Войти

Сүйектің қатерсіз ісіктері (педиатрия)

ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014
Костей и суставных хрящей неуточненных (D16.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттама
 
Сүйектердің және шеміршектердің қатерсіз ісіктері - сүйек тінінен немесе буын шеміршегінен, оның шегінен шықпай пайда болатын және өсетін жаңа өспелер. Бұл ісіктер баяу өседі, көп жағдайларда сүйекте пайда болып, оның шегінен шықпай бір анатомиялық құрылымға тарайды. Ісіктік және қалыпты тін арасындағы шекара анық айқындалған, ісік жасушалары дұрыс орналасқан, бөліну белсенділігі байқалады, ісік тіні мен дәнекертінді строма арасында пропорция сақталған.
Қатерсіз ісіктер рентгенологиялық тұрғыдан сау сүйекпен аса шектелген контурлары және шекаралары, дұрыс пішіні және құрылымдық суреті бар. Қатерсіз ісіктер метастаздарды туындатпайды және түбегейлі операциялардан кейін қайталанбайды. [1]
 
Хаттама атауы: Сүйектің қатерсіз ісіктері
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 код(тар)ы:
D16 Сүйектердің және буын шеміршектерінің
D16.0 Жауырынның және қолдың ұзын сүйектерінің
D16.1 Қолдың қысқа сүйектерінің
D16.2 Аяқ жіліктерінің
D16.3 Аяқтың қысқа сүйектерінің
D16.7 Қабырғалардың, төссүйектің және бұғананың
D16.8 Жамбас сүйектерінің, сегізкөздің, құйымшақтың
D16.9 Сүйектердің және буын шеміршектерінің анықталмаған қатерсіз ісіктері
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
ЖПД – жалпы практика дәрігері;
ИФА - иммуноферменттік анализ;
КТ - компьютерлі томография;
ЕДШ - емдік дене шынықтыру;
ХНО – халықаралық нормаланған қатынас;
МРТ - магнит-резонанстық томография;
ЖҚА – жалпы қан анализі;
ЭКГ - электрокардиография.
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.

Хаттаманы пайдаланушылар: балалар травматологтері-ортопедтері, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, хирургтер, медицина реабилитологтері (физиотерапевтер, ЕДШ дәрігері).

Жіктемесі


Клиникалық жіктемесі[1]
-Остеогендік ісіктер:
-остеоид-остеома;
-остеома;
-остеобластома;
-қатерсіз остеобластокластома.
 
Шеміршек қалыптастырушы ісіктер:
•        хондрома;
энхондрома;
периосттық (юкстакортикалдық);
•        остеохондрома (сүйек-шеміршектік экзостоз)
солитарлы;
көптеген, туа біткен;
•       хондробластома (эпифиздік хондробластома);
•       хондромиксоидтық фиброма.
 
Ісік тәрізді зақымданулар:
сүйектің солитарлы кистасы (қарапайым немесе бір камералы);
сүйектің аневризмдік кистасы;
сүйектің юкста-артикулалық кистасы (сүйекішілік ганглион);
метафиздік фиброзды ақау (оссификацияланбайтын фиброма);
эозинофильді гранулема (солитарлы);
«оссификацияланатын миозит»;
сүйекішілік эпидермалық киста;
қол ұштарының және аяқ бастарының алыпжасушалы (репарациялы) гранулемасы.
 

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
•        2 проекцияда сүйектің зақымданған сегментінің рентгенографиясы
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
•       ЭКГ;
•       КТ (өспенін сипатын, орналасқан жерін, олардың қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктерін және дамуын, операция әдісін және емдеу тәсілін анықтау мақсатында).
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі:
•       қан тобын анықтау;
•       резус факторды анықтау;
•       ЖҚА;
•       жалпы несеп анализі;
•       коагулограмма (қан кетудің ұзақтығы және қан ұю уақыты, протромбин, фибриноген, адгезия және тромбоциттердің агрегация реакциясы);
•       биохимиялық қан анализі (жалпы нәруыз, аланинаминотрансфераза, жалпы холестерин, билирубин, тіке билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза, калий, натрий, фосфор, кальций, хлор);
•       ЭКГ4
•       АИТВ-ның ИФА;
•       ИФА әдісі арқылы гепатит маркерлерін (В, С) анықтау;
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
•       қан тобын анықтау;
•       резус факторды анықтау;
•       2 проекцияда қорытынды рентгенография.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
•       ЖҚА;
•       жалпы несеп анализі;
•       коагулограмма (қан кетудің ұзақтығы және қан ұю уақыты, протромбин, фибриноген, адгезия және тромбоциттердің агрегация реакциясы);
•       биохимиялық қан анализі (жалпы нәруыз, аланинаминотрансфераза, жалпы холестерин, билирубин, тіке билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза,        калий, натрий, фосфор, кальций, хлор);
•       КТ (өспенің сипатын, орналасқан жерін, олардың қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктерін және дамуын, операция әдісін және емдеу тәсілін анықтау мақсатында);
•       ЭКГ.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар және анамнез:
Шағымдар: тізе айналасындағы ауырсынуларға, аяқ-қолдың деформациясына, ақсаңдап басуға және қозғалыстың шектелуіне шағымдану.
Анамнез: Көп жағдайларда қатерсіз ісіктер – клиникалық аз сиптомды немесе симптомсыз ісіктер. Ісіктер рентгенологиялық жаңалық ретінде жиі анықталады.  [1]
 
Физикалық тексеріп-қарау:
•       сүйектің қалыңдауы;
•       жүргенде ақсаңдау;
•       сүйектің пальпацияланатын ісіктері;
•       буындар функциясының шектелуі;
•       пальпациялағанда және күш түсіргенде ауырсыну;
•       осьтік деформация.
 
Зертханалық зерттеулер:
 
Аспаптық зерттеулер:
•       Жақын буындарымен аяқ-қолдың зақымданған сегментінің рентгенограммасы: сүйекішілік немесе сүйектен өсетін ісіктердің болуы.
•       Жақын буындарымен аяқ-қолдың зақымданған сегментінің КТ: сүйекішілік немесе сүйектен өсетін ісіктердің болуы.
 
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
•       онкологтің консультациясы (сүйек қаңқасының өспелері болғанда қатерлі ісіктерді болғызбау үшін);
•       фтизиатрдың консультациясы (сүйектердің туберкулезін болғызбау үшін);
•       кардиологтің консультациясы (жүрек аумағында ауырсынулар және ЭКГ-да, ЭхоКГ-да өзгерістер болғанда);
•       педиатрдың/ЖПД-нің консультациясы (соматикалық қосамжарласқан патологияда);
•       психологтің консультациясы (психологиялық статусында өзгерістер болғанда);
•       генетиктің консультациясы (ауырлататын туа біткен факторлар және аурулар болғанда);
•       эндокринологтің консультациясы (эндокриндік патология болғанда);
•       оториноларингологтің консультациясы (инфекциялардың созылмалы ошақтарын анықтау және санациялау мақсатында);
•       стоматологтің консультациясы (инфекциялардың созылмалы ошақтарын анықтау және санациялау мақсатында).

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:

1-кесте. Сүйектің қатерсіз ісіктерінің саралау диагностикасы
 

Белгі Сүйектің қатерсіз ісігі Остеосаркома Хондросаркома
Ауырсыну Жоқ немесе түнде Тұрақты шектелген айқын ауырсыну Ауыспалы батып ауыру
Метастаздардың болуы Байқалмайды Барлық ағзаларда метастаздар Өкпеде метастаздар
Рентгенологиялық көрініс Сүйектің ісінуі, айқын контурлар, кортикалдық қабаттың жұқаруы, периосттық реакцияның жоқтығы Қабатты периостоздар, айқын емес контурлар, сүйекқап реакциясы, кортикалдық қабаттың лизисі Кортикалдық қабаттың узурациясы, дақты көлеңкелер,
кальцификаттар

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
•  ауырсыну синдромын басу;
•  сүйек ісігін резекциялау;
•  аяқ-қол функцияларын қалпына келтіру;
•  өмір сүру сапасын жақсарту.
 
Емдеу тактикасы: [3].

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Емдәм: №15 үстел (жалпы);
Режим: жалпы.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.

Антибактериялық терапия:
операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу мақсатында:
•1-буын цефалоспориндері: цефазолин, 50-100 мг/кг, операциядан бұрын 30-60 минут ішінде бір рет венаға.
операциядан кейінгі асқынуларды емдеу мақсатында (курс 5-7 күн):
•2- және 3-буын цефалоспориндері:
      цефуроксим, 50-100 мг/кг/тәу., 3-4 рет бұлшықетке немесе венаға енгізу;
     немесе цефтриаксон, 20-75 мг/кг/тәу., 1-2 рет бұлшықетке немесе венаға енгізу;
     немесе цефаперазон, 50-100 мг/кг/тәу., 2-3 рет бұлшықетке немесе венаға енгізу;
•  линкозамидтер:
линкомицин бұлшықетке, 10 мг/кг/тәу, әр 12 сағ сайын, венаға тамшылатып 10-20 мг/кг/тәу. дозасында енгізу, ауыр инфекцияларды және 1 айдан асқан балаларға бір рет немесе бірнеше рет енгізу;
•гликопептидтер:
ванкомицин: 15 мг/кг/тәу., 2 г/тәу. аспауы керек, әр 8 сағ сайын, венаға, әр доза 60 минуттан кем енгізілмеуі керек.
 
Ауырсынды басатын терапия (операциядан кейінгі кезеңде):
есірткілік емес анальгетиктер:
•        парацетамол, 200 мг, таблеткалар - баланың дене массасының 1 кг-на есептегенде 60 мг-дан, тәулігіне 3-4 рет. Қабылдау аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Ең көп тәуліктік дозасы – 1,5 г - 2,0 г;
парацетамолдың тікішекке арналған суппозиторийлері 125, 250 мг – бір реттік дозасы баланың дене массасының 1 кг-на есептегенде 10-15 мг/кг құрайды, тәулігіне 2-3 рет, 4-6 сағаттан соң;
парацетамол суспензиясы 120 мг/5 мл, ішке қабылдауға арналған – препараттың бір реттік дозасы 10-15 мг/кг дене массасы құрайды,тәулігіне 4 рет, әр қабылдаудың аралығы - 4 сағ кем болмауы керек (1-3 айдағы балаларға арналған доза жеке тағайындалады).
ішке қабылдауға арналған парацетамол сиробы 2,4% 50 мл - 3-12 айдағы балаларға 1А -1 шай қасықпен (60 -120 мг); 1-6 жас аралығындағы балаларға 1-2 шай қасықпен (120-240 мг); 6-14 жастағы балаларға 2-3 шай қасықпен (240-360 мг), тәулігіне 2-3 рет.
Анальгетик ретінде парацетамолды қабылдау арқылы емдеу ұзақтығы 3 күннен аспауы керек.
•        ибупрофен суспензиясы 100 мг/5мл – 200 мл, ішке қабылдауға арналған, 7-10 мг/кг дене массасы, ең көп тәуліктік дозасы - 30 мг/кг. Препаратты қабылдау аралығы 6 сағаттан кем болмауы керек. Емдеу ұзақтығы – анестетик дәрі ретінде 5 күннен аспауы керек.
апиындық анальгетиктер:
•                 трамадол, инъекция үшін 50 мг/1мл - 2мл ерітінді түрінде 1-14 жастағы балаларға: 1-2 мг/кг-ға дейін венаға, бұлшықетке немесе тері астына енгізеді. Венаішілік инъекцияларды өте баяу енгізу керек немесе ол инфузиялық ерітіндіде ерітіліп, инфузия арқылы салынуы тиіс. Дозаны 4-6 сағат аралығында қайталауға болады.
тримеперидин, инъекция үшін  2% -1мл ерітінді түрінде, 2 жастан асқан балаларға дозалау мөлшері 0.1 - 0.5 мг/кг дене массасы құрайды. 2 жастан аспаған балаларға қолдануға болмайды.
морфин 2% 1 мл:
2-3 жастағы балаларға бір реттік дозасы 0,1 мл (морфиннің1 мг), тәуліктік дозасы -0,2 мл (морфиннің 2 мг) құрайды;
3-4 жас: бір реттік дозасы - 0,15 мл (1,5 мг), тәуліктік дозасы - 0,3 мл (3 мг);
5-6 жас: бір реттік дозасы - 0,25 мл (2,5 мг), тәуліктік дозасы- 0,75 мл (7,5 мг);
7-9 жас: бір реттік дозасы - 0,3 мл (3 мг), тәуліктік дозасы - 1 мл (10 мг);
10-14 жас: бір реттік дозасы - 0,3-0,5 мл (3-5 мг), тәуліктік дозасы - 1-1,5 мл (10-15 мг).
 
Су-электролит алмасуды алмастыру және түзету мақсатында кристаллоидты ерітінділермен инфузиялық терапия:
натрий хлоридінің ерітіндісі 0,9% - 20-30 мл/кг-дан енгізеді;
5% декстрозалар – бірінші күні  глюкозаны 6 г г/кг/тәу., әрі қарай –
15г/кг/тәу. енгізу

Периоперациялық қансырауға қатысты алмастыру мақсатында қан препараттары:
жаңа мұздатылған плазма (қан жоғалтуға байланысты айналымдағы қан көлемінің 25-30% тапшылығында, плазманың ХНҚ-сында 1,5 (қалыпты мөлшері 0,7-1,0), 10-20 мл/кг дене массасы дозасында венаға құю);
эритроцитті жүзгін (айналымдағы қан көлемінің 25-30% тапшылығында, гематокриттің 24 % тапшылығында, қан жоғалтуға байланысты гемоглобиннің 70-80 г/л төмендеуі, циркуляциялық бұзылыстарда 10-20 мл/кг дене массасы дозасында құю көрсетілген).
тромбоконцентрат (тромбоциттер деңгейі 50*10/9 төмендегенде, қан кету аясында, тромбоциттердің деңгейін әрі қарай бір қалыпта ұстап тұру үшін 100*10/9 - 10 кг массаға 1 дозадан венаға құю).

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
-негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар);
Антибиотиктер:
•        цефазолин, венаға және бұлшықетке салу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг;
Қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер:
парацетамол, 200 мг таблеткалар;
парацетамол, тікішекке салуға арналған суппозиторийлер 125, 250 мг;
парацетамол, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл;
парацетамол, ішке қабылдауға арналған сироп 2,4% 50 мл;
ибупрофен, ішке қабылдауға арналған суспензия 100 мг/5мл – дозалау щприці бар 200 мл құты.
Анальгетиктер:
трамадол - инъекция үшін ерітінді 50 мг/мл -1 мл;
тримепиридин - инъекция үшін ерітінді 1 немесе 2% - 1 мл;
морфин - инъекция үшін ерітінді 1% - 1 мл.
Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер:
натрий хлориді, веналық инфузия үшін ерітінді 0,9% - 500, 400, 200 мл (50%);
декстроза, веналық инфузия үшін ерітінді 5% - 500, 400, 200 мл (50%.);
- қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен):
Антибиотиктер:
цефуроксим, инъекция және инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 750мг және 1.5г.;
цефтриаксон, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 0,5 г және 1,0 г.;
цефаперазон, венаға және бұлшықетке салу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1.0 г.;
линкомицин, венаға және бұлшықетке салуға арналған ерітінді, 300 мг/мл.;
ванкомицин, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 500мг, 1000 мг.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
 
Емдеудің басқа түрлері:

Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
•  ЕДШ;
•  тренажерлер;
•  механотерапия.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері:
•  емдік позиция
•  таңулар;
•  ЕДШ.
 
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді.

Хирургиялық араласу

Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді
 
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу[4]:
•  сүйектің зақымданған  бөлігін кесіп алып тастау;
•  өспені экскохлеациялау;
•  ақауды аллопластикалық алмастырумен сүйекті резекциялау;
•  жағалтайлық резекция;
•  криотерапия;
•  сегменттік резекция.
 
Операцияға көрсетімдер (төменде аталған критерийлердің 2 немесе одан көп болуы):
•  шағымдардың болуы;
•  косметикалық ақаулардың болуы;
•  қозғалыстың шектелуі;
•  өспелер өсуінің үдеуі;
•  қатерсіз ісіктердің болуы.
Операцияға қарсы көрсетімдер:
•  жаңа өспелер орнында жаңа патологиялық сынықтың болуы,
•  қосамжарласқан, соматикалық жіті аурулардың болуы,
•  хирургиялық іріңді-қабынбалы аурулардың болуы.

Әрі қарай бақылау:
емдеу позициясы;
таңулар;
ауырсынуды басатын терапия;
ЕДШ;
емхана травматолог-ортопедінің диспансерлік есепке алуы, қаралу жиілігі - 2 жасқа дейін 3 айда 1 рет, әрі қарай - жылына 2 рет
 
Ем тиімділігінің және диагностикалау мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
буындар қозғалысының функциялық көлемін жақсарту;
тірек-динамикалық функцияны жақсарту;
ауырсыну синдромын басу, өмір сүру сапасын жақсарту.

Госпитализация


Емдеуге жатқызу типін көрсете отырып, емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер*** (жоспарлы, шұғыл):

Шұғыл емдеугежатқызу үшін көрсетімдер: жүргізілмейді

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер: сүйектің қатерсіз өспелерінің болуы.

Профилактика


Профилактикалық іс-шаралар:
Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу:
операция алдындағы антибиотикопрофилактика;
операциядан кейінгі жараларды санациялау,
таңулар.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 20. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) «Лечение опухолей длинных костей» И.И. Балаев. Курган - 2006, 17, 14-16 с.; 2) «Лечение детей и подростков с ортопедическими заболеваниями нижних конечностей» Гафаров Х.З. - Казань, 1995 г.; 3) «Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине». 2-е издание, ГЕОТАР, 2002.; 4) «Гигантоклеточные опухоли костей: опыт резекции и адьюватной криотерапии» Н.П. Демичев. Вестник хирургии - 1994 №7-12 - с47-50.; 5) «Оперативная ортопедия», И.А. Мовшович 1983 г.; 6) « Неотложная помощь и интенсивная терапия в педиатрии», В.В. Лазарев, 2014 г., С 82-90.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
  1. Нағыманов Болат Абыкенұлы, м.ғ.к., доцент, «Ана мен бала ұлттық
ғылыми орталығы» АҚ №1 травматология-ортопедия және вертебрология бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар травматолог-ортопеді;
  1. Орловский Владислав Николаевич, м.ғ.к., «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ № 2 травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі;
  2. Жұбаниязов Болат Түгелбайұлы, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ балалар реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесінің және хирургия секторының анестезиолог-реаниматолог дәрігері;
  3. Шандрова Фатима Даулетовна, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ реабилитация және физиотерапия бөлімшесінің реабилитолог дәрігері;
  4. Дүйсембаева Назигүл Қуандыкқызы, «Астана медицина университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті, жоғары санатты терапевт дәрігер, клиникалық фармаколог дәрігер.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету:жоқ.

 

Рецензенттер: Ормантаев Алмас Камалұлы, м.ғ.д., С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную Меню
Наверх