Туа біткен қуық-несепағар рефлюксі

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Врожденный пузырно-мочеточниково-почечный рефлюкс (Q62.7)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 


Туа біткен қуық-несепағар рефлюксі – қуық-үрпі сегменттің антирефлюкстік тетігінің туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылысымен байланысты туындаған, несептің қуықтан жоғарғы несеп жолдарына кері ағуы [1].
 
Хаттама атауы: Туа біткен қуық-несепағар рефлюксі

Хаттама коды:
 
АХЖ-10 код(тар)ы:
Q62.7 Туа біткен қуық-несепағар-бүйрек рефлюксі.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АЛТ – Аланинаминтрансфераза
АСТ – Аспартатаминтрансфераза
КТ – компъютерлік томография
МРТ – магнитті-резонанстық томография
ЖҚА – жалпы қан анализі
ЖНА – жалпы несеп анализі
ҚНР – қуық-несепағар рефлюксі
УДДГ – ультрадыбыстық доплерография
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
БФСЖ –бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі
ЭКГ – электрокардиорамма
РЭТ – рефлюксті эндоскопиялық түзету
Эхо КС – эхокардиоскопия
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.

Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар хирургтары мен балалар урологтары.
 
 

Жіктемесі


ҚНР клиникалық жіктемесі [1]:

ҚНР түрлері:
біржақты;
екіжақты;
жалғыз бүйрекке.

ҚНР нысандары:
белсенді;
пассивті.

ҚНР генезі бойынша:
туа біткен, (алғашқы);
жүре пайда болған (салдарлы).

Клиникалық ағымы бойынша:
тұрақты;
ұстамалы.

ҚНР деңгейі бойынша:
төмен ҚНР;
жоғары ҚНР.

Бүйрек қызметінің төмендеу дәрежесі бойынша:
I (бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесі 20-30% шегінде);
II (бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесі 30-60% шегінде);
III (бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесі 60%-дан көп шекте).

Асқынулар:
уретерогидронефроз;
жіті және созылмалы пиелонефрит;
артериялық (бүйректік) гипертония;
БФСЖ.
 

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
ЖҚА;
ЖНА;
Зимницкий сынамасы
қанның биохимиялық талдауы (креатинин, несепнәр);
бүйректің УДЗ.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау: жүргізілмейді.
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет зерттеп-қараудың ең аз тізбесі:
қан тобын анықтау;
резус-факторды анықтау;
ЖҚА;
ЖНА;
Қанның биохимиялық талдауы (креатинин, несепнәр);
бүйректің УДЗ;
қуықтың УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
ЖҚА;
ЖНА;
қанның биохимиялық талдауы (несепнәр, креатинин, жалпы ақуыз, АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, қан билирубині);
бүйректің УДЗ;
қуықтың УДЗ;
венаішілік урография;
микциялық цистография;
уретероцистоскопия.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
қанның биохимиялық талдауы (глюкоза);
морфологиялық қасиеттерін зерделей отырып, қоздырғышты және антибиотиктерге сезімталдықты сәйкестендіре отырып, қанды зарарсыздыққа зерттеу;
контарстық заттектер енгізумен бүйректің КТ;
бүйректің МРТ;
ЭКГ;
ЭХО КС;
құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ;
бүйрек тамырларының УДДГ;
қуық қысымын төменнен өлшеу (ретроградтық цистометрия).
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар және анамнез:

Шағымдар:
сирек немесе жиі дәрет сындыру, түнгі уақытта кіші дәретін жіберіп қою;
дене қызуының қайталанбалы «себепсіз» көтерілуі;
бел тұсындағы, іштегі дәрет сындырумен байланысты болатын ауырсынулар.
 
Анамнез:
дене қызуының этиологиясы белгісіз көтерілуі;
лоқсу, құсу қатар болатын/болмайтын, бел тұсындағы, іштегі ауырсынулар;
анамнездегі несеп инфекциясының эпизодтары.
 
Физикалық зерттеп-қарау:
бүйрек тұсындағы, микция кезіндегі ауырсынулар.
 
Зертханалық зерттеулер:
ЖҚА: лейкоцитоз, шапшаң ЭШЖ.
ЖНА: бактериурия, лейкоцитурия, эритроцитурия, протеинурия.
Қанның биохимиялық талдауы: креатининнің, несепнәрдің жоғарылауы (БСА дамуы кезінде). 
Аспаптық зерттеулер:
Бүйректің УДЗ – қуық толы болған кездегі тостағанша-түбекшелік жүйелер мен несепағардың проксималды бөлімдерінің кеңеюі (дилатациясы). Тостағаншалар контурының біртексіздігі және дәрет сындырғаннан кейінгі жоғары эхогендіктің белгілері, бүйрек ұлпасының (паренхимасының) жұқаруы.
Венаішілік урография: бүйректің қызметі сақталған, деструктивті өзгерістердің әртүрлі дәрежесімен пиелонефриттің белгілері немесе бүйректің сыртқа шығару қызметі төмендеген.
Микциялық цистография: бір немесе екі тараптан қуық-несепағар рефлюксінің болуы.
Уретроцистоскопия: үрпі қалпақшасының болуы, әртүрлі нысандағы созылмалы циститтің белгілері,  сағаларының әртүрлі дәрежедегі жеткіліксіздігі.
 
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
кардиологтың консультациясы – артериялық гипертензия, ЭКГ тарапынан бұзылыстар кезінде;
анестезиолог-реаниматологтың консультациясы – ерте жастағы балаларда бүйректің КТ, МРТ өткізер алдында орталық веналарды катетерлеуді жүргізу үшін;
соматикалық ілеспелі ауруларды жоққа шығару мақсатымен педиатрдың консультациясы.

Дифференциалды диагноз

ҚНР сараланған диагнозы:
 
1-кесте. ҚНР сараланған диагнозы
 

Белгісі Туа біткен ҚНР Обструктивті мегаүрпі
Аурудың басталуы Туылғаннан бері Туылғаннан бері, біртіндеп басталу
Ісінулер Жоқ Кейде, обструкция өрістеген кезде
Жасы Туылғаннан бері Туылғаннан бері
Артериялық қысым БФСЖ өрістеген кезіне тән Уродинамика бұзылыстарының дәрежесіне байланысты болады
Жалпы симптомдары Бірқалыпты Бірқалыпты
Физикалық дамуындағы кемістік Тән емес Тән емес
Жергілікті симптомдар Зәртұтылу (дизурия), түнгі уақытта кіші дәретін жіберіп қою Белдегі, бүйрек проекциясы тұсындағы ауырсынулар, бүйректің шаншып ауыруы
Зәртұтылу (дизурия) Қуықтың нейрогендік дисфункциясы болған кезде Несеп жолдарының инфекциясы кезінде
Лейкоцитурия тән бірқалыпты
Гематурия өткінші Көбіне тұрақты емес
Пастернацкий синдромы Біртіндеп өрістеумен Жиірек, біртіндеп өрістеумен
Бүйректің шоғырландыру қызметінің төмендеуі Кеш диагностикалау кезіне тән Негізгі ауру жойылған (емдеп жазылған) кезінде бүйректің қызметі қалпына келеді
Бүйректің УДЗ қуық толы болған кездегі тостағанша-түбекшелік жүйелер мен несепағардың проксималды бөлімдерінің кеңеюі (дилатациясы). Пиелонефриттің белгілері, тостағаншалар контурының біртегіс болмауы және дәрет сындырғаннан кейінгі жоғары эхогендіктің белгілері, бүйрек ұлпасының (паренхимасының) жұқаруы.
 
қуық толы болған және дәрет сындырғаннан кейінгі кездегі тостағанша-түбекшелік жүйелер мен несепағардың кеңеюі (дилатациясы), бүйрек көлемінің үлкеюі, бүйрек ұлпасының (паренхимасының) жұқаруы .
 
Венаішілік урография Пиелонефриттің белгілері,  бүйректің қызметі сақталған немесе төмендеген Әртүрлі дәрежедегі уродинамика бұзылысының белгілері
Цистография Қуық көлемі ұлғаюының белгілері, қуық пішінінің дұрыс болмауы және мойнының сіреспелілігі, әртүрлі дәрежедегі ҚНР болуы Қуықтың контуры біртегіс, ҚНР үшін деректер жоқ
Уретроцистоскопия Үрпі қақпақшасының болуы, циститтің белгілері, көлемінің кіші болуы, несепағар сағасының әртүрлі дәрежедегі жеткіліксіздігі Несепағардың тарылған сағасы, несеп шығарылымынсыз
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
•  ҚНР-н жою;
•  Бүйрек қызметін жақсарту;
•  Несеп шығару жүйесінің санациясы.
 
Емдеу тактикасы

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Режим:
•  төсектік (операциядан кейін);
•  палаталық (катетерді алып тастағаннан кейін).
Емдәм: № 7 емдәм.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Бактерияға қарсы ем:
цефалоспориндер:
цефтриаксон– 75–100 мг/кг/тәу, вена ішіне 1–2 енгізу, курстың ұзақтығы 14 күнге дейін
цефатоксим – 100–150 мг/кг/тәу, вена ішіне 2-3 енгізу, курстың ұзақтығы 4-14 күн
аминогликозидтер:
амикацин,10–15 мг/кг/тәу, вена ішіне немесе бұлшықет ішіне бір рет, курстың ұзақтығы 7-10 күн
гентамицин – 4 - 5 мг/кг/тәу, вена ішіне немесе бұлшықет ішіне бір рет, курстың ұзақтығы 5 күн
уросептиктер:
фурамаг – 8 мг/кг/тәу, күніне 3 рет, ішкізу арқылы, сызбанұсқа бойынша курстың ұзақтығы 3 ай
 
Уытсыздандырғыш терапия:
Инфузияның жалпы көлемі 5-8 мл/кг/сағ жылдамдығымен 60 мл/кг/тәулік (натрий хлориді ерітіндісі 0,9%/глюкоза ерітіндісі 5%).
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
цефотаксим, инъекция үшін ерітінді даярлауға арналған ұнтақ 500 мг;
цефтриаксон, инъекция үшін ерітінді даярлауға арналған ұнтақ 500 мг;
амикацин, ерітінді даярлауға арналған құты 500мг;
гентамицин, ампула 80мг.
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен):
натрий хлориді ерітіндісі 0,9% 400мл;
глюкоза ерітіндісі 5% 400мл.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
 
Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
Емдеудің стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері:
 
Хирургиялық араласу:
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
 
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
Операциялардың түрлері:
рефлюксті эндоскопиялық түзету (РЭТ).
Көрсетімдер:
      ҚНР-нің бастапқы сатылары.
      Несепағардың сағасы тұсындағы цистоскопия кезінде шырышасты қабатқа инсуфляцияаллоимплантанта (полимергидрогель) жүргізіледі [2];
несепағардың неоимплантациясы.
Қарсы көрсетімдер:
      РЭТ тиімсіздігі;
ҚНР-нің кеш сатылары.
 
Әрі қарай бақылау:
урологтың бақылауы (диспансерлеудің еселілігі мен ұзақтығы???)
ЖҚА (әр 3,6,12 айда);
ЖНА (әрбір 3,6,12 айда);
Бүйректің, қуықтың УДЗ (әрбір 3,6,12 айда).
Операциялық араласудан кейін 1 жылдан соң бақылаулық тексеріп-қарау мақсатымен жоспарлы емдеуге жатқызу.
 
Ем тиімділігінің және диагностикалау мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
шағымдардың болмауы;
ЖҚА, ЖНА қалыптануы;
Диагностикалаудың аспаптық әдісімен (бүйректің УДЗ, венаішілік урография) расталған ҚНР болмауы.

Ауруханаға жатқызу


Емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:

Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:
операциялық жолмен қуық-несепағар рефлюксін жою (ашық операциялық араласу – антирефлюкстік тетікпен уретероцистонеостомия немесе ҚНР эндоскопиялық түзету).

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
суық тию аурулары мен қатты тоңудың профилактикасы.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Детская урология. А.Г.Пугачев., руководство для врачей. 2009 г. 340 стр.; 2) Kaye J.D., Srinivasan A.K., Delaney Ch., Cerwinka W.H., Elmore J.M., Scherz H.C., Kirsch A.J. Clinical and radiographic rezults of endoscopic injection for vesicoureteral reflux: Defining measures of success. Journal of Pediatric Urology (2012) 8, 297-303. 3) Детская урология и андрология. Учебное пособие. Разин М.П., Галкин В.Н., Сухин Н.К., Москва, 2011 год. 4) Урология. Национальное руководство. Лопаткин Н.А., 2001 год 5) Урология. Учебное пособие. Аль-Шукри С.Х., Ткачук В.Н., 2003 год 6) Урология. Учебное пособие. Тиктинский О.Л., 2002 год.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1)  Батырбеков Марат Тағайұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ, бас директордың клиникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
2)  Асқаров Мейрамбек Сатыбалдыұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер – балалар урологы- хирург;
3)  Мұхамеджан Ілияс Тұңғышханұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ, бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары;
4)  Әбікенов Бақытжан Дайырбайұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ, балалар урологиясы бөлімшесінің меңгерушісі;
5)  Жүсіпова Гүлнәр Дәрігерқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина  университеті» АҚ,  жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы, клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Майлыбаев Бақытжан Мұратұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, аға ғылыми қызметкер, жоғары санаттағы дәрігер – балалар урологы.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх