Жүктілердің жүрек айнуы жəне құсуы
P-O-015
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Рвота беременных неуточненная (O21.9)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы:
Жүктілердің жүрек айнуы жəне құсуы – жүктілік үрдісі уақытында байқалатын, басқа физиологиялық себептерге байланысты емес əйгіленістер.
Эпидемиология: жүрек айну жəне құсу - əйелдердің 70-95% зардап шегетін, жүктіліктің бірінші триместрінде жиі болатын əйгіленістер.
Жүктілердің 17%-да ол тек таңертең ғана байқалса, 13%-да 20 аптадан кейін де сақталады.
Жүктілердің 17%-да ол тек таңертең ғана байқалса, 13%-да 20 аптадан кейін де сақталады.
Жүрек айну – кеуде немесе эпигастриялық аймақта болатын, лоқсумен білінетін жағымсыз сезім.
Құсу – асқазандағы барды ауыз арқылы еріксз шығару.
Жүктілердің шамадан көп құсуы – жүктіліктің 20 апатасына дейін жалғасатын жəне дене салмағын жоғалтуға, сусыздануға, электролиттік теңсіздікке (дисбаланс) жəне өлімге əкелетін ауыр дəрежедегі жүрегі айну жəне құсу.
Хаттама коды: P-O-015 "Жүктілердің жүрек айнуы жəне құсуы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N 021 – жүктілердің шамадан көп құсуы;
021.0 – жүктілердің құсуы жеңіл немесе орташа (шамалы)
021.1 - жүктілердің зат алмасудың бұзылуымен қосылған шамадан көп немесе ауыр құсуы;
021.2 – жүктілердің кешеуілдеген құсуы;
021.8 – құсудың жүктілікті ауырлататын басқа да түрлері;
021.9 – жүктілердің анықталмаған құсуы.
Жіктемесі
Жіктемесі:
1. Жүктілердің құсуы:
- Жеңіл дəрежелі – жиілігі тəулігіне 5 реттен артпайды;
- Ауырлығы орта дəрежелі құсу – тəулігіне 6-10 рет;
- Шамадан көп құсу – тəулігіне 11-25 рет.
2. Сілекей ағу – құсықпен ілесуі немесе жеке түрде пайда болуы мүмкін.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қанда ХГЧ концентрациясының жоғарылауы.
2. Көп ұрықты жүктілік.
3. Коректенудің жеткіліксіздігі.
Диагностикасы
Диагностика критерилері: Жүрек айну, құсу, сілекей ағу, дене салмағын 5% -дан артық жоғалту, сусыздану белгілері.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Зəрдің жалпы анализі.
2. Тəуліктік зəр шығаруды бағалау.
3. Зəрде ацетон, кетондық денелердің болуы
4. Қанның биохимиялық анализі (мочевина, креатинин, билирубин, жалпы белок деңгейі).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы:
- Дене белсенділігін шектеу (демалыс уақытын ұзарту) жүктілердің жүрегі айнуы, құсу жиілігін, қарқындылығын азайтады.
- Құрамында имбирь бар тағам қоспаларын қолдану.
- Құрамында имбирь бар тағам қоспаларын қолдану.
- Пиридоксин (В6 дəрумені) 10 мг мөлшерінде əр 8 сағатта 2-3 күн бойы ішу.
- 10 мг доксиламин, 10 мг пиридоксинмен қоса тəулігіне 4 таблеткаға дейін (түнге 2 табл., таңертең, түсте бірден);
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ
Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды басу, өмір сарасын жақсарту, асқынулар жиілігін төмендету.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
- 10 мг доксиламин, 10 мг пиридоксинмен қоса тəулігіне 4 таблеткаға дейін (түнге 2 табл., таңертең, түсте бірден);
- Әйгіленімдердің персистенциясында емге прометазин 12,5-2,5 мг əр 4-6 сағатта бұлшық етке немесе метоклопрамид 5-10 мг 8 сағаттан соң;
- Сусыздану белгілері қосылған жағдайда ауруханаға жатқызу қажет.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Пиридоксин 10 мг, 20 мг табл.
2. Доксиламин 10 мг табл.
3. *Прометазин егуге арналған сұйықтық, амп. 50 мг/2мл
4. *Метоклопрамид, сұйықтық ампулада, 2 мл.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ
Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды басу, өмір сарасын жақсарту, асқынулар жиілігін төмендету.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер:
Жүктілердің сусыздану белгілерімен (зəрде ацетон, кетондық денелер болуы, қанда қалдық азот, мочевина, креатинин, билирубин көбеюі) қосақталған шамадан көп персистеуші құсуы.
Алдын алуы
Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Recommendations for the Evaluation and Managment of Nausea and Vomiting in Early Pregnancy. University of Texas at Austin, School of Nursing, Family Nurse Practitioner Program.- 2002, p.9 2. PRODIGY Guidance - Nausea and Vomiting in Pregnancy 3. The Managment of Nausea and Vomiting of Pregnancy. SOGC Clinical Practice Guidelines#120, 2002, p.1-7 4. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 5. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 6. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, Издание «ГЭОСТАР-МЕД», 2003
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Рослякова А.В., Алматы қаласы Адам репродукциясы орталығының дəрігер акушер-гинекологы.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.