Войти

Адгезиялы отит

P-S-001

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Адгезивная болезнь среднего уха (H74.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Адгезивті ортаңғы отит – ортаңғы құлақ пен мұрын қуысын 
байланыстырушы есту түтіктерінің өткізгіштігі бұзылғанда жəне қабынғанда сұйықтықтың ортаңғы құлақ қуысында ұзақ тұрып қалуынан болатын ауру. Осы процестің нəтижесінде есту сүйекшелерінің қозғалысын шектейтін жəне дыбыстың ауа арқылы таралуын төмендететін тығыз дəнекер тін, бітісулер, жабыспалар түзіледі.

 
Хаттама коды: P-S-001 "Адгезиялы отит"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H74.1 Ортаңғы құлақтың адгезивті ауруы

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: Ортаңғы құлақтың іріңді қабыну аурулары, мұрынның, жұтқыншақтың немесе құлақтың созылмалы аурулары.

Диагностика


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: құлақта шу болуымен қатар жүретін естудің тұрақты жəне үдемелі нашарлай беруі.
 
Физикалық тексеру: аудиологиялық тексеру, отоскопия.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Самай аймағына КТ..
2. Қалыпты жұтыну кезіндегі түтіктің өткізгіштігін зерттеу (I дəрежесі).
3. Тойнби сынағы (II дəреже).
4. Вальсальва сынағы (III дəреже).
5. Политцер бойынша есту түтігін үрлеу (IV дəреже).
6. Есту түтігіне катетеризация жасау (V дəреже).
7. Аэродинамикалық əдістер:
- туботимпанальноаэродинамикалық əдіс; 

- қысымдарды теңгеру əдісі;
- мұрын-жұтқыншаққа пневмотубометрия жасау
8. Акустикалық əдістер (тубосонометрия).
9. Контрасты рентгенография əдісі.
10. Контрасты компьютерлік томография.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: естуді жақсарту, құлақтың бітіп қалуын болдырмау, шуды азайту.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Консервативті емдеу (уақытша жағдайын жақсартады). 
Есту түтіктерінің өткізгіштігін жақсарту үшін – құлақты үрлеу жəне сонымен қатар дабыл жарғағына пневматикалық массаж жəне дабыл қуысы мен есту түтігіндегі бұлшықеттерге электростимуляция. Жабыспалардың сіңіп кетуіне əкелетін дəрілік препараттар тікелей дабыл қуысына есту түтігі арқылы жəне электрофорез (лидаза, химотрипсин) арқылы енгізіледі.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Тиамин инъекцияға арналған ерітінді 5% ампулада 1 мл.
2. *Рибофлавин 10 мг табл.
3. *Цианокобаламин инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1 мл (500 мкг).
4.  Гиалуронидаза.
5.  Пентоксифиллин инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1 мл (100 мг).
6.  Нафазолин мұрынға жəне көзге арналған тамшылар 10 мл, фл.
7. *Эпинефрин инъекцияға арналған ерітінді ампулада 0,18% 1 мл.
8.  Кокарбоксилаза инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 50 мг, амп.
9. *Гидрокортизон ацетаты жақпа май, крем 1%.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: евстахий түтігінің өтімділігін қалпына келтіру, жақсарту.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: кенет саңырау болып қалу, ол консервативтік емге көнбегенде, жабыспаларды хирургиялық тілу, есту сүйекшелерінің орнына полиэтилен протездерін салу.

Профилактика


Профилактикалық шаралар: ортаңғы құлақ катарының алдын алу - мүрынды, мұрынжұтқыншақты жəне жұтқыншақты емдеу. Аденоидтарды дер кезінде алып тастау.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: тұрғылықты жері бойынша ЛОР-дəрігерде диспансерлік бақылану, 6 айдан соң аудиологиялық тексерілу. Реабилитация үшін есту аппараттары пайдаланылады.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Бычкова О.В., Урюпин В.К., Токарев О.П. Метод электростимуляции тубарных мышц с синхронным продуванием среднего уха. Вестник оториноларингологии, N 2-2000, стр. 46-47; 2. http://www.curaremed.ru/index.asp?rid=1846, Слухоулучшающие операции; 3. Пальчун В.Т., Крюков А.И., Туровский А.Б., Шубин М.Н., Цыганкова В.С. Дисфункция слуховой трубы. Новые аспекты диагностики и лечения. Вестник оториноларингологии, N 4-2000, стр. 5-10.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С.,  Алматы қ. №5 ҚКА.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх