Төмен тығыздықтағы липидтерді экстракорпоралдық алып тастау

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Нарушения обмена липопротеидов неуточненные (E78.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
 №9 хаттама


 
Төмен тығыздықтағы липидтерді экстракорпоралдық алып тастау (Төмен тығыздықтағы липидтердің аферезі) – атеросклерозбен аурудың негізгі себебі болып табылатын төмен тығыздықтағы липопротеидтерді (ТТЛ) аппараттық алып тастау әдісі.  Әдіс каскадты плазмалық сүзгілеу, липопреципитациялар және плазмасорбциялар тетігі бойынша негізделген. Бұл ретте, гепарин және әртүрлі рН мәні пайдаланылады, оның нәтижесінде қан плазмасында төмен тығыздықтағы липопротеидтердің селективті шөгуі болады, ол мембраналық сүзгілеумен жойылады, ал плазма гепариннен тазарады және пациенттің қанына қайта оралады. Әдебиетте HELP терапия [1,2] термині жиі кездеседі.

Хаттама атауы: Төмен тығыздықтағы липидтерді экстракорпоралдық алып тастау
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 код(тар)ы:
E78.0 Таза гиперхолестеринемия
Отбасылық гиперхолестеринемия
Фредриксон гиперлипопротеинемиясы, ІІа типі
Гиперлипидемия, А тобы
Гипер-бета-лопопротеинемия
Төмен тығыздықтағы липопротеинді гиперлипопротеинемия

E78.1 Таза гиперглицеридемия
Эндогендік гиперглицеридемия
Фредриксон гиперлипопротеинемиясы, ІV типі
Гиперлипидемия, В тобы
Гиперпре-бета-липопротеинемия
Өте төмен тығыздықтағы липопротеинді гиперлипопротеинемия

E78.2 Аралас гиперлипидемия
Ауқымды немесе қалқыған β-липопротеинемия
Фредриксон гиперлипопротеинемиясы, ІІb немесе ІІІ типтері
Пре-бета-липопротеинемия қабаттасқан гипербеталипопротеинемия
Эндогенді гипеглицеридемия қабаттасқан гиперхолестеринемия
Гиперлипидемия, С тобы
Тубоэруптивті ксантома
Туберозды ксантома

E78.3 Гиперхиломикронемия
Фредриксон гиперлипопротеинемиясы, І немесе V типтері
Гиперлипидемия, D тобы
Аралас гиперглицеридемия

E78.4 Басқа гиперлипидемиялар
Отбасылық құрамалас гиперлипидемия

E78.5 Анықталмаған гиперлипидемия

E78.6 Липопротеиндер жеткіліксіздігі
А-бета-липопротеинемия
Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер жеткіліксіздігі
Гипо-альфа-липопротеинемия
Гипо-бета-липопротеинемия (отбасылық)
Лецитинхолестеринацилтрансфераза жеткіліксіздігі
Танжер ауруы

E78.8 Липопротеиндер алмасуының басқа да бұзылулары

E78.9 Липопротеиндер алмасуының анықталмаған бұзылулары
I 70.2 Қол-аяқ артерияларының атеросклерозы
I70.8 Басқа артериялардың атеросклерозы
I70.9 Кең таралған жəне анықталмаған атеросклерозы
I73.9 Шеткі тамырлардың анықталмаған ауруы
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар
HELP – Heparin-induced Extracorporeal Lipoprotein Precipitation (Гепарин – Липопротеидтердің индуцияланған экстракорпоралды преципитациясы)
АЛТ– аланинтрансаминаза
АСТ– аспартаттрансаминаза
БІТУ – белсендендірілген ішінара тромбопластинді уақыт
АИТВ –  адамның иммун тапшылығы вирусы
КБҒҚ – кардиологтердің бүкілресейлік ғылыми қоғамдастығы
ДДҰ – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ГЛП – гиперлипопротеинемия
ГТГ – гипертриглицеридемия
ГХС – гиперхолестеринемия
БІР – бірлік
ЖИА – жүректің ишемиялық ауруы
ИФА – иммуноферментті анализ
ИС – иммуносорбция
ЖТЛП – жоғары тығыздықтағы липопротеид
ТТЛП – төмен тығыздықтағы липопротеид
ӨТТЛП – өте төмен тығыздықтағы липопротеид
ХНҚ – халықаралық нормаланған қатынастар
ЖНА – жалпы несеп анализі
ПУ – протромбин уақыты
ОГХ – отбасылық гиперхолестеринемия
СРН – С–реактивті нәруызы
ТУ – тромбин уақыт
ТГ – триглицеридтер
ХМ – хиломикрондар
ХС – холестерин
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: Дәрі-дәрмектік терапияға резистентті гиперхолестеринемиясы және дислипидемиясы бар пациенттер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: кардиологтер, нефрологтер, эндокринологтер, терапевтер. 

Жіктемесі


Липидтерді экстракорпоралдық алып тастау әдістерінің түрлері:

Әдісі бойынша Анықтама
1. ИС (иммуносорбция) немесеТТЛП афарезі Емшара иммуносорбциялар әдісіне негізделген. Плазма пациент плазмасынан ТТЛП, сондай-ақ ЛП-ны жоятын, бұл ретте плазмада организмге қажетті компоненттерді: нәруыздарды, ферменттерді, гормондарды, витаминдерді, ТТЛП-ны сақтай отырып, екі селективті иммуносорбциялық колонкалар арқылы кезек-кезек ағады.
2. Каскадты плазмалық сүзгілеу Құрамында ТТЛП, ЛП, триглицеридтер, фибриноген және эритроциттермен бірге пациенттерге қайта оралатын ЖТЛП, IgG қоса алғанда шағын көлемдегі қан плазмасының барлық қалған компоненттерін қамтитын концентратқа бөліне отырып, одан кейін плазмалық сүзгі арқылы ағатын плазманы сепараторда бөлу жолымен орындалады.
3. ТТЛП гепаринмен преципитациясы (HELP) Әдіс гепарин қасиетіне негізделген, белгілі бір жағдайларда липидтерді және липопротеиндерді, фибриногенді, СРН және бірқатар басқа да биохимиялық өлшемдерді орнықтырады. Емдеудің бұл түрі бүкіл әлемде кеңінен таралған және Еуропаның, Азияның және Американың 125 орталығында қолданылады.
4. ТТЛП-ның декстран-сульфат (ДС) целлюлозасындағы аферезі Әдіс декстран - сульфатты сорбент арқылы ағатын қан плазмасынан ТТЛП, ӨТТЛП және ЛП алып тастауға мүмкіндік береді.
5. ТТЛП-ның қаннан (DALI)  тікелей адсорбциясы Қан экстракорпоралды контурмен ХС ЖТЛП мен фибриногеннің деңгейін өлшеусіз олардың концентрациясын орташа 60–70% -ға келтіре отырып, ХС ТТЛП-ны ЛП-мен байланыстыратын сорбент арқылы ағады.
 

Қандағы липидті бейіннің ATP-III (2001) бойынша көрсеткіштерінің градациясы


Көрсеткіш Нәтижелерді талдау
Жалпы холестерин мг/дл (ммоль/л)
< 200 (5,17) Қалаулы құрам
200-239 (5,17 – 6,18) Шекті мәндер
≥ 240 (6,20) Жоғары құрам
ТТЛП мг/дл (ммоль/л)
< 100 (2,58) Оңтайлы құрам
100–129 (2,58–3,33) Шекті мәндер
130–159 (3,36–4,11) Қалыпты мәндерден жоғары
160–189 (4,13–4,88) Жоғары құрам
≥ 190 (4,91) Өте жоғары
ЖТЛП мг/дл (ммоль/л)
< 40 (1,03) Төмен құрам
≥ 60 (1,55) Жоғары құрам
Триглицеридтер мг/дл (ммоль/л)
< 150 Қалаулы құрам
150–199 (1,695–2,249) Қалыпты мәндерден жоғары
 
ATP-III (Adult Treatment Panel – ATP-III) АҚШ-тың холестерин бойынша ұлттық білім беру бағдарламасы. Дислипидемиялар, гиперлипопротеинемиялар және гиперлипидемиялар дербес болып табылмайды, ол жүрек-қантамыр ауруларының негізгі клиникалық диагнозына енгізілуі тиіс.

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Негізгі диагностикалық іс-шаралардың тізбесі
• жалпы қан анализі (6 параметр);
• қан сарысуының липидті бейіні (жалпы холестерин, ТТЛП, ЖТЛП, ТГ);
• Коагулограмма (ХНҚ, ПУ, фибриноген, БІТУ, ТУ);
• жалпы нәруызды анықтау;
• АлТ-ны анықтау;
• АсТ-ны анықтау;
• В және С гепатитіне ИФА;
• Қанды АИТВ-ға зерттеу:
• Вассерман реакциясы.
 
Қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:
• Қантамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы;
• ЭКГ;
• СРН, альбуминдер, креатинин, несепнәр, қан электролиттері (калий, натрий, кальций), қанның қышқылды-сілтілі жағдайы (қан газдары, ҚСЖ).
• Липопротеин а (Апо Липопротеин) 

Емдеу тактикасы


Емшараларды/араласуларды жүргізу мақсаты: Аталған терапияның мақсаты холестериннің жалпы орташаланған деңгейін 45-55%-ға, ТТЛП 40-60%-ға, ЛП (А) 40-60%-ға төмендетуден тұрады.

Емшараларға/араласуларға көрсетімдер және қарсы көрсетімдер:

Емшараларға/араласуларға көрсетімдер: Төмен тығыздықтағы липидтерді экстракорпоралдық алып тастау емшарасын жүргізуге көрсетім (LDL apheresis) 2013 жылы шығарылған Америка аферез қауымдастығының нұсқауына сәйкес айқындалады (ASFA-2013) [4]

Америка аферез қауымдастығының нұсқауына сәйкес терапиялық плазмаферезге көрсетімдер санаттары (ASFA-2013)

Санат Сипаттама
I Плазмаферез терапияның бірінші желісі ретінде не жеке емдеу әдісі ретінде немесе емдеудің басқа да түрлерімен үйлесімділікте қолданылатын ауру.
II Плазмаферез терапияның екінші желісі ретінде не жеке емдеу әдісі ретінде немесе емдеудің басқа да түрлерімен үйлесімділікте қолданылатын ауру.
III Плазмаферездің емдеу үшін оңтайлы рөлі белгіленген жоқ. Шешім қабылдау жеке-дара болуы тиіс.
IV Плазмаферезді қолдану тиімсіз немесе жарияланған деректерге сәйкес зиянды деп дәлелденген ауру. Алайда, ұйымның сараптама кеңесі бұл жағдайларда плазмаферезді қолданған жөн деп санайды.
 
Guyatt  және әріптестер қабылдаған ұсынымның градациясы [5].

Ұсыным Сипаттама Растайтын құжаттардың әдіснамалық сапасы Ескертпе
1A  класс Күшті ұсыным, дәлелдің жоғары сапасы Маңызды шектеулерсіз РКЗ немесе қадағаланатын зерттеулерден алынған талқылауға жатпайтын дәлелдер. Күшті ұсыным, көптеген пациенттер үшін көбіне сөзсіз қолдануға болады
 
1В класс Күшті ұсыным, дәлелдің орташа сапасы Маңызды шектеулері бар (Қарама-қайшы нәтижелер, әдіснамалық кемшіліктер, жанама немесе нақты емес) РКЗ немесе қадағаланатын зерттеулерден алынған ерекше сенімді дәлелдер Күшті ұсыным, көптеген пациенттер көп жағдайларда сөзсіз жүгіне алады
 
1С класс Күшті ұсыным, дәлелдің сапасыздығы немесе өте төмен сапасы Қадағаланатын  зерттеулер немесе жағдайлар сериясы Күшті ұсыным, бірақ дәлелдің анағұрлым жоғары сапасы қолжетімді бола бастағанда өзгерте алады
 
2A класс Әлсіз ұсыным, дәлелдің жоғары сапасы Маңызды шектеулерсіз РКЗ немесе қадағаланатын зерттеулерден алынған талқылауға жатпайтын дәлелдер. Әлсіз ұсыным, үздік әрекеттер жағдайларға немесе patients'or қоғамдық құндылықтарға қарай ерекшеленуі мүмкін
2B класс Әлсіз ұсыным, дәлелдің қалыпты сапасы Маңызды шектеулері бар (Қарама-қайшы нәтижелер, әдіснамалық кемшіліктер, жанама немесе нақты емес) РКИ немесе қадағаланатын зерттеулерден алынған ерекше сенімді дәлелдер Әлсіз ұсыным, үздік әрекеттер жағдайларға немесе пациенттерге немесе қоғамдық құндылықтарға қарай  ерекшеленуі мүмкін
 
Төмен тығыздықтағы липидтерді экстракорпоралдық алып тастау емшарасын жүргізуге көрсетім (LDL apheresis)

Аурудың атауы Аурудың жағдайы Санат Класс
Отбасылық гиперхолестеринемия Гомозиготная Гетерозиготная III 1A 1A
Липопротеин (а) гиперлипопротеинемия ----- II 1B
Перифериялық қантамырлар аурулары ----- III
 
Жүргізуге арналған мынадай көрсеткіштерді FDA (Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитариялық қадағалау жөніндегі Америка басқармасы) мақұлдады:
1. ТТЛП бар функциялық гомозиготтар > 13 ммоль/л
2. диагностикалық жүрек-қантамыр аурулары жоқ, бірақ ТТЛП бар функциялық гомозиготтар > 7,77 ммоль/л
3. диагностикаланған жүрек-қантамыр аурулары және ТТЛП бар функциялық гомозиготтар > 5,18 ммоль/л.
 
ОГХ жөніндегі халықаралық сараптама тобының көрсеткіші (Испания):
1. ОГХ гомозиготтарды және ең жоғары медициналық араласуға қарамастан ТТЛП > 4,2 ммоль/л болатын немесе < 40%-ға төмендейтін жүректің ишемиялық аурулары симптомдары бар гетерозиготтарды қамтиды.
 
Неміс федералды дәрігерлер комитетінің және медициналық сақтандыру қорларының критерийлері:
1. ОГХ гомозиготтарды және ең жоғары емдәм мен дәрі-дәрмектік емдеу 1 жылдан астам холестеринді жеткілікті дәрежеде төмендетуге көмектеспеген ауыр гиперхолестеринемияны қамтиды.  
 
HEART-UK (Ұлыбритания) критерийлері:
1. дәрі-дәрмектік еммен ТТЛП < 50% және/немесе > 9 ммоль/л-ға төмендеген ОГХ гомозиготтарды;
                              
2. ОГХ гомозиготтарды және ЖИБ ушығуының және ТТЛП > 5,0 ммоль/л объективті белгілерімен расталған немесе дәрі-дәрмектік емге < 40%-ға азаятын генетикалық орналасуын;
3. ушығатын ЖИБ-ты, ауыр гиперхолестеренемияны және дәрі-дәрмектік емге қарамастан ТТЛП жоғары болып қалатын ЛП (а) > 3,3 ммоль/л қамтиды.
 
Еуропа атеросклероз қоғамдастығының критерийлері:
1. кемінде 2,77 ммоль/л ЛП (а) деңгейіне қол жеткізу мүмкін емес.
Сондай-ақ, емді ОГХ жоқ, бірақ дәстүрлі терапияға сай келмейтін немесе оны бастан өткермейтін өте жоғары ТТЛП немесе ЛП (а) бар пациенттер ала алады. Жүктілік кезінде ОГХ бар адамдарда ТТЛП деңгейі қиын деңгейге көтерілуі мүмкін, ол жатыр-планцеталы қанқамтымды қиын жағдайға ұшыратуы мүмкін. Жапонияда денсаулық сақтау министрлігі Фонтена II және одан жоғары жіктемесі бойынша (2-сатыдағы және одан жоғары орналасатын хроматома) перифериялық қантамыр аурулары кезінде (кемінде 8 аптада 10 емшара) немесе хирургиялық ем қолжетімсіз болғанда немесе дәстүрлі терапия тиімді болып табылмаса LDL аферезін қолдануды бекітті.
 
Емшараларға/араласуларға қарсы көрсетімдер:
• Экстракорпоралдық қанайналымға төзбеу;
• Салмағы кемінде 20 кг болатын пациенттер (балалар);
• Қанағыштық немесе гепаринді пайдаланудың мүмкін болмауы;
• Емшара компоненттеріне аллергия;
• Гемодинамиканың айқын бұзылулары, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, ауыр аритмия, қолқа аневризмасы, декомпенсацияланған жүрек ақаулары.

Емшараны/араласуды жүргізуге қойылатын талаптар: Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.
 
Емшараны жүргізуге пациентті дайындауға қойылатын талаптар:
НЕLP емшарасы стационар жағдайында техникалық қауіпсіздікті және санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып жүргізіледі. Перифериялық қантамырлар жеткіліксіз болған кезде орталық веналық катетер орнатылады, бұл ретте пациенттен хабардар етілген келісім алынады.                                  HELP терапиясына арналған шығыс материалдарына қойылатын талаптар: 1 H.E.L.P. Futura жиынтығы: веналық магистрльмен, плазма-буфер магистралімен, фильтрат магистралімен, біріктіргіш магистральмен, пысықталған диализат магистралімен және реинфузия магистралімен жинақталған картридж;
• Haemoselect M 0.3 плазма-фильтрі;
• преципитаттың H.E.L.P. фильтрі;
• H.E.L.P. гепаринді адсорбер;
• H.E.L.P. ультрасүзгі SMC 1.8;
• жууға арналған 5 литрлік 1 бос пакет;
• 1 артериялық магистраль;
• 1 диализат магистралі;
• диализатқа арналған 7 литрлік 3 бос пакет.
 
Ерітінділер:
• 1 х 3литр H.E.L.P. ацетатты буфер (рН 4.85);
• 1 х 30мл H.E.L.P. натрий гепарині (300 000 ЕД);
• 2 х 3литр H.E.L.P. 0.9% натрий хлорид ерітіндісі;
• 3 х 5литр H.E.L.P. BiEl плазма-диализге арналған бикарбонат ерітіндісі;
• 1 х 2литр H.E.L.P. 0.9% екі камералы пакеттегі натрий хлориді ерітіндісі.
 
Емшара жүргізу әдістемесі: Қантамырлық қолжетімділік мақсатында екі қолдың кубиталды веналары (қан алу және кері қайтару үшін) пайдаланылады. Перифериялық қантамырлар жеткіліксіз болған кезде орталық веналық катетер орнатылады. Емшараға дейін және сол уақытта, сондай-ақ емшараны орындағаннан кейін пациенттің физикалық өлшемдері (артериялық қысымы, жүректің жиырылу жиілігі, дене қызуы, жалпы жағдайы) бақыланады. Төмен тығыздықтағы липидтерді экстракорпоралдық алып тастау (HELP терапия) мынадай тәсілмен Plasmat Futura аппаратында жүзеге асырылады:

1. Қан пациенттің перифериялық венасынан жасушаға және плазмаға бөліне отырып, минутына 50–75 мл жылдамдықпен ауданы 0,2 м2 болатын плазмалық сүзгіге құйылады. Пішінді элементтер сол мезетте басқа перифериялық венаға қайта оралады, ал плазма pH 4,85 және минутына 20–25 мл жылдамдықпен 100 ЕД/мл гепарині бар натрий ацетатының дұрыс көлемімен араласып, арнайы сүзгіге құйылады.
2. pH 5,12 кезінде сүзгіде ТТЛП, Лп (а) және фиброгеннің преципитациясы болады және олар қан плазмасынан жойылады.
3. Одан әрі қан плазмасы минутына 50 мл жылдамдықпен буфермен бірге гепариннің арнайы адсорберіне құйылады, онда қалған гепаринді жою жүреді.
4. Адсорберден кейін қан плазмасы бикорбанатты диализге және минутына 25 мл жылдамдықпен гемодиасүзгіде ультрасүзгілеуге ұшырайды. Нәтижесінде pH физиологиялық мәні, плазма көлемі қалпына келеді, натрий ацетаты жойылады. Қан плазмасы пациентке қайта келеді.
5. Бір емшара кезінде пациент плазмасының шамамен 3 литрі өңделеді

 
Жаңа операциялық араласулар мен манипуляцияларды енгізудің жалпы схемасы (1-сурет).



Суретке ескертпе -1: Plasma volume – плазма көлемі, PA – қан жинаудың артериялық қысымы, BP – қан сорғысы, BPE – сүзгі алдындағы қысым, TMP – трансмембраналы қысым, Plasmafilter – плазма сүзгі, PBP – плазма сорғысы, PPF – преципитат сүзгісінің қысымы, PDPA – преципитат/адсорбер қысымы, Filter precipitate – преципитат сүзгісі, AIR – ауа қақпаны, HELP Adsorber – гепаринді адсорбер, PDF – диализ сүзгісінің қысымы, HELP Ultrafilter – диализді ультрасүзгі, PDI – диализаттың кіріс қысымы,  DP – диализат сорғысы, Fluid weight – сұйықтық көлемі, PRP – плазманы қайтару сорғысы, PV – қан қайтарымның веналық қысымы, Balance – баланс.
Аппаратты дайындауды, өлшемдерді орнатуды, H.E.L.P. терапияларын, емшараны бастауды, емшараны аяқтауды және реинфузияны Plasmat Futura (бағдарламалық жасақтаманың 2.4-нұсқасы) нұсқаулығына сәйкес дәрігер жүргізеді. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Рекомендации Federal Committee of Physicians and Health Insurance Funds (Германия); Food and Drug Administration (FDA, США); Proposed Heart-UK Criteria for Apheresis (Англия); (http://www.springermedizin.de/spmblob/3034320/pdfPrintArticle/lipid-apheresis-techniques-current-status-in-germany.pdf); (http://heartuk.org.uk/files/uploads/documents/Apheresis_Paper_-_Final_Agreed_version.pdf); 2. Проект рекомендаций ВНОК по диагностике и коррекции нарушений липидного обмена с целью профилактики и лечения атеросклероза. Диагностика и коррекция нарушений липидного обмена с целью профилактики и лечения атеросклероза (IV пересмотр). Экстракорпоральные методы лечения дислипидемий (Г.А. Коновалов, В.В. Кухарчук, С.Н. Покровский). (http://www.cardiosite.info/rdr/files/articles/6284/1237293503421.pdf); 3. Мітченко О.І., Лутай М.І. Дисліпідемії: Діагностика, профілактика та лікування. – К.: Четверта хвиля, 2007. – 56 с. (http://zdorovoeserdtse.ru/Публикации/klassifikaziya-dislipidemii/) 4. Schwartz, Joseph, et al. "Guidelines on the Use of Therapeutic Apheresis in Clinical Practice—Evidence‐Bas Society for Apheresis: The Sixth Special Issue." Journal of clinical apheresis 28.3 (2013): 145-284. 5. Guyatt G, Gutterman D, Baumann MH, Addrizzo-Harris D, Hylek EM, Phillips B, Raskob G, Lewis SZ, Schunemann H. Grading strength of recommendations and quality of evidence in clinical guidelines: report from an American college of chest physicians task force. Chest 2006;129:174–181.

Ақпарат


Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1) Туғанбекова Салтанат Кеңесқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас нефрологі.
2) Гайпов Әбдіжаппар Еркінұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, экстракорпоралдық гемотүзету бөлімінің басшысы, нефролог дәрігер.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: мүдделер қақтығысы жоқ.
 
Рецензенттер: Бекішев Болат Егінбайұлы – «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ экстракорпоралдық гемотүзету зертханасы бөлімінің басшысы, жоғары санатты нефролог дәрігер, м.ғ.к.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе дәлелділіктің неғұрлым жоғары деңгейі бар диагностикалаудың және/немесе емдеудің жаңа әдістері пайда болған кезде қайта қарау. 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх