Войти

Тізе буынын ревизиялық эндопротездеу

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Длинных костей нижней конечности (C40.2), Длинных костей нижней конечности (D16.2), Инфекция и воспалительная реакция, обусловленные эндопротезированием (T84.5), Осложнение механического происхождения, связанное с внутренним суставным протезом (T84.0)
Травматология и ортопедия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «25» мамырдағы
№ 22 хаттамасымен мақұлданған

Тізе буынын ревизиялық эндопротездеу – импалантамен байланысты инфекциялық асқынулар немесе эндопротез компоненттерінің сынулары немесе тозуы нәтижесінде бұрын орнатылған эндопротезді қайтадан ауыстыру.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары)

АХЖ-10
Коды Атауы
Т84.0 ішкі буындық протезбен байланысты механикалық туындауды асқынуы
 
Т84.5 эндопротездеумен шарттастырылған инфекция және қабыну реакциясы
С40.2 аяқтың ұзын сүйектерінің қатерлі жаңа ісіктері;
 
D16.2 аяқтың ұзын сүйектерінің қатерсіз жаңа түзілімдері
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2013 жыл (2017 ж қайта қаралған).
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:

АЛТ аланинаминотрансфераза
АСТ аспартатаминотрансфераза
ХНҚ Халықаралық нормаланған қатынас
ҚЖА Қанның жалпы анализі
ЗЖА Зәрдің жалпы анализі
ПТИ Протромбалы индекс
ІНФ-α Ісік некрозы факторы -альфа
ЭКГ электрокардиограмма
 
Хаттаманы пайдаланушылар: травматолог-ортопедтер.

Пациенттердің санаты: ересек ададмар 

Жіктемесі


Клиникалық жіктеме:

тізе буынының эндопротезігің тұрақсыздығы көптеген факторлар салдарынан туындайды: инфекцияның қосылуы, эндпротезді көпжылдық пайдаланудан кейін дебридментты түзу нәтижесінде науқастың ортопедиялық режимінің бұзылуы.

Тізе буынын ревизиялық эндопротездеудің күрделі мәселесі инфекциялық процесте немее протездің асептикалық шайқалуында, остелиоз нәтижесінде туындайтын сан және үлкен асықты сүйектердің ақауын толықтыру болып табылады. Сүйек салмағының жеткіліксіздігі эндопротез құрылымын мұқият таңдау және ревизиялық операцияда жұмсақ тіндердің теңгерімін қалпына келтіру, түзілген ақауларды ауыстыру тәсілі туралы мәселені шешуді талап етеді. Авторлар  тізе буынын эндопротездеуде AORI (Anderson Orthopaedic Research Institute, АҚШ) ақаулар жіктеуін пайдаланады.

Оған сәйкес сан немесе үлкен асықты сүйектердің зақымдануының үш типін белгілейді:
1-тип – бүлінбеген сүйек,
2-тип – зақымданған сүйек және
3-тип – сүйек жеткіліксіздігі.

1-тип – бүлінбеген сүйек (F1 және Т1) – буынды желінің қалыпты деңгейімен, метафиздің кортикальды және кеуекті сүйегінің сақталуымен жәее салыстырмалы қалыпты сүйек құрылымымен сипатталады. Ревизиялық операция барысынла сүйек зақымдануларының осы типінде сақталған кемік сүйек  эндопротездің бастапқы, сондай-ақ ревизиялық компоненттерінің тірегі ретінде қызмет етуі мүмкін. Кішігірім сүйек ақауларын цементпен немесе сүйек алло және ауто үгіндісімен толтырамыз. Стандартты эндопротезді импланттау немесе ревизиялық үлгіні пайдалану қажеттілігі туралы шешім тізе буынының коллатеральдық байламдарының жағдайын ескерумен қабылданады.

2-тип – зақымданған сүйек – буын жігінің талап етілетін деңгейі қалпына келтірілмейтін толықтырусыз кемік және кортикалды сүйек салмағының жойылуымен сипатталады. Эндопотез компоненттерінің бұрыштық жылжуы әдетте бір айдаршықтың ақауына әкеледі (F2A немесе Т2А), қарамақарсы айдаршық сүйегі немесе жоны өзгеріссіз қалады. Сүйек салмағының симметриялық жоғалуы және екі айдаршықты немесе жонды қатыстыру F2B және Т2В  ақаулары ретінде белгіленеді. Санды және үлкен асықты сүйектер ақауларын толықтыру үшін ревизиялық операция барысында  ауто- және аллотрансплантаттар, модульдік блоктар немесе сыналар, феморальды және тибиальды метафизарлық төлкелер қолданылады.

3-тип – сүйек жеткіліксіздігі (F3 және Т3) – сүйек тірегінің болмауынан эндопротездердің стандартты модельдерін пайдалану мүмкін еместігіне әкелетін кеуекті және кортикальды сүйек салмағының айқын жойылуымен сипатталады. Ревизиялық операция  сан немесе үлкен асықты сүйектердің зақымдануларының үшінші типінде феморальды және тибиальды метафизарлық төлкелермен немесе массивтік құрылымдық аллотранспланттармен сүйектің ақауларын толықтыруда және шарнирлі импланттарды пайдалануда ғана мүмкін.

Осындай асқынуларды оперативтік емдеу тактикасы әр түрлі, әр нақты жағдайда жеке таңдалады. Ортопедтердің дүниежүзілік тәжірибесінде осы мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған.

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Негізгі диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

:
·               ҚЖА;
·               ЗЖА;
·               қан тобы және резус фактор;
·               коагулограмма (ПТИ, фибриноген);
·               қан глюкзозасы;
·               электрокардиография.
·               2 проекцияда буынды рентгенологиялық тексеру;

Қосымша диагностикалық іс-шаралар тізбесі:
·               қанның биохимиялық талдауы (жалпы билирубин АЛаТ, АСаТ, несепағар, креатинин, жалпы ақуыз, С реактивті ақуыз);
·               толық коагулограмма;
·               жамбас сан буыны пунктаты микробты және цитологиялық құрамын анықтау (антибиотиктерге сезімталдықпен);
·               синовиалды сұйықтағы дефенсин және лейкоцитарлы эстераздың экспресс диагностикасы;
·               аяқ буындары допплерографиясы;
·               тізе буыны компьютерлік томографиясы;
·               тізе буынын радиоизотопты зерттеу;
·               сүйек метаболизмі таңбалары (остеокальцин, дезоксипиридинолин);
·               сүйек тіні денситометриясы;
·               емдеу сызбалары және қажетті қосымша зерттеулерді көрсетумен қосалқы патология болғанда салалық мамандарға кеңес беру.

Емдеу тактикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Ем-шараны/араласуды өткізу мақсаты: Операция жасалған буынның қозғалу және тірек функциясын қалпына келтіру мақсатымен жаңа имплантатқа бұрын орнатылған/алынып тасталған эндопротезді ауыстыру.

Ем-шара/араласуды өткізу үшін қарсы көрсетілімдер және көрсетілімдер:

Ем-шара/араласуды өткізу үшін көрсетілімдер:
·               бұрын орнатылған имплантаттың инфекциялық қабынуы;
·               тізе буынының асептикалық шайқалуы;
·               жеке капулалы-байламды құрылымдарының жарамыздығынан буынның тұрақсыздығы;
·               сан және/немесе үлкен асықты компоненттердің дұрыс емес кеңістікті бағдары;
·               компоненттердің механикалық зақымдануы;
·               айқын шектелген қозғалыстар және ауыру синдромы;
·               тізе тобығының, сан және асықты жіліктің компоненттерді бекітуді бұзумен  жарақатты және қатты сынулары;
 
Абсолютті қарсы көрсетілімдер:
·               дербес қозғалу мүмкін еместігі;
·               декомпенсация кезеңіндегі жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары;
·               асқыну кезеңіндегі тромбофлебит;
·               2-3 дәрежелі созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігімен сыртқы тыныс алу патологиясы;
·               тізе буыны аймағындағы қабыну процесі;
·               кез келген оқшаулы созылмалы және өткір инфекцияның санацияланбаған ошақтары;
·               ауырған сепсис;
·               оның неврологиялық зақымданулары болғанда тізе буыны бүгу аппаратының айқын  функционалдық жарамсыздығы;
·               айқын остеопения;
·               полиаллергия;
·               жақын отадан кейінгі кезеңде және ота барысында гемотрансфузиядан науқастың бас тартуы немесе абсолютті қарсы көрсетілімдердің болуы;
·               ота аяқ-қолының артериалды немесе тамырлы қан ағынын қайта өтеу жағдайы;
·               отадан кейінгі кезеңдегі бұзылулар және әр түрлі күйзелістер қаупін арттыратын психикалық /нейро бұлшықеттік күйзелістер.
 
Салыстырмалы қарсы көрсетілімдер:
·               онкологиялық аурулар;
·               созылмалы соматикалық аурулардың асқынуы /декомпенсация;
·               бауыр жеткіліксіздігі;
·               гормоналды остеопатия;
·               үш және одан да артық ревизияның анамнезде болуы;
·               қанның қойылу процестерінің бұзылуы;
·               бастапқы протездеу барысында қанағаттанбауда маңызды дене жүктемелеріне ұшыраған науқастардың жас жасы.

NB! Аталмыш мекемеде ревизиялық араласудың қажетті тәжірибесі және материалды-техникалық мүмкіндіктердің болмауы қарсы-көрсетілімдердің жеке түрі болып табылады.

Ем-шара/араласуды өткізуге қойылатын талаптар

Қауіпсіздік шаралары және эпидемияға қарсы режим:
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелеріне сәйкес.

Жабдықтауға қойылатын талаптар
«Травматологты-ортопедиялық көмекті көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 06 маусымдағы № 352 бұйрығына сәйкес.
 
Пациентті дайындауға қойылатын талаптар:
·               операциялық жолды дайындау;
·               операция күнінде тағамды қабылдауға тыйым салынады;
·               медициналық ұйымның ішкі бұйрықтарына сәйкес дайындау өткізіледі.
·               медициналық ұйым саясатына байланысты инфекция саясаты бойынша стационардың ішкі СОП сәйкес қазіргі антибактериады терапия міндетті.
·               NB! Басқа топтан антибактериалды препаратты таңдау микробиологиялық зерттеу нәтижесіне байланысты (бөлінген қоздырғыш). Қандай да бір препараттарға аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда әрі қарай аталмыш нозологияны емдеу хаттамаларын басшылыққа алады.
 
1-кесте. Медициналық араласу өткізілгенге дейін медикаментозды терапия

ХПА дәрілік құралы Дозалау Қолданылу ұзақтығы Дәлелділік деңгейі
  *Пери оперативтік антибиотикті профилактика
1 Цефазолин
 
Ересектерге 1-2 г в/в
 
Операцияға дейін бір рет 0,5-1 с. (егер операция 3 с. артық болса: қайтадан 4 с. кейін) В
  β-лактамды антибиотиктер аллергиясында
2 Ванкомицин
 
Ересек адамдарға: 1 г т/і
 
Тері қабаттарын кескенге дейін 2 сағатта 1 рет. Кемінде 10 мг/мин енгізіледі; инфузия ұзақтығы кемінде 60 мин болуы тиіс. А
  Тромбоэмболикалық асқынулардың алдын алу
3 кальций надропарині Егер дене салмағы 70 кг аз болса, п/к 0,3 мл тәулігіне бір рет;
70 кг артық 0,6 мл п/к, тәулігіне бір рет
B
 
Операцияны өткізу әдістемесі:
·               операция жолын дайындау;
·               рұқсаттардың бірімен артротомия;
·               бүгу аппараты жарамдылығы, компоненттердің кеңістікті орналасуы, тұрақтылығын талдау;
·               жоспарланатын зерттеу үшін биоматериалды жинау (тіндер, жасушалар);
·               ол бар болса спейсорды жою;
·               механикалық зақымдануда, кеңістікті дұрыс емес орналасуда, перипротезді инфекция болғанда, оның асептикалық теңселуінде сан компонентін жою;
·               сан сүйегі ақауларын бағалау;
·               механикалық зақымдану, кеңістікті дұрыс емес орналасу, асептикалық теңселуде тибиалды компонентті жою;
·               тибиалды жон ақауларын бағалау;
·               орнатылатын ревизиялық имплантат типі туралы шешімді қабылдау;
·               өлшеу компонентімен сүйек ақауларын ауыстырумен үлкен сан жілікті сүйек жонын өңдеу және қалпына келтіру;
·               сынамалы компоненттермен бүгуде тізе буынын тұрақтандыру (сан компоненті мөлшерін анықтау, сан компоненті ротациясы, буын сызығының биіктігі, ақауларды ауыстыру);
·               ақаулар және осьті қалпына келтірумен бүгуде тізе буынын тұрақтандыру (сынамалы компоненттермен);
·               қажеттілігі болғанда бүйірлік-тізе үсті мүшеленуін қайта протездеу;
·               ревизиялық эндопротездеу компоненттерін түпкілікті орнату;
·               бүгу аппаратын қалпына келтіру;
·               буын функцияларын бағалау;
·               жараны тігу;
·               тізе буынының бақылау рентген тексеруі.
 
Тиімділік индикаторлары:
·               оталанған тізе буынының тірек және қозғалу функцияларын қалпына келтіру;
·               ауыру синдромының болмауы немесе төмендеуі.


Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Александер Р. Биомеханика. Пер. с англ. - М.: Мир, 1970. - 339 с. 2) Zacher J, Gursche A: Diagnostik der Arthrose // Der OrthopadeN . 30. - 2001. - P. 841 - 847. 3) Sussenbach F: UnicondylareProthesen. MunsteranerStreitgesprache. NeuesinderKnieendoprothetik. SteinkopffVerlag (2003) 4-9 4) Steadman JR, RodkeyWG, Briggs KK, Rodrigo JJ: Die Technik der MikrofrakturierungzurBehandlung von komplettenKnorpeldefektenimKniegelenk, Der Orthopade 28 (1999) 26-32 5) McCallum JD 3rd, Scott RD. Duplication of medial erosion in unicompartmental knee arthroplasties. JBJS [Br] 1995; 77(5): 726-8. 6) Thermann H, Kilger R, Driessen A, Muller S: MinimalinvasiveTechnik der unicondylarenKnieathroplastik und kombiniertestabilisierendeEingriffe. MunsteranerStreitgesprache. NeuesinderKnieendoprothetik. SteinkoppfVerlag (2003) 24-31 7) Zacher J, Gursche A: Diagnostik der Arthrose, Der Orthopade 30 (2001) 841-847 8) Alibhai A, Saunders D, Johnston DW, et al. Total hip and knee replacement surgeries in Alberta utilization and associated outcomes. Healthc Manage Forum 2001; 14(2):25-32. 9) Berman AT, O'Brien JT, Israelite C. Use of the rotating hinge for salvage of the infected total knee arthroplasty // Orthopedics. - 1996, 19(1). - P. 73 - 76. 10) Steadman JR, RodkeyWG, Briggs KK, Rodrigo JJ: Die Technik der MikrofrakturierungzurBehandlung von komplettenKnorpeldefektenimKniegelenk, Der Orthopade 28. - 1999. - P. 26 - 32. 11) McCallum JD 3rd, Scott RD. Duplication of medial erosion in unicompartmental knee arthroplasties. JBJS [Br]. - 1995, 77(5). - P. 726 - 728. 12) Thermann H, Kilger R, Driessen A, Muller S: MinimalinvasiveTechnik der unicondylarenKnieathroplastik und kombiniertestabilisierendeEingriffe. MunsteranerStreitgesprache. NeuesinderKnieendoprothetik.: SteinkoppfVerlag, 2003. - P. 24 - 31. 13) A Prolonged Post-Operative Antibiotic Regimen Reduced the Rate of Prosthetic Joint Infection after Aseptic RevisionKnee Arthroplasty.Claret G1, TorneroE1, Martínez-Pastor JC1, PiazueloM1, MartínezJ1, Bosch J2, Mensa J2, Soriano A2. SurgInfect (Larchmt).2015 Dec;16(6):775-80. doi: 10.1089/sur.2015.044. Epub 2015 Aug 4. 14) Surgical site infection after primary hip and knee arthroplasty: a cohort study using a hospital database. Grammatico-GuillonL1, Baron S2, RossetP3, GaboritC2, Bernard L4, RuschE1, AstagneauP5. Infect Control HospEpidemiol. 2015 Oct;36(10):1198-207. doi: 10.1017/ice.2015.148. Epub 2015 Jul 8. 15) Debridement with prosthesis retention and antibiotherapy vs. two-stage revision for periprostheticknee infection within 3 months after arthroplasty: a case-control study. Lizaur-Utrilla A1, Gonzalez-ParreñoS2, Gil-GuillenV3, Lopez-PratsFA4. ClinMicrobiolInfect. 2015 Sep;21(9):851.e11-7. doi: 10.1016/j.cmi.2015.05.028. Epub 2015 Jun 4.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)           Төлеубаев Берік Еркебұланұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК травматология және ортопедия, жалпы хирургия кафедрасының профессоры;
2)           Белокобылов Алексей Александрович – медицина ғылымдарының кандидаты, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК эндопротездеу орталығының басшысы;
3)           Тезекбаев Қанат Марденұлы – Алматы қаласы бойынша ДБ бас штаттан тыс травматолог ортопеді, Алматы қ. № 4 ҚКА жарақат орталығының басшысы.
4)           Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы – «Астана медициналық университеті» АҚ Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог.

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер:
Дюсупов Ахметқали Зейнолдаұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖҒҰА мүше-корреспондент, Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінің Апаттар медицинасы кафедрасының меңгерушісі
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх