Іріңді ортаңғы отит

P-S-012

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Средний отит неуточненный (H66.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Созылмалы ортаңғы іріңдік отит
(СОІО) тесілген жабы
қ жарғағы арқылы 2-6 апта бойы тұрақты немесе оқтын-оқтын іріңнің ағуымен сипатталатын дабыл қуысы немесе емізіктəрізді үңгірдің ұзақ қабынуы. Созылмалы ағым кезінде дабыл қуысының шырышты қабығының жұқаруы, беті бұдырланып, кейде полиптер мен холестеатома болуы мүмкін. Созылмалы ағым есту қабілетінің 20-60 дБ-ге жеңіл немесе орташа дəрежеде төмендеуіне алып келуі мүмкін. Инфекцияның дамуы өмірге қауіпті асқынулардың дамуына алып келуі мүмкін (бассүйекішілік инфекция, жедел мастоидит).
Белсенді инфекция симптомдарынсыз, іріңнің өте аз бөлінуі немесе мүлде болмауымен жүретін дабыл жарғағының ұзақ тесілуі СОІО жатпайды.

 
Хаттама коды: P-S-012 "Іріңді ортаңғы отит"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
H66 Іріңдік жəне анықталмаған ортаңғы отит.
H66.9  Ортаңғы анықталмаған отит.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Жедел (тесілген жəне тесілмеген).
2. Созылмалы (грануляциялар, полиптер, холестеатома).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: жоғарғы тынс алу жолдарының жиі инфекциялық аурулары, нашар тұрмыстық жағдай (көп адам болып тұру, антисанитария, жеткіліксіз тамақтану).

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: құлақтағы ауыру сезімі, құлақтан іріңдік бөлінудің болуы, дене қызуының көтерілуі, есту қабілетінің төмендеуі.

Физикалық тексеру: кенеттен басталу, құлақтың ауыруы, құлақтан ірің бөліну.
 
Инструменталдық зерттеулер:
1. Отоскопия: дабыл жарғағы тартылған, қошқыл немесе сарғыштау.
2. Самай сүйектерін рентгенологиялық зерттеу: емізік тəрізді өсіндінің клеткалық жүйе зақымдалуы анықталады.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Отоскопия.
2. Вестибулометрия.
3. Есту ағзасын камертон көмегімен зерттеу.
4. ҚЖТ (лейкоцитарлық формула, ЭТЖ).
5. Тоналдық аудиометрия.
6. Дауыстық аудиометрия.
7. Объективтік аудиометрия.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Самайлық сүйектердің Майер, Стенверс, Шулер бойынша рентгенографиясы.
2. Жағындыны бактериологиялық зерттеуден өткізу.
3. Акуметрия.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: құлақтан іріңнің ағуын тоқтату, дабыл жарғағының бүтіндігін қалпына келтіру, есту қабілетін жақсарту, бассүйекішілк асқынулардын алдын алу.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: төсек режимі.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
 
Антибиотиктерді жергілікті қолданудың тиімділігі дəлелденген. Құлақтық тамшылар қолданылады: полимиксин, пефлоксацин, левомицетин спирті, нормакс.

Софрадекс 
аурудың тесілмеген түрлерінде ғана қолданылады, себебі бұл дəрілік зат дабыл жарғағының қуысына енетін болса, есту жүйкесіне уытты əсер көрсетеді.
 
Кортикостероидтық препараттарды жергілікті қолдану қабыну үрдісінің айқындылығын бəсеңдетеді.

Келесі құлақтық тамшылар: дексаметазон немесе гидрокортизон 
қолданылады.
 
Сыртқы есту өтісін, дабылжарғағын тазалаудың, антисептикалық заттарды жергілік қолданудың, антибиотиктерді тамыр ішіне немесе ішке тағайындаудың, мастоидэктомиямен немесе онсыз тимпанопластиканың қолайлы əсері анықталмады.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Диазепам инъекцияға арналған ерітінді 5 мг/мл амп. 2 мл.
2. *Амоксициллин+клавулан қышқылы таблетка 625 мг; инъекцияға арналған ерітінді 600 мг флаконда.
3.  Цефуроксим - инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750мг, 1.5 гр.
4.  Цефтазидим - инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ флаконда 500 мг, 1 гр, 2г.
5. *Цефазолин инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг.
6. *Тиамин инъекцияға арналған ерітінді 5% в амп. 1 мл.
7. *Пиридоксин 10 мг, 20 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді 1%, 5% амп. 1 мл.
8. *Неостигмин инъекцияға арналған ерітінді 0,05% амп. 1 мл; таблетка 15 мг.
9. *Бор қышқылы спирттік ерітінді 3% 10-50 мл ұнтақ.
10. *Итраконазол ішке қабылдауға арналған ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
11. *Флуконазол капсула 50 мг, 150 мг; тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді 100 мл.
12. *Прокаинамид 0,25 г табл.
13.  Фурацилин 1: 5000 фл.
14. *Этанол ерітінді 70% (денатурацияланған).
15. *Сутегінің асқын тотығы 3% флаконда 25 мл, 40 мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: құлақтан ірің ағудың тоқтауы, дабыл жарғағының бүтіндігінің қалыпқа келуі, естудің жақсаруы, бассүейкішілік асқынуларды алдын алу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: асқынған жəне аурудың барлық іріңдік түрлері асқынуларды (бассүйекішілік инфекцияны, мастоидитті) алдын алу мақсатымен.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: жоғарғы тыныс жолдарындағы инфекция ошақтарын санациялау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Kasemsuwan L, Clongsuesuek P. A double blind, prospective trial of topical ciprofloxacin versus normal saline solution in the treatment of otorrhoea. Clin Otolaryngol 1997; 22: 44-46 2. Fradis M, Brodsky A, Ben David J, Srugo I, Larboni J, Podoshin L. Chronic otitis media treated topically with ciprofloxacin or tobramycin. Arch Otolaryngol Head Neck Surg 1997; 123: 1057-1060 3. Acuin J, Smith A, Mackenzie I. Intervention for chronic suppurative otitis media. In: The Cochrane Library. Issue 4. 4. Supiyaphun P, Kerekhanjanarong V, Koranasophonepun J, Sastarasadhit V. Comparison of ofloxacin otic solution with oral amoxycillin plus chloramphenicol ear drop in treatment of chronic supparative otitis media with acute exacerbation. J Med Assoc Thai 2000;83: 61-68.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С., Алматы қ. №5 ҚКА.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх