Əйелдердің жыныс мүшелерінің төмен түсуі

P-O-022

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Выпадение женских половых органов неуточненное (N81.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы: 
Жамбастық мүшелердің төмен түсуі дегеніміз – соңғы саты, ұстап 
тұратын аппараттағы көптеген ақаулардың нəтижесі. Кіші жамбастағы мүшелердің төмен түсу түрлерінін барлығы бұтаралықтын әр жерлерінен (участок)  бұлтыйып тұрғанын көрсетеді: іншектің алдыңғы жағы (стенка) мен артқы жағын (стенка) жəне оның күмбезін немесе жамбас түбі арқылы тікелей бұлтыйып шығуы.
 
Уретреоцеле – проксимальды үрпі (уретра) мен қуық мойнының ауытқуы.

Цистоцеле – қуық ауытқуы.

Ректоцеле – тік ішектің ауытқуы.

Энтероцеле – тотальды гистерэктомиядан кейін іншек күмбезінің пролабированиесі.

Жатырдың төмендеуі – жатыр мойны интерспинальды сызықтан (линия) төмен орналасып, бірақ жыныс саңылауы аумағынан шықпаған кездегі мүшенің орналасу жағдайы.

Жатырдың толық емес төмен түсуі – жатырдың ауытқуы төмен қарай ұлғаяды, жатыр мойны жыныс саңылауынан шығады, бірақ жатырдың өзі кіші жанбаста қала береді.

Жатырдың толық төмен түсуі – іншек қабырғасымен (стенка) бірге жатырдың тұтастай жыныс саңылауы аумағынан шығып кетуі.


Хаттама коды: P-O-022  "Əйелдердің жыныс мүшелерінің төмен түсуі"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ -10 бойынша кодтары:
N 81 Əйелдердің жыныс мүшелерінің төмен түсуі.
Болуы мүмкін емес:
- Аналық без бен жатыр түтігінің төмен түсуі мен жарығы (N 83.4)
- Гистерэктомиден кейінгі іншек тұқылының (күмбезінің) төмен түсуі (N 99.3)
- Жыныс мүшелерінің төмен түсуі, жүктіліктің, босанудың немесе босандырып алудың қиындауы (О 34.5)
N 81.0 Уретроцеле.
Болуы мүмкін емес:
- Əйелдердің уретроцилі жатырдың төмен түсуінде.
- Цистоцелде
N 81.1 Цистоцеле.
Болуы мүмкін емес:
- Цистоцеле жатырдың төмен түсуімен (N 81.2-N 81.4)
N 81.2 Жатыр мен іншектің толық емес төмен түсуі.
N 81.3 Жатыр мен іншектің толық төмен түсуі.
N 81.4 Жатыр мен іншектің толық төмен түсуі анықталмаған.
N 81.5 Іншектің энтероцелесі.
Болуы мүмкін емес:
- Энтероцеле жатырдың төмен түсуімен (N 81.2-N 81.4)
N 81.6 Ректоцеле.
Болуы мүмкін емес:  
- Тік ішектің төмен түсуі (К 62.3)
-  Ректоцеле жатырдың төмен түсуімен (N 81.2-N 81.4)
N 81.8 Əйелдердің жыныс мүшелерінің төмен түсуінің басқадай формалары.
N 81.9 Əйелдердің жыныс мүшелерінің анықталмаған төмен түсуі.

Жіктемесі


Жіктемесі:
 
1) М.С. Малиновскийдің:
1-дəреже - Жатырдың төмендеуі – жатыр мойны интерспинальды сызықтан (линия) төмен орналасып, бірақ жыныс саңылауы аумағынан шықпаған кездегі мүшенің орналасу жағдайы.
2-дəреже - Жатырдың толық емес төмен түсуі - жатырдың ауытқуы төмен қарай ұлғаяды, жатыр мойны жыныс саңылауынан шығады, бірақ жатырдың өзі кіші жанбасты қала береді.
3-дəреже - Жатырдың толық төмен түсуі – іншек қабырғасымен (стенка) бірге жатырдың тұтастай жыныс саңылауы аумағынан шығып кетуі (3 дəреже).
 
2) В.И. Краснопольскийдің жіктеуі:
1-дəреже – жыныс мүшелері жатырдың, жатыр мойнының, іншек күмбезінің төмендеуі мен төмен түсуі;
2-дəреже – зəршығару жүйесінің іргелес мүшелерінің төмендеуі – үрпі (уретроцеле), қуық (цистоцеле);
3-дəреже – іншектің төмендеуі немесе оның аумағынан тысқары іргелес жатқан құрсақ қуысының мүшелері – аш ішек (энтероцеле) пен тік ішектің (ретроцеле) төмендеуі;
4-дəреже – Жыныстық (гинетальдық) жарық – гистерэктомиден кейінгі іншектің барлық қабырғаларының (стенка) төмен түсуі.

3) Жамбастық мүшелер РОР-Q пролапсасының өту сатысы (стадия):
0-дəреже – Күшену кезінде төмендеуі жоқ.
1-дəреже – Барынша алшақтық нүкте гименальдық сақина деңгейінен жоғары,1 см-ден төмен емес жағдайда орналасады.
2-дəреже – Барынша алшақтық нүкте гименальдық сақина беткейінің деңгейі үстінен + 1см биіктікте орналасады.
3-дəреже – Барынша алшақтық нүкте гименальдық сақина беткейінен 1 см-ден аз емес, төмен түседі, алайда толық төмен түсу байқалмайды.
4-дəреже – Жатырдың немесе іншек керм безінің толық төмен түсуі орын алады.
 
4) А.А.Поповтың ішкі жыныс мүшелерінің төмендеуі мен төмен түсуінің клиникалық тұрғыдағы жіктемесі:
1) Қарапайым Т мен ІЖМТ жамбастық – мүшелер қызметінің бұзылуынсыз болатын жатыр мен іншек қабырғасының анатомиялық дистопиясы.
2) Асқынған Т мен ІЖМТ – мүшелер қызметінің бұзылуына апаратын төмендеуі, атап айтқанда:
а) Т мен ІЖМТ, күшену кезіндегі зəр ұстамаудың асқынуы (КЗҰ) немесе урагениталь интоксикациялы комбинациядағы зəр ұстамау.
б) Т мен ІЖМТ, тік ішек қызметінің асқынған бұзылуы.
в) Т мен ІЖМТ, КЗҰ-дың асқынуы мен тік ішек қызметінің бұзылуы.
г) Т мен ІЖМТ, айқын көрінетін алдыңғы жəне сыртқы энторецеле.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар
 
Туабіткен факторлар:
І. Тіндік (жамбас мүшелерінің төмен түсуі мен зəр ұстамаушылыққа тұқым қуалаған бейімділіктің себепкер екенін анықтайтын (аңғартатын) біріктіретін тіндер
құрылысындағы кемістіктер).
ІІ. Анатомиялық ерекшеліктер (Омырқалар діңгегі осінің, жамбас сүйек құрылысының бұзылуы).

Жүребіткен факторлар:
І. Экстрогенодефицитті жағдай (күй), гиподинамия, шектен тыс жүдеу салдарынан болатын тіндік дистрофия.
ІІ. Жарақаттық факторлар:
а) акушерлік – жамбастың байланыстыратын жəне бұлшықеттік аппаратының созылуы мен жыртылуы, босану мен акушерлік қауырт жəрдем салдарынан жамбас түбі бұлшықетінің иннервациясының бұзылуы;
б) Хирургиялық – кіші жамбас мүшелеріне радикальды жəне реконструктивті операция салдарынан (кіші жамбастағы үлкен ісіктерді алып тастау, жатырды сылып тастау).

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез
 
Айқындау:
- ауруға шалдығудың ұзақтығы;
- тұқым қуалау ерекшеліктері;
- босанудың саны мен ерекшелігі;
- іншектің төмен түсуінің, зəр, жел, нəжіс ұстамау бойынша бұрын жасалған консервативтік немесе хирургиялық емдеу;
- біріктіретін тіндердің дəрменсіздігін аңғартатын қосамжарласқан ауру–сырқаулық: варикоздық ауру, жүректің туа біткен кемістігі, тері гиперэластозы, миопияның жоғарғы дəрежесі, омыртқаның сколиозы.
 
Шағымдар
 
Бастапқы саты:
· бұтаралық аймағы ауырсынуы немесе бөгде денені сезіну;
· жүрген кездегі немесе одан кейін  іштің төменгі жағының, белдің, сегізкөз-мықынның ауруынын күшейуі (ауырсынуы).
 
Əрі қарай ауыру-сырқаудың басқа белгілері қосылады:
1.  Жыныстық қатынас кезіндегі қиындық пен ауырсыну.
2.  Қуыққа қатысты қиындықтар (проблемалар):
- қиналып зəр шығару (төмендеудің айқын кезінде);
- зəр ұстамау (іншектің алдыңғы қабырғасы төмен түскенде);
- қуықтың толық босамауын сезіну;
- сырқат қуығын басып немесе денесінің жағдайын өзгертіп, қуығының босауын жеңілдетеді.
3. Тік ішекке қатысты қиындықтар (проблемелар):
- іш қату;
- нəжіс ұстамау;
- жел ұстамау;
- үлкен дəретке отыру (дефекация) кезіндегі қатты күшену;
- үлкен дəретке отыру (дефекация) кезіндегі ауыру (боль);
- тік ішектің толық босамауын сезіну;
- сырқат үлкен дəретке отыру əрекетін саусағының көмегімен жеңілдетеді;
- іш киімінің нəжіспен (фекалия) бұлғануы.
4. Етеккір келу қызметіне қатысты қиындықтар (проблемалар):
- етеккір келу қызметінің өзгеруі (альгодисменорея, гиперполименорея).
 
Физикалық мəліметтер
Тексерілер (дəрігерге қаралар) алдында қуық пен тік ішекті босату аса қажет.

1. Бұтаралықты қарау – қарау кезінде провакациялық тест жүргізген уақытта бұтарасының бұлтыюы мен іншектің аузында жыныстық ішкі мүшелер бөлігінің көрінуі анықталады.

2. Сыртқы жыныс ағзаларын қарау.

3.  Бірлопасты айна көмегімен қарау (іншектік ретрактормен кезек-кезегімен іншектің алдыңғы, артқы жəне бүйір қабырғалары қаралады).
- төмендеу кезінде іншек қабырғалары құрғақ, серпінді емес, ісінген. Олардың іркістіге айқынырақ емес, жарылу, жауыр жара, трофикалық ойық жара байқалуы мүмкін. Жатыр мойны ісінген;
-  іншектің алдыңғы күмбезінің жойылғанын (жоғалғанын) айқындауға болады -іншектің алдыңғы қабырғасының төмендеуін көрсететін бастапқы белгі.
-  іншектік айнаны алып тастағаннан кейін бұлшықет-леваторлармен ұсталып тұрған іншектің, алдыңғы қабырғасын көруге жəне іншектің артқы күмбезінің жойылғанын байқауға болады, бұл-энтероцеленің пайда бола бастағанын немес ұлғайған ректоцелені көрсетеді.

4.  Бимануальді зерттеп-тексеру:
- қарау басталғанға дейін науқастың күшенуін сұрау қажет;
- мына өлшемдердің зерттелуі қажет: іншектің көлемі, іншек пен үрпінің тыртықтық өзгерісінің бар-жоқтығы, іншектің алдыңғы күмбезінің көлемі, жатыр мойны мен денесінің орналасуы, жөтелу немес күшену кезінде зəрдің еріксіз бөліну анықтамасы.

5.  Ректовагинальдық зерттеу - жамбас түбі бұлшықетінің əлсіз екенін анықтауға мүмкіндік береді. Қарау кезінде дəрігердің өтінішімен науқас жамбас түбі бұлшықетін қысады. Төмен түскен жатыр лимфооттоктың бұзылуы салдарынан ісінген, көгерген болады. Жатыр зақымданғанда оны қалпына келтіру (түзеу) үнемі мүмкін бола бермейді.

6.  Қарау кезінде қолданылатын провакациялық тестілер:
- «жөтелдік» сынақ;
-  вальсальвтың сынағы (күшенумен болатын сынақ);
-  бірсағаттық салып қоятын (прокладочный) тест.

Инструменталдық зерттеу:
- УДЗ зерттеу зəр-бөлу жолдарының төменгі бөлімдерінің анатомиясын дəл қоюға (анықтауға) мүмкіндік береді;
- кольпоскопия;
- компьютерлік томография;
- экскреторная урография;
- цистоскопия;
- гистероскопия.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- іншек қабырғасы мен іншектік жатырдың бөлігіндегі қабырғада орналасқан анық жара бар кездегі онкогинекологтың консультациясы;
- тындырымды (оперативті) емдеу алдындағы урологтың консультациясы.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- Анамнез;
- Шағымдар;
- Бұтарасын қарау;
- Сыртқы жыныстық мүшелерді қарау;
- Айнамен қарау;
- Ректовагинальды зерттеу;
- Бимануальды қарау;
- Провакациялық тестілер.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
- зəрдің жалпы анализі (анамнез);
- өзіне тəн жəне тəн емес жұқпаның (инфекция) бар-жоқтығын анықтау үшін жағындыні (мазков) зерттеу;
- УДЗ;
- кольпоскопия;
- онпоцитологияға жағынды;
- цистоскопия;
- компьютерлік томография;
- магнит-резонастік томография;
- экскреторлық урография;
- гистероскопия.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеу:
- Зəрдің жалпы анализі (анамнез);
- Зəрді бактериологиялық зерттеу;
- Өзіне тəн жəне тəн емес жұқпаның (инфекция) бар-жоқтығын анықтау үшін жағындыні (мазок) зерттеу;
- Онкоцитологияға қатысты жұқпаны зерттеу.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:
- Іншек қабырғасына жəне жатырдың іншектік бөлігіндегі қабырғаға орналсқан ойық жара бар кездегі іншек обыры (рак);
- Іншек жылауығы (кистасы);
- Жатырдың төмен түсуі;
- Пайда болған миоматозды түйін.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
Емдеудің əдіс-тəсілі мен тындырымды (оперативті) жəрдемнің тиімді амалын анықтау бірқатар факторларға байланысты:
1. Жыныстық ішкі мүшелердің төмендеу сатысына.
2. Жыныс жүйесі мүшелерінің анатомиялық-қызметтік өзгеруіне (қосамжарласқан гинекологиялық аурулардың потологиясы) барлығы (бар екені) мен сипаты).
3. Бала табу мен етеккір келу қызметін қалпына келтіру немесе сақтау мүмкіншілігі мен қажеттілігіне.
4. Тоқ ішек қызметінің бұзылуы мен тік ішек сфинктерінің ерекшелігіне.
5. Науқастың жасына.
6. Қосамжарласқан экстрагентальды патология мен хирургиялық əрекеттің қауіп-қатерлік (тəуекелдік) сатысына байланысты.
 
Жыныстық ішкі мүшелердің төмендеуі іншек аузына (кіреберісіне) жетпеген кезде жəне іргелес мүшелер қызметінің бұзылуы болмаған кезде консервативтік емдеу жүргізілуі мүмкін:
1. Диета.
2. Ішек пен қуық қызметіне үнемі бақылау.
3. Физотерапевтің жетекшілігімен жамбас түбі бұлшықеттерін нығайтатын дене шынықтырудың арнайы жаттығулары.
4. Төмен кернедеулі токпен электромиостимуляция жасау, вибромассаж.
5. Іншек ішіне кіретін белгілі көлемдегі жəне формадағы арнайы аппаратты немесе аспапты пайдалану жамбас түбі бұлшықеті күшінің келе-келе ұлғаюына көмектеседі (науқас бұлшықет жиырылғанда ауруға қарсы күресті сезінеді).
6. Арнайы белдік-бандаж кию.

Алғашқы жəрдем:
1. Асқынудың дамымауы үшін төмен түскен мүшені іншектің ішіне қайтадан бағыттайды (впровляют). Мүшені жамбас түбі беткейінен жоғары болғанша бағыттайды (сақина немесе тампонның көмегімен).
2. Өзбетімен арнайы сақинаны (рзінкеден жасалған) пайдаланған кезде вагиналь кремді міндетті түрде қолдану керек, онын құрамында антисептик немесе эстроген бар.
Алғашқы жəрдем көрсетудің бұл амалдарын тек операция алды кезеңінің аясында ғана қолданады.
Хирургиялық амал – емдеудің негізгі əдісі болып есептеледі.
 
Ем мақсаты:
- жамбастық пролапса кемістігін түзеу;
- ауру белгілерінің жеңілденуіне жағдай жасау;
- жамбас мүшелерінің жəне жыныстық қатынастың қызметін қалпында ұстап тұру немесе жақсарту.

Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ.

Дəрі-дəрмектік:  жоқ.

Негізгі дəрі-дəрмектердің тізімі:  жоқ.
 
Қосымша дəрі-дəрмектердің тізімі:  жоқ.

Ем тиімділігінің иникаторлары:
- жамбастық пролапса кемістіктерін түзеу (коррекция);
- ауру белгілерін жеңілдетуді қамтамасыз ету;
- жамбас мүшелерінің жəне жыныстық қатынастың қызметін жақсарту.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:  жоспарлы жəне шұғыл.
 
Хирургиялық емдеу жүргізуге көрсеткіштер болып мыналар есептеледі:
1. Науқас өз қынабы ішіндегі немесе бұтаралық аймақта бөгде денені сезінуі туралы шағымы.
2. Зəр шығару немесе үлкен дəретке отыру кезіндегі қиындық.
3. Жыныстық қатынас кезіндегі қиындық.
4. Жамбас мүшелері тарапынан болатын қызметтік бұзылыс (зəр, нəжіс ұстамау).
5. Анатомиялық айқын көрінетін кемістіктер (жатырдың толық түсіп кетуі).

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
- еңбек тəртібі бойынша нұсқауларды орындау;
- жүктілік пен босануды өткізудің тиімді əдіс-тəсілдері;
- босанғаннан кейінгі кезеңдерді өткізудің тиімді əдіс-тəсілдері (кіші жамбас мүшелері мен жамбас түбінің қызметтік жағдайын барынша толық қалпына келтіруге бағытталған сауықтыру (реабилитация) шараларын жүргізу:  дене шынықтыру жаттығулары, лазерлік ем).

Профилактикалық шаралар:
- əлі құрсақ ішілік кезеңдегі ауру дамуының əйел ағзасына жағымсыз əсерін ескерту;
- балалық шақта ішек пен қуықтың уақытылы босауын міндетті түрде қадағалау;
- қыздардың ауыр дене қимылымен шұғылдануын болдырмау;
- босану кезеңін тиімді өткізу.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Денеге күш түсіретін қимыл, ауыр зат көтеру, ұзақ жүріс, ұзақ уақыт аяқта тұру, жолсапармен байланысты болатын еңбек əрекеті түрлерін операциядан кейінгі 6 ай бойы болдырмау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 2. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 3. Клиническая гинекология, И.В. Дуда, В.И.Дуда, 1999 год. 4. Патология влагалища и шейки матки, В.И. Краснопольский. Москва1999 год. 5. Неоперативная гинекология, В.П. Сметник, 2003 год. 6. Урологическая гинекология, Ю.В. Цвелев, С.Б. Петров. Санкт-Петербург 2006г. 7. Акушерство, гинекология и здоровье женщины Ф. Карр , Москва 2005г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Мырзабекова Г.Т.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының бас дəрігері.
Шакаралиева Э.М.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығы бас дəрігерінің орынбасары.
Гребенникова Г.А.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Баймурзаева Л.Г.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Рослякова А.Г.         Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх