"Оңалту ІІ А" екінші кезеңі. "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (ересектер)
РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014
Повторный инфаркт миокарда неуточненной локализации (I22.9)
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
Хаттама атауы: «Оңалту ІІ А» екінші кезеңі, «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (ересектер).
Хаттама коды:
АХЖ Х код(тар)ы
D 15.1 Жүректің қатерсіз жаңа өспесі
I 05 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның ревматизмдік сырқаттары (кемістіктері)
I 08 Жүректің бірнеше қақпақшасының зақымдары
I 20.8 Стенокардияның басқа нысандары
I 21 Миокардтың жіті инфаркты
I 21.0 Миокард алдыңғы қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
I 21.1 Миокард төменгі қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
I 21.2 Миокардтың басқа да нақтыланған орналасулардағы жіті трансмуралды инфаркты
I 21.3 Миокардтың нақтыланбаған орналасулардағы жіті трансмуралды инфаркты
I 21.4 Миокардтың жіті субэндокардиалды инфаркты
I 21.9 Миокардтың нақтыланбаған жіті инфаркты
I 22 Миокардтың қайталанған инфаркты
I 27.0 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы
I 42.0 Кеңеюлік (дилатациялық) кардиомиопатия
I 42.1 Басқа да гипертрофиялық кардиомиопатия
I 42.1 Обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия
I 42.3 Эндомиокардиалды (эозинофильдік) сырқат
I 42.4 Эндокардиалды фиброэластоз
I 42.5 Басқа да рестриктивті кардиомиопатия
I 42.7 Дәрілік заттардың және басқа да сыртқы факторлардың әсерінен дамыған кардиомиопатия
Q 21 Жүрек қалқасының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)
S 26 Жүрек жарақаты
Z 94.1 Трансплантталған жүректің болуы
Z 95.0 Жүрек ырғағын жасанды жүргізушінің болуы
Z 95.1 Қолқа-тәждік шунттық трансплантаттың болуы
Z 95.2 Жүрек қақпақшасы протезінің болуы
Z 95.3 Ксеногендік жүрек қақпақшасының болуы
Z 95.4 Басқа да жүрек қақпақшасын алмастырушының болуы
Z 95.8 Жүрек пен тамырдың басқа да нақтыланған имплантаттары мен трансплантаттарының болуы
С 45.2 Жүрекқап мезотелиомасы
С38.0 Жүректің, көкірекорта мен өкпеқаптың қатерлі жаңа өспесі
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ – аланинаминотрансфераза
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
ЖК – жүрек кемістігі (жеткіліксіздігі)
ФК – функционалдық класс
ЭКГ – электрокардиография
ЭхоКГ – эхокардиография
NYHA – Нью-Йорк Жүрек қауымдастығы
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
Пациенттер санаты: ересектер.
Хаттаманы пайдаланушылар:
-үйлестіруші–дәрігер;
-реабилитолог-дәрігер («Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология)» мамандығы бойынша -медициналық жоғары білімі бар) (ересектер, балалар);
-психология саласындағы маман («психиатрия (медициналық психология)» мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар);
-емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маман (медициналық жоғары білімі бар);
-емдік дене шынықтыру бөлмесінің емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маманы, мейіргері (медициналық және медициналық емес (педагогикалық) орта білімі бар);
-еңбекпен емдеу бойынша нұсқаушы-маман (медициналық жоғары/орта білімі бар);
-физиотерапия бөлмесінің мейіргері.

Емдеу тактикасы
ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ
Оңалту мақсаты:
-зақымданған ағзаның немесе жүйенің бұзылған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру және (немесе) жоғалтқан функцияларын теңгеру (компенсация);
-жіті дамыған патологиялық үдерістің аяқталуы барысында ағзаның функцияларын ұстап тұру;
-зақымданған мүшелер немесе ағза жүйелері функцияларының мүмкін болатын бұзылыстарының алдын алу, ерте диагностикалау және түзету;
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету;
-пациенттің еңбекке жарамдылық қабілетін сақтау;
-пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы.
Оңалту үшін көрсетімдер :
1-кесте. «Оңалту ІІ А», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (ересектер), оңалтудың екінші кезеңі үшін көрсетімдер
№ | Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) |
Халықаралық критерийлер (БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі) |
1 | Миокард инфаркты (жітілеу кезеңінде 2 айға дейін) I 21–I 22 | I–III ФК (NYHA) ЖК |
2 | Стенокардия I 20.8 |
Кернеу стенокардиясы IIIФК(NYHA) |
3 |
Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру және оң жақ және сол жақ қарынша қанайналымын демеудің нақтыланған қосымша құрылғыларының имплантациясы бойынша жасалатын операциялардан кейін С 38.0; C 45.2; D 15.1; Q 21; S 26; Z 94.1; Z 95.1–4; Z 95.8 |
I–III ФК (NYHA) ЖК |
4 | Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 | I–III ФК (NYHA) ЖК |
5 | Асқынған ағымы кезіндегі жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 | I–III ФК (NYHA) ЖК |
6 | Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 | II- I II ФК (NYHA) ЖК |
7 | Кардиомиопатия I 42.0–5; I 42.7 | III ФК (NYHA) ЖК |
8 | Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0. | I–III ФК (NYHA) ЖК |
Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба;
-күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде.
Медициналық оңалту көлемдері:
Оңалтудың негізгі әдістері:
Емдік дене шынықтыру:
-кинезотерапия (жүрек трансплантациясы және жасанды сол жақ қарыншаның имплантациясы бойынша жасалған операциядан кейін) 120 емшара.
Физиотерапия:
-ингаляциялар –14 емшара (жүрек трансплантациясы және жасанды сол жақ қарыншаның имплантациясы бойынша жасалған операциядан кейін 60 емшара).
Оңалтудың қосымша әдістері:
Физиотерапия:
-электрофорез- 7 емшара;
-лазерлік терапия –7 емшара;
-миостимуляция -10 емшара;
-ультрадыбыстық терапия/соққылы-толқынды терапия – 6 емшара.
Логопедтік терапия (сөйлеудің бұзылуы болған кезде) – 7 емшара.
Механотерапия – 7 емшара.
Массаж:
-мойын-жаға аймағы – 7 емшара;
-қолдардың – 7 емшара;
-аяқтардың – 7 емшара.
2- кесте. «Оңалту ІІ А», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (ересектер), оңалтудың екінші кезеңінің ұзақтығы
№ | Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) |
Халықаралық критерийлер (БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі) |
Оңалтудың ұзақтығы/мерзімдері |
1 | Миокард инфаркты (жітілеу кезеңінде 2 айға дейін) I 21–I 22 | I–III ФК (NYHA) ЖК | 7 |
2 | Стенокардия I 20.8 |
Кернеу стенокардиясы III ФК(NYHA) |
7 |
3 | Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру және оң жақ және сол жақ қарынша қанайналымын демеудің нақтыланған қосымша құрылғыларының имплантациясы бойынша жасалатын операциялардан кейін С 38.0; C 45.2; D 15.1; Q 21; S 26; Z 94.1; Z 95.1–4; Z 95.8 |
I–III ФК (NYHA) ЖК |
30 |
4 | Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 | I–III ФК (NYHA) ЖК | 10 |
5 | Асқынған ағымы кезіндегі жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 | I–III ФК (NYHA) ЖК | 14 |
6 | Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 | II- I II ФК (NYHA) ЖК | 8 |
7 | Кардиомиопатия I 42.0–5; I 42.7 | III ФК (NYHA) ЖК | 10 |
8 | Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0. | I–III ФК (NYHA) ЖК | 10 |
Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары:
3-кесте. Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
№ | Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) |
Халықаралық критерийлер (БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі) |
1 | Миокард инфаркты (жітілеу кезеңінде 2 айға дейін) I 21–I 22 |
6 минуттық жүріс тесті ЖК III →II→I ФК (NYHA) |
2 | Стенокардия I 20.8 |
6 минуттық жүріс тесті ЖК III→II ФК (NYHA) |
3 | Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру және оң жақ және сол жақ қарынша қанайналымын демеудің нақтыланған қосымша құрылғыларының имплантациясы бойынша жасалатын операциялардан кейін С 38.0; C 45.2; D 15.1; Q 21; S 26; Z 94.1; Z 95.1–4; Z 95.8 |
6 минуттық жүріс тесті ЖК III → II →I ФК (NYHA) |
4 | Жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 |
6 минуттық жүріс тесті ЖК III →II→I ФК (NYHA) |
5 | Асқынған ағымы кезіндегі жүрек пен тамырлардың операцияларынан кейін (2 айға дейін) Z 95.0 |
6 минуттық жүріс тесті ЖК III →II→I ФК (NYHA) |
6 | Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 |
6 минуттық жүріс тесті ЖК III →II→I ФК (NYHA) |
7 | Кардиомиопатия I 42.0–5; I 42.7 |
6 минуттық жүріс тесті ЖК III →II ФК (NYHA) |
8 | Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0. |
6 минуттық жүріс тесті ЖК III →II ФК (NYHA) |
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Guidelines for the diagnosis and treatment of Chronic Heart Failure: full text (update 2005) The Task Force for the diagnosis and treatment of CHF of the European Society of Cardiology. Eur Heart J. 2005;26 (22):2472. 2) Рекомендации Американской Ассоциации кардиологов по вторичной профилактике больных с коронарной и другими атеросклеротическими болезнями сосудов. Одобрено Национальным Институтом сердца, легких и крови (AHA/ACC Guidelines for Secondary Prevention for Patients With Coronary and Other. Atherosclerotic Vascular Disease: 2006 Update. Endorsed by National Heart, Lungand Blood Institute). Sidney C. Smith, Jerilyn Allen, Steven N. Blair et al. //Circulation 2006; 113: 2363-2372. 3) Рекомендации и Протоколы по амбулаторному ЭКГ-мониторированию Английско-Колумбийской Медицинской Ассоциации и Комиссии по медицинскому обеспечению (Ambulatory ECG Monitoring (Holter Monitor and Patient-Activated Event Recorder. Guidelines and Protocols Advisory Committee. British Columbia Medical Association and the Medical Services Commission, Eff ective Date: July 1, 2004, Revised Date: April 1, 2007). 4) Клиническое Руководство по кардиологической реабилитации амбулаторных пациентов Американской Ассоциации по профилактике и реабилитации Американского общества кардиологов. Последний обзор 6.08.2006 г. (Cardiac Rehabilitation (Outpatient): Clinical Guideline (CG-REHAB -02//Empire/Current Effective Date 11/17/2006. Last Review Date: 06/08/2006: Medical Policy &Technology Assessment Committee (MPTAC) review. 2005 AHA/AACVPR guideline and the 2005 AHRQ Technology Assessment).
Ақпарат
Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Мырзахметова Гүлжан Шалатайқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, оңалтудың ересектер бөлімшесінің меңгерушісі,кардиолог дәрігер;
2) Аймақова Гүлсім Тарғынқызы – «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, қалпына келтіру емі бөлімшесінің меңгерушісі.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Рецензент: Беркінбаев Сәлім Фахатұлы – м.ғ.д., профессор, Қазақстанның кардиологтары қауымдастығының президенті, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, директор.

Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!
Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.
Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.
Скачать: Google Play Market | AppStore
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.