2 типті қант диабеті

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Инсулиннезависимый сахарный диабет (E11)
Эндокринология

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «18» тамыздағы
№ 26 хаттамасымен мақұлданған

Қант диабеті – метаболиттік (айырбас)  зақымданулардың тобы, ол инсулин секрециясының бұзылуы, инсулин ықпалы немесе осы екі фактордың бұзылуы нәтижесінде пайда болатын созылмалы гипергликемиямен сипатталады.
 
КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары)::

АХЖ-10
Коды Атауы
Е 11 Инсулинге тәуелді қант диабеті:
E 11.0 Комамен;
Е 11.1 Кетоацидозбен;
Е 11.2 Бүйректердің сырқаттануымен ;
Е 11.3 Көздердің сырқаттануымен;
Е 11.4 Неврологиялық асқынулармен;
Е 11.5 Шеткі қанайналымдарының сырқаттануымен;
Е 11.6 Өзге нақтыланған сырқаттануымен;
Е 11.7 Көптеген сырқаттанулармен;
Е 11.8 Айқындалмаған сырқаттанулармен.
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2014 жыл (2017 жылы қайта қаралды).

Хаттаманы пайдаланушылар: жедел кезек күттірмейтін көмек дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, эндокринологтар, реаниматологтар.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+)тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға(++ немесе +) қолданылуы мүмкін.
D Жағдайларсериясыныңсипаттамасынемесебақыланбайтынзерттеунемесесарапшылардыңпікірі.
GPP Үздік клиникалық практика
 

Жіктемесі


1-кесте. Клиникалық ағымының сипаты бойынша ҚД
1 типті ҚД Ұйқы безінің β-жасушаларының деструкциясы, әдетте толық инсулиндік жетіспеушілікке алып келеді
2 типті ҚД Инсулинорезисторлықтың аясындағы инсулин секрециясының ілгері бұзылуы
ҚД-нің өзге айрықша типтері −        β-жасушалары функцияларының генетикалық ақаулары;
−        инсулин әрекетінің генетикалық ақаулары;
−        ұйқы безінің экзокринді бөлігінің ауруы;
−        дәрілік препараттар және химиялық заттармен индуцирленген (АИТВ/ЖИТС емдеу кезінде немесе органдар трансплантациясынан кейін);
−        эндокринопатии;
−        инфекции;
−        ҚД-мен сәйкес келетін өзге де генетикалық синдромдар. СД.
Гестационды ҚД Жүктілік кезінде пайда болады

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [1,3,6,7]

Диагностикалық өлшемшарттар:
·          Әлсіздік
·          Сырқаттану
·          жұмысқабілеттілігінің төмендеуі;
·          апатия
·          тері және қынап қышуы
·          полиурия
·          полидипсия
·          мерзімдік көру айқынсыздығы
·          табандардың қызуы
·          аяқ бастарының сіңірінің түйілуі және түнгі уақыттағы парестезия
·          тері мен тырнақтың дистрофиялық өзгерісі
*кездейсоқ гипергликемияны анықтау кезінде шағымдар болмауы мүмкін [6].

Анамнез:
Сырқат, әдетте, 40 жастан жоғары байқалады, оның алдында метаболикалық синдром компоненттері кездеседі (семіздік, артериялық гипертензия және т.б.).

Физикалық қарап-зерттеу
ҚД2 типті науқастарда болады::
·          ИР белгілері: висцералды семіздік, АГ,акантозиснигриканс;
·          Бауыр көлемдерінің ұлғаюы;
·          Дегидратация белгілері (шырыштың, терінің құрғақтығы, тері тығыздығының төмендеуі);
·          Нейропатия белгілері (парестезия, тері мен тырнақтардың дистрофикалық өзгерістері, табандардың жара ақаулары).

Зертханалық зерттеулер:
·          Қанның биоимиялық талдауы: гипергликемия (кесте 2);

2-кесте. Қант диабетінің диагностикалық өлшемшарттары [1, 3] 

Анықтау уақыты Глюкоза концентрациясы, ммоль/л*
Біртұтас капиллярлы қан Күре тамыр плазмасы
НОРМА
Аш қарынға және ПГТТ-дан кейінгі 2 сағатта < 5,6 < 6,1
< 7,8 < 7,8
Қант диабеті
Аш қарынға**
Және ПГТТ-дан кейінгі 2 сағатта
Немесе кездейсоқ анықтау
≥ 6,1
≥ 11,1
                ≥ 11,1
≥ 7,0
≥ 11,1
≥ 11,1
*Диагностика глюкоза деңгейін зертханалық анықтау негізінде жүргізіледі.
** ҚД диагнозын келесі күндері гликемияны қайта анықтаумен растап отыру қажет.
 
·          НЖТ: глюкозурия, кетонурия (кейде).
·          С-пептид – кезінде инсулиннің қалдық секрециясының маркері (0,28-1.32 пг/мл нормасында). С-пептид резервтеріне сынама: ҚД2кезінде С-пептид деңгейі жоғары немесе қалыпты, дефицит синдромынан өрлеу кезінде инсулин төмендейді.
·          Гликирленген гемоглабин (НвА1с) – ≥ 6,5%.
 
Аспаптық зерттеулер (көрсетілімдер бойынша):
·          ЭКГ – миокард ритмі мен ишемиясының бұзылуын айқындау, сол қарынша миокардының гипертрофиясының белгілерін, систоликалық жүктемені айқындау үшін;
·          ЭхоКГ – миокардтың жекелеген бөліктерінің дистрофиясы, қуыс дилатациясы, ишемия зонасы, шығару фракциясын бағалау үшін;
·          Құрсақ қуысы УДЗ – қосалқы сырқаттарды айқындау;
·          Аяқ бастары тамырларының УДДГ – магистралды артериялар мен табан артерияларындағы қан айналымының жылдамдық көрсеткіштерінің өзгерісін айқындау үшін;
·          холтер мониторлеуі – АҚ-ның жасырын көтерілулерін, аритмияны айқындау үшін;
·          ГТҮМ жүйесі–қанттөмендетуші терапияны таңдау және жөндеу, пациенттерді оқыту және оларды емдеу үрдісіне жұмылдыру мақсаттарында үздіксіз гликемия мониторлеу әдісі;
·          Табандардың рентгенографиясы – диабеттік аяқ басы синдромы кезінде терінің зақымдалу күрделілігі мен тереңдігінің деңгейін бағалау үшін;
·          Табандардың трофиялық зақымдалуы кезінде микробиологиялық зерттеулер – рационалды антиботик терапия үшін;
·          Аяқ басының электронейромиографиясы – диабеттік полинейропатияның ерте диагностикасы.

Тар шеңберлі мамандардың кеңесі үшін көрсеткіштер:
6-кесте. Мамандар консультациясы үшін көрсетілімдер[3, 7]

Маман Консультация мақсаты
Офтальмолог кеңесі Көздің диабеттік зақымдануының диагностикасы және емдеуі үшін – көрсеткіштер бойынша
Невролог кеңесі Диабет асқынуларының диагностикасы және емдеуі үшін – көрсеткіштер бойынша
Нефролога кеңесі Диабет асқынуларының диагностикасы және емдеуі үшін – көрсеткіштер бойынша
Кардиолог кеңесі Диабет асқынуларының диагностикасы және емдеуі үшін – көрсеткіштер бойынша
Ангиохирург кеңесі Диабет асқынуларының диагностикасы және емдеуі үшін – көрсеткіштер бойынша

2 типті ҚД-ның диагностикалық алгоритмі:  

1-сурет. 2 типті қант диабетінің скрининг және диагностика алгоритмі.



Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі

4-кесте. 1 типту ҚД және 2 типті ҚД2 дифференциалды диагностиканың өлшемшарттары

1 типті ҚД 2 типті ҚД
Жас, қатаң бастама (шөлдеу, полиурия, салмақтың азаюы, несептегі ацетонның болуы) Семіздік, АГ, аз қимылдаутын өмір салты, жақын туыстарында ҚД-нің болуы
Ұйқы безінің тірек қимыл β-жасушаларының аутоиммунды деструкциясы Β-жасушаларының секреторлы дисфункциясымен бірге инсулинрезистенттілігі

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [2,3,7,8,11]
Амбулаторлық емдеуге ҚД2 типті қатаң асқынулары жоқ науқастар жатады.

Емдеу мақсаты:
·          Гликемия мен НвА1с-ның жеке мақсатты деңгейлеріне жету;
·          АҚ қалыпқа келтіру;
·          Липидті айналымды ұалпына келтіру;
·          ҚД асқынуларының профилактикасы.

5-кесте. HbAlc бойынша терапия мақсаттарын жекеше таңдау алгоритмі [2,3] 

Өлшемшарттар Жасы
жас орта Егде және/немесеКӨҰ* 5 жыл
Асқыну және/немесе ауыр гипогликемия қаупі жоқ < 6,5% <7,0% <7,5%
Ауыр асқынулар және/немесе ауыр гипогликемия қаупі бар <7,0% <7,5% <8,0%
*КӨҰ – күтілетін өмір ұзақтығы.
 
6-кесте. HbAlc-ның осы нысаналы деңгейлеріне плазма глюкозасының прандиальға дейінгі/кейінгі деңгейінің мынадай нысаналы мәндері сәйкес келеді [2,3]

HbAlc** Плазма глюкозасы
Аш қарынға/ тамақ алдында, ммоль/л
Тамақтан 2 сағаттан кейінгі плазма глюкозасы, ммоль/л
< 6,5 < 6,5 < 8,0
< 7,0 < 7,0 < 9,0
< 7,5 < 7,5 < 10,0
< 8,0 < 8,0 < 11,0
* Бұл мақсатты көрсеткіштер балаларға, жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге қатысты емес.
Осы категориялар бойынша көрсеткіштер арнайы бөлімдерге көрсетілген.
** DCCT стандарттарына сәйкес нормалық деңгей: 6%-ға дейін.
 
7-кесте. ҚД науқастарының липидті алмасуының нысаналы көрсеткіштері [2,3]

Көрсеткіштер Нысаналы мәндері, ммоль/л*
ерлер әйелдер
Жалпы ХС < 4,5
ХС ТТЛП < 2,6**
ХС ЖТЛП > 1,0 >1,2
Триглицеридтер <1,7
* моль/л-данв мг/дл-ға ауыстыру:
Общий ХС, ХС ТТЛП, ХС ЖТЛП: ммоль/л×38,6=мг/дл
Триглицеридтер: ммоль/л×88,5=мг/дл
**< 1,8 – жүрек-қан тамырларының сырқаты бар адамдар үшін.
 
8-кесте. ҚД науқастарындағы АҚ-ның нысаналы көрсеткіштері [2, 3]

Көрсеткіш Нысаналы мәндері, мм рт. ст.
Систолалық АҚ >120* и ≤ 130
Диастолалық АҚ >70* и ≤ 80
* антигипертензивті терапия аясында
Эндрокринологқа әрбір барған кезде АҚ өзгерісі болуы тиіс.Систолалық АҚ (САҚ) мәндері АҚ (САҚ) ≥ 130 мм рт. ст.немесе диастолалық мәндері АҚ (ДАҚ) ≥ 80 мм рт. Ст болатын науқастар басқа күні АҚ қайта өлшеу керек. Егер АҚ-ның аталған мәндері қайта өлшеуде қайталанса, АГ диагнозы расталған болып есептелінеді.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          диета №8 – редуцирленген субкалориялық диета. Инсулинотерапия қабылдайтын пациенттер үшін – азықтық талшықтармен байытылған диета.
·          Жалпы режим;
·          Физикалық белсенділік – жүрек-қан тамыр жүйесінің күйін ескере отырып;;
·          Диабет мектебінде оқыту;
·          Өзін өзі бақылау.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу:
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (қолданудың 100%-дық ықтималдылығы бар):
9-кесте. 2 типті ҚД емдеу үшін пайдаланылатын қант төмендетуші препараттар:

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы
 
Қолдану әдісі
 
Дәлелділік деңгейі
 
СМ препараттары гликлазид Ауыз арқылы А
гликлазид А
глимепирид А
глибенкламид А
Глинидтер (меглитинидтер) репаглинид Ауыз арқылы А
*натеглинид А
Бигуанидтер метформин Ауыз арқылы А
ТЗД (глитазондар) пиоглитазон Ауыз арқылы А
Ингибитор α-глюкозидаз акарбоза Ауыз арқылы А
аГПП-1
 
дулаглутид Тері асты арқылы А
лираглутид А
ликсисенатид А
иДПП-4
 
ситаглиптин Ауыз арқылы А
вилдаглиптин А
саксаглиптин А
линаглиптин А
иНГЛТ-2 эмпаглифлозин[10-12] Ауыз арқылы А
дапаглифлозин[8-9] А
канаглифлозин[13-15] А
Ультрақысқа әрекетті инсулиндер (адами инсулин аналогтары) Инсулинлизпро Тері асты арқылы немесе венаішілік.
 
Тері асты арқылы немесе венаішілік.
Тері асты арқылы немесе венаішілік.
 
А
Инсулин аспарт А
Инсулин глулизин А
Қысқа әрекетті инсулин Адами гендік-инженерлік еритін инсулин Тері асты арқылы, венаішілік
 
А
Әсер ұзақтығы орташа инсулиндер Адами гендік-инженерлік Изофан-инсулин Тері асты арқылы
 
А
Ұзақ әсерлі инсулиндер (адами инсулин аналогтары) Инсулин гларгин
100 ЕД/мл[16-20]
Тері асты арқылы
 
А
Инсулин детемир
[21-23]
А
Аса ұзақ әсерлі инсулиндер (адами инсулин аналогтары) Инсулин деглудек
[24-28]
Тері асты арқылы
 
А
Инсулин гларгин
300 ЕД/мл[29-35]
А
Қысқа әсерлі инсулиндердің дайын қоспалары Адами гендік-инженерлік екіфазалық инсулин Тері асты арқылы
 
А
Қысқа әсерлі инсулиндердің дайын қоспалары Екіфазалық Инсулинлизпро 25/75 Тері асты арқылы
 
А
Екіфазалық Инсулинлиз 50/50 А
Екіфазалық Инсулинаспарт А
Аса ұзақ әсерлі инсулиндер аналогтары ультрақысқа әсерлі инсулин аналогтарының дайын комбинациялары Инсулиндеглудек +
Инсулинаспарт 70/30[36-37]
Тері асты арқылы
 
А
Ұзақ және аса ұзақ әсерлі инсулиннің біріктірілген инъекциялық препараттары және аГПП-1 Инсулин гларгин  + ликсисенатид
(күніне 1 рет)
[38-39]
Тері асты арқылы
 
А
Инсулин деглудек + лираглутид
(күніне 1 рет)
[40-43]
А
 
«Қазақстандық дәрігерлер-эндокринологтар ассоциациясының» Консенсусына сәйкес, 2 типті қант диабетінің диагностикасы және емдеуі бойынша, 2016 жылы ҚД2 бастамашыл және қанттөмендетуші терапияны таңдау кезінде келесі алгоритмді сақтану керек:



Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (қолдану ықтималдығы 100%-дан кем)
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу
10-кесте. 2 типті ҚД-мен ауыратын пациенттерде динамикалық бақылауды талап ететін зертханалық көрсеткіштер тізбесі[5]:

Зертханалық көрсеткіштер Зерттеп-қарау жиілігі
Гликемияны өзіндік бақылау Сырқат дебюты және декомпенсация кезінде күнделікті бірнеше реет. Кейіннен, ССТ түріне байланысты:
- интенсифирленген инсулинтерапиясына: күнделікті кемінде 4 рет;
- ПССТ және/немесе ГПП-1 және/немесе базальды инсулинде: тәуліктің әр түрлі уақытында тәулігіне кемінде 1 рет + аптасына 1 гликемиялық профиль (кемінде тәулігіне 4 рет) ;
- инсулиннің дайын қоспаларында: тәуліктің әр түрлі уақытында кемінде тәулігіне 2 рет + аптасына 2 гликемиялық профиль (кемінде тәулігіне 4 рет);
- диетотерапияда: тәуліктің әр түрлі уақытында аптасына 1 рет;
 
HbAlc 3 айда 1 рет
Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, холестерин, ХС ЛПНП, ХС ЛПВП, триглицеридтер, билирубин, АСТ, АЛТ, креатинин, СКФ, К, Na есептеулері) Жылына 1 рет (өзгерістер болмаған жағдайда)
ҚЖТ жылына 1 рет
НЖТ Жылына 1 рет
Несептегі альбумин мен креатинин қатынасын анықтау Жылына 1 рет
Несеп пен қандағы кетон денелерін анықтау Көрсеткіштер бойынша
ИРИ анықтау Көрсеткіштер бойынша
* ҚД созылмалы асқынуларының белгілері пайда болған жағдайда, қосымша сырқаттанулардың қосылуы, қауіптің қосымша факторларының пайда болуы кезінде тексеріс жиілігі туралы мәселе жеке қарастырылады.
 
11-кесте. 2 типті ҚД-мен ауыратын пациенттерде динамикалық бақылауды жүргізу үшін қажетті аспаптық зерттеп-қараулардың тізбесі *[3,7]

Аспаптық зерттеп-қарау әдісі Зерттеп-қарау жиілігі
ГТҮМ Көрсеткіштер бойынша
Контроль АД Дәрігерге әрбір келген сайын.АГ болған жағдайда – АҚ-ды зіндік бақылау
Аяқты қарап тексеру
Табанның сезімталдылығын бағалау
Дәрігерге әрбір келген сайын
Аяқ бастарының ЭНГ-сы Жылына 1 рет
ЭКГ Жылына 1 рет
ЭКГ (жүктемемен бірге) Жылына 1 рет
Кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы Жылына 1 рет
Аяқ бастары мен бүйректер тамырларының УДДГ Жылына 1 рет
Құрсақ қуысы органдарының УДЗ Жылына 1 рет
* ҚД созылмалы асқынуларының белгілері пайда болған жағдайда, қосымша сырқаттанулардың қосылуы, қауіптің қосымша факторларының пайда болуы кезінде тексеріс жиілігі туралы мәселе жеке қарастырылады.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          Гликемия және НвА1с жеке мақсаттарына жету;
·          Липидтік айналымның мақсатты көрсеткіштеріне жету;
·          АҚ-ның мақсатты деңгейіне жету;
·          Өзін өзі бақылауға ынтаның артуы;

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫқ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: Сәйкес қант төмендетуші терапияны іріктеу жүзеге асырылады.
 
Пациентті бақылау картасы, пациентті бағдарлау:


Дәрі-дәрмексіз емдеу: амбулаториялық деңгейдi қараңыз;
 
Дәрі-дәрмектік емдеу: амбулаториялық деңгейдi қараңыз;
 
Хирургиялық араласу [3]: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
 
Емдеудің тиімділік индикаторлары: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.


Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ҮШІН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
·          Амбулаторлық жағдайларда реттелмейтін көмірсутек айналымының декмомпенсация күйі;
·        ай бойы немесе одан да артық мерзімде жиі қайталанатын гликогликемия;
·        ҚД1 типті неврологиялық және тамырлық (ретинопатия, нефропатия) асқынулардың артуы, диабеттік аяқ басы синдромы;
·        Жүктілік кезінде анықталған, ҚД2 типті жүкті әйелдер
 
Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
·          комалар - гиперосмолярлы, гипогликемиялық, кетоацидотиялық, сүтқышқылды.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) American Diabetes Association. Standards of medical care in diabetes - 2017. DiabetesCare, 2017, Volume 40 (Supplement 1). 2) World Health Organization. Definition, Diagnosis, and Classification of Diabetes Mellitus and its Complicatios: Report of a WHO consultation. Part 1: Diagnosis and Classification of Diabetes Mellitus. Geneva, World Health Organization, 1999 (WHO/NCD/NCS/99.2). 3) Алгоритмы специализированной медицинской помощи больным сахарным диабетом. Под ред. И.И. Дедова, М.В. Шестаковой, А.Ю. Майорова, 8-йвыпуск. Москва, 2017. 4) World Health Organization. Use of Glycated Haemoglobin (HbAlc) in the Diagnosis of Diabetes Mellitus. Abbreviated Report of a WHO Consultation. World Health Organization, 2011 (WHO/NMH/CHP/CPM/11.1). 5) БазарбековаР.Б., НурбековаА.А., ДаньяроваЛ.Б., ДосановаА.К. Консенсус по диагностике и лечению сахарного диабета. Алматы, 2016. 6) Deutsche Diabetes Gesellschaft und Deutsche Vereinte Gesellschaftfür Klinische Chemie und Labormedizin, 2016. 7) Pickup J., Phil B. Insulin Pump Therapy for Type 1 Diabetes Mellitus, N Engl Med 2012; 366:1616-24. 8) Zhang M, Zhang L, Wu B, Song H, An Z, Li S. Dapagliflozin treatment for type 2 diabetes: a systematic review and meta-analysis of randomized controlled trials.Diabetes Metab Res Rev. 2014 Mar;30(3):204-21. 9) RaskinP.Sodium-glucose cotransporter inhibition: therapeutic potential for the treatment of type 2 diabetes mellitus. Diabetes Metab Res Rev. 2013 Jul;29(5):347-56. 10) Grempler R, Thomas L, EckhardtM,et al. Empagliflozin, a novel selective sodium glucose cotransporter-2 (SGLT-2) inhibitor:characterisation and comparison with other SGLT-2 inhibitors. Diabetes ObesMetab 2012; 14: 83-90. 11) Häring HU, Merker L, Seewaldt-Becker E, et al. Empagliflozin as add-on to metformin plus sulfonylurea in patients with type 2 diabetes: a 24-week, randomized, double-blind, placebo-controlled trial. Diabetes Care 2013; 36: 3396-404. 12) Häring HU, Merker L, Seewaldt-Becker E, et al. Empagliflozin as add-on to metformin in patients with type 2 diabetes:a 24-week, randomized, double-blind,placebo-controlled trial. Diabetes Care 2014; 37: 1650-9. 13) Nisly SA, Kolanczyk DM, Walton AM. Canagliflozin, a new sodium-glucose cotransporter 2 inhibitor, in the treatment of diabetes.//Am J Health Syst Pharm. – 2013. - 70(4). – Р. 311–319. 14) Lamos EM, Younk LM, Davis SN. Canagliflozin, an inhibitor of sodium-glucose cotransporter 2, for the treatment of type 2 diabetes mellitus. Expert Opin Drug MetabToxicol 2013;9(6):763–75. 15) Stenlöf K, Cefalu WT, Kim KA, et al. Efficacy and safety of canagliflozinmonotherapy in subjects with type 2 diabetes mellitus inadequately controlled with diet and exercise.// Diabetes ObesMetab. – 2013. - 15(4). – P. 372–382. 16) Rossetti P, Porcellati F, Fanelli CG, Perriello G, Torlone E, Bolli GB. Superiority of insulin analogues versus human insulin in the treatment of diabetes mellitus.ArchPhysiolBiochem. 2008 Feb;114(1):3-10. 17) White NH, Chase HP, Arslanian S, Tamborlane WV; 4030 Study Group. Comparison of glycemic variability associated with insulin glargine and intermediate-acting insulin when used as the basal component of multiple daily injections for adolescents with type 1 diabetes.Diabetes Care. 2009 Mar;32(3):387-93. 18) Polonsky W, Traylor L, Gao L, Wei W, Ameer B, Stuhr A, Vlajnic A. Improved treatment satisfaction in patients with type 1 diabetes treated with insulin glargine 100U/mL versus NPH insulin: An exploration of key predictors from two randomized controlled trials.J Diabetes Complications. 2017 Mar;31(3):562-568. 19) Blevins T, Dahl D, Rosenstock J, et al. Efficacy and safety of LY2963016 insulin glargine compared with insulin glargine (Lantus®) in patients with type 1 diabetes in a randomized controlled trial: the ELEMENT 1 study. Diabetes Obesity and Metabolism. June 23, 2015. 20) L. L. Ilag, M. A. Deeg, T. Costigan, P. Hollander, T. C. Blevins, S. V. Edelman, et al. Evaluation of immunogenicity of LY2963016 insulin glargine compared with Lantus®insulinglargine in patients with type 1 or type 2 diabetes mellitus. Diabetes Obesity and Metabolism, January 8, 2016. 21) Gilor C, Ridge TK, Attermeier KJ, Graves TK. Pharmacodynamics of insulin detemir and insulin glargine assessed by an isoglycemic clamp method in healthy cats.J Vet Intern Med. 2010 Jul-Aug;24(4):870-4. 22) Fogelfeld L, Dharmalingam M, Robling K, Jones C, Swanson D, Jacober S. A randomized, treat-to-target trial comparing insulin lispro protamine suspension and insulin detemir in insulin-naive patients with Type 2 diabetes.Diabet Med. 2010 Feb;27(2):181-8. 23) Reynolds LR. Comparing insulins detemir and glargine in type 2 diabetes: more similarities than differences.Commentary.Postgrad Med. 2010 Jan;122(1):201-3. 24) Zinman B, Philis-Tsimikas A, Cariou B, et al; on behalf of the NN1250-3579 (BEGIN Once Long) Trial Investigators. Diabetes Care. 2012;35(12):2464-2471. 25) Heller S, Buse J, Fisher M, et al; on behalf of the BEGIN Basal-Bolus Type 1 Trial Investigators. Lancet. 2012;379(9825):1489-1497. 26) Gough SCL, Bhargava A, Jain R, Mersebach H, Rasmussen S, Bergenstal RM. Diabetes Care. 2013;36(9):2536-2542. 27) Meneghini L, Atkin SL, Gough SCL, et al; on behalf of the NN1250-3668 (BEGIN FLEX) Trial Investigators. Diabetes Care. 2013;36(4):858-864. 28) A Trial Investigating the Efficacy and Safety of Insulin Degludec in Children and Adolescents With Type 1 Diabetes Mellitus (BEGIN™) ClinicalTrials.gov Identifier:NCT01513473. 29) Dailey G, Lavernia F. A review of the safety and efficacy data for insulin glargine 300 units/ml, a new formulation of insulin glargine.Diabetes ObesMetab. 2015;17:1107-14. 30) SteinstraesserA et al. Investigational new insulin glargine 300 U/ml has the same metabolism as insulin glargine 100 U/ml. Diabetes ObesMetab. 2014;16:873-6. 31) BeckerRHetal. New insulin glargine 300 Units · mL-1 provides a more even activity profile and prolonged glycemic control at steady state compared with insulin glargine 100 Units · mL-1.DiabetesCare. 2015;38:637-43. 32) Riddle MC et al. New InsulinGlargine 300 Units/mL Versus Glargine 100 Units/mL in People With Type 2 Diabetes Using Basal andMealtimeInsulin:Glucose Control and Hypoglycemia in a 6-Month Randomized Controlled Trial (EDITION 1).Diabetes Care. 2014;37:2755-62. 33) Yki-Järvinen H et al. New insulin glargine 300 units/mL versus glargine 100 units/mL in people with type 2 diabetesusing oral agents and basal insulin: glucose control and hypoglycemia in a 6-month randomized controlled trial (EDITION 2). Diabetes Care 2014; 37: 3235-43. 34) Bolli GB et al. New insulin glargine 300 U/ml compared with glargine 100 U/ml in insulin-naïve people with type 2 diabetes on oral glucose-lowering drugs: a randomized controlled trial (EDITION 3).Diabetes ObesMetab. 2015;17:386-94. 35) Home PD, Bergenstal RM, Bolli GB, Ziemen M, Rojeski M, Espinasse M, Riddle MC. New Insulin Glargine 300 Units/mL Versus Glargine 100 Units/mL in People With Type 1 Diabetes: A Randomized, Phase 3a, Open-Label Clinical Trial (EDITION 4). Diabetes Care. 2015 Dec;38(12):2217-25. 36) Overview of Clinical Trial Program and Applicability of Insulin Degludec/Insulin Aspart in Diabetes Management Ganapathi Bantwal1, Subhash K Wangnoo2, M Shunmugavelu3, S Nallaperumal4, KP Harsha5, ArpandevBhattachary. 37) Safety, Pharmacokinetics and Pharmacodynamics of Two IDegAsp (One Explorative) Preparations and Two Insulin Degludec (One Explorative) Preparations in Japanese Subjects. ClinicalTrials.gov Identifier: NCT01868555. 38) Aroda VR et al; LixiLan-L Trial Investigators.Erratum. Efficacy and Safety of LixiLan, a Titratable Fixed-Ratio Combination of Insulin Glargine Plus Lixisenatide in Type 2 Diabetes Inadequately Controlled on Basal Insulin and Metformin: The LixiLan-L Randomized Trial. Diabetes Care 2016;39:1972-1980.Diabetes Care.2017 Apr 20. 39) Rosenstock J et al; LixiLan-O Trial Investigators. Erratum. Benefits of LixiLan, a Titratable Fixed-Ratio Combination of Insulin GlarginePlusLixisenatide, Versus Insulin Glargine and LixisenatideMonocomponents in Type 2 Diabetes Inadequately Controlled on Oral Agents: The LixiLan-O Randomized Trial. Diabetes Care 2016;39:2026-2035.Diabetes Care.2017 Apr 18. 40) Stephen CL, Gough, Rajeev Jain, and Vincent C Woo. Insulin degludec/liraglutide (IDegLira) for the treatment of type 2 diabetes. 41) Dual Action of Liraglutide and Insulin Degludec in Type 2 Diabetes: A Trial Comparing the Efficacy and Safety of Insulin Degludec/Liraglutide, Insulin Degludecand Liraglutide in Subjects With Type 2 Diabetes (DUAL™ I) ClinicalTrials.gov Identifier:NCT01336023. 42) A Clinical Trial Comparing Glycaemic Control and Safety of Insulin Degludec/Liraglutide (IDegLira) Versus Insulin Glargine (IGlar) as add-on Therapy to SGLT2i in Subjects With Type 2 Diabetes Mellitus (DUALTM IX) ClinicalTrials.gov Identifier:NCT02773368. 43) Insulin degludec/liraglutide (IDegLira) Treatment to Improve Glycemic Control in Adults with Type 2 Diabetes Mellitus NDA 208583 Briefing Document. 44) “What you need to know about Biosimilar Medicinal Products”. A Consensus InfirmationDocument.EuropeanCommision. Ref. Ares (2014)4263293-18/1//2014. 45) “Guideline on Similar Biological Medicinal Products Containing Biotechnology-derived Proteins as Drug Substance – Non Clinical and Clinical Issues”. European Medicines Agency.18 December 2014 EMEA/CHMP/BMWP/42832/2005 Rev1 Committee for Medicinal Products for Human Use (CHMP). 46) “Guideline on non-clinical and clinical development of similar biological medicinal products containing recombinant human insulin and insulin analogues”. European Medicines Agency.26 February 2015 EMEA/CHMP/BMWP/32775/2005Rev. 1 Committee for Medicinal products for Human Use (CHMP).

Ақпарат


Хаттамада пайдаланылған қысқартулар:
АГ  артериялық гипертензия
АД артериялық қысым
ААФ ангиотензин-айналдырушы ферменті
в/і Венаішілік
ДКА диабеттік кетоацидоз
И/К инсулин/көмірсулар
ҚӘИ қысқа әсерлі инсулиндер
ЖТЛП жоғары тығыздықты липопротеидтер
ТТЛП төмен тығыздықты липопротеидтер
ИҮТАИ инсулиннің үздіксіз тері асты инфузиясы
ҚЖТ қанның жалпы талдауы
НЖТ несептің жалпы талдауы
КӨСҰ күтілетін өмір сүру ұзақтығы
РБЗ рандомизирленген бақыланатын зерттеулер
ҚД қант диабеті
ДАБС «диабеттік аяқ басы» синдромы
ШФЕЖ шумақты фильтрацияның есептелген жылдамдығы
ГТҮМ глюкозаның тәуліктік үздіксіз мониторингі
ТГ Тиреоглобулин
ТПО  Тиреопероксидаза
ТТГ тиреотропты глобулин
УДДГ ультрадыбыстық допплерография
УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
УҚИ ультрақысқа инсулиндер
ФБ Физикалық белсенділік
НБ Нандық бірліктер
ХС Холестерин
ЭКГ  Электрокардиограмма
ЭНГ  Электронейромиография
HbAlc Глюкоза қосылған (гликирленген) гемоглабин
IA-2,IA-2 β Тирозин-фосфатазасына антиденелер
IAA Инсулинге антиденелер


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттама әзірлеушлерінің тізімі:
1)      Нұрбекова Ақмарал Асылқызы – медицина ғылымдарының докторы, «С.Д.Асфендияров ат. Қазақ медицина университеті» ШЖҚ РМК №2 терапия кафедрасының профессоры.
2)      Базарбекова Римма Базарбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ эндокринология бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан дәрігерлер-эндокринологтар ассоциациясы» РҚБ төрағасы.
3)      Смағұлова Ғазиза Ажмағықызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М. Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі аурулар пропедевтикасы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер:
Еспенбетова Майра Жақсыманқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Семей мемлекеттік медицина академиясының жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура кафедрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.


1-қосымша  
2 типті ҚД-ның скрининг әдістері [2, 3]
 
Диабеті болуы мүмкін пациенттерді анықтау үшін скрининг жүргізіледі. Скрининг аш қарынға гликемияны анықтаумен басталады. Гликемия нормасы немесе аш қарынға гликемия бұзылуы айқындалған жағдайда (АҚГБ) - 5,5 ммоль/л көрсеткішінен асса, бірақ капилляр қаны бойынша 6,1 ммоль/л көрсеткішінен аз болса, және күре тамыр плазмасы бойынша 6,1 ммоль/л көрсеткішінен артық, бірақ 7,0 ммоль/л көрсеткішінен кем болса, пероралды глюкозалерантты тест өткізу тағайындалады.

ПГТТ жүргізілмейді:
·          Ауыр сырқаттану кезінде;
·          Гликемия деңгейін арттыратын қысқамерзімді препараттарды қабылдау аясында (глюкокортикоидтер, тиреоидті гормондар, тиазидтер, бета-адреноблокаторларжәне т.б.)
ПГТТ-ны таңертең кемінде 3-күндік шектеусіз тамақтану аясында өткізу қажет (тәулігіне 150 г көмірсутектен аса). Тесттің алдында кемінде 8-14 сағаттан бұрын ашығу қажет (су ішуге болады). Аш қарынға қан өткізген соң, зерттелуші адам кемінде 5 минуттан бұрын 75 г сусыз глюкоза немесе суда ерітілген 82,5 г глюкоза моногидратын қабылдауы тиіс. Балалар үшін бұл жүктеме дене массасы кг-на 1,75 г сусыз глюкоза, бірақ 75 грамнан артық емес болып табылады. 2 сағаттан кейін қайта қан алынады.

Симптомсыз диабетке скрининг жүргізу көрсетілімдері
Скринингке ИМТ ≥25 кг/м2және төменде атап көрсетілген қауіп факторлары бар барлық адамдар жатады:
·          Аз қозғалысты өмір салты;
·          Қант диабеті бар 1-желілі туыстар;
·          Қант диабетінің жоғарғы қаупі бар этникалық популяциялар;
·          Туыт анамнезінде ірі бала немесе гестациондық диабеті бар әйелдер;
·          гипертензия (≥140/90 мм ртст немесе антигипертензивті терапия);
·          ЛПВП деңгейі 0,9 ммоль/л (немесе 35 мг/дл) және/немесе триглицеридтер деңгейі 2,82 ммоль/л (250 мг /дл);
·          HbAlc ≥ 5,7% болуы, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы немесе аш қарынға гликемияның бұзылуы;
·          Анамнездегі карбиоваскулярлы сырқаттар;
·          Инсулинрезистенттілікпен байланысты өзге клиникалық жағдайлар (оның ішінде семіздіктің жоғарғы деңгейі, акантозисниграс);
·          Көпжылауықты аналық без синдромы.
Егер тест қалыпты болса, оны әрбір 3 жылда қайталап тұру қажет. Қауіп факторлары болмаған жағдайда, скринингті 45 жастан асқан барлық тұлғалар өтеді. Егер тест қалыпты болса, оны әрбір 3 жылда қайталау қажет.
Скринингті семіздік, немесе қауіптің екі факторынан аса факторы бар 10 жастан асқан балалар менжасөспірімдерге жүргізу қажет.


2-қосымша
 
ЖЕДЕЛ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН КӨМЕК КЕЗЕҢІНДЕ ДИАБЕТТІК КЕТОАЦИДОЗ ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ АЛГОРИТМІ
 
Диабеттік кетоацидоз (ДКА) және кетоацидозалық кома
ДКА – зат алмасуының қатаң диабеттік компенсациясы, қан құрамындағы глюкоза мен кетон денелерінің концентрациясының шұғыл артуымен көрініс табады, олардың несепте пайда болуы және метаболикалық ацедоздың дамуы, естің әр түрлі деңгейде бұзылуы немесе оның болмауы, науқастың жедел шұғыл емдеуге жатуын талап етеді.


3-қосымша
 
ЖЕДЕЛ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН КӨМЕК КЕЗЕҢІНДЕ ДИАБЕТТІК ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙ/КОМА ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ АЛГОРИТМІ (сызбалар)

-  Пациентті бүйіріне жатқызып, ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан босату (ауыз қуысына тәтті қоспаларды құюға болмайды)
-  В/в 40-100 мл 40% глюкоза қоспасына енгізу (естің толық қайта қалпына келуіне дейін)
-  Балама – 1 мг глюкагонды п/к немесе в/м
- Егер есін жинамаса, бас миының ісінуімен күресті бастау: коллоидтер, осмодиуретиктер, компоненттер.


4- қосымша
 
ЖЕДЕЛ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН КӨМЕК КЕЗЕҢІНДЕ ДИАБЕТТІК ГИПЕРОСМОЛЯРЛЫ КОМА ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ АЛГОРИТМІ 
 



 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх