Анабез, жатыр түтіктері жəне жатырдың жалпақ байламының қабынбасыз өзге аурулары

P-O-027

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Невоспалительная болезнь яичника, маточной трубы и широкой связки матки неуточненная (N83.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
 
Функциональді кисталар – анабезде өтетін, физиологиялық өзгерістер 
нəтижесінде түзілетін кисталар.

Фолликулярлы кисталар – фоликулдарда түзілетін кисталар, олар өз дамуында овуляцияға ұшырамайды.

Сары дене кистасы – етеккір оралымының лютеиндік фазасында пайда болатын кисталар, бұл кезде сары дене көлемде ұлғаяды (3 сантиметр диаметрінде), немесе қан құйылу болады немесе 14 күннен кейін сары дене пайда болғаннан соң, оның регрессиясы жүрмейді.

Жатыр жалпақ байламының гематомасы – бұл жатыр жалппақ байламының беттері арасындағы қан құйылу,  қан жиналумен шектеулі.


Хаттама коды: P-O-027 "Анабез, жатыр түтіктері жəне жатырдың жалпақ байламының қабынбасыз өзге аурулары"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N 83 Анабез, жатыр түтіктері жəне жатырдың жалпақ байламының қабынбасыз өзге аурулары.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Функциональді кисталар:
-  фолликулярлы;
- сары дене кистасы.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар
 
Функциональді кисталар:
- Бұрын болған балалар инфекциясы (эпидемиялық паротит, қызамық, қызылша);
- Гипоталам – гипофизар – анабездік жүйедегі бұзылыстар;
- Етеккірдің кеш жаста келуі;
- Ерте (17 жасқа дейін) жəне кеш (25 жастан кейін) жыныстық өмірді бастау
- Бұрын болған ЖЖБА (ИППП) (хламидиоз, трихомониаз, соз);
- Анамнездегі созылмалы қабынбалы аурулар;
- Анамнездегі жасанды түсік тастау;
- Анамнездегі бедеулік;
- Овуляция индукторларын қолдану;
- Пельвиперитонитпен асқынған операциялар;
- Тұқымқуалаушылық бейімділік.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымлдар мен анамнез
Функциональді кисталар:  жиі жағдайда фолликулярлы кисталар мен сары дене кисталары кездейсоқ анықталады, анабез кистасының басталуы симптомсыз өтеді.

Шағымдар:
1. Фолликулярлы кисталарда: үлкен көлемдегі кисталарда диспареунияға шағымданады (ауырсынған жыныстық қатынас), іштің төменгі жағы, бел, шап аумағының тұйық жəне сыздап ауыруы.Сары дене кистасында жамбастың ауыруна шағымданады, əсіресе етеккір оралымының екінші жартысында, кезекті етеккірдің кешігуі.
 
2. Жатыр жалпақ байламының гематомасында: іштің төменгі жағындағы толғақ тəрізді күшті ауыру сезімі, жалпы əлсіздік, бас айналу.

Физикалық деректер

Бимануальді зерттеу:

 
1. Фолликулярлы кисталарда: жатырдың бүйірінде немесе алдында орналасқан түзіліс байқалады, диаметрі орташа 6,5 см (8-10 см артық емес), мықымэластикалық консистенцияда. 

2. Сары дене кистасында: жатырдың алдына қарай немесе бүйірінде орналасқан түзіліс байқалады, диаметрі орташа 4 см (7-8 см артық емес), мықымэластикалық консистенцияда.
 
3. Жатыр жалпақ байламының гематомасында: жатырдың бір учаскесінен домалақ, айналасындағы тіндерге жабыспаған, қозғалмалы мықымэластикалық түзіліс. Түзілістің көлемі жамбас қабырғасынан жамбас түбіне дейін ауытқуы мүмкін.
 
Инструменталдық зерттеулер
 
Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында:
- УДЗ диагностикалық зерттеулердің негізгісі болып табылады;
- компьютерлік томография;
- магниттік-резонанстық томография;
- диагностикалық лапароскопия.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
 
Фолликулярлы киста, сары дене кистасында, жатыр жалпақ байламының гематомасында:
- Іштің төменгі жағында жіті ауырулар болған кезде хирургиялық патологияларды алып тастау үшін – хирург консультациясы;
- Телімсіз ойықжаралы колитті алып тастау үшін - гастроэнтеролог консультациясы;
- Анабез ісігін алып тастау үшін менархе алдындағы қыздарда жəне постменопауза жасындағы əйелдерде  - онкогинеколог консультациясы

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
 
Фолликулярлы киста, сары дене кистасында, жатыр жалпақ байламының гематомасында:
- анамнез;
- шағымдар;
- бимануальді тексеру;
- УДЗ
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Фолликулярлы киста, сары дене кистасында, жатыр жалпақ байламының гематомасында:
- спецификалық жəне спецификалық емес инфекцияны анықтау үшін сүртінді;
- қанның жалпы анализі;
- С - реактивті белок;
- зəрдің жалпы анализі;
- қан сарысуы мен зəрдегі ХГ;
- ісік-ассоцияланған антигендер СА-125;
- компьютерлік томография;
- магниттік-резонанстық томография;
- диагностикалық лапароскопия.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер
 
Фолликулярлы киста, сары дене кистасында, жатыр жалпақ байламының гематомасында:
- қанның жалпы анализі;
- С - реактивті белок;
- зəрдің жалпы анализі;
- қан сарысуы мен зəрдегі ХГ;
- ісік-ассоцияланған антигендер СА-125;
- спецификалық жəне спецификалық емес инфекцияны анықтау үшін сүртінді.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:
- анабез ісіктері;
- жатырдан тыс жүктілік;
- тубоовариальді абсцесс;
- телімсіз ойықжаралы колит;
- аппендицит.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында:
Негізгі тактика – консервативті немесе ағза сақтаушы ем əдістері. Əйел жасына, киста көлеміне жəне оның ішкі эхоқұрылымына байланысты.
 
Репродуктивті жəне пременопауза жасындағы əйелдерде:
- киста анықталған уақыттан бастап 2-3 ай бойы УДЗ бақылауымен динамикалық тексерілу;
- 4 см диаметрлі кистамен жəне етеккір функциясының бұзылуы кезінде гормональды терапия көрсетілген - монофазды оралды контрацептивтермен 3-6 ай бойы цикылдық режим.
 
Постменопауза жасындағы əйелдерде:
- анабез кистасын хирургиялық жолмен алып тастау.
 
Менархе алдындағы қыздарда:
- диагностикалық операциялық араласулар.
 
Жатыр жалпақ байламының гематомасы:
1. Гематоманың инфекциялануына күдік болса – антибиотикотерапия.
2. Үдемелі гематомаларда – операция.
 
Ем мақсаты

Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында:
- анабез кистасының регрессі;
- етеккір оралымын қалпына келтіру.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында:  жоқ
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында: жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында: анабез кистасының рецидиві болмауы.

Ауруханаға жатқызу


Жоспарлы жəне шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер

Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында
 
Жоспарлы госпитализация:
- постменопауза жасындағы əйелдер;
- менархе алдындағы қыздар;
- консервативті ем тиімсіздігі 6 аптадан ұзақ анабез кистасының персиситенциясы.
 
Шұғыл госпитализация:
- киста аяғының айналып кетуіне немесе киста капсуласының жыртылуына күдік болса.

Жатыр жалпақ байламының гематомасы
Шұғыл госпитализация – анемия жəне ауыру симптомының үдеуі кезінде.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика
 
Функциональді кисталар:
- Кіші жамбас ағзаларының қабынбалық ауруларын ерте анықтау;
- Іншек, жатыр мойнағы, жатыр жəне қосалқылардың қабынбалы ауруларын дер кезінде емдеу;
- Етеккір оралымының бұзылыстарын дер кезінде түзету;
- Аборт профилактикасы;
- Сексуальді қатынастар мəдениетін насихаттау;
- Қазіргі заманғы контрацепция əдістерін қолдану (КОК).

Профилактикалық шаралар
 
Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында:
- əйел организміне қолайсыз əсерлердің алдын алу;
- күтпеген жүктіліктің алдын алу, контрацепция əдістерін меңгеру жəне жеке таңдау;
- кіші жамбас ағзаларының қабынбалы ауруларын алдын алу жəне емдеу;
- əйелдер бедеулігінің түрлі формаларын ерте анықтау жəне емдеу;
- рецидивтің қайталануының алдын алу үшін, киста хирургиялық емінен кейін оңалту шараларын жүргізу. 

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
 
Фолликулярлы киста жəне сары дене кистасында:
- женщинам, с функциональными кистами яичника в анамнезе проводится бимануальный осмотр 1 раз в год с УЗИ скринингом.
- женщинам после резекции яичника в течение первого года рекомендуется наблюдение 2 раза в год с УЗИ скринингом, в последующем – 1 раз в год.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ectopic pregnancy Search date April 2003 Salpingostomy (open or laparoscopic). Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 2. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. —2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 4. Ectopic pregnancy Search date April 2003 Salpingostomy (open or laparoscopic). Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 5. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 6. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. —2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 7. Клиническая гинекология, И.В. Дуда, В.И.Дуда, 1999 год. 8. Гинекология подростков, Ю.А. Гуркин, 2000 год. 9. Неоперативная гинекология, В.П. Сметник, 2003 год. 10. доброкачественные опухоли и опухолевидные образования яичников, В.М.Серов, Мосвка 2001 г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Мырзабекова Г.Т.     Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының бас дəрігері.
Шакаралиева Э.М.   Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығы бас дəрігерінің орынбасары.
Гребенникова Г.А.   Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Баймурзаева Л.Г.     Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Рослякова А.Г.          Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх