Войти

Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған асқынулар

P-O-028

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Осложнение, вызванное абортом, внематочной и молярной беременностью, неуточненное (O08.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы – жоқ.

 
Хаттама коды: P-O-028 "Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған асқынулар"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ–10 бойынша коды (кодтары):
008     Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған асқынулар.
008.0  Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған жыныс жолдары мен жамбас қуысы мүшелерінің жұқпасы.
008.1  Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған ұзақ немесе мол қан ағу.
008.2  Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған элеболия.
008.3. Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған шок.
008.4  Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
008.5  Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған зат алмасу бұзылуы.
008.6  Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған жамбас қуысы мүшелері мен тіндері зақымдануы.
008.7  Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған венаның өзге асқынулары.
008.8  Аборттың, жатырдан тыс жүктіліктің жəне молярлы жүктіліктің əсерінен дамыған өзге асқынулар.
008.9  Анықталмаған асқынулар.
 
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Медициналық түсіктен кейінгі асқынулар:
- ертелері (қан құйылу, жатыр мойынының жарақаты, тесілу, қабыну аурулары)
- кешеулері (етеккірлік функция бұзылуы, жүктілік аяқталмауы, бедеулік, резус – сезімталдану)
 
Асқынулар жіктемесі:
- жатыртыс жүктіліктен бұзылған, жатыр тесілуімен, кейде тамырлық шоқ жарақаттануымен себептеліп ішпердеішілік қан құйылу;
- жасанды немесе өздігінен іш тастауда жатырдан құйылу;
- жамбастың кіші қуысы мүшелерінің қабыну аурулары;
- етеккір қызметінің бұзылуы;
- бедеулік.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: 
-  анамнезде бірнеше жиі түсіктер;
-  кесар жаруынан жəне миоматоздық түйінді сылығаннан кейінгі жатырдағы тыртық;
-  жатыр мен қосалқыларының қабыну аурулары;
-  жыныс аспабынының анатомиялық ерекшеліктері.

Диагностика


Диагностикалық критерилер:
- Жатыр тесілуін заңды ретте, түсікті жасау уақытында дəрігер диагнозын қояды: құрал жатырдың өлшемінен үлкен тереңдікке оңай еніп кетеді. Сонымен бірге тесілу қай сатыда  жасалды, қандай құралмен тамыр шоғының немесе іш қуысының мүшелері жаралануы болған жоқ па, соған көңіл аудару қажет.
- Түсіктен жатыртыс жəне молярлық жүктіліктен туындаған қабыну аурулары, ұрықтық жұмыртқаның қалдықтары үстінде немесе оның болмауында дамиды. Диагноз: аурулық синдром, дене температурасы көтерілуі, жалпы интоксикация белгілері (əлсіздік, бозарулық, тахикардия), акушерлік-гинекологиялық зеттеулер (жатыр жұмсақ күйінде, шығынды қанды бұлдыр, іріңді қосалқыларда түзілістер болуы, ауыру сезгіштігі, күмбезі салбырауы) деректері негізінде қойылады, ішперде тітіркенуінің оң белгілері болуы мүмкін.
 
Қан кету мынадай белгілер негізінде қойылады:
1. Ішкі – əртүрлі дəрежеде білінетін ауыру сезу синдромы, АҚ төмендеуі, тахикардия, тері жамылғыларының бозаруы, гемоглабин төмендеуі.
2. Сыртқы – жыныс жолдарынан ала қызыл қанды шығынды,  негізінде:  АҚ төмендеуі, тахикардия, тері жамбының бозаруы, гемоглабин төмендеуі.

Шағымдар мен анамнез
 
Шағымдар:
-  ішінің төмен жағы ауыруы;
-  жыныс жолдарының сілемейлі-іріңді шығынды;
-  іншектен қан кетуі;
-  әлсіздік, бас айналуы;
-  дене температурасының жоғарылауы.

Анамнез:
- етеккірдің 2 ден 8 аптаға, одан көп кешеуілденуі;
- жүктілікті үзу мақсатымен араласу болды ма, қандай мерзімде;
- барлық белгілердің ұзақтығы (қан кету, қызба, ауыру сезімі);
- созылмалы қабыну аурулар;
- бедеулік;
- жатыр миомасы.
 
Физикалық тексеру:
- жалпы күйді, тері жабынын бағалау;
- АҚ, тамыр соғуын өлшеу;
- термометрия;
- диурезді бағалау;
- акушерлік-гинекологиялық қарау;
- қан жоғалту мен шығындылар сипатын бағалау.
 
Инструменталдық зерттеулер:
- УДЗ

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- реаниматолог - анестезиолог - эмболия - шок, бүйректік жетіспеушілік, көлемді қан жоғалту белгілерінде;
- хирург - ауыру сезімі синдромында, ішперде тітіркенуінің оң белгілерінде жəне дене температурасы көтерілгенде.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
 
Негізгі:
- жалпы күйді, тері жабын бағалау;
- АҚ, тамыр соғуын өлшеу;
- термометрия;
- акушерлік-гинекологиялық қарау;
- УДЗ.
 
Қосымша:
- қанның жалпы анализі;
- қанның биохимиялық анализі;
- зəр анализі;
- бак. себінді;
- RW.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
- қанның жазылма талдауы;
- қанның биохимиялық талдауы (коагулограмма, креатинин, зəр);
- зəр анализі;
- бак. себінді;
- RW.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагностика:
1. Жатырлық,  жатыртыс жүктілікті немесе молярлық жүктілікті ажыратамыз.
2. Іншектен қан мол кетуінде үзілген жатырлық, молярлық жүктілікті, жарақаттануларда – жатыр мойнын жəне іншекті ажыратамыз.
3. Ауыру сезімі синдромында апендицитті, жатыртыс жүктілікті зəр-жыныс жүйесі мүшелерінің қабыну ауруларын ажыратамыз.
4. Ішпердеішілік қан кету симптомдарында жатырлық, жатыртыс жүктілікті, аналықбез апоплексиясын, ішперде қуысы мүшелерінің жарақатын ажыратамыз.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
Бұзылған жатыртыс жүктілікте, бір уақытта қан кетуді тоқтатумен жатыр тесілуінде, қан кетуден қалпына келтіру, шокта - операциялық емдеу.
Толық емес медициналық жəне өздігінен болған іш тастауда, молярлық жүктілікте - жатыр қуысын босату.
Қабыну ауруларында, етеккір қызметі бұзылуында, бедеулікте, зат алмасу бұзылуында.
 
Емдеу мақсаттары – түсіктен, жатыртыс жəне молярлық жүктіліктен туындаған асқынуларды жою, репродуктивтік қызметті оңалту.

