Жіті холецистит (холецистэктомия жасалған созылмалы холецистит)

H-S-007

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хронический холецистит (K81.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Холецистит - өтқуық қабырғасының зақымдалуына, онда тас пайда болуына жəне билиарлық жүйенің моторлық-тонустық бұзылыстарына əкелетін қабыну ауруы.


Хаттама коды: H-S-007 "Жіті холецистит (холецистэктомия жасалған созылмалы холецистит)"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K80.2 Холециститсіз өтқуықтың тастары
K80 Өт-тас ауруы (холелитиаз)
K81 Холецистит
 

Жіктемесі

 
Холецистит көбінесе этиологиясы бойынша жіктеледі (инфекция, паразиттік инвазиялар).

Созылмалы қарапайым, холелитиазбен асқынған, жыланкөзбен асқынған.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: бауыр беріші (цирроз), өт шығару жолдарының инфекциялық аурулары, қанның тұқым қуалайтын аурулары (орақтəрізді жасушалы анемия), кəрілік, жүкті əйелдер, семіздік, холестериннің мөлшерін қанда төмендеткенімен өттегі холестеринді көбейтетін дəрілік заттар, салмақты тез жоғалту, өт іркілісі, постменопаузадағы орын басушы гормондық ем, жүктілікке қарсы таблетка қабылдайтын əйелдер.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері: эпигастрии аймағының үнемі ауыруы жəне ауыру сезімінің оң иық пен жауырын аралыққа берілуі жəне оның күшейіп 30 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы, жүрегі айну, құсу, кекіру, метеоризм, майлы тамақты жей алмау, тері мен ақ қабықтың сары түсті болуы, субфебрилді температура.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
2. Жалпы несеп анализі.
3. Глюкозаны анықтау.
4. Капиллярлық қандағы ұю уақытын анықтау.
5. Қан тобы мен резусфакторды анықтау.
6. ЭКГ.
7. Тінді гистологиялық зерттеу.
8. Флюорография.
9. Микрореакция.
10. ВИЧ.
11. HbsAg, Anti-HCV.
12. Билирубинді анықтау.
13. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
14. Бауырды, өтқуықты, ұйқы безін УДЗ.
15. Дуоденалдық зондылау (ЭХДЗ немесе басқа варианттар).
16. Эзофагогастродуоденоскопия.
17. Компьютерлік томография.
18. Магниторезонанстық холангиография.
19. Холесцинтиграфия.
20. Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография. 
21. Он екі елі ішектегі құрылымдарды бактериологиялық, цитологиялық жəне биохимиялық зерттеу.
22. Хирург консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу əдісі 
Холецистэктомия, Пиновский бойынша интраоперациялық дренаж жасау жəне операциядан кейін ЭРХПГ ПСТ іріңді асқынулардың алдын алу үшін антибактериялық ем жүргізу. Таңулар. Өтқуықта конкременттер анықталса мүмкін болатын асқынулардың алдын алу үшін опеация жасалады.

Науқасты дайындағаннан кейін операция лапароскопиядан басталады. Егер гепатодуоденалдық аймақ зақымдалмаған болса, операция лапароскопиямен жасалады.

Лапороскопиялық техниканы пайдалана отырып холецистэктомия жүргізуге көрсеткіштер:
1. Созылмалы тас пайда болған (калькулезды) холецистит.
2. Өтқуықтың полиптері жəне холестерозы.
3. Жіті холецистит (ауру басталған алғашқы 2-3 тəулікте).
4. Созылмалы тассыз холецистит.
5. Симптомсыз холецистолитиаз (ірі жəне ұсақ конкременттер).

Егер жалпы өт түтігі үлкейген немесе онда конкременттер болса, лапаротомия жəне классикалық холецистэктомия жасалады. Операциядан кейінгі кезеңде антибактериялық жəне симптомдық ем жүргізіледі.

Жедел түрдегі операция перитонит көріністері болғанда, өтқуық көлемі керіліп үлкейгенде жасалады.

Ерте холецистэктомия жасау кейіндеу жасалғанымен салыстырғанда асқынуларға байланысты айтарлықтай айырмашылығы жоқ, бірақ ерте холецистэктомия жасалғанда ауруханада болу ұзақтығы 6-8 күнге қысқарады.

Антибактериялық ем варианттарының ішінен біреуі таңдалады:
1. Ципрофлоксацин ішуге 500-750 мг 2 рет күніне 10 күн бойы.
2. Доксициклин ішуге немесе в/і тамызу. 1-ші күні 200 мг/тəул., қалған күндері 100-200 мг тəулігіне аурудың ауырлығына қарай.
Препараттарды қабылдау ұзақтығы 2 аптаға дейін.
3. Эритромицин ішуге. Бірінші доза - 400-600 мг, кейін 200-400 мг 6 сағат сайын. Емдеу курсы инфекцияның ауырлығына байланысты 7-14 күн. Препаратты тамақтан 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2-3 сағаттан соң.
4. Ұзақ уақыт массивті антибиотикотерапиядан кейін микоз пайда болуының алдын алу жəне емдеу үшін итраконазол оралді ерітінді 400 мг\тəул., 10 күн бойы.
5. Қабынуға қарсы препараттар 480-960 мг 2 рет тəулігіне, 12 сағат сайын. Емдеу курсы 10 күн.
6. Цефалоспориндер ішуге қолданылады, мысалы, цефуроксим 250-500 мг тəулігіне 2 рет тамақтан кейін. Емдеу курсы 10-14 күн.

Симптомдық дəрілік емдеу (көрсеткіштер бойынша қолданылады):
1. Цизаприд немесе домперидон 10 мг 3-4 рет күніне немесе дебридат 100-200 мг 3-4 рет күніне, немесе метеоспазмил 1 капс. 3 рет күніне. Курстың ұзақтығы - 2 аптадан аз емес.
2. Хофитол 2-3 табл. 3 рет күніне тамақтың алдында немесе аллохол 2 табл. 3-4 рет күніне тамақтан кейін немесе холерез бен холекинезді күшейтетін басқа препараттар. Курстың ұзақтығы 3-4 аптадан аз емес.
3. Полиферментті препарат, 3 апта бойы тамақтың алдында 1-2 дозадан қолданылады. Клиникалық көріністерге жəне он екі ішектегі сұйықтықты зерттеу нəтижелеріне қарап емді түзетуге болады.
4. Антацидті препарат, тамақтан 1,5-2 сағаттан кейін бір дозадан қолданылады.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Тримепиридин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1% 1 мл
2. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл.
3. *Натрий хлориді 0,9% - 400 мл
4. *Глюкоза инфузияға арналған ерітінді 5%, 10% флаконда 400 мл, 500 мл; 40% ерітінді ампулада 5 мл, 10 мл
5. *Итраконазол оралді ерітінді 150 мл - 10 мг\мл
6. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
7. Поливидон 400мл, фл.
8. *Аминокапрон қышқылы 5% - 100 мл, фл.
9. *Метронидазол ерітінді 5 мг/мл 100 мл
10. *Декстран мол.масса шамамен 35000-400 мл
11. *Дротаверин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/2мл
12. *Тиамин инъекцияға арналған ерітінді 5% ампулада 1 мл
13. *Пиридоксин 10 мг, 20 мг табл.; инъекцияға арналған ерітінді 1%, 5% ампулада 1 мл
14. *Рибофлавин 10 мг табл.
15. *Аскорбин қышқылы таблетка 50 мг, 100 мг, 500 мг; инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% ампулада 2 мл, 5 мл
16. *Токоферол ацетаты майлы ерітінді ампулада по 1 мл 5%, 10%, 30% майлы ерітінді 50% капсулада
17. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Жаңа тоңазытылған плазма 0,1 л
2. *Альбумин инфузияға арналған ерітінді флаконда 5%, 10%, 20%

Келесі кезеңге ауыстыру критерилері: операциялық жараның жазылуы, ауырсынудың болмауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: өтқуықта тас болуы, жиі ұстама болу.

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы несеп анализі.
3. Билирубин жəне оның фракциялары.
4. АСТ анықтау.
5. АЛТ анықтау.
6. Сілтілік фосфатазаны анықтау.
7. Жалпы белокты жəне белок фракцияларын анықтау.
8. С-реактивті белокты анықтау.
9. Қандағы холестеринді анықтау.
10. Қандағы амилазаны анықтау.
11. Қандағы қантты анықтау.
12. Қан тобын анықтау.
13. Rh-факторды анықтау.
14. Копрограмма.
15. ЭКГ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Gallstones. NIH Publication No. 05–2897. November 2004; 2. American college of surgeons. Cholecystectomy. Surgical removal of the gallbladder; 3. Parmet S., Writer M.C., Lynm C. Acute Cholecystitis. JAMA, vol 289, No.1, January 1, 2003.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх