Тыныс алу жолдарына бөгде зат түсуінен немесе жеген тамаққа қакалудан болатын механикалық асфиксия (тұншығу)

E-011

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Вдыхание и заглатывание пищи, приводящее к закупорке дыхательных путей (W79)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
Механикалық асфиксия, тыныс алу жолдарына тағамның бір бөлігі немесе 
бөгде зат түскен жағдайда пайда болады, яғни бөгде заттың терең дем алғанда жəне қатты тағам бөлігін жұтқанда көмей кіреберісіне тұрып қалуынан жоғарғы тыныс алу жолы қуысының бітелуі асфиксия туындатады.

 
Хаттама коды: Е - 011 "Тыныс алу жолдарына бөгде зат түсуінен немесе жеген тамаққа қакалудан болатын механикалық асфиксия (тұншығу)"
Жедел медициналық көмек
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
W79 Терең дем алғанда немесе жұтынғанда тамақ бөлігінің тыныс алу жолының бітелуіне əкелуі.
W80 Бөгде заттың дем алу арқылы немесе жұтып қою арқылы, тыныс алу жолдарының бітелуі.

Жіктемесі


Орналасуына байланысты жіктелуі:
1. Жоғарғы тыныс алу жолындағы бөгде зат.
2. Төменгі тыныс алу жолындағы бөгде зат.
 
Аурудын ағымына байланысты жіктелуі:
 
1. Жіті жəне жітілеу – бронхылардың қақпақшалы түрде немесе толық жабылуы. Бұл жағдайда тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылысымен байланысты ателектаздық пневмония көрінісі байқалады.
 
2. Созылмалы ағымы – бөгде заттың тыныс алуға əсер етпей кеңірдек жəне бронхыларда орнығуы, ателектаз жəне эмфизема белгілері жоқ, тек қана бөгде заттың орныққан жерінде қабыну үрдісі жəне сол жердің дренаждық функциясының бұзылуымен əйгіленетін пневмониямен сипатталады.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
1. Кенеттен басталатын асфиксия. Дені сау адамда кенеттен тұншығу сезімінің пайда болуы. Бөліктік обструкция кезінде - дауыстың шықпай қалуы немесе мүлдем жоғалуы.
Толық обструкция кезінде науқас сөйлей алмайды, тек қолымен мойнын көрсетіп белгі береді. Гипоксияның жылдам дамуы науқастың есінен танып, құлауына алып келеді.
2. Тағам қабылдағаннан кейін, ұстама тəрізді кенеттен басталған «себепсіз»жөте.
3. Бөгде зат жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрып қалса - инспираторлы, ал бронхтарда болса - экспираторлы ентігу болады.
4. Ысқырықты тыныс.
5. Тыныс алу жолдарының сілемейлі қабатын бөгде заттың зақымдауына байланысты қан қақырудың болуы.
6. Өкпе аускультациясы кезінде – тыныс шуыдарының біржақты немесе екіжақты əлсіздігі байқалады.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық тексерулер тізімі:
1. Анамнез жинау жəне шағымын сұрау.
2. Сырттай қарау.
3. Тыныс алу жиілігін өлшеу.
4. Өкпе аускультациясы.
5. Жүрек соғуының жиілігін өлшеу.
6. Артериялық қан қысымын өлшеу.
7. Жоғарғы тыныс алу жолдарын қосымша жарық түсіріп, шпательмен, айнамен қарау.

Емдеу тактикасы


Медициналық жəрдем беру тактикасы
 
Ем мақсаты:
1. Өлімнен аман қалу.
2. Шұғыл түрде тыныс алу функциясын қалыпқа келтіріп, науқастың жағдайын жақсарту.
3. Тыныс алу функциясын оңтайлы деңгейде ұстап тұру.

Дəрі-дəрмексіз ем
Тек, науқастың өміріне қауіп төндіретін өршу ЖТЖ-де тыныс алу 
жолдарынан бөгде затты алып тастауға əрекеттену керек.
 
Бөгде зат жұтқыншақта болса – корнцанг немесе саусақпен алу əрекетін жасау.
 
Бөгде зат кеңірдекте, көмейде, бронхтарда болса – науқастың есі ауыспаған жағдайда, жоғары тыныс алу жолдарынан бөгде затты, науқастың арқасынан ұрып немесе абдоминальдық - диафрагмалық сығып-сығып қалу (Геймлих əдісі) əдісімен шығарып жіберуге тырысу. Бұл əдістерді демді ішке терең алған сəтте жасау керек. Нəтиже болмаған жағдайда – коникотомия жасау қажет.
 
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Асфиксия жағдайынан шыққан, бірақ обструкция себептері қалған (бөгде зат кеңірдек - бронхылық тармақтарға ығысқан жағдайда).
2. Тыныс алу жолдары обструкциясының, тыныс алу жеткіліксіздігінің өршуі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып.2. 4.1. Медиа Сфера. 2003 г. 2.Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005. 3.Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Российской Федерации. Под ред. Мирошниченко А.Г., Руксина В.В. СПб., 2006.- 224 с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел 
жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер 
біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх