Көкіректің ашық жəне жабық жарақаттары Жүрек жарақаты, пневмоторакс, гемоторакс
E-005
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другие уточненные травмы грудной клетки (S29.8)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Кеуде жарақаты – тері жамылғысының, сүйек қаңқасының, ішкі ағзалардың жекеленген немесе комплексті түрде бүтіндігінің бұзылуы.
Көкіректің ашық жарақаты - кеуде қабырғасының тері жамылғысының жəне тіндік құрылымының бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын зақымдану.
Кезеңі: ауруханаға дейін.
Кезеңнің мақсаты:
1. Өмірге қауіпті бұзылыстарды жою.
2. Жаранық жəне тереңде жатқан тіндік құрылымдарға жəне ағзаға инфекция түсуінің алдын алу.
3. Зардап шегушіні дереу стационарға жеткізу.
АХЖ коды: S21
Қабыртқа, төс сынуы
(S22.2) Төс сынуы механикалық күштің тікелей əсері нəтижесінен болады. Олар қабыртқаның ортаңғы бөлігінің сынуымен қосарласа жүруі мүмкін. Төс зақымдануы алдыңғы көкірекортаға қан құюлуымен жəне жүрек жарақатымен қосарлануы мумкін.
Саласы: хирургия
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты
Ашық пневмоторакс
Бұл жағдайда плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыста болады. Дем алу кезінде плевралық қуысқа ауа қосымша кіріп тұрады, ал дем шығару кезінде сол көлем қайта шығады. Ашық пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа ауа жиналуы болмайды. Бұл жағдайда пародоксальды тыныс пайда болады дем алу кезінде жарақат болған жақтағы өкпе бүрісіп кішірейеді, ал дем шығарғанда керіледі. Мұндай кезде ауаның өкпеде маятник тəрізді жылжуы болады, дем алу кезінде жарақат болған жақтағы ауа сау өкпеге өтеді, ол дем шығарғанда қайтадан сау өкпеден жарақаттанған өкпеге өтеді. Плевраішілік қысымның өзгеріп көкірекортаның флотациялануын туындатады.
1. Кіші гемоторакс – қан құйылу көлемі 500 мл көп емес. Зардап шеккен адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терінің бозаруы, шамалы ентікпе, кеуде тұсында ауырсыну сезімі жəне аздаған жөтел болуы мүмкін.
Қабыртқа, төс сынуы
(S22.2) Төс сынуы механикалық күштің тікелей əсері нəтижесінен болады. Олар қабыртқаның ортаңғы бөлігінің сынуымен қосарласа жүруі мүмкін. Төс зақымдануы алдыңғы көкірекортаға қан құюлуымен жəне жүрек жарақатымен қосарлануы мумкін.
Саласы: хирургия
Емдік саты: ауруханаға дейін.
АХЖ коды: S 22
S 22. 2. Төс сынуы;
S 22. 3. Қабыртқа сынуы;
S 22. 4. Бірнеше қабыртқаның сынуы.
Сынықтардың орналасуына байланысты «қабыртқалық қақпақшалар» түрлеріне бөлінеді:
Көкірек бүтіндігінің бұзылуына байланысты, оның қимылына қатыспайтын қабыртқа фрагменті пайда болады. Ішкі дем алғанда «қабыртқалық қақпақша» төмен түседі, ал демді шығарғанда көтеріледі, яғни көкірек қабырғасының қимылына парадоксальды қарама-қарсы қозғалады. Нəтижесінде зақымданған жақтағы өкпе толығымен керілмейді. «Қабыртқалық қақпақшаның» парадоксальды ығысуынан зақымданған жақ өкпедегі ауа қысымы дем алғанда жоғары, ал дем шығарғанда төмен болады. Бұл жағдайда дем алып жəне керісінше дем шығарған кезде зақымданған өкпеден ауа біртіндеп сау өкпеге тасымалданады, осыған байланысты «өлі кеңістіктің» көлемі үлкейеді.
(S22.4) Қабыртқалардың көп жерден сынуы
Бір немесе бірнеше қабыртқаның ашық немесе жабық сынуы.
Жарақаттың тікелей əсерінен көбіне қабыртқаның көптеген сынулары болады. 4-7-ші қабыртқа жиірек зақымданады. 1-ші немесе 2-ші қабыртқаның оқшауланып сынуы сирек кездеседі. Қабыртқа көп жерден сынғанда көкіректің бүтіндігі бұзылады. Екі жəне одан да көп перпендикуляр сызық бойынша қабыртқаның көптеген сынулары болса, флотацияланған сынықтар пайда болады.
Сынықтардың орналасуына байланысты «қабыртқалық қақпақшалар» түрлеріне бөлінеді:
1. Алдыңғы билатералды флотацияланған сынықтар: (қабыртқалар төстің екі жағынан сынады жəне кеуденің алдыңғы бөлігінің омыртқамен байланысы үзіледі).
2. Алдыңғы бүйірлік флотацияланған сынықтар: (əрбір қабыртқа екі жəне одан да көп жерден (бір жағынан алдыңғы бөлігінен жəне бүйір бөлігінен) сынады.
3. Артқы бүйірлік флотацияланған сынықтар: (қабыртқалардың артқы бөлігі қосарланып біржақты сынады).
4. Артқы билатералды флотацияланған сынықтар: (қабыртқаның артқы бөліктерінің сынығы омыртқа бағанасының екі жағында болады).
Көкірек бүтіндігінің бұзылуына байланысты, оның қимылына қатыспайтын қабыртқа фрагменті пайда болады. Ішкі дем алғанда «қабыртқалық қақпақша» төмен түседі, ал демді шығарғанда көтеріледі, яғни көкірек қабырғасының қимылына парадоксальды қарама-қарсы қозғалады. Нəтижесінде зақымданған жақтағы өкпе толығымен керілмейді. «Қабыртқалық қақпақшаның» парадоксальды ығысуынан зақымданған жақ өкпедегі ауа қысымы дем алғанда жоғары, ал дем шығарғанда төмен болады. Бұл жағдайда дем алып жəне керісінше дем шығарған кезде зақымданған өкпеден ауа біртіндеп сау өкпеге тасымалданады, осыған байланысты «өлі кеңістіктің» көлемі үлкейеді.
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты
Көкірек қабырғасының жəне/немесе бронхөкпелік құрылымның зақымдануы, сонымен қатар плевралық қуысқа ауа кіруі жəне қан құйылуы.
Пневмоторакс – көкіректі тесіп өткен жарақаттың немесе өкпе зақымдануының салдарынан плевралық қуысқа ауа жиналуы.
1. Шектелген пневмоторакс кезінде өкпенің 1\3 бөлігінен аз көлемі бүрісіп кішірейуі.
2. Орташа пневмоторакс - өкпенің 1\3 -нен 1\2 бөлігіндей көлемі бүрісіп кішірейеді.
3. Тұтас пневмоторакста өкпе қалыпты көлемінің тек жартысындай ғана болады немесе толығымен бүрісіп кішірейіп қалады.
Жабық пневмоторакс
Бұл кезде плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыспайды жəне жарақат кезіндегі өткен ауа көлемі көкірек экскурсиясында өзгермейді.
Бұл кезде плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыспайды жəне жарақат кезіндегі өткен ауа көлемі көкірек экскурсиясында өзгермейді.
Ашық пневмоторакс
Бұл жағдайда плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыста болады. Дем алу кезінде плевралық қуысқа ауа қосымша кіріп тұрады, ал дем шығару кезінде сол көлем қайта шығады. Ашық пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа ауа жиналуы болмайды. Бұл жағдайда пародоксальды тыныс пайда болады дем алу кезінде жарақат болған жақтағы өкпе бүрісіп кішірейеді, ал дем шығарғанда керіледі. Мұндай кезде ауаның өкпеде маятник тəрізді жылжуы болады, дем алу кезінде жарақат болған жақтағы ауа сау өкпеге өтеді, ол дем шығарғанда қайтадан сау өкпеден жарақаттанған өкпеге өтеді. Плевраішілік қысымның өзгеріп көкірекортаның флотациялануын туындатады.
Клапаншалы пневмоторакс
А) Сыртқа дем шығару кезінде плевра қуысының сыртқы ортамен байланысуы азаяды жəне мүлдем тоқтайды, өйткені аралық қақпақша тəрізді жауып қалады. Əр дем алған сайын плевралық қуысқа ауа көбірек кіреді, ал дем шығарғанда аз шығады. Осыдан плевралық қуысқа ауа жинала береді. Əр дем алу актісінде өкпенің кернелуі артып көкірекорта қарама-қарсы жаққа қарай ығысады. Соның салдарынан сау өкпе қысылады. Үдемелі плевраішілік қысымнан ауа жұмсақ тінге өтіп теріастылық эмфизема дамиды.
Б) Ішкі қақпақша өкпелік тінде орналасады, плевралық қуыс сыртқы ортамен бронхылар арқылы байланысады. Əр дем алу актісінде ауа плевралық қуысқа өкпенің зақымданған бөлігінен енеді, ол дем шығару кезінде толығымен немесе жартылай плевралық қуыста қалып отырады. Ауаның плевраға жиналу механизмі сыртқы қақпақшалы пневмоторакстағыдай болады. Біртіндеп плевраішілік қысымның күшеюі соншалық, атмосфералық қысымнан да жоғары болып кернеулі пневмоторакс дамиды.
А) Сыртқа дем шығару кезінде плевра қуысының сыртқы ортамен байланысуы азаяды жəне мүлдем тоқтайды, өйткені аралық қақпақша тəрізді жауып қалады. Əр дем алған сайын плевралық қуысқа ауа көбірек кіреді, ал дем шығарғанда аз шығады. Осыдан плевралық қуысқа ауа жинала береді. Əр дем алу актісінде өкпенің кернелуі артып көкірекорта қарама-қарсы жаққа қарай ығысады. Соның салдарынан сау өкпе қысылады. Үдемелі плевраішілік қысымнан ауа жұмсақ тінге өтіп теріастылық эмфизема дамиды.
Б) Ішкі қақпақша өкпелік тінде орналасады, плевралық қуыс сыртқы ортамен бронхылар арқылы байланысады. Əр дем алу актісінде ауа плевралық қуысқа өкпенің зақымданған бөлігінен енеді, ол дем шығару кезінде толығымен немесе жартылай плевралық қуыста қалып отырады. Ауаның плевраға жиналу механизмі сыртқы қақпақшалы пневмоторакстағыдай болады. Біртіндеп плевраішілік қысымның күшеюі соншалық, атмосфералық қысымнан да жоғары болып кернеулі пневмоторакс дамиды.
Гемоторакс − өкпенің тамырларынан, орталықтан, жүректен немесе кеуде қабырғасынан қан кету салдарынан плевралық қуысқа қан жиналу. Плевралық қуыстағы қан ұйып, кейін фибринолизден кейін қайта сұйылады. Көп жағдайда қан сұйылмайды – сондықтан ұйыған гемоторакс пайда болады, кейін эмпиема даму қаупі бар.
1. Кіші гемоторакс – қан құйылу көлемі 500 мл көп емес. Зардап шеккен адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терінің бозаруы, шамалы ентікпе, кеуде тұсында ауырсыну сезімі жəне аздаған жөтел болуы мүмкін.
2. Орташа гемоторакс – плевралық қуыста қан құйылу көлемі 500-1000 мл дейін. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауырлықта. Бозарудың үдеуі, ентікпе, кеудедегі ауырсыну сезімі жəне жөтел. Өкпедегі Демуазо сызығының бойымен перкуссиялық дыбыстың қысқаруы байқалады (гемопневмоторакс кезінде горизонтальды деңгейде), жауырынның төменгі қырына дейін жетеді. Аускультация жасағанда тұйықталған жерде дем үні нашар естіледі немесе мүлдем естілмейді. Шамалы ғана қимыл əрекет жасағанда ентігу пайда болады.
3. Үлкен (тұтас) гемоторакс – плевралық қуыста 1000 мл аса қан жиналады. Жағдайдың ауырлығы тек тыныс бұзылуымен ғана көрінбей, сонымен бірге қан кету белгілерімен білінеді. Жағдайы ауыр жəне өте ауыр болады. Айқын бозару тері жабындысының цианозы, ентікпе, тахикардия жəне АҚ төмендейді. Науқастар мəжбүрлі қалыпта отырады. Кеуде тұсында ауырсыну сезімі, жөтел жəне ауа жетіспеуі мазалайды. Перкуссия жəне аускультация арқылы сұйықтықтың жауырынның ортасына дейін жиналғаны байқалады.
Саласы: хирургия.
Емдеу кезі: ауруханаға дейінгі.
Кезеңдік ем мақсаты:
1. Жарақаттың жəне гиповолемиялық дамуын болдырмау жəне коррекциялау.
2. Ашық пневмотораксты жабық түріне айналдыру.
3. Кернеулі пневмотораксты тоқтату.
4. Көлемді гемоторакс кезіндегі плевралық қуыстағы қанды эвакуациялау.
5. Жарақаттық инфекцияның жəне плевралық қуыс іріңдеп қабынуының алдын алу.
6. Жарақаттанған адамды жедел түрде торакалдық хирургиясы бар стационарға жеткізу.
Коды ЖСБ: S27
S27.0 Жарақаттық пневмоторакс
S27.1 Жарақаттық гемоторакс
S27.2 Жарақаттық гемопневмоторакс
Хаттама коды: Е-005 "Көкіректің ашық жəне жабық жарақаттары. Жүрек жарақаты, пневмоторакс, гемоторакс"
Жедел медициналық көмек.
Кезеңдік ем мақсаты:
- өмірге қауіпті бұзылыстарды тыю;
- ағзалардың жəне тереңде жатқан тіндік құрылымдардың жəне жарақаттардың инфекциялануын болдырмау;
- зардап шегушіні стационарға шұғыл түрде жатқызу.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
- өмірге қауіпті бұзылыстарды тыю;
- ағзалардың жəне тереңде жатқан тіндік құрылымдардың жəне жарақаттардың инфекциялануын болдырмау;
- зардап шегушіні стационарға шұғыл түрде жатқызу.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Кеуде қуысы жарақаттары (S20- S29);
Енгізілген: жарақаттар - кеуде(қабырғасы)
Енгізілмеген:
- Үсіктер (Т33-Т35);
- Омыртқа сынуы БДУ (ТО8).
Бөгде заттардың ену салдары:
- бронхыға (Т 17.5);
- өкпеге (Т 17.8);
- өңешке (Т 18.1);
- кеңірдекке (Т 17.4);
- термиялық жəне химиялық күюлер (Т 20- Т 32)
Жарақаттар:
- бұғана;
- жауырын аймағы (S 40 – S+49);
- иық;
- қолтық ойығы;
- жұлын БДУ (ТО 9.3);
- кеуде БДУ (Т 09-);
- улы жəндіктердің шағуы немесе тістеуі;
S 20. Көкіректің беткейлік жарақаттары;
S 20.2 Көкіректің соғылған жарақаттары;
S 20.3 Көкіректің алдыңғы қабырғасының өзге де беткейлік жарақаттары;
S 20.4 Көкіректің артқы қабырғасының өзге де беткейлік жарақаттары;
S 20.7 Көкіректің бірнеше беткейлік жарақаттары;
S 20.8 Көкіректің басқа жəне белгісіз бөлігінің беткейлік жарақаттары;
S 21 Көкіректің ашық жаралануы;
S 21.1 Көкіректің алдыңғы қабырғасының ашық жаралануы;
S 21.2 Көкіректің артқы қабырғасының ашық жаралануы;
S 21.7 Көкірек қабырғасының бірнеше жерден ашық жаралануы;
S 21.8 Көкіректің басқа бөліктерінің ашық жаралануы;
S 21.9 Көкіректің белгісіз бөлігінің ашық жаралануы;
S 22 Қабыртқалар (қабыртқа), төс жəне омыртқа бағанының кеуде бөлігі сынуы;
Енгізілген - кеуде бөлігінен:
- омыртқа доғасы;
- арқа өсіндісі;
- омыртқаның;
- көлденең өсіндісі.
S 26. Жүрек жарақаттары
Енгізілген :
- тесілу;
- жүрек жыртылуы;
- жарақаттық тесілу;
- соғылу
S 26.0 Жүрек жарақаттары, жүрек қабына қанқұйылуы (гемоперикард);
S 26.8 Жүректің өзге де жарақаттары;
S 26.9 Жүректің белгісіз жарақттары;
S 27 Көкірек қуысының басқа жəне белгісіз ағзаларының жарақаттары;
S 27. 0 Жарақаттық пневматоракс;
S 27.1 Жарақаттық гемоторакс;
S 27.2 Жарақаттық гемопневмоторакс;
S 27.3 Өкпенің басқа да жарақаттары;
S 27.4 Бронхылардың жарақаттары;
S 27.5 Кеңірдектің кеуде бөлігінің жарақаттары;
S 27.6 Плевра жарақаты;
S 27.7 Көкірек қуысы ағзаларының бірнеше жарақаттары;
S 27.8 Көкірек қуысы анықталаған басқа ағзаларының жарақаттары;
S 27.9 Көкірек қуысының анықталмаған ағзасының жарақаты;
S 29.7 Көкіректің бірнеше жарақаттары;
S 29.8 Көкіректің анықталаған басқа жарақаттары;
S 29.9 Көкіректің анықталмаған жарақаты;
Жіктемесі
Кеуде жарақатының жіктелуі (Комаров Б.Д; 2002):
1. Біржақты.
2. Екіжақты.
Кеуденің зақымдануының жіктемесі:
1. Кеуденің жабық зақымдануы.
2. Кеуденің ашық зақымдануы (жаралануы).
Кеуденің жарақатық зақымдану түрлері:
1. Көкіректің жəне оның ағзаларының шектелген зақымдануы.
2. Көкіректің жəне оның ағзаларының көптеген жарақаттары.
3. Көкіректің жəне оның ағзаларының қосарланған зақымдануы.
Кеуде жарақаты бөлінеді:
1. Париетальдық плевра тесіп өткен зақым.
2. Париетальдық плевра тесіп өтпеген зақым.
Көкіректің ішіне енген жарақат түрлері:
1. Түйреліп-кесілген:
- тұйық, тесіп өткен;
- біржақты, екіжақты;
- жалғыз, көптеген;
- пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен.
2. Оқжарақаттар:
- тұйық, тесіп өткен;
- біржақты, екіжақты;
- жалғыз, көптеген;
- пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен.
Кеуденің жабық жарақаты тізіміне кіреді:
- қабыртқа сынуы;
- кернеулі пневмоторакс жəне гемоторакс дамыған өкпе зақымдануы;
- өкпенің соғылуы;
- көкірекорта эмфиземасы;
- жүректің соғылуы.
Көкіректің ашық жарақаты (S21)
Кеудені тесіп өткен жарақат түрлері:
Кеуде жарақаты бөлінеді:
1. Париетальдық плевра тесіп өткен зақым.
2. Париетальдық плевра тесіп өтпеген зақым.
Кеудені тесіп өткен жарақат түрлері:
1. Түйреліп-кесілген:
- тұйық, тесіп өткен;
- біржақты, екіжақты;
- жалғыз, көптеген;
- пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен.
2. Оқжарақаттар:
- тұйық, тесіп өткен;
- біржақты, екіжақты;
- жалғыз, көптеген;
- пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен.
Қабыртқа, төс сынуы
Төс сынуы (S 22)
Төс сынуы (S 22)
1. Жабық:
- ығысусыз;
- ығысумен (фрагменттерінің көлденең ені бойымен, ұзына бойымен жəне алға – артқа ығысуы).
2. Ашық:
- ығысусыз;
- ығысумен (фрагменттерінің көлденең ені бойымен, ұзына бойымен жəне алға – артқа ығысуы).
Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)
Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)
1. Оқшауланған:
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз;
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс).
2. Көптеген:
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз;
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс);
- қабыртқалық қақпақшалар пайда болуымен.
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты (S27)
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты (S27)
Кеуденің жабық жарақаттары
1. Ішкі ағзалардың бұзылуынсыз:
1. Ішкі ағзалардың бұзылуынсыз:
- көкірек сүйектерінің сынуынсыз;
- кеуде сүйектерінің сынуымен.
- кеуде сүйектерінің сынуымен.
2. Ішкі ағзалардың зақымдануымен жүретін:
- кеуде қуысының зақымдануынсыз жүретін;
- кеуде қуысының сүектерінің сынуымен жүретін.
- кеуде қуысының зақымдануынсыз жүретін;
- кеуде қуысының сүектерінің сынуымен жүретін.
Кеуденің ашық жарақаты
1. Ішне тесіп өтпеген.
2. Ішне тесіп өткен:
1. Ішне тесіп өтпеген.
2. Ішне тесіп өткен:
- түйілеліп кесілген (тұйық, тесіп өткен; біржақты, екіжақты; жалғыз, көптеген; пневмоторакспен, гемоторакспен, пневмогемоторакспен);
- оқжарақат (тұйық, тесіп өткен; біржақты, екіжақты; жалғыз, көптеген; пневмоторакспен, гемоторакспен, пневмогемоторакспен).
- оқжарақат (тұйық, тесіп өткен; біржақты, екіжақты; жалғыз, көптеген; пневмоторакспен, гемоторакспен, пневмогемоторакспен).
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар
Көкіректің ашық жарақаты (S21)
1. Жіті тыныстық жеткіліксіздік (бейадекватты ауаландыруы).
2. Гиповолемиялық шок (кеуде қабырғасының жарақатынан мол қан кету, кеудеішілік қантамырлардың жарақаты).
3. Тыныс жолдарының обструкциясы (құсықпен, қанмен жəне басқада бөгде заттармен, тіл кептелуімен, магистральді тыныс жолдарының тікелей жарақатымен).
4. Плевра қуысының тығындалуы (пневмоторакс, гемоторакс, гемопневмоторакс).
5. Диафрагма зақымдануы.
6. Паренхима функциясның бұзылысы (соғылу, аспирация, бронхішілік қан кету).
Қабыртқа, төс сынуы
Төс сынуы (S 22)
Қабыртқа, төс сынуы
Төс сынуы (S 22)
1. Вентиляцияның бұзылуына байланысты жіті тыныстық жеткіліксіздік қосарласуы.
2. Жүрек жарақатынан кардиогендік шоктың дамуы.
3. Төстің ашық сынуынан жарақаттық инфекция жəне медиастинит дамуы.
Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)
1. Жарақаттық шоктың дамуы.
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты (S27)
Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)
1. Жарақаттық шоктың дамуы.
2. Геморрагиялық шоктың дамуы.
3. Қосарласқан жүрек жарақатында кардиогенді шок дамиды.
4. Вентиляция бұзылысының дамуына байланысты жіті тыныстық жеткіліксіздік дамуы.
5. Кеуде қуысы ағзаларының жəне плевра қуысының ашық жарақатында жарақаттық инфекция жəне іріңдеудің болуы.
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты (S27)
1. Жарақаттық шок пайда болуы.
2. Геморрагиялық шок пайда болуы.
3. Өкпенің ауамен немесе қанмен жаншылуы есебінен тыныс жеткіліксіздігінің болуы (вентиляцияның бұзылуы).
4. Веналық қан қайтудың азаюы обструкциялық шоктың пайда болуы (көкірекорта ығысуымен жəне қуыс веналардың қыслуымен).
5. Плевралық қуыста жəне\немесе көкірек жарақатының іріңді қабынуы пайда болуы.
Диагностикасы
Көкіректің ашық жарақаты (S21)
Диагностика критерилері
1. Кеуде проэкциясындағы жəне проэкциясынан тыс тері жарақатының анықталуы.
2. Тері жамылғысының бозаруы немесе цианозы.
3. Ауырсыну сезімі, қабыртқа жəне төс зақымдануы қосарласқанда.
4. Ентігу жəне тыныс алудың қиындауы.
5. Тыныс алу қозғалысының шектелуі.
6. Ұзаққа созылған жəне əртүрлі интенсивті қан түкіру.
7. Ашық пневмоторакс белгілері.
8. Ішкі ағзалардың жəне тамырлардың зақымдануынан болатын гиповлемиялық шок.
9. Теріасты эмфиземасы.
10. Көкірекорта эмфиземасы.
11. Тыныс жəне жүрек қантамыр жеткіліксіздігі белгілерінің күшеюі.
12. Физикалық пневмоторакс жəне гемоторакс белгілері, көкірекорта сау жаққа ығысуы.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жарақатты көріп тексеру жəне жарақат каналының траекториясын анықтау.
2. Эмфиземаны анықтау үшін зақымданған аймақты пальпация арқылы үдей түсу динамикасын тексеру.
3. Пневмотораксты немесе гемотораксты анықтау үшін кеудеге перкуссия жасау.
4. Зақымданған жақтағы өкпе функциясын анықтау үшін аускультация жасау.
5. АҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.
6. ТЖ санау.
7. Есі дұрыстығын анықтау.
Қабыртқа, төс сынуы
Төс сынуы (S 22)
Қабыртқа, төс сынуы
Төс сынуы (S 22)
Диагностика критерилері:
1. Сынған жердің ауыруы, көкіректі күшейте қозғалтқанда ауырсыну күшеюі.
2. Тұншығу сезімі.
3. Төс арты ауыруы.
3. Төс арты ауыруы.
4. Жүрек жарақаты қосарласқанда тұрақты артериялық гипотензия.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қарау арқылы зақымданған аймақтың жəне жармалық ойық үстінде ретростернальдық гематома) қанталағанын анықтау.
2. Пальпациялап тексергенде сынған жердің ауыратыны жəне сынықтардың тепкішек тəрізденіп ығысқаны анықталады.
3. Жүрек жарақаты бар-жоғын анықтау үшін ЭКГ зерттеу жүргізу керек.
Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)
Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)
Диагностика критерилері:
1. Дем алу кезінде жəне көкіректің қимыл ауқымын көбейткенде ауырсыну сезімі күшейіп кету (жөтелу, түшкіру, т.б. пайда болуы).
2. Зақымданған жақта тыныс экскурсиясының шектелуі.
3. Көкірек контурының деформациялануы.
4. «Қабыртқалық қақпақшалардың» парадоксальды қозғалуы.
5. Пальпациялағанда ауырсыну сезіну.
6. Көкіректің зақымданбаған жерінен алдынан артқа немесе екі бүйірден қысқанда сынған аймақта ауыру сезімнің күшеюі/
7. Тыныс алу кезінде сынған аймақта пальпация немесе аускультация арқылы анықталатын сүйек крепитациясы.
8. Плевра қуысында ауа немесе қан барын перкуссия арқылы анықтау.
9. Зақымданған жақтағы өкпенің функциясын аускультациямен анықтау.
10. Тері астының эмфиземасы.
11. Көкірекорта эмфиземасы.
12. Тахипноэ, үстіртін дем алу.
13. Тахикардия жəне АҚ төмендеуі.
14. Тері жамылғысының бозаруы немесе цианозы.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көкірек деформацияны жəне тыныс алу кезіндее көкіректің қимылын анықтау үшін қарап тексеру.
2. Жергілікті ауырсыну сезімін, деформацияны, крепитацияны патологиялық қозғалыстарды жəне «қабырғалық қақпақты» анықтау үшін қабыртқаларды пальпациялап тексеру.
3. Зақымданған аймақты жəне эмфиземаның үдеуін анықтау үшін пальпация жасау.
4. Кеуде перпуссиясы арқылы пневматоракс немесе гемоторакс бар-жоғын анықтау.
5. Зақымдалған жақтағы өкпенің функциясын аускультация арқылы анықтау.
6. АҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.
7. Тыныс жиілігін санау.
8. Есі дұрыстығын анықтау.
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты (S27)
Диагностика критерилері:
1. Тері жабындысының ақауы болуы, кеуде қабырғасының «сорушы» немесе ашық жарақаты.
2. Тері жабындыларының бозаруы жəне цианозы.
3. Жергілікті ауырсыну сезімі, əсіресе қабыртқа мен төстің зақымдануы қосарланып келуі.
4. Ентікпе жəне тыныстың ауырлауы.
5. Тыныс алу қозғалысының шектелуі.
6. Əртүрлі қарқындылықпен жəне ұзақтығымен білінетін қан түкіру.
7. Ашық пневмоторакс белгілері, ентікпе, цианоз, тахикардия, қорқыныш сезімі, мазасыздық.
8. Кеудеішілік ағзалардың зақымдануы кезіндегі ашық пневмоторакс белгілері.
9. Теріастылық эмфизема.
10. Көкірек эмфиземасы.
11. Үдемелі жүрек жəне тыныс жеткіліксіздігі (тахипноэ, тахикардия, АҚ төмендеуі).
12. Пневмоторакстың физикалық белгілері, соның ішінде қақпақшалы түрі жəне көкірекортаның сау жаққа ығысуы, гемоторакс.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жарақатты көзбен көріп тексеру жəне жарақат каналының траекториясын анықтау.
2. Жүрек жиегі шекараларын перкуссиялап анықтау.
3. Пневмоторакс пен гемотораксты анықтау үшін жүргізілетін перкуссия.
4. Жарақат болған жердегі өкпе жəне жүрек жұмысының бұзылыстарын анықтау үшін жасалатын аускультация.
5. АҚҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.
6. ТАЖ санау.
7. Көзбен көріп тексергенде орталық веналық қысымның жоғары кернеулігінің белгілерін анықтау (беткейлік мойын венасының ісінуі, беттің ісінуі).
8. Магистральды веналарды катетеризациялағаннан кейін ОВҚ деңгейін анықтау.
9. Есі дұрыстығын анықтау.
Емдеу тактикасы
Көкіректің ашық жарақаты (S21)
Жедел жəрдем көрсету тактикасы:
1. Асептикалы таңғыш салу.
2. Аашық пневмоторакста герметизациялайтын таңғыш салу.
3. Кеуде қабырғасында көлемді ақау анықталса жарақатты стерильді орамалмен жауып, циркулярлы таңғышпен фиксациялау.
4. Қақпақшалы кернеулі пневмоторакс болған жағдайда бұғананың ортаңғы сызығы тұсынан 2-3-ші қабыртқа аралыққа Дюфо тəсілімен 3-4 ине немесе троакар енгізу арқылы плевра қуысын дренаждау; түтіктің немесе иненің бос ұшына резеңке қақпақша бекітіледі.
5.Үлкен гемоторакс анықталғанда артқы қолтықасты сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралықтан плевра қуысын дренаждау.
6. АҚК толтыру мақсатында кристаллойдты коллойдты ерітіндіні тамыр ішіне құяды, егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы 300-500 мл/мин құрауы керек; шоктың І-ІІ дəрежесінде 800-1000 дейін полиионды ерітіндіні тамыр ішіне құяды; қанайналымның айқын бұзылысы кезінде декстран немесе гидроксоэтилкрахмалды 5-10 мл/кг мөлшерде АҚ 90/100 мл с.б. тұрақтанғанша тамыр ішіне құю керек.
7. Гемодинамиканың төмен көрсеткішінде регидратацияға қарамастан уақыт ұту үшін жəне стационарға жету жолында жүрегі тоқтап қалуының алдын алу үшін вазопрессорлық жəне глюкокортикоидтық препараттарды құяды: допамин 200 мг 400 мл плазмаалмастырғы ерітіндіге қосып венаға құяды, мол тамшымен преднизон 300 мг венаға құяды.
8. Психомоторлы қозу кезінде седативті препраттар енгізу.
9. Ауырсыну реакциясын басу үшін жəне қақырықтың шығуын жақсарту үшін: 2 мл 0,005% фентанил ерітдісін 1 мл 0,1% атропин ерітіндімен бірге.
10. Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекпен дем алдыру.
11. Көкірекорта эмфизема өрістеуінде алдынғы көкірекортаны дренаждау.
12. Шокпен күресуде жəне тыныс бұзылысында Вишневский əдісімен зақымданған жаққа вагосимпатикалық блокада жасау.
13. Жіті тыныстық жеткіліксіздік үдегенде ӨЖЖ жəне кеңірдек интубациясы.
14. Қанайналымның тиімділігі тоқтағанда − ресусситациялық шаралар.
15. Зардап шегушіні 30°-қа бас жағы көтеріңкі жағдайда немесе жартылай отырған қалыпта жеткізу.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. 0,85% натрий хлорид ерітіндісі
2. Декстрант-60
3. 0,25% новокаин ерітіндісін
4. Диазепам
5. Натрий оксбутираты
6. Допамин
7. Фентанил
8. Есірткілік аналгетиктер
Қабыртқа, төс сынуы
Төс сынуы (S 22)
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
Қабыртқа, төс сынуы
Төс сынуы (S 22)
Күттірмейтін көмек көрсету тактикасы:
1. Сынған жерге 1% прокаин ерітіндісін жіберу.
1. Сынған жерге 1% прокаин ерітіндісін жіберу.
2 Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамығанда Вишневский тəсілі бойынша екі жақты вагосимпатикалық блокада.
3. Оксигенотерапия.
4. Басылмайтын ауыру болса есірткілік анальгетиктер салу.
5. Психомоторлы қозу кезінде седативті препараттарды беру.
6. Жүрек соғылуы салдарынан тұрақты гипотензия дамыса кристаллоидты, каллоидты жəне вазопрессорлы препараттарды қолдану.
7. Нəтижелі қанайналым тоқтап қалған жағдайда ресусситациялық шаралар жүргізу.
8. Жарақаттанған адамды травматологиялық стационарға аппарғанда көлденең жатқызып, бас жағын 30°-қа көтеріңкі жағдайда жеткізу керек.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Прокаин 1% жəне 0,25% ерітінді
2. 0,85% натрий хлорид ерітіндісі
3. Декстран-60
4. Диазепам
5. Натрий окибутираты
6. Допамин
7. Есірткілік аналгетиктер
Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)
Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)
Жедел көмек көрсету тактикасы:
1. Асфиксияның алдын алу немесе тыю – ауыз жəне мұрын қуысын қан ұйындыларынан, бөгде заттардан тазарту.
2. Көкірек жарақаты анықталғанда асептикалық қорғаныш таңғыш салу.
3. Сынған аймаққа 1% прокаин ерітіндісімен жергілікті жəне паравертебральдық блокада жасау.
4. Қабыртқалардың көптеген сынуы болғанда Вишневский тəсілімен вагосимпатикалық блокада жасау.
5. Алдыңғы «қабыртқалық қақпақша» бар жағдайда (құм салынған дорбашаны) флотацияланған сегменттің үстіне бастырып қою.
6. Ашық пневматоракс бар болса немесе сыртқы қақпақшалы пневматоракс болса герметик таңғыш салу.
7. Сыртқы қақпақшалы жəне ішкі қақпақшалы пневмоторакс болса міндетті түрде плевра қуысын бұғананың ортаңғы сызығы бойынша 2-ші, 3-ші қабыртқааралықта Дюфо тəсілі бойынша 3-4 ине немесе троакар енгізу; иненің бос жағына немесе түтікке резеңке қақпақша бекітіледі.
8. Ауқымды гемоторакс анықталғанда қолтықтың артқы сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралығынан плевра қуысын дренаждау.
9. Ауыру сезімін басу: 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін 1 мл 0,1% атропин ерітіндісімен қоса құю.
10. Қанайналым көлемін толтыру мақсатында көктамырға коллоидты жəне кристаллоидты ерітінділерді құю: егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы минутына 300-500 мл; 1-ші, 2-ші дəрежелі шок болса көктамырға 800-1000 мл-ге дейін полиионды ерітінділер құю; қанайналымның айқын бұзылуы болса көктамырға декстрандарды немесе гидроксиэтилкрахмалды 5-10 мл/кг мөлшерінде, АҚ 90-100 мм.с.б тұрақтанғанша құю.
11. Гемодинамика төменгі көрсеткіш деңгейде болса, регидратацияға қарамай (уақытты ұту үшін жəне жүрек функциясы тоқтауын болдырмау мақсатында) ауруханаға дейін вазопрессорлар жəне глюкокортикоидтар құю керек: допамин 200 мг 400 мл, плазмааламастырғыш ерітінділерді венаға жылдам тамшылатып, преднизолон 300 мг-ға дейін венаға құю керек.
12. Психомоторлық қозу седативті препараттар беру.
13. Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекті маска арқылы беру.
14. Көкірекорталық үдемелі эмфиземасында алдыңғы көкірекортаны дренаждау.
15. 3-ші дəрежелі жарақаттық шок, жіті тыныстық жеткіліксіздіктің декомпенсацияланған сатысында, тыныс ырғағы бұзылғанда, апноэ кезінде кеңірдекті интубациялау жəне өкпеге жасанды вентиляция (ӨЖВ) жүргізу.
16. Тиімді қанайналымы тоқтаған жағдайда − ресусситациялық шаралар жасау.
17. Транспорттық иммобилизация (көрсетімдер бойынша).
18. Зардап шегушіні көлденең жатқызып, басын 30 градусқа жоғары көтеріп тасымалдау.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Прокаин 1% жəне 0,25% ерітінді
2. 0,85% натрий хлорид ерітіндісі
3. Декстран-60
4. Диазепам
5. Натрий оксибутираты
6. Допамин
7. Фентанил
8. Преднизолон
9. Есірткелік анальгетиктер
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты (S27)
Жедел жəрдем беру тактикасы:
1. Асфиксияның алдын алу немесе жою – ауыз жəне мұрын қуысын қан ұйындыларынан, бөгде заттардан тазарту.
2. Көкірек жарақаты кезінде асептикалық таңғыш қою.
3. Ашық жəне қақпақшалы пневмоторакс кезінде герметик таңғыш қою.
4. Көкіректің ауқымды ақауы болса жарақатқа стерильді сүлгі қойып бетіне полиэтилен қағаз қойып фикацияайтын циркулярлы таңғыш қою.
5. Сыртқы қақпақшалы жəне міндетті түрде ішкі қақпақшасы пневмоторакс болса плевралық қуысты 2-3-ші қабыртқа аралығына бұғананың ортаңғы сызығы тұсынан 3-4 Дюфо инесін енгізіп дренаж жасау, иненің бос шетіне резеңке қақпақша жалғaу.
6. Көлемді гемоторакс болса 7-8 қабыртқааралыққа ортаңғы қолтықасты сызығы плевра тұсынан қуысын дренаждау.
7. Кристаллоидты жəне коллоидты ерітінділерді құю, егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы 300-500 мл\мин, І-ІІ дəрежелі шок жағдайында 800-1000 мл мөлшерде ерітінділерді құю. Қанайналым бұзылыстарының айқын түрінде тамыр ішіне декстрандар немесе гидроксиэтилкрахмал 5-10 мл\мин мөлшерінде АҚ 90-100 мм с.б. қалпына келгенше құю керек.
8. Гемодинамиканың көрсеткіштері нашар болса регидратацияға қарамастан вазопрессорлық препараттарды құю. Бұл шара стационарға жеткізгенше жүрек тоқтап қалуды болдырмау үшін алдын алу үшін жəне уақытты ұзарту үшін жасалынады.
9. Психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар беру.
10. Ауырсыну сезімін басу үшін жəне қақырықты түсіру үшін: 2мл 0,005% фентанил ерітіндісін, 1мл 0.1% атропин ерітіндісін құю керек.
11. Жіті тыныстық жеткіліксіздігі кезінде маска арқылы оттек беру.
12. Көкіркортаның үдемелі эмфиземасында – алдыңғы көкірекортаны дренаждау.
13. Шокпен жəне тыныс бұзылыстарымен күресу үшін зақымданған жақта Вишневский тəсілмен вагосимпатикалық блокада жасау.
14. Жіті тыныс жеткіліксіздігінің үдеуіне байланысты ӨЖЖ жəне кеңірдекке интубация жасау.
15. Нəтижелі қанайналым тоқтауы анықталса – рессуситациялық шаралар жасау.
16. Зардап шеккен адамдарды көлденең жағдайда жəне жартылай отырған қалыпта, басын 30 градусқа көтеріп тасымалдайды.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. 0,85% натрий хлориді ерітіндісі
2. Декстран – 60
3. 0,25% новокаин ерітіндісі
4. Диазепам
5. Натрий оксибутираты
6. Допамин
7. Фентанил
8. Есірткілік анальгетиктер
9. Атропин
Міндетті түрде гемодинамикалық көрсеткіштерді үзбей бақылау!
Жедел госпитализациялау үшін көрсетімдер:
Көкіректің ашық жəне жабық оқшауланған жарақаты кезіндегі тыныстың жəне қанайналымның бұзылыстары бар науқастарды жедел түрде стационарға жатқызу.
Кеуде жарақаты бар науқастар зеңбілмен жартылай отырған қалыпта тасымалданады.
Тасымалдау кезінде науқастың тыныс тереңдігін, тыныс жиілігін, пульсін жəне АҚ деңгейін бақылау.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Оттек.
2. Пентакрахмал 500,0 мл, фл.
3. Допамин 0,5%-5,0 мл, амп.
4. Преднизалон 30 мг, амп.
5. Фентанил 0,005%-2 мл, амп.
6. Трамадол 50мг -1,0 мл,амп.
7. Диазепам 10мг -2,0 мл,амп.
8. Ацесоль 400,0 мл,фл.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Полиглюкин 400,0 мл, фл.
2. Натрий хлориді, калий хлориді, натрий гидрохлориді 400,0 мл, фл.
3. Лактасоль 400,0 мл, фл.
4. Декстроза 5%- 400,0 мл, фл.
Емнің келесі кезеңіне аустыру критерилері: науқас жағдайының тұрақтануы.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Руководство по скорой медицинской помощи. Багненко С.Ф., Верткин А.Л, Мирошниченко А.Г., Хабутия М.Ш. ГЭОТАР-Медиа, 2006 г. 2. Доврачебная помощь при неотложных критических состояниях. И.Ф. Богоявленский. Санкт-Петербург, «Гиппократ», 2003 г. 3. Секреты неотложной помощи. П. Э. Парсонз, Дж. П. Винер-Крониш. Москва, «МЕДпресс-информ», 2006 г. 4. Закрытые повреждения органов грудной клетки. А.Е. Романенко, Д.П. Чухриенко, Б.О. Мильков. Киев, «Здоровье», 1982 г. 5. Экстренная хирургия сердца и сосудов. Под ред. Де Беки, Б.В. Петровского. Москва, «Медицина», 1980 г. 6. Закрытая травма сердца. Н.Н. Малиновский и др. Минск. 1979 г. 7. Хирургия повреждений груди. Е.А. Вагнер. Москва, «Медицина», 1981 г. 8. Ранения сердца. В.И. Булынин и др. Воронеж. 1989 г. 9. Feliciano, Mattox, Moore. Trauma. McGraw-Hill Company, 2004 10. Greaves, Porter, Ryan. Trauma Care Manual. London. 2001 11. Henderson. Emergency medicine. Texas. 2006 12. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 13. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к,
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к,
доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.