Ортаңғы құлақ жəне емізік тəрізді өсіндінің операциялық емшаралар жасалған өзге аурулары
H-S-006
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другие уточненные болезни среднего уха и сосцевидного отростка (H74.8)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы:
Мастоидит - самай сүйектің емізіктəрізді өсіндісінің кез-келген бөлігінің қабынуы (Бецольда абсцесі).
Жіті мастоидит - емізіктəрізді өсінді тінінің Жіті қабынуы; көбінесе ортаңғы құлақтың Жіті қабынуының асқынуы болып табылады (екіншілік мастоидит).
Жіті мастоидит - емізіктəрізді өсінді тінінің Жіті қабынуы; көбінесе ортаңғы құлақтың Жіті қабынуының асқынуы болып табылады (екіншілік мастоидит).
Біріншілік мастоидит жарақат немесе сепсистен кейін жеке бір ауру ретінде дамиды.
Субпериосталдық абсцесс түзіледі немесе ірің бассүйек қуысына еніп, бассүйекішілік асқынулар туғызады.
Тимпаносклероз [анат. (membrana) tympani дабыл жарғағы + склероз; синоним: псевдоотосклероз, склероотит] - ортаңғы құлақтың шырышты қабығында дəнекер тін өсіп, кейін гиалинозға ауысып кетуінен болатын ауру.
Холеастома - ортаңғы құлақтағы мүйізделген эпителий пластарынан жəне холестериннен тұратын ісіктəрізді құрылым; көбінесе созылмалы ортаңғы отиттен кейін пайда болады; жалпақ жасушалы метаплазия, емізіктəрізді өсінді тініндегі эпителидің өсіп кетуі жəне жақын жатқан сүйек бөлімдерінің бұзылуы байқалады.
Хаттама коды: H-S-006 "Ортаңғы құлақ жəне емізік тəрізді өсіндінің операциялық емшаралар жасалған өзге аурулары"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
H74 Ортаңғы құлақ пен емізіктəрізді өсіндінің аурулары
H74.0 Тимпаносклероз
H74.8 Ортаңғы құлақ пен емізіктəрізді өсіндінің басқа да анықталған аурулары
H95 Құлақ пен емізіктəрізді өсіндінің (басқа жерлерде жіктелмеген) медициналық процедуралардан кейін зақымдалуы
H95 Құлақ пен емізіктəрізді өсіндінің (басқа жерлерде жіктелмеген) медициналық процедуралардан кейін зақымдалуы
Диагностикасы
Диагностика критерилері: құлақтан бұлақ ағу жəне құлақтың бітеліп қалуы, естудің біртіндеп төмендеуі.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Бассүйек рентгенографиясы.
2. HbsAg, Anti-HCV.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: естуді жақсарту, құлақ бітеліп қалуын болдырмау, шудың азаюы.
Емі
Мастоидит кезінде операция үшін абсолюттік көрсеткіш - процестің ми қабықтарына, сигматəрізді қойнауға немесе лабиринтке ауысуы, бет нервінің салдануы, субпериосталді абсцесс болып табылады. Жіті мастоидитпен ауырған науқасқа Жіті мастоидектомия жасау керек. Дабыл жарғағын тесу инфекциясы бар секретті шығару, ортаңғы құлақ қуысындағы қысымды төмендету жəне дабыл жарғағының некрозының алдын алу мақсатында жасалады. Бактериологиялық тексеру жəне қоздырушыны анықтау нəтижелері оң болған кезде кең əсерлі антибиотик тағайындау қажет (мысалы, цефуроксим).
Холеастома жəне тимпаносклероз кезінде операцияның мына түрлерін қолдануға болады: тимпанопластия, мастоидектомия, тимпанопластоидектомия жəне есту сүйекшелерінің пластикасы.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Цефуроксим инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг
2. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
3. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл флаконда 500 мл/100 мг, 1000 мг/200 мг дайындауға арналған ұнтақ
4. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары: естудің жақсаруы.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Мастоидит.
2. Тимпаносклероз.
3. Холеастома.
1. Мастоидит.
2. Тимпаносклероз.
3. Холеастома.
Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі:
1. ЖҚА.
2. ЖНА.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- 1. Англо-русский медицинский энциклопедический словарь (дополненный перевод 26-го издания Стедмана). ГЭОТАР МЕДИЦИНА, М., 2000 2. Большая медицинская энциклопедия. www.neuro.net.ru/bibliot/bme/des/des796html 3. Малая медицинская энциклопедия. www.rubricon/mme_ann/ 4. Доказательная медицина. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2 изд. ГЕОТАР, 2002. 5. Cholesteatoma and Otosclerosis: Two slowly progressive causes of hearing loss treatable through corrective surgery. Clinical Medicine & Research, 2003, V.1, N.2, р.151. James J. Holt.
Ақпарат
Сағатова Г.С., Алматы қ. №5 ҚКА.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.