ғ.к., ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК а.ғ.қ.
3. Жетпіспаева З. С. - м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының доценті.
4. Жұлфаева М. Г. - ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас дәрігері.
5. Ахмадьяр Н. С. - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Пікір иесі: Нұрышева С. М. – м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК тері және мерез аурулар кафердрасының меңгерушісі.
Хаттаманы қайта қарастырудың шарттарын көрсету: әрбір 3 жылда немесе диагностика мен емдеудің жаңа дәлелденген мәліметтері пайда болған кезде.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.