Созылмалы гастрит

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Гастродуоденит неуточненный (K29.9), Хронический атрофический гастрит (K29.4), Хронический поверхностный гастрит (K29.3)
Гастроэнтерология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған


Созылмалы гастриттер – әр түрлі клиникалық белгілер және асқазанның шырышты қабатындағы қабыну және дистрофиялық процестермен морфологиялық сипатталатын созылмалы аурулар тобы.
 
Созылмалы сыртқы гастрит – Helicobacterpylori (H. pylori), асқазанның секреторлық, моторлық және инкреторлық функциясының  бұзылуымен, гистологиялық көрінетін жасушалық инфильтрациямен туындаған АШҚ қабынуы.
 
Созылмалы атрофиялық гастрит – прогрестелуші атрофиямен және оларды метаплаздалған эпителимен және/немесе фиброзды тінмен алмастырумен сипатталады. Атрофиялық гастритті ажыратады:
·               аутоиммундық
·               мультифокалдық
Атрофиялық емес (сыртқы, антральды) және атрофиялық (мультифокалды) созылмалы гастрит нұсқалары H. Pylori инфекциясымен  АШҚ инфекциялануы нәтижесінде туындайтын бір патологиялық процестің кезеңі ретінде қаралады.
 
Созылмалы аутоиммунды гастрит көбіне басқа аутоиммунндық аурулармен, 1-типті қант диабетімен, аутоиммундық тиреоидитпен [1], пернициозды анемиямен үйлестіріледі [2,3].
 
NB! Гастриттің кез келген нысанының диагнозы тек гистологиялық анықталады. Эндоскоптық нәтижелер сендірерлік болып табылмайды. Эндоскопты зерттеуде асқазанның әр түрлі бөліктерінен 4-6 биоптаттарды алған жөн (түрлендірілген Сидней жүйесі бойынша) [4].


КІРІСПЕ БӨЛІМ
 
АХЖ-10 коды (тары):

  АХЖ-10
Коды  Атауы
К   29.3    Созылмалы сыртқы гастрит
К   29.4 Созылмалы атрофиялық гастрит
К   29.9 Созылмалы аутоиммунды гастрит
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар: 

т/і тамыр ішілік
б/і бұлшықетішілік
т/а тері асты
р/күніне рет күніне
АИГ аутоиммунды гастрит
АЛТ аланинаминотрансфераза
АСК ацетил салицилді қышқыл
АСТ аспртатаминотрансфераза
АТ анти дене
ПЖА Париетальды жасушаларға анти денелер
БХТ биохимиялық талдау
ТУТ тез  уреазды тест
ГДЗ гастродуоденалды аймақ
ГЭР гастроэзофагеалды рефлюкс
ДГР дуоденогастралды рефлюкс
ОЕІ он екі елі ішек
АІҚА асқазан ішек жолындағы қан ағулар
АІЖ асқазан ішек жолы
ППИ протонды помпа ингибиторлары
ІМ ішек метаплазиясы
ЖҚТ жалпы қан талдауы

ҚҚМ құрсақ қуысы мүшелері
ЖЗТ жалпы зәр талдауы
ПГ Пепсиноген
АҚІ асқазан қатерлі ісігі
ГДА ШҚ гастродуоденалды аймақтың шырышты қабаты
ОЕЕІ ШҚ Он екі елі ішектің шырышты қабаты
АШҚ асқазанның шырышты қабаты
ЭТЖ эритроциттердің тұну жылдамдығы
УДЗ ультра дыбысты зерттеу
ДД дәлелділік деңгейі
ФД функционалдық диспепсия
ФЭГДС фиброэзофагогастродуоденоскопия
ОЖЖ орталық жүйке жүйесі
ОЕЕІ ЖА Он екі елі ішектің жаралы ауруы
АЖА асқазанның жаралы ауруы
H.pylori Helicobacter pylori
 
Хаттаманы пайдаланушылар: ЖПД, терапевтер, гастроэнтерологтар.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
              

Жіктемесі


Жалпы қабылданған клиникалық жіктелу Хьюстендық гастриттер модификациясы болып табылады, 1996 ж (1-кесте) [4].
 
1-кесте. Созылмалы гастриттерді жіктеудің сиднейлік жүйесі

Гастрит типі Этиологиялық факторлар Синонимдер (бұрынғы жіктемелер)
Атрофиялық емес Helicobacterpylori
Басқа факторлар
Сыртқы
Созылмалы антральды
В типті гастрит
Гиперсекреторлы гастрит
Атрофиялық
аутоиммунный
Иммундық  механизмдер Төмендетілген секрециялы және В12-тапшылықты анемиямен қауымдастырылған асқазан денесінің диффузды гастриті, А типті гастриті
Атрофиялық
мультифокалдық
Helicobacter pylori
Тамақтанудың бұзылулары
Орта факторлары
А және В типті аралас гастрит
Ерекше нысандар
Химиялық Химиялық
тітіркендіргіштер:
Өт (ДГР)
НҚҚҚ қабылдау
С типті реактивті гастрит
Реактивті рефлюкс-гастрит
Радиациялық Сәулелік зақымдану  
Лимфоцитарлық Идиопатиялық
Иммундық механизмдер
Глютен
Целиакиямен ассоцирленген гастрит
Гранулематозды Крон ауруы
Саркоидоз
Гранулематоз Вегенера
Бөгде денелер
Идиопатиялық
Оқшауланған гранулематоз
Эозинофилді Тағамдық  аллергия
Басқа аллергендер
Аллергиялық
Басқа инфекциялық Бактериялар (Helicobacter pylori басқа)
Саңырауқұлақтар, Паразиттер
 
Гиганттық гипертрофиялық Менетрие ауруы  

Морфологиялық өзгертулерді сипаттау гастриттерді эндоскопиялық санаттардың сипаттамасымен толықтырылады:
 
·               эритематоздый/экссудативті гастрит (сыртқы гастрит);
·               тегіс эрозиялар;
·               көтерілген эрозиялар;
·               геморрагиялық гастрит;
·               гиперпластикалық гастрит;
·              рефлюкс-гастрит дуоденогастральды рефлюкспен (ДГР) сүйемелденетін гастрит.
 
Атрофияның гистологиялық айқындығын бағалау үшін  және қабынулар гастритті бағалаудың жаңа жүйесі қолданылады OLGA (Operative Linkfor Gastritis Assessment) [5].

4-кесте. Атрофиялық гастриттің жіктелуі (OLGA2007 ж.)
OLGA жүйесіндегі гастрит деңгейінің интегралды көрсеткіші

Антрум     Дене    
  0 I     II III
0 0 Деңгей I Деңгей     II Деңгей II Деңгей
I I Деңгей II Деңгей     II Деңгей III Деңгей
II II Деңгей II Деңгей     III Деңгей IV Деңгей
III II Деңгей III Деңгей     Деңгей IV IV Деңгей
OLGA жүйесіндегі гастрит кезеңінің интегралды көрсеткіші    
Антрум     Дене    
  0 I     II   III  
0 0Кезең I Кезең     II Кезең   II Кезең  
I I Кезең II Кезең     II Кезең   III Кезең  
 

II II Кезең II Кезең III Кезең IV Кезең
III II Кезең III Кезең IV Кезең IV Кезең
 
Гастритті жіктеудің түрлендірілген Сиднейлік жүйесіне сәйкес визуалды аналогтық шкалаға сәйкес әр бағанда атрофия төрт деңгейлі шкала бойынша көрсетілген (0-3)  [15].  Гастрит деңгейі деп жиынтық қабыну инфилтрациясының көрінуі (нейтрофильді лейкоциттермен және мононуклеарлы жасушалармен), кезеңде –атрофияның көрінуі түсініледі.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар Cозылмалы клиникалық гастриттерде айқын клиникалық белгілер байқалмайды, мүмкін белгілер:
•   H.   pylori- ассоцирленген созылмалы антральды сыртқы  гастритте «жараға ұқсас» диспепсия нұсқасы мүмкін  (эпигастрия  және/немесе пилородуоденалды аймақтағы сырқырап ауыру немесе
«асқазан диспепсиясының» дискинетикалық нұсқасы  -  тамақтан кейін тез тою, шамадан тыс толу сезімі, іштің үрілуі, жүрек айнуы;
• созылмалы атрофиялық мультифокалды гастритте «асқазан   диспепсиясы» мүмкін   –  тез тою сезімі, тамақтан кейін толып кету, іштің үрілуі, жүрек айну;
•   аутоиммунды   атрофиялық   –  В-12-
тапшылықты анемия белгілері және «асқазан
диспепсиясы» (жоғарыдан қараңыз) белгілері болуы мүмкін.
• созылмалы антральды сыртқы H.pylori- ассоцирленген гастритінде анамнезде: гастродуоденальды патология (ГДП) бойынша  ауырлаған тұқым қуалаушылық.
Анамнез Тамақтану режимінің бұзылуы, құрғақ тамақтану, ащы, сүрленген және қуырылған тамақты, газдалған сусындарды  шамадан тыс қолдану;
•  созылмалы атрофиялық мультифокалды гастритте – созылмалы    антральды  сыртқы H. pylori- ассоциирленген гастриттің ұзақ ағымының анамнезінде;
•  аутоиммунды  атрофиялық гастритте   –  
аутоиммундық аурулардың болуы (аутоиммундық тиреоидит, қалқанша бещ және қалқанша жанындағы бездің гипо- немесе гиперфункциясы, СД I типті, аутоиммундық (пернициозды) анемия).
Физикалық қарап-зерттеу • эпигастральды және пилоро-дуоденальды аймақта H.pylori-ассоциирленген созылмалы антральды сыртқы гастритте іш пальпациясында  бір қалыпты ауыру, метеоризм болуы мүмкін;
• созылмалы атрофиялық мультифоклды гастритте –
"жылтыр" тіл немесе тілдегі ақ үлпек басқан тіл.
Іш пальпациясында эпигастралды аймақтағы бірқалыпты жайылған ауырсыну;
• аутоиммунды атрофиялық гастритте – дәруменсіздік, глоссит, фуникулярлы миелоз белгісі, анемия, гепатомегалия белгілері, кейде – спленомегалия
Зертханалық зерттеулер – H. Pylori-ға тест:
АШҚ биоптаттарындағы тез уреазды тест Эндоскопияда алынған биоптат несепнәрі бар арнайы ерітіндіге орналастырылады және H.pylori болғанда әлсіз қызғылттан күрең қызылға дейін түстің өзгеруі болады
Аспаптық зерттеулер 
Көздеу биопсиясы бар фиброэзофагогастродуоденоскопия •  сыртқы антральды H.pylori  ассоциирленген  гастритте – гиперемия, геморрагия ОЖ
•  Атрофиялық мультфиокальды  және  аутоимунды гастриттерде –  тамырлардың сәулеленуі, АШҚ жұқаруы және солғындығы 
Биоптаттың гистологиялық және цитологиялық зерттеуі  •  сыртқы антральлы  H.pylori  ассоциирленген  гастритте  –  эпителиалдық кеңістіктерді нейтрофильді инфильтрация;
•  атрофиялық гастриттерде – темірлі аппараттың атрофиясы, эпителидің ішекті метаплазиясы.

Қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:
·               ЖҚТ – көрсетілімдер бойынша;
·               қандағы сарысулы безін анықтау – анемияда;
·               жабық қанға нәжісті талдау – анемияда;
·               бауыр, өкпе жолдары және ұйқы безін УДЗ – көрсетілімдері бойынша (созылмалы аутоиммунды атрофиялық гастритте және/немесе гапотобилиарлық жүйесінің қосалқы  және/немесе патологиясы);
·               қанды биохимиялық талдаулар: жалпы билирубин және оның фракциялары, жалпы ақуыз, альбумин, холестерин, АЛТ, АСТ, глюкоза, амилаза – (созылмалы аутоиммундық атрофиялық гастритте және/немесе гапатобилиарлы жүйенің қосалқы патологиясында);
·               париетальды жасушалар антиденесі анықтамасы – созылмалы аутоиммунды атрофиялық гастритте;
·               қандағы 17-гастрин және пепсиноген I (ПГ I) және пепсиноген II(ПГ II) деңгейін анықтау– мультифокалды атрофиялық гастритте;
·               интрагастралды рН-метрия – атрофиялық гастриттің ауыр дәрежесінде;
·               барий бар АІЖ жоғары бөліктерін рентгенологиялық зерттеу – көрсетілімдер бойынша (пилоростенозде, эндоскопиялық зерттеулерге қарсы көрсетілімдер болғанда және ФЭГДС-тен пациент бас тартқанда).
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:

Нозология Көрсетілімдер Мамандар консультациялары
Созылмалы сыртқы
(антральды) H.pylori
ассоциирленген гастрит
Жоқ көрсетілмеген
Созылмалы мультифокальды
атрофиялық гастрит
Созылмалы аутоиммундық
атрофиялық гастрит
КМ II типті гистологиялық суретте және АШҚ типті дисплазия
Гематологиялық суретте
В12 анемия - неврологиялық
симптоматикада
онколог
гематолог
невропатолог

Созылмалы гастриттердің әр түрлі нысандарының диагностикалық белгілері:
Гастрит нысаны  Клиника (шағымдар, анамнез) Физикалық тексеру деректері Зертханалық зерттеулер деректері Құралдық зерттеу нәтижелері
H.pylori ассоцирленген созылмалы антральды (сыртқы) гастрит 1. Асқазан диспепсиясының белгілері;
2.―Жараға ұқсас белгілер жиынтығы;
3. Гастроэзофагеалды рефлюкс болғанда қыжыл  (ГЭР);
4.Ішек диспепсиясының белгілері.
Анамнез: ГДЗ аурулары бойынша ауыртпалықты тұқым қуалаушылық.
Тамақтану режимінің бұзылуы, құрғақ тамақтану, ащы, сүрленген және қуырылған тамақты шамадан тыс қолдану, газдалған сусындар
Пальпациядағы
эпигастралды және пилородуоденальды аймақтағы  бір қалыпты ауырсыну, метеоризм
Референсті мәндер шегінде ЖҚТ, БХТ 1.     ФЭГДС: Басым түрде асқазанның антральді бөлігінің белсенділігінің әр түрлі деңгейімен қабыну процесінің белгілері /
2.     Биоптаттарды гистологиялық зерттеу: H.pylori инфекциясымен АШҚ колонизациясы және қабыну процесінің белгілері
3. H.pylori  БУТ диагностикалары (90% -оң) [6].
Созылмалы
атрофиялық
мультифокальды
гастрит
1. Асқазан диспепсиясының белгілері
2. Секреторлық жеткіліксіздікте
- диареяға бейімділік ("ахиликалық іш өтулері")  және дене салмағының төмендеуі.
3. Астеновегетативті (АВС) белгі жиынтығы;
атрофиялық
"жылтыр"
тіл немесе ақ үлпек басқан.
Іш пальпациясындада бірқалыпты 
Жайылған эпигастральды аймақтағы ауырсыну.
ЖҚТ, БХТ
референсті мәндер шегінде.
қандағы
ПГ I және ПГ
I/ПГ II деңгейін төмендету.
1. ФЭГДС:
Антральды бөлік және асқазан денесінің таралған зақымдануы
2. Ішек метаплазиясы элементтерімен гистологиялық белгілер (КМ) және АШҚ H.pylori инфекциясын колонизациялау
3. Интрагастральная рН-метрия
– гипохлоргидрия немесе
ахлогидрия
4. H.pylori БУТ диагностикасы – оң. 
Созылмалы
атрофиялық
аутоиммунды гастрит
В-12-тапшылықты
анемия белгілері: әлсіздік, ұйқышылдық,
бас айналу  және құлақтағы шу,
жүрек қағысы;
1. Гастроинтестиналды белгілер: ауыздағы ауырсынулар және күю; анорексия, салмақты жоғалту;   аз абсорбция нәтижесіндегі диарея;
2. Неврологиялық белгілер:
аяқ-қолдың жансыздануы және парестезиялар, әлсіздік және атаксия;
3. Психиканың бұзылулары – жеңіл тітіркенуден ауыр деменцияға дейін немесе психоз.
Дәруменсіздену белгілері признаки
авитаминоза,
глоссит, фуникулярлық
миелоз, анемия белгілері,
гепатомегалия, кейде -
спленомегалия
ЖҚТ-макроцитоз
эритроциттер,
гиперхромды
анемия, бірқалыпты
>  билирубин,  тікелей емес
фракциялар есебінен, ПЖА анықтау.
< ПГ-І деңгейі,   >
гастрин деңгейі
[2,7].
ФГДС –  дене АШҚ атрофиялары және түбі,
гиперпластикалық полиптер
Гистологиялық зерттеу
– қабыну және атрофиялық және қабыну процестері, H.pylori
БУТ диагностикалары сирек оң болады.
Ауыр атрофиялық гастритас үйлесімі
Интактілі АШҚ (қабынумен, париетальды жасушалар салмағын жоғалтумен,   КМ)
патогномониялық АИГ үшін [8].
ДД В.
Интрагастралды рН-метрия –
гипохлоргидрия,
УДЗ  –  бауыр паренхимасының диффузды  өзгерістері, гепатомегалия, кейде спленомегалия

Дифференциалды диагноз


Созылмалы H.pylori ассоциацияланған сыртқы гастритінің дифференциалды диагностикасы:


9-кесте. Созылмалы атрофиялық (мультифокалды және аутоиммунды) гастриттің дифференциалды диагностикасы




Емдеу тактикасы


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Емдеу мақсаты:
· аурудың толық ремиссиясына қол жеткізу
· атрофияның әрі қарай күшеюін және асқынулардың дамуын ескерту
 
Емдеудің негізгі міндеттері:
· қышқылдық-пептикалық фактор белсенділігін төмендету; · асқазанның секреторлық-моторлық функциясын қалпына келтіру;
 
· АШҚ қорғаныш қасиеттерін көтеру және ДПК шырышты қабатының артуы;
· H. рylori.эрадикациясы
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу және жалпы іс-шаралар мынаны қамтиды:
Диета:
·               тамақтану толыққанды және әр түрлі;
·               тамақтану режимі бөлшектік, тәулігіне 6 ретке дейін, ұсақ порциялармен;
·               асқазанда ұзақ болатын заттар, асқазан секрециясы стимуляторлары, АІЖ механикалық және химиялық тітіркендіргіштерін шектеу;
·               өте ыстық және өте суық тағамдарды алып тастау;


  Рұқсат етілмейді   Рұқсат етіледі
• шырынды өнімдер   (ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары)
•жалғастыру тінімен өнімдер
(шеміршектер, құс және балық терісі, сіңірлі ет)
• ет және балықтың майлы өнімдері
•  маринадтар, тұздаулар, дәмдеуіштер
•  ірі үгінді ұннан жаңа піскен нан, нан өнімдері, тары
•  құймақтар, тоқаштар, тәтті тоқаштар
• қатты жасұнықты көкөністер (бұршақ, фасоль, бұршақтар,
шалқан), саңырауқұлақтар
• қатты қабықты көкөністер және піспеген жемістер
• қышқыл жеміс-жидекті шырындар
•  шоколад, какао, кофе, қою шай, газдалған сусындар
• көкөністі, жармалы, сүт сорпалары
• пісірілген майсыз ет және балық
• тұтас піскен жұмыртқа, булы омлет
• қышқыл емес жаңа әзірленген сүзбе, ірімшік
• кептірілген бидай наны
• ақ кепкен нан, майсыз печенье
• жақсы езілген ботқалар
•  ақ ұннан вермишель және кеспе
•  көкөністі және картоп езбесі
• салаттар, сұйық май қосылған винегрет
•  қышқыл емес жеміс-жидекті шырындар жұмсағымен
• сүт және сүт өнімдері (майлы айран, йогурттар)
•  көмірқышқылсыз сілтілі минералды сулар
• қою емес шай
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Созылмалы гастриттің дамуының әр түрлі этиопатогенетикалық факторларын ескере отырып дәрілік терапия созылмалы гастриттің әр түрлі нысандарында ерекшеленеді.

Атрофиялық емес гастриттің фармакотерапия принциптері:
·               НР– оң науқастардағы эрадикациялық антихеликобактериялы терапия;
·               4-6 аптадан кейін антихеликобактериялы терапия тиімділігін міндетті бақылау;
·               тәуекел факторларына әсері (НҚҚҚ парацетамол, селективті ингибаторлармен ЦОГ–2 алмастыру, НҚҚҚ мизопростолмен үйлесуі, науқастардың комплаенттылығын қамтамасыз ету және т.б.).
 
Атрофиялық гастрит фармакотерапиясының принциптері:
·               НР оң науқастардағы  эрадикациялы антихеликобактериялы терапия;
·               4-6 аптадан кейін антихеликобактериялы терапия тиімділігін міндетті бақылау;
·               пернициозды анемияны емдеу және профилактика мақсатымен В12 дәруменін қолдану

Протонды помпа ингибиторлары – ИПП күшті антисекреторлық препараттар болып табылады. Олар ауыру синдромын және диспепсиялық күйзелістерді тоқтату мақсатымен, сондай-ақ тез ремиссияға жету үшін болып табылады [1, 2].
 
Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары ИПП қарсы көрсетілімдер немесе төзгісіз  жағдайларда қолданылуы мүмкін 2-желілі препараттар болып табылады. Сондай-ақ Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары ИПП бірге толықтырушы терапия ретінде пайдаланылуы мүмкін.
 
Антацидтер асқазан ішілік рН> 3 деңгейін тәулігіне 4-6 сағат ішінде қолдауға қабілетті, ол монотерапия ретінде қолдануда олардың жеткіліксіз жоғары тиімділігін анықтайды. Осыған қарамастан СГ бар науқастар антацидтерді ауырсынуларды және диспепсиялық шағымдарды тоқтату үшін қабылдайды, ол көбіне рецептісіз жіберумен және олардың әрекеттерінің жылдамдығымен түсіндіріледі [2].
 
Микробқа қарсы препараттар H. Pylori қауымдастырылған СГ қолданылады. Эрадикациялық мақсатпен ИПП үйлестіруде аминопенициллиндер (амоксициллин), макролидтер (клатримицин)  стандартты емдеудің тиімсіздігінде резерв препараттар және желі препараттары ретінде пайдаланылады: фторхинолондар (левофлоксацин), нитроимидазолдар (метронидазол), тетрациклиндер және  висмут препараттары.
 
H. Pylori қауымдастырылған СГ дәрі-дәрмекті терапиясы
H.Pylori эрадикациясының сәттілігі, қайталанусыз ағымды шарттастырады, ол СГ емдеудегі болжамды белгі болып табылады.
 
Эрадикацияның ұсынылатын сызбалары (Маастрихт-V, 2015) Бірінші желілі терапия (10-14 күн):
·               3- компонентті сызба: ИПП +амоксициллин +кларитромицин;
·               квадротерапия висмутсыз: ИПП+амоксициллин+кларитромицин +нитроимидазол.

Екінші желілі терапия (10-14 күн):
·               3- компонентті сызба: ИПП+амоксициллин+фторхинолон
·               висмутсыз квадротерапия: ИПП+амоксициллин+кларитромицин +нитроимидазол [8,9,10], (ДД А);
·               висмутпен квадротерапия  : ИПП+амоксициллин+кларитромицин +висмут трикалиядицитрат.
 
Емдеу тиімділігі ИПП жоғары дозасында күніне екі рет ауысады (қосарланған стандартты) [11,12], (ДД B).
14 күндік терапияда эрадикация жиілігінің  ұлғаюы, 10 күндікке қарағанда неғұрлым маңызды [11,12,13], (ДД С).
 
Эрадикациялық терапия H. pylori  антибиотикті-қауымдастырылған диареяның дамуына әкелуі мүмкін [14],(ДД С). Saccharomyces boulardii стандартты үш терапиясына қосу H. pylori эрадикация жылдамдығын арттырады  [11,12, 13] (ДД D).
 
6-кесте. СГ кезінде қолданылатын негізгі дәрі-дәрмектердің тізбесі 




6-кесте. СГ қолданылатын қосымша дәрілер тізбесі 


Хирургиялық араласу: жоқ.

Профилактикалық іс-шаралар:


Пациентті әрі қарай емдеу:


Созылмалы гастриттердің әр түрлі нысандарын кезіндегі болжам 


Емдеу тиімділігінің индикаторлары



ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР:



Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1. de Block C.E.M., De Leeuw I.H., Van Gaal L.F. Autoimmune Gastritis in Type 1 Diabetes: A Clinically Oriented Review// J. Clin. Endocrinol.&Metab. — 2008. — Vol. 93, № 2. — P. 363–371. 2. Betterle C., Dal Pra C., Mantero F., Zanchetta R. Autoimmune Adrenal Insufficiency and Autoimmune Polyendocrine Syndromes: Autoantibodies, Autoantigens, and Their Applicability in Diagnosis and Disease Prediction// Endocrine Reviews. — 2002. — Vol. 23, № 3. — P. 327–364.; 3. Гапонова О.Г. Аутоиммунный гастрит: спорные вопросы патогенеза, проблемы диагностики и терапии // Острые и неотложные состояния в практике врача№ -2009. - 5 (18). 4. Dixon M.F., Genta R.M., Yardley J.H., et al. Classification and grading of gastritis. The updated Sydney System. International Workshop on the Histopathology of Gastritis, Houston 1994. Am. J. Surg. Pathol. 1996;20:1161–81. 5. Rugge M, Meggio A, Pennelli G, Piscioli F, Giacomelli L, De Pretis G, et al. Gastritis staging in clinical practice: the OLGA staging system. Gut. 2007;56:631–636. 6. Osaki T., Mabe K., Hanawa T., et al. Urease- positive bacteria in the stomach induce a false-positive reaction in a urea breath test for diagnosis of Helicobacter pylori infection. J. Med. Microbiol. 2008; 57(Pt 7):814–19. 7. Fock KM, Graham DY, Malfertheiner P Helicobacter pylori research: historical insights and future directions. Nat Rev Gastroenterol Hepatol 2013; 10:495–500. 8. Хронический гастрит: диагностика и лечение/ Яковенко Э.П., Иванов А.Н., Илларионова Ю.В. и др.// Фарматека. — 2009. — № 8. — С. 50–54. 9. Gatta L., Vakil N., Vaira D., et al. Global eradication rates for Helicobacter pylori infection: systematic review and meta- analysis of sequential therapy. BMJ. 2013; 347:f4587. 10. Feng L., Wen M.Y., Zhu Y.J., et al. Sequential therapy or standard triple therapy for helicobacter pylori infection: an updated systematic review. Am. J. Ther .2016; 23:e880–93. 11. Graham D.Y. Helicobacter pylori update: gastric cancer, reliable therapy, and possible benefits. Gastroenterology. 2015; 148:719–31.e3. 12.Malfertheiner P1, Megraud F2, O'Morain CA3 European Helicobacter and Microbiota Study Group and Consensus panel. Management of Helicobacter pylori infection-the Maastricht V/Florence Consensus Report.Gut. 2017 Jan;66(1):6-30. 13. Ивашкин В.Т., МаевИ.В., ЛапинаТ.Л., ШептулинА.А. и комитет экспертов. Рекомендации Российской гастроэнтерологической ассоциации по диагностике и лечению инфекции Helicobacterpylori у взрослых. Рос. журн. гастроэнт., гепатол., колопрок- тол. 2012;22(1):87–9. 14. JernbergC., LöfmarkS., EdlundC., etal. Long-term ecological impacts of antibiotic administration on the human intestinal microbiota. ISME J. 2007; 1:56–66. 15. Lv Z., Wang B., Zhou X., et al. Efficacy and safety of probiotics as adjuvant agents for Helicobacter pylori infection: a meta-analysis. Exp. Ther. Med. 2015; 9:707–16. 16. Szajewska H., Horvath A., Kołodziej M. Systematic review with meta-analysis: Saccharomyces boulardii supplementation and eradication of Helicobacter pylori infection. Aliment Pharmacol. Ther. 2015; 41:1237–45. 17. Chen H.N., Wang Z., Li X., et al. Helicobacter pylori eradication cannot reduce the risk of gastric cancer in patients with intestinal metaplasia and dysplasia: evidence from a meta-analysis. Gastric Cancer. 2016; 19:166–75. 18. Ford A.C., Forman D., Hunt R.H., et al. Helicobacter pylori eradication therapy to prevent gastric cancer in healthy asymptomatic infected individuals: systematic review and meta-analysis of randomised controlled trials. BMJ. 2014;348:g3174. 19. Костюкевич О.И. Атрофический гастрит: что мы понимаем под этим состоянием. Современные подходы к диагностике и лечению //РМЖ. 2010. № 28 20. Хронический гастрит: диагностика и лечение/ Яковенко Э.П., Иванов А.Н., Илларионова Ю.В. и др.// Фарматека.-2009.-№ 8.-С. 50–54. 21. Ma J.L., Zhang L., Brown L.M., etal. Fifteen- year effects of Helicobacter pylori, garlic, and vitamin treatments on gastric cancer incidence and mortality. J. Natl. Cancer Inst. 2012; 104:488–92. 22. Wong B.C.-Y., Lam S.K., Wong W.M., et al. Helicobacter pylori eradication to prevent gastric cancer in a high-risk region of China: a randomized controlled trial. JAMA.2004;291:187–94. 23. Lee Y.C., Chen T.H., Chiu H.M., et al. The benefit of mass eradication of Helicobacter pylori infection: a community- based study of gastric cancer prevention. Gut. 2013;62:676–82. 24. Chronic Gastritis Treatment & Management/ http://emedicine.medscape.com/article/176156-treatment 25. Atrophic Gastritis / http://emedicine.medscape.com/article/176036-overview

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)           Искаков Бауыржан Самиқұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің аралық пәндерінің курстарымен № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс гастроэнтерологы, Қазақстан Республикасы Ұлттық гастроэнтерологтар ассоциациясы төрағасының орынбасары.
2)           Бектаева Роза Рақымқызы – медицина ғылымдарының докторы, Астана медицина университетінің гастроэнтерология және инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық гастроэнтерологтар ассоциациясының төрағасы.
3)           Макалкина Лариса Геннадиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» АҚ клиникалық фармакология  интернатурасы кафедрасының доценті.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1)           Шипулин Вадим Петрович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, А.А. Богомольц атындағы Ұлттық медициналық университеттің № 1 ішкі медицина кафедрасының меңгерушісі, профессор. Украина. Киев.
2)           Бекмырзаева Эльмира Қуанышқызы – медицина ғылымдарының докторы, Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясының бакалавр терапия кафедрасының меңгерушісі, профессор. Қазақстан Республикасы. Шымкент.
 
Қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
 
Мүдделер қайшылығының жоқтығын көрсету: жоқ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх