Омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған өзгерістері

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Врожденная деформация позвоночника (Q67.5), Врожденный сколиоз, вызванный пороком развития кости (Q76.3), Кифоз и лордоз (M40), Осложнение механического происхождения, связанное с другими внутренними ортопедическими устройствами, имплантатами и трансплантатами (T84.4), Остеохондродисплазия с дефектами роста трубчатых костей и позвоночного столба неуточненная (Q77.9), Сколиоз (M41)
Травматология и ортопедия

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «25» мамырдағы
№ 22 хаттамасымен мақұлданған

Туа біткен омыртқаның өзгеруі – бұл омыртқа құрылысы немесе санының даму аномалиялары.

Жүре пайда болған омыртқаның өзгерістері – бұл омыртқадағы өзгерістер, бәрінен бұрын өсу процесінде көбіне қабынбау процестерінің салдарынан туындайды. 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 код(тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
Q76.3 Сүйектің даму ақауымен туындаған туа біткен сколиоз
Q67.5 Омыртқаның туа біткен өзгеруі
Q77.9 Дәлелденбеген омыртқа бағанасы және түтік тәрізді сүйектердің өсу ақауларымен остеохондродисплазия
М41 Сколиоз
М40.0 Позициялық кұныс
М40.1 Басқа қайталама құныстар
М40.2 Басқа және дәлелденбеген құныстар
М40.3 Тікелей арқа синдромы
М40.4 Басқа лордоздар
М40.5 Дәлелденбеген лордоз
Т84.4 Басқа ішкі ортопедиялық құрылғылармен, имплантаттармен және трансплантаттармен байланысты механикалық тектес асқынулар
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2013 жыл (2017 ж. қайта қаралған)
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АИТВ адамның иммунотапшылығы вирусы
КТ компьютерлік-томографиялық зерттеу
ЕГ емдік гимнастика
ЕДШ емдік дене шынықтыру
МРТ магнитті –резонанстық томография
УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ электрокардиограмма
ЭНМГ электронейромиография
ЭхоЭКГ эхоэлектрокардиография
 
Хаттаманы пайдаланушылар: хирургтар, травматолог-ортопедтер, педиатрлар, ЖПД.

Пациенттердің санаты: балалар, ересек адамдар.

Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Жіктеме

Туа біткен омыртқа өзгерістері [1-4]:
1)     омыртқалардың қалыптасуының бұзылуы:
·        бейтарап (доға және дене гипоплазия, доға аплазиясы, доғаның жартысының аплазиясы);
·        сколиозогенді (дене және доға жартысының аплазиясы (бүйірлік жарты омыртқа), дене және доға гипоплазиясы (бүйірлік сына тәрізді омыртқа);
·        кифозогенді (артқы жарты омыртқалар, дене гипоплазиясы (артқы сына тәрізді жарты омыртқа), артқы бүйірлі жартылай омыртқа);
2)     омыртқалардың бірігуінің бұзылуы:
·        бейтарап (омыртқаның бірігуінің симметриялық бұзылуы, доғаның бірігуінің болмауы);
·        сколиозогенді (ассиметриялық дамыған көбелек тәрізді омыртқаның бірігуінің болмауы, дене және доға денесінің ассиметриялық дамыған жартыларының болмауы);
·        кифозогенді (артқы жартылай омыртқалардың бірігуінің болмауы, артқы сына тәрізді омыртқаның бірігуін бұғаттау);
3)     омыртқалар және қабырғалар сегменттелуінің бұзылуы:
·        бейтарап (бүкіл кесе-көлденең бойынша шектес омыртқаларды бұғаттау, балама бұғаттау, қабырғаларды симметриялық бұғаттау);
·        сколиозогенді (шектес омыртқаларды бүйірлік бұғаттау, «сегмент арқылы» бұғаттау);
·        кифозогенді («сегмент арқылы» омыртқа денелерінің алдыңғы бөлімдерін бұғаттау, шектес омыртқалардың алдыңғы бөлімдерін бұғаттау).
 
Омыртқаның жүре пайда болған өзгерістері (сколиоз, кифоз, кифосколиоз)
1)     оқшаулану бойынша:
·        мойын-кеуде;
·        кеуде;
·        кеуде бел;
·        бел;
·        бел-сегізкөз.
2)     өзгеру дәрежесі бойынша:
·        I деңгей - 0°-15°;
·        II  деңгей - 15°-25°;
·        III  деңгей - 25°-50°;
·        IV  деңгей - 50° артық.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар:
·             кеуде бөліміндегі аурулар;
·             ентігу;
·             дене жүктемелеріндегі әлсіздік;
·             омыртқаның қисаюына.

Анамнез: туа біткен сколиозогенді және кифозогенді ақаулар ерте балалық шақта немесе туғаннан кейін бірден анықталады. Консервативті емдеу оң әсер береді. Динамикада омыртқаның өзгеру прогрессиясы байқалады. Басым жағдайларда идиопатиялық сколиоз белсенді өсу кезеңінде 10-12 жас аралығында пайда болады. Омыртқаның жүре пайда болған өзгерістері негізінен омыртқа және аяқтардың негізінен жарақатынан кейін туындайды.

Физикалық қарап-зерттеу:
·             фронталды жазықтағы омыртқаның қисаюы;
·             омыртқаның физиологиялық бүгілулерінің ұлғаюы/азаюы (кифоз, лордоз) сагиттальдық жазықта;
·             қабырға дөңесінің болуы;
·             жауырын бұрыштарының, иық үсті асимметриясы;
·             қабырға доғасының асимметриясы;
·             жамбастың оталуы;
·             дене дисбалансы;
·             косметикалық әсер;
·             бұзылулармен және бұзылусыз неврологиялық мәртебе.
 
Зертханалық зерттеулер: жоқ.

Емдеуге жатқызуға дейінгі диагностикалық зерттеп-қараулар тізбесі:
·             қанның жалпы анализі;
·             зәрдің жалпы анализі;
·             нәжісті ж/қ зерттеу;
·             қанның микрореакция анализі;
·             гепатит маркерлеріне қанның анализі;
·             АИТВ қанның анализі;
·             қан ағу ұзақтығы және қойылу уақытын анықтау;
·             коагулограмма (ПТИ, фибриноген);
·             қанның биохимиялық анализі (бауыр сынамалары, жалпы ақуыз, креатинин, несепағар, қан глюкозасы);
·             қан және резус-фактор топтарын анықтау.

Операциядан кейінгі/дейінгі негізгі диагностикалық зерттеп-қараулар:
·             қанның жалпы анализі;
·             зәрдің жалпы анализі;
·             қан ағу ұзақтығы және ұйығыштығын анықтау;
·             қанның биохимиялық анализі (бауыр сынамалары, жалпы ақуыз, креатинин, несепағар, қан глюкозасы).

Аспаптық зерттеулер:
омыртқа рентгенографиясы – жартылай омыртқалар, көбелек тәрізді омыртқалар түріндегі омыртқаларды туа біткен аномалияларының болуы, омыртқа сегментациясының бұзылуы, омыртқаның бірігуінің бұзылуы, өзгеру доғасындағы омыртқа ротациясымен сколотикалық және кифотикалық өзгерулердің болуы;
·             флюорография;
·             ЭКГ;
·             омыртқа рентгенографиясы (интраоталық, операциядан кейін);
·             КТ-3D реконструкция;
·             спирография;
·             ЭХО-ЭКГ;
·             ЭНМГ.
Операциядан бұрынғы/кейінгі қосымша диагностикалық зерттеп-қараулар:
·               көкірек қуысы  органдарының рентгенографиясы (көрсеткіштер бойынша);
·             құрсақ қуысы және кіші жамбас мүшелерінің УДЗ (көрсеткіштер бойынша);
·             ЭНМГ (көрсеткіштер бойынша);
·             коагуляциялық гемостазды зерттеу (көрсеткіштер бойынша);
·             МРТ (көрсеткіштер бойынша);
·             қаңқа сцинтиграфиясы (көрсеткіштер бойынша);
Ми жұлын каналының жағдайы, ақау нысандары және түрлерін нақтылау үшін туа біткен өзгерісте МРТ, КТ, спирография, ЭхоЭКГ, ЭНМГ жүргізіледі.

Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·             көкірек қуысы омыртқаның өрескел өзгеруі салдары, неврологиялық және функционалдық бұзылулар болғанда невропатологтың консультациясы.
NB! Туа біткен омыртқаның өзгерістерінде жиі кездесетін жүйелер және органдардың салалық мамандар кеңесі.
 
Диагностикалық алгоритм: 


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі 
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды алып тастау белгісі
Омыртқа туберкулезі ·          бастапқы туберкулез ошағының болуы;
·          Мантудың оң реакциясы;
·          қозғалыстарды шектеу.
·        рентгенография:
(ауру кезеңіне байланысты дене және омыртқа доғалары тарапынан деструктивті полиморфты бұзылулар байқалады. Ауру фонында омыртқаның екінші өзгеруі мүмкін)
·        зертханалық зерттеулер және рентгенологиялық қандай да бір белгілердің болмауы
омыртқаның онкологиялық аурулары ·          омыртқаға метастаздармен жүйелер және басқа мүшелердің бастапқы зақымдануларының болуы ·        рентгенография;
·        КТ;
·        МРТ;
·        УДЗ (мүшелердің зақымдануын растаумен);
·        оң онкомаркерлер.
 
·        Аталмыш патология үшін клиникалық, зертханалық және құралдық зерттеулердің болмауы
 
 

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
      
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Режим: ортопедиялық – омыртқаға ұзақ тік күш түсуді болдырмау, ауырлықты көтеру.

Физиотерапия:
·               ЛГ;
·               ФТЛ;
·               ЕДШ;
·               уқалау;
·               тыныс алу гимнастикасы;
·               корсетотерапия.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу [10]: СЕҚҚЗ ауыру синдромын тоқтату мақсатымен аналгетиктер, қабынуға қарсы процес немесе ауыру синдромын алу үшін тағайындалады.

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:

Фармакологиялық топ ДҚ халықаралық патенттелмеген атауы Қолданылу тәсілі Дәлелділік деңгейі
Стероидты емес  қабынуға қарсы заттар Ацетаминофен (Парацетамол) Ересек адамдарға: ішке бір реттік мөлшер - 500 мг, ең жоғарғы бір ретті мөлшер - 1 г. Тағайындау мерзімділігі – тәулігіне 4 ретке дейін. Ең жоғарғы тәуліктің мөлшер - 4 г,
ректалды-500 мг тәулігіне 1-4 рет; ең жоғарғы бір реттік мөлшер - 1 г, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 4 г.
Балаларға:
○ 1-3 ай - 30-60 мг әр 8 с. сайын қажеттілігіне қарай; маңызды белгілерде - 20 мг/кг бір реттік мөлшер түрінде, одан кейін 15-20 мг/кг әр 6-8 сағ; ең жоғарғы - 60 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген.
○ 3-12 ай - 60-120 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 20 мг/кг әр 6 с (ең жоғарғы 90 мг/кг - күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 1-5 жас - 120-250 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 20 мг/кг әр 6  с (ең жоғарғы - 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 6-12 лет - 250-500 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 20 мг/кг (ең жоғарғы - 1 г) әр 6 с (ең жоғарғы 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген, тәулігіне кемінде 4 г) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с, ең жоғарғы - 4 г күн сайын).
○ 12-18 жас - 500 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 0,5-1,0 г әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде).
Ректалды.
○ 1-3 ай - 30-60 мг әр 8 с. сайын қажеттілігіне қарай; маңызды белгілерде - 30 мг/кг бір реттік мөлшер түрінде, одан кейін 20 мг/кг әр 8 сағ; ең жоғарғы - 60 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген.
○ 3-12 мес - 60-120 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 40 мг/кг бір рет, бұдан әрі 20 мг/кг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 1-5 жас - 120-250 мг әр 4-6 с. сайын қажеттілігіне қарай (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 40 мг бір рет, одан кейін 20 мг/кг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 5-12 жас - 250-500 мг әр 4-6 с. сайын қажеттілігіне қарай (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 40 мг/кг (ең жоғарғы - 1 г) бір рет, одан кейін 20 мг/кг әр 6 с (ең жоғарғы - 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 12-18 жас - 500 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 0,5-1,0 г әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер тәулігіне бірнеше қабылдауға).
Емдеу ұзақтығы - 3 күн (ыстық түсіретін құрал ретінде қабылдауда) и 5 дней (аналгездеуші құрал ретінде).
В
Ибупрофен Ересек адамдарға: тамақтан кейін ішке, тәулігіне 3-4 рет 400-600 мг-нан.
Балаларға 2 жасқа дейін тамшыны ішке қабылдауға тыйым салынған, 3 айға дейін - ішке қабылдауға арналған суспензия, 12 жасқа дейін - пролангацияланған әсерлі капсулалар.
Ішке.
1-6 ай, дене салмағы 7 кг болғанда: тәулігіне 3-4 рет 5 мг/кг-нан; ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 30 мг/кг.
6-12 ай: 5-10 мг/кг (орташа 50 мг) тәулігіне 3-4 рет, ауыр жағдайларда 3-4 қабылдауға 30мг/кгх тәулігіне тағайындайды. 1-2 жыл: тәулігіне 3 рет 50 мг, ауыр жағдайларда 3-4 қабылдауға 30 мг/кг тәулігіне тағайындайды.
2-7 жас: 100 мг-нан тәулігіне 3 рет, ауыр жағдайларда 3-4 қабылдаудан 30 мг/кг×тәулігіне тағайындайды. 
Жасы 7-18 жас; бастапқы мөлшері тәулігіне 3 рет150-300 мг құрайды (ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 1 г), одан кейін 100 мг тәулігіне  3 рет ; ауыр жағдайларда 30 мг/кг×тәулігіне 3-4 қабылдаудан тағайындалады.
Емдеу ұзақтығы – кемінде 5 күн.
В
Кетопрофен
 
 
Ересек адамдарға: ішке тамақ кезінде, таблеткалар және тамшылар ішке қабылдау үшін тәулігіне 3 рет 100 мг-нан; ретард таблеткалары - 150 мг/тәулігіне 2 қабылдауға 12 сағ интервалмен; капсулалар - 50 мг таңертең және күндіз, 100 мг кешке; гранулалар - 80 мг-нан (бір пакеттің ішіндегісі) күніне 2-3 рет.
Бұлшықетішілік тәулігіне 1-2 рет 100 мг-нан енгізеді.
Балаларға 15 жасқа дейін ұсынылмайды (Қазақстандық ұлттық формуляр).
Емдеу ұзақтығы т/і 48 сағаттан аспауы тиіс.
Жалпы қолдану ұзақтығы 5-7 күннен аспауы тиіс
В
Диклофенак Ішке, ересек адамдарға75-150 мг тәулігіне  2-3 қабылдауға;
Инъекциялар, ересек адамдарға, тәулігіне 1 рет 75 мг, қажеттілігі болғанда кемінде 12 сағат интервалмен күніне 2 рет; 2 күннен артық емес, қажеттілігі болғанда пероральды немесе ректалды диклофенакт қолдануға ауысады.
Суппозиторийлер, ересек адамдарға, 50-150 мг  күніне бөлінген мөлшерлерге;
Сыртқа, ересек адамдарға зақымданған орынға тәулігіне 2 немесе 3 рет.
Емдеу ұзақтығы белгіленген әсер және көрсеткіштерге байланысты.
В
Кеторолак Ішке, ересек адамдарға, 10 мг тәулігіне 4 ретке дейін , ең жоғарғы тәуліктік мөлшер 40 мг аспауы тиіс (дене салмағы 50 кг кем  немесе бүйрек функциялары бұзылған науқастарға күніне 1-2 ре)
Тамыр ішілік және бұлшықетішілік енгізуге арналған ең жоғарғы тәуліктік мөлшерлер 16-64 жастағы науқастар үшін 90 мг/тәулігіне құрайды, 50 кг асатындарға, және салмағы 50 кг аз немесе ХПН-мен, сондай-ақ қарт науқастарға. Балаларға 15 жасқа дейін ұсынылмайды.
Емдеу ұзақтығы 5 тәуліктен аспауы тиіс.
В
Опиоидты анальгетиктер Трамадол т/і (баяу тамшылы), т/і 50-100 мг (1-2 мл ерітінді). 30-60 минуттан кейін қанағаттанарлық әсер болмағанда қосымша 50 мг (1 мл) препарат енгізу мүмкін. Енгізу мерзімділігі тәулігіне терапия тиімділігіне және ауыру синдромының айқындылығына байланысты тәулігіне 1-4 ретті құрайды. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер – 600 мг. Балаларға 12 жасқа дейін ұсынылмайды.
1-3 сут.
А
 
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі: жоқ.

Хирургиялық араласу: жоқ.

Әрі қарай енгізу: ортопедиялық режимді сақтау, консервативті емдеу курсы жыдына кемінде 2 рет. Травматолог-ортопедте 6 айда 1 рет қаралу.

Хаттамада сипатталған емдеу және диагностика әдістерінің қауіпсіздігі және емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·               ауыру синдромының азаюы;
·               дененің физиологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру және омыртқаның қисаюын жою;
·               денені тік ұстау, арқа, кеуде және іш бұлшықеттерінің күшін қалпына келтіру;
·               науқасты әлеуметтік бейімдеу.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Науқасты бақылау картасы, науқасты маршруттау: жоқ.

Дәрісіз емдеу:
Режим: ортопедиялық – ауырлықты тарту, омыртқаға тік ұзақ жүктемені болдырмау.
·          тыныс алу гимнастикасы;
·          ингаляциялар;
·          ЕДШ.

Дәрі-дәрмектік емдеу [10]: ауыру синдромын немесе қабынуға қарсы процесті алу үшін тағайындалады, қабынуға қарсы процесс немесе синдромды алу үшін СЕҚҚЗ тағайындалады, операциядан кейінгі жарақаттардың қабынуының алдын алу мақсатымен антибиотикотерапия, жансыздандыру мақсатымен анальгетикалық терапия.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:

Фармакологиялық топ Дәрілік заттар ХПА Қолданылу тәсілі Дәлелділік деңгейі
Стероидты емес  қабынуға қарсы заттар Ацетаминофен (Парацетамол) Ересек адамдарға: ішке бір реттік мөлшер - 500 мг, ең жоғарғы бір реттік мөлшер - 1 г. Тағайындау мерзімділігі – тәулігіне 4 ретке дейін. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 4 г,
ректальды -500 мг тәулігіне 1-4 рет; ең жоғарғы бір реттік мөлшер - 1 г, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 4 г.
Балаларға:
○ 1-3 мес - 30-60 мг әр 8 с. сайын қажеттілігіне қарай; маңызды белгілерде - 20 мг/кг бір реттік мөлшер түрінде, одан кейін 15-20 мг/кг әр 6-8 сағ; ең жоғарғы - 60 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген.
○ 3-12 ай - 60-120 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 20 мг/кг әр 6 с (ең жоғарғы 90 мг/кг - күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 1-5 жас - 120-250 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 20 мг/кг әр 6 с (ең жоғарғы - 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 6-12 жас - 250-500 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 20 мг/кг (ең жоғарғы - 1 г) әр 6 с (ең жоғарғы 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген, тәулігіне 4 г артық емес) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с, ең жоғарғы - 4 г күн сайын).
○ 12-18 жас - 500 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 0,5-1,0 г әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде).
Ректальды.
○ 1-3 ай - 30-60 мг әр 8 с. сайын қажеттілігіне қарай; маңызды белгілерде - 30 мг/кг бір реттік мөлшер түрінде, одан кейін 20 мг/кг әр 8 сағ; ең жоғарғы - 60 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген.
○ 3-12 ай - 60-120 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 40 мг/кг бір мәрте, бұдан әрі 20 мг/кг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 1-5 жас - 120-250 мг әр 4-6 с. сайын қажеттілігіне қарай (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 40 мг однократно, одан кейін 20 мг/кг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 5-12 жас - 250-500 мг әр 4-6 с. сайын қажеттілігіне қарай (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 40 мг/кг (ең жоғарғы - 1 г) бір мәрте, одан кейін 20 мг/кг әр 6 с (ең жоғарғы - 90 мг/кг күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген) 48 сағ. ішінде (немесе қажеттілігі болғанда көбірек; егер қолайлы әсерлер алынып тасталса, онда 15 мг/кг әр 6 с).
○ 12-18 жас - 500 мг әр 4-6 с (ең жоғарғы - 4 мөлшер 24 сағ ішінде); маңызды белгілерде - 0,5-1,0 г әр 4-6 с (ең жоғарғы – бірнеше қабылдауға тәулігіне 4 мөлшер).
Емдеу ұзақтығы - 3 дня (ыстық түсіретін құрал ретінде қабылдауда) и 5 дней (аналгездеуші құрал ретінде).
В
Ибупрофен Ересек адамдарға: тамақтан кейін ішке, тәулігіне 3-4 рет 400-600 мг-нан.
Балаларға 2 жасқа дейін тамшыны ішке қабылдауға тыйым салынған, 3 айға дейін - ішке қабылдауға арналған суспензия, 12 жасқа дейін - пролангацияланған әсерлі капсулалар.
Ішке.
1-6 ай, дене салмағы 7 кг болғанда: тәулігіне 3-4 рет 5 мг/кг-нан; ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 30 мг/кг.
6-12 ай: 5-10 мг/кг (орташа 50 мг) тәулігіне 3-4 рет, ауыр жағдайларда 3-4 қабылдауға 30мг/кгх тәулігіне тағайындайды. 1-2 жыл: тәулігіне 3 рет 50 мг, ауыр жағдайларда 3-4 қабылдауға 30 мг/кг тәулігіне тағайындайды.
2-7 жас: 100 мг-нан тәулігіне 3 рет, ауыр жағдайларда 3-4 қабылдаудан 30 мг/кг×тәулігіне тағайындайды. 
Жасы 7-18 жас; бастапқы мөлшері тәулігіне 3 рет150-300 мг құрайды (ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 1 г), одан кейін 100 мг тәулігіне  3 рет; ауыр жағдайларда 30 мг/кг×тәулігіне 3-4 қабылдаудан тағайындалады. Емдеу ұзақтығы – 5 күннен артық емес.
В
Кетопрофен
 
 
Ересек адамдарға: ішке тамақ кезінде, таблеткалар және тамшылар ішке қабылдау үшін тәулігіне 3 рет 100 мг-нан; таблетки ретард - 150 мг/тәу 12 сағаттағы интервалмен 2 рет қабылдауға; капсулалар - 50 мг  таңертең және күндіз, 100 мг кешке; гранулалар - 80 мг (бір пакеттің ішіндегі) күніне 2-3 рет.
Бұлшықетішілік тәулігіне 1-2 рет 100 мг-нан енгізеді.
Балаларға 15 жасқа дейін ұсынылмайды (Қазақстандық ұлттық формуляр). Емдеу ұзақтығы т/і 48 сағаттан аспауы тиіс.
Жалпы қолдану ұзақтығы 5-7 күннен аспауы тиіс
В
Диклофенак Ішке, ересек адамдарға 75-150 мг тәулігіне  2-3 қабылдауға;
Инъекциялар, ересек адамдарға, тәулігіне 1 рет 75 мг, қажеттілігі болғанда кемінде 12 сағат интервалмен күніне 2 рет; 2 күннен артық емес, қажеттілігі болғанда пероральды немесе ректалды диклофенакт қолдануға ауысады.
Суппозиторий, ересек адамдарға, 50-150 мг күніне бөлінген мөлшерлерде;
Сыртқа, ересек адамдарға зақымданған жерге тәулігіне 2 немесе З рет. Емдеу ұзақтығы көрсеткіштерге және белгіленген әсерге байланысты.
В
Кеторолак Ішке, ересек адамдарға, 10 мг тәулігіне 4 ретке дейін, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер 40 мг аспауы тиіс (дене салмағы 50 кг кем  немесе бүйрек функциялары бұзылған науқастарға күніне 1-2 ре)
Тамыр ішілік және бұлшықетішілік енгізуге арналған ең жоғарғы тәуліктік мөлшерлер 16-64 жастағы науқастар үшін 90 мг/тәулігіне құрайды, 50 кг асатындарға, және салмағы 50 кг аз немесе ХПН-мен, сондай-ақ қарт науқастарға. Балаларға 15 жасқа дейін ұсынылмайды. Емдеу ұзақтығы 5 тәуліктен аспауы тиіс.
В
Опиоидты анальгетиктер Трамадол
 
т/і (баяу тамшылап), б/і  50-100 мг (1-2 мл ерітінді). Қанағаттанарлық әсер болмаған жағдайда әр 30-60 минут сайын қанағаттанарлық әсер болмағанда 50 мг (1 мл) препаратты қосымша енгізу мүмкін. Енгізу мерзімділігі тәулігіне терапия тиімділігіне және ауыру синдромының айқындылығына байланысты тәулігіне 1-4 ретті құрайды. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер – 600 мг. Балаларға 12 жасқа дейін ұсынылмайды.
1-3 сут.
А
Тримеперидин Ересек адамдарға: п/к, т/і, шұғыл жағдайларда, т/і 10-40 мг (1 мл 1% ерітінді - 2 мл 2% ерітінді). Ішке 25-50 мг.
Балаларға: п/к немесе б/і. 2-18 жас: 3-10 мг.
 
Антибиотиктер Цефазолин
 
Ересек адамдарға 1-2 г т/і
Балаларға 50-100 мг/кг дене салмағы отаға дейін 0,5-1  сағ. бір мәрте (егер операция 3 сағ. артық болса: әр 4 с. қайтадан)
А
Ванкомицин
 
Ересек адамдарға: 1 г т/і
Балаларға 45-60 мг/кг дене салмағы (тәулігіне 2 г артық емес).
Тері жабындарын кескенге дейін 2 сағат бұрын 1 рет. 10 мг/мин артық емес енгізіледі; инфузия ұзақтығы 60 мин кем болмауы тиіс.
А
Линкомицин
 
 
т/і, б/і (тек тамшылық). Тамыр ішілік алдын ала ерітусіз енгізуге болмайды. 0,6-1,2 г әр 12 с.
Балалар: 10-20 мг/кг/тәулігіне 2 енгізу.
7-10 күн
А
Цефтазидим (P.aeruginosa қаупі болғанда) т/і және б/і
3,0 - 6,0 г/тәу 2-3 енгізуде (көк іріңді инфекцияда – тәулігіне 3 рет).
 Балалар: 30-100 мг/кг/тәу.  
2-3 енгізуде.
7-10 күн
А
Цефтриаксон Т/і және б/і
Ересектер: 1,0-2,0 г/тәу бір енгізгенде;
Балалар: старше 1                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   мес: 20-75 мг/кг/сут  айдан артық
1-2 енгізуде.
7-10 күн
А
 
 
Хирургиялық араласу

Оперативтік араласудың атауы: Төс және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы рұқсат; алдыңғы және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы рұқсат, кейдждермен және ішкі транспедикулярлық жүйелермен бекітумен; Төс және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы рұқсат, эндокорректорлармен ішкі бекітумен; төс және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы рұқсат, дисктерді протездеу; алдыңғы бағанды бел және сегізкөзді омыртқалар спондилодезі; Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы рұқсат, эндокорректорлармен ішкі бекітумен; Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы рұқсат, дискті протездеу; артқы бағанның белдік және сегізкөзді спондилодезі, артқы рұқсат; бел және сегізкөзді омыртқалардың спондиллодезі, бүйірлік көлденең рұқсат, ішкі транспедикулярлық жүйелермен және кейдждермен бекітумен; Бел және сегізкөзді омыртқалар спондиллодезі, бүйірлік көлденең рұқсат, эндокорректорлармен ішкі бекітумен; Бел және сегізкөзді омыртқалардың спондиллодезі, бүйірлік көлденең рұқсат, дискті протездеу; Омыртқаның өзгеруін түзету, эндокорректорлармен ішкі бекітумен; Торакопластика, қабырға дөңестерінің резекциясы.
 
Оперативтік араласуға арналған көрсетілімдер:
·               омыртқа өзгерісі және аурулары (туа біткен және жүре пайда болған);
·               консервативті емдеу тиімсіздігі;
·               айқын ауыру синдромы;
·               косметикалық ақау.

Операциялық араласуға қарсы көрсетілімдер:
·               ауырлықтың ауыр деңгейінің тыныс алу және тамырлы жүйелерінің ілеспе аурулары;
·               операциядан кейінгі асқынуларды дамыту қаупімен өзгерудің дөрекі нысандары.
 
 Операциядан кейінгі кезеңде әрі қарай емдеу:
·               операциядан кейінгі бейімделу және жүруді оқыту, операциядан кейін 2-3 тәулікте науқасты белсенділендіру;
·               операциядан кейін 6 және 12 айда амбулаторлық, 5-6 тәулікте омыртқаның бақылау рентгенограммасы;
·               операциядан кейін 6 айға дейін оңалтудан өту;
·               диспансерлік бақылау мерзімдері: жылына 2 рет тұрғылықты жері бойынша травматолог-ортопед дәрігерде.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·                Дененің физиологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру және омыртқаның өзгеруін жою;
·               ауыру белгісін азайту;
·               арқа, төс және қарын бұлшықеттерінің күшін қалпына келтіру қабырғаны ұстау.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР
      
Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
Омыртқаның туа біткен өзгерістері:
·               омыртқаның өзгеруінің  прогресстеуші формалары;
·               ерте жаста өзгерудің пайда болуы;
·               өзгерудің негізгі доғасының қаттылығы;
·               доғаның өзгеруінің нашар өтемі;
·               өсу ассиметриясының салдарынан ұдайы прогрестелуі;
·               диспластикалық сколиоз заңдары бойынша дамыған компенсаторлық қарсы доғаның негізгі доғасының өзгеру аймағының пайда болуы;
·               жүйке жүйесі және басқа мүшелердің көптеген ақауларымен омыртқаның өзгеру үйлесімі;
·               сколиотикалық өзгеру 20° артық;
·               сколиотикалық өзгеру 10° - 12° кифотикалық компонентпен үйлесімде;
·               аномалиялы омыртқалардың бір жақты орналасуы;
·               жамбастың қисюымен сколиоз (бел бөлігінің бүйірлік және артқы бүйірлі жартылай омыртқалары);
·               омыртқаның туа біткен даму ақауы фонындағы неврологиялық бұзылулар.
Омыртқаның жүре пайда болған өзгерістері:
·               омыртқаның II - IV  деңгейлі өзгеруі;
·               идиопатикалық және статикалық сколиоздардың прогрестеуші формалары.
 
Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетілімдер:
·               металл құрылымның жарамсыздығы (бұранда, стерженьнің сынуы, ілмектердің болмауы, неврологиялық симптоматиканың болуы).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Михайловский М.В. Прогрессирующий сколиоз и сирингомиелия, особенности хирургической тактики// Хирургия позвоночника №4, 2016, стр. 40-47. 2) Рерих В.В., Борзых К.О. Этапное хирургическое лечение посттравматических деформаций грудного и поясничного отдела позвоночника// №4, 2016, стр. 21-27. 3) Михайловский М.В., Фомичев Н.Г., «Хирургия деформаций позвоночника», Новосибирск.-2011. 4) Виссарионов С.В., Кокушин Д.Н. Развитие позвоночно-двигательного сегмента у детей после экстирпации позвонков в грудопоясничном и поясничном отделах позвоночника// Хирургия позвоночника №1, 2011, стр. 20-26. 5) Виссарионов С.В. Хирургическое лечение сегментарной нестабильности грудного и поясничного отделов позвоночника у детей: Дис/докт. мед. наук. СПб, 2008, 130 с. 6) Ульрих Э.В., Мушкин А.Ю., Погорелый С.Н., Виссарионов С.В. Рост позвонков после экстирпации боковых и заднебоковых полупозвонков у детей дошкольного возраста// Хирургия позвоночника №2, 2007, стр. 26-30 7) Васюра А.С. Оптимизация процесса хирургической коррекции у больных с грубыми (запущенными) формами идиопатических сколиозов у подростков.- Автореф. Дисс. Канд. Мед. наук. — Новосибирск, 2007.-15 с. 8) F. Hefti. Congenita le Skoliosen: Halbwirbelresektion-Indikationen und Techniken // Kongresstage Ortopedie, Abstracts Kongress „Kinderorthopadie” 2008. P. 18. 9) John D. King and Gary L. Lowery. Results of Lumbar Hemivertebral еxcizion for Congenital Scoliosis // Spine. 1991. - Vol.16. P.778-782. 10) Казахстанский национальный формуляр. Большой справочник лекарственных средств. Под редакцией Зиганшиной Л.Е. www.dari.kz. www.knf.kz.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)           Анашев Талғат Сатыбалдыұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК №1 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі
2)           Әбдіалиев Сейдалы Сапаралыұлы – «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК № 6 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі;
3)           Нағыманов Болат  Әбікенұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» UMC КҚ  филиалының  №1 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі;
4)           Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы – «Астана медициналық университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог.

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.

Рецензенттердің тізімі:
Виссарионов Сергей Валентиновичмедицина ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург қаласындағы «Г.И.Турнер атындағы Ғылыми-зерттеу балалар ортопедиялық институты» ФГБУ омыртқа патологиясы және нейрохирургия бөлімшесінің басшысы.

Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх