Сіреспе

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Акушерский столбняк (A34), Другие формы столбняка (A35), Столбняк новорожденного (A33)
Инфекционные и паразитарные болезни

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «12» мамырдағы 
№ 20 хаттамасымен мақұлданған 

Сіреспе (tetanus) — бұлшықет гипертонусы түрінде жүйке жүйесінің зақымдалуымен және генерализацияланған (тетаникалық) тырыспа ұстамаларымен сипатталатын, қоздырғышты берудің байланыс тетігімен Clostridium tetani-ден туындайтын, сапрозооноздар тобының жіті инфекциялық ауруы.   

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары): 

АХЖ-10
Коды Атауы
А33 Жаңа туған нәресте сіреспесі
А 34 Акушерлік сіреспе
А35 Сіреспенің басқа нысандары
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АКДС – адсорбталған коклюшты-дифтериялық-сіреспелі вакцина
АДС-М – адсорбталған дифтериялы -сіреспелі анатоксин
АС-М - адсорбталған сіреспелі анатоксин
ХБ - халықаралық бірлік
ЖҚТ  -  жалпы қанның анализі
ЖЗТ  - жалпы зәр анализі
УДЗ  - ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ - электрокардиограмма
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жедел кезек күттірмейтін көмек дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, инфекционисттер, невропатологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар,  травматологтар, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары. 
 
Пациенттер санаты: ересектер.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ға жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығымен (++) ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++)жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі (+) бар РБЗ,   олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар (+) рандомизациясыз бақыланатын зерттеу, олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес (++ немесе +) тәуекелі бар РБЗ-ға қолданылуы мүмкін.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Жіктеме [1]:
Қоздырғышты енгізу орны бойынша:

·          жаралық;
·          күюден кейінгі;
·          операциядан кейінгі;
·          үсуден кейінгі;
·          электрлік жарақаттан кейінгі.
 
Таралуы бойынша: 
Жалпы (таралған немесе генерализацияланған):
·          бастапқы-ортақ нысан;
·          азаймалы нысан;
·          үдемелі нысан (бастапқы енгізу орнынан бұлшықеттердің тризмасының дамуымен алыстатылған аймақтарға дейін).
 
Жергілікті (шектелген):
·          оқшауланған;
·          беткі паралитикалық Розе сіреспесі;
·          Бруннер бас сіреспесі (цефаликалық, бульбарлық).
 
Ағым ұзақтығы бойынша:
·          шапшаң (ағымның ұзақтығы 1 тәулікке дейін);
·          жіті tetanus vehemens-тің  қарқынды ағымымен;
·          өткір; 
·          созылмалы tetanus lentus.
 
Ауырлық дәрежесі бойынша (жалпы сіреспе үшін):
·          жеңіл (I);
·          орташа ауыр (II);
·          ауыр (III);
·          өте ауыр (IV).

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [1-5]

Генерализацияланған сіреспенің диагностикалық белгілері [1-5]:

Шағымдар:
·          ауыз ашудағы қиындық;
·          тістерді ажыратудың мүмкін еместігі;
·          жұтудағы қиындық (дисфагия);
·          жарақат аймағындағы тартатын ауырсынулар және бұлшықеттің тартулары;
·          айқын бұлшықет аурулары; 
·          дене температурасының 38 - 40°С дейін көтерілуі;
·          тынбайтын ұйқысыздық.

Анамнез.
Сіреспенің «кіру қақпаларының» болуы:
·          жарақаттар, терінің  немесе шырышты қабықшалардың кез келген зақымданулары, оның ішінде, күюлер, үсу,  жануарлардың тістеуі;
·          терінің созылмалы инфекциялық-қабыну зақымданулары (трофикалық жаралар);
·          қажалулар, терінің микрожарықтары, кебелер;
·          ауруханадан тыс жағдайда хирургиялық, акушерлік–гинекологиялық араласулар.
 
Физикалық зерттеп-қарау:
·          тризм (шайнау бұлшықеттерінің тонустық ширығуы);
·          ауыз ашудағы қиындық;
·          сардоникалық күлімсіреу (бір уақытта жылап және ирониялық күлімміреп, беттің өзіндік көрінуі);
·          дисфагия;
·          ларингоспазм;
·          мойын, арқа, аяқ-қолдың, басым түрде аяқ (табан және білезік бұлшықеттерінен басқа)бұлшықеттерінің тонустық кернеуі (босаңсусыз), желке бұлшықеттерінің ригидтілігі;
·          опистотонус (бас артқа шалқайған, омыртқа бел бөлігінде алға бүгілген, аяқ созылған);
·          іш бұлшықеттерінің кернеуі (іш тақта сияқты);
·          эмпростотонус (іш бұлшықеттерінің қатты кернеуінен дене алға еңкейеді);
·          плевростотонус (дене бір жаққа бүгіледі);
·          дененің жәнебілезік пен табаннан басқа аяқ-қол қозғалыстарының бөгелуі, қозғалыстың мүмкін еместігі;
·          бұлшықет гипертонусы аясында әр түрлі қарқындылықтағы және ұзақтықтағы аса ауыр тетаникалық құрысқақ дамиды;
·          тыныс алу бұлшықеттерінің және кеңірдек бұлшықеттерінің ұзақ құрысқағы жағда      йында асфиксияның болуы мүмкін;
·          дене температурасының көтерілуі (37,5-38С, сирек 39-40С);
·            гиперсаливация, асыра тер бөліну;
·          тахикардия, артериялық қысымның көтерілуі;
·          бұт бұлшықкеттерінің спазмасынан зәр шығару және дефекацияның қиындауы;
·          сусызданду белгілері;
·          сіреспе кезінде сана сақталады.
 
Сіреспенің ауырлық өлшемшарттары [1, 3]:
·          инкубациялық, батсапқы кезеңдерінің ұзақтығы;
·          ауру симптомдарының ұзақтығы және айқындығы.
Iдәреже (жеңіл): инкубациялық кезең 3 апта, медициналық көмекке жүгінудің орташа мерзімдері — аурудың 5–7-күні, симптомдар әлсіз көрінеді және  2-3 аптадан кейін өз бетінше кетеді, құрысқақ ұстамалары болмайды немесе сирек, субфебрильді дене температурасы;
 
II дәреже (орташа дәреже): инкубациялық кезең 2 апта, бастапқы — 4 тәуліктен артық, емдеуге жатқызу аурудың 4–5-күнінде, ауруға тән белгілер тахикардиямен және дене температурасының жоғары санға дейінгі көтерілуімен аурулар, құрысқақ жиілігі сағатына  1-2 реттен аспайды, ал олардың ұзақтығы 15-30 секундтан аспайды, аурудың жіті кезеңінің ұзақтығы – 3 аптаға дейін.
 
III дәреже (ауыр): инкубациялық кезең 9–15 тәулік, бастапқы — 3–4 тәулік, емдеуге жатқызу аурудың 2-3 күнінде; симптомдар айқын көрінген, қызба тұрақты және жоғары, айқын гипоксиямен,  тамыр қозғалысы орталығының зақымдануымен (тахиаритмия, тұрақсыз  артериалдық қысым), пневмонияның қосылуымен құрысқақ ұстамалары жиі (әр 5-30 мин сайын) және ұзақ (1-3 мин дейін) ,. Ауыр жай-күй кезеңі кемінде 3 аптаға созылады.
 
IV деңгей (өте ауыр): инкубациялық кезең — 5–8 тәулік, бастапқы — 1–1,5 тәулік, емдеуге жатқызу жоғары клиникалық көрініспен аурудың 1-күнінде. Құрысқақ ұстамалары асфиксия белгілерімен сүйемелденеді, дене температурасы 40–42 °С дейін көтеріледі.
 
Бруннердің бас (бульбарлық) сіреспесі:
·          жұлынның және сопақша мидың жоғарғы бөлімдерінің (жұту бұлшықетінің, дыбыс саңылауының, диафрагманың және қабырғааралық бұлшықеттердің спазмаларымен, бет, мойын және жұтқыншақ бұлшықеттерінің) зақымдану белгілері. Өлім жүректің немесе тыныс алу параличінің нәтижесінде келеді.
 
Жергілікті (оқшауланған) сіреспе:
·          кіру қақпаларының орнындағы бұлшықеттердің ауруы және тонустық кернеуі;
·          жергілікті құрысқақ;
·          кейін басқа бұлшықеттер жұмылдырылады және генерализация процесі орын алады.
 
Жергілікті паралитикалық Розе сіреспесі (жара, бас және бет жарақаттары жағдайында дамиды):
·          тризм, сардоникалық күлімсіреу, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі;
·          беттің, сирек әкететін және кейде көз қозғалтушы жүйкелердің біржақты кесігі.
 
Зертханалық зерттеулер: амбулаториялық деңгейде жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейдегі зертханалық зерттеулер [1,2,3,5]:
·          Жалпы қанның анализі: нейтрофильді лейкоцитоз (қанның қойылуымен шарттауы мүмкін), формуланың солға жылжуы, анэозинофилия әдетте сіреспе басқа бактериалды инфекциямен үйлескен кезде болады.
·          Жалпы зәр анализі: аурудың өршуінде – зәрдің үлес салмағының артуы, ақуыздың пайда болуы.
·          Биохимиялық зерттеу әдістері: қанды зерттеген кезде метаболикалық ацидоз, резервтік сілтіліктің төмендеуі анықталады. Осы көрсеткіштердің өзгеру дәрежесі ағымның ауырлығымен өзара байланысады. Құрысқақ синдромы және дегидратация аясында әдетте айқын азотемия, креатенинемия туындайды. Қатты тершеңдік жағдайында су-электролитті баланстың бұзылуы туындайды.
Қызба, құрысқақ аясында жиі гипопротеинемия анықталады
Майлардың жану процестерінің күшеюі липемиямен, ал гликогеннің жоғары шығысы, оның сызылған бұлшықеттердегі санының төмендеуі  гипогликемиямен сүйемелденеді.
 
Аспаптық зерттеулер
·          ЭКГ – синусты тахикар­дия, аурудың өршуі  жүрек қағысының бұзылуы, теріс Т тісінің пайда болуы мүмкін.
·           Кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы – пневмония белгілері.
 
Мамандардың консультацияларына арналған көрсетілімдер:
·          хирург пен  травматологтың кеңесі – сынуларда, сіңіржыртылғанда, массивті қан ағуларда;
·          невропатологтың консультациясы – ОЖЖ зақымдануымен дифференциалды диагностика жағдайында.
 
Диагностикалық алгоритм[1-5]:ызба)


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі:
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды алып тастау өлшемшарттары
Құтыру Құтыру кезінде, сіреспе кезінде де сияқты генерализацияланған құрысқақ, сезім мүшелерінің жоғары реактивтілігі және тыныс алудың бұзылуы байқалады. Инфекционисттің консультациясы Сананың шатасуы, психомоторлық қозу, экзофтальм және мидриаз, гидрофотоакуфобия, қысқа (бірнеше  секунд) және жиі құрысқақ ұстамалары, ұстамааралық кезеңде бұлшықеттердің босаңсуы, бұлшықеттердің тонустық кернеуінің, тризмнің және «сардоникалық күлімсіреудің» болмауы. Аурудың  5-7 күнінде ауру сөзсіз өлім жағдайына әкелетін паралитикалық кезеңге ауысады.
Стрихнинмен улану  Генерализацияланған құрысқақ, опистотонус  және тризм Токсикологтың консультациясы
 
 
Мидриаз, құрысқақтың көтеріліп таралуы (аяқтан бастап) және сол себепті опистотонус пен тризм кеш пайда болады,  бұлшықеттердің тонустық кернеулері жоқ, генерализацияланған құрысқақ ұстамалары арасында бұлшықеттердің толық босаңсуы болады. Анамнез маңызды.
Қалқанша бездердің гипофункциясы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кенеттен бұлшықеттік ауырсыну және
тонустық құрысқақ ұстамалары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Эндокринологтың консультациясы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көлденең жолақты және тегіс бұлшықеттердің тонустық құрысқағы, біртіндеп басталу. Құрысқақ ұстамалары құсумен, іш өтумен, іштегі ауырсынумен, бронхоспазмамен, сілекей бөлінумен, жиі  зәр шығарумен сүйемелденеді. Құрысқақ өте сирек генерализацияланған болады және үнемі табан, білезік, беттің ұсақ бұлшықеттерін қамтиды. Эрба, Труссо, Хвостек, «ат тұяғы» және «акушер қолы», гипокальциемия симптомдары анықталады. Құрысқақтың  алдында әдетте мынадай аура болады — жалпы әлсіздену, жүрек қағысы, нашар көңіл-күй, аяқ-қолдағы ауырсыну, акропарестезия, сіреспеге тән тризм және қызба болмайды.
Эпилепсия
 
 
Құрысқақ синдромының болуы.  
 
Невропатологтың консультациясы
 
 
Сіреспеден ерекшелігі эпилепсия дененің кез келген жағдайында болады, әдетте олардың алдында мынадай аура болады, науқас есінен  танады, құлайды, генерализацияланған құрысқақ тонустық-клоникалық сипатқа ие, вегетативті симтомдар байқалады, тіл тістелген, ауыздан көбік шығады. Ұстама еріксіз зәр шығарумен, дефекациямен, прострациямен, ұйқымен аяқталады. Ретроградты амнезия тән.
Истерия
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Истерия кезінде тонустық құрысқақ, опистотонус туындауымүмкін.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Психиатрдың консультациясы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Истериялық ұстама  психикалық жарақатқа,  эмоционалдық стреске  жауап ретінде қалыпты бұлшықекттік тонус аясында кенеттен туындайды, эмоционалды реакциялармен (күлкі, жылау), мақсатты қозғалыстармен  (науқастар киімін жыртады, әр түрлі заттарды лақтырады және т.б.), қозғалысты қозумен сүйемелденеді. Құрысқақ ұстамасынан кейін бұлшықеттердің толық босаңсуы болады. Клоникалық құрысқақ белгілі бір жағдайды (эротикалық экстаз, қайғы, зәресі ұшуы) көрсететін үйлестірілген қозғалыс көрінісін тудырады. Тілді тістеу ешқашан болмайды. Седативті құралдарды қолдану науқастарды тыныштандырады, олар ұйықтайды, құрысқақ тоқтатылады, бұлшықет тонусы қалпына келеді.
Жіті менингит
 
 
 
 
 
 
 
Желке бұлшықеттерінің ригидттілігі
 
 
 
 
 
 
Невропатологтың консультациясы
 
 
 
 
 
 
Айқын менингеалды синдром (қарқынды бас ауруы, қайталама құсу, Керниг, Брудзинский  симптомдары және т.б.), әдетте науқастардың кейіпі, сананың шатасуы (кейде толық болмауы) тән, тризманың, сардоникалық күлімсіреудің, жалпы гипертонустың болмауы  мененгиттің барын куәландырады. Люмбалды пункция жұлын сұйықтығындағы қабыну өзгерістерін анықтайды, ол сіреспеде болмайды. 
 
Жіті менингоэнцефалиттер және энцефалиттер
 
 
 Құрысқақ және жиі бас сүйек жүйкелерінің зақымдануы
 
Инфекционист, невропатологтың консультациясы
 
 
 
 
Сіреспеден ерекшелігі менингоэнцефалит және  энцефалит  сананың шатасуымен, жүйке жүйесінің ошақтық зақымдануымен және  жұлын сұйығының өзгеруімен өтеді.
Бас сүйек жүйкелерінің зақымдануымен полирадикулоневрит
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ауызды ашудағы қиындық, дисфагия
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Инфекционист, невропатологтың консультациясы
 
Шайнау бұлшықеттерінің оқшауланған зақымданулары болмайды. Әдетте, бұндай науқастарда мимикалық бұлшық еттің парезі байқалады, жұмсақ таңдайдың парезі және тілдің шайналуы, жұтуда, тілді шығаруда қиындықтар болуы мүмкін. Бұндай науқастардың ауызы әдетте сәл ашық, сөзі анық емес, байлаулы. Сіреспеден ерекшелігі аяқ-қол бұлшықеттерінің тонусын төмендеген, кейде парездер және параличтер, жүйке бағаналарының жүрісі бойынша ауырсыну анықталады.
Ауыз жұтқыншағыныңқабыну аурулары
 
 
Ауызды ашудағы қиындық ЛОР-дәрігердің және/немесе стоматологтың консультациясы Қабыну орнындағы айқын ауырсыну, әдетте аймақтық лимфотүйіндер үлкейеді.
 
 

Сіреспенің дифференциалды диагнозы:
Ауру симптомдары Құтыру Сіреспе Кене Энцефалиті
Клиникалық ағым ерекшеліктері Аурудың айқын көрінетін кезеңдерінің болуы (депрессия, қозу, параличтер) Айқын кезеңділік жоқ Аурудың клиникалық ағымы = оның клиникалық нысанына
 
Сананың бұзылушылықтары Аурудың басынан бастап көрінеді, аурудың кезеңіне сәйкес келеді Жоқ Бульбарлық бұзылулар жағдайында терминалдық кезеңде пайда болады
 
Психиканың бұзылушылықтары Аурудың ағымымен дамиды, параличтер кезеңіне тоқтатылады (егер пациент оған дейін жетсе). Бетті тістеулерде – ерте сандырақ және галлюцинациялар Жоқ Болуы мен айқындылығы  ошақтық симптоматикамен қатарлас  өзгереді
 
Бұлшықет жүйесі Сыртқы тітіркендіріштерге жауап ретінде  жұту және тыныс алу бұлшықеттерінің
 спастикалық қысқарулары.
Тетаникалық құрысқақ, тризм, «сардоникалық» күлімсіреу Қозу кезеңі жоқ, бірінші тұрғыда
– параличтер
Судан қорқу Айқын көрсетілген Көрсетілген Жоқ
Аэрофобия Айқын көрсетілген Көрсетілген Жоқ
Эпидемиологиялық анамнез Жануардың тістеуі немесе терінің сілекейленуі. Жарақат Табиғи ошақта болуы мүмкін, кененің тістеуі.

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1,2-5]: сіреспеге күмандандуда науқастар өмірлік маңызды функциялардың мүмкін бұзылуына, қарқынды терапия және күтім қажеттілігіне байланысты  реанимация бөлімшесіне шұғыл емдеуге жатқызылуы тиіс.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу: жоқ.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу: жоқ.
 
Хирургиялық араласу: жоқ.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары: амбулаториялық деңгейде емдеу жүргізілмейді.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1-5]: сіреспені емдеу реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде (РИТБ) жүзеге асырылады.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Емдік-қорғау режимі: жеке палата, кез келген дыбыстық, жарық және өзге тітіркендргіштер алынып тасталады. Миорелаксанттарды қолданған кезде – ойық жараға қарсы матрастарды пайдалану және пневмонияның даму ықтималдығын азайту үшін кеуде торына тұрақты массаж  жасау.
·          Диета: арнайы қоректік қоспамен, глюкозаның қойылтылған ерітінділерімен (10–70%), аминқышқылдардың және май эмульсияларының қосындыларымен толыққанды энтералды (зондты) және/немесе парентералды тамақтану. Тамақтану 2500–3000 ккал/тәу есебінен (құрысқақ пен жоғары температура кезіндегі үлкен энергия шығыны ескеріліп) жүзеге асырылады.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу

Арнайы (негізгі терапия):
·          сіреспеге қарсы аттың тазартылған қойылтылған сұйық, бір рет Безредка бойынша десенсибилизациялау бар сарысу – 100 000-200 000 ME дозасында тамыр ішілік (нұсқаулыққа сәйкес);
·          сіреспелі анатоксин (нұсқаулыққа сәйкес).
 
Тыныс алудың бұзылуына қауіп төндіретін құрысқақты жою үшін құрысқаққа қарсы терапия:
·          диазепам – 5-10 мг б/і, т/і (жүктемелік доза), одан кейін 0,03-0,1 мг/кг-нан әр   5-6 с сайын (қолдайтын доза) (ДД-А [6,7]);
немесе гидрохлорид хлорпромазині, б/і, 50-150мг/тәу әр 4-8 сағат сайын            (ДД-А[6,7]).
Құрысқаққа қарсы препараттардан әсер болмағанда (әдетте, аурлықтың IV дәрежесі кезінде), ауру нейроплагиялық заттарды енгізгенге қарамастан өршігенде антидеполярлау әсері бар миорелаксанттарды қолдана отырып, микрорелаксацияны және 4-6 тәуліктен кейін арнайы қойылған трахеостома арқылы өткізетін өкпені жасанды желдетуді жүргізеді. Сіреспенің өте ауыр нысандарында миорелаксанттарды қолдана отырып,  өкпені жасанды желдету ұзақ уақытқа жалғасады (2-3 аптаға дейін және одан да көп).
Антидеполярлау әрекеті бар миорелаксанттар:
·          пипекуроний  бромид т/і 20-85 мкг/кг дозаларында, әсердің ұзақтығын ұлғайту қажеттілігі болған жағдайда бастапқы дозаның ¼-ін  енгізеді (10-15 мкг/кг);
·           немесе рокуроний бромид, жүктемелік доза 0.6 мг/кг, қолдаушы доза 5-10 мкг/кг/мин құрайды. Оларды оқшау да, наркотикалық анальгетиктермен (нейролептаналгезия), антигистаминді препараттармен (дифенгидрамин 30–60 мг/тәу), барбитураттармен (фенобарбитал немесе хлорпромазин) де үйлесімде қолданады. Препараттардың көрсетілген тәуліктік дозаларды бұлшықет ішіне немесе тамыр ішілік 3-4 қабылдауда енгізеді. Препараттарды үйлесімді енгізу олардың әсерін күшейтеді.
 
Антибактериалды терапия: 
Этиотропты терапия (ДД-А [6,8,9]):
·          метронидазол – тамыр ішілік тамшымен 0,5 г  әр 6 сағат сайын 7-10 күн ішінде;
·          клиндамицин 300 мг х тәулігіне 2-4 рет б/і, т/і, 7-10 күн;
·          немесе доксициклин 100-200 мг/тәулігіне 7-10 күн.
 
Пневмония және сепсис түрінде асқынулардың профилактикасы  және оларды емдеу үшін:
Цефалоспориндер II және III  :
·          цефтриаксон 1,0 - 2,0 г-нан х тәулігіне 1-2  рет, б/і, т/і, 7-10 күн;
·           немесе цефуроксим  0,75-1,5 г-нан х тәулігіне 2-3 рет т/і, б/і, 7-10 күн;
·          немесе цефотаксим тәулігіне 1-2 г-нан х тәулігіне 1-2 рет, т/і, б/і, 7-10 күн ішінде.
Немесе фторхинолондар:
·          ципрофлоксацин  200 мг-нан х тәулігіне 1-2 рет т/і тамшымен, 7-10 дней;
·          немесе левофлоксацин 500 мг-нан т/і тәулігіне 1-2 рет 7-14 күн ішінде; 
·          немесе қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын ескере отырып, басқа да кең спектрлі әсері бар антибиотиктер.
 
Гипертермия, ацидоз және сусыздану жағдайында:
Тамырішілік полииондық ерітінділерді (0,9% натрий хлориді ерітіндісі) тамыр ішілік құю көрсетілген, альбумин, плазмалар, декстроза ерітіндісінің және коллоидты ерітінділердің, сондай-ақ метаболикалық ацидозды азайтатын ерітінділердің (есептік дозаларда натрий гидрокарбонатының ерітіндісі) 5%-ы.
1.       Гипертониялық  криз жағдайында:  25% магний сульфат ерітіндісі -  5-20 мл-дан т/і баяу ағызып құю.

2.       Қызба жағдайында:
төменде атап көрсетілген препараттардың бірі:
·          натрий диклофенагы 75 мг/2 мл, т/і [ДД – В].
·          немесе парацетамол (1г/6,7мл)  тәулігіне 1,5г-3 г т/і (ДД – В).
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:
·          сіреспеге қарсы аттың тазартылған қойылтылған сұйық сарысуы, 50000 МЕ-нан ампулада т/і енгізуге арналған ерітінді;
·          сіреспелі анатоксин, 0,5 мл-нан ампулада (бір екпе дозасы) немесе 1 мл (2 екпе дозасы);
·          диазепам – 2,0 мл-нан инъекцияға арналған ерітінді 0,5%;
·          хлорпромазин, инъекцияға арналған ерітінді 2,5%, 2,0 мл;
·          тримепиридин 1% - 2,0 мл;
·          дифенгидрамин 2% - 2,0 мл;
·          бромид пипекуроний, субстанция-ұнтақ стерильді, күңгірт шыны банка (баночка) 20 г, 50 г, 100 г, 200 г.
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (ДД – В):
·          Метронидазол – 100 мл-дан флакондарда инфузияға арналған ерітінді ;
·          Доксициклин, капсулалар 100мг;
·          Цефтриаксон, бұлшықет ішілік және тамыр ішілік енгізу үшін инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ, флаконд 1 г;
·          Ципрофлоксацин, инфузияға арналған ерітінді 0,2%, 200 мг/100 мл; 10 мл-дан ампулаларда 1% ерітінді (араласуы тиіс концентрат);
·          Клиндамицин, бұлшықет ішілік және тамыр ішілік енгізуге арналған ерітінді 150 мг/мл, ампулада 2 мл;
·          Цефуроксим, т/і және б/і енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ, флаконда 750мг, 1,5г;
·          Цефотаксим, т/і және б/і  енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ,  флаконда 1,0 г;
·          Левофлоксацин,  инфузияға арналған ерітінді 5 мг/мл; флакон 100 мл; 
·          Натрий хлоридінің ерітіндісі 0,9% - 100, 200, 400 мл;
·          Декстроза ерітіндісі 5% - 400 мл;
·          Натрий диклофенагы таблеткалар, 25 мг,100мг;
·          Ацетаминофен, таблеткалар 500 мг, 1г/6,7 мл инфузияларға арналған ерітінді дайындау үшінконцентрат;
·          Натрий диклофенагы, 75 мг/2 мл-нан ампулада т/і инъекцияларға арналған ерітінді.

Препараттарды салыстыру кестесі:

Сыныбы ХПА Артықшылықтар Кемшіліктер ДД
J06 Иммундық сарысулар және иммуноглобулиндер сіреспеге қарсы аттың тазартылған қойылтылған сұйық сарысуы Бірінші топты препарат,  анағұрлым жылдам енгізу керек Анафилаксияның дамуының жоғары деңгейі (жағдайлардың 20%-ы) және неғұрлым қысқа жартылай ыдырау кезеңі (2 күн) А
J06 Иммундық сарысулар және иммуноглобулиндер сіреспелі анатоксин Бірінщі топты препарат,  анағұрлым жылдам енгізу керек Анафилаксияның дамуының жоғары деңгейі (жағдайлардың 20%-ы) және неғұрлым қысқа жартылай ыдырау кезеңі (2 күн) А
N05B анксиолитиктер диазепам  Құрысқақты тоқтату үшін таңдау препараты болып табылады Тыныс алудың ауырлауы, гипотензия,
Перифериялық тамырларға инъекция жағдайындағы флебит. Делириогенді әсер
А
Деполярламайиын бәсекелес типті перифериялық әсері бар
миорелаксант
Пипекуроний бромид Миорелаксациялаушы әсері бар препарат седациясына қосымша ретінде қолданылады мүмкін біркелкі брадикардия, АҚ-ның сәл төмендеуі, парциалды тромбопластиналы және протромбылы уақыттың азаюы, сирек аллергиялық  реакциялардың болуы мүмкін В
Нитроимидазолдар Метронидазол Сіреспе жағдайындағыантибактериалды таңдау препараты Диспетикалық құбылыстар, қан өндірім  жүйесінің бұзылушылықтары А
Антибиотик,
биосинтетикалық пенициллиндер
Бензилпенициллин  натрий  тұзы Сіреспе жағдайындағы  антибактериалды таңдау препараты
 «+» кокк грамына (стрептококтарға) қатысты белсенді
Бета-лактамаздарға  төзімсіз.
  «-»  м/о грамының көпшілігіне қатысты төмен белсенділік.
А
Антибиотик, III ұрпақты цефалоспорин цефтриаксон   «+» грамына, «-» грамына м/о қатысты белсенді
Бета-лактамазды ферменттерге тұрақты.
Тіндерге және сұйықтыққа жақсы өтеді.
Жартылай шығару кезеңі 8-24с.
Анаэробты патогендерге төмен белсенділік. А
Антибиотик, II ұрпақтыцефалоспорин цефуроксим  Бактерицидті әсер етеді.
 «+» грамына, «-» грамына м/о қатысты жоғары белсенді
Clostridium difficile, Pseudomonas spp., Campylobacter spp., Acinetobacter calcoaceticus, Listeria monocytogenes-ке қатысты белсенді емес,, Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis, Legionella spp., Streptococcus (Enterococcus) faecalis, Morganella morganii, Proteus vulgaris, Enterobacter spp., Citrobacter spp., Serratia spp., Bacteroides fragilis штамының метициллиніне төзімді. А
Антибиотик, ІІІ ұрпақты
цефалоспорин
цефотаксим Кең спектрлі әсері бар антибиотик. Бактерицидті әсер етеді,  «+» грамына, «-» грамына м/о қатысты жоғары белсенді. Грам оң және грам теріс микроағзалардың бета-лактамаздарының көпшілігіне төзімді.  
Фторхинолондар ципрофлоксацин  «+» грамға, «-» грамға м/о қатысты белсенді. Str.pn.-ге бірқалыпты белсенділік
 
A
левофлоксоцин Респираторлық фторхинолонжоғары және төмен тыныс алу жолдарының инфекцияларын емдеуде препарат резерв ретінде көрсетілген Диспептикалық құбылыстар, сирек – аллергиялық реакциялар
Антибиотик,
линкозамид
клиндамицин Сіреспені емдеуге арналған 2-қатарлы антибактериалды препарат Бактериостатик,
«+» грамына, «-» грамына м/о (Strept.,Staph.) қатысты белсенді
Clostridium sporogenes пен Clostridium tertium-ге төмен белсенділік А

Хирургиялық араласу: 1000–3000 МЕ дозасында сіреспеге қарсы сарысумен алдын ала  жару және некроэктомияны орындау, жараны бірнеше рет шаю және жараны ашық ұстау арқылы жараны хирургиялық өңдеу.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          клиникалық сауығу;
·          зертханалық көрсеткіштерді қалпына келтіру.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [1,3]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер (жалпы немесе инфекциялық бейіндегі реанимация және интенсивті терапия бөлімшелеріне): өмірлік маңызды функциялардың мүмкін бұзылуына, қарқынды терапия және күтім қажеттілігіне байланысты сіреспеге күмәндану.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Clinical guidelines: Diagnosis and treatment manual, 2016. – P. 180-186.2) Инфекционные болезни: национальное руководство /Под ред. Н.Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009, С. 521–529. 2) Анаэробная хирургическая инфекция. Столбняк : учеб.-метод. пособие / С. А. Алексеев, В. Г. Богдан, Ю. А. Соколов. – Минск: БГМУ, 2007. – 23 с. 3)Амиреев С.А., Бекшин Ж.М., Муминов Т.А. и др. Стандартные определения случаев и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. Практическое руководство, 2-ое издание дополненное. - Алматы, 2014 г.- 638 с. 4) Пройдаков М.А. Диагностика и лечение столбняка: метод.рекомендации для студентов медицинских ВУЗов / М.А. Пройдаков, Ю.М. Амбалов. – Ростов н/Д: КМЦ «НЕО-ПРИНТ», 2014. – 12 с. 5) WHO Communicable Diseases Working Group on Emergencies, Communicable Diseases Surveillance and Response, WHO Regional Office for the Americas// Current recommendations for treatment of tetanus during humanitarian emergencies, 2010. 6р. 6) Okoromah C, Lesi A. Diazepam for treating tetanus\\Cochrane Database of Systematic Reviews,2004. 7) Tiwari TSP. Manual for the Surveillance of Vaccine-Preventable Diseases. Chapter 16: Tetanus. Centers for Disease Control and Prevention. April 1, 2014; Accessed: June 16, 2016. 8) Public Health England. Tetanus: information for health professionals. June 2015. https://www.gov.uk/ (last accessed 21 February 2017).

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)      Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ бас штаттан тыс инфекционисті.
2)      Құлжанова Шолпан Адлғазықызы – медицина ғылымдарының докторы, «Астана Медицина университеті» АҚ, инфекциялық аурулар, эпидемиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі.
3)      Муковозова Лидия Алексеевна – медицина ғылымдарының докторы, «Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, неврология, психиатрия және  инфекциялық аурулар кафедрасының профессоры.
4)      Тоқаева Алма Зейноллақызы – медицина ғылымдарының кандидаты «Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, неврология, психиатрия және инфекциялық аурулар кафедрасының доценті.
5)      Нұрпеисова Айман Женаевна – Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы «№1 емхана» КМК, гепатологиялық орталық меңгерушісі, дәрігер инфекционист, Қостанай облысы бойынша бас штаттан тыс инфекционист.
6)      Юхневич Екатерина Александровна – «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының доцентінің м.а., клиникалық фармаколог
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер тізімі:
1)      Егембердиева Равиля Айтмағамбетқызымедицина ғылымдарының докторы, «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» ШЖҚ РМК инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры,.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы жариялағаннан кейін және ол күшіне енгеннен кейін 5 жылдан соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістері болған жағдайда қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх