Аз салмақты жаңа туған нәрестелер күтімі

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Маловесный для гестационного возраста плод (P05.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» мамырдағы
 №6 хаттамасымен
бекітілген

Аз салмақтыларға туылғанда дене салмағы 2500г-ға дейінгі (2499г қоса) жаңа туған нәрестелер жатады [19].

Хаттама атауы: Аз салмақты жаңа туған нәрестелер күтімі
 
Хаттама коды:
           
Код МКБ Х:
Р05 Баяу өсу және ұрықтың жеткіліксіз қоректенуі
Р05.0 Гестациялық жас үшін аз салмақтылық

Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
     Er - эритроциттер
     Hb - гемоглобин
     Ht - гемотокрит
     L - лейкоциты
     АЛТ - аланинаминотрансфераза
     ҚСН - қышқылдық-сілтілі негіз
     ИФА – иммуноферменттік талдау
     ПТР – полимераздық тізбекті реакция
     СРА– С-реактивті ақуыз
     FiO2 – берілетін оттегінің шоғырлануы
     МЖ – механикалық желдету
     NIPPV – үзілмелі оң қысыммен назальды желдету
     ЖҚТ– жалпы қан талдауы
     ААА – ашық артериальды ағын
     РДС − респираторлық дистресс-синдром
     РН – жетілмегендер ретинопатиясы
     См. Н2О – су бағаны сантиметрі
     ТАЖТОҚ – тыныс алу жолдарындағы тұрақты оң қысым
     АКС – ауа кету синдромы
     ТТН – жаңа туған нәрестелердің транзиторлы тахипноэсы
     АБИ – ауыр бактериялық инфекция
     ТАЖ – тыныс алу жиілігі
      ЖЖЖ – жүрек жиырылуының жиілігі
      ЭхоКГ – эхокардиография
      ҚІҚТ – қарынша ішілік (жарақаттық емес) қан кету
      БӨД – бронхөкпе дисплазия
      РБЗ – рандомизирленген бақыланатын зерттеулер
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл
 
Пациенттер санаты: туылғанда дене салмағы экстремальды төмен жаңа туған нәрестелер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: 1-ші, 2-ші, 3- деңгейлі босандыру ұйымдар неонатологтары.
Дәлелдемелер шынайлығы:
 А деңгейі: ұсыныстар жүйелі рандомизирленген бақыланатын зерттеулер (БРЗ) нәтижесіне негізделіп үлкен нақтылықты қамтамасыз етеді (1а деңгейі), ал жеке рандомизирленген бақыланатын зерттеулер (РБЗ) нәтижесі төменірек деңгейді қамтамасыз етеді (2b деңгейі).
B деңгейі: ұсыныстар клиникалық зерттеулерге негізделген, бірақ БРЗ-дан төменірек сапада. Мұнда когортты зерттеу (2а мен 2 b деңгейі) мен «бақылау-жағдай» (3а мен 3 b деңгейі) зерттеуі жатады.
C деңгейі: ұсыныстар жағдайлар сериясы және төмен сапалы когортты зерттеулер мен «бақылау-жағдай» зерттеуіне негізделген (қорытынды топсыз).
D деңгейі: ұсыныстар мамандар ойына анық сыни бағалаусыз немесе физиология біліміне негізделген [20].

Жіктемесі


Жіктелуі:
•  туылғанды аз салмақты болу - туылғандағы дене салмағы 2500 г аз (1500-ден 2499 г- ды қоса есептегенде) туылғанды аз салмақты болу - туылғандағы дене салмағы 2500 г аз (1500-ден 2499 г-ды қоса есептегенде).
•  туылғанды өте аз салмақты болу - туылғандағы дене салмағы 1500 г аз (1000-ден 1499 г- ды қоса есептегенде).

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Негізгі диагностикалық шаралар [20]
 
 А. Қауіп факторлары:
Аз салмақты нәрестелер туылуының негізгі себептері:
•                    жүктілік кезінде улану, темекі шегу, алкоголь, есірткі;
•                    ананың дұрыс тамақтанбауы, анемиясы;
•                    инфекциялар: бактериялық (Б тобының стрептококктары, ішек таяқшасы, листериялар); вирусты (тұмау, ЦМВ, қызылша); паразитарлы (токсоплазма, безгек);
•                    гипертензивті бұзушылықтар, бақыланбайтын гестоздар;
•                    экстрагенитальды аурулар;
•                    көпұрықты жүктілік, жатыр мен бала жолдасының ауытқулары.
Б. Клиникалық көріністері:
Аз салмақты балаларға мыналар тән:
•                    биологиялық жетілмегендік (әсіресе шала туғандарда айқын);
•                    кіші мөлшерлік – дене көлемі үлесінің үлкендігі, асқазан сыйымдылығының өте кішкентай болуы;
•                    май қорырының, гликогеннің, темірдің, кальций мен дәремендердің шектелген қоры.
•                    Қосымша диагностикалық іс-шаралар
    1.А. РДС және респираторлық жүйенің  басқа патологияларын айқындау үшін рентгенологиялық белгілер:
     РДС /пневмония, ЖТБА және басқалардың классикалық көрінісі.

Диагностикалық критерийлер
А.  Зертханалық көрсеткіштер:
- қан құрамындағы газдар: РаО2 сынып бағанасынан 50 төмен (6,6 кПа аз).
- қанның бактериалдық өсіні, СРБ, ТБИ-ді жоққа шығару үшін ЖҚТ (пневмония, сепсис, менингит).
 ЭхоКГ: ЖТБА-ң жоқа шығару үшін, ОАП анықтау, өкпелік гипертензия және қанды шунттау бағытын нақтылау.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз: ТТН, СУВ, пневмония, сепсис.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты: біруақыттағы әлеуетті кері әсерлердің төмендеуі кезінде мерзімінен бұрын туылған нәрестелердің неғұрлым көбін  тірі алып қалу үшін араласулармен қамтамасыз ету.
 
Емдеу тәсілі [20].
Айқындалған патологияға байланысты (тиісті хаттамаларды қараңыз).

Аз салмақты нәресте туылуына арнайы дайындық:
Аз салмақты нәрестенің туылуы күтілгенде:
•                    босану бөліміндегі ауа температурасы 28ºС болуы тиіс (қосымша жылытқыштар қосуғ жылы жаялық, бас киім, қысқа шұлық және басқа да тиісті киім дайындау);
•                    барлық жабдықтың оңалту шараларына дайын болуы;
•                    аз салмақпен туылған нәрестелер басқалардан гөрі жансақтауға мұқтаж болғандықтан, жансақтаудың барлық әдістерін меңгерген неонатологтар командасы.
Аз салмақпен жаңа туылған нәрестелердің босану палатасындағы күтімі
•                    Сақтықтың әмбебап шараларын қолдану (ауруханаішілік инфекциялар профилактикасы) – қолда дұрыс және мұқият жуу, тек зарарсыздандырылған аспаптарды қолдану, қажетсіз инвазивті емшаралардан аулақ болу).
•                    Гипотермия профилактикасы (Гипотермия профилактикасы хаттамасын қараңыз)
•                    Туылғаннан кейінгі гипогликемия профилактикасы:
      - калорияны сәйкес тұтыну үшін туылғаннан 1 сағаттан кейін емшек беруді бастау.
•                    Тыныс алу бұзушылықтарын уақтылы айқындау:
- нәрестені туылғаннан кейін бірінші 2 сағат бойы әр 30 минут сайын байқау:
    - ыңырсыған тыныс алу жоқ па, тыңдау;
- 1 минутта  тыныс алу жиілігін тыңдау, егер ТАЖ 30 т/мин. аз болса, егер 60 т/мин. көп болса, қайтадан санау;
- кеуде қуысының тартылуы  немесе танауының едіреюі бар ма, тексеру.
Ана мен баланы ешқашан қараусыз қалдырмау!

Еш қиындық туғызбайтын жаңа туған нәрестелердің босанудан кейінгі бөлімшеде күтімі
1. Босанудан кейінгі бөлімшеде жылыту және бірге болу:
-  ауа температурасы 25-28ºС өте жылы палата, өтпе желсіз бөлме;
-  баланың төсегі қабырғаның/терезенің жанында тұрмауы керек;
 - ананы әр 4 сағат сайын бала денесінің температурасын бақылауға үйрету және бала денесінің температурасы  36,5ºС немесе аяғы салқын болса, теріге тері түйісуді жүзеге асыру;
- бала ұдайы құрғақ болуы үшін, бір реттік жөргек пайдалану ұсынылады;
- бала жылы киіндірілуі тиіс (бас киім, қысқа шұлық, жылы киім), бірақ құндақтамау керек, өйткені қатты құнақтағанда бала тез салқындайды;
- аз салмақты баланы шомылдырмау.
2. Ерте және жиі емізу арқылы гипогликемия профилактикасы және калорияларды сәйкес тұтынуын қамту:
•                    анасын нәрестені әрбір 2-3 сағат сайын емізуге ынталандыру;
•                    күн сайын емшек беруді бағалау (емшекті салу, сору тиімділігі, емізу ұзақтығы мен жиілігі, баланың қанағаттанғандығы);
•                    күн сайын баланы таразыға тарту және дене массасы динамикасын бағалау;
•                    баламалы қоректендіру әдістерін қолданғанда – күн сайын тұтынатын сүт мөлшерін бағалау.
3. Аз салмақты нәрестенің жай-күйін күнделікті мониторингілеу:
•                    дене температурасы мен массасын – өлшеп, жазып отыру;•
•                    тыныс алуын бағалау (бұл жағдайда бала тыныш болып, айқайламауы тиіс);
•                    ыңырсыған тыныс алу бар ма, тыңдап тұру; •
•                    1 минутта тыныс алу жиілігін санау, егер ТАЖ 30 т/мин. аз болса немесе 60 т/мин. көп болса, қайтадан санау;
•                    кеуде қуысының төменгі бөліктерінің тартылуы немесе танауының едіреюі бар ма, тексеру;
•                    сарғаюы бар ма, тексеру.
 Инфекциялар профилактикасы
 Гигиена мен сақтықтың әмбебап шараларын пайдалану:
•                    баланы анасының өзі күтуін табандылықпен талаптану (киімін ауыстыру, жуу, температурасын өлшеу);
•                    ана мен персоналды қолды дұрыс жуу техниrасын және оны орындауды қадағалау;
•                    кіндікбау қалдығын ашық әдіспен жүргізу, ешнәрсемен өңдемеу, ол ұдайы құрғақ болуын қадағалау, несеп пен нәжіс тигізбеу;
•                    инвазивті емшараларды (қан алу), егер осылар қажет болса, барынша қысқарту; жарақатты дұрыс өңдеу;
•                    нәрестеге осыдан әрі ана күтімін қамтамасыз ету.
 
Аз салмақты балаларды қоректендіру:
Қоректендіру әдісі:
- жаңа туған нәрестенің бастапқы салмағынан, сору рефлексінің жетілгендігінен, жұтудан және осылардың үйлесімділігі.
Дене салмағы туылғанда 1,75-тен до 2,5 кг-ға дейінгі нәрестелерде  және салмақты қиындықтар болмаса, емізуді туыла сала бастауға болады.
Туылғандағы дене салмағы 1,75 кг-нан аз нәрестелерде және салмақты қиындықтар болмаса, сауып алынған емшек сүтімен баламалы сүңгі немесе ыдыс/қасықпен қоректендіру әдісі қолданылады.
Ұсынылған сауып алынған сүт көлемдері 1, 2-кестелерде көрсетілген.
 
 1-кесте. Дене салмағы туылғанда 1,5-тен 1.749 кг-ға дейінгі нәрестелерге емшек сүтінің көлемі, баланың жай-күйі тұрақты.

  ӨМІР СҮРУ КҮНІ
  1 2 3 4 5 6 7
Әр 3 сағат сайынғы қоректендіру көлемі (қоректендіруге мл) 12 18 22 26 30 33 35
 
- Қоректендірудің баламалы әдісін қолданып, күн сайын сүт көлемін 1 қоректендіруге көбейте отырып, баланы сауып алынған емшек сүтімен баланы  қоректендіріңіз.
- Баланың жай-күйі жақсарғаннан кейін оны неғұрлым тез емшкпен емізуге ауыстырыңыз.
 
 1-кесте. Дене салмағы туылғанда 1, 25-тен 1.49 кг-ға дейінгі нәрестелерге емшек сүтінің көлемі, баланың жай-күйі тұрақты.
 

  ӨМІР СҮРУ КҮНІ
  1 2 3 4 5 6 7
Әр 3 сағат сайынғы қоректендіру көлемі (қоректендіруге мл) 10 15 18 22 26 28 30
Қоректендіру сүңгісін қолданып, нәрестені сауып алынған емшек сүтімен күн сайын сүт көлемін 1 қоректендіруге көбейте отырып, сауып алынған емшек сүтімен  қоректендіріңіз.
- Баланың жай-күйі жақсарғаннан кейін бала қақалмай, шашалмай, жұтуды үйренгенде, ыдыс/қасықпен қоректендіруге ауысыңыз.
Туылғандағы дене салмағы 1.25 кг-нан аз нәрестелерде
Қарқынды тамақтандыруды туылған сәттен бастау керекғ өйткені бұл дене массасын постнатальды жоғалтуды төмендетеді және постнатальды өсудің тежелуін барынша азайтады. Басында энтеральды қоректендіру шектеледі, сондықтан теріс теңгерімді және ерте өсуді ынталандыру үшін ақуыз синтезін және азотты ұстап қалуды күшейту арқылы қажетті қуат пен аминоқышқыл санын қамту мақсатында тағамдық заттарды парентеральды қоректендіру жолымен бастау жөн [4-11].
Асқазан-ішек жолдары жетіліп, функциясының қалыптануы жақсаруы үшін, энтеральды немесе «алиментарлы» қоректендіруді тәулігіне 10-20 мл/кг емшек сүтін беріп бастау қажет. Алиментарлы қоректендіруде НЭК даму қауіпінің болмауы қоректендірудің ерте басталуында немесе қоректендіруді жылдам үдеутуде мүмкін екені дәлелденді [12-16]. Анада сүт болмағанда донорлық емшек сүтін пайдалану жасанды тағамдық қоспадан гөрі тиімдірек, өйткені бұл  НЭК даму қауіпін төмендетеді НЭК [17-18].
Парентеральды қоректендіруді өсудің тежелуін болдырмау үшін, бірінші күннен бастап, көтеруіне қарай 3.5 г/кг/күн ақуыздан және 3.0 г/кг/күн липидтерден бастап, көлемін тез өсіру қажет [С].
Минимальды энтеральды қоректендіруді де бірінші күннен бастау қажет [В].
 Парентеральды қоректендіру көлемдері 3-кестеде берілген. Тамырішілік рұқсатқа қол жеткізіп глюкозаның 10% ерітіндісінің 10% 3-кестеде көрсетілген көлемде енгізіңіз.
- 3 күннен бастап қоректендіруді тамырішілік енгізілетін суйықтық көлемін әстін-әстін азайтып, сүңгі көмегімен сауып алынған сүтті енгізіңіз;
- бала қақалмай, шашалмай жұта бастағанда әстін-әстін ыдыспен/қасықпен тамақтандыруға ауысыңыз.
 
3-кесте. Дене массасы 1.25 кг-н аз барлық жаңа туылған нәрестелер үшін (еш қиындық туғызбайтындар және аурулар үшін) тамырішілік суйықтықты енгізу жылдамдығы.

  ӨМІР СҮРУ КҮНІ
  1 2 3 4 5 6 7
Суйықтықты т/і енгізу жылдамдығы (мл/час) 4 4 3 3 2 2 0
Әр 2 сағат сайын (тамақтандыруға мл.) тамақтандыру көлемі 0* 0* 3 5 8 11 15
*
Минимальды энтеральды қоректендіру айтарлықтай тұрақты жағдайда мүмкін.
Ауқымды қиындықтары бар аз салмақты жаңа туған нәрестелерде инфузиялық терапия жүргізуге көрсетімдер болса, қажетті қоректендіру мен суйықтықты есептеп шығару 4-6-кестелерде берілген.
Туылған кездегі салмағы 1.75-2.5 кг және қиындықтар туғызатын аз салмақты жаңа туған нәрестелерде:
- тамырішілік рұқсатқа қол жеткізіп,глюкозаның 10% ерітіндісін 4-кестеде берілген көлемде енгізіңіз.
- баламалы әдісті қолданып, тамырішілік енгізілетін суйықтық көлемін әстін-әстін азайтып және сауып алынған емшек сүтінің көлемін бара-бара өсіріп, 2-ші күннен бастап сауып алынған емшек сүтін 4-кестеге сәйкес енгізіңіз.
- бара-бара емшек емізуге ауысыңыз.
 
4-кесте. Дене массасы 1.75-2.5 кг барлық жаңа туған нәрестелерге тамырішілк суйықтықты және емшек сүт көлемін енгізу жылдамдығы.

  ӨМІР СҮРУ КҮНІ
  1 2 3 4 5 6 7
Суйықтықты т/і енгізу жылдамдығы (мл/час) 5 4 3 2 0 0 0
Әр 2 сағат сайын (тамақтандыруға мл.) тамақтандыру көлемі 0 6 14 22 30 35 38
 
 Туылғандағы дене массасы 1.5-1.749 кг және қиындықтар туғызатын  аз салмақты жаңа туған нәрестелерде:
- тамырішілік рұқсатқа қол жеткізіп,глюкозаның 10% ерітіндісін 5-кестеде берілген көлемде енгізіңіз;
- баламалы әдісті қолданып, тамырішілік енгізілетін суйықтық көлемін әстін-әстін азайтып және сауып алынған емшек сүтінің көлемін бара-бара өсіріп, 2-ші күннен бастап сауып алынған емшек сүтін 5-кестеге сәйкес енгізіңіз;
- бара-бара емшек емізуге ауысыңыз.
 
5-кесте. Дене массасы 1.5-1.749 кг жаңа туған ауру нәрестелерге тамырішілік суйықтықты және емшек сүт көлемін енгізу жылдамдығы.

  ӨМІР СҮРУ КҮНІ
  1 2 3 4 5 6 7
Суйықтықты т/і енгізу жылдамдығы (мл/час) 4 4 3 2 2 0 0
Әр 3 сағат сайын (тамақтандыруға мл.) тамақтандыру көлемі 0 6 13 20 24 33 35
 
Туылғандағы дене массасы 1.25-1.49 кг аз салмақты жаңа туған нәрестелерде:
- тамырішілік рұқсатқа қол жеткізіп,глюкозаның  10% ерітіндісін 6-кестеде берілген көлемде енгізіңіз;
- қоректендіру сүңгісін қолданып, тамырішілік енгізілетін суйықтық көлемін әстін-әстін азайтып және сауып алынған емшек сүтінің көлемін әстін-әстін өсіріп, 2-ші күннен бастап сауып алынған емшек сүтін 6-кестеге сәйкес енгізіңіз;
- бала қақалмай, шашалмай жұта бастағанда бара-бара ыдыспен/қасықпен тамақтандыруға ауысыңыз.
 
6-кесте. Дене массасы 1.25-1.49 кг жаңа туған нәрестелерге тамырішілік суйықтықты және емшек сүт көлемін енгізу жылдамдығы.

  ӨМІР СҮРУ КҮНІ
Атауы 1 2 3 4 5 6 7
Суйықтықты т/і енгізу жылдамдығы (мл/час) 3 3 3 2 2 0 0
Әр 3 сағат сайын (тамақтандыруға мл.) тамақтандыру көлемі 0 6 9 16 20 28 30
 
Туылғанда дене массасы 1.25 кг-н аз аз жаңа туған нәрестелерге  3-кестеде берілген ұсыныстарды ұстану қажет:
-Баланы күн сайын таразыға тартып алғашқы дене массасының жоғалу және кейін қосылу пайызын бағалағыз:
- Туылғанда дене массасы 1.5-2.5 кг туылғаннан кейін алғашқы 4-5 күнде бастапқы массасының 10%-на дейін жоғалтуы мүмкін.
-  Туылғанда дене массасы 1.5кг туылғаннан кейін алғашқы 7-10 күнде бастапқы массасының 15%-на дейін жоғалтуы мүмкін.
- Дене салмағын күнделікті минималды қосылуы бастапқы дене массасын жоғалту тоқтаған сәттен бастап, 3 күн ішінде 15г/кг құрайды.
 
Бастапқы дене массасы қалпына келген соң, оның жоғарылауы мына шектерде болуы тиіс:
- туылғанда дене массасы 1.5 кг-дан аз балалар үшін аптасына 150-200 гр  (яғни, күніне 20-30 г).
- туылғанда дене массасы 1.5-2.5 кг балалар үшін аптасына 200-250 гр (яғни, күніне 30-35 гр).
Егер бала 7-ші күннен  кейін тамақтық қажетті көлемін қорытып, баламалы қоректендіру әдісіне мұқтаж болса:
-  сүт көлемін дене массасының 180 мл/кг жеткенше,  күніне 20 мл/кг көбейтіп тұрыңыз;
Егер дене массасының қосылуы жеткіліксіз болса (үш күн шінде дене массасының менее 15 г-н аз):
- сүт көлемін дене массасының 200 мл/кг-на дейін жеткізіңіз.
Дене массасының қосылу жеткіліксіздігін емдеу:
Егер нәресте күніне дене массасының емшек сүтінің 200 мл/кг ала тұра, дене массасы бір аптадан көп уақыт бойы қосылмаса, дене массасынының жеткіліксіз қосылуын емдеуді бастаңыз.
Дене массасын жеткіліксіз қосу  себебін тексеріп, оны жойыңыз:
- нәресте жеткілікті деңгейде жиі қоректендірілетініне көз жеткізіңіз (яғни, тәулігіне 8 реттен кем емес), әсіресе түнде. Егер бала баламалы әдістің бірімен қоректендірілсе, ол алған тамақтың көлемі жеткілікті екеніне және жоғарыда берілген кестелерде есептеп шығарылғанға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (туылғандағы дене массасына сәйкес);
- қоршаған ортаның температурасы оңтайлы екеніне көз жеткізіңіз, өйткені бөлме өте ыстық немесе салқын болса, нәресте термореттеуге көбірек, ал өсу үрдісіне азырақ энергия жұмсайды.
- нәрестені  аурулары бар/жоғына мұқият тексеріңіз.
Егер дене массасын жеткілікті қоспағаны расталып, ал оның еөзге көрінерлік себептері айқындалмаса, анасымен үш күн ішінде жұмыс істеңіз (емшек бергенде, нәрестенің дене қалпын дұрыс келтіруін және оны дұрыс емізуді, емшек сүтін сауғанды) және емшек сүтінің көлемі өспеу үшін. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Sweet DG, Carnelli V, Greisen G, Hallman M, Ozek E, Plavka R, Saugstad OD, Simeoni U, Speer CP, Vento M, Halliday HL, European association of Perinatal Medicine: European consensus guidelines on the management of neonatal respiratory distress syndrome in preterm infants − 2013 update. Neonatology 2013; 99:353-368. 2.Dunn M.S. Kaempf J., de Klerk A, de Klerk R, Reilly M, et al. Study Group: Randomized trial comparing 3 approaches to the initial respiratory management of preterm neonates. Pediatrics 2011; 128: e1069-e1076. 3. Sweet DG, Carnelli V, Greisen G, Hallman M, Ozek E, Plavka R, Saugstad OD, Simeoni U, Speer CP, Halliday HL, European association of Perinatal Medicine: European consensus guidelines on the management of neonatal respiratory distress syndrome in preterm infants − 2010 update. Neonatology 2010; 97:402-417. 4.Adamkin DH, McClead RE Jr, Desai NS, McCulloch KM, Marchildon MB: Comparison of two neonatal intravenous amino acid formulations in preterm infants: a multicenter study. J Perinatol. 1991; 11:375-382. 5. Rivera A Jr, Bell EF, Bier MA: Effect of intravenous amino acid and protein metabolism of preterm infants during the first three days of life. Pediatr. Res. 1993; 33: 106-111. 6. Simmer K, Rao SC: Early introduction of lipids to parenterally-fed preterm infants. Cochrane Database Syst. Rev. 2005;2 :CD005256. 7. Gunn T, Reaman G, Outerbridge F, Colle E: Peripheral total parenteral nutrition for premature infants with respiratory distress syndrome: a controlled study. J Pediatr. 1978; 92:608-613. 8. Mayer-Mileur L, Chan G: Nutritional support of very-low-birth-weight infants requiring prolonged assisted ventilation. Am. J. Dis. Child. 1986; 140; 929-932. 9. Parish A, Bhatia J: Early aggressive nutrition for the premature infant. Neonatology 2008; 94:211-214. 10. Hay WW Jr: Strategies for feeding the preterm infant. Neonatology 2008; 94:245-254. 11. Ehrenkranz RA: Early, aggressive nutritional management for very low birth weight infants: what is the evidence? Semin. Perinatol. 2007; 31:48-55. 12. Ibrahim HM, Jeroudi MA, Baier RJ, Dhanireddy R, Krouskop RW: Aggressive early total parental nutrition in low-birth-weight infants. J. Perinatol. 2004; 24:482-486. 13. Wilson DC, Cairns P, Halliday HL, Reid M, McClure G, Dodge JA : Randomized controlled trial of an aggressive nutritional regimen in sick very low birth weight infants. Arch. Dis. Child. Fetal Neonatal Ed. 1997; 77: F4-F11. 14. Koletzko B, Goulet O, Hunt J, Krohn K, Shamir R: Parenteral Nutrition Guidelines Working Group: Guidelines on paediatric parenteral nutrition of the European Society of Paediatric Gastroenterology, Hepatology and Nutrition (ESPGHAN) and the European Society for Clinical Nutrition and Metabolism (ESPEN), supported by the European Society of Pediatric Research (ESPR): J. Pediatr. Gastroenterol. Nutr. 2005; 41 (suppl-2): S1-S87. 15. Prasertsom W, Phillipos EZ, Van Aerde JE, Robertson M: Pulmonary vascular resistance during lipid infusion in neonates. Arch. Dis. Child. Fetal Neonatal Ed. 1996; 74: F95-F98. 16. Lucas A, Bloom SR, Aynsley-Green A: Gut hormones and “minimal enteral feeding’. Acta Pediatr. Scand. 1986; 75: 719-723. 17. McClure RJ, Newell SJ: Randomized controlled study of clinical outcome following trophic feeding. Arch. Dis. Child. Fetal Neonatal Ed. 2000; 82: F20-F33. 18. Bombell S, McGuire W: Early trophic feeding for very low birth weight infants. Cochrane Database Syst. Rev. 2009;3 :CD000504. 19.Сборник научных трудов. Научно-практическая конференция кафедры неонатологии «Внедрение новых перинатальных технологий в практику родовспоможения» ЮНИСЕФ г. Алматы – 2007г. 20.Guyatt GH et al. Users’s guides to the medical literature. IX.A method for grading health care recommendations/ Evidence-Based Medicine Working Group, JAMA, 1995,274,1800-4. 21. Международная статистическая классификация болезней и проблем связанных со здоровьем десятый пересмотр – МКБ –Х 2009г.

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі:
•                    Чувакова Тамара Құрмағалиевна – м.ғ.д., "ҰАБҒО" АҚ профессоры, ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің бас ,ылыми қызметкері.
•                    Тортаева Гүлнар Сағиевна – м.ғ.к., "ҰАБҒО" АҚ неонатология бөлімінің меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқ екенін көрсету: мүлделер қақтығысы жоқ.

Пікір иесі: Жақсылықова Күләш Қалиқановна – м.ғ.д.ғ СММУ профессоры, педиатрия бойынша интернатура кафедрасының меңгерушісі.

Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: Хаттаманы 5 жылдан соң немесе осы хаттаманы пайдалануға байланысты жаңа деректер болған жағдайда қайта қарау.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх