Постшизофрениялық депрессия

H-T-013

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Постшизофреническая депрессия (F20.4)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы: 

Депрессия − көңіл-күй пəстігімен (гипотимиямен), интеллектуальдық жəне қимылдық іс-əрекеттердің тежелуімен, тіршілік етуге талаптануы төмендеп кетуімен, өзін жəне өмірдегі өзінің орнын пессимистік тұрғыдан бағалаумен, соматоневрологиялық бұзылыстармен сипатталатын патологиялық жағдай. Депрессиялық жағдайлар алуан түрлілігімен жəне кең таралуымен ерекшеленеді. 

Постшизофрениялық депрессия (ПШД) – шизофренияның жіті психоздық симптоматикасы азайғаннан кейін дамитын, «кейбір позитивті жəне негативті» симптомдары сақталып қалған депрессиялы эпизод ретінде түсіндіріледі. ПШД ұзаққа созылуы мүмкін. Шизофрениялық симптомдар сақталып қалады, бірақ олар клиникалық көріністе бұрынғыдай басымдылықпен əйгіленбейді.


Хаттама коды: H-T-013 "Постшизофрениялық депрессия"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F.20.4 – Постшизофрениялық депрессия
F.25.1 – Депрессиялы типті шизоаффективті психоз.
F.31.3 – Биполярлы аффективті ауытқу, орташа жəне жеңіл депрессияның ағымдағы эпизоды:
.30 – соматикалық симптомдары жоқ түрі;
.31 – соматикалық симптомдары бар түрі.
F.31.4 – Биполярлы аффективті ауытқу, психоздық симптомдары жоқ ауыр депрессияның ағымдағы эпизоды
F.31.5 – Биполярлы аффективті ауытқу, психоздық симптомдары бар ауыр депрессияның ағымдағы эпизоды
F.32.0 – Жеңіл депрессиялы эпизод:
.00 – соматикалық симптомдары жоқ түрі;
.01 – соматикалық симптомдары бар түрі.
F.32.1 – Орташа депрессиялы эпизод:
.10 – соматикалық симптомдары жоқ түрі;
.11 – соматикалық симптомдары бар түрі.
F.32.2 – Психоздық симптомдары жоқ ауыр депрессиялы эпизод
F 32.3 – Психоздық симптомдары бар ауыр депрессиялы эпизод
F 32.8 – Басқа депрессиялы эпизодтар
F 32.9 – Анықталмаған депрессиялы эпизодтар
F 33.0 – Рекуррентті депрессиялы ауытқу, жеңіл дəрежелі ағымдағы эпизод:
.00 – соматикалық симптомдары жоқ түрі;
.01 – соматикалық симптомдары бар түрі.
F 33.1 – Рекуррентті депрессиялы ауытқу, орташа ауыр дəрежелі ағымдағы эпизод:
.10 – соматикалық симптомдары жоқ түрі;
.11 – соматикалық симптомдары бар түрі.
F 33.2 – Рекуррентті депрессиялы ауытқу, психоздық симптомдары жоқ ауыр ағымдағы эпизод
F 33.3 – Рекуррентті депрессиялы эпизод, психоздық симптомдары бар ауыр ағымдағы эпизод
F 33.8 – Рекуррентті басқа депрессиялы ауытқулар
F 33.9 – Анықталмаған рекуррентті депрессиялы ауытқулар
 

Жіктемесі


Жіктемесі: АХЖ кодтары бойынша.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Тұқымқуалаушылық.
2. Ми жұмысы өзгеруін туындататын метаболизмдік (алмасымдық) бұзылыстар.
3. Əлеуметтік факторлар, солардың ішінде психогениялар да.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

1. Негізгісі – клиникалық зерттеу. Онда постшизофрениялық депрессияға тəн клиникалық əйгіленістер анықталады:
- сұрастыру;
- бақылау;
- субъективтік жəне объективтік анамнезін жинау;
- науқастың шығармашылық қабілетін тексеру.
2. Жалпысоматикалық жəне неврологиялық зерттеулер.
3. Эксперименттік-психологиялық тексеру.
4. Дифференциалды диагностика жүргізуде зертханалық жəне инструменталдық зерттеулер көп жағдайда көмекші зерттеу рөлін атқарады, себебі психотроптық препараттар өзінің жанама əсерлерімен өзгерістер туындатады.

Негізгі диагностикалық шаралардың тізімі:
1. Қанның жалпы анализін жасау (6 көрсеткіш бойынша).
2. Несептің жалпы анализін жасау.
3. АЛТ, АСТ деңгейін анықтау.
4. Билирубин деңгейін анықтау.
5. Эксперименттік-психологиялық тексеру (алғашқы тексеру).

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрокардиография.
2. Эксперименттік-психологиялық тексеру (екінші рет тексеру).
3. Электроэнцефалография.
4. Миды компьютерлік томографпен тексеру.
5. Өкпе флюорграфиясы (жылына бір рет).
6. Микрореакция.
7. Қандағы қант деңгейін анықтау (40 жастан асқандардың).
8. Нəжісте дизентерия қоздырғыштар тобы бар-жоғын анықтау.
9. Нəжісте ішекқұрт жұмыртқалары бар-жоғын анықтау.
10. Терапевт консультациясы.
11. Невропатолог консультациясы.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Депрессиялы симптоматиканы жəне қосарлас клиникалық əйгіліністерін тыю.
2. Психикалық науқастарды əлеуметтік жəрдеммен қамтамасыз ету.
3. Емдеу тəсілін айқындап алу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем
ПШД-ның психопатологиялық құрылымы күрделі болатындықтан ем кешенді түрде жүргізіледі. ПШД симптоматикасында депрессиялық ауытқулармен қоса галлюцинациялы-сандырақ, негативті əйгіленістер қатар білінетіндіктен жəне олардың өзіндік даму ерекшеліктері болатындықтан емдік шаралар жеке-дара таңдалу керек жəне аурулы жағдайдың құрамбөліктері кері дамуына ықпал жасайтындай болу керек. ПШД-ны емдеу нақтыланған қисынды бірізділікпен, белгілі бір ретпен жүргізілу керек, психоздық жəне негізгі депрессиялық ауытқуды кетіруге, негативті өзгерістерді жəне кейде білінетін нейролепсияны түзетуге, сондай-ақ науқасты өз ауруына қатысты күйзелісінен шығаруға бағытталу керек. Бұл мақсатта айқын антидепрессиялық қасиеті бар дəрілер тағайындалады.Психотроптық препараттар əр науқасқа қатаң түрде жеке-дара таңдалып беріледі, себебі ПШД-ның клиникалық əйгіленістері алуан түрлі болады, сонымен қатар дəрінің науқасқа жағу-жақпауы да ескеріледі.

Бұл дəрілерді қандай мөлшерде жəне қандай жағдайда қалай тағайындау керек екенін психиатр-дəрігер шешеді.

Амитриптилин – күніне 2,0 х 3 рет бұлшықетке салады, біртіндеп дозасын 120 мг-ға дейін жоғарылата отырып, 10 күннен асырмай береді. Кейде физиологиялық ерітіндіге араластырып венаға жіберуге болады. Кейін ауыз арқылы берілетін түріне ауыстырады. Алғашқы тəуліктік дозасын 75-100 мг-нан бастап емдік нəтиже білінгенге дейін біртіндеп жоғарылатады. Ең жоғары тəуліктік дозасы 450 мг. Препарат əсіресе үрейлі-депрессиялы жағдайда үрейленуді, ажитацияны жəне тікелей депрессиялық əйгіленістерді азайтады, сонымен қатар седативті (жұбатқы) əсер етеді. Препаратты МАО ингибиторларымен бір мезгілде қатар пайдалануға болмайды.

Имипрамин – күніне 2,0 х 2 рет бұлшықетке жібереді, біртіндеп дозасын 400 мг-ға дейін көбейтеді. Физиологиялық ерітіндіге араластырып 250 мг венаға құюға болады. Ішкізу арқылы берілетін 100 мг-нан 500 мг-ға дейінгі күндік дозаны 2 бөліп қабылдайды. Препаратты қимылдық жəне идеялық тежеліспен қабаттаса білінетін, адинамиялы, апатиялы психодепрессиялық жағдайларда қолданады.

Флуоксетин – адинамиялық депрессияны емдегенде тағайындалады. Күніне таңертең 20 мг беруден бастайды, біртіндеп 60 мг-ға дейін көбейтуге болады. Бұл препарат амитриптилин мен мелипраминге қарағанда несеп шығаруды қиындатпайды, жүрекке уытты əсер бермейді жəне күніне бір-ақ рет берілетіндіктен қолдануға ыңғайлы.

Милнаципран – капсула 50 мг тəулігіне 2 рет беріледі, емдік нəтиже білінбесе тəуліктік дозасын 200 мг-ға дейін (100 мг х 2 рет) жоғарылатуға болады (ұсыныстағы тəуліктік емдік дозасы 50-150 мг). Емдік əсері: əртүрлі ауырлық дəрежедегі депрессиялық жағдайларда үйлесімді əсер етеді, жанама əсерлері өте аз сондықтан қосарласқан соматикалық аурулары бар науқастарға беруге болады.

Флувоксамин − бастапқы тəуліктік дозасы 100 мг, қажет болған жағдайда тəуліктік дозасын 0,15-0,2 г дейін көбейтеді (ең жоғары тəуліктік дозасы
0,3 г).

Диазепам − 5 мг күніне 1-2 рет беріледі, ең жоғары тəуліктік дозасы 0,06.

Вальпрой қышқылы 300 мг-нан 1200 мг-ға дейін, нормотимик ретінде қолданылады.

Галоперидол − тəулігіне 5-15 мг беріледі, кейінірек аурудың динамикасына байланысты мөлшерленеді. Тікелей галлюцинацияларға (елестеулерге), сандырақты ауытқуларға іріктемелі антипсихоздық əсер етеді, сонымен қатар седативті əсері бар. Демеуші ем ретінде тағайындалады.

Трифлуоперазин – бастапқы тəуліктік дозасы 10 мг, кейін бұл мөлшерді біртіндеп көбейте отырып емдік нəтижесі білінгенге дейін береді. Ең жоғарғы тəуліктік дозасы 100-120 мг. Препараттың психотроптық қасиетінде нейролептиктік əсер жəне шамалы стимуляциялағыш əсер бар, кең ауқымды іріктемелі антипсихоздық əсері негізінен психопродуктивті симптоматиканы, əсіресе елестеулерді (галлюцинацияларды), сандырақтауды, кататониялық симптоматиканы басуға бағытталған.

Рисперидон – ішуге арналған 30 мл ерітінді (1 мл-де - 1 мг), бастапқы тəуліктік дозасы 2 мг, орташа емдік дозасы 4-6 мг, көп жағдайда қосымша корректор дəрілер (циклодол, акинетон) тағайындаудың қажеті жоқ. Препарат продуктивті жəне негативті симптоматикаға, сонымен бірге қосарласқан аффективті ауытқуларға əсер етеді, дофамин-серотонинэргиялық антагонизмі үйлесімді болғандықтан пациенттердің ресоциализациялануын кеңейтеді, аурудың өршу жиілігін жəне ауруханада емделу мерзімін азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға, əлеуметтік адаптациясын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Оланзапин – бастапқы берілетін дозасы 5-10 мг/тəу., емдік (терапиялық) дозасы тəулігіне 5 мг-нан 20 мг-ға дейінгі аралықта, науқастың клиникалық жағдайын ескере отырып беріледі. Психикалық продуктивті жəне негативті симптоматикаға, сонымен қатар қосарласқан аффективті ауытқуларға əсер етеді. Негативті симптоматикаға əсер ететіндіктен психикалық кемістіктің аздау дамуына жəне əлеуметтік бейімделуі жеңілдеу болуына ықпал жасайды. Көп жағдайда арнайы корректор дəрілерді қосымша тағайындаудың қажеті жоқ. Оланзапинді ерітінді түрінде 10 мг-нан 1 рет бұлшықетке жіберуге болады. Параноидтық симптоматика жəне депрессиялық аффект қосарласқан жағдайда антидепрессанттар тағайындалады.

Рисперидон – ұзақəсерлі препарат, демеуші ем жүргізу үшін қолданады. Дозасы – 25 мг (37,5 мг; 50 мг), екі аптада 1 рет бұлшықетке жіберіледі. Антипсихоздық əсер етеді, аурудың өршімеуіне ықпал жасайды, жанама əсерлері өте аз жəне қолдануға ыңғайлы.

Флуфеназин (модитен-депо) 25 мг (1,0 мл) бұлшықетке айына бір рет салады, демеуші емге ауыстырғанда тағайындалады. Антипсихоздық əсер етеді, психопродуктивті симптоматиканы басады.

Тригексифенидил (циклодол) тəулігіне 0,002 х 2-3 рет беріледі. Нейролептиктік синдромды болдырмау үшін қолданады. Науқастардың барлығының артериялық қысымын қадағалап өлшеп тұру керек.

Аурудың дəрілік емге көнбейтін (резистентті) формаларын емдеуге төменде аталған тəсілдерді қолдануға болады:
- «психотроптық препараттарды бір кезеңге бермей қою» тəсілі; «қайшы» тəсілі; «зигзаг» тəсілі;
- электроқұрысқақтық ем (тоқпен ұрғызып емдеу);
- плазмаферез;
- лазеротерапия.

Ем жүргізу барысында психотерапияның бірнеше түрлері мен формаларын қолдану қажет:

1. Топтық психотерапия:
- мінез-құлықтық психотерапия − қазіргі жағдайға пациенттің бейімделуін, дағдылары дамуын, ресоциализациялануын жеңілдету үшін;
- когнитивтік психотерапия – ауырғандығын ұғындыру, қайғысын, ауырсыну сезімін ұғындыру, емделу керек екендігін ұғындыру т.б.;
- қарым-қатынасқа түсетін, қолдаушы топтарға қосып өмір сүру сапасын жақсарту.

2. Отбасылық психотерапия – пациенттің туысқандарымен қатынасып іс жүргізу:
- жүйелі психотерапия – науқас отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын аурудың клиникалық əйгіленістеріне байланысты тəрбиелеп өзгерту;
- стратегиялық психотерапия – пациенттің келешегі жөнінде жəне жетістіктерге қол жеткізу жөнінде үмітін арттыру амалдарын жасау;
- рационалды психотерапия – ауру (дерт, кесел) туралы, оның ақыры не болуы мүмкін екендігі жөнінде ақпарат беру жəне т.б.

3. Жеке-дара психотерапия (көп жағдайда рационалды психотерапия).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Амитриптилин 1% ерітінді - 2 мл; таблеткасы 0,025
2. *Имипрамин 1,25% ерітінді 2 мл; таблеткасы 0,025
3. *Флуоксетин капсулада 0,02
4. *Флувоксамин таблетка 0,05
5. *Диазепам таблетка 0,005; 0,5% ерітінді 2 мл
6. Милнаципран капсулада 0,025; 0,05
7. *Кломипрамин капсула жəне таблетка 0,01; 0,025; 0,05
8. *Кломипрамин 1,25% ерітінді 2 мл
9. *Вальпрой қышқылы таблетка 0,3; 0,5;
10. *Галоперидол 5% ерітінді 2 мл; таблеткасы 0,0015; 0,005
11. *Трифлуоперазин 0,2% ерітінді 1 мл; таблеткасы 0,001; 0,005
12. *Рисперидон ішкізуге арналған ерітінді 30 мл (1 мл - 1мг)
13. *Оланзапин таблетка 0,01
14. *Рисперидон 25 мг (суспензия дайындауға арналған ұнтақ)
15. *Тригексифенидил таблетка 0,002

Қосымша дəрі-дəрмектер тізім:
1. *Пирацетам 20% - 10 мл (ампулада)
2. *Флуфеназин деканоат 2,5% мл (ампулада)
3. * Пиридоксин гидрохлорид 200 мг табл.
4. * Тиамин гидрохлорид 100 мг табл.
5. *Цианкоболамин 200 мкг табл.

Емдеудің келесі кезеңіне ауыстыру критерилері:
- емдік ремиссияға жету;
- демеуші ем таңдап алу;
- сараптамалық мəселелерді, мəжбүрлеп емдеуді аяқтау;
- əлеуметтік мəселелерді шешу.


*– Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін қажет көрсетілімдер:
1. Мінез-құлық өзгеруі (бейадекватты қылықтар білінуі), айқын депрессиялы жағдай, психомотрлық еліру, қорқыныш, үрей, өзіне қол жұмсау (суицидтік) үрдісі, аутоагрессиялы мінез, сандырақты идеялар, галлюцинациялар (елестеулер), яғни ауруханада емдеуді қажет ететін жағдайлар.
2. Əлеуметтік жағдайлармен байланысты көрсетілімдер.
3. Белгіленген тəртіп бойынша соттық-психиатриялық, əскери сараптауды стационарлық жағдайда жүргізу жөніндегі шешім.
4. Белгіленген тəртіп бойынша диагнозды анықтау, еңбекке жарамдылықты сараптау, жəне басқа да сараптамалық мəселелерді анықтау үшін берілген жолдама.
5. Емдеу əдісін айқындап тағайындау қажеттілігі.

Ауруханаға мəжбүрлеп жатқызу көрсетілімдері (16.04.1997 ж. №96-1, ҚР Заңының 29 бабы):
1. Өзіне жəне маңайындағыларға тікелей қауіптілігі.
2. Арнайы бағып-қағу, күтім болмаған жағдайда жекебасы өз бетінше тіршілік жасай алмайтын дəрменсіздік.
3. Арнайы психиатриялық жəрдем жасалмаған жағдайда психикалық ахуалы ауырлап жалпы денсаулығына айтарлықтай зиян келу мүмкіндігі.

Ауруханаға шұғыл жатқызу көрсетілімдері (ҚР Білім, Мəдениет жəне Денсаулық сақтау министрлігінің ДСК 13.05.1998 ж. №269 бұйрығына №10 қосымшасы):
1. Сананың аффективті тарылуымен байланысты психомоторлық еліру.
2. Жүйелі сандырақты синдромдар, егер олардың салдары қоғамға қауіп төндіретін болса.
3. Суицидтік (өзін-өзі өлтіруге бағытталған) үрдістер байқалуы.
4. Аутоагрессиялы əрекеттер.
5. Гигиеналық жəне əлеуметтік тұрғыдан азып-тозып кету, қаңғыбастық, психикалық дəрменсіздік жағдайға душар еткен ауыр дəрежелі психикалық кемістік.

Бұл аталған аурулы жағдайлардың əсерлерінен сырттай қарағанда тəртіп бұзылмауы мүмкін, бірақ науқастың өз басына жəне қоғамға жанамалы түрде қауіп бар.

Жоспарлы госпитализациялау алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Психиатр консультациясы.
2. Өкпе флюорографиясы (немесе көкірек ағзаларының рентгенографиясы).
3. Микрореакция (немесе қанның RW анализі).

Ауруханаға мəжбүрлеп жəне шұғыл түрде жатқызу алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Психиатрдың тексеруі, сонымен қатар психиатриялық аурухананың қабылдау бөлімінде тексеру керек.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Г.И.Каплан, Б.Дж.Сэдок. Клиническая психиатрия из синопсиса по психиатрии. Т 1. – Москва «Медицина», 1994. 2. В.М.Блейхер, И.В.Крук. Толковый словарь психиатрических терминов. – Воронеж НПО «МОДЭК», 1995. 3. Международная классификация болезней (10-й пересмотр). Классификация психических и поведенческих расстройств (Клинические описания и указания по диагностике). ВОЗ, 1994. 4. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине 2 – е издание, 2002. 5. Practice Guideline for the Treatment of Patients With Schizophrenia, Second Edition American Psychiatric Association, 2004. 6. Ю.Ю.Чайка. К проблеме постшизофренических депрессий. Журнал психиатрии и медицинской психологии. – 1999г - №1 – стр.117-121. 7. Ю.Ю.Чайка. Типология и динамика постшизофренической депрессии. Украинский вестник психоневрологии. –1999г.-Т.7,вип.3.-стр.130-134. 8. К.Н.Шумская. Постшизофренические депрессии (психопатологические особенности и вопросы типологии, клинические подходы, терапевтические особенности). Автореферат. Научный центр психиатрии РАМН. 9. Д.В.Вильямс, С.Д. Малроу, Э. Чикветт, П.Х.Ноэль, К.Агвилар, Дж.Корнелл. Клинические рекомендации: часть2. Систематический обзор испытаний новых методов медикаментозного лечения депрессии у взрослых. 10. Н.П.Андрусенко, М.А.Морозова. Комбинированное использование антидепрессантов и нейролептиков при аффективных расстройствах и шизофрении: Показания к назначению, побочные эффекты и осложнения. Лаборатория психофармакологии НЦПЗ РАМН, Москва

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: Негай Н.А. ҚР ДСМ Психиатрия, психотерапия жəне наркология ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх