Войти

Тропиктік безгек

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Малярия, вызванная plasmodium ovale (B53.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған

Безгек (malaria) – Anopheles тұқымдас масаның ұрғашысымен берілетін  әртүрлі безгек плазмодийлері тудыратын, дұрыс кезектесетін (интермиттелетін) қызбамен, қаназдықпен, спленогепатомегалиямен, сарғаюмен, пароксизмдер кезінде айқын уланумен, тропиктік безгек кезінде қатерлі ағымымен және  радикалды емдеу болмағанда vivax-безгегі кезінде алыстаған (экзоэритроциттік) қайталанулардың (рецидивтердің) дамуымен сипатталатын антропоноздық протозойлық трансмиссиялық инвазиялар тобы [1-5].
 
Хаттама атауы: Тропиктік безгек
 
Хаттама коды:
 
АХЖ -10 коды (кодтары)
В50. P.falciparum тудыратын безгек. Безгек плазмодийлерінің басқа түрлерімен аралас инфекциялар қосылды.
В51. P. Vivax тудыратын безгек. P.falciparum (B50.) паразитінен басқа плазмодийлер туғызған аралас инфекциялар енгізілген.
В52. P.malariae тудыратын безгек. Мыналар қосылған: P.falciparum (B50.), P. vivax ( B51.) паразиттерінен басқа плазмодийлер туғызған аралас инфекциялар. 
В53.0 P. Ovale тудыратын безгек.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Г6ФДГ – глюкоза-6 фосфат дегидрогеназа
ТТІҰ – таралып кеткен тамырішілік ұю
ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету
ЖҚА – жалпы өан анализі
ЖНА – жалпы несеп анализі
БФЖЖ – бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі
ЖС – жұлын сұйықтығы
ОВҚ – орталық веналық қысым

Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер, жүкті әйелдер мен балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: терапевтер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, инфекционистер, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері/ фельдшерлері, акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар.
 

Жіктемесі


Клиникалық жіктемесі [1-5,7]:

I. Этиологиясы бойынша:
• P. vivax тудыратын безгек (vivax-безгегі, үш күндік безгек);
• P. ovale тудыратын безгек (ovale-безгегі);
• P. falciparum тудыратын безгек (тропиктік безгек);
• P. malariae тудыратын безгек (төрт күндік безгек);
• Безгек- микст (аралас, қоздырғышы көрсетілетін).

II. Эпидемиология бойынша:
• сырттан әкелінген – сол аумақтан (елден) тысқары жерде жұқтыру жағдайы;
• сырттан әкелінгеннен болған салдарлық – жұқтыру көзі сырттан әкелінген жұқпа болған жағдай;
• жергілікті – жұқтыру көзі кез келгген басқа оқиға болған және жергілікті таралудың  нәтижесі болып табылатын жағдай;
• қайталанатын – ертеректе, ошақтағы таралудың үзілуіне дейін орын алған жергілікті жұқтыру оқиғасы; әдетте, үш күндік безгек жағдайында жұқтыру өткен эпидмаусымнан бұрын орын алған деп қабылданады.

III. Инфекцияның таралу тетігі бойынша:
• трансмиссиялық (маса шағу арқылы);
• екпелік (шизонтты) (қан арқылы).

IV. Клиникалық көріністері бойынша:
• үш күндік (vivax – безгегі, ovale – безгегі және тропиктік безгек);
• төрт күндік (malariae – безгегі).

V. Клиникалық көріністерінің айқындығы бойынша:
клиникалық түрде айқын (кәдімгі);
симптомсыз паразит тасымалдаушылық (гиперэндемиялы өңірлерде бастан өткерген безгектен кейін қалыптасады).

VI. Ауырлығы бойынша:
• жеңіл;
• орташа ауыр;
• ауыр;
• өте ауыр.

VII. Тропиктік безгек кезінде асқынулардың болуы және болмауы бойынша [7]:

• асқынбаған;
• асқанған:
• церебралды нысаны (безгек комасы);
• инфекциялық-уыттық шок (безгектік алгид);
•  гемоглобинурийлік қызба;
•  БФЖЖ
•  өкпенің жіті ісінуі
•  нефроздық синдром
•  көкбауырдың (талақтың) жарылуы
•  ТТІҰ-синдромы

VIII. Безгекке қарсы дәрілік препараттарға сезімталдық бойынша:
• төзімді (резистентті)
• төзімсіз (резистентті емес)

IX. Ағымы бойынша:
• ілкі (бастапқы кезеңі, күшіне мінген кезеңі, сауығу кезеңі);
• қайталанбалы;
рецидивтер:
(патогенезі бойынша: экзоэритроциттік және эритроциттік)
мерзімі бойынша: ерте - 2 айға дейін және кейінгі – 2 айдан кейін)

X. Басқа аурулармен үйлесуі бойынша:
• безгек + соматикалық ауру;
• безгек + инфекциялық және/немесе паразиттік ауру.
 

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі [6]:

Негізгі диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
•  жалпы қан анализі;
•  жалпы несеп анализі;
• Романовский-Гимез бойынша боялған қанның жұқа жағындысының және қалың тамшысының микроскопиясы.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
•  қанның биохимиялық талдауы (жалпы, тура және тура емес билирубин, аланинаминотрансфераза,  аспартатаминотрансфераза, глюкоза, несепнәр, креатинин);
•  құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет зерттеп-қараулардың ең аз тізбесі:
•  жалпы қан анализі;
•  жалпы несеп анализі (сары пигменттерге несеп);
• Романовский-Гимез бойынша боялған қанның жұқа жағындысының және қалың тамшысының микроскопиясы.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
•  жалпы қан анализі;
•  жалпы несеп анализі;
• безгек плазмодийін табу және паразитемия деңгейін анықтау үшін қанның жұқа жағындысының және қалың тамшысының микроскопиясы.
• қанның биохимиялық талдауы (жалпы, тура және тура емес билирубин, аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, гаммаглутамилтранспептидаза, сілтілі фосфатаза, жалпы ақуыз, альбумин, глюкоза,  несепнәр, креатинин);
•  құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
•  қанның биохимиялық талдауы (қан электролиттері - калий, РО2 , РСО2 деңгейін анықтау);
•  коагулограмма  (қанның ұю уақыты, белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақыт,  протромбинді индекс немесе қатынас, А, В фибриногені, этанолды тест, тромбиндік уақыт, плазманың гепаринге төзімділігі, қандағы ІІІ антитромбин).
•  вирусты гепатиттердің маркерлеріне ИФА;
•  жұлыннан сұйықтық алу (безгек комасы дамыған кезде);
•  тәуліктік несеп шығаруды (диурезді) өлшеу;
•  кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы (бронхитке, өкпенің қабынуына (пневмония) күдіктенгенде);
•  ЭКГ (жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы кезінде).
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
• шағымдар мен ауру анамнезін жинау, соның ішінде эпидемиологиялық;
• физикалық зерттеп-қарау.
 
Диагностикалық критерийлер [1-5]:
 
Шағымдар:
•  тән пароксизмдер/безгек үштігі: қалтырау, ыстықтау, ағыл-тегіл тер бөліну;
•  улану: бас ауыруы, әлсіреу, тәбеттің төмендеуі, артралгия, миалгия, белдегі ауырсыну, ауыр ағымы кезінде: басы айналу, лоқсу, құсу, үлкен дәреттің сұйылуы;
•  апирексия кезінде науқастардың өзін-өзі сезінуі қанағаттанарлық болуы мүмкін.

Анамнез:
•  жіті басталу;
•  аурудың ағымы:
бастапқы кезеңінде: бұрыс типтегі инициалды қызба (38-39С-қа дейін);
күшею (өршу) кезеңінде: үш күндік безгек кезінде 48 сағаттан кейін және төрт күндік безгек кезінде 72сағаттан кейін дұрыс кезектесетін (интермиттелетін) қызба;
• қызбаның ұстамасы дене қызуының қалыпты мәндерге дейін сыни (қатты) төмендеуімен аяқталады (қызуды түсіретін препараттарды қабылдаусыз);
•  бұрын болған безгек ауруына нұсқау (рецидив);
•  безгекті емдеу сызбанұсқасының бұзылуы (рецидив).
 
Эпидемиологиялық анамнез:
• кейінгі 3 жыл ішінде безгек бойынша эндемиялы елдерде болу/масаның шағуы (2-қосымша);
• қан құю;
• ағзаларды алмастыру (эндемиялы елдерде);
• кейінгі 3 жыл ішінде безгек бойынша эндемиялы елдерге барған қан донорлары;
• асептика мен антисептика қағидалары бұзылған кезде көп реттік қолданыстағы медициналық құрал-саймандарды пайдалану (қауіп тобы – инъекциялық есірткілерді пайдаланушылар);
• босану кезінде баланың науқас анадан вертикальды жолмен жұқтыруы;
• «аэропорттық» немесе «жол жүгі» безгегі (инфекция жұқтырған адамдардың/масалардың, соның ішінде алып көлік тораптары арқылы «өткінші» жолаушылардың эндемиялы аудандардан келуі);
• халықаралық әуежайлар мен кеме порттарының қызметкерлері;
• паразит тасымалдаушылар (безгек бойынша эндемиялы елдерден келген шетел азаматтары).
 
Физикалық зерттеп-қарау:
Ұстама кезінде:
• қалтырау кезеңінде: беттің қуқылдығы, аяқ-қолдардың тері жабыны сипап көргенде салқын, акроцианоз;
• қызба кезінде: бетті қан кернеу (гиперемия); аққабық тамырларының инъекциясы, құрғақ, ыстық тері, ентігу, тахикардия, гипотония;
• айқын тершілдік/қызбаның сыни төмендеуінен кейін ағыл-тегіл тер бөліну.
Екі-үш ұстамадан кейін мыналар анықталады:
• тері жабындарының қуқылдығы (бозаңдығы);
• сарғаю (субиктериялық);
• көкбауырдың үлкеюі;
• бауырдың үлкеюі;
Сырқаттың ауыр ағымы кезінде:
• тыңдағанда (аускультациялы түрде): бронхит, өкпенің қабынуы дамыған кезде өкпедегі құрғақ сырылдар, ылғалды – өкпенің ісінуі кезінде;
• бірқалыпты метеоризм;
• сұйық дәрет;
• олигурия (БФЖЖ дамыған кезде)
• ісінулер, гипертония (нефроздық синдромның дамуы кезінде төрт күндік безгекке тән);
• елестеу, сандырақтау, құрысулар, сананың бұзылуы (церебралды нысанында).
Салдарлық латентті кезеңі:
ұстамалар тоқтағаннан кейін: температура қалыптанады, бірақ науқастардың кей бөлігінде – қанда плазмодийлер болмаған кезде, тепе-теңдіктің бұзылуы немесе салдарлық инфекцияның қосылуы есебінен субфебрилді температура болады.
 
Ерте рецидивтер (эритроциттік):
• 2 аптадан соң – ілкі (біріншілік) безгек пароксизмдері аяқталғаннан кейін 2 айға дейін;
• өзіне тән клиникалық көріністерге ұласады, инициалды қызба болмайды, неғұрлым жеңіл өтуі мен пароксизмдердің азырақ саны байқалады.
 
Кейінгі рецидивтер (экзоэритроциттік):
• 2 және одан көп ай өткен соң дамиды;
• экзоэрироциттік (ұлпалық) шизогонияның жандануы есебінен өзіне тән клиникалық көріністерге ұласады.
 
Жүкті әйелдердегі безгек:
•  ауыр өту қаупі, әсіресе, 2-ші және 3-үшайлықтарда;
•  өкпенің ісінуі және гипогликемия түріндегі жиі асқынулар;
•  айқын қаназдық, әсіресе, тропиктік безгек кезінде;
•  көкбауыр мен бауырдың күрт үлкеюі;
•  баланың аз салмақпен туылуы;
• ұрықтың безгек жұқтыруы (көкбауыр мен бауырдың айтарлықтай үлкеюімен, әлсіз, шала дамыған, қаны аз балалар туылады)
•  түсік тастаудың, мерзімінен ерте босанудың, босанудан кейінгі асқынулардың және өліммен аяқталатын нәтиженің даму қаупі (50%).
•  босанудан кейінгі кезеңдегі жиі бактериялық асқынулар
 
Балалардағы безгек:
• безгек емізулі балаларда өзіне тән сипаттарын жоғалтады;
• аурудың ұстамалары кішкене көрінеді немесе болмайды;
• ұстаманың басталуына тән қалтыраудан көгеру, кейін аяқ-қолдардың салқындауы туындауы мүмкін;
• әдетте ересектердегі безгек ұстамалары аяқталғанда болатын ағыл-тегіл терлеу мұнда болмайды;
• дене қызуы жоғары күйінде қала беретіндіктен, ұстамалар арасындағы кезең онша айқын көрінбейді;
• менингиттік құбылыстар байқалуы мүмкін;
• менингоэнцефалиттің симптомдары (лоқсу, құрысулар, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігімен ауыр токсикоз);
• ішек дисфункциясы жиі болады;
• қаназдық жылдам дамиды, көкбауыр мен бауырдың мөлшері ұлғаяды.
 
Жоғары жастағы балаларда болатын безгектің клиникасы ересектердегімен бірдей:
• неғұрлым айқын көрінетін улану (басы ауыру, бас айналу);
• қысқа мерзімдік тонустық құрысулар;
• патологиялық қоспаларсыз сұйық дәрет;
• құрсақтағы белгілі бір орналасуы жоқ, бірқалыпты ауырсыну;
• қаназдықтың жылдам дамуы (2-3 ұстамадан кейін);
• 10,0–15,5х10 9 г/л шегіндегі лейкоцитоз;
• паразитемияның төмен және бірқалыпты деңгейі;
• ми ісінуі (менингиттік синдром, құрысулар, ликвордағы өзгерістерсіз асқын қызыну (гипертермия) жағдайындағы жиі құсу) бірқалыпты паразитемия кезінде дамуы мүмкін;
• сараланған диагностиканың қиындықтары;
• паразитемия деңгейінің төмендігіне байланысты зертханалық диагностиканың қиындықтары.
 
Безгекті мына жағдайларда қарастыру (болжау) керек [7]:
• эндемиялы аймақта болғаннан кейінгі 3 жыл аралығындағы қызба;
• гемотрансфузиялардан немесе венаішілік инфузиялардан кейінгі 3 айлық кезеңдегі қызба;
• жаңа туылған сәби өмірінің алғашқы 3 айындағы қызба;
• генезі белгісіз қызба;
• генезі белгісіз спленомегалия;
• генезі белгісіз қаназдық;
• генезі белгісіз қызба, қаназдық, гепатоспленомегалия;
• безгек плазмодийлерінің таралу маусымындағы (мамыр-тамыз) жіті қызбалы ауру.
 
Ауыр безгекті анықтау [7]:
Егер пациент қанында P. falciparum жыныссыз нысандары табылса және келесі клиникалық немесе зертханалық бір немесе одан көп белгілер үшін басқа себеп жоқ болса, онда ауыр безгек ретінде жіктеуге болады:
клиникалық деректер:
• сананың бұзылуы, кома
• селқостық, жалпы әлсіздік (пациент біреудің көмегінсіз жүре немесе отыра алмайды)
• тәбетсіздік (анорексия)
• жалпыланған құрысулар (24 сағат ішінде 2 эпизодтан көп)
• ентігу, респираторлық дистресс синдромы (респираторлық ацидоз)
• айналымдық коллапс немесе шок (систолалық АҚ ересектерде < 70 мм рт.ст. және балаларда < 50 мм рт. ст.).
• басқа да өмірлік маңызы бар функциялар жеткіліксіздігінің көріністерімен үйлескен сарғаю
• гемогобинурия
• кенеттен болатын қан кетулер
• өкпенің ісінуі (рентгенологиялық)
Зертханалық деректер:
• гипогликемия (қан глюкозасы < 2.2 ммоль/л)
• метаболизмдік ацидоз (плазма бикарбонаттары < 15 ммоль\л)
• ауыр нормоциттік қаназдық (Hb < 50 г/л, гематокрит < 15%)
• гемоглобинурия
• гиперазотемия (> 2%/100 000/мкл – безгектің таралу деңгейі төмен аймақтарда немесе
> 5% немесе 250 000/мкл – безгек тұрақты, қарқынды таралатын өңірлерде)
• гиперлактатемия (лактат > 5 ммоль/л)
• бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (қан креатинині > 265ед/л).
 
Зертханалық зерттеулер:
ЖҚА:
•  эритроциттер санының, гемоглобин концентрациясының төмендеуі, анизо- және
пойкилоцитоз;
•  ретикулоциттер құрамының ұлғаюы;
•  салыстырмалы лимфоцитозбен, моноцитозбен тромбоцитопенияға, лейкопенияға тенденция, нейтрофилезбен лейкоцитоз болуы мүмкін (тропиктік безгек кезінде);
•  ЭШЖ ұлкеюі;
•  аурудың ауырлығына қарай гематокриттің төмендеуі.

ЖНА:
•  протеинурия (нефроздық синдромның дамуы кезінде төрт күндік безгекке тән);
•  цилиндрурия, эритроцитурия (тропиктік безгек кезінде).

Қанның биохимиялық талдаулары:
• жанаманың (эритроциттер гемолизі); тікелейдің (уыттық гепатит дамыған кезде) есебінен билирубиннің көтерілуі;
• аминотрансферазалар деңгейінің артуы (уыттық гепатит дамыған кезде);
• креатининнің, қалдық азоттың, несепнәрдің көтерілуі (БФЖЖ дамыған кезде);
• гипогликемия (улану);
• калийдің көтерілуі;
• плазма бикарбонаттарының төмендеуі < 15 ммоль\л (метаболизмдік ацидоз);
• гиперлактатемия (лактат > 5 ммоль/л)
Коагулограмма: протромбинді индекстің, ІІІ антитромбиннің, В фибриногеннің (тропиктік безгек кезінде)  төмендеуі.
ЖС талдауы: қысымның, ақуыз құрамының 1-2 г/л-ге дейін (тропиктік безгек кезінде) көтерілуі.
Қалың тамшы мен жұқа жағындының микроскопиясы: қоздырғыш түрін, олардың жастық сатыларын, паразитемия деңгейін анықтау.
 
Аспаптық зерттеулер.
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ: спленомегалия, гепатомегалия, бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздік белгілері (тропиктік безгек кезінде);
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы: бронхиттің, өкпе қабынуының (пневмония), өкпенің ісінуінің (тропиктік безгек кезінде) белгілері;
ЭКГ: миокардиттің белгілері, миокардтағы жайылған (диффузиялық) өзгерістер.
 
Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
•  реаниматологтың  консультациясы (тропиктік безгек кезіндегі кезек күттірмейтін жай-күйлердің дамуы (өкпенің ісінуі, ТТІҰ-синдромы, БФЖЖ, бауыр функциясының жіті жеткіліксіздігі, мидың ісінуі, безгек комасы);
•  неврологтың консультациясы (нерв жүйесі зақымдануының симптомдары дамыған кезінде,  безгек комасы);
•  офтальмологтың консультациясы (ми ісінген кезде көз түбін тексеріп-қарау үшін, тропиктік безгек кезінде);
•  урологтың және/немесе нефрологтың консультациясы (төрт күндік безгек кезінде –нефроздық синдром, тропиктік безгек кезінде БФЖЖ дамығанда);
•  гематологтың консультациясы (ауыр дәрежедегі қаназдық кезінде);
•  акушер-гинекологтың консультациясы (жүкті әйелдер);
•  хирургтың консультациясы («жіті құрсақ» симптомдары дамыған кезде).

Медицинский туризм

Пройти лечение в Израиле, Корее, Турции, Германии и других странах

Выбрать иностранную клинику. 

Бесплатная консультация по лечению за рубежом! 

Звоните, поможем: 8 747 094 08 08

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Медицинский туризм

Пройти лечение в Корее, Израиле, Германии, США

Звоните, поможем: 8 747 094 08 08

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
•  жіті клиникалық көріністерді тоқтату;
•  радикалды емдеп жазу;
•  масалардың инфекция жұқтыруының алдын алу.
 
Емдеу тактикасы:
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Режим:
•  жартылай төсектік (асқынуларсыз безгек);
•  төсектік (асқынулар дамыған кезінде).
Емдәм (жеңіл сіңірілетін);
•  №5 емдәм
•  №7 емдәм (нефроздық синдром дамыған кезінде).
 
2,5-3,0 л-ге дейін мол сұйықтық ішу.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
P. vivax, P. ovale, P. malariae және P.falciparum тудырған безгекпен ауыратындарды емдеу (хлорохинге төзімділік болмаған кезде) [7]:
• Жіті клиникалық көріністерді тоқтату гематошизотроптық препаратпен жүргізіледі.
 
Ересектер үшін: Хлорохинді* (хлорид немесе дифосфат) (chloroquine-CQ) курстық 25 мг негіз/кг мөлшерінде 3 күн бойына (15+5+5) per os:
1-күн 2 қабылдаумен: 6 сағаттық аралықпен 10 мг/кг және 5 мг/кг;
2-күн – 5 мг/кг бір рет.
3-күн - 5 мг/кг бір рет.
3-тәулікте қызба сақталған кезде және жоғары паразитемия кезінде емдеу курсы тағы 2 күнге жалғастырылуы мүмкін:
4-күн - 5 мг/кг бір рет
5-күн – 5 мг/кг бір рет

Балаларда безгекті емдеу үшін хлорохин* мөлшері:

  Хлорохин мөлшері 150 мг-дық таблеткаларда
Науқастың жасы 0-3 ай 4-11 ай 1-2 жас 3-4 жас 5-7 жас 8-10 жас 11-13 жас 14 жас
Науқастың салмағы (кг) 5-6
 
7-10  11-14 15-18 19-24
 
25-35 36-50 50
 
1-күн 0,5 0,5 1,5 2,5 3 4
2-күн 0,25 0,5 1,5 2,5 3 4
3-күн 0,25 0,25 0,5 2 2
 
Хлорохинмен емдеу үш күндік безгектің толық, радикалды емдеп жазылуына кепілдік бермейді, себебі гематошизотроптық препараттар байырдағы гипнозоиттарға әсер етпейді, сондықтан тоқтатушы емнің курсы гистошизотроптық препаратпен радикалды емдеуді тағайындаумен толықтырылуы тиіс.
• Vivax-  және  ovale-безгектерін радикалды емдеп жазу және инкубациясы ұзаққа созылатын vivax-безгегінің радикалды химиопрофилактикасы:
 
Примахин дифосфаты* (Primachinum Diphosphate-PQ) ересектерге 0,25 мг/кг және балаларға 300 мкг∕кг∕тәу негізден емдеудің 4-күнінен қоса алғанда 17-күніне дейін (14 күн) күн сайын бір рет per os.
Егер пациент Океания және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінен келген болса, примахиннің мөлшері - 0,5 мг /дене салмағының кг.
P.vivax тудырған, примахинге төзімді безгекті радикалдық емдеу үшін (Chesson штамдары) примахинмен емдеу курсының ұзақтығы - 21 күн бойына тәулігіне 0,25 мг/кг мөлшерінде.
Тропиктік безгек кезінде тек қанда гаметоциттер сақталатын жағдайларда ғана тағайындайды.
G6PD тапшылығының жеңіл немесе бірқалыпты дәрежесінде примахинді 8 апта бойына аптасына бір рет 0,75 мг негіз/дене салмағының кг мөлшерінде қабылдау керек. G6PD ауыр жеткіліксіздігі кезінде примахинді қолдану қарсы көрсетілген.
Примахинмен емдеу курсын 14 күннен кемге қысқарту безгектің қайталануына алып келеді. Науқас препаратты медициналық персоналдың қатысуымен «науқастың аузына» қағидасы бойынша қабылдауы тиіс.   
Үш күндік безгекті емдеудің (тоқтатушы және радикалдық) стандартты толық курсының ұзақтығы – 17 күн (3+14).
 
Жүкті әйелдердегі үш күндік безгекті емдеу
Жүктілік кезіндегі безгекті емдеудің басты мақсаты ананың өмірін сақтау болып табылады [7]. Жүкті әйелдер қанында паразиттер табылғаннан кейін қарапайым сызбанұсқа бойынша хлорохинмен* тоқтатушы емнің стандартты курсын алады, радикалды ем курсы босанғаннан кейін және лактация кезеңі аяқталғаннан кейін тағайындалады.     
 
Иммунсыз тұлғалардағы асқынбаған тропиктік безгекті емдеу:
Мефлохин Mefloquine
1-сызбанұсқа: 6-8 сағат аралығымен 2 рет 15мг/кг (курстық мөлшері15 мг
негіз/кг) қабылдайды
2-сызбанұсқа (Үндіқытай түбегі елдерінде – Камбоджа, Вьетнам, Таиландта инфекция жұқтыру кезінде, мефлохинге сезімталдық төмендеген кезде: 6-8 сағат аралығымен 2 рет 15 мг/кг, 12- 24 сағаттан кейін 10 мг/кг (курстық мөлшері 25 мг негіз/кг) қабылдайды).
 
Хлорохинге тұрақты, асқынбаған тропиктік безгекті, үш күндік безгекті емдеу (соның ішінде эндемиялы елдерден оралған саяхатшыларда):
• Жіті клиникалық көріністерін тоқтату
Ересектер үшін: Хинин* (дигидрохлорид) 10 мг∕кг/тәу per os (3 қабылдаумен) + доксициклин 100 мг (тәулігіне 1 рет) 7 күн бойына бір уақытта немесе бірізділікпен ауызбен ішу немесе клиндамицин 10 мг/кг (2 қабылдаумен) 5 күн бойына бір уақытта немесе бірізділікпен ауызбен ішу  .
 
8 жасқа дейінгі балалар үшін: хинин 10 мг∕кг/тәу (3 қабылдаумен) + клиндамицин (күніне екі рет 10 мг / кг) 7 күн бойына.
 
8 жастан асқан балалар үшін: хинин 10 мг∕кг/тәу (3 қабылдаумен) + доксициклин 2 мг∕кг/тәу (1 қабылдаумен) 7 күн бойына.
 
Ерте рецидивтердің пайда болу қаупін азайту мақсатымен, хининмен емдеуді антибиотиктармен (доксициклин, клиндамицин) ұштастыру қажет.
 
Хининге тұрақты тропиктік безгекті емдеу:
Безгектің аталмыш түрін емдеудегі ДДҰ негізгі стратегиясы - қоздырғыштың науқас барып келген елдегі препараттарға сезімталдығын ескеру болып табылады. Қолданыста ең жақсы ем, әсіресе, P. falciparum безгегі жағдайында, артемизининге негізделген құрама терапия (АҚТ) болып табылады [7].
Артемизинин (Artemisinin) (жусан сығындысы) және оның туындылары:

Ересектер үшін:
1) артесунат*  (AS)  тәулігіне 2  мг/кг 2 қабылдаумен 3 күн. Доксициклинмен (күніне бір рет 3,5 мг / кг) немесе клиндамицинмен (күніне екі рет 10 мг / кг) біріктіріп, 7 күн бойына қабылдайды.
2) артесунат*  (AS)  тәулігіне 4  мг/кг 2 қабылдаумен 3 күн. 2-күнінде мефлохинмен ұштастырып (15 мг/кг бір рет) қабылдайды.
 
Асқынбаған тропиктік безгекті жүктіліктің алғашқы үш айында емдеу
Хинин* (дигидрохлорид) 10 мг∕кг/тәу  per os (3 қабылдаумен) + клиндамицин 10 мг/кг (2 қабылдаумен) 7 күн бойына бір уақытта немесе бірізділікпен ауызбен ішу.
Ем тиімсіздігі кезінде:
Артесунат*  (AS)  тәулігіне 2  мг/кг 2 қабылдаумен 3 күн. Клиндамицинмен (күніне екі рет 10 мг / кг) біріктіріп 7 күн бойына  қабылдайды.
Екінші және үшінші үш айлық кезеңде және лактация кезеңінде:
Артесунат* + клиндамицин 7 күн бойына
 
Асқынған тропиктік безгекті (церебралды безгек, безгекті алгид) емдеуді қарқынды терапия бөлімшесінде жүргізеді.
 
Ересектер үшін хининнің бастапқы мөлшерін екі тәсілмен енгізуге болады:
• Хинин*, Quinine. 7 мг тұз/кг вена ішіне тамшылы түрде 30 мин бойына, содан соң 10 мг тұз/кг вена ішіне тамшылы түрде 4 сағат бойына (тәуліктік мөлшері 17 мг тұз/кг 4,5 сағат бойына);
• Хинин*, Quinine. 20 мг тұз/кг мөлшерін 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде (10 мл/кг), вена ішіне 4 сағат бойына.
Емдік әсерді ұстап тұратын 10 мг тұз/кг мөлшері 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде (1,5-2 сағат бойына) 8 сағаттық аралықпен вена ішіне енгізуге - хинин сульфаты препаратын әр 8 сағат сайын 7 күн бойына 10 мг тұз/кг мөлшерінде ауызбен ішуге көшкенге дейін қабылдау үшін тағайындалады + доксициклин 100 мг (тәулігіне 1 рет), 7 күн бойына бір уақытта немесе бірізділікпен, ауызбен ішу. Емдеу курсы – 7 күн.
Бүйрек-бауыр жіті жеткіліксіздігі дамыған кезде хининнің тәуліктік мөлшерін 10 мг тұз/кг мөлшеріне дейін азайтып, минутына 20 тамшы жылдамдығымен енгізу керек.
7-10 күн бойына тәулігіне 100 мг доксициклинмен біріктірген жөн.
Емдеу курсы аяқталғаннан кейін безгек таралатын маусымда бір рет 45 мг негіз мөлшерінде примахин* тағайындау керек.
 
Балалар үшін:
• Бірінші желі терапиясы - Артесунат* (60 мг ампулада) 2,4 мг/кг вена ішіне немесе бұлшықет ішіне, содан кейін 12 және 24 сағат сайын, содан кейін күніне 1 рет 1,2 мг/кг, 6 күн бойына
• Хинин*, Quinine. Хининнің соққылық мөлшерін (15 мг\кг) 5% глюкоза ерітіндісінде вена ішіне тамшылы түрде 4 сағат бойына құяды. Демеуші мөлшерін (10 мг\кг) 12 сағат аралығымен 2 сағат бойына енгізеді (артесунат болмаған кезде).
 
Баламалы терапия (әсері болмаған кезде ұсынылады):
 
Ересектер үшін:
Артесунат* 2,4 мг/кг в/і (ампуладағы 60 мг-ды 0,6 мл 5% натрий бикарбонатында, содан кейін, 5 мл 5% глюкозада ерітіп, дереу в/і сорғалатып енгізеді). Кейін 1,2 мг/кг-нан 6 күн бойына күніне 1 рет 12 -24 сағаттан соң құйылады.
• Содан кейін мефлохин 25 мг/кг 8 және 24 сағат өткен сайын 2 қабылдаумен.
Артесунат* (ампулада 60 мг) 2,4 мг/кг, кейінгі инъекциялармен 1,2 мг/кг мөлшерінде 12 және 24 сағаттан соң бұлшықет ішіне енгізуге болады, ал одан кейін күнделікті 1,2 мг/кг-нан 6 күн бойына. Егер науқас дәріні жұта алатын болса, күндізгі мөлшерін ауызбен ішуге беруге болады.
• Одан кейін мефлохин* 25 мг/кг 8 және 24 сағат сайын 2 қабылдаумен.
Балалар үшін:
Артесунат* (ампулада 60 мг) 2,4 мг/кг вена ішіне немесе бұлшықет ішіне, кейін 12 және 24 сағат өткен соң, одан кейін күніне 1 рет 1,2 мг/кг, 6 күн бойына (бірінші желі терапиясы)
 
Тропиктік безгектің асқынған нысанын емдеу кешенді түрде болуы тиіс: этиотроптық және патогенездік (асқынулардың тиісті терапиясы). Барлық ауыр безгек жағдайларында өршуді профилактикалау мен химиялық терапияның болмашы жанама әсерлерінен жалтару екінші кезекте болып табылады [7].
 
Гемоглобинурийлік қызба дамыған кезде (Г6ФДГ тапшылығы бар тұлғаларда қарқынды инвазияның немесе кейбір безгекке қарсы препараттарды - хинин, примахинді қолданудың нәтижесінде ауқымды тамырішілік гемолиз) гемолиз тудырған препаратты алып тастайды.
 
Екпелік (шизонтты) безгекті емдеу
Безгек плазмодийінің қай түрінен туындағанына қарамай, примахин тағайындалмайтын үш күндік және овале-безгегін қоспағанда, екпелік безгекті емдеу тиісті спорозоиттық инфекцияның емі секілді жүргізіледі, өйткені шизонтты инфекция кезінде гепатоциттерде гипнозоиттар болмайды, яғни паразиттер тек қанда болады.
 
Қайталанатын безгекті емдеу аурудың тиісті нысанының алғашқы шабуылын емдеудің стандартты сызбанұсқасы бойынша жүргізіледі немесе емдеу сызбанұсқасын өзгертеді.
 
Паразит тасымалдаушыларды емдеу безгекпен ауыратындарды емдеген секілді жүргізіледі.
 
Гаметатасымалдаушылықты емдеуді  (тек тропиктік безгек кезінде) примахинмен* 1-3 күн бойына 0,75 мг/кг мөлшерінде жүргізеді.
 
Тропиктік безгекпен микст-безгегін емдеуді моноинфекция (тропиктік безгек) секілді жүргізіп, кейін стандартты сызбанұсқа бойынша примахинмен немесе артесунат + мефлохинмен емдейді.
 
Безгектің ауыр және асқынған нысандарын патогенездік емдеу:
• уытсыздандырғыш  терапия  –  изотониялық ерітінділерді (0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 5% декстроза ерітіндісі, трисоль, Рингер ерітіндісі) ОВҚ-ды бақылай отырып парентералды енгізу;
• 2,2 ммоль\л-ден төмен  гипогликемия кезінде - 40% декстроза ерітіндісі;
• оттекпен емдеу;
• уремиялық синдром дамыған кезде: 48 сағаттан астам түзетілмейтін олигурия, гиперкалиемия, креатинин деңгейінің жоғарылауы және уремияның т.б белгілері – гемодиализ;
• ауыр қаназдық (гематокрит деңгейінің 15-20%-ға дейін төмендеуі кезінде) – эритроциттік масса немесе тұтас қан құю;
• гемоглобинурийлік қызба дамыған кезде - преднизолон тәулігіне 1-2 мг\кг, 2-3 күн бойына бұлшықет ішіне немесе вена ішіне;
• 38,5С-тан жоғары асқын қызын (гипертермия) кезінде: балалар үшін – парацетомол (ацетаминофен) 15 мг/кг-нан әрбір 4 сағат сайын (ауызбен ішу немесе суппозиторийлер түрінде);
• септицемия дамыған кезде –кең спектрлік әсерге ие антибиотиктер
Цефтриаксон б\і немесе в\і
• ТТІҰ дамыған кезде – К дәрумені, ЖМП
• құрысу синдромы кезінде – диазепам 10 мг/2 мл б\і
• кезек күттірмейтін жай-күйлер (өкпенің ісінуі, мидың ісінуі, инфекциялық-уыттық шок, безгек комасы, ТТІҰ-синдромы – кезек күттірмейтін жай-күйлерді емдеу хаттамасы бойынша) дамыған кезде.
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:

Негізгі дәрілік заттар тізбесі
• Хлорохина* (хлорид немесе дифосфат) (chloroquine, CQ) (шығарылу нысаны: 100 және 150 мг негізідік таблеткалар)
• Примахин дифосфаты* (Primachinum Diphosphate,PQ) (шығарылу нысаны: 3 мг және 9 мг-дық таблеткалар)
• Хинин* (дигидрохлорид) (шығарылу нысаны: 250 және 500 мг-дық таблеткалар, ампулалар 1 мл 50% ерітінді).
• Клиндамицин (шығарылу нысаны: желатинді капсулалар 75 мг – балалар үшін, 300 мг және 150 мг – ересектер үшін)
• Доксициклин (шығарылу нысаны: капсулалар 100 мг)
• Мефлохин* (шығарылу нысаны: 250 мг негіздік таблеткалар)
• Артесунат* (AS) (шығарылу нысаны: таблетка 50 мг, 200 мг, бұлшықетішілік және венаішілік инъекциялар үшін ампулалар 60 мг және еріткіш: 5% бикарбон содасы бар ампулалар)
 
Ескерту: * - бір реттік әкелу шеңберінде сатып алынатын препараттар.
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі:
• NaCl ерітіндісі 0,9% - 100, 200, 400 мл
• декстроза ерітіндісі 5% - 400,0;
• декстроза ерітіндісі 40% - 20,0;
• натрий бикарбонаты ерітіндісі 5%
• инфузияға арналған Рингер ерітіндісі, 200 мл және 400мл
• инфузияға арналған Трисоль ерітіндісі 200 және 400 мл
• Жаңадан мұздатылған плазма (ЖМП)
• парацетамол таблеткалар 0,2 және 0,5 г, тік ішектік суппозиторийлер 0,25; 0,3 және 0,5 г
•  К дәрумені, ампулалар 1% - 1,0 мл
•  цефтриаксон инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, құты 1г, 2г;
•  преднизолон, ампулалар 30 мг/мл, 25 мг/мл;
•  фуросемид, ампулалар 2,0 мл-ден 10мг/мл.
•  диазепам, ампулалар 10 мг/2 мл
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
жедел медициналық көмек кезеңінде кезек күттірмейтін жай-күйлер дамыған кезде (өкпенің ісінуі, мидың ісінуі, инфекциялық-уыттық шок, безгек комасы – жедел медициналық көмек кезеңінде кезек күттірмейтін жай-күйлерді емдеу хаттамасы бойынша).
 
Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.

Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:

Емдеудің стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
 
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері:
 
Хирургиялық араласу:

Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу:
 
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
 Операция түрлері:
• спленэктомия.
Операция үшін көрсетімер:
• көктамырдың жарылуы.

Профилактика


Химиялық профилактиканың мақсаты – безгек плазмодийлері тіршілігінің көрінуін болдырмау немесе айтарлық шектеу үшін олардың тіршілік циклының әртүрлі нысандарына әсер ету.
Эндемиялы аумақтарға шығушы тұлғалар безгекті, әсіресе, оның хлорохинге төзімді нысанын жұқтыру қаупі туралы туристік фирмалармен, ведомстволармен және ұйымдармен ескертіледі және сапарға шыққан жағдайда тропиктік безгекке қарсы жеке химииялық профилактика курсынан өтеді [6]. Химиялық профилактиканың тиімділігі препаратты, оның мөлшерін және қолдану сызбанұсқасын таңдауға байланысты болады, ал ол дәрігердің безгектің барлық түрлік нысандарының таралуының және, әсіресе, дәрілік төзімділігі бар тропиктік безгектің таралуының географиялық ерекшеліктерін білуін талап етеді. [6] (5-қосымша).
Маусымдық химиялық профилактиканы белсенді ошақтарда (Қазақстан Республикасында жергілікті безгек оқиғалары пайда болған кезде тек таралу маусымы кезеңінде), инфекция көздерінде масалардың инфекция жұқтыруының алдын алу үшін, жасына сәйкес аптасына 1 рет хлорохинмен жүргізеді.
Маусымаралық химиялық профилактиканы белсенді ошақтарда (Қазақстан Республикасында жергілікті жағдайлар пайда болған кезде) безгек маусымдары аралығында (наурыз, сәуірде немесе қазан, қарашада) гепатоциттерде ұзақ сақталатын P.vivax және P.ovale нысандарына әсер ету үшін примахинмен (сызбанұсқасы емдеу кезіндегідей) жүргізеді.
Міндетті шарты препаратты қабылдаудың тұрақты болуы және мөлшерлемені сақтау болып табылады (медицина қызметкерлері мен халыққа нұсқама өткізу). Ошақ тұрғындарының кемінде 90%-ын қамту қажет.
Біріншілік профилактика шаралары:
•  қан соратын жәндіктердің шағуынан қорғану үшін терезелер мен есіктерге торлар орнату (эпидемиологиялық маусымда).
 
Безгекті уақтылы анықтау бойынша шаралар [6]:

Мына контингенттің:
- безгек бойынша эндемиялы аумақтардан келген және кейінгі үш жыл ішінде эндемиялы аумақтарға барған тұлғалардың: есепе қойған кезде немесе мына симптомдардың кез келгені: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, дімкәстік, басы ауыру, бауырдың, көкбауырдың үлкеюі, аққабықтың және тері жабынының сарғаюы, ұшық, қаназдық   байқалған кезінде клиникалық көрсетімдер бойынша (2-қосымша);
- безгек бойынша эпидемиялық маусымда үш күн бойына және жылдың басқа уақытында бес күн бойына қызуы көтеріліп ауырған науқастардың;
- қойылған диагнозға сәйкес жүргізіліп отырған емге қарамастан, дене қызуы созылып, ауық-ауық көтерілетін науқастардың;
-қан құйғаннан кейінгі үш айда дене қызуы көтерілген кезде реципиенттердің;
- алдында безгекпен ауырған тұлғалардың: дене қызуының көтерілуіне ұласатын кез келген ауру кезінде;
- қан тапсырар алдында донорлардың қанының қалың тамшысы мен жұқа жағындысын микроскопия әдісімен зерттеп-қарау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Паразитарные болезни человека. Руководство для врачей/Под ред. В.П. Сергиева, Ю.В. Лобзина, С.С.Козлова - Санкт- Петербург, 2006 г. 2) Инфекционные болезни: национальное руководство /Под ред. Н.Д.Ющука, Ю.Я.Венгерова - М.:ГЭОТАР - Медиа, 2010. - 1056 с. 3) «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. Практическое руководство/ С.А.Амиреев, Т.А.Муминов, В.П.Сергиев, К.С.Оспанов - том 2, Алматы, 2008 г. 4) Тропические болезни: учебное пособие /Л.Б.Сейдулаева, К.Н.Набенов, А.К.Дуйсенова, Р.А.Егембердиева - Алматы, 2010 г. 5) Постановление Правительства Казахстана № 89 от 17.01.2012 г. Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий по предупреждению паразитарных заболеваний» 6) Guidelines for the treatment of malaria - 2nd edition. © World Health Organization, 2010 7) http://www.cdc.gov/malaria/diagnosis_treatment/diagnosis.htm 8) Информационный бюллетень ВОЗ N°94 Март 2014 г.

Ақпарат


Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, клиникалық жұмыстар және үздіксіз кәсібіи даму бойынша проректор, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас инфекционисті.
2) Дүйсенова Амангүл Қуандыққызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК инфекциялық және тропиктік аурулар кафедрасының меңгерушісі.
3) Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы – «Астана медицина университеті» АҚ, дәрігер-клиникалық фармаколог, жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Баешева Динагүл Аяпбекқызы – м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» АҚ, балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе дәлелділіктің неғұрлым жоғары деңгейі бар диагностикалаудың және/немесе емдеудің жаңа әдістері пайда болған кезде қайта қарау.
 

Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх