Войти

Рефракция аномалиясы

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Астигматизм (H52.2), Гиперметропия (H52.0), Миопия (H52.1)
Офтальмология

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулақ сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «15» қыркүйектегі
№27 хаттамасымен мақұлданған

Миопия (алыстан нашар көрушілік) – нақты индивидуум көзінің оптикалық жүйесі бас фокусының көз торы алдында орналасуымен сипатталатын сәйкессіз (аметропиялық) көздің клиникалық рефракциясы [1].
Миопиялық ауру – жылтыр дәндегі және көз түбіндегі күрделі қайтарылмайтын өзгерістермен қатар жүретін алыстан нашар көрушіліктің асқынған формасы [1].

Гиперметропия ( алыстан көргіштік) – бұл амитропияның жарықтың параллельді сәулелері көзге түсе отырып, торлы қабықтың артын орналасқан артқы басқы фокусқа жиналатын түрі [2].

Асигматизм – асигматизм кезінде көздік мүйізгек қабағының сфералылығы бұзылады, яғни әр түрлі меридиандарда әр түрлі сындырғыш күштер мен нысан бейнелері жарық сәулелерінің көздің мүйізгек қабағы арқылы өткенде нүкте түрінде емес, тік сызық қимасы түрінде пайда болады. Адам осы кезде нысандарда бір сызықтары нақты, ал басқалары бұлыңғыр, бұрмаланған түрінде көреді.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары) 

АХЖ-10
Код Атауы
Н 52.1 Миопия
Н 52.0 Гиперметропия
Н 52.2 Астигматизм
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2014 жыл (2017 ж. қайта қаралған).

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар

Дптр диоптрия
ААӨ көз алмасының алдыңғы-артқы өлшемі (ААӨ)
КЕКД көздің ендік-көлденең диаметрі (КЕКД)
ЭРГ электроретинография
ЭФЗ электрофизиологиялық зерттеу
PRK ФРК - фоторефракциялық кератэктомия
LASIK ЛАСИК - кератомилез in situ
Femto LASIK Фемто ЛАСИК - Фемтосекундты лазер+Эксимерлі лазер
ReLEx SMAIL көздің мүйізгек қабағы лентикуласының микроинвазивті фемтолазерлі экстракциясы
ReLEx FLEx көздің мүйізгек қабағы лентикуласының фемтолазерлі экстракциясы
 
Хаттаманы пайдаланушылар: офтальмологтар, ЖПД, терапевттер, педиатрлар, фельдшерлер.
 
Пациенттердің санаты: ересектер және балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы: 

Дәлелділік деңгейі Дәлелділік түрі
 
I
Дәлелдер жақсы жоспарланған рандомизацияланған зерттеулердің үлкен көлемі мета-анализ нәтижесінде алынған.
Жалған позитивті және жалған негативті қателіктер деңгейі төмен рандомизацияланған зерттеулер.
 
II
Дәлелдер кем дегенде бір жақсы жоспарланған рандомизацияланған зерттеулердің нәтижесіне негізделген.
Жалған позитивті және жалған негативті қателіктер деңгейі жоғары рандомизацияланған зерттеулер.
 
III
Дәлелдер жақсы жоспарланған рандомизацияланбаған зерттеулердің нәтижесіне негізделген.
Бір науқастар тобымен бақыланатын зерттеулер, тарихи бақылау тобымен зерттеулер және т.б.
 
IV
Дәлелдер рандомизацияланбаған зерттеулердің нәтижесінде алынған. Тікелей емес салыстырмалы, сипаттау корелляциялық зерттеулер және клиникалық  жағдайларды зерттеу.
V Дәлелдер клиникалық жағдайлар мен мысалдарға негізделген.
 
Дәреже Градация
А І деңгейлі дәлелдер немесе ІІ, ІІІ немесе IV  дәлелділік деңгейіндегі көптеген мәліметтер
B Жалпы тұрақты мәліметтер деп саналатын ІІ, ІІІ және IV  деңгейлі дәлелдер
C Жалпы тұрақты емес II, III, IV  деңгейдегі дәлелдер
D Әлсіз немесе жүйелі емес эмпирикалық дәлелдер.
 

Жіктемесі


Миопияның клиникалық жіктемесі

[3, 4].
1)      Көздің оптикалық жүйесі бас фокусының көз торы алдында орналасуын анықтаушы себептер бойынша миопияның түрлері (Трон Е.Ж., 1947)
·                   Осьтік – көз оптикасының сындырушы күші қалыпты шама шегінде болады, бірақ оның алдыңғы-артқы өлшемі эммитопиялық көздегіге қарағанда үлкен болады. 6,5-тен 22,0 дптр дейінгі миопия кезінде анықтау жиілігі 68% құрайды.
·                   Рефракциялық –көздің алдыңғы-артқы өлшеміқалыпты шама шегінде болады, ал оптиканың сындырушы күші эмметропиялық көздегіге қарағанда үлкен.
·                   Көз оптикасының аралас сындырушы күші және оның алдыңғы-артқы өлшемі эмметропиялық көздегіге қарағанда үлкен.
·                   Комбинациялық – көз оптикасының сындырушы күші және оның алдыңғы-артқы өлшемі эмметропиялық көзге тән шамалардың шегінен аспайды, бірақ үйлесімділігі дұрыс нұсқада болмайды. 0,5-тен 6,0 дптр дейін миопия кезінде анықтау жиілігі 85% құрайды.
 
2) Осьтік миопияның клиникалық түрлері (Э.С. Аветисов бойынша):
·                   Туындау уақыты бойынша:
- туа біткен;
- ерте пайда болған;
- пайда болған (мектеп кезеңі);

·                   Әрбір көздегі айқындылық шамасы бойынша:
- әлсіз дәрежелі – 3,0 дптр дейін;
- орта дәрежелі – 3,25-6,0 дптр дейін;
- жоғары дәрежелі – 6,0 дптр жоғары;

·                   Ағымы бойынша:
- стационарлық (жылына 0,5 дптр шегінде артуы);
- баяу үдемелі (жыл ішінде 1,0 дптр дейін);
- жылдам үдемелі (жылына 1,0 дптр жоғары).

·                   Ауырлатушы факторлар бойынша:
- асқынбаған (көз түбіндегі өзгерістерсіз);
- асқынған ағым белгілерімен (көз түбінде бастапқы спецификалық өзгерістердің пайда болуы);
- қатерлі (миопиялық ауру);
- Көз жұптарында айқындылық дәрежесі бойынша:
- изометропиялық (рефракциялардың теңдігі);
- анизометропиялық (рефракциялардың теңсіздігі 0,5 дптр және одан жоғары).

·                   Көздің оптикалық жүйесінің сфералығы:
- шартты сфералық (асигматизмсіз);
- асфералық (асигматизммен).

·                   Асқынудың болуы немесе болмауы бойынша:
- асқынбаған;
- асқынған;

·                   Асқынған:
- хориоретиналды:
1. дискі маңылық
2. макулярлы – «құрғақ» немесе «сулы» формада
3. шеттік
4. таралған
- витреалды
- геморрагиялық
- аралас
·                   Сатылары:
І бастапқы – ДЗН маңындағы конус немесе сақина 0,25 дптр артық емес, макулярлы рефлекстің жоғалуы және пигмент үгіткіштерінің пайда боулы мүмкін;
ІІ дамыған - ДЗН маңындағы конус немесе сақинаның 1,0 дптр дейін артуы, ДЗН формасының өзгеруі, сары дақ пигментациясы, көз түбінің депигментациясы;
ІІІ алысқа кеткен – конустың немесе сақинаның әрі қарай 1,5 дптр дейін және одан әрі үлкеюі, стафиломалар, ДЗН бозаруы, көз түбінің депигментациясы, атрофиялық күйінулер;
 
3) Туа біткен және жүре пайда болған миопиялардың клиникалық түрлері
А. Туа біткен нысандар:
- осьтік – көздің дұрыс емес жатыр ішілік дамуының нәтижесі;
- рефракциялық – туа біткен кератоконустың, лентиконустың, сферофакияның нәтижесі;

Б. Жүре пайда болған нысандар:
1. Нағыз миопия;
2. Жалған миопия
- Аккомодация спазмы – әр түрлі генезді себептердің салдарынан ауыр дамушы жағдай;
- Аккомодацияның қалыпты-артық қысылуы – жақын қашықтықта баланың көру жұмысының тұрақты бұлыңғыр стереотипі;
 
Гиперметропияның клиникалық жіктемесі [3-5]:
·        Әрбір көздегі айқындылық шамасы бойынша:
- әлсіз дәрежелі – 3,0 дптр дейін;
- орташа дәрежелі – 3,25 – 6,0 дптр дейін;
- жоғары дәрежелі – 6,0 дптр жоғары

·        Көз жұптарында айқындылық дәрежесі бойынша:
- изометропиялық (рефракциялардың теңдігі)
- анизометропиялық (рефракциялардың 0,5 дптр және одан жоғары теңсіздігі)

·        Көздің оптикалық жүйесінің сфералығы:
- шартты сфералық (асигматизмсіз)
- асфералық (асигматизммен)
 
Асигматизмнің клиникалық жіктемесі [3]
·        Қалыптасу уақыты бойынша:
- туа біткен;
- журе пайда болған;

·        Екі өзара перпендикулярлы меридиандардағы сыну күші бойынша:
- дұрыс;
- дұрыс емес;

·        Түрі бойынша:
- қарапайым – меридиандардың бірінің рефракциясы эмметропиялық;
- күрделі – екі бас меридиандардың клиникалық рефракциясы бірдей;
- аралас – меридиандардың бірі гиперметропиялық рефракцияға ие, басқасы – миопиялық

·        Бас меридиандардың орналасуына қарай:
- тік – басым сындырушы күшке ие меридианның бағыты тікке жақын;
- кері - басым сындырушы күшке ие меридианның бағыты көлденеңге жақын;
- қиғаш осьті – екі бас меридиан да көрсетілген бағыттардан қашық секторларда жатады;

·        Дәрежесі бойынша:
- әлсіз дәрежелі – 3,0 дптр дейін;
- орташа дәрежелі – 3,25 – 6,0 дптр дейін;
- жоғары дәрежелі – 6,0 дптр жоғары

Диагностика


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Шағымдар және анамнез:
·        бір немесе екі көздегі  көрудің біртіндеп немесе прогрессивті төмендеуіне шағымдар (ДД-С) [4].

Физикалық зерттеп-қарау:
алдыңғы қима өзгермеген, көз алмаларының қозғалысы толық көлемде, қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған, жарықты сезіну қалыпты (ДД - С)[4].
 
Зертханалық зерттеулер жоқ.
 
Аспаптық зерттеулер:
·       визиометрия – түзетілетін және түзетілмейтін көру өткірлігінің төмендеуі (ДД-В) [4, 5];
·       биомикроскопия – деструкция, шыны тәріздес денелердің балқылмалы бұлдырлануы (ДД-В) [4, 5];
·       отальмоскопия – артқы қиманың дегенеративті өзгеруі (ДЗН миопиялық конус және стафилома; Фукс макула-дағы, орталық хориоретиналды дистрофия) (ДД-В) [4, 5];
·       циклоскопия – дегенеративті өзгерістер, көз торының шеткі бөліктерінің жыртылуы (7 жасқа дейінгі балаларда көрсеткіштер бойынша) (ДД-В) [4, 5];
·       авторефрактометрия (балаларда – скиаскопия) миопиялық рефракция дәрежесінің артуы (ДД-В) [4, 5];
·       эхобиометрия – ААӨ, КЕКД артуы, артқы қиманың күйі (ДД-В) [4];
·       ЭФЗ – ЭФЗ көрсеткіштерінің төмендеуі (ДД-С) [4];
·       периметрия – шеткі көру аймағының тарылуы (7 жастан жоғары балаларда) (ДД-С) [4, 5].
Генетиктің консультациясы – Даун синдромын, Марфан синдромдарын болдырмау үшін (ДД-С) [4, 5].
 
Диагностикалық сызба



Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі [7]
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Кератоконус Үдемелі ауру – 15-18 жас аралықтарында жиі кездеседі – Жиі әйелдер ауырады – Белгілідей екі көзде зақымдалады (бұл туа біткен патология) – Ерте диагностикалау қиындатылған және диагноз соңғы кезеңдерде қойылады – Басқа туа біткен аурулармен бірге боулы мүмкін (пигментті дегенерация, Даун синдромы, көру жүйкелерінің атрофиясы, көгілдір шел синдромы, нейрофиброматоз, нистагом)
 
Биомикроскопия
Кератотопография
Визиометрия
Авторефрактометрия
Эхография
 
- Ось қиғаштарының тұрақты өзгеруші бағыттарымен жоғары дәрежелі дұрыс емес асигматизм – Скиаскопия кезінде «қайшылардың» жылжу әсері – Көру көзілдіріктің көмегінсіз 0/6 дейін түзетілмейді - Офтальмометрия (кератометрия) – белгілердің бұрмалануы және көздің мүйізгек қабағы қисықтығының артуы байқалады – Фотокератометр белгілерінің бұрмалануы (топокератометрия) – Биомикроскопия кезінде конустың басында Флейшнердің пигментті сақинасы, қалыңдаған жүйке талшықтары, терең тік сызықтар, конустың және шеттің төбесінде көздің мүйізгек қабағының жіңішкелеуі анықталады – Көздің алдыңғы камерасы тереңдігінің артуы – Көздің мүйізгек қабағының созылуына байланысты көз алмасы ұзындығының артуы (бастапқы сатыда 0,5 мм-ге, ал алсықа кеткенде 6,5 мм дейін)
Аккомодация спазмы 1.Астенопия
2. Нысандарды көзге жақындатуға ұмтылу
3. Көру өткірлігінің ауытқуы
4. Дұрыс шынылар спазмның пассивті босаңсуы есебінен алыстан көру өткірлігін арттырады
5. Негізбен мұрынға призматикалық коррекция көру өткірлігін арттырады
6. Аккомодация көлемі төмендейді
7. Циклоплегия биіктігінде рефракцияның төмендеуі
8. Үдемелеу үрдісі
9. Қысқа мерзімде рефракцияның секірмелі артуы
10. Бинокулярлы көрудің тұрақсыздығы
1. Абсолютті аккомодация резервін анықтау
2. Абсолютті аккомодация көлемін анықтау
3. Қатысты аккомодация қорын анықтау
4. Конвергенция резервін анықтау (әрбір көзге жеке қызыл шынымен және мұрын басына призмамен – жарық көзін конвергенция резервіне теңдестіре алатын максималды призма).
Норма: балалар 40-45Δ
ересектер – 30-35Δ
қарттар – 20-25 Δ.
Диагностикалық сынамалар: Эфедринді (Ватченко-Курило) – А.И.Дашевскийдің Циклоплегиялық сынамасы
 
 
 

Лечение (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Аметропияны емдеу балалық шақтан басталады. Негізгі мақсат – аметропияның дамуын тоқтату немесе баяулату және оның асқынуының алдын алу. Емдеу әдістері: дәрі-дәрмексіз, дәрі-дәрмекті, лазерлік.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу (ДД – С) [16,17,18].
·   режим: жалпы 3;
·   диета №15;
·   көз көруін түзету (көзілдіріктер, көру линзалары);
·   Аветисов-Мац бойынша гимнастика;
·   Дашевский бойынша гимнастика;
·   аппаратпен емдеу;
·   амблиокор.

Көру режимін сақтау:
Оқу барысында:
·   кітап иек деңгейінен төмен және шрифт барынша жақсы көрінетін қашықтықта болуы қажет;
·   бірнеше жолақ оқудан кейін көзді кітаптан алу және қашықтықта орналасқан қандай да бір нысанға қарау қажет (1-2 секунд);
·   оқу барысында көзді жиі ашып-жұму қажет, мұны әрбір жолдың соңында істеу дұрыс болады;
·   ауырлықты кетіру үшін әрбір абзацтың соңында көзді 1-2 секундқа жұмыс пайдалы;
·   қатты жарық жағдайында оқымаған дұрыс, себебі ақ қағазда көрінетін күн сәулелерінің салдарынан көзге қысым түсіп, жылдам шаршайды;
·   бастың қатты ауыруы, ағзаның қатты шаршауы және басқа да әр түрлі күйзелікті жағдайларда оқымаған дұрыс;

Жазу барысында:
·   жазу көру жұмыстары барысында да жиі көзді шаып-жұму қажет;
·   телебағдарламаларды  бөлмені табиғи немесе жасанды жарықтандыру жағдайында және экраннан 2-3 м қашықтықта көрген дұрыс;

Автокөлікті жүргізу барысында:
·   автокөлікті жүргізу барысында жүргізушінің дұрыс жайғасымын таңдау қажет: мойынның жоғарғы бөлігі омыртқамен бір сызық бойында болуы қажет.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу (ДД – С) [20,21]

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%)

Дәрілік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
М-холинолитик қысқа мерзімге әсер етуші, мидриатикалық құрал Тропикамид көз тамшылары Конъюнктива қабына түнде 1 рет 2 тамшыдан 30 күн егу ДД – С (20,26)
М-холинолитик  ұзартылған әсер, мидриатикалық құрал Атропин көз тамшылары Конъюнктива қабына тексерілуге дейін 3 күн бұрын 1-3 реттен 1-2 тамшыдан
 
ДД – В (20,26)
М-холинолитик ұзартылған әсер, мидриатикалық құрал Циклопентолат көз тамшылары Конъюнктива қабына тексерілу күні 10 минут интервалмен 2 рет 2 тамшы ДД – В (20,26)
Аралас препарат: М-холинолитик қысқа мерзімге әсер етуші, мидриатикалық құрал және Симпатомиметик, мидриатикалық құрал Тропикамид +
Фенилэфрин 
Конъюнктива қабына түнде 1 рет 2 тамшыдан 30 күн
 
ДД – С
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% төмен) 

Дәрілік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
Регенераторлар және репаранттар Натрия гиалуронат* көз тамшылары Конъюнктива қабына егу ДД – В (25)
Көздің мүйізгек қабағын ылғалдандыруға және қорғауға арналған препараттар Полиэтиленгликоль Конъюнктива қабына егу ДД – В (25)
 
Хирургиялық араласу (ДД – С) [21,24]:
Лазерлі хирургия ота әрекеттерінің келесі түрлерін қамтиды:
·        PRK (ФРКфоторефракциялық кератэктомия);
·        LASIK (ЛАСИК - кератомилез in situ);
·        Femto LASIK (Фемто ЛАСИК - Фемтосекундты лазер+Эксимерлі лазер);
·        ReLEx SMAIL ( көздің мүйізгек  қабағы лентикуласының микроинвазивті фемтолазерлі экстракциясы);
·        ReLEx FLEx көздің мүйізгек қабағы лентикуласының фемтолазерлі экстракциясы);
·        (-) 6.0 Д дейінгі алыстан нашар көрушілік;
·        (+) 4.0 Д дейінгі гиперметропия;
·        3.0 Д дейінгі асигматизм;
·        емделушінің көзілдірік және көз линзаларынан құтылуды қалауы.

LASIKFemto LASIK арналған көрсетілім:
·        (-) 13.0 Д дейінгі алыстан нашар көрушілік;
·        (+) 6.0 Д дейінгі гиперметропия;
·        6.0 Д дейінгі асигматизм;
·        емделушінің көзілдірік және көз линзаларынан құтылуды қалауы.

ReLEx SMAIL , ReLEx FLEx арналған көрсетілімдер:
·        (-) 10.0 Д дейінгі алыстан нашар көрушілік;
·        4.0 Д дейінгі асигматизм;
·        емделушінің көзілдірік және көз линзаларынан құтылуды қалауы.

Нақты линзалардың имплантациясы (ДД – С) [22].
Көрсетілімдер:
·        (-) 10.0 Д дейінгі алыстан нашар көрушілік;
·        (+) 10.0 Д дейінгі гиперметропия;
·        6.0 Д дейінгі асигматизм;

Көз торының шеттік лазербарражы:
Көрсетілімдер:
·        Көр торының жарылуынсыз және жарылуымен шеттік хориоретиналды дегенерациясы.

Лазерлік коррекцияны жүргізуге абсолютті қарсы көрсетілімдер:
·        жалгыз көз;
·        көз мүйізгек қабығының қалыңдығы 450 (440) мкм кем;
·        көздің мүйізгек қабағының эпителий-эндотелиалды дистрофиясы;
·        глаукома (теңгерілмеген);
·        катаракта (үдемелі);
·        диабеттік ретинопатия;
·        көз торының ажырауы;
·        кератоконус жоғары бөлігінде ажыраумен;
·        миопия үдемелі;
·        «құрғақ көз» синдромы (айқын формасы);
·        аутоиммунды аурулар (коллагеноздар, артриттер);
·        бастапқы және екінші реттік иммунодефицитті жағдай;
·        жазылу үдерістеріне әсер етуші жүйелі аурулар;
·        көздің алдыңғы және артқы бөліктерінің, көзден жас шығару аппаратының ауыр және созылмалы қабыну аурулары;
·        психикалық аурулар;

Лазерлі коррекцияны жүргізуге қатысты карсы көрсетілімдер:
·        көздің мүйізгек қабағының оптикалық аймағының енбелі жиектері;
·        көз торының оталанған ажырауы;
·        профилактикалық лазерді коагуляцияны талап ететін көз торының өзгерістері;
·        18 жастан кіші болу (медициналық көрсетілімдер  болған жағдайда 14 жастан бастап ота жасау мүмкін);
·        диабет, туберкулез;
·        онкологиялық аурулар;
·        жүктілік және жүктіліктен кейінгі баланы емізу кезеңі (гормондық ауытқулар).
 
Әрі қарай емдеу:
·        окулистте тексерілу, жылына 2 рет бақылау тексерілулер (бақылау: көру өткірлігін, рефракцияны, эхобиометрикалық көрсетілімдер мен көз түбінің жағдайы).
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·        көру түзетілетін және түзетілмейтін өткірлігінің жақсаруы;
·        эхобиометрия көрсеткіштерінің динамикада тұрақтауы (ААӨ, КЕКД өлшемдері).

Лечение (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ  ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: Бастапқы диагностика – аккомодация спазмы болған жағдайда – м-холинолитиктерді тағайындау – ПХРД болған жағдайда – көз торының шеттік лазербарражы – динамиканы бақылау. Хирургиялық емдеу үшін көрсетілімдер болған жағдайда – хирургиялық емдеу (эксимерлазерлі хирургия, нақты линзалардың имплантациясы, көз бұршағын рефракциялық алмастыру).
 
Пациентті бақылау картасы, пациентті бағдарлау: жоқ.

Дәрі-дәрмексіз емдеу (ДД – С) [16-8]:
·        режим: жалпы 3;
·        диета №15;
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу (ДД – С) [20,21]:

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% иелері) 

Дәрілік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
М-холинолитик қысқа мерзімге әсер етуші, мидриатикалық құрал Тропикамид көз тамшылары Конъюнктива қабына түнде 1 рет 2 тамшыдан 30 күн егу ДД – С (20,26)
М-холинолитик  ұзартылған әсер, мидриатикалық құрал Атропин көз тамшылары Конъюнктива қабына тексерілуге дейін 3 күн бұрын 1-3 реттен 1-2 тамшыдан
 
ДД – В (20,26)
М-холинолитик ұзартылған әсер, мидриатикалық құрал Циклопентолат көз тамшылары Конъюнктива қабына тексерілу күні 10 минут интервалмен 2 рет 2 тамшы ДД – В (20,26)
Аралас препарат: М-холинолитик қысқа мерзімге әсер етуші, мидриатикалық құрал және Симпатомиметик, мидриатикалық құрал Тропикамид +
Фенилэфрин 
Конъюнктива қабына түнде 1 рет 2 тамшыдан 30 күн
 
ДД – С
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% төмен)

Дәрілік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
Регенераторлар және репаранттар Натрия гиалуронат* көз тамшылары Конъюнктива қабына егу ДД – В (25)
Көздің мүйізгек қабағын ылғалдандыруға және қорғауға арналған препараттар Полиэтиленгликоль Конъюнктива қабына егу ДД – В (25)
 
Хирургиялық араласу: (ДД – С)
Көз бұршағын рефракциялық алмастыру  [23].
Көрсетілімдер:
·        (-) 20 және одан жоғары диоптриялы миопия;
·        (+) 20 одан жоғары диоптриялы гиперметропия;
·        глаукоманың даму ықтималдығымен алысты көргіштіктің жоғары деңгейі.
Нақты линзалардың имплантациясы (ДД – С) [22].
Көрсетілімдер:
·        (+) 10.0 Д дейінгі гиперметропия;
·        (-) 20. Д дейінгі алыстан нашар көрушілік;
·        6.0 Д дейінгң асигматизм.
 
Әрі қарай емдеу:
·        окулистте тексерілу, жылына 2 рет бақылау тексерілулер (бақылау: көру өткірлігін, рефракцияны, эхобиометрикалық көрсетілімдер мен көз түбінің жағдайы).
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·        көру түзетілетін және түзетілмейтін өткірлігінің жақсаруы;
·        эхобиометрия көрсеткіштерінің динамикада тұрақтауы (ААӨ, КЕКД өлшемдері).

Госпитализация


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА  АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
Ересектер:
·        ересектерді емдеуге жатқызу лазерлік, хирургиялық коррекциялар мақсатында жүргізіледі.
Балалар:
·        Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер жоқ.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Кузнецова М.В./Причины развития близорукости и ее лечение/Казань: МЕДпресс-информ,2004-176 с. 2) Федоров С.Н., Ярцева Н.С., Исманкулов А.О. «Глазные болезни» 2005 г. 3) Б.О. Сулеева, Ж.Б Меерманова, Мухамеджанова Г.К. Сборник классификаций заболеваний органа зрения // Учебно-методическое пособие/ Алматы, 2008 -6-8с. 4) Аветисов Э.С. «Близорукость» 1986г. 5) Д.Тейлор, К.Хойт /Детская офтальмология//Пер. с англ. М.: 2007. -19-23 с. 6) Е. Н. Удодов, г. Минск, Беларусь. http://www.vseoglazah.ru/eye-diseases/hypermetropia/ 7) Кузнецов Л.С. / Дифференциальная диагностика близорукости и миопических остояний// учебной пособие для врачей, г Пенза, 2005 .г 8) Виблая И.В. Миопия детей как актуальная проблема общественного здоровья и здравоохранения Кемеровской области / И.В. Виблая [и др.] // Вестник Кузбасского научного центра. - Вып. № 11 «Актуальные вопросы здравоохранения». - 2010. 9) Нефедовская Л.В. Миопия у детей как медико-социальная проблема // Российский педиатрический журнал. - 2008. - № 2. 10) ZadnikKarla, MuttiDonald Постановка диагноза близорукость. 2002г. 11) Фёдоров С.Н., Комарова М.Г., Кожухов А.А. Применение трансцилиарной факоимульсификации и витрэктомии при лечении осложнённой миопии высокой степени. 2000г. 12) Аветисов, Э.С. Транссклеральное лазерное воздействие на ослабленную при миопии цилиарную мышцу / Э.С.Аветисов, Г.Л. Губкина, Е.Б., Аникина, Е.И. Шапиро: тез.докл. международного симпозиума. М., 2001. 13) Акопян, Н.О. Чрезкожная электростимуляция в лечении миопии у детей / Н.О. Акопян // Современные методы лечения в офтальмологии: сборник научных статей Нальчик, 2002. 14) Беляев, B.C. Отдаленные результаты хирургической профилактики и коррекции прогрессирующей близорукости / B.C. Беляев, Н.В. Душин // Вестник офтальмологии.- 2001. № 6 15) Иомдина, Е.М. Биомеханика склеральной области глаза при миопии: диагностика нарушений и их экспериментальная коррекция: автореф. дис.д-ра биол. наук / Е.М. Иомдина. М., 2000. С 16) Кожанова, М.И. Причины развития близорукости и ее лечение / М.И. Кожанова, Т.П.Тетерина, М.В. Кузнецова. Казань: МЕДпресс-информ, 2004. 17) Коновалова, H.A. Опыт применения компьютерной программы «Relax» в комплексном лечении пациентов с миопией и нарушениями аккомодации / тез.докл. международного симпозиума. М., 2001. 18) J. Cooper et al. Current Status on the Development and Treatment of Myopia, optometry, 2012. May 19)J. SivakThe causes of myopia and the efforts that have been made to prevent it. Clin Exp. Optom., 2012. Nov 20) American optometric association: https://www.aoa.org/documents/optometrists/CPG-16.pdf 21) American optometric association: https://www.aoa.org/documents/optometrists/CPG-15.pdf 22) Huang D, Schallhom SC, Sugar A., et al. Phakic intraocular lens implantation for the correction of myopia. Ophthalmology 2009; 116:2244-58. 23) Consultation Document Patient Information: refractive lens exchangehttps://www.rcophth.ac.uk/wp-content/uploads/2016/04/Patient-Information-Refractive-Lens-Exchange.pdf 24) Качанов А.Б., Никулин С.А., Того Е.С., Титов А.В., Головатенко С.П. Технология ReLEx® SMILE в рефракционной хирургии/ Современные технологии в офтальмологии. Научно-практический журнал. - Вып. № 3 2014 25) Moshirfar M, Pierson K, Hanamaikai K, Santiago-Caban L, Muthappan V, Passi SF. Artificial tears potpourri: a literature review. Clin Ophthalmol. 2014 Jul 31;8:1419-33. doi: 10.2147/OPTH.S65263. eCollection 2014. 26) Walline JJ, Lindsley K, Vedula SS, Cotter SA, Mutti DO, Twelker JD. Interventions to slow progression of myopia in children. Cochrane Database of Systematic Reviews 2011, Issue 12. Art. No.: CD004916. DOI: 10.1002/14651858.CD004916.pub3.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ЕНГІЗУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1) Жақсыбеков Руслан Әділұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалының жоғары санатты дәрігері.
2) Ким Ольга Робертовна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақ көз ауруларының ғылыми-зерттеу институты» АҚ республикалық лазерлік орталықтың меңгерушісі, Алматы қаласы.
3) Тулетова Айгерім Серікбайқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалының директоры.
4) Мәлік Саят Бахытжанұлы – «Қазақ  көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалы стационарының офтальмолог дәрігері.
5) Урих Константин Александрович – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан офтальмологтарының қауымдастығы» РҚБ жоғары санатты дәрігері.
6) Смағұлова Ғазиза Ажмағықызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі аурулар пропедевтикасы мен клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі – клиникалық фармаколог.

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Құрманғалиева Мәдина Маратқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК бас офтальмологы.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх