Фосфор және оның қосылыстарымен созылмалы улану

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Токсическое действие других неорганических веществ. Фосфора и его соединений (T57.1)
Профессиональная патология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған 

Фосфор қосылыстарымен созылмалы улану бұл қан түзілім жүйесінің зақымдануының клиникалық көріністері болуы мүмкін, көру мүшелерінің бұзылуы, жүйке, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр, сүйек, репродуктивті және эндокринді жүйелердің зақымдануымен сипаттаалатын және өндірістік шарттарда ағзаға фосфор және оның қосылыстарының ұзақ әсері нәтижесінде туындайтын созылмалы полисиндромды ауру.

NB! Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері бойынша фосфор 32 атомдық салмағы бар химиялық элементті құрайды. Еркін түрде табиғатта кездеспейді, қосылыстар түрінде (фосфаттар)  шамамен жер қыртысы атомдарының шамамен 0,02% құрайды. Қарапайым фосфор нысандары: сары (ақ), қызыл және қара.
Неғұрлым уыттысы сары фосфор болып табылады. Ол пышақпен жеңіл кесіледі, суда жақсы ериді. Сары фосфорды суда сақтайды, ол жеңіл тотығады және ауада тұтанады. Шамадан тыс улы, балқу температурасы 44,2°С, қайнауы - 280,5°С. Сары фосфордың булары ауада 4,3 есеге ауыр.
Фосфор қосылыстарымен созылмалы уланудың кәсіби этиологияларының белгісі оның орындалаын жұмыспен байланысты себептік-салдарлық байланысы болып табылады. Өндірістік үй-жайлар үшін фосфордың шектік рұқсат етілетін концентрациясы – ингаляциялық немесе ауыз арқылы, зақымданған тері қабаттары арқылы.
Фосфор, ағзаға түсе отырып, органикалық қосылыстармен реакцияда еркін радикалдарды түзеді (гидроксильді, тотықы, супероксид-анион, синглетті оттегі). Бұл заттар - "фосфоротоксиндер", өндірістегі алғашқы жұмыста адам ағазасына жасушалық және қосалқы жасушалық мембраналарға уытты әсер етуге қабілетті.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
 
T57.1
 
Фосфор қосылыстарымен созылмалы улану
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

РБЗ рандомизирленген бақылау зерттеуі
АЛТ аланинтрансфераза
АСТ аспартаттрансфераза
ГГТП гаммаглутаминтранспептидаза
МРТ магнитті-резонансты томография
КТ компьютерлік томография
УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
УДДГ ультрадыбыстық доплер-графия
ФГДС фиброгастродуоденоскопия
ЭКГ электрокардиография
ЭХОКГ эхокардиография
ЭХО-ЭГ эхоэнцефалография
ОЖЖ орталық жүйке жүйесі
ТЖ тыныс алу жүйесі
АТЖ асқазан-тікішек жолы
УКС ультракүлгін сәулелену
МӘСК медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссия
АМСК алғашқы медициналық санитариялық көмек
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, профпатологтар, невропатологтар, токсикологтар, жедел көмек дәрігерлері.
 
Пациенттердің санаты: ересектер.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.

Жіктемесі


Жіктеме (С) [1, 2]:
Бұзылу деңгейі Бұзылулардың клиникалық-функционалдық сипаттамасы
Жеңіл
дәреже
(I кезең)
·                  Функционалдық бұзылулардың үйлесімі: асқазан-ішек жолдары тарапынан секрециялық өзгертілген функциямен гастриттер нысанында (әдетте жоғары) және кинетикамен, сондай-ақ ұзақ сақталушы жеңіл көрінген типі бойынша. Жеңіл астено-вегетативтік синдром немесе нейроциркуляторлық дистония түріндегі вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылулары тән. Жоғары тыныс алу жолдары тарапынан мұрын, жұтқыншақ, көмей, кейде бронхылардың, катаралдық, гипертрофиялық, кейде субатрофикалық өзгерістері мүмкін. Аурудың аталмыш кезеңінде науқастар сүйектегі айқын ауыспалы ауруларға шағымданады (сүйек зақымдануларының рентенографиялық белгілері болмағанда), бұлшықет әлсіздігі және потенцияның төмендеуі.
Біркелкі айқын дәреже
(II кезең)
·                  Патологиялық өзгерістер негізінде асқазан-ішек жолдарында және жүйке жүйесіндегі органикалық өзгерістер түріндегі субъективті және объективті симптоматиканы күшейту диагностикаланады: ауыру синдромымен, секрецияның төмендеуі болғанда жиі асқынулармен жалғасатын гастриттің пайда болуы күшейеді. Көптеген жағдайларда эндоскоптық зерттеуде көптеген эрозиялар анықталады, олар әдетте төмендетілген секрецияда және атрофиялық гастритте, сондай-ақ кейде жаралы процесте байқалады. Гепатобилиарлы жүйе тарапынан – улы гепатит белгілерін ұлғайту: өты шығару жолдарындағы дискинетикалық бұзылулардың болуымен түсіндірілетін қатты ауыру синдромы. Гепатоциттердің секреторлық-экскреторлық функцияларының бұзылуы және алмасудың қандай да бір түрлерінің бұзылуымен сипатталатын бауыр сынамалары тарапынан өзгерістер артады. Астеновегетативті синдром неғұрлым айқын болады, астеноневротикалық синдромның клиникасына ие болады. Басты түрде шырышты қабықтағы атрофиялық процестермен көріне отырып, тыны салу жеткіліксіздігінің әр түрлі деңгейімен жеңіл және орташа деңгейлі ауырлықты тыны салу жолдарының дистрофиялық өзгерістерінің клиникалық белгілері артады. Сүйек және бұлшықеттердегі тұрақты, жиі ауырсынулар, миокардиодистрофия белгілері қосылады. Алайда сүйектегі рентгенологиялық өзгерістер сирек анықталады. Фосформен байланыс толық тоқтағанда және емдеуде процесті ішінара қалпына келтіру немесе тұрақтандыру мүмкін.
Айқын дәреже
(III кезең)
·                  Маңызды физиологиялық жүйелердің суб және декомпенсациясымен ауыр қайтымсыз өзгерістер диагностикаланады. Бұнда аяқ-қол буындарының және омыртқаның жылжығыштығының шектелуімен генерализацияланған остесклероздың шектелген немесе сирек түріндегі тірек-қимыл аппараты тарапынан айқын өзгерістер орын алуы мүмкін. Сүйектегі және бұлшықеттердегі ауырулар тұрақты, қайтымсыз. Әр түрлі сүйектердің қайталама патологиялық сынулары байқалады. Сүйектерде остепороз және пародонтоз түріндегі рентгенологиялық өзгерістер анықталады. Уытты энцефалопатия нысанындағы жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы, бауыр циррозына мүмкін ауысумен уытты гепатиттің ауыр агрессиялық ағымы тән, басым жағдайларда психо органикалық синдром типі бойынша болатын жағдайлар. Барлық науқастарда аурудың осы кезеңінде  жүрек бұлшықетінде ауыр өзгерістер дамиды және жыныс функциясының айқын төмендеуі диагностикаланады. 
 

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар: олардың мәнінен асатын және ПДК шегіндегі концентрациядағы фосфор қосылыстарымен жұмыс шарттарындағы ұзақ жұмыс өтілі, жетекші клиникалық синдромдарға байланысты:
аталмыш еңбек кітапшасы бойынша кәсіби бағыт;
өндірістегі бақытсыз жағдай туралы акт және/немесе еңбек шарттарының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы.
·               жүйке жүйесіндегі өзгерістер (астено-вегетативтік синдром клиникасы - АВС):
-              АВС бірінші белгілері: бас ауруы, тез шаршаушылық, көңіл-күйдің түсулері, ұйқысыздық, қорқыныш, депрессиялар, төс бөлігіндегі ауыру және қысылу, жоғары тершеңдік, жүрек соғысының жиілеуі, дене және аяқ-қолдағы діріл, жиі дем алулар;
-              жеңіл АВС: жоғарыда көрсетілген астено-жүйкелік шағымдарды күшейту және әлсіз көрінген вегетативті-тамырлы дисфункцияларының қосылуы;
-              орташа-көрінген АВС: жүйкелік (қоздырғыш әлсіздік симптомы) симптомды тонустың басым түсуімен вегетативті-тамырлы дистонияның көріністері және артуының басым түсуі;
-              көрсетілген АВС: вегетативті жүйке жүйесінің парасимптомды тонусының артуы және астенизацияның күшеюі.
·               Гепатобилиарлы жүйедегі өзгерістер:
-              уытты гепатиттің көріністері:
-              оң қабырға астындағы сырқыраған, сыздау сипатындағы диспепсиялық құбылыстардың қосылысымен ауырсынулар (тұрақты жүрек лоблуы, тәбеттің төмендеуі, ауыздағы ащы дәм және метеоризм);
-              айқын дәрежедегі (III кезең) улануда созылмалы уытты гепатит бауыр циррозына өтеді. Гипо немесе гиперкинетикалық тип бойынша өт шығару жолдарының дискинезиясы.
·               Асқазан-ішек жолындағы өзгерістер:
-              Эзофагит; атрофияға бейімділікпен гастрит; Нр-ассоциирленуінің қосылуымен уытты генездің он екі елі ішегі және асқазан жарасы.
·               ауыз қуысындағы өзгерістер:
-              Пародонтоз; гингивит; жоғары және төмен қуыстардағы көптеген адентиялар.
Тыныс алу жүйесіндегі өзгерістер:
·               Жоғары және төмен тыныс алу жолдарының зақымдануы: катаральды, гипертрофиялық, атрофиялық ринит; созылмалы синусит; фарингит, тонзиллит және ларингит; мардымсыз шырышты қақырықты жөтелмен көрінетін созылмалы уытты-химиялық бронхит; ентігу; обструктивті, рестриктивті бұзылу типі.
·               Жүрек-қантамыр жүйесіндегі өзгерістер:
-              нейроциркуляторлы дистонияның белгілері – артериалды қысым деңгейінің тұрақсыздығы, «жүректің тоқтау» сезімі, шалыс соғуы, жиілеген жүрек соғысы, дене жүктемесімен байланысты емес иррадиациясыз қысатын, сыздаған, шаншитын, кардиалды аурулар;
-              уытты миокардиодистрофия белгілері – миокардтың қысқару қабілеттілігінің төмендеуі; жүректің өткізгіш жүйесінің бұзылуы.
·               Жүрек-буын жүйесіндегі өзгерістер:
Аяқ және қол оссалгиялары, жиі тұрақты, түнгі уақытта күшейетін, түтікті сүйектердің кенеттен сынулары, бұлшықет әлсіздігі, аяқ және  қолдың қозғалмауы және дірілдер. Рентгенограммадағы остеосклероз, түтік сүйектердің остеопорозы, ошақты остеопороз және төменгі жақ сүйектерінің некрозы.

Стационарлық деңгейдегі диагностикалық белгілер:
·               бірінші түскендегі мамандықпен аурудың себептік-салдарлық байланыс сараптамасы;
·               қайталама сараптама – медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру алдындағы функционалды жағдай, жалпы соматикалық патологияны ауырлататын асқынулардың қосылуы, ауру ағымының сипатын нақтылау мақсатымен;
·               асқынуды алу, патологиялық процесті тұрақтандыру.
медициналық оңалту тактикасын анықтау.

Шағымдар: бас ауруы, бас айналу, жадпы әлсіздік, тез шаршаушылық, ұйқының бұзылуы, жадының төмендеуі (ұмытшақтық), қорқыныш сезімі, жиілеген пульс, ашуланшақтық, жабырқаңқы көңіл-күй (тежелушілік), дірілдер, мұрын-ерін қатпары асимметриясы, тіл девиациясы, лоблу, құсу, эпигастриядағы ауырсынулар, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, ауыздағы ащы дәм, қолдың парестезиялары, құмырсқаның жыбырлау сезімі, терінің бөртулері, жас ағу, жұтқыншақтың жыбырлауы, ауыр жағдайларда – демігу, демігу ұстамалары, мнестикалық және психоэмоционалды бұзылулар, қабақ және созылған қолдың дірілі, анизорефлексия, Ромберг күйіндегі тұрақсыздық қосылады.

Ауру анамнезі:
·               өндіріс шарттарындағы фосфор қосылыстарымен ұзақ байланыс (8 жылдан артық);
·               қауіптің қосымша факторлары: бас миының, асқазан-ішек жолының, гепатобиллиарлық жүйенің органикалық және функционалдық зақымданулары;
·               аурудың біртіндеп басталуы, аурудың мамандықпен себептік-салдарлық байланысы.

Физикалық қарап-зерттеу:
Шырышты ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмейдің ісуі және ісінуі, зақымданған бет – сілікпе тектес, шыны реңкті, зақымданбаған тіндері бар өткір шекара жоқ, құсу, пальпациядағы эпигастриядағы ауырсыну, өкпедегі аускультативті, әлсіз тыныс алу, құрғақ және ылғал қырылдау, тахикардия, ауырсыну синдромы. Объективті – шелдердің және тері жабындарының субиктерялығы, тері жабындарының құрғақтығы, бауырдың ұлғаюы, тахикардия, ауыр жағдайларда: тыныс алу, жүйке және гепатобилиарлық жүйенің декомпенасациясының белгілері – ауырсыну, ентігу, тұншығу ұстамалары, цианоз, гиперпигментация. Улану деңгейіне қарағанда неврологиялық мәртебеде ошақтық симптоматика анықталады: анизокория, нистагма, бет асимметриясы, гипо- немесе гиперестезия, патологиялық белгілер, пирамидалық және экстрапирамидалық жеткіліксіздік, полинейропатия синдромы.

Зертханалық зерттеулер:
·               қанның жалпы анализі:
-              қанның толық анализі (ретикулоциттерді анықтау);
-              эритроциттердің базофильді түйіршіктілікті анықтау;
-              эритроциттердің осматикалық резистенттілігін анықтау.
·               Қанның биохимиялық анализі:
-              бауыр ферменттерінің деңгейін арттыру (АЛТ, АСТ);
-              ақуызды-синтетикалық функцияны төмендету (гипопротеинемия, жадпы ақуызды, ақуызды фракцияларды анықтау);
-              холестаз синдромының болуы (сілтілік фосфатаздар деңгейін арттыру, ГГТП);
-              сарғайған синдромның болуы (тікелей немесе тікелей емес фракция билирубин деңгейін арттыру)
-              метаболиялық ацидоз белгілерінің болуы (қышқылдық-сілтілік жағдайды анықтау)
-              бүйрек зақымдануларының болуы (несепнәр, креатининді, шумақтық фильтрлеу жылдамдығын анықтау);
-              В, С және D вирустық гепатиті маркерлерін амбулаториялық деңгейде анықтау.
-              стационарлық деңгейде қандағы фосфор және кальциді анықтау.

Аспаптық зерттеулер:
·               бас мидың МРТ және/немесе КТ – диэнцефалды саладағы микрошақты өзгерістер, тамырлы өзгерістер;
·               УЗДГ брахеоцефалды тамырлар – тамырлы өзгерістер;
·               көкірек қуысы мүшелерінің рентгенографиясы – біркелкі-көрінген перибронхиалды, өкпенің медиалды орта аймақтардағы периваскулярлы пневмофиброз, пневмосклероз, өкпе эмфиземасы;
·               Спирография – обструктивті, рестриктивті немесе аралас тип бойынша сыртқы тыныс алу функцияларының өзгерістері;
·               ЭХО-ЭГ – бас іші гипертензиясының белгілері;
·               ЭЭГ – диэнцефалды аймақтың мүдделілік белгілері;
·               ЭХОКГ –миокардиодистрофияның болуы;
·               гепатодуоденалды аймақты УДЗ – уытты гепатиттің белгілері, өт шығару жолдарының дискинезиясы,  бауыр мөлшерлерінің ұлғаюы, әсіресе сол жағы;
·               ФГДС – төмендетілген секреторлық функциясы бар гастриттің белгілері;
·               төмен жақ сүйектерінің және түтікті сүйектердің рентгенографиясы – түтікті сүйектердің остепорозы және остеклероз түріндегі және төмен жақ сүйегіндегі некроз және ошақты пародонтоз түріндегі өзгерістер.

Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·               салалы мамандар консультациясы – көрсетілімдер бойынша.

Амбулаториялық деңгейдегі бірінші пациенттерге арналған диагностикалық алгоритм:


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі:
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Фосфор қосылыстарымен улану ОЖЖ, ДС, АІЖ және тірек-қимыл аппаратының зақымдануына тән объективті дереткер, контактілі анамнездің болуы Жалпы ақуыз, АЛТ, АСТ, глюкоза, билирубин, несепнәр, креатинин, ФГДС-ті анықтау, Төменгі жақ және түтікті сүйектердің рентгенографиясы. ФГДС атрофиялық өзгерістерінің суреті. Остеосклероз, остеопороздың рентгенологиялық белгілері
Қан ағу, жаралы ауру, өңеш тамырларының кеңеюі, және т.б. Жаралы анамнездің болуы, АІЖ химиялық зақымдануына тән объективті деректердің болмауы Жалпы ақуыз, АЛТ, АСТ, глюкоза, билирубин, несепнәр, креатининді анықтау, қышқылдық-сілтілік жағдайды зерттеу (метаболиялық бұзылулар), ФГДС ФГДС химиялық зақымдану деректерінің болмауы. Рентгенологиялық өзгерістер жоқ
Қышқылдар және сілтілерен улану Тиісті анамнездің, ауыз қуысынан иістің, құсу массасының түсінің, эритроциттердің гемолизінің болуы (болмауы мүмкін) Қышқылды-сілтілік жағдайды зерттеу (метаболизмдік бұзылулар), жалпы ақуызды, АЛТ, АСТ, глюкоза, билирубин, несепнәр және креатининді, ФГДС-ті анықтау ФГДС-та АІЖ күйігінің суреті тән (коагуляциялық некроз). Рентгенологиялық өзгерістер жоқ 

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
·               улану белгілерін тоқтату;
·               өмірлік маңызды мүшелер және жүйелердің функцияларды тұрақтандыру;
·               асқынуларды емдеу (сулы-электролитті, метаболиялық бұзылуларжы түзету, уытты гепатопатияны, нефропатия, энцефалопатияны емдеу).
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·               Режим: III.
·               Диета: № 5 Стол.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты:
·               дезинтоксикациялық терапия бос радикалдардың уытты әрекетінен жасушаны қорғауға жағдай жасайды, экзогенді уытты қосылыстарды зарарсыздандырады;
·               анксиолитикалық терапия – дабыл жағдайын, ұйқының бұзылуын, шеткі бұзылыстарды жояды;
·               созылмалы бронхит бар болғанда: муколитикалық, бронхолитикалық терапия;
·               асқазан-ішек жолдарының эрозиялық-жаралық зақымдандулар бар болғанда  –антисекреторлық препараттар;
·               полиневритикалық синдромда – қабынуға қарсы терапия, ағзадағы кальциді сіңіруді жақсартатын құралдар, ағзадағы кальций алмасуды реттеуге арналған микроциркуляцияны жақсартатын құралдар.

Негізгі дәрілік заттар тізбесі:
·               декстроза;
·               натрий хлориді;
·               урсодезоксихолды қышқыл;
·               токоферол ацетат;
·               ретинол;
·               тофизопам;
·               пентоксифиллин;
·               бетагистин;
·               пиридоксин гидрохлорид;
·               тиамин хлорид;
·               цианокоболамин;
·               аскорбин қышқылы.

Қосымша дәрілік заттар тізбесі (жетекші синдромға байланысты):
·               ипратропия бромид;
·               тиотропия бромид;
·               ацетилцистеин;
·               омепразол;
·               пантопразол;
·               эзомепразол;
·               панкреатин
·               метоклопрамид;
·               кальций карбонаты/ холекальциферол

Препараттарды салыстыру кестесі:

№ р/с ХПА атауы Дозасы Саны (амп, фл
және т.б.)
Енгізу тәсілі Емдеу ұзақтығы Ескертпе ДД
Негізгі дәрілік заттар
 
Дезинтоксикациялық терапия
1. декстроза 500,0 10 т/і тамшы 10 күн бос радикалдардың уыты қолданысынан жасушаны қорғауға жағдай жасайды экзогенді уытты қосылыстарды зарарсыздандырады В
2. натрий хлориді 0,9%-400,0 10 т/і тамшы 10 күн С
Бауыр және өт жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар
3. урсодезоксихолды қышқыл 250мг  капсулада 30 ішке  1х3р 10 күн Тікішектегі неғұрлым гидрофобты және уытты қосылыстардың реабсорбциясын азайтады А
Антиоксиданттар*
4. ацетат токоферолы 200 мг капсулада 20 ішке  2х3р 10 күн арнайы емес резистенттіліктің көрсетілімдерін, иммунитетті қалпына келтіруге жағдай жасайды. С
5. ретинол   20 ішке  1х2р 10 күн В
Анксиолитиктер
6. тофизопам 50мг таб. 20 ішке  1х2р 10 күн вегетативті бұзылулардың әр түрлі түрлерін жояды С
Ангиопротекторлар*
7. пентоксифиллин 5,0 мл, 2 % 10 т/і тамшы 10 күн микроциркуляцияны жақсарту үшін В
8. дигидрохлорид бетагистині 24 мг таб. 20 ішке 1х2р 10 күн В
Дәруменмен емдеу
9. тиамин, пиридоксин,  цианокобаламин 5,0 20 т/і бет 5 күн алмасу процестерін жақсарту үшін В
 
Қосымша дәрілік заттар
Бронходилататорлар*
1. ипратропия бромид ингалятор 1 ингаляция 2х3р 1 ай бронхыларды кеңейту үшін, қақырық бөлуді жақсарту В
2. тиотропия бромид 18 мкг, ингалятор 1 ингаляция 1х1р 1 ай В
Муколитик құралдар
3. ацетилцистеин 200 мг, пак, таб. 30 ішке  1х3р 10 күн қақырық бөлуді сұйылту және жақсарту үшін В
Ингибитор Н++-АТФ-азы.
4. омепразол
немесе
20 мг, таб. 20 ішке  1х2р 10 күн асқазандағы тұзды қышқыл өнімін бұғаттайды, микробқа қарсы белсенділікке ие В
5. Пантопразол
немесе
40 мг, таб. 20 ішке  1х2р 10 күн С
6. эзомепразол 40 мг, таб. 20 ішке  1х2р 10 күн С
Толықтырушы ем
7. панкреатин 100000 кап. бір. 30 ішке  1х3р 10 күн сыртқы секреторлық жеткіліксіздіктегі толықтырушы ем А
Прокинетиктер
8. метоклопрамид 0,5% 2мл 10   10 күн асқазан сөлі секрециясын айдайды В
Кальций препараттары  
9. Кальций карбонаты, холекальциферол табл. 20 ішке  1х2р 10 күн профилактика, комплексная терапия остеопороза С

Емдеудің басқа түрлері:
Негізгі:
тыныс алу жаттығулары – бронхыларды жоюға көмектеседі,  қабынуды алады, шырышты бронхылардың қорғаныш қасиеттерін арттырады;
көкірек қуысын уқалау – тыныс алу бұлшықеттеріне әсер ете отырып, дем шығарудың күшеюіне, бронхылардың кеңеюіне, қан айналу жүйелерінің функцияларының жақсаруына жағдай жасайды.
Щербак  №10 бойынша гальваникалық жаға – рефлекторлы қан айналуды және бас миы трофикасын жақсартады, ми тамырының қозушылығын төмендетеді, сондай-ақ ішкі мүшелер тобының функциясына әсер етеді;
ионофорез 10% магний сульфаты ерітіндісімен – спазмолитикалық, тыныштандырушы, дірілге қарсы әрекет етеді, ұйқыны реттейді.
Эуфиллинді, хлорлы кальциі бар электрофорез – қақырықтың бөлінуінің жақсаруына және сұйылуына, бронхыларды құрғату функциясын жақсартуға жағдай жасайды;
көкірек қуысының УФО – иммундық ынталандыру әсері, сыртқы тыныс алу функциясын жақсартады, қабынуға қарсы әсер көрсетеді;
амбробене, шөптері бар (термопсис, ана және өгей шеше, қазанақ, бақажапырақ, жөке жапырақтарының тұнбасы бар) ингаляциялар – қақырықтың бөлінуінің жақсаруына және сұйылуына, бронхыларды сұйыту функцияларының жақсаруына жағдай жасайды.

Қосымша:
электроұйқы – жоғары жүйке жүйесін қалпына келтіруге жағдай жасайды, бас миының қан айналымын жақсартады, седативті және ұйықтататын әсер көрсетеді;
ине рефлексті терапия – тыныс алу мүшелеріне қуатты әсер етеді, сопақша мидағы тыныс алу орталығын ынталандырады, қатты спазмалық әсер етеді, қан формуласын жақсартады, горманалды фонды қалпына келтіреді, тамырлы тонусты тұрақтандырады, иммунитет және инфекцияларға резистенттілікті арттырады, седативті және  антидепрессивті әсер етеді;
магнитолазеропунктур – шеткі, аймақтық және орталық қан айналымды жақсартады, ауырғанды басатын әсер көрсетеді, тіндер трофикасын жақсартады, бұзылған иммундық процестер және нейрогуморалды реттеуді қалпына келтіреді.
 
Әрі қарай емдеу:
Профилактикалық іс-шаралар:
·               Бастапқы профилактика:
Сары фосфордың (0,03 мг/м3 төмен) ең аз концентрациясын қамтамасыз ететін желдету, өндірістік (технологиялық) процесті герметизациялау және кең механизациялау қажет. Профилактикалық медициналық тексерулерді өткізу барысында денсаулық үшін оларды жою бойынша шараларды қолданумен зиянды факторларды анықтау. Бақытсыз жағдайларды дамытуды ескерту бойынша шараларды іске асырумен фосфорлық өндірістегі жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық скринингті өткізу. Жұмысқа әйелдер және 18 жастан кіші адамдар жіберілмейді.

·               Қайталама профилактика:
Профилактика шараларының ішінде еңбек қабілеттілігін төмендетумен өмір сүрудегі шектеулер, аурулардың өршуі және хронизациясы, асқынуларын ескерту және ерте анықтауға бағытталған медициналық, әлеуметтік, психологиялық және санитарлық-гигиеналық шаралар кешенін өткізумен міндетті мерзімді медициналық тексеру үлкен мәнге ие. Профилактикалық емдеу және мақсатты сауықтырудың курстарын, соның ішінде емдік тамақтану, емдік дене шынықтыру және уқалау және санаторлық-курорттық емдеу, сауықтырудың басқа емдік-профилактикалық әдістемелерін өткізу. Тамақ ішу, жұмыс орнында ішу және темекі шегуге қатаң тыйым салу, ауыз қуысы және тістерге мұқият күтім, бет және қолды мұқият жуу, душ қабылдау. Айына бір реттен кем емес тіс жағдайларын тексерулер және сәйкес жағдайларда  - ауыз қуысының толық санациясы өткізіледі Фосфор қосылыстарымен улану профилактикасының негізгі принципі салауатты өмір салтын жүргізу және толық қанды сауықтырып тамақтану болып табылады.
Пациент жағдайының мониторингі:
Кәсіби ауруы бар науқасты емдеу тактикасы:
кәсіби маршрут және еңбек шарттарының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамалары деректерін талдау;
тұрғылықты жерінен медициналық құжаттармен жұмыс (амбулаторлық карта, ауру тарихынан көшірмелер және т.б.), көрсетілген құжаттардан іріктеме;
нақты зиянды өндірістік факторлар және патологиялық процестің сипаты, ағымы, қалыптастыру ерекшеліктері арасындағы себептік-салдарлық байланысты анықтау;
жалпы соматикалық патологияны ауырлататын асқынулардың болуын нақтылау.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары
·               Клиникалық-функционалдық көрсетілімдерді жақсарту;
·               науқастың өмір сапасын жақсарту.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ:
·               Инфузиялық терапия принциптеріне негізделген қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті түзету.
·               Инфузиялық терапия принциптеріне негізделген су-электролитті балансын түзету.
·               Симптоматикалық терапия.
·               Асқынулар дамығанда – зақымданған мүшені емдеу.

Пациентті бағыттау:


Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·               Режим: Соматогенді фазада асқынулардың дамуында төсек режимі.
·               Диета: №1 Стол.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу: ауру ауырлығының дәрежесіне байланысты:
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:
·                анксиолитиктер – тофизопам 150-200мг/тәу 10 күн (ДД С);
тамырлы терапия:
·               бетагистин 48 мг/тәу 10 күн (ДД В) немесе пентоксифиллин 100-300мг/тәу 10 күн (В);
·   өт шығару жолдарының дискинезиясында, созылмалы холециститтерде:
урсодезоксихолды қышқыл 500-750мг/тәу 10 күн (ДД  А);
метаболиялық терапия:
·               дәруменмен емдеу – тиамин хлориді 30мг/тәу (1мл 5% ерітінді) 6 күн ч/д (ДД С), пиридоксин гидрохлорид (ДД С) 20-30мг/тәу (1мл 5% ерітінді) 6 күн ч/д немесе цианкобаламин 0,5мг/тәу (1мл 0,05% ерітінді) 6 күн (ДД С);
·               токоферола ацетат 400мг/сут 12 күн (ДД С) немесе  аскорбин қышқылы 100-200 мг/сут (5-10% - 4-6мл) 10 күн.
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (жетекші синдромдарға байланысты):
-              созылмалы бронхиттегі созылған әрекетті агонистер:
·               салметерол 100 мг/тәу 10 күн (ДД  А) тиотропия бромид 1 доза/тәу 10 күн; қақыртушы – амброксол 90 мг/тәу (ДД В), ацетилцистеин 3 табл/тәу 10 күн; асқынуда – антибиотиктер (ДД В): азитромицин 0,5г/сут, жартылай синтетикалық пенициллиндер – амоксициллин клавуланат 1,5г/сут 7 күн, бактериологиялық екпе нәтижелері бойынша сезімталдықты ескеріп;
-              асқазанның зақымдануына байланысты тағайындалады: созылмалы гастриттегі протонды помпа ингибиторлары;
-              созылмалы панкреатит құбылыстарында, толықтырушы ем:
·               панкреатин 75 мың  БІР/тәу 10 күн (ДД  А);
-              асқазанның моторлық функцияларының бұзылуын түзету метоклопрамид 5 мгх4р 11 күн;
-              ағзадағы фосфор және кальций алмасуые реттеу  және игеруді жақсарту, кальций – кальция карбонаты, холекальциферол 1 таб. 10 күн.
-              пародонтоз құбылыстарында: ульрадыбысты аппараттағы физиотерапия, дарсонвализация, тістің етін вакуумді уқалау, гидроуқалау, жергілікті – қабынуға қарсы жақпалар.

Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу
·               улану диагнозын анықтағаннан кейін, мүшелер және жүйелердің берік дисфункцияларын дамытумен (немесе дамытусыз) БМСК деңгейінде диспансерлік есепке алынуы тиіс;
консилиумды өткізгеннен кейін тар маманның тұрақты бақылауын  талап ететін стационардағы науқаста мүшелер және жүйелер тарапынан ауыр бұзылулар, полиорганды жеткіліксіздік және т.б.) бейіндік бөлішеге ауыстырылады.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары.
·          өмір жағдайын жақсарту;
·          зертханалық көрсетілімдерді қалпына келтіру;
·          функционалды көрсетілімдерді жақсарту (бронхо-обструктивті синдромды тоқтату, ауыру синдромы, гемодинамиканы тұрақтандыру және т.б.);
·          этиологиялық факторды анықтау – еңбек міндеттерін орындаумен ауру байланысын сараптау (бірінші, қайталама сараптама өткізу).


Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР: консервативті емдеу

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: Асқыну, аурудың  прогрестелуі, аурудың мамандықпен байланысын сараптау және МӘСК куәландыру алдында денсаулық жағдайын бағалау.
 
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: Зат (фосфор құрайтын) теріге түскенде күю бөлімшесіне жатқызу көрсетілген.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Г.А. Кулкыбаев Руководство для врачей «Профессиональные заболевания» 2005г. 2) В. Г. Артамонова, Н. А. Мухин «Профессиональные болезни», 2006г. 3) Н.Ф. Измерова Руководство по профессиональным заболеваниям, 2015 г. 4) Стандарты диагностики и лечения больных с профессиональными заболеваниями, часть II, ФБУН Уфимский НИИ медицины труда и экологии человека, 2012г. 5) Е.А. Лужников, Ю.Н. Остапенко, Г.Н. Суходулова «Неотложные состояния при острых отравлениях», 2001г. 7) Т.Ш. Шарманов, А.А. Мамырбаев «Токсикология фосфора, фтора и их неорганических соединений (защитная роль пищи)», 1992г. 8) Г.Н. Ужегов «Острые отравления», 2001г. 9) Е.А. Лужников «Неотложная терапия острых отравлений и энотоксикозов», 2011г. 10) М.Д. Машковский «Лекарственные средства», 2004г. 11) А.Л. Костюченко «Эфферентная терапия», 2003г. 12) Ш.Т. Байзолданова «Руководство по токсикологической химии ядовитых веществ изолируемых методом экстракции», 2003г. 13) Mamyrbayev A.A. Toxicology of phosphorus, fluorine and their inorganic compounds, 2015г. 14) Journal of Toxicology, Clinical Toxicology, Volume 38-41, 2008г. 15) Jamal F, Haque SQ, Singh S. Impact of pesticides on liver and kidney functions in professional Sprayers rural Malihabad, Lucknow (India). 2016г. 16) Maryam A. Aluminums phosphide poisoning and ignition in a court case. Topical 2: 2015. 17) Information notices on occupational diseases: a guide to diagnosis // European Commission, 2009, 282 с. 18) International Labour Office (ILO). List of Occupational Diseases (revised 2010), Geneva, International Labour Office, Geneva, 8 с. 19) «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10987 болып тіркелді. 20) «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы 21) Руководство Р 2.2.013-94 "Гигиенические критерии оценки условий труда по показателям вредности и опасности факторов производственной среды, тяжести и напряженности трудового процесса" (утв. Первым заместителем Председателя Госкомсанэпиднадзора РФ - Заместителем Главного государственного санитарного врача 12 июля 1994 г.) – 45 с. 22) «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы; 23) «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығы; 24) «Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» (бұдан әрі бұйрық №374) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374 бұйрығы; 25) «Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеумттік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығы; 26) «Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығы; 27) Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система). Выпуск XI. — М.: «Эхо», 2010.— 944 с.; 28) Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына 25-қосымша; 29) Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығы. 30) Interventions for treating phosphorus burns http://onlinelibrary.wiley.com/doi/10.1002/14651858.CD008805.pub3/full

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)  Аманбекова Айгүл Үкенқызы – медицина ғылымдарының докторы,  профессор,  клиникалық жұмыс бойынша директордың орынбасары, ҚР ДСМ бас штаттан тыс профпатологы, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК, Республикалық профпатологтар ассоциациясының төрағасы.
2)  Асқаров Қуандық Аққалұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры, ОҚО ДБ бас штаттан тыс профпатологы.
3)  Отарбаева Марал Балтабайқызы – медицина ғылымдарының докторы, доцент, Республикалық профпатологтар ассоциациясының хатшысы.
4)  Бойко Любовь Александровна – ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК кәсіби терапия бөлімшесінің меңгерушісі.
5)  Ибраева Айнагүл Серікқызы – дәрігер-профпатолог, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК.
6)  Кранина Елена Николаевна – ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің дәрігер-рентгенологы.
7)  Сейтахметова Рахат Нұралықызы – ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК дәрігер-стоматологы.
8)  Юхневич Екатерина Александровна – клиникалық фармаколог, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, клиникалық фармакология кафедрасы доцентінің м.а.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1) Жанәділов Шайзында – Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дипломнан кейінгі білім беру факультетінің ішкі аурулар және жедел көмек кафедрасының профессоры.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх