ЖРВИ, ЖРЗ, ринит, назофарингит
PN-T-006
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другие острые инфекции верхних дыхательных путей множественной локализации (J06.8)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
ЖРВИ – вирустар туындатқан, сілемейлі қабатының қабынумен мінезделетін жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялық ауруы, ол мұрын қуысынан тыныс жүйесінің төменгі бөлімдеріне дейін таралады, жергілікті симптомдар пайда болады, түрлі синдромдарға тəн: тамақтағы ауыру (фарингит), мұрын біткелу (салқан тию), беттегі қысым жəне ауырсыну сезімі (синусит), жөтел (бронхит). Қоздырғыштарға вирустың 200 астам түрі кіреді (100 түрлі риновирустар) жəне бактериялардың бірнеше түрі.
ЖРЗ - жіті респираторлық ауру.
Ринит - мұрын сілемейінің қабынуы.
Жіті ринит - мұрынның сілемей қабатының жіті катаралді қабынуы, ол негізінен вирустар туындатқан түшкірумен, жас ағумен жəне сулы сілемейдің бөлінуімен қатар жүреді.
Аллергиялық ринит – қызбамен байланысты ринит (поллиноз).
Атрофиялық ринит – мұрынның сілемей қабатының жұқаруымен жүретін созылмалы, жиі жағдайда іиісті шығындылармен қатар жүреді.
Казеозды ринит – мұрын қуысының иісті, сыр тəрізді субстанциясымен бітелген созылмалы ринит.
Эозинофильді аллергиялық емес ринит – эозинофилдер құрамының артуымен, спецификалық аллергендермен байланыссыз, мұрын сілемей қабатының гиперплазиясы.
Гипертрофиялық ринит – сілемейлі қабаттың гиперторофиясымен, созылмалы ринит.
Пленка тəрізді ринит – фибриндік қыртыстың түзілуімен қатар жүретін мұрынның сілемейлі қабатының созылмалы қабынуы.
Іріңді ринит – көп мөлшерде ірің бөлінетін созылмалы ринит.
Вазомоторлық ринит – инфекцияланусыз жəне аллергиясыз мұрынның сілемейлі қабатының ісінуі.
Назофарингит – хоан жəне жұтқыншақ жоғарғы бөлігінің селемейлі қабатының қабынуы. Ересектерде назофарингит дене температурасының жоғарылауынсыз өтеді. Жіті, созылмалы жəне спецификалық емес назофарингит болып бөлінеді (күл, менингит кезінде). Күлдік таяқша жəне стафилококктарды зерттеу қажет (аңқа мен мұрыннан сүртінді алу).
Хаттама коды: PN-T-006 "ЖРВИ, ЖРЗ, ринит, назофарингит"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J10 Тұмаудың идентификацияланған вирусы туындатқан тұмау.
J11 Тұмау, вирус идентификацияланбаған.
J06 Көптеген жəне анықталмаған орналасулардағы жоғары тыныс жолдарының жіті инфекциялары.
J00 Жіті назофарингит.
J06.8 Көптеген орналасулардағы жоғары тыныс жолдарының өзге жіті инфекциялары.
J04 Жіті ларингит жəне трахеит.
Жіктемесі
Жіктемесі
ЖРВИ
1. Этиологиясы бойынша өзге қоздырғыштардан тығыз: аденовирустар, респираторлық-синцитиальді вирустар, риновирустар, коронавирустар, тұмау вирусы, парагрипп.
2. Ағзалар зақымдалуының ерекшеліктері жəне асқынулары бойынша (отит, ларингит, пневмония, менингит жəне басқа).
3. Науқас ахуалының аурлығына байланысты.
ЖРЗ екі топқа бөлінеді: вирустық жəне бактериалды - аралас этиологиялы.
1 топ - ЖРВИ.
2 топ – жоғарғы тыныс жолдарының бактериалдық жəне екіншілік вирусты - бактериалды қабынуы.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп қатерлі факторлар
Мұздау, темекі тарту, науқаспен қатынаста болу, айналасында жіті түрде ауырғандардың болуы (жұмыста, үйде) тұмау жəне өзге вирустар эпидемиясы, əсіресе күз-қыс мезгілінде, қолайсыз тұрмыстық жағдай, қолайсыз метеофакторлардың əсері: шаң, газ, түрлі өсімдіктер тозаңы, маскүнемдік кезінде мұрын қуысының сілемей қабатының іркілмелі гиперемиясы, жүректің, тамырлардың, бүйректің созылмалы аурулары.
ЖРЗ үшін:
1. Созылмалы инфекция ошақтарының болуы (тонзиллит, ринофарингит, бронхит).
2. Салқын тию факторлары (мұздау, желдену, су өткен киім, аяқ киім).
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Өкпе паренхимасының тығыздалуынсыз жəне перифериялық қандағы лейкоцитозсыз, басым жағдайда жоғарғы, аз дəрежеде төменгі тыныс алу жолдарының жіті инфекциялық зақымдану белгілер.
Тұмау:
- тəн эпиданамнез;
- жіті кенет басталу;
- генерализацяланған инфекциялық процесс белгілері басым (жоғары қызба, айқын уыттану), салыстырмалы аз катаральді синдром кезінде;
- айқын, əсіресе маңдай-самайлық бөлімдегі бас ауыруына, қабақ үсті доғасындағы, ретроорбитальді ауыруға, арқадағы, аяқ-қолдағы интенсивті бұлшықеттік ауыруға, терлегіштікке шағымдану;
- катаральді синдром кезінде басымырақ ринит, трахеит белгілері (мұрын бітелу, жөтелу), «вирусты аңқа»;
- катаральдік синдромның вирусты фазадан (мұрындық тыныстың бітелуі, құрғақ жөтел, аңқа сілемей қабатының гиперемиясы) вирусты-бактериальді фазаға тез эволюциялануы.
Парагрипп:
- топтық аурушаңдықты, эпидемиялық ошақты анықтау;
- инкубация 2-4 күнді құрайды;
- мезгілділік - қыстың соңы, көктемнің басы;
- аурудың басы біртіндеп басталады;
- ағымы баяу, ересектерде ауыр емес, салыстырмалы түрде ұзақ;
- температуралық реакция 38.С аспайды;
- уыттану көріністері əлсіз;
- катаральді синдром ерте басталады. Дауыстың қырылдауы, құрғақ жөтел байқалады.
Респираторлық инфекция:
- ұжымдардағы, жанұялық ошақтағы топтық аурушаңдықты анықтау;
- инкубация 2-4 күн;
- басым жағдайда қыс-күздік мезгілдік;
- ауру жіті кенеттен басталады;
- жетекші симптомокомплекс - интенсивті ринит;
- кейде ларинготрахеит белгілері дамиды (дауыстың қырылдауы, продуктивті емес жөтел);
- температурлық реакция тұрақты емес, аздаған уыттану;
- ағымы жіті, ауру ұзақтығы 1-3 күн.
Аденовирусты инфекция:
- топтық аурушаңдықты, эпидемия ошағын анықтау;
- инкубация 5-8 күн;
- басым жағдайда жаз-күзгі мезгіл;
- басым жағдайда зақымдану ауа-тамшылы жолман, бірақ фекальді-оралды жолмен де таралады;
- ауру жіті басталады;
- мұрынжұтқыншақ, көмекей сілемейлі қабатының экссудативті қабынуы қосылады;
- негізгі симптомокомплекс – фарингоконъюнктивальді қызба;
- уыттану көріністері аздаған;
- жіті тонзиллит дмуымен аңқаның анық гиперемиясы;
- диарея мүмкіндігі (кіші балаларда), көкбауырдың, сирек жағдайда бауырдың үлкеюі;
- ағымы ауыр емес, 7-10 күнге дейін созылуы мүмкін.
Респираторлық-синцитиальді:
- оғарыкоконтангиозды ЭРВИ жатқызады; топтық аурушаңдықты, эпидемия ошағын анықтау;
- инкубация ұзақтығы 3-6 күн;
- жылдың суық мезгілінде;
- ересектерде жеңіл, біртіндеп тасталумен, əлсіз уыттанумен, субфебрильді температурамен, трахеобронхиттің айқын белгілерінсіз өтеді;
- тəн жөтел, бастапқысында құрғақ, сонан соң продуктивті, жиірек ұстаматəрізді;
- айқын тыныс алу жеткіліксіздігі;
- жиірек вирусты-бактериальді пневмониямен асқынады.
Риновирусты инфекциялар:
- топтық аурушаңдықты анықтау;
- инкубация 1-3 күн;
- мезгілділік – күздік-қыстық;
- тез, жіті басталады;
- ағымы жеңіл;
- температуралық реакция,;
- жетекші көрінсітер- көлемді серозды, əрі қарай сілемейлі бөлінділермен ринит.
Тəн: тамақтың ауыруы, мұрын бітелу, бет аумағындағы қысым жəне ауыру сезімі, жөтел.
Жіті вирусты ринит кезінде байқалады: шаршау; əлсіреу, түшкіру; аздап температураның жоғарылауы, жəне сирек жағдайда – бас ауыру, қарлығу. Бірінші тəулікте мұрыннан сілемейлі, сонан соң іріңді шығындылар бөлінеді.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез жинау (тəн эпиданамнез, науқаспен қатынас).
2. Объективті тексеру (қарау деректері).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Аурудың жеңіл жəне орташа ауыр ағымында науқастар үйде емделеді. Күтуші тұлғалар бетперде киюі қажет.
Дəрі дəрмексіз ем: булық ингаляциялар, ыстық аяқтық жəне жалпы ванналар, моншада жəне саунада қыздырыну, жылы орану жəне көлемді жылы сұйықтықтар - шəй, сода жəне балмен ыстық су, жылы жемістік шырындар.
Дəрі дəрмектік ем: профилактикалық шаралармен қоса, вирусқа қарсы препараттар қызба кезінде римантадин тағайындалады 0,3 г 1-ші тəулікте. 0,2 г 2-ші күні жəне 0,1 г келесі күндерде, интерферон-альфа 2 а, бета 1, альфа 2 ингаляция үшін ұнтақ түрінде жəне мұрын жолдарына құю, оксолин мазьі 0,25% мұрын жолдарына жəне қабаққа күніне 3-4 рет, температура кезінде: парацетамол 500 мг күніне 2-3 рет 4-күнге дейін, ацетилсалицил қышқылы - 500 мг күніне 2-3 рет 3 күнге дейін. Көлемді жылы сұйықтық.
Вирусты ринит кезінде тыныштық қажет. Парацетамол, 0,5-1 г ішке əр 4-6 сағат сайын, бірақ 4 тəуліктен артық емес, немесе аспирин, 0.325-1 г ішке əрбір 4-6 сағат сайын, бірақ 4 г/тəу. Құрғақ жөтел кезінде жөтел микстурасы тағайындалады амброксол 0,03г күніне 3 рет, сироп 15 мг/5 мл, 30мг/5мл. Алғашқы 2-3 күнде 10 мл күніне 3 рет, сонан соң 5 мл күніне 3 рет. Тамақтың ауыруында – лимон аралас сокпен шаю, антисептикалық ерітінділер. Аскорбин қышқылын тағайындау 2 г/тəу, ішке ұнтақ жəне таблетка түрінде.
Атрофиялық ринит кезінде мұрын қуысын физиологиялық ерітіндімен шаю, А витаминімен тамшылар, мұрын қуысына тамшылар; күніне 3 рет, ауыр жағдайларда ретинол ацетат 1-2 драже 2 тəулік, А витаминін ішке тағайындайды 1 айлық курспен жылына 2-3 рет, бактериологиялық тексеру кезінде антибактериалды терапия.
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
Вирусқа қарсы препараттар:
1. Римантадин 0,3-0,2 -0,1 г табл.
2. **Оксолин мазьі, 0,25%
Наркотикалық емес анальгетиктер жəне стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар
3. **Парацетамол 200 мг, 500 мг, табл.
4. *Ацетилсалицил қышқылы 100 мг, 250 мг, 325 мг, 500 мг, табл.
Муколиттік препараттар:
5. *Амброксол 30 мг, табл.
Витаминдер:
6. * Аскорбин қышқылы 50 мг, 100 мг, 500 мг, табл.
7. * Ретинол ацетат 114 мг, драже.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Асқынулар кезінде (пневмония):
1. *Амоксициллин 500 мг, табл, пероралды суспензия 250 мг/5 мл
2. *Амоксициллин + клавулан қышқылы, қапталған таблеткалар, 500 мг/125 мг, 875 мг/ 125 мг
Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдардың айқындылығын азайту; бактериалды инфекциялар кезінде іріңді жəне іріңді емес асқынулардың дамуын алдын алу.
* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: стационарлық кезеңге ЖРВИ гипертоксикалық формасы кезінде, асқынулар кезінде, преморбидті форма фонында жүргізілген терапия тиімсіздігі, қосарланған созылмалы аурулар.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть1. Изд-во МЕДИА СФЕРА. М., 2003 2. Англо-русский медицинский энциклопедический словарь (дополненный перевод 26-го издания Стедмана), М., ГЕОТАР МЕДИЦИНА, 2000. 3. Справочник врача общей практики. Дж.Мерта. Практика, М., 1998. 4. Доказательная медицина. Клинические рекомендации для практикующих врачей. ГЕОТАР МЕД, 2002. 5. Principles of Appropriate Antibiotic Use for Treatment of Nonspecific Upper Respiratory Tract Infections in Adults: Background. Ann Intern Med. 2001;134:490. Ralph Gonzales, John G. Bartlett, Richard E. Besser et al. 6. Efficacy of fusafungine in acute rhinopharyngitis: a pooled analysis. Rhinology. 2004 Dec;42(4):207. Lund VJ, Grouin JM, Eccles R et al. 7. Справочник фельдшера Ростов – на – Дону, 2000 г.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Татибекова А.М., республикалық медициналық колледж.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.