Конъюнктивиттер
PN-S-001
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другие конъюнктивиты (H10.8)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Конъюнктивит – конъюнктиваның түрлі əсерлерге шырыштық қабықтың гиперемиясы мен ісінуімен, қабақтардың ісініп, қышуымен сипатталатын қабынулық реакциясы. Кейде ол қасаң қабықтың зақымдалуына асқынып, көру қызметінің төмендеуіне алып келеді. Конъюнктивиттер көз ауруларының 30% құрайды. Балаларда көбінесе бактериялық конъюнктивиттер кездеседі.
Хаттама коды: PN-S-001 "Конъюнктивиттер"
Хирургия саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H10 Конъюнктивит.
Жіктемесі
Жіктемесі: ағымы бойынша жедел, созылмалы.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар: Инфекциялық агентпен контакт, иммундық тапшылық жағдайлары, шылым шегу, кəсіптік зияндықтар, саяхаттау.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Ауру əдетте жедел басталып, айқын субъективтік сезімдермен көрініс табады: көздің ашуы, қышуы (əдетте аллергиялық реакцияларға байланысты), конъюнктива қуысынан шырыштық - іріңдік бөліндінің көп болуы, кейде жарықтан қорқу. Көбінесе екі көз қатар зақымдалады (алдымен біреуі, одан кейін үрдіс екіншісіне таралады).
Көру жітілігін бағалау, сыртқы тексеру, саңылаулық шам көмегімен биомикроскопия.
Объективті: блефароспазм, ісіну, конъюнктиваның қалыңдауы, гиперемиясы.
Негізгі жəне диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнездік деректер.
2. Объективті тексеру.
3. Көру жітілігін қабылдау.
4. Сыртқы қарау.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы:
Ем мақсаты: симптомдарды жою, қоздырғышты жою, асқынулар мен үрдістің жайылуын алдын алу.
Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
Дəрі-дəрмектік ем:
Қатаң түрде таңуға тиым салынады (таңудың астында кератит дамуы мүмкін):
- конъюнктивалық қуысты механикалық тазарту үшін оны антисептикалық ерітінділермен (нитрофурал (фурациллин) немесе калий перманганатының 1:5000 ) жуып-шаяды;
- конъюнктивитті емдеу кезінде іріңдік бөліндінің болуына қарамастан антибиотикті 3-7 күнге тағайындау қажет. Конъюнктивалық қапқа антибиотиктер ерітіндісін алғашқы күндері əр 2-4 сағат сайын, процесс бəсеңдеген сайын дəрілік затты күніне 3-6 тамызуға дейін азайтады. Емдеу курсы 7-10 күн. ДЗ таңдай қоздырғышқа байланысты.
Антибактериялық терапия: хлорамфеникол 0,25% көз тамшылары – бірінші қатардағы антибиотик болып табылады, нитрофурал 0,02% көз тамшылары.
Аллергиялық конъюнктивит кезінде – антигистаминдік препараттар, мысалы, дифенгидрамин 0,3% - көз тамшылары. (Вирустық процесс кезінде вирусқа қарсы терапия интерферон-альфа).
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Нитрофурал 20 мг табл.
2. *Калий перманганат ерітіндісі 1:10 000.
3. *Хлорамфеникол 0,25% көз тамшылары.
4. *Нитрофурал 0,02% көз тамшылары.
5. *Сульфацетамид натрий 30% көз тамшылары.
6. *Неомицин сульфаты 0,5% көз тамшылары.
7. *Дифенгидрамин инъекция үшін ерітінді 1% 1 мл.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды жою, қоздырғыштар элиминациясы, асқынулар мен процесс таралуының профилактикасы.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер:
- Этиологиясы белгісіз жағдайларда терапияның тиімсіздігі, асқынулардың дамуы (сирек);
- 3 күн ішінде жүргізілген терапияның тиімсіздігі;
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.American Academy of Ophthalmology. Guideline. Conjunctivitis. 2003 2.Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance. Conjunctivitis- infective. 2004 3. Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance. Conjunctivitis- allergic. 2004 4.International Council of Ophthalmology. Guideline. Conjunctivitis (Initial evaluation) 2005 5.EBM Guidelines. Conjunctivitis. 2004 6.Sheikh A., Hurvitz B, Cave J. Antibiotics versus placebo for acute bacterial conjunctivitis. In: Cochrane Library. 7.Доказательная медицина. Ежегодный справочник. 2003 - Часть 7. - С. 2314-2321.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.