Балалар пиелонефриті

P-P-011

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хронический обструктивный пиелонефрит (N11.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Пиелонефрит
– интерстиция, өзекшелер жəне бүйрек тостақшалық - 
түбекшелік жүйесінің зақымдалуымен өтетін бүйректің микробтық - қабынулық ауруы.

 
Хаттама коды: P-P-011 "Балалар пиелонефриті"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N11 Созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит.
N12 Тубулоинтерстициалды нефрит, жіті немесе созылмалы түрінде анықталмауы.
N13 Обструктивті уропатия жəне рефлюкс-уропатия.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Ағымы бойынша: жіті, созылмалы.
1.1.  
Асқынған (дамудың туа біткен ақауы көрсетілсі);
1.2.  Асқынбаған.

2. Бүйрек функциясының жағдайы бойынша – бүйректік созылмалы 
ауруының халықаралық жіктемесі (БСА), K/DOQI:
- І стадия, ШФЖ (шумақтық фильтация жылдамдығы) – ≥ 90 мл/мин;
- ІІ стадия, ШФЖ – 89-60 мл/мин;
- ІІІ стадия, ШФЖ – 59-30 мл/мин;
- IV стадия, ШФЖ – 29-15 мл/мин;
- V стадия, ШФЖ –15 мл/мин аз (ТХПН).

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар
 
Макроорганизм тарапынан:
1. Иммундық тапшылық жағдайлары.
2. Тұқым қуалау бейімділігі.
3. Бүйрек дамуы мен несеп шығару жолдарының ауытқулары, тастар.
 
Микроорганизмдер вируленттілігі факторлары:
1. Адгезивлығы.
2. Токсикалығы.
3. Госпиталды штамдар.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:
1. Температураның жоғарылауы.
2. Бел аумағындағы ауырсыну.
3. Макрогематурия эпизоды (ТИН).
4. Әлсіздік, шаршағыштық.
 
Физикалық тексеру:
1. Уыттану.
2. Қызба.
3. Бүйрек прооекциясында пальпация кезінде ауырсыну.
4. Беттің, тізенің ісінуі.
5. Тері жабындыларының бозғылттығы.
 
Инструменталдық зерттеулер:
1. Бүйректі УДЗ: туабіткен даму ақаулары, киста, тастар.
2. Цистография - қуықтық-зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюксті операциядан кейінгі жағдай.
3. Нефросцинтиграфия – бүйрек паренхимасының зақымдалу ошағы.
4. Тубулоинтерстициальді нефритте – бүйректің диагностикалық пункциондық биопсиясы.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
1. Ауыз қуысы, мұрынжұтқыншақ жəне сыртқы жыныс ағзаларының инфекциясын санациялау үшін - ЛОР-дəрігер, стоматолог, гинеколог.
2. Аллергия көріністері болса -  аллерголог.
3. Микроқантамырлар өзгерістерін бағалау үшін - окулист.
4. Айқын артериалдық гипертензия, ЭКГ тарапынан өзгерістер жəне басқалар -  кардиолог консультациясы үшін көрсетімдер болып табылады
5. Вирусты гепатиттер, зоонозды жəне құрсақішілік жəне өзге инфекциялар кезінде – инфекционист.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Зəрдің бак. себіндісі.
4. Креатинин, қалдықтық азот, мочевинаны Шварц формуласы бойынша шумақтық фильтрация жылдамдығын есептеп анықтау:
 
бойы см х коэффициент
ТСЖ, мл/мин = --------------------------------------------
Қан креатинині, мкмоль/л
Коэффициент: Жаңа туғандарда 33-40
Жасөспірімге дейінгі 38-48
Жасөспірімнен кейінгі 48-62
 
5. Зимницкий бойынша зəр анализ.
6. Бүйрек, қуық, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Зимницкий сынамасы.
2. Жалпы белок, белок фракцияларын, С-реактивті белокты анықтау.
3. АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин, жалпы липидтерді анықтау.
4. Калий/натрий, хлоридтер, темір, кальций, магний, фосфорды анықтау.
5. Қышқылдық-негіздік жағдайды зерттеу.
6. Микционды цистография.
7. Нефросцинтиграфия.
8. Тубулоинтерстициальді нефрит кезінде бүйректің диагностикалық пункциялық биопсиясы.
9. Құрсақішілік, зоонозды инфекцияға ИФА.
10. Зəрдегі бета 2- жəне альфа1-микроглобулинді анықтау.
11. Аддис-Каковский бойынша зəр анализі, коэффициент белок/креатинин.
12. Бүйрек қантамырларының допплерометриясы.
13. Гельминттер жұмыртқасына қырынды алу.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
1. Лейкоцитурия, аздаған протеинурия (β2 микроглобулин).
2. Бактериурия 105 микробты денелер 1 мл зəрде жəне жоғары.
3. Бүйректің концентрациялы функциясының төмендеуі.
4. Анемия.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз
 
Белгі
 Созылмалы
тубулоинтерстициальді нефрит
Созылмалы обструктивті
пиелонефрит
Қызба жоқ Жіті фазада
УДЗ жоқ
Обструктивті өзгерістер
(тостағаншаның кеңеюі)
Анамнез, дəрілер, токсиндер
+ -
Қан анализі Тəн емес Жоғары ЭТЖ, лейкоцитоз
Зəр Лейкоцитурия Л-урия, бактериурия
Концентрация функциясының төмендеуі
+ +

Емдеу тактикасы


Емдеу тəсілі
 
Ем мақсаты:
1. Бүйрек инфекциясын жою.
2. Ауруды тудыратын факторларды жою.
3. Бүйрек қызметін қалпына келтіру.
4. Үдемелі нефропатия кезінде нефропротективті терапия.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:  диета №5, №7 жіті жəне үдеу кезеңінде, қорғаушылық режим.
 
Дəрі-дəрмектік ем: 
 
1. Ингибиторлы қорғалған аминопенициллины: амоксициллин* + клавулон қышқылы
- 3 айдан - 12 жасқа дейінгі 
балаларға тағайындалады, 20-40 мг/кг/тəу 3 рет қабылдауға,
- 12 жастан жоғары балаларға – 
375-625 мг тəулігіне 3 рет; ампициллин/сульбактамгназначают 50 мг/кг/тəу 2 рет қабыладуға.
 
2. II-III-IV буынды цефалоспориндер:
- цефотаксим* 1 айдан жоғары балаларға – 50-100 мг/кг/тəу парентералды 2-3 енгізуге;
- цефтриаксон* - 20-75 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге, цефоперазон* - 50-100 мг/кг/тəу 2-3 енгізуге;
- цефоперазон* - 50-100 мг/кг/тəу 2-3 енгізуге;
- цефуроксим 10-100 мкг/тəу 2 енгізуге;
- цефепим *– 2 айдан жоғары балаларға 50 мг/кг/тəу 3 рет енгізуге;
- цефаклор моногидрат 250/5,0 немесе капс. 500 мг. 5 жастан жоғары балаларға тағайындалады.
Альтернативті дəрі-дəрмектер:
- аминогликозидтер* ( 7-10 күннен артық емес): нетилмицин* 5 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге;
- гентамицин* 3-5 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге;
- карбапенемдер: имипенем* 1 айдан жоғары балаларға 60-100 мг/кг/тəу 3-4 енгізуге;
- меропенем* 3 айлық жастан бастап 10-12 мг/кг/тəу 3 рет енгізуге;
3. Ұзақ мерзімді, көптеп антибиотикпен емдеу кезінде микозды емдеу жəне алдын алу үшін 5 жастан жоғары балаларға ауыз арқылы итраконазол ерітіндісі 5 мг\кг\күніне есебінен тағайындалады.
- Негізгі емдік курсының ұзақтығы 14 күн: басында дəрі-дəрмек эмпириялық, содан кейін – флораның сезімталдығы бойынша таңдалады. Антибиотиктер парентералды немесе парентералды + пероралды түрде енгізіледі;
-  Зəр анализінің толық қалпына келтірілгенінен соң қолдаушы ем жүргізіледі:  нитрофуран -1/3 тəуліктік дозасы,  1 рет  түнге карай 2 ай бойы қабылданады.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Амоксициллин / клавуланат 500 мг / 125 мг, 875 мг / 125 мг; флаконда 500 мл / 100 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік енгізуге.
2. *Цефотаксим 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
3. *Цефтриаксон 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
4. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг, табл.; 750 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
5.   Цефуроксим аксетил - ішуге, суспензия дайындауға араналған гранулалар, флаконда 125мг / 5мл, қапталған таблеткалар 125 мг, 250 мг
6.   Цефтазидим – инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, флаконда 500 мг, 1 гр, 2гр.
7. *Цефепим 1 000 мг, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
8. *Имипенем 500 мг, амп., иньекцияларға араналған ұнтақ.
9. * Фурагин50 мг, табл.
10. *Итраконазол ауыз арқылы қабылданатын ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1.   Ампициллин / сульбактам 750 мг инъекцияларға арналған.
2. *Нетилмицин 50 мг/мл, амп.
3. *Гентамицин 40 мг/мл, 80 мг/2 мл, амп.
4. *Меропенем 500 мг, амп., иньекцияларға арналған ұнтақ.
5.   Цефаклор 250 мг / 5мл; 500 мг капс.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- лейкоцитурия, бактериурияның жоғалуы;
- гомеостаз көрсеткіштерінің қалпына келуі;
- асқынулардың болмауы жəне басылуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар
 
Ремиссия кезеңінде: қауіп-қатерлі факторларын жоюға дейін (ПМР жоғалуы) антибактериалды дəрі-дəрмектерінің қолдаушы дозаларымен антибактериалды дəрі-дəрмегімен емделуі жалғасады.
Əрі қарай жалпы профилактикалық шаралар:
- жеткілікті түрде су ішу жəне несептің шығарылу режимі.
- интеркуррентті аурулардың алдын алу.
- іш қатудың алдын алу.
- зəрдің жəне бак. себіндісі анализіне жүйелі түрде бақылау жасау.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Реабилитация: ремиссия. Бүйректің фильтрациялық, концентрациялық функцияларын, зəр анализін, артериалдық қысмды бақылау, бүйректі УДЗ, бүйрек нефросцинтиграфиясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Антибактериальная терапия инфекций мочевыводящих путей у детей. Практическое руководство под редакцией Л.С. Страчунского, Ю.Б. Белоусова, С.Н. Козлова; Москва, 2000. 2. J. C. Craig, E. Hodson. Centre for Kidney Research. Treatment of acute pyelonephritis in children. jonc@health.usyd.edu.au. 3. CLINICAL PRACTICE GUIDELINES. Practice Parameter: The Diagnosis, Treatment, and Evaluation of the Initial Urinary Tract Infection in Febrile Infants and Young Children., 1999. http://www.clinicalevidence.com 4. Prodigy guidance. Urinary tract infection – children. http://www.prodigy.nhs.uk 5. Clinical Guidelines Panel. The American Urological Association Pediatric Vesicoureteral Reflux. 6. The Management of Primary Vesicoureteral Reflux in children. http://www.clinicalevidence.com 7. J. Larcombe. Urinary tract infection in children. January 2004. http://auto.search.msn.com/response.asp

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
1. Қанатбаева А.Б.,   профессор, ҚазҰМУ, емдеу факультетінің балалар ауруы кафедрасы.
2. Кабулбаев К.А.,     консультант, №7 ҚКА, нефрология жəне гемодиализ бөлімшесі.
3. Наушабаева А.Е., докторант, ҚР ДСМ ПжБХҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх