Войти

Қорғасынмен созылмалы улану

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Свинца и его соединений (T56.0)
Профессиональная патология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған

Созылмалы қорғасынды және оның қосылыстарымен улану (сатурнизм) – бұл қан түзілім, жүйке, ас қорыту, репродуктивті, эндокринді, жүрек-қантамырлы жүйелерінің зақымдануымен сипатталатын және ШРК асатын концентрацияда өндірістік шарттарда ағзаға қорғасын және оның қосылыстарының ұзақ әсері нәтижесінде туындайтын созылмалы полисиндромды ауру [1-3].
Неғұрлым көп тәжірибелік мәнге қорғасынның келесі қосылыстары ие (ШРК жұмыс аймағындағы ауада 0,1 мг/м3):
·        қорғасын оксиді (II) және (IV);
·        қорғасын ортоплюмбаты;
·        қорғасын карбонаты;
·        қорғасын сульфаты;
·        қорғасын гидроортоарсенаты [2,7,8].

NB! Қорғасын және оның қосылыстары өндірісте кейбір қорытпалар (баббиттер, жез), аккумуляторлар, дәнекерлер, химиялық аппаратурасы, иондаушы сәулеленуден қорғаныс құралдарын дайындауға арналған өнеркәсіпте, хрусталь, сондай-ақ бояулар ретінде (қорғасынды ақ сыр, қорғасынды жоса)  өндірісінде пайдаланылады. Қорғасын ағзаға түсу жолында, негізгі – ингаляциялық, кейде – асқазан-тікішек жолы, өте сирек – тері жабыындары. Тыныс алу мүшелері арқылы өте жиі шаң, аэрозолдар және булар түрінде түседі (10-30% сіңіріледі). Асқазан-ішек жолына қорғасые жеке гигиена ережелерін сақтамағанда түседі (5-10% сіңіріледі) [4-6].

Кіріспе бөлім

АХЖ-10 және АХЖ кодтарының арақатынасы:

  АХЖ-10
Код Атауы
 
Т56.0
Қорғасын қосылыстарының уытты әрекеті
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АЛТ аланинаминотрансферраза
АСТ аспартатаминотрансферраза
АҚ артериалдық қысым
ЕУЖ еңбекке қабілеттіліктің уақытша жойылуы
КТ компьютерлік томография
КФК креатинфосфокиназа
ЛДГ лактатдегидрогеназа
МСЭ медициналық –әлеуметтік сараптама
ҚЖА қанның жалпы анализі
ЗЖА зәрдің жалпы анализі
ШРК шектік рұқсат етілетін концентрация
РКЗ рандомизирленген клиникалық зерттеулер
РЭГ реоэнцефалография
ЭТЖ эритроциттердің тұну жылдамдығы
УДДГ ультрадыбыстық допплерография
УДЗ ультра дыбыстық зерттеу
СФ сілтілік фосфатазасы
ЭКГ электрокардиограмма
Эхо-КГ эхокардиография
ЭЭГ электроэнцефалография
ЕДШ емдік дене шынықтыру
 
Хаттаманы пайдаланушыларЖПД, терапевттер, кәсіби патологтар,  токсикологтар, невропатологтар, гастроэнтерологтар, гематологтар, хирургтар.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.

Жіктемесі


Жіктеме [1,6,9]: 
А. Ағымы бойынша:
 
-      өткір;
-      созылмалы қорғасынды улану;
-      жоғарыда айтылған уланудан қалдық құбылыстар;
-      жоғарыда айтылған уланудан жоғары алыстатылған салдарлар.
Б. Ауырлық дәрежесі бойынша:
(нысандар)
 
1-деңгей - бастапқы;
2 -деңгей- бірқалыпты;
3-деңгей – айқын.
В. Удың ағзаға түсу жолы бойынша:
 
-     пероральды;
-     транскутанды;
-     аралас;
-     ингаляциялық
 

Диагностика


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар ШРК асатын концентрациядағы қорғасынның уытты қосылыстарымен жұмыс шарттарындағы ұзақ жұмыс өтілі, жетекші клиникалық синдромдарға байланысты  болады [1,6].
 

Шағымдар
Бастапқы нысан ·      жоқ
Бірқалыпты нысан ·       аяқ-қол буындарындағы ауырсынулар;
·       жоғары шаршағыштық;
·       ашуланшақтық;
·       әлсіздік;
·       ұйқының бұзылуы;
·       тәбеттің төмендеуі;
·       іш қату немесе іш өту;
·       ауыздағы темір дәм;
·       жадының нашарлауы.
Айқын  нысан ·    іштегі толғақ тәрізді күрт ауырсынулар, тікішектік түйілулер;
·    іш жүргізетін әсерді түсірмейтін бірнеше күндік іш қату;
·    температураның көтерілуі;
·    артериалық қысымның көтерілуі (артериялық қысымның құбылмалылығы);
·    жүрек аймағындағы жағымсыз әсерлер, жүрек қағысы;
·    мазасыздық, қозу, шамадан тыс шаршаушылық;
·    дабыл, депрессия, ашуланшақтық;
·    ауырсынулар, жансыздану, жоғары;
·    шаршағыштық, шаршағыштық және әлсіздік, аяқ-қолдағы діріл (қалтырау);
·    ұйқысыздық;
·    аяқ балтыр бұлшықеттеріндегі дірілдер;
·    тәбеттің болмауы, лоқсу, кекірік, қыжыл, кейде құсу;
·    тершеңдік;
·    зәрдің қызыл түсі.
Ауру анамнезі
·      қорғасынның уытты қосылыстарымен ұзақ кәсіби байланысты көрсету;
·      медициналық тексерулер нәтижелері қорғасын қосылыстарымен байланыста жұмыс басталғанға дейін патологияның болмауын растайды;
·      қорғасын қосылыстарымен байланыста жұмыс басталғаннан кейінгі анемия, шеткері жүйке жүйесінің аурулары, асқазан-ішек жолы аурулары себебі бойынша ЕУЖ парағында болу мерзімдерін ұзарту және ЕУЖ бар жиі ауруларды көрсету
Физикалық қарап-зерттеу
бастапқы нысан бірқалыпты нысан айқын нысан
·      өзгерту;
·      дермографизма;
·      АҚ құбылмалылығы;
·      эпигастральды аймақтағы ауырсыну;
·      іш қатуларға бейімділік мүмкін.
·      қызыл иектегі қорғасынды сүрме;
·      жалпы гипергидроз;
·      күшті қызыл дермографизм;
·      АҚ құбылмалығы;
·      сіңір рефлекстерінің тірілуі;
·      қабақ, қол саусақтарының дірілі;
·      қолғап және нәски типі бойынша сезімталдықты төмендету;
·      оң қабырға асты, эпигастральды аймағындағы ауырсыну;
·      іш қатуға бейімділік;
·          қызыл иектегі қорғасынды сүрме;
·          тері жабындарының өзіндік топырақ түстес бояуы;
·          жалпы гипергидроз;
·          қатты  қызыл дермографизм;
·          АҚ көтерілуі, құбылмалығы;
·          температураның көтерілуі
·          ұйқысыздық;
·          кейде дизартрия, атаксия, нистагма;
·          бас жүйкелерінің иннервация асимметриясы;
·          ақ үлпек басқан тіл;
·          кіндік аймағына басым оқшауланумен барлық іш бойынша шашыраған ауырсыну. Іш аймағындағы қысым ауырсынуды кішкене азайтады.
·          кейде бауыр мөлшерлерінің ұлғаюы;
·          «қой қиы» түріндегі дәрет.

·                Еңбек кітапшасының деректері бойынша пациенттің кәсіби бағдары;
·               «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 74-ө Бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тергеу нәтижелері бойынша жұмыс беруші жасаған еңбек қызметімен байланысты бақытсыз жағдай туралы акт және/немесе еңбек шарттарының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы [10-14].

Зертханалық зерттеулер [4,15]:
·               қандағы қорғасын құрамы (норма – 3.8 мкмоль/л дейін, көтерілген);
·               қандағы қорғасын құрамы (норма 0,4 мкм/л дейін, көтерілген);
·               зәрдегі копропорфирина құрамы  (норма – 22=Нмоль/ 1г. креатининге дейін, көтерілген);
·               шеткі қандағы ретикулоциттер құрамы (норма – 15% дейін, 1 ст. –25, 2 ст.  дейін – 40, 3 ст. дейін –40 артық);
·               шеткі қандағы базофильді түйіршікті эритроциттер құрамы (норма –15%оо дейін, 1 ст. – 40, 2 ст. дейін – 60, 3 ст. дейін  –60 артық);
·               эритроциттердің осмотикалық резистенттілігі (төмендейді);
·               сарысулық без құрамы (норма 12-32 мкмоль/л, жоғары немесе нормада);
·               зәрдегі дельта-аминолевулинді қышқылының құрамы (норма – 23 мкмоль/л/ 1г креатининге дейін, көтерілген);
·               аланинаминотрансфераза құрамы (ерлерде 42 дейін нормада, әйелдерде 32 бір./л дейін, көтерілген);
·               аспартатаминотрансферазаның құрамы (ерлерде 38 дейін нормада, әйелдерде 31 дейін бір./л, көтерілген);
·               жалпы билирубин құрамы (22,2мкмоль/л дейінгі нормада, көтерілген);
·               тікелей билирубин құрамы (5,1мкмоль/л дейінгі нормада, көтерілген);
·               гемоглобин құрамы (төмендейді);
·               эритроциттер құрамы (төмендейді);
·               түсті көрсеткіш (төмендейді).
·               қанның жалпы анализі (6 көрсеткіш)
·               мыс құрамы (7,9-24,5 қанда нормада, зәрде 0,06-1,26 мкмоль/л), мырыш ( нормада қанда 10,6-12,4, зәрде 0.84-3,44 мк моль/л), каДСМия (қандағы нормада 0,03-0,1, зәрде 0,007-0,1мкмоль/л). Зәрдегі сынап 5-20 мкг/л.

Аспаптық зерттеулер [1,6]:
·               электрокардиография – жүрек бұлшықетінің электр өткізгіштігін анықтау;
·               доплер-эхокардиография – жүрек бұлшықеттері және тамырларының морфофункционалдық өзгерістерін анықтау;
·               уытты остеопатияны анықтауды қамтитын рентгеноморфометрия және денситометрияны қамтитын сүйек жүйесін (білек және тізе, жамбас сүйегі, қабырғалардың ұзын түтікті сүйектері) рентгенологиялық зерттеу;
·               вегетативті мәртебені зерттеулер – парасимпатикалық көрсеткіштердің басым түсуі, симпатикалық жүйке жүйесінің тонусының төмендеуі байқалады;
·               электромиография, электронейромиография – білезіктер және табандардың бұлшықетінің жауабының төмендеуі, жүйке талшығы бойынша қозуды өткізудің баяулауы;
·               ультрадыбыстық допплерография – артериалды гипертония, капиллярлар спазмалары, тамырлы гипертензия;
·               электроэнцефалография, эхоэнцефалография – орталық жүйке жүйесінің диффузды зақымдануын көрсететін астеноневротикалық және вегетативті көріністері кешенімен сипатталады;
·               гепатодуаденалды аймақты ультрадыбысты зерттеу – бауырда дистрофиялық өзгерістер, гепатомегалия мүмкін, өт шығару жолдарының дискинезиясы болуы мүмкін.
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·               окулисттің консультациясы – диагностика, көру мүшелері патологиясының дифференциалды диагностикасы, уытты энцефалопатия диагностикасы;
·               невропатологтың консультациясы – дистальды вегетативті күйзелістер, полиневропатия, астеновегетативті синдромдар диагностикасы;
·               басқа салалық мамандардың консультациясы – көрсетімдер бойынша.

Біріншілік пациенттерге арналған диагностикалық алгоритм (МСАК деңгейінде):

 

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі [1, 5, 7, 8]:
Белгілер Созылмалы қорғасынды улану Анемия Құрсақ қуысының өткір хирургиялық патологиясы Өткір ұстамалы порфирия
Қорғасын қосылыстарымен кәсіби қатынас ШРК асатын қосылыстар әсерінің шарттарындағы жұмысты көрсету қорғасын және оның қосылыстарымен байланысты кәсіби қызметке нұсқаулардың болмауы қорғасын және оның қосылыстарымен байланысты кәсіби қызметке нұсқаулардың болмауы тұқым қуалаушылық немесе туа біткен
Зиянды әдеттер тән емес тән емес тән емес тән емес
Дебют әдетте жас немесе орта жас кез келген жас кез келген жас Әдетте әйелдер ерте жаста (генетикалық негіз)
Қан түзілім жүйесінің зақымдануы • жаралардың түзілуіне жағдай жасайды
  (мұрын бөгеті кеңсірігі мүмкін);
• тұрақты демікпе, күрт тербелусіз; жөтел тұрақты, шырышты-іріңді сипатты қақырықтың кішігірім санымен әр түрлі қарқындылықты, ал неғұрлым кеш кезеңде қақырық саны, әдетте қан қоспасымен, кейде қажетсіз иіспен.
Эритроциттер санының азаюы, эритроциттер гипохромиясы – түсті көрсеткіштің төмендеуі,
сарысулы бездің төмен деңгейі
Қан сарысуының жоғары без байланыстыру қабілеттілігі
Гемолитикалық анемияда: жоғары ретикулоцитоз, билирубинды алмасудың бұзылуы, Кумбс оң реакциясы
тән емес тән емес
Жүйке жүйесінің зақымдануы көбіне астеновегетативті сипаттағы шағымдар, сондай-ақ бас мидың қыртысты-өзекті құрылымдарының дисфункцияларының симптомдары және айқын вегетативті-тамырлы бұзылулар.
Вегетативті полиневропатия
Клиникалық көріністер
а) неврастениялық (астеноневротиялық) синдром;
б) вегетативті -тамырлы
дистония;
в) астеновегетативтік синдром;
• бірқалыпты-айқын
клиникалық көріністер
а) вегетативті –сенсорлық
полиневропатия;
• айқын клиникалық көріністер
а) уытты -
дисциркуляторлық
энцефалопатия синдромы.
Астениялық синдром         тән емес Тері сезімталдығының бұзылулары, полинейропатия көріністері
Симметриялық кесіктер
Интеллектуалдық бұзылулар
Психоз галлюцинациялары энцефалопатия психоздары
 
Асқазан-ішек жолының зақымдануы
 
 
 
 
 
 
 
 
Диспепсиялық құбылыстар:
нашар тәбет, лоблу, қыжыл, кейде құсу.
Қорғасынды түйілу іш айдататын әсерімен алынбайтын бірнеше күндік іш қатумен, іштегі толғақ тәрізді қатты ауырсынулармен сипатталады.
дисфагия
 атрофиялық гастрит
 
 
 
 
 
 
 
 
Іштегі өткі ауырулар, жүрек айну, құсу, диарея,
Көкшандырдың тітіркену белгілері
 
 
 
 
 
 
Құсумен және іш қатуымен жалғасатын іштегі ауырулар
 
 
 
 
 
 
 
Тері және шырышты қабаттардың зақымдануы
 
 
 
 
 
 
 
- иектегі қорғасынды сүрме;
- тері жабындарының өзіндік-бозарған топыраұ түстес бояуы;
 
 
 
 
Тері жабындары және шырыштылардың бозарған бояуы
Тырнақтардың сынғыштығы және сызылуы
 
 
 
 
 
Тән емес
 
 
 
 
 
 
 
 
Тері жабындарының сарғыштығы фотодерматоз
Қайталама қабыну өзгерістерімен терінің жоғары жарақаттануы Гипер дақ және шелге ұқсас өзгерістер
Зертханалық көрсеткіштер тарапынан өзгерістер Эритроциттердің базофильді түйіршіктілігімен гипохромды анемия
Қандағы сарысудың без байланыстарын жоғары қабілеттілігі
Эритроциттер санының азаюы, эритроициттер гипохромиясы түсті көрсеткіштің төмендеуі,
сарысу безінің төмен деңгейі
Жоғары без байланыстыратын қан сарысуының жоғары қабілеті
Гемолитиялық анемияда: жоғары ретикулоцитоз, билирубин алмасуының бұзылуы, Кумбстың оң реакциясы
Лейкоцитоз - зәрдегі АЛК кішігірім артуындағы уропорфирин және зәрдегі порфобилиногеннің жоғары саны
Анемия тән емес

Лечение (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Емдеу тактикасы зертханалық көрсеткіштерді бір қалыпқа келтірумен интоксикацияның клиникалық көріністерін азайтуға бағытталған.

Дәрі-дәрмексіз емдеу
·               III Режим;
·               № 15 Стол; №1 (рациондағы өнімдер, пектинге бай: алмалар, орамжапырақ, сәбіз);
·               физиоемдеу – жағалық аймақты уқалау, электрофорез, электросон, ЕДШ.

Дәрі-дәрмекпен емдеу
Негізгі дәрілік құралдар тізбесі:
·               пеницилламин;
·               натрий тиосульфаты;
·               пентоксифиллин;
·               омепразол;
·               урсодезоксихолды қышқыл;
·               декстроза;
·               фамотидин;
·               мелоксикам;
·               диклофенак;
·               темір сульфаты
·               тиамин пиридоксин цианокобаламин
·               токоферол ацетаты
 
Негізгі препараттарды салыстыру кестесі [19,20,21]:

Дәрілік топ ХПА атауы Доза Саны
(амп, фл және т.б.)
Енгізу тәсілі Емдеу ұзақтығы ДД
 
 
Уытсыздандыратын құрал, антидот Пеницилламин 150мг 30-40 табл 1таб х3-4рет күніне 10 күн С
натрия тиосульфат 30% -10,0 10 амп По 10,0 т/і 10 күн С
Протон сорғысының ингибиторы омепразол 20 мг 20 таблетка 1 таб.
2  рет күніне
10 күн В
Шеткі  вазодилятаторлар пентоксифиллин 20 мг 5-10 амп 5,0 мл т/і 5-10 күн В [1]
Гепатопротекторлар Урсодезоксихолды қышқыл 250мг 30 таб 1 күніне 3 рет 10 күн С
Ескертпе: * Қазақстан Республикасында тіркегеннен кейін қолдану.
 
Қосымша препараттарды салыстыру кестесі [19,20,21]:

Дәрілік топ ХПА атауы Доза Саны
(амп, фл және т.б.)
Енгізу тәсілі Емдеу ұзақтығы ДД
Ирригациялық ерітінді Декстроза 500,0 5-10 т/і тамшылық 5-10 күн  
Гистаминді рецепторлардың Н2 блокаторлары Фамотидин 40 мг таблетка 1 күніне 2 рет 5-10 күн В
Стериодты емес қабынуға қарсы заттар
 
Мелоксикам 7.5 мг 20 таблетка 1 күніне 2 рет 10 күн  
Диклофенак 3 мл (75 мг) 5 ампула Б/і 5 күн  
Темір препараттары темір сульфаты 320 мг 30 таблетка 2  күніне 3 рет 10 күн  
Ферментативті препараттар Панкреатин   30 таблетка 1 т күніне 3 рет 10 күн  
Дәрумендер
 
Тиамин гидрохлориды 30 мг (1 мл 5% р-ра) 5 ампула тәулігіне 1 рет 5 күн  күн ара С
Пиридоксин гидрохлориды 30 мг (1 мл 5% р-ра) 5 ампула тәулігіне 1 рет 5 күн күн ара С
цианокобаламин 0,5 мг (1 мл 0,05% р-ра) 5 ампула тәулігіне 1 рет 5 күн С
Токоферол
ацетат
200 мг 20 таблетка 1 күніне 2 рет 10 күн С
 
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу

Профилактикалық іс-шаралар:
Бірінші профилактика:
·          этиологиялық факторларды жою – қорғасынды өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес шаңды басу, жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету [23,24, 25];
·          регламенттелетін бұйрықтарға сәйкес алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерді уақытылы және сапалы өткізу [26,27].

Қайталама профилактика:
·               емдік-профилактикалық тамақтану – асханалық минералды суды қабылдау барлық деңгейлерде ағзаға функционалдық резервтерді арттырады, детоксикация және элиминацияның табиғи тетіктерінің тиімділігін арттырады;
·               бос радикалдарды зарарсыздандыру және ағзаны тазарту мақсатымен, сондай-ақ тамақтануды қосымша байыту үшін полидәрумендерді қабылдау;
·               құрғақ жылы ауамен аймақтарда санаторлық-курорттық емдеу;
·               ауырсыну синдромын алуға бағытталған ЕДШ, тыныс алу гимнастикасы, аяқ-қолды уқалау;
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары.
Өмір сүру сапасын жақсарту:
·               клиникалық-зертханалық және функционалдық көрсеткіштерді қалыптандыру;
·               ауырсыну синдромын тоқтату;
·               гемодинамиканы тұрақтандыру;

Лечение (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
 
Пациентті бағдарлау:


Дәрі-дәрмексіз емдеу амбулаториялық деңгейдi қарау
 
Дәрі-дәрмектік емдеу: амбулаториялық деңгейдi қарау, көрсетімдер бойынша қосымша дәрілік құралдар.
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу:
·               тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерді бақылау;
·               қанды, зәрді талдауды өткізу ( қайталануы 3 айда 1 рет) – емдегеннен кейін дианмикада қорғасын концентрациясын анықтау үшін;
·               жергілікті санаторийлерде жылына 1 рет санаторлық –курорттық емдеу;
·               қайталануға қарсы емдеу курстары симптоматикалық және патогенетикалық терапия жылына 4 рет.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·               Өмір сапасын жақсарту: клиникалық-зертханалық және функционалдық көрсеткіштерді қалыптандыру (ауыру синдромын тоқтату, гемодинамиканы тұрақтандыру, қан қорғасыны көрсеткіштерін қалыптандыру).

Госпитализация


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: ауру белгілерінің прогрестелуі, мамандықпен аурудың байланысын сараптау, МӘС куәландырар алдында денсаулық жағдайын сараптамалық бағалау.
 
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Профессиональные заболевания. Руководство для врачей. – 2001. – Караганда. – Алматы. – 576 с.* 2) Аблаев Ж.А «Свинцоваяинтоксикая в условиях современного производства» Алматы «Мерей» 1995г.* 3) Измеров Н.Ф., Каспаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность: Пособие для последипломной подготовки врачей. – М.: Медицина; 2002.* 4) Измеров Н.Ф. Российская энциклопедия по медицине труда. – М.: ОАО «Издательство «Медицина»»; 2005. 6) Профессиональные заболевания. Диагностика, лечение, профилактика. / Под ред. Н.Ф. Измерова, М.: «Медицина», 1996, т.1.* 7) Профессиональные заболевания. Диагностика, лечение, профилактика. / Под ред. Н.А. Скепьян, Минск «Беларусь», 2003.* 8) Профессиональные отравления: http://medarticle24.moslek.ru/articles/29485.htm. 9) Исаев С.Ю. Профессиональные болезни, 2003: http://www.techno. edu.ru:8001/db/msg/6983.html. 10) «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы; 11) «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығы; 12) «Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374 Бұйрығы (бұдан әрі №374 бұйрық); 13) «Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығы; 14) Руководство Р 2.2.013-94 "Гигиенические критерии оценки условий труда по показателям вредности и опасности факторов производственной среды, тяжести и напряженности трудового процесса" (утв. Первым заместителем Председателя Госкомсанэпиднадзора РФ - Заместителем Главного государственного санитарного врача 12 июля 1994 г.) – 45 с. 15) ARIA/ - Руководство для врачей и медсестер. - 2001. 16) «Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығы; 17) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына 25-қосымша; 18) «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2010 ж. № 492 бұйрығы 19) Машковский М.Д. Лекарственные средства. – Москва, 2000. 20) Кукес В.Г., Стародубцев А.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. М.: «Геотар-Медиа», 2006. 21) Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система). Выпуск XI. — М.: «Эхо», 2010.— 944 с.; 22) Профессиональные заболевания, обусловленные воздействием химических факторов: http://www.alter.med.info. 23) «Жұмыс беруші есебінен емдік-профилактикалық тамақтану және сүтті жұмыскерлерге беру ережелері және нормалары» ҚЕ, ҚР Еңбекминінің бұйрығы 31.07.2007 №184-п. 24) «Қызметкерлерді жеке, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-гигиеналық үй-жайлармен, құрылғылармен және емдеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» ҚЕ ҚР Еңбекминінің бұйрығы 31.07.2007ж. 4-т. 25) «Міндетті медициналық тексерулер өткізілетін зиянды өндірістік факторлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы№ 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 мамырда №10987 болып тіркелген. 26) «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1)    Ибраева Ләззат Қатайқызы – медицина ғылымдарының докторы, доцент, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК ғылыми жұмыстар бойынша директор орынбасары, Қарағанды қаласы.
2)   Мукажанова Айжан Құмарқанқызы– медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК Шығыс Қазақстандық филиалының директоры.
3)   Отарбаева Марал Балтабайқызы – медицина ғылымдарының докторы, доцент, Республикалық профпатологтар ассоциациясының хатшысы, «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМК, Қарағанды қаласы.
4)    Жақыпбекова Гүлмира Мұхаметғалиқызы – «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК медициналық ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі.
5)    Беткембаева Альмира Мұхаметрахымқызы – ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» Шығыс Қазақстандық филиалының кәсіби терапия бөлімшесінің меңгерушісі,
6)    Юхневич Екатерина Александровна – клиникалық фармаколог, PhD,  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы доцентінің м.а.
 
Мүдделер қақтығысы: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1) Орақбай Ләззат Жәдігерқызы – медицина ғылымдарының докторы, доцент, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология қазақ ғылыми орталығының ғылыми-ұйымдастыру жұмыстары бойынша директордың орынбасары.
 
Хаттаманы қайта қарау: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх