Несепті күйзеліс кезінде ұстай алмау

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Непроизвольное мочеиспускание (N39.3)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясының
2014 жылғы «5» мамырдағы
№ 6 хаттамасымен бекітілген

 
Несепті күйзеліс кезінде ұстай алмау – бұл қарын бұлшықеттерін қысқан кезде және жөтел, дене жүктемесі (жүгіру, жүру, спортпен айналысу) кезінде, кенеттен тұрғанда, жыныстық қатынас кезінде және т.б. қарын ішіндегі қысымның артуындағы еріктен тыс және бақыланбайтын несептің ағуы туындайтын ахуал [1].

Хаттама атауы: Несепті күйзеліс кезінде ұстай алмау

ХАЖ-10 коды:

N39.3 Ықтиярсыз несептің шығуы
 

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
RW – Вассерман реакциясы
TVT-0 – трансобтураторлы имплантаттауға арналған өткізгіштері бар синтетикалық ілмек
АИТВ – адамның иммун тапшылық  вирусы
РБЗ – рандомизирленген бақыланатын зерттеулер
НКҰА – несепті күйзелу кезінде  ұстай алмау
ДД – дәлелділік деңгейі
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ – электрокардиограмма
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 ж.

Пациенттер санаты: ересектер

Хаттаманы пайдаланушылар: стационарлардың акушер-гинеколог дәрігерлері




 

Жіктемесі

Клиникалық жіктелуі:
-ауырлықтың жеңіл деңгейі -  жүгіру, қатты жөтелу кезінде қарын ішіндегі қысымның кенет және абайсызда артуында орын алуы;
-ауырлықтың орта деңгейі – жеңіл жүру, жүк алған кезде несептің  шығуы;
-ауыр деңгейі – аурулар дененің қалпы ауысқан кезде толығымен несептің толық шығуы.

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі негізгі (міндетті) және қосымша тексерулерді жеке атап өту):
 
Негізгі (міндетті):
-қанды жалпы талдау
-қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, креатинин, аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, несепнәр, билирубин)
-коагулограмма
-қан тобы мен резус-фактор
-АИТВ
-RW
-С гепатиті
-В гепатиті
-ЭКГ
-несепті клиникалық талдау
-кіші жамбас ағзаларының УДЗ
-терапевтің кеңесі
-гинекологиялық зерттеу
-жөтел тестін жүргізу
-қалдық несептің көлемін зерттеу
-несеп жіберу күнделігін толтыру (№4 қосымша)
-өмір сапасы бойынша сауалнаманы толтыру (№3 қосымша)
-қуық қалбыршағына ультрадыбыстық зерттеу
-несепті бактериологиялық зерттеу
-ерекше және ерекше емес инфекцияларды анықтауға арналған жағындыны зерттеу
-онкоцитологияға арналған сүртінді

Қосымша тексерулер (синтетикалық ілмекпен оталап емдеуден кейін ұстай алмаудың қайталануы)
-цистоскопия
-уретроскопия
-несеп жолдарын ультрадыбыстық зерттеу
-бүйректі ультрадыбыстық зерттеу
-кіші жамбас ағзаларының компьютерлік томографиясы
-несеп ағынының жылдамдығын өлшеу (урофлоуметрия)
-цистометрия
-несеп жолдарындағы қысымның профилометриясы.

Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар: физикалық жүктеме кезінде несептің ағып кетуі


Физикалды тексеру: несеп-жыныстық терең жыланкөзді болдырмау үшін айнамен қынапқа гинекологиялық тексеру, оң жөтел тесті, несеп жіберу күнделігі бойынша несепті ұстай алмаудың күйзеліс түрі*

Зертханалық зерттеулер: қынап қуысының созылмалы ауруларын болдырмауға арналған несепті клиникалық талдау

Аспаптық зерттеулер: қуыстық-уретралды бұрышты және уретро-везикалды сегменттің гипержылдамдығын анықтауға арналған несеп қуысының УДЗ, ота жасаудан кейінгі кезеңде несеп жолдары бітелуін болдырмауға арналған қалған несептің көлемін анықтау

Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер: жедел отаға дайындау мақсатында терапевтке, анестезиологқа қаралу

Дифференциалды диагноз


Сараланған  диагноз: несептің ургентті ұстай алмауында жүргізіледі
 

Симптомдар Гипербелсенді қуық қалбыршағы Несепті күйзеліс кезінде ұстай алмау
Жиі шақыру  (тәулігіне 8 реттен астам) иә жоқ
Императивті шақыру (кенеттен дәретке отырғысы келу ) иә жоқ
Түнде бірнеше рет дәретке отыру үшін түнгі ұйқының бөлінуі әдетте сирек
Шақыру басталғаннан кейін дәретханаға дейін уақтылы жету мүмкіншілігі жоқ иә
Денеге күш түскенде туындайтын несепті ұстай алмау (жөтел, күлкі, түшкіру және басқару) жоқ Иә
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты: хирургиялық жолмен ортаның үштен бір бөлігінде уретраның майысуын жасау есебінен несепті күйзеліс кезінде ұстай алмауды болдырмау

Емдеу тәсілі:

Дәрі-дәрмексіз емдеу: Кегель жаттығуы, физиотерапия, уретралды девайс [5,6,7,8] [ДД А].

Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізгі:
-цефазолин
-цетопрофен
-цефазолин
-цатрий хлоридінің ерітіндісі 0.9%
-Рингер ерітіндісі
-желатин
-фенилэфрин
-норэпинефрин
-пропофол
-фентанил
-атропин
-дифенгидрамин
-ропивакаин
-лидокаин

Қосымша:
-трамадол
-метронидазол
-Рингер ерітіндісі
-надропарин кальций

Хирургиялық емдеу: орта және ауырлық деңгейіндегі несепті ұстай алмаудың күйзеліс түрі кезінде жоспарлы ота [9,10] [ДДА].

Шұғыл отаға көрсетімдер: жоқ
 
Отаға қарсы көрсетімдер: жалпы жедел араласуды жүргізу үшін: созылмалы аурулардың асқынуы, асқыну фазасында экстрагениталды органдарының созылмалы аурулары, қан тамыры ішіндегі наркозға немесе спинальды анестезияға қарсы көрсетімдердің болуы.

Отаны жүргізуге талаптар:
Ота оқытылған гинекологтың немесе уролог бар болған кезде мамандандырылған стационарда жүргізіледі. Наркоз – тамыріші наркозға қарсы көрсетімдер болғанда, тотальды анестезия, семіру кезінде спинальды анестезия көрсетілген. Отаны жүргізуге пластикалық қынаптық ота мен бір реттік «Трансобтураторлы имплантаттауға арналған өткізгіштері бар синтетикалық ілмек» жиынтығы қажет.
Пациент операция үстеліне аяқтардың тізе және жамбас буындарының ажыратылған күйінде жатқызылады. Бұтара, сыртқы жыныс органдарының терісін, қынаптың шырышты қабатын «Повидон-йодпен» өңдеу жүргізіледі.

TVT-Q еркін синтетикалық  ілмекпен ілмек уретропексия жүргізу
Фоллей катетерімен қуық қалбыршағына катетерлеу. Асептикалық жағдайларда алдын ала белгілеуден және натрий хлориді физиологиялық ерітіндісімен сүзгілеуден кейін уретраның ортасының үштен бір бөлігінің астына 1 см шырышты қынапқа тілік жүргізіледі, парауретралды каналдар қалыптасады, металл бағыттаушысы бойынша ішкі обтураторлық бұлшықеттер, обтураторлық тесіктің мембраналары арқылы өткізгіштер көмегімен обтураторлық сыртқы бұлшықеттері арқылы проленді лента өткізіледі, уретраның орташа үштен біріне тартусыз орнатылады. Лентаның тыстары алынып тасталады. Шырышты қынаптың тіліндісі викрильді тігістермен тігіледі

Әрі қарай жүргізу: отадан кейін 1 ай физикалық және жыныстық тыныштық сақтау, отадан кейін 1 ай амбулаториялық кезеңде гинекологқа тексерілу, жөтел тестін жүргізу.
 
Отаның тиімділік индикаторлары:
-теріс жөтел тесті
-қалдық несеп < 100 мл
-парауретралды және параметралды талшықтарда көлемді қан ұюлардың жоқтығы (УДЗ бойынша)
-айқын көрініс тапқан асқынған реакцияның жоқтығы (клиникалық және зертханалық)

 

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үшін госпитальдау үлгісімен нұсқалған көрсетімдер.
Жоспарлы госпитальдау; госпитальдау көрсетімі болып пациенттің өмір сапасын төмендететін несепті күйзелу кезінде ұстай алмау жатады және жедел оперативті араласуды қажет етеді [1,2] [ДД А].

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар: жатырдағы  ірі ұрықты мойнақ арқылы тудыртпау, несепті күйзелік кезінде ұстай алмаудың бірыңғай көріністері орын алған пациенттерге Кегель гимнастикасын жүргізуді ұсыну, гинекологқа жыл сайын қаралудан өтетін жасы 40-тан асқан пациент әйелдерге жөтел тестін жүргізу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1) Abrams Р, Cardozo L, Khoury S. Wein A. Incontinence. Management. //Edition 2005. Vol. 2. P. 1314-1315. 2) First Steps in the Management of Urinary Incontinence in Community-Dwelling Older People. A clinical practice guideline for primary level clinicians. //Third Edition. 2010. P. 148. 3) Price DM, Noblett K. Comparison of the cough stress test and 24-h pad test in the assessment of stress urinary incontinence. // Int Urogynecol J. 2012. Vol.23, N 4. P. 429-433. 4) Srikrishna S, Robinson D, Cardozo L. Qualifying a quantitative approach to women's expectations of continence surgery.// Int Urogynecol J Pelvic Floor Dysfunct. 2009. Vol.20. N 7.P. 859-65. 5) Herderschee R. Hay-Smith EJC, Herbison GP. Roovers JP. Heineman MJ. Feedback or biofeedback to augment pelvic floor muscle training for urinary incontinence in women. Cochrane Database Syst Rev. 2011:7:CD009252. DOl: 10.1002/14651858.CD009252. 6) Dumoulin C, Hay-Smith J. Pelvic floor muscle training versus no treatment, or inactive control treatments, for urinary incontinence in women. Cochrane Database Syst Rev. 2010:1:CD005654. DOI: 10.1002/14651858.CD005654.pub2. 7) Payne CK. Conservative management of urinary incontinence: behavioral and pelvic floor therapy, urethral and pelvic devices. In: Wein AJ, ed. Campbell-Walsh Urology. 10th ed. Philadelphia, Pa: Saunders Elsevier; 201 lxhap 69. 8) Neumann P. Morrison S. Physiotherapy for urinary incontinence. Aust Fam Physician. 2008 Mar;37(3): 118-21. 9) Nilsson, C-G.? Palva, K., Aarnio, R., Morcos, E., Falconer. C. Seventeen years1 follow-up of the tension-free vaginal tape procedure for female stress urinary incontinence.// International Urogynecology Journal. 2013. Vol. 24. P. 1265-1269 10) Groutz A, Rosen G, Gold R, Lessing JB, Gordon D. Long-term outcome of transobturator tension-free vaginal tape: efficacy and risk factors for surgical failure.// J Womens Health (Larchmt). 2011. Vol. 20, N 10. P.1525-1528.

Ақпарат

Біліктілік деректері  көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
  1. Үкібасова Талшын Мұқадесқызы - профессор, медицина ғылымдарының докторы –  «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ  акушерия және гинекология бөлімінің жетекшісі, Астана қаласы
  2. Лущаева Елена Владимировна -  «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ   әйелдер аурулары бөлімінің акушер-гинекологы, жоғары біліктілік санаты бар дәрігер.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: Мүдделер қақтығысы жоқ.
Хаттаманы қайта қараудың жағдайларын көрсету: 3 жылдан кейін немесе жаңа дәлелділік деректері пайда болғанда.
Пікір иесі: Сейдуллаева Лейла Алтынбекқызы - медицина ғылымдарының  докторы, Республикалық  ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми орталығының бас дәрігері, Алматы қаласы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх