Войти

1 типті қант диабеті

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Инсулинзависимый сахарный диабет (E10)
Эндокринология

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «18» тамыздағы
№ 26 хаттамасымен мақұлданған 

Қант диабеті – метаболиттік (айырбас)  зақымданулардың тобы, ол инсулин секрециясының бұзылуы, инсулин ықпалы немесе осы екі фактордың бұзылуы нәтижесінде пайда болатын созылмалы гипергликемиямен сипатталады.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
Е 10 Инсулинге тәуелді қант диабеті:
E 10.0 Комамен;
Е 10.1 Кетоацидозбен;
Е 10.2 Бүйректердің сырқаттануымен ;
Е 10.3 Көздердің сырқаттануымен;
Е 10.4 Неврологиялық асқынулармен;
Е 10.5 Шеткі қанайналымдарының сырқаттануымен;
Е 10.6 Өзге нақтыланған сырқаттануымен;
Е 10.7 Көптеген сырқаттанулармен;
Е 10.8 Айқындалмаған сырқаттанулармен.
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2014 жыл (2017 жылы қайта қаралды).

Хаттаманы пайдаланушылар: жедел кезек күттірмейтін көмек дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, эндокринологтар, реаниматологтар.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+)тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға(++ немесе +) қолданылуы мүмкін.
D Жағдайларсериясыныңсипаттамасынемесебақыланбайтынзерттеунемесесарапшылардыңпікірі.
GPP Үздік клиникалық практика
 

Жіктемесі


Кесте 1. Клиникалық ағымының сипаты бойынша ҚД:
1 типті ҚД Ұйқы безінің β-жасушаларының деструкциясы, әдетте толық инсулиндік жетіспеушілікке алып келеді
2 типті ҚД Инсулинорезисторлықтың аясындағы инсулин секрециясының ілгері бұзылуы
ҚД-нің өзге айрықша типтері −        β-жасушалары функцияларының генетикалық ақаулары;
−        инсулин әрекетінің генетикалық ақаулары;
−        ұйқы безінің экзокринді бөлігінің ауруы;
−        дәрілік препараттар және химиялық заттармен индуцирленген (АИТВ/ЖИТС емдеу кезінде немесе органдар трансплантациясынан кейін);
−        эндокринопатия;
−        инфекциялар;
−        ҚД-мен сәйкес келетін өзге де генетикалық синдромдар. СД.
Гестационды ҚД Жүктілік кезінде пайда болады

Диагностика


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ[1,3,5,6]

Диагностикалық өлшемшарттар:
·          шөлдеу;
·          жиі несеп шығуы;
·          салмақтың төмендеуі;
·          тері қышымасы;
·          айқын жалпы және бұлшықет әлсіздігі;
·          жұмысқабілеттілігінің төмендеуі;
·          ұйқышылдық.

Анамнез:
ҚД1 әдетте қатаң басталады. Сырқаттың манифестациясын инфекциялық сырқаттар азғыртуы мүмкін. Сырқаттың үдемелі кезі күз-қыс мезгілдеріне сай келеді.
 
Физикалық қарап-зерттеу:
Клиника инсулин дефициті симптомдарымен негізделген:
·          тері және шырыштың құрғақтығы;
·          тері тығыздығының төмендеуі;
·          «диабеттік» шырай;
·          Бауыр көлемінің ұлғаюы;
·          Тыныс шығару ауасындағы ацетон иісі;
·          демікпе;
·          шулы тыныс алу.
ҚД1 типі сырқаттанушыларының 20%-ға жуығында кетоацидоз немесе кетоацидотикалық кома болады.
 
Зертханалық зерттеулер:
·          қанның биохимиялық талдауы: гипергликемия, кетоацидоз кезінде - гиперкетонемия, гиперазотемия, гипокалиемия;
·          кетоацидоз кезіндегі қан рН төмендеуі;
·          несептің жалпы талдауы : глюкозурия, кетонурия, протеинурия және микрогематурия (тұрақты емес).
·          тиреоидті профиль зерттеулері: ТТГ, свТ4, ат к ТГ және ТПО.
ҚД1 алғаш анықталған кезде:
·          тірек-қимыл жасушаларына аутоантиденелер(ICA,GAD – антиденелері, IAA, IА2, IA-2 β – аутоиммунды инсулиттің иммунологиялық маркерлері);
·          С-пептиді – ҚД1 кезінде инсулиннің қалдық секрециясының маркері төмендейді/анықталмайды (0,28-1.32 пг/мл нормасында);
NB! С-пептид резервтеріне сынама: ҚД1 кезінде глюкозамен/стандартты көмірсу таңғы асымен ынталандыру С-пептид деңгейінің айтарлықтай артуына алып келмейді.
·          Глюкоза қосылған гемоглабин (НвА1с) – ≥ 6,5%.
 
Аспаптық зерттеулер: жоқ.
·          Көз дәрігері кеңесі – диабеттік ретинопатияны анықтау үшін;
·          Фтизиатр кеңесі – туберкулезға күдік болған кезде.

Диагностикалық алгоритм

1-сызба. 


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі:
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Қантсыз диабет Екі сырқатта да шөл мен полиурияның болуы Қандағы натрий, калий, глюкоза, НвА1с, плазма майлануы, несептің қатыстық тығыздығын анықтау Гипергликемияны айқындау, НвА1с ≥ 6,5%.
Гипернатриемияның, гиперомолярлылықтың жоқтығы.
Несептің қалыпты немесе қатысты жоғарғы тығыздығы
2 типті Қант диабеті гипергликемия С-
Пептидтің базальды және стимулдендірілген тірек-қимыл жасушаларының антигендеріне антиденелерді анықтау
Тірек-қимыл жасушаларының антигендеріне антиденелерді айқындау, стимулдендірілген С-пептидтің күтілген жоғарылауының жоқтығы

Лечение (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1,3,5,8-27]
Тамақтануды жоспарлау, өмірлік инсулинтерапиясы, адекватты физикалық жүктемелер, диабет мектебінде өзін өзі басқаруды оқыту.
Инсулинтерапиясының әдістері: интенсифицирленген (базис-болюсты) – күніне кемінде 4-5 инъекция немесе инсулин помпасын қолдану.
Инсулин помпаларын қолдану науқастарды өмірлік күнделікті көп реттік инъектия қажеттілігінен босатады, гипогликемия тәуекелін төмендетеді, әсіресе, қауіпті түнгі уақытта, уақыттың әрбір сәтінде организм қажеттілігіне сәйкес нақты инсулин дозасын анықтауға көмектеседі, өмір сапасын айтарлықтай арттырады.
 
Помпалық инсулинтерапиясы келесі жағдайларда жүргізіледі:
·          Диабеттің лабильді жүруі;
·          Жиі гипогликемия;
·          Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, бүйректер трансплантациясы;
·          емальабсорбция синдромы;
·          жүктілік.
 
Помпалық инсулинтерапиясына қарсы көрсеткіштер:
·          есту қабілетінің, көрудің айтарлықтай немесе толық төмендеуі;
·          психикалық бұзылулар.
 
Қатыстық қарсы көрсеткіштер:
·          пациенттің тәртіпсіздігі.
 
Помпалық терапияға ауыстыру шарттары:
·          Пациенттің өзін өзі бақылау мәселелеріндегі білімі.
Помпалық терапия мәселесі бойынша арнайы оқытудан өткен дәрігердің стационар немесе амбулатор кезіндегі ауыстыруы,
 
Помпалық терапияны тоқтату шарттары:
Медициналық көрсеткіштер:
·          Помпаны дұрыс емес басқару салдарынан кетоацидоз немесе гипогликемияның жиі эпизодтары;
·          Катеторды орнату орындарының жиі инфицирленуі.
Мүмкін қатерлер:
·          гипогликемия;
·          гипергликемия немесе  диабеттік кетоацидоз;
·          инфузия орнындағы қабынулар немесе инфекциялар;
·          сорғы жұмысының тоқтауы.
 
2-кесте. HbAlc  бойынша терапияның мақсаттарын жекеше таңдау алгоритмі [1,3,5]

Өлшемшарттар Жасы
Жас Орташа Егде және/немесе КӨҰ* 5 жыл
Асқыну және/немесе ауыр гипогликемия қаупі жоқ < 6,5% <7,0% <7,5%
Ауыр асқынулар және/немесе ауыр гипогликемия қаупі бар <7,0% <7,5% <8,0%
*КӨҰ – күтілетін өмір ұзақтығы.
 
3-кесте. HbAlc-ның осы нысаналы деңгейлеріне плазма глюкозасының прандиальға дейінгі/кейінгі деңгейінің мынадай нысаналы мәндері сәйкес келетін болады [1,3,5]

HbAlc** Аш қарынға/ тамақ алдында плазма глюкозасы
, ммоль/л
Тамақтан 2 сағаттан кейінгі плазма глюкозасы, ммоль/л
< 6,5 < 6,5 < 8,0
< 7,0 < 7,0 < 9,0
< 7,5 < 7,5 < 10,0
< 8,0 < 8,0 < 11,0
* Бұл мақсатты көрсеткіштер балаларға, жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге қатысты емес.
** DCCT стандарттарына сәйкес нормалық деңгей: 6%-ға дейін.

4-кесте. Липидті алмасуды бақылау көрсеткіштері [1,3,5]:

Көрсеткіштер Нысаналы мәндері, ммоль/л*
ерлер әйелдер
Жалпы ХС < 4,5
ХС ТТЛП < 2,6**
ХС ЖТЛП > 1,0 >1,2
Триглицеридтер <1,7
* моль/л-данв мг/дл-ға ауыстыру:
Жалпы ХС, ХС ТТЛП, ХС ЖТЛП: ммоль/л×38,6=мг/дл
Триглицеридтер: ммоль/л×88,5=мг/дл
**< 1,8 – жүрек-қан тамырларының сырқаты бар адамдар үшін.

5-кесте. АҚ бақылау көрсеткіштері [1,3,5]:

Көрсеткіш Мақсатты мәндері, мм рт. ст.
Систолалық АҚ >120* и ≤ 130
Диастолалық АҚ >70* и ≤ 80
* антигипертензивті терапия аясында
Эндрокринологқа әрбір барған кезде АҚ өзгерісі болуы тиіс.Систолалық АҚ (САҚ) мәндері АҚ (САҚ) ≥ 130 мм рт. ст.немесе диастолалық мәндері АҚ (ДАҚ) ≥ 80 мм рт. Ст болатын науқастар басқа күні АҚ қайта өлшеу керек. Егер АҚ-ның аталған мәндері қайта өлшеуде қайталанса, АГ диагнозы расталған болып есептелінеді.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу [1,3,5]:
№9 диета
ҚД1 типі кезінде ақуыздар, майлар және көмірсутектерді жалпы қабылдау сау адамның қабылдауынан ерекшеленбеуі тиіс. Нандық бөлшектер (НБ) жүйесі бойынша сіңірілген көмірсутек бағалауын жүргізу қажет.
Ортақ режим.
Өзін өзі бақылау әдістерін меңгерген, диабеттік нефропатиясы жоқ ҚД1 науқастарына дене шынықтыру және спортпен айналысуға болады.
ҚД-ті науқастарға физикалық жүктемені тағайындаудың негізгі шарттары: компенсация жағдайы; 3-5-кезеңдік диабеттік нефропатияның, пролиферативті ретинопатияның, табандағы жара ақауларының, қанайналым жеткіліксіздігінің, тыныс жеткіліксіздігінің, АҚ-ның жоғарғы деңгейінің жоқтығы.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу [1]:
НвА1с жеке мақсатты деңгейді ескере отырып инсулинтерапия, немесе 0,5-0,75 бірл/кг/күн есебі бойынша көп реттік тері асты инъекциясы (базис/болюсты терапия), немесе  инсулиннің үздіксіз тері асты инфузиясы түрінде  - помпалық инсулинтерапия.

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (қолданудың 100% ықтималдылығы бар): 

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану әдісі
Мөлшері мен еселігі жеке тағайындалады
 
Дәлелділік деңгейі
 
Гипогликемиялық құрал, қысқа әсерлі инсулин Ерігіш инсулин (адами гендік-инженерлік) п/к,  в/в, инсулин помпаларында А
Гипогликемиялық құрал, ультрақысқа әсерлі инсулин Ультрақысқа әсерлі адами инсулин аналогтары п/к, в/в, инсулин помпаларында А
Гипогликемиялық құрал, әсер ұзақтығы орташа инсулин инсулин-изофан (адами гендік-инженерлік) п/к А
Гипогликемиялық құрал,
Ұзақ шыңсыз әсерлң адами инсулин аналогтары
инсулин гларгин,
инсулин детемир
п/к А
Гипогликемиялық құрал, аса ұзақ шыңсыз әсерлі адами инсулин аналогтары инсулин деглудек,
инсулин гларгин
п/к А
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (қолданудың ықтималдылығы 100%-дан кем): жоқ.
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу:

7-кесте. ҚД1 типті пациенттерде динамикалық бақылауды талап ететін зертханалық көрсеткіштер тізбесі: 

Зертханалық көрсеткіштер Тексеру жиілігі
Гликемияны өзіндік бақылау Күніне кемінде 4 рет
HbAlc 3 айда 1 рет
Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, билирубин, АСТ, АЛТ, креатинин, калий электролиті, натрий,) Жылына 1 рет (өзгерістер болмаған жағдайда)
ҚЖТ Жылына 1 рет
НЖТ                              Жылына 1 рет
Несептегі альбуминнің креатининге қатынасын анықтау ҚД1 типті диагностикасы мерзімінен 5 жылдан кейін жылына 1 рет
ГТҮМ есептеуі Жылына 1 рет
Несеп пен қандағы кетон денелерін анықтау Көрсеткіштер бойынша
* ҚД созылмалы асқынуларының белгілері пайда болған жағдайда, қосымша сырқаттанулардың қосылуы, қауіптің қосымша факторларының пайда болуы кезінде тексеріс жиілігі туралы мәселе жеке қарастырылады.
 
8-кесте. ҚД1 типті науқастарда динамикалық бақылауды жүргізу үшін қажетті аспаптық зерттеп-қараулар тізбесі *[3, 5]

Аспаптық зерттеп-қарау әдістері Зерттеп-қарау жиілігі
Гликемияның үздіксіз мониторингі Көрсетімдер бойынша
АҚ-ды бақылау Дәрігерге әр келген сайын
Аяқтарды тексеру және табан сезімталдылығын бағалау Дәрігерге әр келген сайын
Аяқтарының бастарыныңЭНМГ-сы Жылына 1 рет
Офтальмолог тексерісі (кең қарашықты офтальмоскопия) Жылына 1 рет
ЭКГ Жылына 1 рет
Техниканы тексеру және инъекция орындарын қарап шығу Дәрігерге әр келген сайын
Көкірек қуысы органдарының рентгенографиясы Жылына 1 рет
Аяқтарының бастарының және бүйректерінің тамырларының УДДГ Жылына 1 рет
 Құрсақ қуысы органдарының УДЗ Жылына 1 рет
* ҚД созылмалы асқынуларының белгілері пайда болған жағдайда, қосымша сырқаттанулардың қосылуы, қауіптің қосымша факторларының пайда болуы кезінде тексеріс жиілігі туралы мәселе жеке қарастырылады.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          Гликемия және НвА1с жеке мақсаттарына жету;
·          Өзін өзі бақылауға ынтаның артуы;
·          ҚД асқынуының жоқтығы.

Лечение (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ[1, 3]: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
 
Пациентті бақылау картасы, пациентті бағдарлау:


Дәрі-дәрмексіз емдеу: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
 
Хирургиялық араласу[3]: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
 
Емдеудің тиімділік индикаторлары: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
 

Госпитализация


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ҮШІН КӨРСЕТІЛІМДЕР [2,3]

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
·          шарттарда;
·          ай бойы немесе одан да артық мерзімде жиі қайталанатын гликогликемия;
·          ҚД1 типті неврологиялық және тамырлық (ретинопатия, нефропатия) асқынулардың артуы, диабеттік аяқ басы синдромы;
·          ҚД1 типін лабильді емдеу.

Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
·          ҚД1 типінің алғаш анықталуы;
·          диабеттік кетоацидоз;
·          гипогликемикалық кома.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) American Diabetes Association. Standards of medical care in diabetes - 2017. Diabetes Care, 2017, Volume 40 (Supplement 1). 2) World Health Organization. Definition, Diagnosis, and Classification of Diabetes Mellitus and its Complicatios: Report of a WHO consultation. Part 1: Diagnosis and Classification of Diabetes Mellitus. Geneva, World Health Organization, 1999 (WHO/NCD/NCS/99.2). 3) Алгоритмы специализированной медицинской помощи больным сахарным диабетом. Под ред. И.И. Дедова, М.В. Шестаковой, А.Ю. Майорова, 8-й выпуск. Москва, 2017. 4) World Health Organization. Use of Glycated Haemoglobin (HbAlc) in the Diagnosis of Diabetes Mellitus. Abbreviated Report of a WHO Consultation. World Health Organization, 2011 (WHO/NMH/CHP/CPM/11.1). 5) Базарбекова Р.Б., Нурбекова А.А., Даньярова Л.Б., Досанова А.К. Консенсус по диагностике и лечению сахарного диабета. Алматы, 2016. 6) Deutsche Diabetes Gesellschaft und Deutsche Vereinte Gesellschaftfür Klinische Chemie und Labormedizin, 2016. 7) Pickup J., Phil B. Insulin Pump Therapy for Type 1 Diabetes Mellitus, N Engl Med 2012; 366:1616-24. 8) Rossetti P, Porcellati F, Fanelli CG, Perriello G, Torlone E, BolliGB. Superiority of insulin analogues versus human insulin in the treatment of diabetes mellitus. Arch Physiol Biochem. 2008 Feb;114(1):3-10. 9) White NH, Chase HP, Arslanian S, Tamborlane WV; 4030 Study Group. Comparison of glycemic variability associated with insulin glargine and intermediate-acting insulin when used as the basal component of multiple daily injections for adolescents with type 1 diabetes.Diabetes Care. 2009 Mar;32(3):387-93. doi: 10.2337/dc08-0800. 10) L. L. Ilag, M. A. Deeg, T. Costigan, P. Hollander, T. C. Blevins, S. V. Edelman, et al. Evaluation of immunogenicity of LY2963016 insulin glargine compared with Lantus®insulin glargine in patients with type 1 or type 2 diabetes mellitus. Diabetes Obesity and Metabolism, January 8, 2016. 11) Gilor C, Ridge TK, Attermeier KJ, Graves TK. Pharmacodynamics of insulin detemir and insulin glargine assessed by an isoglycemic clamp method in healthy cats.J Vet Intern Med. 2010 Jul-Aug; 24(4):870-4. 12) Fogelfeld L, Dharmalingam M, Robling K, Jones C, Swanson D, Jacober S. A randomized, treat-to-target trial comparing insulin lispro protamine suspension and insulin detemir in insulin-naive patients with Type 2 diabetes.Diabet Med. 2010 Feb;27(2):181-8. 13) Reynolds LR. Comparing insulins detemir and glargine in type 2 diabetes: more similarities than differences. Commentary. Postgrad Med. 2010 Jan;122(1):201-3. 14) Zinman B, Philis-Tsimikas A, Cariou B, et al; on behalf of the NN1250-3579 (BEGIN Once Long) Trial Investigators. Diabetes Care. 2012;35(12):2464-2471. 15) Heller S, Buse J, Fisher M, et al; on behalf of the BEGIN Basal-Bolus Type 1 Trial Investigators. Lancet. 2012;379(9825):1489-1497. 16) Gough SCL, Bhargava A, Jain R, Mersebach H, Rasmussen S, Bergenstal RM. Diabetes Care. 2013;36(9):2536-2542. 17) Meneghini L, Atkin SL, Gough SCL, et al; on behalf of the NN1250-3668 (BEGIN FLEX) Trial Investigators. Diabetes Care. 2013;36(4):858-864. 18) A Trial Investigating the Efficacy and Safety of Insulin Degludec in Children and Adolescents With Type 1 Diabetes Mellitus (BEGIN™) ClinicalTrials.gov Identifier: NCT01513473. 19) Dailey G, Lavernia F. A review of the safety and efficacy data for insulin glargine 300 units/ml, a new formulation of insulin glargine.Diabetes ObesMetab. 2015;17:1107-1. 20) Home PD, Bergenstal RM, Bolli GB, Ziemen M, Rojeski M, Espinasse M, Riddle MC. New Insulin Glargine 300 Units/mL VersusGlargine 100 Units/mL in People With Type 1 Diabetes: A Randomized, Phase 3a, Open-Label Clinical Trial (EDITION 4). DiabetesCare. 2015 Dec;38(12):2217-25. 21) Guideline on Similar Biological Medicinal Products Containing Biotechnology-derived Proteins as Drug Substance – Non Clinical and Clinical Issues. European Medicines Agency.18 December 2014 EMEA/CHMP/BMWP/42832/2005 Rev1 Committee for Medicinal Products for Human Use (CHMP). 22) “Guideline on non-clinical and clinical development of similar biological medicinal products containing recombinant human insulin and insulin analogues”. European Medicines Agency.26 February 2015 EMEA/CHMP/BMWP/32775/2005_Rev. 1 Committee for Medicinal products for Human Use (CHMP). 23) Z. Hochberg. Practical algorithms in pediatric endocrinology - Haifa, 2017, стр. 106.

Ақпарат


Хаттамада пайдаланылған қысқартулар:
АГ  артериялық гипертензия
АД артериялық қысым
ААФ ангиотензин-айналдырушы ферменті
в/і Венаішілік
ДКА диабеттік кетоацидоз
И/К инсулин/көмірсулар
ҚӘИ қысқа әсерлі инсулиндер
ЖТЛП жоғары тығыздықты липопротеидтер
ТТЛП төмен тығыздықты липопротеидтер
ИҮТАИ инсулиннің үздіксіз тері асты инфузиясы
ҚЖТ қанның жалпы талдауы
НЖТ несептің жалпы талдауы
КӨСҰ күтілетін өмір сүру ұзақтығы
РБЗ рандомизирленген бақыланатын зерттеулер
ҚД қант диабеті
ДАБС «диабеттік аяқ басы» синдромы
ШФЕЖ шумақты фильтрацияның есептелген жылдамдығы
ГТҮМ глюкозаның тәуліктік үздіксіз мониторингі
ТГ Тиреоглобулин
ТПО  Тиреопероксидаза
ТТГ тиреотропты глобулин
УДДГ ультрадыбыстық допплерография
УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
УҚИ ультрақысқа инсулиндер
ФБ Физикалық белсенділік
НБ Нандық бірліктер
ХС Холестерин
ЭКГ  Электрокардиограмма
ЭНГ  Электронейромиография
HbAlc Глюкоза қосылған (гликирленген) гемоглабин
IA-2,IA-2 β Тирозин-фосфатазасына антиденелер
IAA Инсулинге антиденелер


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттама әзірлеушлерінің тізімі:
1)      Нұрбекова Ақмарал Асылқызы – медицина ғылымдарының докторы, «С.Д.Асфендияров ат. Қазақ медицина университеті» ШЖҚ РМК №2 терапия кафедрасының профессоры.
2)      Базарбекова Римма Базарбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ эндокринология бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан дәрігерлер-эндокринологтар ассоциациясы» РҚБ төрағасы.
3)      Смағұлова Ғазиза Ажмағықызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М. Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі аурулар пропедевтикасы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер:
Еспенбетова Майра Жақсыманқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Семей мемлекеттік медицина академиясының жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура кафедрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.


1- Қосымша
 
ЖЕДЕЛШҰҒЫЛКӨМЕККЕЗЕҢІНДЕДИАБЕТТІККЕТОАЦИДОЗДИАГНОСТИКАСЫЖӘНЕЕМДЕУАЛГОРИТМІ
 
Диабеттіккетоацидоз (ДКА) және кетоацидоттық кома
ДКА – зат алмасуының қатаң диабеттік компенсациясы, қан құрамындағы глюкоза мен кетон денелерінің концентрациясының шұғыл артуымен көрініс табады, олардың несепте пайда болуы және метаболикалық ацедоздың дамуы, естің әр түрлі деңгейде бұзылуы немесе оның болмауы, науқастың жедел шұғыл емдеуге жатуын талап етеді.




2 - Қосымша
 
ЖЕДЕЛ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КЕЗЕҢІНДЕ ДИАБЕТТІК ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КҮЙДІ/КОМА ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМДЕУ АЛГОРИТМІ (схемалар)


-  Пациентті бүйіріне жатқызып, ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан босату (ауыз қуысына тәтті қоспаларды құюға болмайды)
-  В/в 40-100 мл 40% глюкоза қоспасына енгізу (естің толық қайта қалпына келуіне дейін)
-  Балама – 1 мг глюкагонды п/к немесе в/м
- Егер есін жинамаса, бас миының ісінуімен күресті бастау: коллоидтер, осмодиуретиктер, компоненттер.

Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Қазықтаулы файлдар

Паллиативная помощь в Казахстане

Анкетирование РЦРЗ МЗ РК

Приглашаем специалистов, оказывающих паллиативную помощь, принять участие в опросе с 10 октября по 15 ноября 2018 года

Заполнить анкету

Анкетирование "Паллиативная помощь в РК"

РЦРЗ МЗ РК приглашает специалистов, оказывающих паллиативную помощь, принять участие в опросе с 10 октября по 15 ноября 2018 года

Цель опроса: определение условий работы и возможностей для развития врачей паллиативной помощи в Казахстане. Выскажите свое мнение, замечания и предложения!

Заполнить анкету

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх