Іріңді созылмалы ортаңғы отит

H-S-032

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Гнойный средний отит неуточненный (H66.4)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Созылмалы ортаңғы іріңді отит (СОІО) - дабыл қуысындағы немесе емізіктəрізді үңгірде (мастоидит) ұзақ уақыт қабынудың болуы, құлақтан 2-6 апта бойы үнемі немесе кезеңімен тесілген дабыл жарғағы арқылы ірің ағады. Созылмалы ағымда дабыл қуысының шырышты қабатының жұқаруы жəне түйіршіктелуі, полиптер, холестеатома байқалады. 

Холестеатома - ісік тəрізді түзіліс, ортаңғы құлақтағы элементтердің остеолиттік деструктивтік процестермен дамуы салдарынан түзіледі. Холестеатома кезінде сыртқы есту жолы мен дабыл жарғағындағы мүйізделген эпителий ортаңғы құлақ қуысы мен емізіктəрізді өсіндінің ұяшықтарына ауысады да, остеолиттік ісіктəрізді процестің дамуына себепші болады.

Хаттама коды: H-S-032 "Іріңді созылмалы ортаңғы отит"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
H66 Іріңді жəне анықталмаған ортаңғы отит
H71 Ортаңғы құлақтағы холестеатома
 

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: евстахий түтігінде жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы салдарынан обструкция болуы, мұрын-жұтқыншақ ісіктері, барожарақат.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері 

Созылмалы ортаңғы отитте - дабыл жарғағындағы тесік арқылы ағатын сұйықтық сарғыш немесе жасылдау түсті, дабыл жарғағындағы тесіктің саңылауы арқылы ортаңғы құлақтың ылғалды, жылтыраған, қызарған медиалді қабырғасын көруге болады.

Холестеатома кезінде - шрапнел жарғағының перфорациясы, дабыл жарғағының керілген бөлігінің жиектік перфорациясы, дабыл қуысында мүйізделген эпидермалық түзілістер байқалады.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Самай сүйек пирамидасының рентгенографиясы.
2. Отоскопия.
3. Вестибулометрия.
4. Камертон көмегімен есту ағзасын зерттеу.
5. ЖҚА (лейкоциттік формула, ЭТЖ).
6. Тондық аудиометрия.
7. Сөйлеу аудиометриясы.
8. Объективті аудиометрия.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: бассүйек ішілік асқынулардың алдын алу.

Емі
Егер процесс шрапнел жарғағында орналасқан болса, 3% бор қышқылы ерітіндісін немесе левомицетиннің спирттік ерітіндісін қолдану ұсынылады. Ортаңғы құлақ қуысының шырышты қабығы ауқымды зақымдалған болса, спирттік ерітінділерді 50% концентрациядан артық қолдануға болмайды. Құлаққа антибиотигі бар тамшылар тамызады.

Антибактериялық ем: амоксициллин 1500 мг тəулігіне, амоксициллин+клавулан қышқылы 1875 мг тəулігіне, азитромицин 500 мг тəулігіне, цефтриаксон 1000 мг тəулігіне, цефуроксим 500 мг тəулігіне. Ұзақ уақыт массивті антибиотикотерапиядан кейін микоз пайда болуының алдын алу жəне емдеу үшін итраконазол оралді ерітінді 400 мг\тəул., 21 күн бойы.

СЕҚП (НПВС) - ибупрофен 1200 мг тəулігіне, диклофенак 100 мг тəулігіне.

Ортаңғы құлаққа радикалдық операция көрсеткіштер бойынша жасалады.

Операцияға көрсеткіштер: холестеатомамен, кариеспен, полиптермен, бассүйекішілік асқынулармен, мастоидитпен, лабиринтитпен, n. facialis парезімен асқынған эпитимпаниттің болуы.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Диазепам инъекцияға арналған ерітінді ампулада 10 мг/2 мл; таблетка 5 мг, 10 мг
2. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 250 мг/125 мг, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг дайындауға арналған ұнтақ
3. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
4. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
6. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг
7. *Тиамин инъекцияға арналған ерітінді 5% ампулада 1 мл
8. *Пиридоксин таблетка 10 мг, 20 мг; инъекцияға арналған ерітінді 1%, 5% ампулада 1 мл
9. *Неостигмин инъекцияға арналған ерітінді 0,05% ампулада 1 мл; таблетка 15 мг
10. *Азитромицин 500 мг, капсулы
11. *Бор қышқылының спирттік ерітіндісі 3% 10-50 мл ұнтақ
12. *Итраконазол оралді ерітінді 150 мл - 10 мг\мл
13. *Флуконазол капсула 50 мг, 150 мг; флакондағы ерітінді в/в введения 100 мл
14. *Прокаин 0,25 г табл.
15. *Нитрофурал 20 мг табл.
16. *Этанол 70% ерітіндісі (денатурленген)
17. *Сутегінің асқын тотығының 3% ерітіндісі флаконда 25 мл, 40 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары
Толық эпидермистену кезеңінде радикалдық операциядан кейін жалпы қуыстың болуы. Операциядан кейінгі қуысқа мускулопластика жасағаннан кейін бұлшықеттік бөлшектің бітісіп кетуі.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Otitis media with effusion. Ian Williamson. Search date March 2004. BMJ; 2. Kasemsuwan L, Clongsuesuek P. A double blind, prospective trial of topical ciprofloxacin versus normal saline solution in the treatment of otorrhoea. Clin Otolaryngol 1997; 22: 44-46; 3. Fradis M, Brodsky A, Ben David J, Srugo I, Larboni J, Podoshin L. Chronic otitis media treated topically with ciprofloxacin or tobramycin. Arch Otolaryngol Head Neck Surg 1997; 123: 1057-1060.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С., Алматы қ. №5 ҚКА.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх