Войти

Туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациялар

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Врожденное искривление бедра (Q68.3)
Стоматологическая выставка CADEX-2019

17-19 октября, Алматы, "Атакент"

200 компаний-участников, семинары и мастер-классы, скидки, розыгрыш призов

Получить пригласительный билет 

Стоматологическая выставка CADEX-2019

17-19 октября, Алматы, "Атакент"

200 компаний-участников, семинары и мастер-классы, скидки, розыгрыш призов

Получить пригласительный билет 

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
 
Туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациялар – аяқ сүйектерінің немесе буындарының деформациясымен сипатталатын туа біткен ауру. [2].

Хаттама атауы: Туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациялар
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 код(тар)ы:
Q 68.3 Санның туа біткен қисаюы
Q 68.4 Үлкен жіліншіктің және кіші жіліншіктің туа біткен қисаюы
Q 68.5 Жіліншіктің ұзын сүйегінің анықталмаған туа біткен қисаюы
Q 68.8 Басқа да анықталған туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациялар
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
ЖПД – жалпы практика дәрігері
ИФА - иммуноферменттік анализ
КТ - компьютерлік томография
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
МРТ- магнит-резонанстық томография
ЖҚА -  жалпы қан анализі
ЖНА – жалпы несеп анализі
ЭКГ – электрокардиография
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, балалар травматолог-ортопедтері, балалар хирургі, медициналық реабилитологтер (физиотерапевтер, ЕДШ дәрігерлері).
XI Конгресс КАРМ-2019

1-2 ноября, Алматы, Rixos

ВРТ. Современные подходы к лечению бесплодия

Ведущие специалисты в сфере ВРТ из Казахстана, СНГ, США, Европы, Великобритании, Израиля и Японии

Регистрация на конгресс

XI Конгресс КАРМ-2019: Лечение бесплодия. ВРТ

1-2 ноября, Алматы, отель Rixos

Современные подходы к лечению бесплодия. ВРТ: Настоящее и будущее

- Ведущие специалисты в сфере ВРТ из Казахстана, СНГ, США, Европы, Великобритании, Израиля и Японии
- Симпозиумы, дискуссии, мастер-классы по актуальным проблемам

Регистрация на конгресс

Жіктемесі


Туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформацияның клиникалық жіктемесі [3]:

Орналасуы бойынша:
-сан;
-жіліншік;
-тізе буыны.

Сүйектің деформациялану сипаты бойынша:
-варустық;
-вальгустық;
-антекурвациялық;
-рекурвациялық;
-күрделі осьтік.

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
-Зақымданған аяқ-қолдың екі проекциядағы рентгенографиясы
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
-ЭКГ;
-КТ (КТ зерттеу үшін көрсетімдер – сүйек құрылымының патологиялық өзгерістерін толық зерттеу болып табылады. Ол диагнозды нақтылауға, патологиялық өзгерістердің айқындылығын анықтауға және процесс беталысын бақылауға мүмкіндік береді).
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі:
-Қан тобын анықтау;
-Резус факторды анықтау;
-ЖҚА;
-Жалпы несеп анализі;
-коагулограмма (қан ағудың ұзақтығы және ұю уақыты, протромбин, фибриноген, тромбоциттер адгезиясы және агрегацисының реакиясы);
-биохимиялық қан анализі (жалпы нәруыз, аланинаминотрансфераза, жалпы холестерин, билирубин, тіке билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза, калий, натрий, фосфор, кальций, хлор);
-АИТВ-ке ИФА;
-ИФА әдісімен В, С гепатиттерінің маркерлерін анықтау;
-ЭКГ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
-Қан тобын анықтау;
-Резус факторды анықтау.
 
 Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
-ЖҚА;
-Жалпы несеп анализі;
-коагулограмма (қан ағудың ұзақтығы және ұю уақыты, протромбин, фибриноген, тромбоциттер адгезиясы және агрегацисының реакиясы);
-биохимиялық қан анализі (жалпы нәруыз, аланинаминотрансфераза, жалпы холестерин, билирубин, тіке билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза, калий, натрий, фосфор, кальций, хлор);
-КТ (сүйек құрылысының патологиялық өзгерістерін толық зерттеу үшін жүргізіледі. Ол диагнозды нақтылауға, патолоиялық өзгерістердің айқындылығын анықтауға және деформация айқындылығының деңгейі мен дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді);
-МРТ (жұмсақ тіндегі өзгерістерді анықтау үшін қолданылады).
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жоқ.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар және анамнез:

Шағымдар: ақсаңдау, аяқтың деформациясы, ауырсыну және аяқ буындарындағы қозғалыстардың шектелуі.

Анамнез:
-Аурудың алғашқы белгілерінің ерте балалық шақта басталуы:
-Ауырсыну сезімінің болуы, әсіресе санда;
-Деформацияның пайда болуы (жас қосылған сайын ұлғаюы);
-жүрістің бұзылуы.
 
Физикалық тексеріп-қарау:
-Жүрістің бұзылуы (ақсаңдап жүру);
-Іргелес буындардағы қозғалыстардың шектелуі;
-Аяқ-қолдың деформациясы.
 
Зертханалық зерттеулер:
 
Аспаптық зерттеулер (рентгенологиялық белгілері):

Зақымданған сегменттің рентгенографиясы:
-жіліктің ортаңғы үштен бірінің варустық деформациясы;
-сан сегментінің төменгі үштен бірінің вальгустық деформациясы;
-аяқ сүйегінің антекурвациялық деформациясы ***;
-аяқ сүйегінің рекурвациялық деформациясы ***;
-зақымданған сүйек күш желісінің қайта құрылуы.

Зақымданған аяқ-қолды КТ зерттеу
ұзына бойы өсу аймағының бұзылмауы күрделі осьтік деформация кезінде байқалады;
сүйек тінінің склероздық өзгерісі остеомиелиттен кейінгі және жарақаттан кейінгі деформация кезінде байқалады.
остеодистрофиялық өзгерістердің болмауы мешелдіктен кейінгі деформация кезінде байқалады.

МРТ зерттеу
Маңындағы буын шеміршегінің (ұршықбуын, тізе сүйегінің буындары, жілік-аяқ сүйектерінің буындары) дегенерациялық-деструктивті өзгерістердің болуы.
 
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер (консультация мақсатын көрсету):
-травматолог-ортопедтің консультациясы (сүйек қаңқасының деформациясы болғанда);
-педиатрдің консультациясы /ЖПД (соматикалық патологияның бірге болған кезінде);
-анестезиологтің консультациясы (операция алдындағы дайындық мақсатында);
-фтизиатрдің консультациясы (сүйек туберкулезын болғызбау үшін);
-оториноларингологтің консультациясы (инфекцияның созылмалы ошақтарын анықтау және санациялау мақсатында);
-стоматологтің консультациясы (инфекцияның созылмалы ошақтарын анықтау және санациялау мақсатында);
-медициналық реабилитологтің консультациясы (ерте реабилитациялық ем тағайындау үшін).

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:
 
Аяқтың туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациясының сараланған диагностикасы:


Белгісі Аяқтың туа біткен деформациясы Аяқтың остеомиелиттен кейінгі
деформациясы
Аяқтың жарақаттан кейінгі деформациясы Аяқтың мешелдіктен кейінгі деформациясы
Анамнез Деформация туғаннан басталады, жас қосылған сайын күшейе түсуі мүмкін Анамнезде аяқ сүйектерінің остеомиелиті Анамнезде аяқ сүйегінің жарақаттануы, сынуы Анамнезде мешел
Клиникалық белгілері Патологиясы, көбінесе, симметриялы, екіжақты
 
Патология зақымданудың орналасуына байланысты. Көбінесе күрделі осьтік болады. Аяқ қысқарған. Патология зақымданудың орналасуына байланысты.   Көбінесе күрделі осьтік болады.Аяқ қысқарған. Патологиясы, көбінесе, симметриялы, екіжақты
 
Диагностиканың сәулелік әдісімен анықталатын белгілер
 
 
Өсу аймағы зақымданбаған. Сүйек күш желісі қайта құрылған. 
 
Деструкция, сүйек склерозы анықталады.
Өсу аймағының зақымдануы.
 
Өсу аймағының ішінара немесе толық жабық болуы тән. Сынықтың дұрыс бітпеуі кезінде – сүйектің зақымдану деңгейіндегі деформациясы және сүйектің көлденеңіне немесе ұзынына қарай ауытқып бітуі.
 
Өсу аймағы зақымданбаған. Сүйек күш желісі қайта құрылған. 
Остеохондродистро фия белгілері.
 
Лечение за рубежом

Пройти лечение в Корее, Израиле, Германии, США

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Лечение за рубежом

Пройти лечение в Корее, Турции, Израиле, Германии и других странах

Выбрать иностранную клинику

Бесплатная консультация по лечению за рубежом! Оставьте заявку ниже

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:

-Аяқ деформациясын жою;
-Аяқтың бұзылған функциясын қалпына келтіру;
-Өмір сүру сапасын жақсарту.

Емдеу тактикасы:[2].

Дәрі-дәрмексіз емдеу (режим, емдәм және т.б.);

Емдәм: №15 жалпы үстел;

Режим: ортопедиялық (күш түсірмеу, секірмеу, зақымданған аяқта металл құрылғысы болса қосымша тірек құралының көмегімен жүру).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.
 
Антибактериялық терапия:

Операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу мақсатында:
1-буын цефалоспориндері: цефазолин, 50-100 мг/кг, венаішілік, операцияға дейін 30-60 минут бұрын, бір рет.

Операциядан кейінгі асқынуларды емдеу мақсатында (курсы 5-7 күн):
• 2-ші және 3-буын цефалоспориндері:

цефуроксим, 1 кг дене массасына тәулігіне 50-100 мг, 3-4 рет енгізу; бұлшықетке немесе венаішілік;
немесе цефтриаксон, 1 кг дене массасына тәулігіне 20-75 мг, 1-2 рет енгізу, бұлшықетке немесе венаішілік;
немесе цефаперазон, 1 кг дене массасына тәулігіне 50-100 мг, 2-3 рет енгізу, бұлшықетке немесе венаішілік;
линкозамидтер: линкомицин
бұлшықетке, 1 кг дене массасына тәулігіне 10 мг, 12 сағат сайын, 1 кг дене массасына тәулігіне 10-20 мг венаға тамшылатып құю, ауыр инфекция кезінде және 1 айдан асқан балаларға дозаны бір немесе бірнеше рет енгізу;
гликопептидтер:
ванкомицин: 1 кг дене массасына тәулігіне 15 мг, тәулігіне 2 г-нан артық емес, 8 сағат сайын, венаішілік, әр дозаны енгізу 60 минуттан кем болмауы тиіс.

Ауырсынуды басатын терапия (операциядан кейінгі кезеңде):
есірткілік емес анальгетиктер:
парацетамол, 200 мг, таблетка - бала денесінің 1 кг массасына 60 мг есебінен, тәулігіне 3-4 рет. Қабылдау аралығы 4 сағаттан кем болмауы керек. Ең көп тәуліктік доза 1,5 г - 2,0 г;
парацетамолдың ректальдік суппозиториялары 125, 250 мг – бір реттік доза баланың 1 кг дене массасына 10-15 мг, тәулігіне 2-3 рет, 4-6 сағат өткен соң;
парацетамол суспензиясы 120 мг/5 мл, ішу үшін – препараттың бір реттік дозасы 1 кг дене массасына 10-15 мг, тәулігіне 4 рет, әр қабылдаудың аралығы 4 сағаттан кем емес (1-3 айлық балаларға доза жеке тағайындалады).
 Ішуге арналған парацетамол сиробы 2,4% 50 мл – 3-12 айлық балаларға ½ -1 шай қасық (60 -120 мг); 1-6 жастағы балаларға 1-2 шай қасық (120-240 мг); 6-14 жастағы балаларға 2-3 шай қасық (240-360 мг), тәулігіне 2-3 рет. Анальгетик ретінде парацетамолмен емделудің ең ұзақ мерзімі 3 тәуліктен артық болмауы тиіс.
Ибупрофен суспензиясы 100 мг/5мл – 200 мл, ішуге арналған, дене массасының 1 кг-на 7-10 мг, ең көп тәуліктік доза – 1 кг-ға 30 мг. Препаратты қабылдау аралығы 6 сағаттан кем болмауы тиіс. Ауырсынуды басатын дәрі ретінде емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы керек.

Апиындық анальгетиктер:
Трамадол, инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/1мл – ампулалар – 2 мл (венаішілік, бұлшықетке, тері астына), ішуге арналған ерітінді, ректальдік суппозиторийлер - 100 мг, капсулалар – 50 мг, үлдірмен қапталған таблеткалар - 50 мг.
1-14 жас аралығындағы балалар: бір реттік доза 1кг-ға 1-2 мг, ең көп тәуліктік доза -1 кг-ға 8 мг. Тамшыларды аз мөлшердегі сұйықтыққа немесе бір кесек қантқа 15-30 тамшы құйып қабылдайды; ең көп тәуліктік доза – 120 тамшы (400мг). 
Дозаны 4-6 сағаттан кейін қайталауға болады.
тримеперидин 2% -1 мл, инъекцияға арналған ерітінді, 2 жастан асқан балаларға мөлшерлеме – дене массасының 1 кг-на 0.1 - 0.5 мг. 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
морфин 2% 1 мл:
2-3 жасар балаға бір реттік доза – 0,1 мл (1 мг морфин), тәуліктік доза – 0,2 мл (2 мг морфин);
3-4 жас: бір реттік доза - 0,15 мл (1,5 мг), тәуліктік доза - 0,3 мл (3 мг);
5-6 лет: бір реттік доза - 0,25 мл (2,5 мг), тәуліктік доза - 0,75 мл (7,5 мг);
7-9 лет: бір реттік доза - 0,3 мл (3 мг), тәуліктік доза - 1 мл (10 мг);
10-14 лет: бір реттік доза 0,3-0,5 мл (3-5 мг), тәуліктік доза - 1-1,5 мл (10-15 мг).
Су-эллектролит алмасуды түзеу және ауыстыру мақсатында кристаллоидтік ерітіндімен инфузиялық терапия:
-натрий хлориді ерітіндісі 0,9% - 1 кг-ға 20-30 мл енгізеді;
-декстроздар 5% - бірінші күні глюкозаны 6 г/кг/тәул енгізеді, келесі күндері – тәулігіне 15 г/кг.
Периоперациялық қансырауға байланысты алмастыру мақсатындағы қан препараттары:
-жаңа тоңазытылған плазма (қансырауға байланысты айналымдағы 25-30%-дан артық қан көлемінің тапшылығы, плазманың ХҚҚ-сы 1,5-тен (қалыпты 0,7-1,0) артық болғанда, дене массасының 1 кг-на 10-20 мл дозаны венаға құю);
-эритроциттік жүзгін (қансырауға байланысты айналымдағы 25-30%-дан артық қан көлемінің тапшылығы, 24 %-дан төмен гематокрит, қансырауға байланысты гемоглобиннің 70-80 г/л-дан төмен болуы, айналымдық бұзылыстардың пайда болуы кезінде дене массасының 1 кг-на 10-20 мл дозаны құю көрсетілген. 
Немесе мына формула бойынша есептеу: гемоглобин қалыпты – пациент қанының гемоглобині *дене массасына 1 кг-ға * 5);
-тромбоконцентрат (пайда болған қансырау аясында тромбоциттер деңгейінің 50*10/9 дейін төмендеуі, бұдан әрі тромбоциттер деңгейін 100*10/9 дейін ұстау – венаға дене массасының 10 кг-на 1 дозаны құю).
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
- негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар);

Антибиотиктер:
- цефазолин 500 мг, ерітінді даярлауға арналған ұнтақ, венаға және бұлшықетке салады.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
-парацетамол, таблеткалар 200 мг;
-парацетамол, ректальдік суппозиторийлер 125, 250 мг;
-парацетамол суспензиясы, ішуге арналған 120 мг/5 мл;
-парацетамол сиробы, ішуге арналған 2,4% 50 мл;
-ибупрофен, ішуге арналған суспензия 100 мг/5мл – құты, дозалау шприцімен 200 мл.

Анальгетики:
-трамадол - 50 мг/мл - 1 мл инъекцияға арналған ерітінді;
-тримепиридин - 1 немесе 2% - 1 мл инъекцияға арналған ерітінді;
-морфин - 1% - 1 мл, инъекцияға арналған ерітінді.

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
-натрий хлориді 0,9% - 500, 400, 200 мл веналық инфузияға арналған ерітінді;
-декстроза 5% - 500, 400, 200 мл веналық инфузияға арналған ерітінді;қосымша дәрі-дәрмектер тізбесі (қолдану мүмкіндігі 100%-дан төмен)

Антибиотиктер
-цефуроксим, инъекция және инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 750мг и 1.5г;
-цефтриаксон, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 0,5 г и 1,0 г.;
-цефаперазон, венаға және бұлшықетке енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1.0 г.;
-линкомицин, венаға және бұлшықетке енгізуге арналған ерітінді, 300 мг/мл.;
-ванкомицин, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат,500 мг, 1000 мг.
 
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді
 
Емдеудің басқа түрлері:Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері:
-ортопедиялық режим (жүктемені шектеу, тіпті аяқты тірек етуге тыйым енгізу, қосымша ортопедиялық құралдарды пайдалану: ортездер, балдақтар, жетек -арбалар және т.б
-ЕДШ;
-массаж;
-физиоемдеу.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері:
-таңу;
-физиоемдеу;
-массаж
-ЕДШ (буындардың жұмысын қалпына келтіру).
 
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді
 
Хирургиялық араласуАмбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу: жоқ
 
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
Операция түрлері
-сан сүйегін гипс таңғышымен ұстатып түзету остеотомиясын жасау;
-жіліншік сүйегін гипс таңғышымен ұстатып түзету остеотомиясын жасау;
-сан сүйегін металл құрылғымен ұстатып түзету остеотомиясын жасау;
-жіліншік сүйегін металл құрылғымен ұстатып түзету остеотомиясын жасау;
-сүйекке остеотомия жасап (санға, үлкен жіліншікке, кіші жіліншікке), аяққа сыртқы фиксация аппаратын қою және одан кейін деформацияны кезеңдік түзету;
-металл құрылғыны алып тастау.
Операцияға көрсетімдер (төменда аталған 2 немесе одан көп критерийлердің болуы) [2]:
-зақымданған аяқтың қысқа болуы немесе патологиялық деформация;
-зақымданған аяқ деформациясының үдей түсуі.
 
Операцияға абсолюттік қарсы көрсетімдер:
-субкомпенсация және декомпенсация сатысындағы қосарланған созылмалы аурудың (жүрек, бүйрек, бауыр, және т.б.) болуы;
-психикалық бұзылыстар, пациенттің бейадекваттылығы.
Операцияға салыстырмалы қарсы көрсетімдер:
-қосамжарласқан жіті соматикалық аурудың болуы;
-іріңді-қабынбалы хирургиялық аурулардың болуы.

Әрі қарай бақылау:
-Ем жағдайы;
-таңу;
-ауырсынуды басатын терапия;
-ЕДШ;
-емхана ортопедінің диспансерлік есепке алуы, алғашқы 2 жыл бойы 3 айда бір рет бақылайды, одан әрі – жылына 2 рет қарайды.
 
Емдеу тиімділігінің және диагностика мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
-аяқ дефформациясын түзету;
-буындардағы қозғалыстардың функциялық көлемінің жақсаруы (жамбас-сандық, тізелік, сирақ-табандық);
-тіректік және локомоторлық функцияның жақсаруы;
-аяқтың бұдан әрі өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, өмір сүру сапасын жақсарту.

Госпитализация


Емдеуге жатқызу типін (жоспарлы, шұғыл) көрсете отырып, емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:

Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:
-зақымданған аяқ-қолдың патологиялық сынығы

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:
-зақымданған аяқ-қол деформациясының күшейе түсуі;
-аяқтың тіректік және локомоторлық функциясының бұзылысы.

Профилактика


Профилактикалық іс-шаралар:
Операциядан кейінгі іріңдеп асқынудың алдын алу:
операцияға дейінгі антибиотикопрофилактика;
операциядан кейінгі жаралар санациясы;
таңу.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 20. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1) Дуйсенов Н.Б. Лечение врожденных деформаций бедра у детей методом черескостного остеосинтеза. / Морфология и клиническая медицина. - Алматы, 2008. - с. 128-135. 2) Царева Е.Е. Хирургическое лечение деформаций коленного сустава у детей и подростков: дисс. канд. - Саратов, 2008 - 133с. 3) Ортопедия: Национальное руководство/ под руководством. С.П. Миронова, Г.П. Котельникова. М.: ГЭОТАР. Медиа 2008. 832С.6.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
  1. Нағыманов Болат Әбікенұлы, м.ғ.к., доцент, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, №1 травматология-ортопедия және вертебрология бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас балалар травматолог-ортопеді;
  2. Орловский Владислав Николаевич, м.ғ.к., «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, №2 травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі;
  3. Жұбаниязов Болат Түгелбайұлы, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-тың балалар реанимациясы және қарқынды терапия және хирургия секторы бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері;
  4. Шандрова Фатима Дәулетқызы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-тың оңалту және физиотерапия бөлімшесінің реабилитолог дәрігері;
  5. Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-тың клиникалық фармаколог дәрігері.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер: Дүйсенов Нұрлан Болатұлы м.ғ.д., С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Ақсай» университет клиникасының ортопед дәрігері.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх