Сүйек өтімділігі бар есту аппаратын импланттау

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Врожденная аномалия слуховых косточек (Q16.3), Врожденная аномалия уха, вызывающая нарушение слуха неуточненная (Q16.9), Врожденное отсутствие ушной раковины (Q16.0), Врожденное отсутствие, атрезия и стриктура слухового прохода (наружного) (Q16.1), Другие врожденные аномалии среднего уха (Q16.4), Другие уточненные пороки развития уха (Q17.8), Кондуктивная потеря слуха двусторонняя (H90.0), Кондуктивная потеря слуха неуточненная (H90.2), Кондуктивная потеря слуха односторонняя с нормальным слухом на противоположном ухе (H90.1), Микротия (Q17.2), Порок развития уха неуточненный (Q17.9), Смешанная кондуктивная и нейросенсорная тугоухость двусторонняя (H90.6), Смешанная кондуктивная и нейросенсорная тугоухость односторонняя, с нормальным слухом на противоположном ухе (H90.7)
Сурдология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «18» тамыздағы
№ 26 хаттамасымен мақұлданған

Сүйек өтімділігі бар есту аппаратын имплантациялау – есту протезін қолданудың бір түрі, пациенттердің есту қабілеттерінің бұзылуларын тікелей сүйек өтімділігі қағидасы бойынша дыбыс жіберу есебінен қалыпқа келтіруге арналған. Дыбыс процессоры дыбысты дірілге  айналдырады, олар тірек, имплантат және бас сүйегі  арқылы  ішкі құлақтың ұлуына өткізіледі. Сөйтіп жүйе есту каналының және ортаңғы құлақтың қызметіне тәуелді болмастан жұмыс жасай береді, яғни өз алдына есту қабілетінің нашарлауының себебі болған есту жүйесінің зақымдалған  кондуктивті элементін ауыстыру орын алады.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Код Атауы
Н 90.0 Екіжақты кондуктивті есту қабілетін жоғалту
Н 90.1 Қарсы құлақтағы қалыпты есту қабілетімен біржақты кондуктивті есту қабілетін жоғалту
Н 90.2 Анықталмаған кондуктивті есту қабілетін жоғалту
H 90.6 Екіжақты аралас кондуктивті және нейросенсерлі саңыраулық
H 90.7 Біржақты аралас кондуктивті және нейросенсерлі саңыраулық, қарсы құлақтағы қалыпты есту қабілетімен
Q 16.0 Туа бітті құлақ жарғағының болмауы
Q 16.1 Туа бітті сыртқы есту жолының (сыртқы) болмауы, атрезиясы және тарылуы
Q 16.3 Есту сүйектерінің туа бітті ауытқушылығының болуы
Q 16.4 Ортаңғы құлақтың басқа да ауытқулары
Q 16.9 Анықталмаған есту қабілетін бұзушылықты тудыратын туа біткен құлақтың ауытқушылығы
Q 17.2 Микротия
Q 17.8 Басқа да анықталған құлақ дамуының ауытқулары, туа біткен құлақ сырғалықтарының болмауы 
Q 17.9 Анықталмаған құлақ дамуының кемістігі, құлақтың туа біту кемістігі
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АЛТ аминотрансферазаланины
АСТ аминотрансферазаспартаты
г/л граммға литр
Гц Герц
дБ децибел
ӨЖЖ өкпені жасанды желдету
ЖҚТ жалпы қан талдауы
ЖЗТ жалпы зәр талдауы
ЕА есту аппараты
ЭКГ электрокардиография
 
Хаттаманы пайдаланушылар: оториноларингологтар (сурдологтар).
 
Пациенттер санаты: 5 жастан бастап үлкен балалар және ересектер .
 

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізімі:
Негізгі диагностикалық іс-шаралар (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
·               ЖҚТ;
·               Қанның биохимиялық талдауы (ортақ ақуыз, қан глюкозасы, ортақ билирубин, АЛТ, АСТ, креатинин, сарысулық темір); 
·               коагулограмма (тромбоциттер, АЧТВ, ПТИ, ПТВ, фибриноген);
·               қан тобын анықтау (отаға дейінгі кезеңде);
·               резус-факторды анықтау (отаға дейінгі кезеңде);
·               ЖЗТ;
·               ЭКГ.

Қосымша диагностикалық іс-шаралар (қолданылу мүмкіндігі 100% төмен):
·               электроэнцефалография.

Емдеу тактикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Ем-шараны/араласуды өткзудің мақсаты:
·               Есту қабілетінің ішінара қалыпқа келуі .
 
Ем-шараға/араласуға көрсетілімдер:
·               құлақтың туа біткен ауытқушылықтары бар жағдайдағы екіжақты кондуктивті/аралас саңыраулық; 
·               есту қабілетін жақсартатын оталардан кейін есті қабілетінің жақсаруының болмауы;
·               дыбыс өткізудің 500 Гц-ке 55дБ көп емес, жоғары жиілікте – 75 дБ-дан көп емес шегінде сүйек өтімділігінің жоғалуы;
·               65 дБ-ға сөйлеудің түсініктілігіе 50 %-дан аса;
·               ортаңғы құлақта ота өткізу арқылы емделген соң кондуктивті/аралас саңыраулықтың бар болуы немесе  дыбыс өткізудің 500 Гц-ке 55дБ көп емес, жоғары жиілікте – 75 дБ-дан көп емес шегінде орталық құлақ дамуының ауытқушылықтары болуы;
·               ауа өткізу қабілеті бар ЕА қолдану тәжірибесі және оларды ұзақ кигендегі қанағаттандырылмағандық (сыртқы құлақ жолының туа біткен ауытқушылығы бар балалардан басқа);
·               6 ай ішінде есту қабілетінің тұрақтылығы;
·               6 ай ішінде ортаңғы құлақта қабыну үрдісінің асқынуының болмауы;
 
Ем-шараға/араласуға қарсы көрсетілімдер:
·               дыбыс өткізудің 500 Гц-ке 55дБ көп емес, жоғары жиілікте – 75 дБ-дан көп  шегінен жоғарылаумен бірге болатын сенсоневралды саңыраулықтың айқын компоненті;
·               сөйлеу анықтылығының төмен пайызы (65 дБ интенсивті дыбыс кезінде сөйлеу анықтылығы  50%-дан төмен);
·               кенет вестибулярлы бұзылулар (эндолимфатикалық гидропс, зақымнан кейінгі лабиринтопатия, есту қабілетінің экстралабиринтті бұзылуы, қан айналымының вертебробазилярлы бұзылуы);
·               жіті/ауыр соматикалық патологияның бар болуы (тыныс жолдарының жіті аурулары, жіті инфекциялық аурулар, айқын гипотрофия, вакциналаудан кейінгі қалып (10-14 күннен кем), табиғаты белгісіз гипертермия, жіті бүйрек жетіспеушілігі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, туа біткен ауыр декомпенсациялы немесе субкомпенсациялы даму кемістіктері, туберкулез, шок пен коллапс, бауыр мен бүйрек аурулары, 80 г/л деңгейінен төмен айқын анемия, әр түрлі этиологиялы жалпыланбалы тырысулар, қатерлі жаңа ісіктер (ІІІ-IV кезеңдегі), ІІІ дәрежеден жоғары тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі, декомпенсациялау кезеңіндегі аурулар, зат алмасудың компенсацияланбайтын аурулары, ревматизмдік үрдістің 2 дәрежелі және одан да жоғары белсенділігі, гормондық терапияның бар болуы, терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зең аурулары және басқалары), қант диабеті, қан аурулары, ауыр аллергиялық және аутоиммундық аурулар;
·               психикалық және өрескел жүйке жүйесінің  бұзылуларының (тұлғаның әлеуметсізденуімен қатар жүретін психикалық ауру) бар болуы;
·               ретрокохлеарлы патология.

Ем-шараны/араласуды өткізуге қойылатын талаптар

Сүйек өтімділігі бар имплантацияланатын есту аппараты:  
Сүйек өтімділігі бар есту аппараты кішкентай титанды имплантаттан тұрады, ол абатмент тері қабаты және дыюыс процессоры арқылы өтетін самай сүйегіне салынады. Қойылғаннан кейін титанды имплантат сүйек терісіне остеоинтеграция үрдісі арқылы интеграцияланады.  Абатментке қосылғаннан кейін дыбыс процессоры қабылданатын дыбыстарды дірілге айналдырады, олар сүйек арқылы сыртқы және ортаңғы құлақты өтіп кетіп тікелей құлақ ұлуына беріледі. Ота бір кезеңдік те, екікезеңдік болып та, сондай біркезеңдік (MIPS) болып та өткізіледі.

Ұзындыққа тілу техникасын қолдану арқылы өтетін біркезеңдік ота  
Имплантат және алдын ала қойылатын абатмент бір араласу ішінде тері қабатын 3см-ге ұзындыққа тілу арқылы қойылады. Дыбыс процессоры біраз уақыт өткен соң, жазылу мен остеоинтеграция үрдісі аяқталған соң қойылуы мүмкін.  


Ұзындыққа тілу техникасын қолданумен өтетін екікезеңдік ота
Бірінші кезеңде имплантатты абатментсіз қою жүзеге асырылады, әдеттегідей 3 см-ге тері қабатын ұзындыққа тілу арқылы. Имплантатқа қорғаушы бітеуіш бұрама кигізіледі, ол имплантатқа қосымша салмақсыз абатмент түрінде немесе дыбыс процессоры түрінде сүйек тініне өтуге мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде абатмент қойылады, егер отаның жоспарына абатменттың маңайындағы жұмсақ тіндерді жіңішкерту кірсе, ол жасалады. Дыбыстық процессор көп кешікпей отадан кейін қойылуы мүмкін. 


Минимал- инвазиялық хирургия 
Ота тері қабатын арнайы канюляларды қолданумен 5мм нүктелі тесу арқылы өткізіледі. Дыбыс процессоры  жазылу мен остеоинтеграция үрдісі аяқталған соң біраз уақыт өткен соң қойыла алады.    
 
Ұзындыққа тілу техникасын қолданудан гөрі минималды-инвазивті хирургия пациент үшін бірқатар артықшылықтарға ие:
·               тері қабаты жағынан асқынулардың азаюы;
·               абатментті қойған орындағы ұйып қалудың азаюы;
·               ауырсыну сезімінің азаюы;
·               жақсы косметикалық әсер.  

Ем-шараны/араласуды өткізу үшін қажет шарттар:
Сақтық шаралары мен эпидемияға қарсы режим:
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің м.о.-ның 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 127 бұйрығымен бекітілген«Денсаулық сақтау объектілеріне қатысты санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелеріне сәйкес.
 
Жарақтауға қойылатын талаптар:
·               «Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 бұйрығына сәйкес.
 
Шығыс материалдарына қойылатын талаптар:
·               процессор индикаторы;
·               тері қабатының қалыңдығын өлшеуге арналған сызғыш;
·               биопсиялық тескіш;
·               канюля;
·               бағыттаушы бұрғы;
·               кеңейтуші бұрғы;
·               тірек пен имплантат;
·                жұмсақ қорғаушы қалпақша.
 
Пациентті отаға дайындауға қойылатын талаптар:
·               ота алдындағы кеште ота жасалынатын құлақ маңайындағы шаштарды алып тастау;
·               ота күні тамақтануға тыйым салынады;  
·               ота басталғанға 30 минутқа дейін премедикация.
 
Отаны жүргізу әдістемесі:
Жатқызу: Пациент ота үстелінде арқасымен жатады, басы бір қырына қаратылған, құлақ маңайындағы ота жасалатын жері ашылған.  
Наркоз: Эндотрахеалды  ӨЖЖ мен миорелаксанттарды қолданумен құрамдастырылған.
 
1-кезең:
Белгіні  (1 сурет) киген кезде құлақ жарғағын және көзілдіріктің имек тұтқасына тиеуі тиіс дыбыс процессорын орналастыру орнын есепке алумен жүргізіледі. Имплантат есту каналынан 10 сағат жағдайында 50-55 мм аралығында қойылуы тиіс. Имплантаттың дұрыс орналасуы мен құлаққа қатысты орналасуын анықтау үшін дыбыстық процессор индикаторын қолдану керек.

1-сурет. Имплантат орналасатын орыннын белгісі  

2-кезең:
Имплантат орналасатын орындағы тері қабатының қалыңдығын өлшеу (2 сурет). Терінің қалыңдығына байланысты қандай ұзындықтағы абатмент қою керектігі анықталады. (1 кесте). 

2 сурет. Ине мен сызғыш қолдану арқылы тері қабатының қалыңдығын өлшеу.
 
1-кесте. Тері қабатының қалыңдығына байланысты абатмент ұзындығы. 

Тері қабатының қалыңдығы Абатмент ұзындығы
0.5 – 3 мм 6 мм
3 – 6 мм 9 мм
6 – 9 мм 12 мм
9 – 12 мм 14    м
 
3-кезең:
Терінің инфильтрациясынан кейін, биопсиялық тескіш арқылы диаметрі 5 мм болатын тесік жасалынады, және екіжақты распатор арқылы сүйек тысынан сүйектің беті тазаланады. Канюля қойылады. 

3-сурет. Имплантат қоюға арналған орынды дайындау.
 
4-кезең:
Бағыттаушы бұрғымен тесу суытатын сұйықтықты берумен бірге жүргізіледі, минутына 1500-2000 айналым жиілігі бар канюля арқылы тірекке дейін.
(3-сурет).

4-сурет. Бағыттаушы бұрғының көмегімен тесу.

5-кезең:
Кеңейтуші бұрғымен тесу де салқындатқыш сұйықтықты берумен бірге жүргізіледі. Айналым жиілігі минуты 1500-2000 айналыс. (4 сурет).

5-сурет. Кеңейтетін бұрғы арқылы тесу.       
 
6-кезең:
Канюляны алып тастаған соң тірек пен имплантатты қою айналу сәтін бақылаумен 40-50 см немесе сүйек тіні жұмсақ болса 10-20 см төменгі айналымдар кезіндегі кілт арқылы жүзеге асырылады. Айналым саны бойынша имплантаттың сүйекке кіру тереңдігін анықтауға болады. (5 сурет). 

6-сурет. Имплантатты қою.
 
7-кезең:
Бекітуші қалпақша мен антисептикалық білтені орналастыру (6-сурет). 

7-сурет. Қалпақшаны қою.
 
Тығыз асептикалық байлауыш таңылады. Ота аяқталды.
 
Ем-шараның тиімділік индикаторлары:
•                тірекке қосылған дыбыс процессоры арқылы есту қабілетін саңыраулықтың І дәрежесіне дейін қалпына келтіру.  

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Mylanus EA, van der Pouw KC, Snik AF, Cremers CW. Intraindividual comparison of the bone - anchored hearing aid and air-conduction hearing aids. Archives of Otolaryngology-Head & Neck Surgery 1998; 124(3):271-6. 2) Wazen JJ, Spitzer JB, Ghossaini SN, Fayad JN, Niparko JK, et al. Transcraneal contralateral cochlear stimulation in unilateral deafness. Otolaryngology-Head & Neck Surgery 2003; 129(3):248-54. 3) Bosman AJ, Snik AF, van der Pouw CT, Mylanus EA, Cremers CW. Audiometric evaluation of bilaterally fitted bone - anchored heading aids. Audiology 2001 May-June; 40(3):158-67. 4) Mobeen A. Shirazi, MD, Sam J. Marzo, MD, and John P. Leonetti, MD, Perioperative Complications With the Bone - Anchored Hearing Aid, Otolaryngology–Head and Neck Surgery (2006) 134, 236–239. 5) C. Devge, A. Tjellstrom and H. Nellstrom. Magnetic Resonance Imaging in Patients with Dental Implants: A clinical Report-The International Journal of Oral &Maxillofacial Implants 1997; 12 (3). 6) Gordon, S A, & Coelho, D H. Minimally Invasive Surgery for Osseo-integrated Auditory Implants A Comparison of Linear versus Punch Techniques. Otolaryngol-Head and Neck Surg, Jun 2015; 152(6):1089-93. 7) Hultcrantz M, Lanis A. A Five-Year Follow-up on the Osseointegration of Bone-Anchored Hearing Device Implantation without Tissue Reduction, Otol Neurotol; Sep 2014; 35(8):1480-5. 8) Hultcrantz, M. (2015). Stability Testing of a Wide Bone - Anchored Device after Surgery without Skin Thinning. BioMed Research Int., in press. 9) Johansson M, Holmberg, M, Hultcrantz M. Bone anchored hearing implant surgery with tissue preservation – A systematic literature review, Oticon Medical white paper; M52107; 2014.04. 10) Singam S, Williams R, Saxby C, Houlihan F P. Percutaneous Bone-Anchored Hearing Implant Surgery Without Soft-Tissue Reduction: Up to 42 Months of Follow-up. Otol Neurotol; Oct 2014; 35(9):1596–1600. 11) Wilson D F, Kim H H. A Minimally Invasive Technique for the Implantation of Bone -Anchored Hearing Devices. Otolaryngol - Head Neck Surg; Sep 2013; 149(3):473-7. 12) M. Wróbel, et al. "Presurgicalevaluation of retroauricularsubcutaneous tissue thickness in BAHA surgery,"OtolNeurotol, vol. 33, pp. 421-424, 2012. a. Faber et al. ”Bone-Anchored Hearing Aid Implant Location in Relation to Skin Reactions”, Arch OtolaryngolHead Neck Surg, Vol135, 742-747, 2009.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)           Медеулова Айгүл Рахманқызы – ҚР ДСМ «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Ақсай» университет клиникасы, ЛОР және Сурдология орталығының жетекшісі, жоғары санатты дәрігер хирург-оториноларинголог.
2)           Ғаббасова Еркежан Ғаббасқызы – ҚР ДСМ «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Ақсай» университет клиникасы, жоғары санатты дәрігер, оториноларинголог-сурдолог.
3)           Бекпан Алмат Жақсылықұлы – Астана қаласындағы «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» ОӘО КҚ, жоғары санатты дәрігер – оториноларинголог.
4)           Абдрахманова Лаура Хамитқызы – Астана қаласының №10 қалалық емханасы ШЖҚ РМК, 1 санатты дәрігер – оториноларинголог. 
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер:
Диаб Хассан Мохамад Али – РФ ДСМ «Ресейдің федералды медициналық-биологиялық агенттігі» ғылыми-клиникалық құлақ аурулары бөлімінің жетекшісі, Федералдық ғылыми-клиникалық орталық, медицина ғылымдарының докторы.  
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх