Балалар орхиты жəне эпидидимиті
H-S-013
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Орхит, эпидидимит и эпидидимо-орхит без упоминания об абсцессе (N45.9)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы:
Орхит - атабездің қабынуы, көбінесе инфекциялық аурулардың, мысалы тұмау, паротит, бруцеллез, ревматикалық полиартрит, сүзек, пневмония жəне т.б. аурулардың асқынуы ретінде пайда болады. Жаңа туылған нəрестелерде орхит көбінесе инфекцияның атабезге инфекцияланған кіндік тамырлары арқылы енуінен болады.
Орхит - атабездің қабынуы, көбінесе инфекциялық аурулардың, мысалы тұмау, паротит, бруцеллез, ревматикалық полиартрит, сүзек, пневмония жəне т.б. аурулардың асқынуы ретінде пайда болады. Жаңа туылған нəрестелерде орхит көбінесе инфекцияның атабезге инфекцияланған кіндік тамырлары арқылы енуінен болады.
Қауіп-қатерлі факторлар: эпидемиялық паротитке қарсы талапқа сай емес иммунизация жүргізу, несеп шығару жолдарының туа болған ақаулары, несеп шығару жолдарының қабыну аурулары, атабез жарақаты, несеп шығару өзегінде катетердің ұзақ тұруы.
Эпидидимит - атабез қосалқысының қабынуы. Спецификалық емес (стафилококктар немесе стрептококктар қоздыратын) жəне спецификалық (туберкулездық, соз (гонореялық), трихомонадтық, бруцеллездық, мерездік) эпидидимит түрлерін ажыратады. Жіті жəне созылмалы спецификалық емес эпидидимит түрлерін ажыртады.
Қауіп-қатерлі факторлар: ұманың жарақаттары, салқын тию, ем кезінде аспаптар пайдалану (несепқуыққа катетеризация жасау жəне т.б.).
Хаттама коды: H-S-013 "Балалар орхиты жəне эпидидимиті"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N45 Орхит жəне эпидидимит
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: жіті эпидидимит кезінде дене температурасы жоғары көтеріледі, қалтырау, атабез аймағында қатты ауыру сезімінің болуы жəне шап аймағына да берілуі, атабез қосалқысының тез үлкеюі, сөйтіп атабезді қатты сақина тəрізді қысып тұруы. Ұманың жоғарғы бөлігінде ісіну жəне ауырсыну байқалады, ұма терісінде ісіну болады.
Физикалық тексеру
Кенеттен атабезде ауыру сезімінің пайда болуы, қалтырау, дене температурасының 38–39 °С-қа дейін көтерілуі, ісіну атабезде байқалады. Көбінесе 2-4 аптадан соң орхит көріністері басылады, бірақ кейде атабезде іріңді процесс пайда болуы мүмкін. Бұл кезде науқастың жағдайы интоксикация салдарынан күрт төмендейді, атабездегі ауыру сезімі күшейе түседі, дене температурасы тұрақты жоғары болып тұрады, ұма терісінің жəне теріге жақын тіндердің ісінуі мен қызаруы байқалады. Əрі қарай абсцесс немесе атабез атрофиясы болып кетуі əбден мүмкін.
Эпидемиялық паротит кезінде орхит ауру басталғаннан кейінгі 3-12 күні немесе бала жазылғаннан кейінгі бірінші аптада білінеді. 30% науқастарда екі жақтық процесс байқалады. Көбіне паротиттік орхит атабез атрофиясымен аяқталады. Ұманың терісі орхит кезінде кернелген, бірақ ісінбеген. Атабез қосалқысы үлкеймеген. Шəует шылбыры ісінген, қалыңдаған, бірақ жіті эпидидимиттен айырмашылығы, шəует шығаратын өзек анық пальпацияланады, онда инфильтративтік өзгерістер байқалмайды. Атабез абсцесін анықтау үшін пункция жасап, ірің алады, жəне ультрадыбыстық сканерлеу жасап, атабез тінінің сұйықтықпен сирегенін анықтайды Созылмалы эпидидимит көп жағдайда жедел түрін толық емдемеу салдарынан пайда болады. Бұл кезде дене температурасы қалыпты, ауырсыну сезімі қатты емес, қосалқы орташа үлкейген, атабезден анық бөлініп тұрады.
Лабораториялық тексеру: лейкоцитоз, лимфопения.
Инструменталдық зерттеулер: ұма органдарының УДЗ - атабезінің ұлғаюы.
Мамандар консультациясы үшін көрсеткіштер: қосымша патология болған кезде.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гемоглобинді анықтау.
2. Горяев камерасында лейкоциттерді санау.
3. КФК эритроциттерді санау.
4. ЭТЖ анықтау.
5. Жалпы несеп анализі.
6. Үш порциядағы несеп анализі.
7. HbsAg, HCV.
8. Жалпы белокты анықтау.
9. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығына анализ жасау.
10. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
11. Ұманы УДЗ.
12. Эпидемиологиялық паротиттің қоздырушысын анықтау үшін серологиялық тексеру жүргізу (жұп сарысу).
13. Несепті бактериологиялық зерттеу.
14. Уретроскопия.
15. Қуықасты безінің секретін микроскопиялық зерттеу.
16. Несеп шығару өзегінен алынған жағындыны микроскопиялық зерттеу.
17. Жыныс жолдарының инфекциясына ПЦР диагностика.
18. Шартты патогенді флораға себу жасай отырып антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
19. ПСА (простата антигеніне анализ).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
Дифференциалды диагноз
Белгі |
Атабез
жарақаты
|
Морганьи
гидатидасының
айналып кетуі
|
Атабездің айналып
кетуі
|
Ауырсыну | + | + | + |
Анабез (аталық без)
көлемінің ұлғаюы
|
+ | + | + |
Ұма терісінің
гиперемиясы
|
+ | + | + |
Атабездің пальпация
кезінде ауырсынуы
|
+ | + | + |
Дене температурасының
жоғарылауы
|
+ | + | + |
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: атабездегі жəне оның қосалқысындағы қабыну процесін тежеу.
Дəрі-дəрмексіз ем: төсектік режим, қабынған ағзаға максималді тыныштық (суспензорий).
Дəрі-дəрмекті ем:
1. Антибактериялық ем: антибактериялық заттар саңырауқұлаққа қарсы препараттармен бірге тағайындалады (азитромицин 250 мг (капс.) 10 мг/кг х 2 р. күніне №3, цефазолин х 3 р. күніне №10, нистатин 500 мг х 3 р. күніне №10, линекс 1-2 капс. х 3 р. күніне №10).
Паротиттік орхитте балаларға жалпы қабынуға қарсы емге қоса глюкокортикоидты ем, ацетилсалицил қышқылын тағайындайды.
2. СЕҚҚП.
3. Шəует шылбырына новокаиндық блокада жасау.
4. Атабезде абсцесс пайда болуы іріңдікті ашуға көрсеткіш болып табылады.
Консервативтік ем нəтижесіз болса атабез қосалқысын алып тастайды.
Профилактикалық шаралар: жұқпалы ауруларды уақытылы емдеу.
Əрі қарай жүргізу: науқастарды диспансерлік бақылау, 2-3-6 айдан кейін бақылау тексеру.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Аскорбин қышқылы инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% ампулада 2 мл, 5 мл
2. Лиофилизденген бактериялар, капс.
3. *Азитромицин инфузияға арналған ерітінді флаконда 200 мг/100 мл
4. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг, 1000 мг/200 мг дайындауға арналған ұнтақ
5. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
6. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
7. Нитроксолин 200 мг табл.
8. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
9. *Ципрофлоксацин инфузияға арналған ерітінді флаконда 200 мг/100 мл
10. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг
11. *Нистатин 500 000 БІР табл.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары: температураның қалпына келуі, ауыру синдромы мен қабыну процесін тежеу.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: ұмада қабыну процесінің болуы.
Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі: жалпы қан анализі, жалпы несеп анализі, флюорография, микрореакция.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- 1. http://www.urologyhealth.org/. Epididymitis and Orchitis; 2. http://www.guideline.gov/. 2002 national guideline for the management of epididymo-orchitis.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Хусаинов Т.Э., ҚР ДСМ Урология ҒО.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.