Жүректің атеросклероздық ауруы
P-T-023
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Атеросклеротическая болезнь сердца (I25.1)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Атеросклероз – липидтердің, күрделі көмірсулар, фиброзды тіндер, қан компоненттерінің жиналуы, кальциленумен жəне ортаңғы қабықтың (медия) қосарлы өзгерістерімен қосылған күре тамырдың ішкі қабығы (интимдер) өзгеруігің вариабельді комбинациясы (БДҰ).
Атеросклероз – майлық массалардың жиналуы жəне күре тамыр қабырғасының қалыңдауымен жəне деформациясымен жүретін дəнекер тінінің дамуы (А.М.Вихерт); үлкен көлемдегі эластикалық типтегі күре тамыр ошақты (нодулярлы) зақымдануымен мінезделеді.
Атеросклероз – негізгі жасушалық эффекторлары айналымдағы қан моноциттері, субинтималды қабаттың мононуклеарлық фагоциттері, тегіс бұлшықеттік қантамырлық жасушалар болып табылатын жəне жасушааралық əрекеттер нəтижесінде немесе атерогенді липопротеиндермен белсендірілген, пролиферативті компоненттердің басымдылығымен өтетін қантамырлық қабырғаның созылмалы қабынуы. (В.Ю.Шанин).
Хаттама коды: Р-Т-023 "Жүректің атеросклероздық ауруы"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): I25.1 Жүректің атеросклероздық ауруы
Жіктемесі
Жіктемесі
Атеросклероздың патологиялық өзгерістерін төмендегідей жіктеу қабылданған:
1. Липидтік дақтар.
2. Фиброздық атеросклероздық түйіндақтар.
3. Асқынған түйіндақтар (ойық жараланған, ыдырамалы түйіндақтар).
4. Түйіндақтың кальцийленуі.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Гиперлипедемия – қан плазмасындағы жалпы холестерин деңгейінің артуы (5 ммоль/л жоғары).
2. Дислипопротеинемия – төмен тығыздықтағы липопротеидтер (ТТЛ) холестерин деңгейінің артуы (3 ммоль/л жоғары), жоғары тығыздықтағы липопротеидтер (ЖТЛ) холестерин деңгейінің төмендеуі (ерлерде 1 ммоль/л төмен, əйелдерде 1.3 ммоль/л төмен), триглицеридтер деңгейі 1.7 ммоль/л жоғары.
3. Темекі тарту.
4. Артериалдық гипертензия.
5. Жас кезіндегі (ерлерде 55 жасқа дейін, əйелдерде 65 жасқа дейін) жүрек-қантамыр ауруларының жанұялық анамнезі.
6. Жасы – 45 жастан үлкен ерлер, 55 жастан үлкен əйелдер.
7. Көмірсі алмасуларының бұзылыстары.
8. Жалпы холестериннің немесе ЛНП холестеринінің қалыпты деңшейі кезіндегі СРБ, фибриноген, гомоцистеин, В аполипопротеин немесе Lp-жоғары деңгейі.
Келтірілген қауіп-қатерлі факторларның жалғыз біреуінің болуы атеросклероздың, сонан соң жүрек-қантамыр ауруларының дамуына алып келуі мүмкін:
- жалпы холестерин > 8 моль/л;
- ЛНП холестерин > 6 моль/л;
- АҚ > 180/110 mmHg;
- микроальбуминуриямен қоса жүретін 2- ші типті немесе 1-ші типті диабет.
Қосымша қауіп-қатерлі факторлар:
1. Подагра.
2. Семіздік.
3. Гипотиреоз.
Диагностикасы
Диагностикалық критерилер
Шағымдар мен анамнез
Атеросклероздың бастапқы стадиясында ағым симптомсыз.
Орналасу бойынша күре тамырдың зақымдануына байланысты – коронарлық, церебралдық, аяқ артериялары, бүйректік артериялар, шажырқайлық артериялар – ауру шағымдары мен анамнезі қалыптастырылады (Жүрек ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық аурулар, облитерациялаушы эндартериит, вазореналдық гипертония, созылмалы шажырқайлық синдром).
Физикалық тексерулер
Атеросклероздың бастапқы стадиясы кезінде физикалық тексеру патологияны анықтамайды.
Клиника болған кезде тиісті хаттамаларды қара.
Инструменталдық зерттеулер:
1. Брахиоцефалды жүйес қантамырларының УДДГ (ұйқы артерияларының доплерографиясы): интим-медия каротидті артериялардың қалыңдығы, атеросклероздық түйіндақтар болған кезде – артериялардың тарылу проценті анықталады.
2. Аяқ артерияларының УДДГ – атеросклероздық түйіндақтар болған кезде – артериялардың тарылу проценті.
3. Магниттік-резонанстық томография (амбулаторлық жағдайда тексеру мүмкіндігі кезінде): коронарлық артериялар, қолқа жағдайы, коронарлық «кальцийді» есептеу.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
1. Коронарлық артериялар зақымдалуының симптоматикасы болған кезде – кардиолог.
2. Аяқ, бүйрек жəне шажырқайлық артериялар, брахиоцефалды жүйе қантамырлары зақымдалуының симптоматикасы болған кезде – қантамырлық хирург.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Атеросклероз дамуының қауіп-қатерлі факторларн лабораторлық деректер бойынша анықтау:
Жалпы қан анализі - жалпы холестерин мен оның фракцияларына, ЛНП мен ЛВП холестерин, триглицеридтерге, глюкоза, гомоцистеинге.
2. Оның симптомсыз ағымы кезінде, артериялардың атеросклерозбен зақымдануын анықтау:
- аяқт брахиоцефалды жүйесінің артерияларын УДДГ.
Қосымша диагностикалық шаралар, қолқа мен коронарлық, церебралдық, бүйрек, аяқ, шажырқайлық артериялардың зақымдалуы кезінде жүргізіледі (тиісті хаттамаларды қара, жүрек ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық ауру, облитерлеуші эндартериит, вазореналды гипертония, созылмалы шажырқайлық ишемия синдромы).
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер
1. Қан анализі.
2. Липидтік профиль:
- жалпы хорлестериннің жоғары немесе қалыпты деңгейі (5 ммоль/л жоғары);
- ЛНП холестеринінің жоғарылаған деңгейі (3 ммоль/л жоғары);
- ЛНП холестеринінің төмендеген деңгейі (ерлерде 1 ммоль төмен, əйелдерде 1,3 ммоль/л төмен), триглицеридтердің жоғарылаған деңгейі (1,7 ммоль/л жоғары).
Қан глюкозасының деңгейі (6.1 ммоль/л жоғары) жоғары немесе қалыпты.
Қабынуға қарсы маркерлер: аса сезімталдылық əдісімен орындалған СРБ деңгеінің жоғарылауы.
Қан плазмасындағы гомоцистеин деңгейінің жоғарылауы.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз
Проводится по нозологиям, см. в соответствующих протоколах (ИБС, цереброваскулярные заболевания, облитерирующий эндартериит, вазоренальная гипертония, синдром хронической брыжеечной ишемии).
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты:
1. Этиологиялық – жалпы холестерин, ЛНП холестерин, триглицеридтер жалпы деңгейін төмендету.
2. Асқынулардың алдын алу: атеротромбоздар.
Дəрі-дірмексіз ем:
1. Гиполипедемиялық диета (1 Қосымша).
2. Темекі тартудан бас тарту.
3. Физикалық белсенділік: дені сау адам қарқынды физикалық жүктемелермен аптасына 4-5 рет 35-40 минуттан айналысуы қажет, жастық максимумға байланысты жүректік жиырылу саны 60-75% деңгейге дейін.
4. Артық салмақты бақылау. 10 кг салмақты төмендету кезінде: жалпы өлімшілдікті > 20%; диабетпен байланысты өлімшілдікті > 30°/о; қатерлі ісіктен өлімшілдікті > 40%; диабетпен науқстарда қан деңгейін > 50%; систолалық артериалдық қысымды 10 мм с.б., диастолалық қысымды 20 мм с.б.; жалпы холестеринді 10%; ЛНП холестеринді 15%; триглицеридтерді 30% төмендетуге, ЛВП холестеринді 8% жоғарылатуға болады.
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Гиполипедемиялық препараттар:
- баяу босайтын никотин қышқылы препараттары;
- өт қышқылдарының секвестранттары;
- фибраттар;
- статиндер;
Қазақстан Республикасында симвастатиндер мен аторвастатиндер тіркелген.
Симвастатин 10, 20, 40 мг таблетка.
Аторвастатин 10 мг таблетка.
Препараттар тұрақты түрде қанның жалпы холестерині мен трансаминазалар (АЛТ, АСТ) деңгейін бақылаумен қабылданады, минималды доза 5-10 мг/тəулігіне, максималды доза 80 мг/тəулігіне.
2. Негізгі асқыну – атеротромбоздардың алдын алу. Дезагреганттар:
- ацетилсалицил қышқылы 75-100 мг/тəулігіне күніне 1 рет, үнемі;
- клопидогрель 75 мг/ тəулігіне күніне 1 рет, үнемі.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Симвастатин по 10, 20, 40 мг таб.
2. Аторваститин по 10 мг таб.
3. Ацетилсалициловая кислота 100 мг таб.
4. Клопидогрель 75 мг таб.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Инструменталды тексеру деректері бойынша атеросклероз үдеуінің болмауы.
2. Негізгі ауру үдеуінің болмауы: жүрек ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық аурулар, облитерлеуші эндартериит, вазореналды гипертония, созылмалы шажырқайлық ишемия синдромы.
3. Атеросклероздың негізгі асқынуы ретіндегі атеротромбоздың болмауы.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер
Атеросклероздың асқынуы ретіндегі аурулардың болуы анықталады:
- жүрек ишемиялық ауруы;
- цереброваскулярлық ауру;
- облитерлеуші эндартерит;
- вазореналды гипертония;
- олардың асқынуы кезіндегі созылмалы шажырқайлық ишемия синдромы (тиісті хаттамаларды қара).
Алдын алуы
Біріншілік профилактика:
1. Төменхолестеринді диета.
2. Темекі тартудан бас тарту.
3. АҚ қалыпқа келтіру.
4. Қан глюкозасы деңгейін қалыпқа келтіру.
5. Физикалық белсенділік.
6. Гомоцистеинді қалыпқа келтіру.
«Клиникалық тəжірибедегі жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы» Еуропалық кардиологтар қоғамдастығының нұсқаулықтарында (2003 ж.) атеросклероздың профилактикасы бойынша шаралар ретінде қарастырылуы мүмкін негізгі ережелер келтіріледі:
1. Темекі тартпау.
2. Дұрыс тамақтану (гиполипедемиялық диета).
3. Физикалық белсенді болу; дені сау адам қарқынды физикалық жүктемелермен аптасына 4-5 рет 35-40 минуттан айналысуы қажет, жастық максимумға байланысты жүректік жиырылу саны 60-75% деңгейге дейін.
4. Дене салмағының индексі 25 кг/м2 аз.
5. АҚ 140/90 мм с.б. төмен жəне жеке адамдарда (қант диабеті бар) 130/80 мм с.б. төмен.
6. Жалпы холестерин деңгейі 5 ммоль/л төмен, емделушілердің жеке топтарында 4.5 ммоль/л төмен.
7. ЛНП холестерин 3 ммоль/л төмен, емделушілердің жеке топтарында 2.5 ммоль/л төмен.
8. Қант диабетімен емделушілерде қан глюкозасын жақсы бақылау.
Профилактикалық шаралар:
1. Біріншілік профилактика (жоғарыда қара).
2. Екіншілік профилактика – гиполипедемиялық препараттар, дезагреганттар.
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері
«Клиникалық тəжірибедегі жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы» Еуропалық кардиологтар қоғамдастығының нұсқаулықтары бойынша (2003 ж.) бастапқы атеросклероз белгілерімен симптомсыз науқастарды жүргізу, жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін есептеу негізінде жүргізіледі:
Еуропалық модель SCORE (Systematic Coronary Risk Evalution) (1 қосымша).
АҚШ FRAMINGEM моделі қабылданған.
Қауіп карталарының деректері атеросклероз бен жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі бар адамдарды бернеше жыл бақылауға негізделген.
АҚШ FRAMINGEM моделі қабылданған.
Қауіп карталарының деректері атеросклероз бен жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі бар адамдарды бернеше жыл бақылауға негізделген.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. European guidelines on CVD prevention. 2003. 2. ESC pocket guidelines. Use of antiplatelet agents in patients with atherosclerotic cardiovascular disease. 2004. 3. Руководство по кардиологии. Под редакцией академика Е.И.Чазова. 1998 г. 4. Atlas of atherothrombosis. Eric J Topol. 2004. 5. Клиническая патофизиология. В.Ю.Шанин. 1998г. 6. Атлас ишемической болезни сердца. О.П.Шевченко, О.Д.Мишнев.2003г.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі:
Бекбосынова М.С., бас штаттан тыс кардиолог, Астана қаласы ДСД ММ «Кадиологиялық орталық» МҚК бас дəрігері.
Керимкулова Г.М., Астана қаласы ДСД ММ «Кадиологиялық орталық» МҚК кардиологы.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.