Дəрі-дəрмексіз ем – жоқ

Дəрі-дəрмектік ем:
- инфузиялық терапия (физиологиялық ерітінді, глюкоза, декстран) (А) [4,5,6,9,10];
- сезімталдықты қайтару терапиясы (мебгидролин, клемастил, хлоропирамин) (В) [6,7,9];
- витаминотерапия (топ В) (А) [5,6,10];
- антибактериялық терапия (цефазолин, метронидазол, амоксициллин+клавулан қышқылы, қабықпен жабылған 500 мг /125 мг, 875 мг /125 мг, құтыларда 500 мг /100 мг, 1000 мг / 200 мг. тамырішілік енгізуге арналған, гентамицин, циплофлоксацин, ампициллин, линкомицин) (А) [7,8,12];
- ұзақ мол көлемді антибиотикотерапияда микоз туындауын емдеу мен алдын алу үшін-интраконазол 200 мг 2 р / тəулігіне 7 күн бойы.;
- спазмолитиктер мен ауруын болдырмайтын дəрі-дəрмектер (папаверин, гидрохлорид, кеторолак, дротаверин) (А) [4,5,9];
- ауырған жерді емдеу (фурациллин ерітіндісімен, клотримазоломды балауыз шаммен іншек емдеу) (С) [9,12];
- гемостатикалық дəрі - дəрмектер (менадион, этамзилат) А [7,8,12].
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  физиологиялық ерітінді;
2.  5% глюкоза ерітіндісі;
3.  декстран;
4.  мебгидролин;
5.  клемастил;
6.  хлоромирамин;
7.  В тобы витаминдері;
8.  амоксициллин+клавулан қышқылы;
9.  цефазолин;
10. метронидазол;
11. гентамицин;
12. циплофлоксацин;
13. ампициллин;
14. линкомицин;
15. итраконазол оралдық ерітіндісі 150-мл-10 мг/мл;
16. папеверин гидрохлорид;
17. кеторолак;
18. дротаверин;
19. фурациллин ерітіндісі;
20. клотримазолды балауыз шырақтар;
21. менадион;
22. этамзилат;
23. трансдермалдық терапевтік жүйе (контроцептік жабысқақ);

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Қанағаттанарлық күй, асқыну белгілерінің жойылуы, операциядан кейінгі кезеңнің асқынбаған ағымы.

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер:
- барлық асқынуларда шұғыл ауруханаларға жатқызу.

Профилактика

 
Біріншілік профилактика :
- жүктілікті жоспарлау (контрацепция).

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
- молярлық жатыртыс жүктілікте диспансерлік есепке алу;
- молярлық жүктіліктен кейін əйелдерде ХГЧ деңгейін бақылау;
- көрсетімдер бойынша онко-гинеколог кеңес беруі;
- репродуктивтік қызметтерді оңалту.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Barnes A. B., Wennberg C. N., Barnes B. A. Ectopic pregnancy: Incidence and review of determinant factors. Obstet. Gynecol. Surv. 38:345, 1983. 2. Westrom L., Bengtsson L. P., Mardh P. A. Incidence, trends and risks of ectopic pregnancy in a population of women. B.M.J. 282:15, 1981. 3. Weckstein L. N. Current perspective on ectopic pregnancy. Obstet. Gynecol. Surv. 40:259, 1985. 4. Vermesh M. Conservative management of ectopic gestation. Fertil. Steril. 51:559, 1989. 5. Stovall T. G., Ling F. W., Buster J. E. Outpatient chemotherapy of unruptured ectopic pregnancy. Fertil. Steril. 51:3, 1989. 6. Leach R. E., Ory S. J. Modern management of ectopic pregnancy. J. Reprod. Med. 34:324, 1989. 7. Anasti J. et al. Rectal serosal hematoma: An unusual complication of culdocentesis. Obstet. Gynecol. 65:725, 1985. 8. Carson S. A. et al. Rising human chorionic somatomammotropin predicts ectopic pregnancy rupture following methotrexate therapy. Fertil. Steril. 51:593, 1989. 9. DeChemey A. H., Mayheux R. Modern management of tubal pregnancy. Curr. Probl. Obstet. Gynecol. 6:4, 1983. 10. Kadar N., Romero R. Observations on the log human chorionic gonadotropin-time relationship in early pregnancy and its practical implications. Am. J. Obstet. Gynecol. 157:73, 1987. 11. Lund P. R., Fielaff G. W., Aiman E. J. In vitro fertilization patient presenting in hemorrhagic shock caused by an unsuspected heterotopic pregnancy. Am. J. Emerg. Med. 7:49, 1989. 12. Pittaway D. E. Beta HCG dynamics in ectopic pregnancy. Clin. Obstet. Gynecol. 30:129, 1987.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Төлебаева Л.Р. – «Қостанай қалалық босану үйі» МКҚК бас дəрігерінің орынбасары.
Жұмагалиева А.К. – «Қостанай қалалық босану үйі» МКҚК дəрігер акушер-гинекологы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх