Қызылша

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Корь без осложнений (B05.9)

Анықтамасы

Анықтамасы



Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған


 
Қызылша – қызылшаның РНҚ бар вирусы тудыратын, ауа-тамшылық таралу тетігіне ие, жоғары контагиозды жіті вирустық жұқпалы ауру. Қызылшаға тән болатын қызбамен, көздің сілемейлі қабықшаларының, мұрын-жұтқыншақ пен жоғары тыныс алу жолдарының талаурап қабынуымен, ауыздың сілемейлі қабығына шығатын ерекше бөртулермен және терідегі теңбіл-папулалы бөртпелермен өтеді [1]. 

Хаттама атауы: Қызылша
 
Хаттама коды:
 
АХЖ Х коды (кодтары)
В05 Қызылша
В05.0 Энцефалитпен асқынған қызылша
В05.1 Менингитпен асқынған қызылша
В05.2 Өкпенің қабынуымен (пневмониямен) асқынған қызылша
В05.3 Ортаңғы отитпен асқынған қызылша
В05.4 Ішектік асқынулары бар қызылша
В05.8 Басқа да асқынулары бар қызылша
В05.9 Асқынусыз қызылша
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
ИФА – иммуноферменттік анализ
ҚЭПҚ – қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық
ПТР – полимеразалық тізбек реакция
РНҚ – рибонуклеин қышқылы
ОНЖ – орталық нерв жүйесі
ЭКГ – электрокардиограмма
Ig M – М кластық иммуноглобулиндер
RW –Вассерман реакциясы
 
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер, жүкті әйелдер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: терапевттер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, инфекционистер, аллергологтар, неврологтар, акушер-гинекологтар, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері/фельдшерлері.

Жіктемесі


Клиникалық жіктемесі: [2]

Типі бойынша:
·               қарапайым;
·               атипиялық (митигирленген,  аборттық,  өшірілген,  симптомсыз, гиперуытты).
Қызылшаның клиникалық кезеңі бойынша:
·               талаурау кезеңі;
·               бөртпелер кезеңі;
·               пигменттену кезеңі.
Ауырлық дәрежесі бойынша:
·               жеңіл;
·               орташа ауыр;
·               ауыр.
Ағымы бойынша:
·               біркелкі;
·               біркелкі емес (асқынулармен, қосарланған жұқпаның қабаттасуымен, созылмалы аурулардың өршуімен).

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі диагностикалық зерттеулер:
·қызылша антигенімен ИФА әдісі арқылы қан сарысуындағы телімді Ig M анықтау (аурудың 5-7-күні);
Зерттеу үшін материал жинау - науқасты үйіне барып көру кезінде медицина қызметкерімен жүргізіледі.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет зерттеп-қараулардың ең аз тізбесі: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі диагностикалық зерттеулер:
· жалпы қан анализі;
· жалпы несеп анализі.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
· қандағы қызылшаның РНҚ вирусын ПТР-анықтау (диагноздың дұрыстығын тексеру (верификациялау) мақсатымен);
· коагулограмма (геморрагиялық синдром кезінде);
· жұлыннан сұйықтық алу (менингит, энцефалитке күдіктену кезінде);
· кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы (өкпенің қабынуын (пневмонияны) жоққа шығару мақсатымен);
·  ЭКГ.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.

Диагностикалық критерийлер  [8,9,10]:

Шағымдар:
· қызудың 38-39 0 С-қа дейін көтерілуі;
· бастың ауыруы;
· әлсіздік, енжарлық, дімкәстік;
· мұрынның бітелуі, түшкіру, сірнелі (сероздық) мұрын сөлінің мол бөлінуі;
· тыныс алу жолдарындағы жыбырлау сезімі;
·  дауыстың қарлығуы;
·  қатты (дөрекі) жөтел;
·  көзден жас ағу, жарықтан қарығуы;
·  теріге бөртпелердің шығуы.

Анамнез [9,10]:
·  жіті басталуы;
·  сырқаттың алғашқы күндеріндегі айқын талаурау құбылыстарымен, 4-5 күннен бастап бөртулердің шығуымен аурудың оралымдық (циклдық) ағым;
·  ауру симптомдары пайда болғанға дейін 7-18 күн бұрын қызылшаның зертханалық жолмен расталған жағдайымен жанасу.
 
Физикалық зерттеп-қарау:

Талаурау кезеңінде (кезеңнің ұзақтығы  3-4 күн)
·  үдемелі талаурау синдромы (жөтел, ринит, конъюнктивит, көзден жас ағу, жарықтан қарығу, блефароспазм);
·  қызылша энантемасы: жұмсақ, ішінара қатты таңдайдың сілемейлі қабығындағы қызыл, біртексіз пішіндегі дақтар;
·  кіші азу тістерге қарсы ұрттың сілемейлі қабығындағы, сирек – еріннің, қызылиектің сілемейлі қабығындағы Бельский-Филатов-Коплик дақтары (кезеңнің соңында).

Бөртпелер кезеңінде:
·  дене қызуының қайталап көтерілуі;
·  тәулік ішінде мойынға, кеуденің жоғарғы бөлігіне таралумен құлақтың сырт жағында, бетте бөртпелердің кезеңдік пайда болуы; 2-күні экзантема кеудеге, 3-күні аяқ-қолдың проксималды бөлімдеріне таралады;
·  бірігу беталысы бар және өшу кезінде теңбілдік реңденуге ауысатын макуло-папулалық бөртпелер;
·  улану, тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықтары мен көздің шырықты қабықтары (конъюнктивалары) тарапынан болатын талаурау құбылыстары (мұрынның бітелуі, жөтел, көзден жас ағу, көздің қарығуы) күшейеді.
·  Бельский-Филатов-Коплик дақтары кезеңнің бас кезінде сақталады, кейін кетіп қалады;
·  трахеобронхит құбылысы;
·  жүректің соғу дыбысының (үнінің) тұншығуы, артериялық қысымның төмендеуі (гипотензия).
Реңдену кезеңінде:
·  бөртпелер орнында теңбіл дақтар қалдыра отырып, пайда болған кездегі реттілігі бойынша жоғала бастайды.
 
Зертханалық зерттеулер:
ЖҚА:
· талаурау кезеңінде - лейкопения, нейтропения;
·  бөртпелер кезеңінде - лейкопения, эозинопения, тромбоцитопения;
·  бактериялық асқынулар дамыған жағдайда - лейкоцитоз, нейтрофилез, лимфоцитопения.
 
ЖНА: протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия.
 
Диагностикалаудың серологиялық әдісі (қызылша антигенмен ИФА әдісі арқылы қан сарысуындағы телімді Ig M анықтау):
·  қан сарысуындағы Ig M кластық телімді антиденелерді (Ig M түзілуі екпе егумен байланысты туындаған жағдайлардан басқа) айқындау.
 
ПТР: қандағы қызылшаның РНҚ вирусын табу.
 
Аспаптық зерттеулер:
·  кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы (өкпе түбірлерінің (тамыр) күшею белгілері);
·  ЭКГ (миокардтың жайылмалы (диффузиялы) зақымдану белгілері). 
 
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
· оториноларинголог консультациясы (жіті ортаңғы отит, гайморит, фронтит кезінде);
·  окулист консультациясы (блефарит, иридоциклит кезінде);
·  невролог консультациясы (энцефалит, менингит кезінде);
·  акушер-гинекологтың консультациясы (жүкті әйелдердегі қызылша кезінде).
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
·               улану симптомдарын тоқтату;
·               асқынуларды профилактикалау.
 
Емдеу тактикасы

Дәрі-дәрмексіз емдеу.
Режим:
·               төсектік (қызуы көтерілген кезеңнің өне бойына);
·               палаталық (дене қызуы қалыптанған кезінде).
Емдәм: № 13 емдәм.
        Мол, жылы сусын. Сүтті-өсімдікті емдәм.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу.

Этиотроптық терапия:
·               инозин пранобекс 500 мг, 2 таблеткадан күніне 3-4 рет, емдеу курсы 10 күн;
·               интерферон альфа-2b 500 000 МЕ, 1 тығындәріден тәулігіне 2 рет per rectum, емдеу курсы 10 күн.
Патогенетикалық терапия:

Уытсыздандырғыш сұйықтықпен емдеу:
·               декстроза ерітінісі 5% - 500,0;
·               натрий хлориді ерітіндісі 0,9% - 400,0;
·               сорбитол 20,00 г, натрий лактаты 1,90 г (100% заттекке шағып қайта есептегенде), натрий хлориді 0,60г, кальций хлориді 0,01г (кальций хлориді гексагидраты, құрғақ заттекке шағып қайта есептегенде), калий хлориді 0.03г, магний хлориді 0,02 г (магний хлориді гексагидраты, құрғақ заттекке шағып қайта есептегенде) 400,0;
·               сорбитол 6,00 г, натрий лактаты 1,90 г (100% заттекке шағып қайта есептегенде), натрий хлориді 0,60г, кальций хлориді 0,01г (кальций хлориді гексагидраты, құрғақ заттекке шағып қайта есептегенде), калий хлориді 0,03г, магний хлориді 0,02г (магний хлориді гексагидраты, құрғақ заттекке шағып қайта есептегенде) 400,0;

Десенсибилизациялау мақсатымен:
·               лоратадин 10 мг, күніне 1 таблеткадан 3-5 күн,
немесе хлоропирамин 25 мг, 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, 3-5 күн,
немесе хлоропирамин ампулаларда 20мг, 1,0-ден б/і күніне 1-2 рет, 1-2 күн.

Ангиопротективті мақсатпен:
·               аскорбин қышқылы 200мг, 1 таблеткадан күніне 3 рет, курс 10 күн,
·               кальций глюконаты 500 мг, 1 таблеткадан күніне 3 рет, курс 10 күн,
немесе этамзилат 250 мг, 1 таблеткадан 2-3 рет, 10 күн.

Қайта қалпына келу және эпителизация үдерістерін ширату үшін:
·               майдағы ретинола ерітіндісі, құтыда 10 мл, тәулігіне 50000 МЕ тамақтан кейін 10-15 минуттан кейін ішке қабылдау.

Симптомдық терапия:
Қызба кезінде:
·               диклофенак ампулаларда 75 мг/2 мл, 75мг/3 мл, б/і,
немесе парацетамол 500 мг, 1 таблеткадан кемінде 4 сағат аралығымен.

Мұрынмен тыныс алу қиындаған кезінде:
·               нафазолин ерітіндісі 0,1%, 1-3 тамшыдан күніне 3-4 рет мұрынға тамызу, курс көбінде 5 күн.

Конъюнктивит кезінде:
·               натрий сульфацилі ерітіндісі 30%, әр көзге 2 тамшыдан күніне 3 рет, курс 3-5 күн;

Жөтел кезінде:
·               амброксол 30 мг, 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет, клиникалық симптомдар басылғанға дейін.

Геморрагиялық синдром кезінде ангиопротективтік және қан тоқтату мақсатымен:
·               этамзилат ампулаларда 250 мг/2мл - 10-20 мг/кг б/і немесе в/і, 3-4 қабылдауға бөлінген тәуліктік мөлшер, қан кету қаупі жойылғанға дейін.

Бактериялық асқынулар кезіндегі бактерияға қарсы дәрілер:
·               амоксициллин+клавулан қышқылы 500/125 мг, 875/125 мг, 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, курс 7-10 күн;
·               цефазолин құтыдағы, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1г, 2г тәулігіне 2-3 рет б/і, в/і, курс 7-10 күн;
·               цефтриаксон құтыдағы, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1г, 2г тәулігіне 2-3 рет б/і, в/і, курс 7-10 күн.

Орталық нерв жүйесі тарапынан болатын асқынулар кезінде:
·               глюкокортикостероидтар (преднизолон, дексаметазон) 2 мг/кг есебімен (вена ішіне/бұлшықет ішіне);
·               зәрайдатқылар (фуросемид ампулаларда 10мг/мл б/і, в/і 2 мл).
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
 
100% қолданылу мүмкіндігі бар негізгі дәрілік заттар:
·               аскорбин қышқылы, таблеткалар 200 мг;
·               кальций глюконаты, таблеткалар 500 мг;
·               парацетамол, таблеткалар 500 мг.
 
Қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен қосымша дәрілік заттар:
·               лоратадин, таблеткалар 10 мг;
·               хлоропирамин, таблеткалар 25 мг, ампулалар 20 мг/мл;
·               амброксол, таблеткалар 30 мг.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
100% қолданылу мүмкіндігі бар негізгі дәрілік заттар:
·               декстроза ерітіндісі 5%, 500 мл құтылар;
·               натрий хлориді ерітіндісі 0,9%, 400 мл құтылар;
·               лоратадин, таблеткалар 10 мг;
·               хлоропирамин, таблеткалар 25 мг, ампулалар 20 мг/мл;
·               аскорбин қышқылы, таблеткалар 200 мг;
·               кальций глюконаты, таблеткалар 500 мг;
·               диклофенак, ампулалар 75 мг/2 мл, 75мг/3 мл;
·               парацетамол, таблеткалар 500 мг;
·               амброксол, таблеткалар 30 мг.
 
 Қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен қосымша дәрілік заттар:
·               инозин пранобекс, таблеткалар 500 мг;
·               интерферон альфа-2b, тік ішектік суппозиторийлер 150 000МЕ, 500 000 МЕ, 1 000 000 МЕ; 3 000 000 МЕ.
·               сорбитол 20,00 г, натрий лактаты 1,90 г (100% заттекке шағып қайта есептегенде), натрий хлориді 0,60г, кальций хлориді 0,01г (кальций хлориді гексагидраты, құрғақ заттекке шағып қайта есептегенде), калий хлориді 0,03г, магний хлориді 0,02г (магний хлориді гексагидраты, құрғақ заттекке шағып қайта есептегенде) 400,0;
·               сорбитол 6,00 г, натрий лактаты 1,90 г (100% заттекке шағып қайта есептегенде), натрий хлориді 0,60г, кальций хлориді 0,01г (кальций хлориді гексагидраты, құрғақ заттекке шағып қайта есептегенде), калий хлориді 0,03г, магний хлориді 0,02г (магний хлориді гексагидраты, құрғақ заттекке шағып қайта есептегенде) 400,0;
·               этамзилат, ампулалар 250 мг/2мл;
·               натрий сульфацилі ерітіндісі, құты 30%/10 мл;
·               майдағы ретинол ерітіндісі, құты 50000 МЕ, 10 мл;
·               нафазолин ерітіндісі, құты 0,1%/10мл;
·               амоксициллин+клавулан қышқылы, таблеткалар 500/125 мг, 875/125 мг;
·               цефазолин инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, құты 1г, 2 г;
·               цефтриаксон инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, құты 1г, 2г;
·               преднизолон, 30 мг/мл ампулалар, 25 мг/мл;
·               фуросемид, 10мг/мл ампулалар, 2,0 мл-ден.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
·               диклофенак, 75мг/2мл, 75мг/3 мл ампулалар б/і.
 
Емдеудің басқа түрлері:
·               теріге, ауыздың, көздің сілемейлі қабықтарына, мұрынның, құлақтың қуысына гигиеналық күтім жасау.
 
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.

Алдын алуы


Науқасты бөртпе пайда болған сәттен бастап 5 күнге дейін оқшаулау.
        Екпе жасалмаған, жанасушы тұлғаларды инкубацияның 8-күнінен бастап 17 күнге дейін, енжар иммундауға ұшыраған жанасушыларды 21 күнге дейін бөлектеп ұстау.
Эпидемия ошақтарындағы 25 жасқа дейінгі жанасушы тұлғаларды (екпе жасалмағандарды, егу жайлы дерегі жоқ немесе бір мөлшермен егілгендерді) иммундау:
·               ҚЭПҚ тірі құрама екпесімен;
·               қызылшаға қарсы тірі моновалентті екпемен.
Қарсы көрсетімдер болған кезінде қызылшаға қарсы телімді иммуноглобулин енгізеді.
Иммуноглобулині қалыпты адамның шұғыл профилактикасы жүкті әйелдерге қызылшамен ауыратын науқаспен жанасқаннан кейінгі алғашқы  5 күнде жүргізіледі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1) Ющук Н.Д.; ред. Венгеров Ю.Я. Инфекционные болезни: Нац. рук-во / ред. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009.-1056 с. 2) Кулмагамбетов И.Р., Алиханова К.А. Классификации заболеваний: Гласир, 2009.-Т.2.-458 с. 3) Всемирная организация здравоохранения: Корь. Информационный бюллетень № 286. Февраль 2013 г. 4) Руководство по инфекционным болезням / Ред. - член-корр. РАМН проф. Ю.В. Лобзин - СПб.: Фолиант, 2000. – 936 с. 5) Effects of interleukin-12 and interleukin-15 on measles-specific T-cell responses in vaccinated infants / H.A. Gans, L.L. Yasukawa, C.Z. Zhang et al. // Viral Immunology. - 2008. - V. 21, N 2. -P. 163-172. 6) Ferreira C.S.A. Measles virus: early infection, progression and pathogenesis in a transgenic mouse model / C.S.A. Ferreira // http://repositorio.ul.pt/handle/10451/2004. 7) Infectious Diseases / Edited by S.L. Gorbach, J.G. Barlett, N.R. Blacklow. -Lippincott Williams Wilkins. A Wolters Kluwer Company. - Philadelphia, Baltimore, N.Y., London, Buenos Aires, Hong Kong, Sydney, Tokyo. - 2004. - 10000 p. 8) Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. Практическое руководство. Том 1., Алматы, 2007 г.- 595 с. 9) Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 апреля 2007 года № 264 «О совершенствовании эпидемиологического надзора за заболеваемостью корью, краснухой, врожденной краснушной инфекцией и эпидемическим паротитом». 10) Приказ № 450 «Об утверждении плана мероприятий по элиминации кори, краснухи и профилактике синдрома врожденной краснухи в Республике Казахстан на 2012-2015 годы».

Ақпарат


Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, профессор, клиникалық жұмыстар және үздіксіз кәсіби жетілдіру жөніндегі проректор.
2) Ким Антонина Аркадьевна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, доцент, жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі.
3) Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы –  «Астана медицина университеті» АҚ, клиникалық фармаколог-дәрігер, жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Дүйсенова Амангүл Қуандыққызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМК жұқпалы және тропикалық инфекциялар кафедрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе дәлелділіктің неғұрлым жоғары деңгейі бар диагностикалаудың/емдеудің жаңа әдістері пайда болған кезде қайта қарау.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх