Жіті синусит жəне мұрын мен мұрын синустарының өзге аурулары. Мұрынның қосалқы синустарына жасалатын операциялар

H-S-017

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый синусит (J01)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Аллергия, вирустық, бактериялық, сирек жағдайда саңырауқұлақтық инфекциядан болатын мұрын жанындағы қойнаулардың біреуінің немесе бірнешеуінің шырышты қабығының қабынуы.

Хаттама коды: H-S-017 "Жіті синусит жəне мұрын мен мұрын синустарының өзге аурулары. Мұрынның қосалқы синустарына жасалатын операциялар"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J01.0 Жіті жоғарғы жақсүйектік синусит
J01.1 Жіті фронталдық синусит
J01.2 Жіті этмоидалдық синусит
J01.3 Жіті сфеноидалдық синусит
J01.4 Жіті парасинусит
J01.8 Басқа Жіті синусит
J01.9 Жіті анықталмаған синусит
J32.0 Созылмалы жоғарғы жақсүйектік синусит
J32.1 Созылмалы фронталдық синусит
J32.2 Созылмалы этмоидалдық синусит
J32.3 Созылмалы сфеноидалдық синусит
J32.4 Созылмалы пансинусит
J32.8 Басқа созылмалы синуситтер
J32.9 Созылмалы анықталмаған синусит

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Аллергия.
2. Жиі тұмауратып ауыру.
3. Шылым шегу.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: мұрынмен дем алудың бұзылуы, мұрыннан ірің ағу, көз ұя асты (гайморит), қабақ үсті (фронтит), шүйде (сфеноидит) аймақтарындағы жəне мұрын үстіндегі (этмоидит) локалді ауыру сезімдері.

Физикалық тексеру:
- периорбиталық (пресепталдық) целлюлит немесе реактивті ісік;
- субпериосталық абсцесс;
- орбиталық абсцесс;
- орбиталық целлюлит;
- үңгірлік қойнаулардың тромбозы.

Лабораториялық тексеру: спецификалық емес.

Инструменталдық зерттеулер: УДЗ - зерттеудің алғашқы нүктесінен кем дегенде 3 см қашықтықта алынған біреулік эхосигнал синусит диагнозын растайды.

Мамандар консультациясы үшін көрсеткіштер: көрсеткіштер бойынша.

Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі диагностикеалық шаралар тізімі:
1. Риноскопия.
2. Мұрын жанындағы қойнауларды бір проекцияда рентгенография жасау.
3. Гаймор қойнауына пункция жасау.
4. Қан тобын жəне резус факторды анықтау.
5. Анестезиолог дəрігердің консультациясы.
6. Гистологиялық тексеру.
7. ЭКГ.
8. Флюорография.
9. Биологиялық сұйықтықты колонияға бөлмей себу.
10. Компьютерлік томография.
11. Стоматологтың консультациясы.
12. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Невропатологтың консультациясы.
2. Офтальмологтың консультациясы.
3. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау анализі.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру, ірің ошағын тазалау, асқынуларды кетіру.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмекті ем:
1. Гайморотомия (операцияның барлық түрлері эндоскопиялық тексеру бойынша орындалады).
Операцияның басқа түрлері:
22.39 Басқа сыртқы жоғарғы жақсүйектік антротомия.
22.41 Фронталдық синусотомия.
22.42 Фронталдық синусэктомия.
22.50 Басқаша анықталмаған синусотомия.
22.51 Этмоидотомия.
22.53 Бірнеше мұрын қойнауларын кесу.
22.90 Мұрын қойнауларына жасалатын басқа шаралар.

2. Антибактериялық ем.
Цефтриаксон (100 мг/кг/күніне екі рет) немесе ампициллин - сульбактам (200 мг/кг/күніне 4 рет). Егер патогенді флораның пенициллинге төзімділігі жоғары болса, ванкомицинмен емдеу ұсынылады (60 мг/кг/күніне 4 рет). Ұзақ уақыт массивті түрде антибиотикотерапия жүргізгенде микоз пайда болуының алдын алу немесе емдеу үшін итраконазол оралді берілетін ерітіндісі 400 мг\тəулігіне, 7 күн бойы тағайындалады.

3. Таңу, қойнауларға бақылау пункциясын жасау.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Нафазолин 0.1% - 10 мл, амп.
2. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг дайындауға арналған ұнтақ
3. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
4. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
5. *Азитромицин 500 мг, капсулы
6. Фурацилин 1:5000 фл.
7. *Итраконазол оралді ерітінді 150 мл - 10 мг\мл
8. *Флуконазол 50 мг, 150 мг капс.; флакондағы ерітінді в/і енгізуге арналған 100 мл
9. *Прокаин инъекцияға арналған ерітінді 0,5%, 2% 2 мл, 5 мл; ерітінді 0,25%, 0,5% флаконда 200 мл, 400 мл
10. *Лидокаин инъекцияға арналған ерітінді, 1%, 2%, 10% (гидрохлорид) 2 мл, 10 мл
11. *Этанол 70% ерітіндісі (денатурленген)

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: мұрынмен дем алудың қалпына келуі.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Ведение пациентов с синуситами в общей врачебной практике. Клиническое руководство. Дубикайтис Т.А.. 2. The diagnosis and management of acute bacterial sinusitis. Guideline. Alberta Medical Association. November 2001. 3. Acute sinusitis: A cost-effective approach to diagnosis and treatment. Guideline. American Family Physician. November 1998. 4. Health Care Guideline: Acute sinusitis in adults. Institute for Clinical System Improvement. 2004. 5. Prodigy Guidance-Sinusitis. 2004 6. American Family Physician. Functional Endoscopic Sinus Surgery. 1998.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С., Алматы қ. №5 ҚКА.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх