"Оңалту ІІ А" екінші кезеңі. "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (ересектер)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Повторный инфаркт миокарда неуточненной локализации (I22.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 
Хаттама атауы: «Оңалту ІІ А» екінші кезеңі, «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (ересектер).
 
Хаттама коды:

 
АХЖ Х код(тар)ы
D 15.1 Жүректің қатерсіз жаңа өспесі
I 05 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның ревматизмдік сырқаттары (кемістіктері)
I 08 Жүректің бірнеше қақпақшасының зақымдары
I 20.8 Стенокардияның басқа нысандары
I 21 Миокардтың жіті инфаркты
I 21.0 Миокард алдыңғы қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
I 21.1 Миокард төменгі қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
I 21.2 Миокардтың басқа да нақтыланған орналасулардағы жіті трансмуралды инфаркты
I 21.3 Миокардтың нақтыланбаған орналасулардағы жіті трансмуралды инфаркты
I 21.4 Миокардтың жіті субэндокардиалды инфаркты
I 21.9 Миокардтың нақтыланбаған жіті инфаркты
I 22 Миокардтың қайталанған инфаркты
I 27.0 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы
I 42.0 Кеңеюлік (дилатациялық) кардиомиопатия
I 42.1 Басқа да гипертрофиялық кардиомиопатия
I 42.1 Обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия
I 42.3 Эндомиокардиалды (эозинофильдік) сырқат
I 42.4 Эндокардиалды фиброэластоз
I 42.5 Басқа да рестриктивті кардиомиопатия
I 42.7 Дәрілік заттардың және басқа да сыртқы факторлардың әсерінен дамыған кардиомиопатия
Q 21 Жүрек қалқасының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)
S 26 Жүрек жарақаты
Z 94.1 Трансплантталған жүректің болуы
Z 95.0 Жүрек ырғағын жасанды жүргізушінің болуы
Z 95.1 Қолқа-тәждік шунттық трансплантаттың болуы
Z 95.2 Жүрек қақпақшасы протезінің болуы
Z 95.3 Ксеногендік жүрек қақпақшасының болуы
Z 95.4 Басқа да жүрек қақпақшасын алмастырушының болуы
Z 95.8 Жүрек пен тамырдың басқа да нақтыланған имплантаттары мен трансплантаттарының болуы
С 45.2 Жүрекқап мезотелиомасы
С38.0 Жүректің, көкірекорта мен өкпеқаптың қатерлі жаңа өспесі
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ – аланинаминотрансфераза
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
ЖК – жүрек кемістігі (жеткіліксіздігі)
ФК – функционалдық класс
ЭКГ – электрокардиография
ЭхоКГ – эхокардиография
NYHA – Нью-Йорк Жүрек қауымдастығы
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:
-үйлестіруші–дәрігер;
-реабилитолог-дәрігер («Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология)» мамандығы бойынша -медициналық жоғары білімі бар) (ересектер, балалар);
-психология саласындағы маман («психиатрия (медициналық психология)» мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар);
-емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маман (медициналық жоғары білімі бар);
-емдік дене шынықтыру бөлмесінің емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маманы, мейіргері (медициналық және медициналық емес (педагогикалық) орта білімі бар);
-еңбекпен емдеу бойынша нұсқаушы-маман (медициналық жоғары/орта білімі бар);
-физиотерапия бөлмесінің мейіргері.

Емдеу тактикасы


ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ

Оңалту мақсаты:
-зақымданған ағзаның немесе жүйенің бұзылған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру және (немесе) жоғалтқан функцияларын теңгеру (компенсация);
-жіті дамыған патологиялық үдерістің аяқталуы барысында ағзаның функцияларын ұстап тұру;
-зақымданған мүшелер немесе ағза жүйелері функцияларының мүмкін болатын бұзылыстарының алдын алу, ерте диагностикалау және түзету;
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету;
-пациенттің еңбекке жарамдылық қабілетін сақтау;
-пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы.
 
Оңалту үшін көрсетімдер :
 
1-кесте.  «Оңалту ІІ А», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (ересектер), оңалтудың екінші кезеңі үшін көрсетімдер
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Миокард инфаркты  (жітілеу кезеңінде 2 айға дейін) I 21–I 22 I–III ФК (NYHA) ЖК
2 Стенокардия I 20.8  Кернеу стенокардиясы
IIIФК(NYHA)
3 Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру және оң жақ және сол жақ қарынша қанайналымын демеудің нақтыланған қосымша құрылғыларының имплантациясы бойынша жасалатын операциялардан кейін С 38.0; C 45.2; D 15.1; Q 21;
S 26; Z 94.1; Z 95.1–4; Z 95.8
I–III ФК (NYHA) ЖК
  
4 Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 I–III ФК (NYHA) ЖК
5 Асқынған ағымы кезіндегі жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 I–III ФК (NYHA) ЖК
6 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 II- I II ФК (NYHA) ЖК
7 Кардиомиопатия I 42.0–5; I 42.7 III ФК (NYHA) ЖК
8 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0. I–III ФК (NYHA) ЖК

Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба;
-күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде.
 
Медициналық оңалту көлемдері:
 
Оңалтудың негізгі әдістері:
Емдік дене шынықтыру:
-кинезотерапия (жүрек трансплантациясы және жасанды сол жақ қарыншаның имплантациясы бойынша жасалған операциядан кейін) 120 емшара.
Физиотерапия:
-ингаляциялар –14 емшара (жүрек трансплантациясы және жасанды сол жақ қарыншаның имплантациясы бойынша жасалған операциядан кейін 60 емшара).
 
Оңалтудың қосымша әдістері:
Физиотерапия:
-электрофорез- 7 емшара;
-лазерлік терапия –7 емшара;
-миостимуляция -10 емшара;
-ультрадыбыстық терапия/соққылы-толқынды терапия – 6 емшара.
Логопедтік терапия (сөйлеудің бұзылуы болған кезде) – 7 емшара.
Механотерапия – 7 емшара.
Массаж:
-мойын-жаға аймағы – 7 емшара;
-қолдардың – 7 емшара;
-аяқтардың – 7 емшара.
 
2- кесте. «Оңалту ІІ А», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (ересектер), оңалтудың екінші кезеңінің ұзақтығы
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
Оңалтудың ұзақтығы/мерзімдері
1 Миокард инфаркты  (жітілеу кезеңінде 2 айға дейін) I 21–I 22 I–III ФК (NYHA) ЖК 7
2 Стенокардия I 20.8  Кернеу стенокардиясы
III ФК(NYHA)
7
3 Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру және оң жақ және сол жақ қарынша қанайналымын демеудің нақтыланған қосымша құрылғыларының имплантациясы бойынша жасалатын операциялардан кейін С 38.0; C 45.2; D 15.1; Q 21; S 26; Z 94.1; Z 95.1–4; Z 95.8 I–III ФК (NYHA) ЖК
  
30
4 Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 I–III ФК (NYHA) ЖК 10
5 Асқынған ағымы кезіндегі жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 I–III ФК (NYHA) ЖК 14
6 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 II- I II ФК (NYHA) ЖК 8
7 Кардиомиопатия I 42.0–5; I 42.7 III ФК (NYHA) ЖК 10
8 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0. I–III ФК (NYHA) ЖК 10
 
Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары:
 
3-кесте. Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Миокард инфаркты (жітілеу кезеңінде 2 айға дейін) I 21–I 22 6 минуттық жүріс тесті
ЖК III →II→I ФК (NYHA)
2 Стенокардия I 20.8  6 минуттық жүріс тесті
ЖК III→II ФК (NYHA)
3 Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру және оң жақ және сол жақ қарынша қанайналымын демеудің нақтыланған қосымша құрылғыларының имплантациясы бойынша жасалатын операциялардан кейін С 38.0; C 45.2; D 15.1; Q 21; S 26; Z 94.1; Z 95.1–4; Z 95.8 6 минуттық жүріс тесті
 ЖК III → II →I ФК (NYHA)
4 Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 6 минуттық жүріс тесті
ЖК III →II→I ФК (NYHA)
5 Асқынған ағымы кезіндегі жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 6 минуттық жүріс тесті
 ЖК III →II→I ФК (NYHA)
6 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 6 минуттық жүріс тесті
 ЖК III →II→I ФК (NYHA)
7 Кардиомиопатия I 42.0–5; I 42.7 6 минуттық жүріс тесті
ЖК III →II ФК (NYHA)
8 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0. 6 минуттық жүріс тесті
ЖК III →II ФК (NYHA)
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Guidelines for the diagnosis and treatment of Chronic Heart Failure: full text (update 2005) The Task Force for the diagnosis and treatment of CHF of the European Society of Cardiology. Eur Heart J. 2005;26 (22):2472. 2) Рекомендации Американской Ассоциации кардиологов по вторичной профилактике больных с коронарной и другими атеросклеротическими болезнями сосудов. Одобрено Национальным Институтом сердца, легких и крови (AHA/ACC Guidelines for Secondary Prevention for Patients With Coronary and Other. Atherosclerotic Vascular Disease: 2006 Update. Endorsed by National Heart, Lungand Blood Institute). Sidney C. Smith, Jerilyn Allen, Steven N. Blair et al. //Circulation 2006; 113: 2363-2372. 3) Рекомендации и Протоколы по амбулаторному ЭКГ-мониторированию Английско-Колумбийской Медицинской Ассоциации и Комиссии по медицинскому обеспечению (Ambulatory ECG Monitoring (Holter Monitor and Patient-Activated Event Recorder. Guidelines and Protocols Advisory Committee. British Columbia Medical Association and the Medical Services Commission, Eff ective Date: July 1, 2004, Revised Date: April 1, 2007). 4) Клиническое Руководство по кардиологической реабилитации амбулаторных пациентов Американской Ассоциации по профилактике и реабилитации Американского общества кардиологов. Последний обзор 6.08.2006 г. (Cardiac Rehabilitation (Outpatient): Clinical Guideline (CG-REHAB -02//Empire/Current Effective Date 11/17/2006. Last Review Date: 06/08/2006: Medical Policy &Technology Assessment Committee (MPTAC) review. 2005 AHA/AACVPR guideline and the 2005 AHRQ Technology Assessment).

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Мырзахметова Гүлжан Шалатайқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, оңалтудың ересектер бөлімшесінің меңгерушісі,кардиолог дәрігер;
2)  Аймақова  Гүлсім  Тарғынқызы  –  «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, қалпына келтіру емі бөлімшесінің меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Беркінбаев Сәлім Фахатұлы – м.ғ.д., профессор, Қазақстанның  кардиологтары қауымдастығының президенті, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, директор.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх