Cаусақтар мен башайлардың жүре пайда болған деформациясы (педиатрия)
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Деформация пальца(цев) (M20.0)
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
Саусақтар мен башайлардың жүре пайда болған деформациясы мына аталғандардың салдарынан пайда болады:
-тұқым қуалаушылық-конституциялық бейімділік;
-сүйек-буын жүйесінің туа біткен дисплазиясы;
-байламдық-бұлшықеттік жүйенің бастапқы әлсіздігі;
-дене массасы айтарлықтай артқанда аяқтарға шамадан тыс жүктеме түсуі;
-жүк көтеру және ұзақ тұру сияқты ауыр дене жұмысы (организмнің компенсациялық мүмкіндіктері аяқталғанда қосымша жұмыс шамадан тыс болады);
-ішкі және сыртқы себептерден аяқ басының әлсіз болуы (қарапайым жүктеме оларға шамадан тыс болады).
Хаттама атауы: Cаусақтар мен башайлардың жүре пайда болған деформациясы
Хаттама коды:
АХЖ-10 код(тар)ы:
М20.0 Саусақтар мен башайлардың деформациясы
М20.1 Бас бармақтың сыртқы қисаюы (hallux valgus) (жүре пайда болған)
М20.2 Сіреспелі үлкен башай
М20.3 Үлкен башайдың басқа деформациялары (жүре пайда болған)
М20.4 Аяқ басының басқа балға тәрізді деформациялары (жүре пайда болған)
М20.5 Башайлардың басқа деформациялары (жүре пайда болған)
М20.6 Башайдың жүре пайда болған анықталмаған деформациясы
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
ЖПД - жалпы практика дәрігері;
ИФА - иммуноферменттік анализ;
ЕДШ – емдік дене шынықтыру;
ЖҚА - жалпы қан анализі;
УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу;
ЭКГ – электрокардиография;
ЭхоКГ – эхокардиография.
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
Пациенттер санаты: балалар
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар травматолог-ортопедтері, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, балалар хирургі, медициналық реабилитологтар (физиотерапевттер, ЕДШ дәрігерлері).
Жіктемесі
Саусақтар мен башайлардың жүре пайда болған деформациясының клиникалық жіктемесі:
Башайлардың статикалық деформациясының жіктемесі [1,2]
Түрі бойынша:
-І саусақтың/башайдың вальгустық ауытқуы (hallux valgus);
-балға тәрізді саусақ/башай (digiti mallei);
-V саусақтың варустық ауытқуы (quintus varus);
-І және V табан сүйектері басының сүйектік-фиброздық ұлғаюлары.
Қол ұшының жарақаттан кейінгі деформациясының жіктемесі [3,4]
Себебіне қарай:
-механикалық жарақат;
-термиялық зақымдану;
-басқалар.
Сәуле санына қарай:
-оңашаланған;
-көптеген;
-толық.
Компенсация деңгейіне қарай:
-компенсацияланған;
-субкомпенсацияланған;
-декомпенсацияланған.
Орналасу жағына қарай:
-сол жақ;
-оң жақ;
-қол ұшының екеуі.
Диагностикасы
Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
-Қол-аяқтың 2 проекциядағы рентгенографиясы.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау: жүргізілмейді
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі:
-Қан тобын анықтау;
-Резус факторды анықтау;
-ЖҚА;
-Жалпы несеп анализі;
-коагулограмма (қан ағудың ұзақтығы және ұю уақыты, протромбин, фибриноген, тромбоциттер адгезиясы және агрегацисының реакиясы, антитромбин);
-биохимиялық қан анализі (жалпы нәруыз, аланинаминотрансфераза, жалпы холестерин, билирубин, тіке билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза, калий, натрий, фосфор, кальций, хлор);
-АИТВ-ға ИФА;
-ИФА әдісімен В, С гепатиттерінің маркерлерін анықтау;
-ЭКГ.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
-Қан тобын анықтау;
-Резус факторды анықтау;
-Қол-аяқтың бақылау рентгенограммасы.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
-ЖҚА;
-Жалпы несеп анализі;
-коагулограмма (қан ағудың ұзақтығы және ұю уақыты, протромбин, фибриноген, тромбоциттер адгезиясы және агрегацисының реакиясы, антитромбин);
-биохимиялық қан анализі (жалпы нәруыз, аланинаминотрансфераза, жалпы холестерин, билирубин, тіке билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза, калий, натрий, фосфор, кальций, хлор);
-ЭКГ;
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жоқ.
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар және анамнез:
Шағымдар: пациенттің психологиялық күйін нашарлататын функциялық бұзылыстар мен косметикалық кемістікті тудыратын аяқ-қолдың деформациясы.
Анамнез: анамнезде саусақ немесе башай жарақатының болуы, жас қосылған сайын аяқ-қол сегментінің деформациясы ұлғаяды.
Физикалық тексеріп-қарау:
Саусақ пен башайдың жүре пайда болған деформациясы былай сипатталады:
-І саусақтың/башайдың ішке (пронациялы) ротацияланумен бірге вальгустық ауытқуы;
-созылмалы бурсит белгілері бар І табан сүйегі басының сүйек-шеміршек экостоздары;
-ортаңғы башайлардың балға тәрізді деформациялануы, жазғыш сіңірдің тері астының айқын тартылуымен және деформацияланған саусақтың арт жағында ауырсындыратын мүйізгектердің қалыптасуымен бірге жүреді.
-экзостозы және бурситі бар V саусақтың/башайдың варустық ауытқуы.
Зертханалық зерттеулер:
Аспаптық зерттеулер (рентгенологиялық белгілері):
Аяқ-қол және оған іргелес буындардың рентгенографиясы:
-Саусақтар мен башайлардың деформациясы (аяқ-қол деформациясының дәрежесі мен кемістік түріне қарай);
-Қол-аяқтың сүйек құрылымдарының деформациясы;
-Сүйектің анатомиялық құрылуының бұзылысы.
Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
-педиатрдың консультациясы /ЖПД (соматикалық патологияның бірге болған кезінде);
-хирургтің консультациясы (бұл салаға сәйкес патолгия болған жағдайда);
-психологтің консультациясы (психологиялық күйінде өзгеріс болған жағдайда);
-генетиктің консультациясы (ауырлық түсіретін тұқым қуалаушылық факторлармен аурулар болған жағдайда);
-эндокринологтің консультациясы (эндокриндік патология болған жағдайда);
-кардиологтің консультациясы (жүрек аймағының ауырсынуы және ЭКГ-да өзгерістер болған кезде);
-оториноларингологтің консультациясы (инфекцияның созылмалы ошақтарын анықтау және санациялау мақсатында);
-стоматологтің консультациясы (инфекцияның созылмалы ошақтарын анықтау және санациялау мақсатында);
Дифференциалды диагноз
Сараланған диагноз:
Көзге көрінетін деформациялар мен функиялық бұзылыстардың болуына қарай саусақтар мен башайлардың жүре пайда болған деформациясы диагнозын қою қиындық тудырмайды.
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары:
-Аяқ-қолдың пішіні мен анатомиясын қалпына келтіру;
-Аяқ-қолдың функциясын қалпына келтіру;
-Өмір сүру сапасын жақсарту.
Емдеу тактикасы:
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Емдәм: №15 жалпы үстел;
Режим: жалпы.
-ЕДШ;
-Физиоемдеу;
-Массаж;
-Ортездеу;
-Протездеу.
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.
Антибактериялық терапия:
Операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу мақсатында:
1-буын цефалоспориндері: цефазолин, 50-100 мг/кг, венаға, операцияға дейін 30-60 минут бұрын, бір рет.
Операциядан кейінгі асқынуларды емдеу мақсатында (курсы 5-7 күн):
2-ші және 3-буын цефалоспориндері:
цефуроксим, 1 кг дене массасына тәулігіне 50-100 мг, 3-4 рет енгізу; бұлшықетке немесе венаға;
немесе цефтриаксон, 1 кг дене массасына тәулігіне 20-75 мг, 1-2 рет енгізу, бұлшықетке немесе венаға;
немесе цефаперазон, 1 кг дене массасына тәулігіне 50-100 мг, 2-3 рет енгізу, бұлшықетке немесе венаға;
линкозамидтер: линкомицин
бұлшықетке, 1 кг дене массасына тәулігіне 10 мг, 12 сағат сайын,
1 кг дене массасына тәулігіне 10-20 мг венаға тамшылатып құю, ауыр инфекция кезінде және 1 айдан асқан балаларға дозаны бір немесе бірнеше реет енгізу;
гликопептидтер:
ванкомицин: 1 кг дене массасына тәулігіне 15 мг, тәулігіне 2 г-нан артық емес, 8 сағат сайын, венаішілік, әр дозаны енгізу 60 минуттан кем болмауы тиіс.
Ауырсынуды басатын терапия (операциядан кейінгі кезеңде):
есірткілік емес анальгетиктер:
парацетамол, 200 мг, таблетка - баланың 1 кг дене массасына 60 мг есебінен, тәулігіне 3-4 рет. Қабылдау аралығы 4 сағаттан кем болмауы керек. Ең көп тәуліктік доза 1,5 г - 2,0 г;
парацетамолдың ректальдық суппозиторийдері 125, 250 мг – бір реттік доза баланың 1 кг дене массасына 10-15 мг, тәулігіне 2-3 рет, 4-6 сағатөткенсоң;
парацетамол суспензиясы 120 мг/5 мл, ішуге арналған– препараттың бір реттік дозасы 1 кг дене салмағына 10-15 мг, тәулігіне 4 рет, әр қабылдаудың аралығы 4 сағаттан кем емес (1-3 айлық балаларға доза жеке тағайындалады).
Ішуге арналған парацетамол сиробы 2,4% 50 мл – 3-12 айлық балаларға ½-1 шай қасық (60 -120 мг); 1-6 жастағы балаларға 1-2 шай қасық (120-240 мг); 6-14 жастағы балаларға 2-3 шай қасық (240-360 мг), тәулігіне 2-3 рет. Анальгетик ретінде парацетамолмен емделудің ең ұзақ мерзімі 3 күннен артық болмауы тиіс.
Ибупрофен суспензиясы 100 мг/5мл - 200 мл, ішуге арналған, дене массасының 1 кг-на 7-10 мг, ең көп тәуліктік доза – 1 кг-ға 30 мг. Препаратты қабылдау аралығы 6 сағаттан кем болмауы тиіс. Ауырсынуды басатын дәрі ретінде, емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы керек.
Апиындық анальгетиктер:
трамадол, инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/мл – 2 мл.
1-14 жас аралығындағы балаларға: бір реттік доза 1кг-ға 1-2 мг, венаға, бұлшықетке немесе тері астына салады. Инъекцияны венаға өте баяу енгізу керек немесе инфузиялық ерітіндіге араластырып инфузия жолымен салған жөн. Дозаны 4-6 сағаттан кейін қайталауға болады.
тримеперидин 2% -1 мл, инъекцияға арналған ерітінді, 2 жастан асқан балаларға мөлшерлеме – дене массасының 1 кг-на 0.1 - 0.5 мг. 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
морфин 2% 1 мл:
2-3 жасар балаға бір реттік доза – 0,1 мл (1 мг морфин), тәуліктік доза – 0,2 мл (2 мг морфин);
3-4 жас: бір реттік доза - 0,15 мл (1,5 мг), тәуліктік доза - 0,3 мл (3 мг);
5-6 лет: бір реттік доза - 0,25 мл (2,5 мг), тәуліктік доза - 0,75 мл (7,5 мг);
7-9 лет: бір реттік доза - 0,3 мл (3 мг), тәуліктік доза - 1 мл (10 мг);
10-14 лет: бір реттік доза 0,3-0,5 мл (3-5 мг), тәуліктік доза - 1-1,5 мл (10-15 мг).
Су-эллектролит алмасуды түзеу және ауыстыру мақсатында кристаллоидтық ерітіндімен инфузиялық терапия:
натрий хлориді ерітіндісі 0,9% - 1 кг-ға 20-30 мл енгізеді;
декстроздар 5% - бірінші күні глюкозаны 6 г/кг/тәул енгізеді, келесі күндері – тәулігіне 15 г/кг.
Периоперациялық қансырауға байланысты алмастыру мақсатындағы қан препараттары:
жаңа тоңазытылған плазма (қансырауға байланысты айналымдағы 25-30%-дан артық қан көлемінің тапшылығы, плазманың ХҚҚ-сы 1,5-тен (қалыпты 0,7-1,0) артық болғанда, дене массасының 1 кг-на 10-20 мл дозаны венаға құю);
эритроциттік жүзгін (қансырауға байланысты айналымдағы 25-30%-дан артық қан көлемінің тапшылығы, 24 %-дан төмен гематокрит, қансырауға байланысты гемоглобиннің 70-80 г/л-дан төмен болуы, айналымдық бұзылыстардың пайда болуы кезінде дене массасының 1 кг-на 10-20 мл дозаны құю көрсетілген.
тромбоконцентрат (пайда болған қансырау аясында тромбоциттер деңгейінің 50*10/9 дейін төмендеуі, бұдан әрі тромбоциттер деңгейін 100*10/9 дейін ұстау – венаға дене массасының 10 кг-на 1 дозаны құю).
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
- негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар);
Антибиотиктер:
цефазолин 500 мг, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, венаға және бұлшықетке енгізеді.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
парацетамол, таблеткалар 200 мг;
парацетамол, ректальды суппозиторийлер 125, 250 мг;
парацетамол суспензиясы, ішуге арналған 120 мг/5 мл;
парацетамол сиробы, ішуге арналған 2,4% 50 мл;
ибупрофен, ішуге арналған суспензия 100 мг/5мл – құты, дозалау шприцімен 200 мл.
Анальгетики:
трамадол - 50 мг/мл -1 мл инъекцияға арналған ерітінді;
тримепиридин - 1 немесе 2% - 1 мл инъекцияға арналған ерітінді;
морфин - 1% - 1 мл, инъекцияға арналған ерітінді.
Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
натрийхлориді 0,9% - 500, 400, 200 мл веналық инфузияға арналған ерітінді;
декстроза 5% - 500, 400, 200 мл веналық инфузияға арналған ерітінді (50%);қосымша дәрі-дәрмектер тізбесі (қолдану мүмкіндігі 100%-дан төмен)
Антибиотиктер
цефуроксим, инъекция және инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 750мг и 1.5г;
цефтриаксон, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 0,5 г и 1,0 г.;
цефаперазон, венаға және бұлшықетке енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1.0 г.;
линкомицин, венаға және бұлшықетке енгізуге арналған ерітінді, 300 мг/мл.;
ванкомицин, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат ,500 мг, 1000 мг.
Периоперациялық қансырауға байланысты алмастыру мақсатындағы қан препараттары:
жаңа тоңазытылған плазма (қансырауға байланысты айналымдағы 25-30%-дан артық қан көлемінің тапшылығы, 1,5-тен (қалыпты 0,7-1,0) артық плазманың ХҚҚ-сы кезінде, массаның 1 кг-на 10-20 мл дозаны венаға құю);
эритроциттік жүзгін (қансырауға байланысты айналымдағы 25-30%-дан артық қан көлемінің тапшылығы, 24 %-дан төмен гематокрит, қансырауға байланысты гемоглобиннің 70-80 г/л-дан төмен болуы, айналымдық бұзылыстардың пайда болуы кезінде дене массасының 1 кг-на 10-20 мл дозаны құю көрсетілген.
Немесе мына формула бойынша есептеу: гемоглобин қалыпты – пациент қанының гемоглобині *дене массасына 1 кг-ға * 5);
тромбоконцентрат (пайда болған қансырау фонында тромбоциттер деңгейінің 50*10/9 дейін төмендеуі, бұдан әрі тромбоциттер деңгейін 100*10/9 дейін ұстау – венаға дене массасының 10 кг-на 1 дозаны құю).
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді
Емдеудің басқа түрлері:
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері:
-ЕДШ;
-Физиоемдеу;
-Массаж;
-Ортездеу.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері:
-таңу;
-физиоемдеу;
-ЕДШ;
-массаж;
-жаттығуға арналған құрылғылар;
-ортездеу;
-потездеу.
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді
Хирургиялық араласу:
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу: жоқ
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
Операциялық емдеу әдістері [1,2,3]:
-Сүйектік пластика операциялары;
-Сүйектік, интрамеддулярлық металл құрылғыны және сүйек арқылы жасалатын остеосинтез аппаратын қолданып түзету остеотомиясын жасау;
-Аутодермопластикамен үйлестірілген реконструкциялық операциялар;
-Мионтранспозиция, тендопластика, миотендопластика;
-Табан сүйектеріне жасалатын әртүрлі деңгейлі остеотомия;
-Остеотомия мен миотранспозиция немесе табан сүйектерін тұтастырғыш операцияларының қосылысы;
-Металл құрылғыны аяқ-қолдан алып тастау;
-Сүйек арқылы жасалатын остеосинтез аппаратын демонтаждау.
Операцияға көрсетімдер: субкомпенсация/декомпенсация сатысындағы саусақтар мен башайлардың жүре пайда болған деформациялары;
Операцияға қарсы көрсетімдер:
-декомпенсация сатысындағы қосарланған созылмалы аурудың (жүрек, бүйрек, бауыр, және т.б.) болуы;
-психикалық бұзылыстар (когнитивтік функциялардың бұзылысы), пациенттің бейадекваттылығы.
-іріңді-қабынбалы аурулардың болуы.
Әрі қарай бақылау:
-таңу;
-физиотерапия;
-ЕДШ;
-массаж;
-ортездеу;
-ауырсынуды басатын терапия;
-антибактериялық терапия;
-емхана ортопедінің диспансерлік есепке алуы, қаралу жиілігі - 2 жасқа дейін 3 айда бір рет, одан әрі – 14 жасқа дейін жылына 1 рет.
-Саламатты өмір салты бойынша ұсыным (дұрыс тамақтану, суда жүзу).
Емдеу тиімділігінің және диагностика мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
-Аяқ-қол пішінінің қалпына келуі;
-Аяқ-қол функциясының жақсаруы;
-Буындардағы қозғалыстардың функциялық көлемінің жақсаруы;
-Тірек-динамикалық функцияның жақсаруы;
-Косметикалық ақауларды жою, өмір сүрусапасын жақсарту.
Ауруханаға жатқызу
Емдеуге жатқызу типін көрсете отырып, емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:
Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер: жүргізілмейді
Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер [4]:
-субкомпенсация/декомпенсация сатысындағы саусақтар мен башайлардың жүре пайда болған деформациясы
-қолдың косметикалық кемістіктерінен болған пациенттің психологиялық күйінің бұзылысы.
Алдын алуы
Профилактикалықіс-шаралар:
Операциядан кейінгі іріңдеп асқынудың алдын алу:
операцияғадейінгі антибиотиктік профилактика, операциядан кейінгі жаралар санациясы, таңу.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- 20. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) «Ортопедия - Национальное руководство» С.П. Миронова, Г.П. Котельникова - М.: ГЕОТАР 2008г.; 2) Місһеііе А. Іате§ апё Місһаеі 8. Веёпаг Маі&гтаііоп8 апё Ве&гтіііе§ оі' іһе ^гізі апё Ғогеагт // 8сой ^. ^оііе, КоЬегІ N. Ноісһкізз, ^ііііат С.; 3) Реёегзоп, 8сой Н. Когіп Огееп’8 Өрегаііуе Напё 8игдегу. — Сһигсһііі Ьіүіпдзіопе, 2010. — С. 1404—1434; 4) Іоһд Б. ЬиЬаһд, Б. Раігіск ^Шіашз Тһе Иапё апё ^гі§! // ^аһег В. Огеепе Кейег'8 Огіһораеёісз. — 8аипёег§, 2005. — С. 335—362; 5) Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2-е издание, ГЕОТАР, 2002.
Ақпарат
Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
Рецензенттер: Дженалаев Болат Қанапиянұлы, м.ғ.д., профессор, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі.
- Нағыманов Болат Әбікенұлы, м.ғ.к., доцент, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, №1 травматология-ортопедия және вертебрология бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас балалар травматолог-ортопеді;
- Харамов Исамдун Каудунович, м.ғ.к., «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ МКК жанындағы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық емханасының травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі;
- Бектасов Жарылқасын Қуанышбекұлы, Астана қ., «№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі;
- Дробышева Людмила Васильевна, «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ МКК жанындағы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық емханасының реабилитолог дәрігері;
- Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-тың фармаколог клиникалық дәрігері.
Рецензенттер: Дженалаев Болат Қанапиянұлы, м.ғ.д., профессор, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.