Войти

Қайталанатын оңалту. "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (балалар)

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Другие врожденные аномалии крупных артерий (Q25.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 
 
Хаттама атауы: «Қайталанатын оңалту» қайта оңалтуы, «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар).
 
Хаттама коды:
 
АХЖ Х код(тар)ы
C38 Жүректің, көкірекорта мен өкпеқаптың қатерлі жаңа өспесі
C38.0 Жүректің қатерлі өспесі
C45.2 Жүрекқап мезотелиомасы
D15 Кеуде қуысының басқа да және нақтыланбаған ағзаларының қатерсіз жаңа өспесі
D15.1 Жүректің қатерсіз жаңа өспесі
I05 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның ревматизмдік сырқаттары
I05.0 Митралды стеноз
I05.1 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның ревматизмдік кемістігі
I05.2 Жеткіліксіздікпен митралды стеноз
I05.8 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның басқа да аурулары
I05.9 Митралды қақпақшаның нақтыланбаған ауруы
I06 Қолқа қақпақшасының басқа да ревматизмдік сырқаттары
I06.0 Қолқаның ревматизмдік стенозы
I06.1 Қолқа қақпақшасының ревматизмдік кемістігі
I06.2 Жеткіліксіздікпен қолқаның ревматизмдік стенозы
I06.8 Қолқа қақпақшасының басқа да ревматизмдік сырқаттары
I06.9 Қолқа қақпақшасының нақтыланбаған ревматизмдік сырқаты
I07 Үш жармалы қақпақшаның ревматизмдік сырқаттары
I07.0 Трикуспидалды стеноз
I07.1 Трикуспидалды жеткіліксіздік
I07.2 Жеткіліксіздікпен трикуспидалды стеноз
I07.8 Үш жармалы қақпақшаның басқа да сырқаттары
I07.9 Үш жармалы қақпақшаның нақтыланбаған сырқаты
I08 Бірнеше қақпақшалардың зақымдануы
I08.0 Қос жармалы (митралды) және қолқа қақпақшаларының қосыла зақымдануы
I08.1 Митралды және үш жармалы қақпақшалардың қосыла зақымдануы
I08.2 Қолқа қақпақшасы мен үш жармалы қақпақшаның қосыла зақымдануы
I08.3 Митралды, қолқалық және үш жармалы қақпақшалардың қосыла зақымдануы
I08.8 Қақпақшалардың басқа да көптеген сырқаттары
I08.9 Қақпақшалардың нақтыланбаған көптік зақымдануы
I10 Эссенциалдық [ілкі] гипертензия
I27.0 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы
I42 Кардиомиопатия
I42.0 Кеңеюлік (дилатациялық) кардиомиопатия
I42.1 Обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия
I42.3 Эндомиокардиалды (эозинофильдік) сырқат
I42.4 Эндокардиалды фиброэластоз
I42.5 Басқа да рестриктивті кардиомиопатия
I42.7 Кардиомиопатиялар
I43 Басқа айдарларда жіктелген сырқаттар кезіндегі кардиомиопатия
I43.0 Басқа айдарларда жіктелген инфекциялық және паразиттік аурулар кезіндегі кардиомиопатия
I43.1 Метаболизмдік бұзылыстар кезіндегі кардиомиопатия
I43.2 Тамақтанудың бұзылыстары кезіндегі кардиомиопатия
I43.8 Басқа айдарларда жіктелген басқа да аурулар кезіндегі кардиомиопатия
Q20 Жүрек камералары мен қосылыстарының туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q20.0 Жалпы артериялық дің
Q20.1 Оң жақ қарыншаның шығу тесігінің екі еселенуі
Q20.2 Сол жақ қарыншаның шығу тесігінің екі еселенуі
Q20.3 Қарынша-артериялық дискорданттық қосылыс
Q20.4 Қарыншаның кіру тесігінің екі еселенуі
Q20.5 Жүрекше-қарыншалық дискорданттық қосылыс
Q20.6 Жүрекше құлақшасының изомериясы
Q20.8 Жүрек камералары мен қосылыстарының басқа да туа біткен ауытқулары
Q21.0 Миокард алдыңғы қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
Q21.1 Миокард төменгі қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
Q21.2 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы / Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q25.0 Ашық артериялық түтік
Q25.8 Ірі артериялардың басқа да туа біткен ауытқулары
S26 Жүрек жарақаты
Z94.1 Трансплантталған жүректің болуы
Z95 Жүрек пен тамыр имплантаттары мен трансплантаттарының болуы
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ – аланинаминотрансфераза
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
БӘФ – биоәлеуметтік функциялар
КТ – компьтерлік томография
МРТ – магнитті-резонанстық томография
ЖК – жүрек кемістігі (жеткіліксіздігі)
ФК – функционалдық класс
ЭКГ – электрокардиография
ЭхоКГ – эхокардиография
NYHA – Нью-Йорк Жүрек қауымдастығы
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:
-үйлестіруші–дәрігер;
-реабилитолог-дәрігер («Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология)» мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар) (ересектер, балалар);
-психология саласындағы маман («психиатрия (наркология, медициналық психология)» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар немесе «психология» мамандығы бойынша медициналық емес (педагогикалық) жоғары білімі бар);
-емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маман (медициналық,  медициналық емес (педагогикалық) жоғары білімі бар);
-емдік дене шынықтыру бөлмесінің емдік шынықтыру жөніндегі нұсқаушы-маманы, мейіргері (медициналық/ медициналық емес (педагогикалық) орта білімі бар);
-еңбекпен емдеу бойынша нұсқаушы-маман (медициналық емес (педагогикалық) жоғары білімі бар);
-еңбекпен емдеу бойынша нұсқаушы-маман (медициналық/медициналық емес (педагогикалық) орта білімі бар);
-физиотерапия бөлмесінің мейіргері;
-күтім мейіргері;
-әлеуметтік қызметкер.

 

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралар:

Негізгі іс-шаралар:
-жалпы қан анализі;
-жалпы несеп анализі;
-қанның биохимиялық талдауы (АлАТ, АсАТ, билирубин, жалпы ақуыз, электролиттер, несепнәр, креатинин);
-ЭКГ;
-ЭХОКГ;
-алты минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап).
 
Қосымша іс-шаралар:                                        
-ИФА әдісімен ТТГ,  еркін тироксин, еркін трийодтиронин концентрациясын анықтау;
-ЭКГ тәуліктік мониторлауы  (Холтер мониторлауы);
-Құрсақ қуысының, ішпердеарты кеңістігінің ағзаларын, өкпеқап қуысын УДЗ.
-кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
-жүрек пен тамырлардың КТ/МРТ;
-нейросонография;
 
Мамандар консультациялары:
-аритмологтың консультациясы (жүрек ырғағының бұзылыстары болған кезінде);
-неврологтың консультациясы (ми қанайналымының ілеспелі жіті бұзылуы болған кезінде);
-нефрологтың консультациясы (бүйрек функциясының жеткіліксіздігі болған кезінде);
-пульмонологтың консультациясы (өкпенің ілеспелі патологиясы болған кезінде).
Медицинский туризм

Пройти лечение в Корее, Израиле, Германии, США

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Медицинский туризм

Пройти лечение в Корее, Турции, Израиле, Германии и других странах

Выбрать иностранную клинику

Бесплатная консультация по лечению за рубежом! Оставьте заявку ниже

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Емдеу тактикасы


ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ
 
Оңалту мақсаты:
-зақымданған ағзаның немесе жүйенің бұзылған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру және (немесе) жоғалтқан функцияларын теңгеру (компенсация);
-жіті дамыған патологиялық үдерістің аяқталуы барысында ағзаның функцияларын ұстап тұру;
-зақымданған мүшелер немесе ағза жүйелері функцияларының мүмкін болатын бұзылыстарының алдын алу, ерте диагностикалау және түзету;
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету;
-өмір сүру сапасын  жақсарту;
-пациенттің еңбекке жарамдылық қабілетін сақтау;
-пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы.
 

Оңалту үшін көрсетімдер :
 
1-кесте.  «Қайталанатын оңалту», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар), қайта оңалту үшін көрсетімдер
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Ілкі  (эссенциалды) гипертензия I 10 I-II ФК (NYHA) ЖК
2 Жүректің туа біткен және жүрек пайда болған кемістіктері (ақаулары) Q 20-Q 28; I 05-I 08.5 I-II ФК (NYHA) ЖК
3 Кардиомиопатиялар I 42 - I 43 I-II ФК (NYHA) ЖК
4 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
I-II ФК (NYHA) ЖК
5 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0 I-II ФК (NYHA) ЖК
6 Жүрек пен тамырларға жасалған операциялардан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру бойынша операциялардан кейін
C 38.0; C 45.2; D 15.1; S 26; Z 95; Z 94.1
I-II ФК (NYHA) ЖК
 
Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-әртүрлі этиологиядағы жайылған жиі құрысулар;
-жіті инфекциялық аурулар;
-туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
-қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары);
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба;
-күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жыныстық жолмен берілетін аурулар (мерез, соз ауруы, трихомоноз және басқалары);
-терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зеңді аурулар және басқалары);
-тұлғаны қоғамнан алшақтатын (әлеуметсіздендіретін) психологиялық аурулар (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 60; F 63; F 65; F 72–F 73);
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-кез келген орналасудағы таспақұрт (эхинококк) және басқа да паразиттер (B 67);
-жіті остеомиелит;
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде.
 
Медициналық оңалту көлемдері, 10 жұмыс күні ішінде бір науқасқа ұсынылатын қызметтер:
Оңалтудың негізгі әдістері:
-Емдік дене шынықтыру – 10 емшара;
-ингаляциялар – 15 емшара.
 
Оңалтудың қосымша әдістері:
Физиотерапия:
-лазерлік терапия –7 емшара;
Массаж:
-мойын-жаға аймағы – 7 емшара;
-қолдардың – 7 емшара;
-аяқтардың – 7 емшара.

 
2-кесте. «Қайталанатын оңалту», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар), қайта оңалтудың ұзақтығы
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
Оңалтудың ұзақтығы/
мерзімдері
1 Ілкі  (эссенциалды) гипертензия I 10 I-II ФК (NYHA) ЖК 7
2 Жүректің туа біткен және жүрек пайда болған кемістіктері (ақаулары) Q 20-Q 28; I 05-I 08.5 I-II ФК (NYHA) ЖК 7
3 Кардиомиопатиялар I 42 - I 43 I-II ФК (NYHA) ЖК 7
4 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
I-II ФК (NYHA) ЖК 7
5 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0 I-II ФК (NYHA) ЖК 7
6 Жүрек пен тамырларға жасалған операциялардан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру бойынша операциялардан кейін
C 38.0; C 45.2; D 15.1; S 26; Z 95; Z 94.1
I-II ФК (NYHA) ЖК 7
 
Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары:
 
3-кесте. Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Ілкі  (эссенциалды) гипертензия I 10 6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап) II→I ФК (NYHA) ЖК
2 Жүректің туа біткен және жүрек пайда болған кемістіктері (ақаулары)
Q 20-Q 28; I 05-I 08.5
6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап) II→I ФК (NYHA) ЖК
3 Кардиомиопатиялар I 42 - I 43 6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап) II→I ФК (NYHA) ЖК
4 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап) II→I ФК (NYHA) ЖК
5 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы
 I 27.0
6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап) II→I ФК (NYHA) ЖК
6 Жүрек пен тамырларға жасалған операциялардан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру бойынша операциялардан кейін
C 38.0; C 45.2; D 15.1; S 26; Z 95; Z 94.1
6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап) II→I ФК (NYHA) ЖК
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Е.Т Лильин , В.А Доскин Детская реабилитология. 3-е издание . Москва 2011г. 2) Клиническое практическое руководство по кардиологической реабилитации Министерства здравоохранения и социальных услуг населению США (1995 г.) (Wenger NK, Froelicher ES, Smith LK, Ades PA, et al. Cardiac Rehabilitation: Clinical Practice Guideline 17: U.S. Department of Health & Human Services; 1995; 2008). 3) Руководство Американской Ассоциации по профилактике и реабилитации Американского общества кардиологов «Показатели исполнения кардиологической реабилитации по направлению и оказанию услуг кардиологической реабилитации/вторичной профилактики». (AACVPR/ACC/AHA2007). Journal of the American College of ardiology/Journal of American College of Cardiology: Vol.50,N 14:1401-1410. 4) Клиническое Руководство по кардиологической реабилитации амбулаторных пациентов Американской Ассоциации по профилактике и реабилитации Американского общества кардиологов. Последний обзор 6.08.2006 г.(Cardiac Rehabilitation (Outpatient): Clinical Guideline (CG-REHAB -02//Empire/Current Effective Date 11/17/2006. Last Review Date: 06/08/2006: Medical Policy &Technology Assessment Committee (MPTAC) review. 2005 AHA/AACVPR guideline and the 2005 AHRQ Technology Assessment). 5) Программы кардиологической реабилитации и вторичной профилактики: Statement From the American Heart Association Exercise, Cardiac Rehabilitation and Prevention Committee, the Council on Clinical Cardilogy; the Council on Cardiovascular Nursing, Epidemiology and Prevention. and Nutrition, Phisical Activity, and Metabolism; and the AACPR.Gary J.Balady, Mark A. Williams, Philip A.Ades et al. //Circulation 2007; 115;2675-2682.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Мамежанова  Людмила  Ильинична  –  «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, балалар оңалтуы бөлімшесінің кардиолог дәрігері;
2)  Аймақова  Гүлсім  Тарғынқызы  –  «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, қалпына келтіру емі бөлімшесінің меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Беркінбаев Сәлім Фахатұлы – м.ғ.д., профессор, Қазақстанның  кардиологтары қауымдастығының президенті, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, директор.
 
Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх