Туа біткен пневмония
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Врожденная пневмония (P23)
Неонатология, Педиатрия
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы 4 шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген
Туа біткен пневмония — нәресте өмірінің алғашқы 72 сағатында клиникалық-рентгенологиялық түрде көрінетін, анте және/немесе интранатальдық кезеңде инфекциялану нәтижесінде өкпенің респираторлы бөліктерінің жұқпалы-қабынған ауру түрі [3].
Хаттама атауы: Туа біткен пневмония
Хаттама коды:
ХАЖ-10 коды (кодтары)
Р 23 Туа біткен пневмония.
Р 23.0. Вирусты туа біткен пневмония.
Р 23.1. Хламидиямен шақырылған туа біткен пневмония.
Р 23.2. Стафилококкпен шақырылатын туа біткен пневмония.
Р 23.3. Стрептококктың В тобымен шақырылатын туа біткен пневмония.
Р 23.4. Ішек таяқшаларымен шақырылатын туа біткен пневмония (Escherihia coli)
Р 23.5. Pseudomonasмен шақырылған туа біткен пневмония
Р 23.6. В тобынан басқа Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Mycoplasma, Стрептококк тәрізді бактериалдық агенттермен шақырылатын туа біткен пневмония.
Р 23.8 Басқа да қоздырғыштармен шақырылатын туа біткен пневмония.
Р 23.9. Анықталмаған туа біткен пневмония.
Р 24 Неонатальды аспирациялық белгілер.
Хаттамада қолданылатын қысқартылған сөздер:
АБТ – антибиотикотерапия
БӨД – бронхоөкпелік дисплазия
ПБЖ – пневмониямен байланысқан желдеткіш
БКСК – босанғанға дейінгі қағанақ суының кетуі
НЖИ – несеп шығару жолдарының инфекциясы
МҚҚ – медициналық мақсаттағыбұйымдар
ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету
ҚНК – қышқыл негізді күй
ҰКТ – ұрық кардиотокограммасы
ЛИ – лейкоцитарлы индекс
НСГ – нейросонография
ЖҚТ – жалпы қан талдауы
ЖНТ – жалпы несеп талдауы
ПТР – полимеразды тізбекті реакция
СРА – реактивті ақуыз
ЭШЖ –эритроциттердің шөгу жылдамдығы
БТС – Б тобындағы стрептококк
СРАР – continious рositive аirway рressure – тыныс жолдарындағы тұрақты жағымды қысым
ЭКГ – электрокардиограмма
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл
Пациенттер санаты: жаңа туылған нәрестелер
Хаттаманы қолданушылар: неонатологтар, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері.
Жіктемесі
Клиникалық жіктелуі
Нәрестелердегі өкпе қабынуының жіктелуі [3,4]
• Нәрестелердегі пневмония бактериальды, вирусты, зеңдік және басқа да қоздырғыштардан туу мүмкін (токсоплазма, сифилис);
• Нәрестелердегі бактериальды пневмония ерте пайда болған (туылғаннан кейін 72 сағатқа дейін) және кеш пайда болған түрінде (туылғаннан кейін 72 сағаттан кейін) болуы мүмкін;
• Бактериальды пневмония микробиологиялық түрде дәлелденген (трахеядан жағымды өсіндердің болған жағдайда ) немесе микробиологиялық түрде дәлелденбеген (кеңірдектен жағымды өсінділер болмаған жағдайда) болуы мүмкін;
• Постнатальды пневмониялар, туылғаннан кейін инфекциялану стационарда (перзентханада, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде) болуы мүмкін – нозокомиальды пневмониялар үйде жұққан – «сырттағы», «үйдегі» пневмониялар;
• Желдеткішермен байланысты пневмониялар;
• Қаталанған реттік пневмония, аспирациондық белгілердің, сепсистің қабынуымен немесе пайда болуымен байланысты.
Диагностикасы
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі диагностикалық зерттеулер;
• ЖҚТ;
• Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы.
Амбулаториялық деңгейде жүргізелетін қосымша диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі: жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде жүргізелетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
• ЖҚТ;
• қан тобы мен резус-факторды анықтау;
• кеуде қуысындағы ағзалардың рентгенографиясы;
• қанның биохимиялық талдауы;
• қанның газдары;
• қанның бактериалдық өсіні;
• антибиотиктерге сезімталдығын анықтай отырып бактериалдық өсіні;
• кеңірдектен аспираттың өсіні (егер нәресте ӨЖЖ-да болса).
Стационарлық деңгейде жүргізелетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
• ЖНТ;
• НСГ;
• ЭКГ.
Жедел шұғыл жәрдем кезеңіндегі жүргізілетін диагностикалық шаралар: жүргізілмейді.
Диагностикалық критерийлер***
Шағымдар және анамнез
Ана мен бала жағынан болатын қауіп факторлары:
• анасында жіті инфекцияның болуы;
• БТС ананы отарлауы (жүктіліктің 35-37 аптасы);
• мерзімінен бұрын босану (гистацияның <37 апта);
• мерзімінен бұрын ұрық жанындағы судың кетуі (≥ 18 часов);
• босану кезінде ананың температурасының жоғарылауы ≥ 38° C;
• осы жүктілік кезіндегі ананың бактериуриясы;
• хорионамнионит;
• ұрықтың ҰҚТ-ң бұзылуы;
• мерзімінен бұрын туылған нәресте, туылғаннан кейінгі аз салмақты нәресте;
• инвазивті емшаралар;
• ата-анасы мен медперсоналдың ауыспалы инфекциясы;
• сәйкессіз АБТ;
• жаңа туылған нәрестені хирургиялық емдеу;
• медициналық персоналдардың қолдарын дұрыс жумауы.
Физикалды зерттеу
• тұрақсыз температура (>37,9c немесе <360c);
• десатурация;
• тынысының жиілуі >60/мин немесе апноэ эпизодтары;
• экспираторлы ыңырсу;
• кеуде қуысының иілгіш жұмсақ бөліктерінің қатты тартылуы;
• өкпе аускультациясы: тыныс алудың нашарлауы, сықырлаған қырылдың естілуі;
• тыныстану шуларының және кеуде қуысының экскурсиясының асимметриясы;
• әлсіздік, бозғылттық, тері түсінің сұрғылттығы, ембей қою;
• ұйқышылдық немесе неврологиялық күйінің өзгеруі;
• іштің кебуі;
• тамақтың қорытылмауы;
• тахикардия> 180 соғыс/мин;
• ӨЖЖ параметрлерінің үлкеюі;
• трахеяда іріңнің болуы.
Зертханалық зерттеулер:
• жалпы қан талдауы: анемия, лейкоцитоз немесе лейкопения, тромбоцитопения, ЛИ -> 0,2- 0,3, нейтропения, жылдамдатылған СОЭ;
• биохимиялық қан талдауы: СРБ үлкеюі, гипогликемия;
• қандағы газ –респираторлы ацидоз, лактат деңгейінің жоғарылуы;
• қанды бактериологиялық зерттеу: бактериялардың көбеюі;
• антибиотиктерге сезімталдығын анықтай отырып, бактериаялық өсін жасау;
• қандағы туа біткен инфекцияларға ПЦР;
Аспаптық зерттеулер:
• кеуде қуысындағы ағзалар рентгенографиясы: неонатальды пневмония негізгі тыныс жолдарындағы ауаның пайда болуымен рентген аймақтары өкпе жасушаларының екіжақты төмендеуімен сипатталады («ауа бронхограммалары»);
• нәрестенің өкпе көлемі қалыпта, плевральды шығуы;
• зақымданулар асимметриялы және орналасқан;
• пневматоцеле (ауыз қуысын ауамен толтыру) стафилококкты пневмония кезінде кездеседі.
Бейінді мамандар кеңесі үші көрсетімдер:
• НЭ-нің, перитонит және плевриттің жоқ екендігіне көз жеткізу үшін хирургтың кеңесі;
• Кардиттің жоқ екендігіне көз жеткізу үшін кардиологтың кеңесі.
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаты: жаңа туылған нәрестедегі қабыну үдерісін тоқтату.
Емдеу тәсілі:
Дәрі-дәрмексіз емдеу (режим, диета және басқа да):
• Жаңа туылған нәрестеге бірқалыпты күтімі: қолайлы температуралық режим, гипотермияның профилактикасы, аурухана ішілік инфекциялардың профилактикасы, ананы бала күтіміне қатыстыру, жаңа туылған нәрестені мониторингілеу;
• Емшек сүтімен қоректендіру;
• Инфекциялық бақылау қағидатын ұстану: жаңа туылған нәрестені қарағанға дейін және кейін қолды жуу, анасының балаға күтім жасай алуға үйрету.
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілмейді.
Дәрі-дәрмектің негізгі тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%): жоқ
Дәрі-дәрмектің қосымша тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-дан төмен): жоқ
Стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
-дәрі-дәрмектің негізгі тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%): жоқ
Бактерияға қарсыы терапия. Нәрестенің инфекция жұқтырғанына күдік туса, антибиотиктер тез арада тағайындалады.
Ерте пайда болған бактериальды пневмония кезіндегі эмпириялық емдеу: жартылай синтетикалық пенициллин + гентамицин.
Кеш пайда болған бактериальды пневмония кезіндегі эмпириялық емдеу: Ванкомицин + Цефатоксим. Антибиотикограммаларды қабылдағаннан кейін, емдеу микроағзалардың антибиотиктерге сезімталдығын есепке ала отырып жалғастырылып отырады. Емделу ұзақтығы – 7-10 күн
• пенициллин флаконда 0,5 -1,0-ден
• бактериемия - 25000-50000ЕД/кг/мөлшер тәулігіне (15мин аралығында);
• менингит - 75000-100000 ЕД/ кг/мөлшер тәулігіне (30мин аралығында);
• СГБ- 200000ЕД /кг/в тәулігіне ;
• СГБ менингит - 450000 ЕД/кг/в тәулігіне ;
• цефатоксим - 50 мг/кг/доза в/в 30 мин. аралығында флаконы 0,5-ден;
• ампициллин 50мг/кг;100 мг/кг (сепсис, менингит) аз жылдамдықта в/;
• бір рет ванкомицин 15 мг/кг, сонан соң 10 мг/кг-ден (бір реттік мөлшер) әр сағат сайын, глюкоза ерітіндісімен 1 сағат ішінде енгізіледі;
• гентамицин 4-5 мг/кг т/і 30 мин ішінде, 48 сағаттан соң, 2,0 мл – 80,0 мг ампуладан.
Құрсақішілік пневмониядағы этиотроптық терапияда аспирациялық белгілер көрінісінде анаэробты флораны жоятын бактерияға қарсы препаратты қолдану керек (ерекше етіп «қорғалған» аминопенициллиндер мен монотерапия түріндегі карбопенемдерді атауға болады).
Хламидия мен микоплазмамен шақырылған пневмонияда эритромициннің инфузиясын тамырішілік жай жылдамдықта (60 мин аралығында) келесі мөлшерде тағайындалады: әр сағат сайын бір реттік 5-10 мг-нан
Дәрі-дәрмектің қосымша тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-дан төмен):
• 0,9% -100,0 мл натрий хлорид ерітіндісі;
• 10%- 100,0 мл декстроза;
• 5-10 мг/кг, т/і флуканозол
Шұғыл көмек көрсету кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеу: не жүргізілмейді
Емдеудің басқа түрлері:
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді:
• оксигенотерапия маска арқылы немесе мұрын канюлялары арқылы;
• респираторлы терапия – СРАР, ИВЛ;
• перкуссионды (дренажды) массаж.
Жедел шұғыл көмек көрсету кезеңіндегі емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді
Хирургиялық араласу:
Амбулаториялық жағдайда хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Стационарлық жағдайда хирургиялық араласу:
• плевриттің өршуі мен қабынуы кезінде пункция мен плевра қуысына дренаж жүргізеді.
• пневмоторакс – белсенді аспиратор (Бюлау бойынша дренаж).
Алдын алуы
Профилактикалық іс-шаралар:
Алғашқы профилактика:
• қолды науқасты қарау алдында және соңында жуу, бірреттік ММБ қолдану;
• ана омырауына ерте басу;
• профилактикалық мақсатта аналарға босану кезінде антибиотиктер егу;
• профилактикалық мақсатта қышымаға қарсы прерараттарды тағайындау;
• аз мөлшерде инвазивті амал жүргізу;
• енгізу үшін ерітінді дайындау кезінде тиянақты түрде асептиканы сақтау;
• ана мен баланың бірге болуы;
• инфекциялық бақылау туралы персоналды оқыту;
• анаға қол жууды үйрету;
• ананы бала күтіміне қатыстыру;
• бөлімшедегі инфекцияларға үнемі мониторинг жасау.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Неонатология. Национальное руководство/ под ред. Акад. РАМН Н.Н. Володина. – М.: ГЭОТАР – Медиа. 2013. – 896 с. 2. Сухих Г.Т., Байбарина Е.Н., Шувалова М.П., Письменская Т.В. Российские тенденции снижения перинатальных потерь с учетом перехода на международные критерии регистрации рождения детей // Акушерство и гинекология, 2013.- № 12.- С.85-89. 3. Рооз Р., Генцель-Боровичени О., Прокитте Г. Неонатология. Практические рекомендации. М.; 2011: 249–307. 4. Jobe A.H. What is RDS in 2012? Early Hum. Dev. 2012; 88(suppl. 2): S 42–4. 5. Горячев А.С., Савин И.А. Основы ИВЛ издание 3-е издание: – М., ООО «МД», 2013. – 258 с. 6. Баранова А.А., Володина Н.Н и др. Рациональная фармакотерапия детских заболеваний в 2 томах. – М., 2007. 7. Овсянников Д.Ю. Система оказания медицинской помощи детям, страдающим бронхолегочной дисплазией. Руководство для практикующих врачей / под ред. Л.Г. Кузьменко. М.: МДВ, 2010. – С. 152. 8. Геппе Н.А., Розинова Н.Н., Волков И.К. и др. Новая рабочая классификация бронхолегочных заболеваний у детей // Доктор. Ру. —2009. —№ 2. —С.7-13. 9. Duke T. Neonatal pneumonia in developing countries // Arch Dis Child Fetal Neonatal Ed. —2005. —V. 5. —Р.90-94. 10. Lorenz J.M. Fluid and electrolyte management of extremely premature newborn / In Columbia Seminar in Salzburg on Neonatology. — May 2002. 11. Черняховский О.Б, Абрамова И.В., Полянчикова О.Л. Внутриутробные инфекции у новорожденных, факторы риска // Российский вестник перинатологии и педиатрии.2009. № 1. С. 80-88. 12. Thomas E. Young, Barry Mangum. Antibiotics in Neofax 2011, p.1-89. 13. Renie JM, editor. Roberton’s textbook of neonatology, 4th ed. Edinburg: Elsevier Churchill Livingstone; 2005.
Ақпарат
Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1. Павловец Лариса Павловна – «№ 1 Қалалық балалар ауруханасы» МКМ бас дәрігері, Астана қ. штаттан тыс бас неонатологы
2. Макалкина Лариса Геннадьевна – «Астана медицина университеті» АҚ клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Пікір иесі:
Жұбанышева Қарлығаш Біржанқызы – «Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы» АҚ неонатологы, м.ғ.к., Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатологы.
Хаттаманы қайта қарау шарттары: Хаттаманы 3 жылдан соң және/немесе диагностикалау/емдеудің жоғары деңгейлі жаңа әдістері болған жағдайда қайта қарау.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.