Войти

Пролактинома

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Гиперпролактинемия (E22.1)
Эндокринология

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «18» тамыздағы
№ 26 хаттамасымен мақұлданған 

Гиперпролактинемия синдромы – қан сарысуындағы пролактиннің артық мөлшерінің болуымен негізделетін симптомды кешен, көп жағдайларда ерлер мен әйелдерде репродуктивті жүйенің бұзылуымен қоса жүреді. Бұл синдром гиперпролактинемиялық гипогонадизмді өзіндік нейроэндокринді сырқат ретінде қосады (пролактинома, гиногонадизмнің идиопатиялық формасы), сондай-ақ, өзге эндокриндік немесе соматикалық сырқаттар мен күйлер тобының әсерінен дамитын гиперпролактинемияның қосалқы (симптоматикалық) формаларын қосады.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
Е22.1 Гиперпролактинемия
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2013 жыл (2017 жылы қайта қаралды).
 
Хаттамада пайдаланылған қысқартулар:

ПРЛ Пролактин
ГП Гиперпролактинемия
АБКС Аналық бездің көпжылауықты синдромы
ФСГ фолликулостимуляциялаушы гормон
ЛГ лютеинизирлеуші гормон
АКТГ адренокортикотропты гормон
БСА Бүйректердің созылмалы ауруы
ЖММК Жоғарғымамандандырылған медициналық көмек
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, нейрохирургтар, гинекологтар, невропатологтар, офтальмологтар.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы: 

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+)тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға(++ немесе +) қолданылуы мүмкін.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Жіктеме [1]:
Физиологиялық күй Жыныстық қатынас;
Физикалық жүктеме;
Лактация;
Жүктілік;
ұйқы;
Стресс.
Патологиялық күй гипоталамо-гипофизарлы сабақтың зақымдануы;
Гранулемалар;
Инфильтративті үрдістер;
Сәулелену;
кармана Ратке кистасы;
Жарақаттану:гипофизарлы сабақтың қиылысуы, супрассерлярлы аумақтың хирургиялық араласуы;
Ісіктер: краниофарингиома, герминома,  гипоталамус метастазы, менингиома, гипофих ісіктерінің супраселлярлы өсуі
Гипофиз Патологиясы Акромегалия;
Идиопатикалық гиперпролактинемия;
Лимфоцитарлы гипофизит немесе параселлярлы ісіктер;
Макроаденома (компрессиондық);
Плюригормоналды аденома;
Пролактинома;
Хирургиялық араласулар;
Гипофиз жарақаты
Бұзылу жүйелері Кеуде қуысы – кеуде қуысының жарақаты, оперативтік араласулар, herpeszoster;
ХПН;
Бауыр Циррозы;
Бастың сәулеленуіы;
Эпилептикалық приступ;
АБКС;
Жалған жүктілік синдромы
Фармакологиялық препаратов қолдану Анестетиктер;
Антиконвульсанттар;
Антидепрессанттар;
Антигистаминдік препараттар;
Антигипертензивтік препараттар;
Ацетилхолина Агонисттері
Наркотикалық препараттар;
Катехоламин шығару стимуляторлары;
Дофаминдік рецепторларды бекітушілер;
Домафин синтезінің ингибиторлары;
Эстрогендер: оральды контрацептивтер және оларды жою;
Нейролептиктер/антипсихотиктер;
Нейропептидтер;
Опиаттар және опиаттар антагонисттері.
Макропролактинома
Пролактиннің эктопикалық секрециясы Аналық бездердің дермоидті кистасы;
Гипернефрома;
Бронхогендік карцинома
Генетикалық сырқаттанулар Функцияны жоғалтатын пролактин рецепторларының мутациясы

Диагностика


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар:
·          Mensеs бұзылулары;
·          Салмақ қосу;
·          бас аурулары;
·          ерлердегі гинекомастия;
·          лакторея.

Анамнез:
·          менструалды функцияның бұзылу ерекшеліктерін анықтау, бұзылу сипаты, пайда болған кездегі жасы, сырқаттанудың жыныстық өмірдің басталуымен, жүктілікпен, аборттармен, комбинирленген эстрогендік препараттарды қабылдаумен, циклдік гормон терапиясымен байланысын айқындау.
·          Репродуктивті функцияның бұзылуы
·          Анальгетиктерді қабылдау кезінде тоқтамайтын бас ауруларының болуы;
·          Либидоның төмендеуі
·          Дене массасының өзгеруі, әсіресе жыныстық өмірдің басталуынан кейінгі
·          сүт бездерінің бөлінуі
·          көру қабілеттерінің бұзылуы
 
Физикалық қарап зерттеулер:
Гиперпролактинемияның негізгі клиникалық белгілері:
Реродуктивті функцияның бұзылуы:
·          менархеден кейінгі;
·          әйелдердегі менструалды циклдің бұзылуы – алғашқы немесе екінші реттік менорея, опсоменорея,  олигоменорея, ановуляция, лютеиндік фазаның қысқаруы;
·          матканың гипоплазиясы, аналық бездердің поликистозы;
·          бедеулік, әйелдердегі, және ерлердегі;
·          әйелдер мен ерлердегі галакторея (20%).
Байқалу деңгейі келесі шкала бойынша бағаланады:
 (+) -  қатты басу кезіндегі бірен-саран тамшылар
(++) – қатты басу кезіндегі мол тамшылар
(+++) -  сүттің кенеттен бөлінуі
·          әйелдер мен ерлердегі либидоның төмендеуі;
·          ерлердегі потенцияның төмендеуі;
·          ерлердегігинекомастия;
·          қыздар мен жігіттердегі жыныстық дамудың іркілісі;

Неврологиялық симптоматика (гипофиза аденомасының бар болуы кезінде):
·          бас аурулары, жиі, сирек, тұрақты;
·          битемпоралды гемианопсия;
·          парбас сүйек-ми жүйкелерінің III, IV, V, VI  параличі;
·          назальды ликворея.

Психикалық эмоционалды бұзылуы:
·          астения;
·          көңіл күйдің жиі ауытқуы, депрессияға бейім болу;
·          қызығушылықтар ортасының тарылуы;
·          кзейін мен есте сақтаудың бұзылуы.

Эндокриндік-алмасу бұзылулары:
·          май және көмірсутек алмасуының бұзылуы, жиі семіздік;
·          сүйек тіні метаболизмінің патологиясы;
·          әйелдерде әр түрлі деңгейде байқалатын гирсутизм.
 
Зертханалық зерттеулер:
Зертханалық-аспаптық қарап-зерттеулер 4 негізгі кезеңді құрайды: Лабораторно-
·          Гиперпролактинемияны (ГП) растау;
·          Сырқаттың симптоматикалық формаларының ерекшелеу: қалқанша бездің функционалды күйін анықтау, поликистозды жыныс бездерінің синдромының ерекшелеу, бауыр және бүйрек жетіспеушіліктері, жүйкелік-рефлекторлық және медикаментоздық ықпалдар және т.б., физиологиялық ГП (жүктілік, емізу);
·          Гипоталамдық-гипофизарлы ауданды визуалдау;
·          Әр түрлі органдар және жүйелердің күйін нақтылау (көмірсутек және май айналымдары, сүйек тіні және т.б.).
 
Қан сұйықтығындағы ПРЛ-ды анықтау.
ПРЛ бөлінуінің тәуліктік ритмін ескере отырып, қан алуды таңертеңгі 9-дан 11-ге дейінгі аралықта жүргізген дұрыс.
ПРЛ деңгейінің кенеттен немесе стресспен байланысты ауытқушылықтарын болдырмау үшін ПРЛ-ды үш рет жеке немесе қанның біріккен порцияларымен анықтаған жөн, әсіресе, оның шекаралық деңгейлері болған кезде.
Гормон деңгейінің кенеттен көтерілуі кезінде, оның анықталуын бөле отырып жүзеге асыру қажет.
Сақталған  әйелдерде, mensisпролактин менструалды цикл басталғанға дейінгі 5-7 күн бұрын зерттеледі.
Пролактин концентрациясын нг/мл немесе нг/мл-де көрсетеді (1нг/мл - 30,3 мкЕд/мл-ге сәйкес келеді), немесе мМЕ/мл-де көрсетеді (1 мМЕ/мл - 21 нг/мл-ге сәйкес келеді).

Репродуктивті жастағы дені сау әйелдердің қан сарысуындағы ПРЛ деңгейі 20 нг/мл-ден аспайды (600 мкЕд/мл), ал ерлерде - 15 нг/мл (450 мкЕд/мл).
Пролактин концентрациясының 2000 - 3000 мкЕд/мл-ден көп көтерілуі гипофиз ісіктеріне тән болып табылады. 2000 мкЕд/мл және одан да төмен мәндерде функционалды ГП болуы ықтимал.
Сырқаттың айқын клиникалық көрсетілімдері бар ауруларда гормондардың негізгі формасы – молекулярлы массасы 23 кДа болатын ПРЛ болып табылады. ГП-ның негізгі себептерінің бірі – макропролактинемия (Big-пролактинемия) феномені болуы мүмкін, әсіресе, қанның құрамындағы ПРЛ мен клиникалық картинаның көрінісінің сәйкес емес болуы жағдайларында (мысалы, берік симптомсыз ГП).
Сау адамда ПРЛ-дың жалпы көлемінің 90%-ын құрайтын молекулярлы массасы 23 кДа болып табылатын ПРЛ-дың мономерлі формасы (төменмолекулярлы ПРЛ) басым болатындығын білген жөн.
10%-ға жуығы Big-ПРЛ болып табылады – молекулярлы массасы 60 кДа-ға дейін болатын димер. 1 пайыздан 5пайызға дейінгі бөлігі Вig-Вig-ПРЛ немесе макроПРЛ болып табылады, ол молекулярлы массасы 150 кДа-ға дейін болатын мономерлі ПРЛ мен IgG кешенінен құралады (жоғарғымолекулярлы ПРЛ).
ГП мөлшері негізсіз жоғарғы болатын пациенттерде (клиниканың айқындалуынсыз) ПРЛ-дың молекулярлы гетерогенділігін анықтаумен методомгель-фильтрациясын Big-пролактинемияны болдырмауды анықтау үшін қайта талдауды жүргізу қажет.
 
Қосымша түрде келесі зерттеулер жүргізіледі::
·          Қалқанша безінің гормондары  – св.Т4 және ТТГ
·          ЛГ, ФСГ, тестостерон, эстрадиол.
 
Аспаптық зерттеулер:
·          Гипоталам-гипофазалық ауданының ісігі пайда болуларын анықтау немесе шығаруға мүмкіндік беретін негізгі тәсіл – контрасттық күшейтумен гипофизаның МРТ-сы.
·          МРТ-ны қолдану мүмкін емес болған жағдайда КТ қолданылады;
·          Макроаденома анықталған кезде периметрия қажет;
·          Әйелдердегі кіші жамбас органдарының, ерлерде қуықалды бездерінің УДЗ-і
·          Сүт бездерінің УДЗ-і – мастопатия белгілері болған жағдайда.
 
Мамандардың консультациясы үшін көрсетілімдер:
·          Нейрохирург консультациясы – аденоманың бар екендігін растау үшін және емдеу тактикасын анықтау үшін;
·          Офтальмолог консультациясы – периметрия және офтальмоскопияны жүргізу үшін;
·          Гинеколог консультациясы – ПЖБС-ны шығару үшін.
 
Диагностикалық алгоритм: (сызба)


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі: 
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Алғашқы гипотиреоз Алғашқы гипотиреоз кезінде қан сұйықтығындағы ПРЛ деңгейі көтерілуі мүмкін
 
ТТГ, свТ4 анықтау,
Қалқанша без УДЗ-і
Тиреоиодты профильдегі өзгерістің болмауы
Бас миының өзге патологиялық күйлері (пролактиномадан басқа): бас миына оталар, краниофарингиома, менингиома, гипофизит, бас миының жарақаттары және т.б. Қан сұйықтығындағы ПРЛ деңгейінің орынды көтерілуі Контрастты күшейтумен гипофиз МРТ-сы
 
Пролактиноманың визуалды белгілерінің болмауы
Жүйелік ауытқулар: кеуде қуысының жарақаттары, herpeszoster,
ХБП, бауыр циррозы, бастың сәулеленуі, эпилепсия, ПЖБС, жалған жүктілік синдромы
Қан сұйықтығындағы ПРЛ деңгейінің орынды көтерілуі Өмір мен сырқат анамнезін зерттеу, сондай-ақ, жаңа сырқатты ескере отырып, бұрын жүргізілген тексерулер мәліметтерін зерттеу Тізімделген күйлерді анықтау
Фармакологиялық препараттарды қолдану: анастетиктерді, антиконвульсаноттарды, антидепрессантарды және т.б. Қан сұйықтығындағы ПРЛ деңгейінің орынды көтерілуі Өмір мен сырқат анамнезін зерттеу, сондай-ақ, жаңа сырқатты ескере отырып, бұрын жүргізілген тексерулер мәліметтерін зерттеу Препараттарды қабылдау фактілерін анықтау

Лечение (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Жалпы диета (15 үстел) гипокалориялық диета  (8 үстел) – артық салмағы бар науқастар үшін;
·          Гипофиз аденомасы бар науқастарға күннің астында жүруге және шамадан тыс физикалық жүктемелер түсіруге болмайды.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу:
Емдеу тәсілін таңдау синдром себебіне байланысты болып табылады.
ГП-ны емдеудің негізгі тәсілі дәрі-дәрмектік, ол пролактиноманың болуы кезінде хирургиялық, сәулелік және терапияның біріктірілген тәсілдерімен бәсекелеседі.
Дәрі-дәрмектік емдеу дофамин агонистерін қолдану болып табылады. Лактотрофтарда орналасатын дофамин рецепторларына қатысты,      селективті (каберголин) және селективті емес (бромокрептин) дофамин агонистерін бөледі.
 
ПРЛ жоғарылауының өзге генезінде негізгі сырқаттың патогенентикалық терапиясын жүргізеді.
Макропролактемия феноменінде емдеу қажет етілмейді.
Дофамин агонистерімен емдеу ПРЛ деңгейін қалыпқа келтіреді және гонад функцияларын ерлерде 80%-ға, ал әйелдерде 85-92%-ға қалыпқа келтіреді. Дәрі-дәрмектік емдеу аясында, науқастардың 62%-ында ісік көлемдерінің кішіреюі болады.
 
Пролонгирленген дофаминмиметкаларын (каберголин) қолдану максималды емдік әсерді алуға көмектеседі. Пролактинмен емдеуде, оның ішінде ірі ісіктерді емдеуде (көлемі 40 мм-ден астам) ең басым препарат ретінде каберголин есептелінеді.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:

Фармакологиялық топ ДЗ ХПА Қолдану әдісі УД
Дофамин агонистері Каберголин Ішке, 0,25-0,5 мг-нан кешкі ас уақытында аптасына 2 рет. Қажет жағдайда, қан сұйықтығындағы ПРЛ-ды бақылау кезінде дозаны әрі қарай ай сайын 0,5 мг-ға арттырады. Препараттың максималды дозасы – аптасына 4 мг.
 
А
Бромокриптин Ішке, ұйықтар алдында, аспен бірге 0,625 мг. Бірінші апта ішінде дозаны 2,5 мг-ға арттырады. Қажет жағдайда дозаны әрі қарай 2,5 мг-ға арттырады. Максималды рұқсат етілген доза – тәулігіне 12,5 мг.
 
С
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу:
·          Дәрі-дәрмектік емдеу ұзақ мерзімге тағайындалады.
Дофамин агонистерін ұзақ мерзімге тағайындау – кемінде 2 жыл, өмірлік тағайындау да мүмкін.
·          Дәрі-дәрмектік терапиядан бас тарту белгілері:
−  ПРЛ деңгейінің қалыпты күйге келуі;
−   МРТ мәліметтері бойынша аденоманың жоқтығы;
−   Ісік көлемінің айтарлықтай кішіреюі: алғашқы көлемнен 50%-ға жуық; макроаденома көлемінің кемінде 10 мм-ге кішіреюі.
−   бжүктілік;
−   постменопауза;
−   Кейінгі медициналық бақылау мүмкіндігі
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          Қан сұйықтығындағы ПРЛ деңгейінің қалыпты күйге келуі;
·          Регрессия/аденома өсуінің тұрақтылығына жету;
·          гиперпролактиемиялық гипогонадизм көріністерін жою, фертильділікті қалпына келтіру.

Лечение (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [2]
 
Пациентті бақылау картасы, пациентті бағдарлау (сызбалар, алгоритмдер):
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу;
·          Диета: жалпы (стол 15) немесе гипокалориялық  (стол 8) – артық салмағы бар науқастар үшін;
·          Гипофиз аденомасы бар науқастарға күннің астында жүруге және шамадан тыс физикалық жүктемелер түсіруге болмайды.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу:
Дофамин агонисті:
·          Жедел емдеуге дайындық кезінде, макродаенома кезінде;
·          Аденоманы жою кезінде отадан кейінгі мерзімде.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:

Фармакологиялық тобы ДЗ ХПА Қолдану әдісі ДД
Дофамин агонистері Каберголин Ішке, 0,25-0,5 мг-нан кешкі ас уақытында аптасына 2 рет. Қажет жағдайда, қан сұйықтығындағы ПРЛ-ды бақылау кезінде дозаны әрі қарай ай сайын 0,5 мг-ға арттырады. Препараттың максималды дозасы – аптасына 4 мг.
 
А
Бромокриптин Ішке, ұйықтар алдында, аспен бірге 0,625 мг. Бірінші апта ішінде дозаны 2,5 мг-ға арттырады. Қажет жағдайда дозаны әрі қарай 2,5 мг-ға арттырады. Максималды рұқсат етілген доза – тәулігіне 12,5 мг.
 
С
 
Хирургиялық араласу [2]:
·               Секреттеуші аденом гипофизінің ПРЛ жедел емдеуге көрсетілімдер:
·               Дофамин агонистеріне толық төзгісіздік;
·               Дофмин агонистерінің орынды дозасын қабылдау аясындағы ісіктің өсуінің жалғасуы;
·               Дәрі-дәрмектік құралдарды қабылдауға қарамастан ПРЛ деңгейінің қалыпты күйге келмеуі;
·               Феноидальдысинусқа өсетін ісіктер немесе ликвореямен қосарланған ісіктер;
 
Әрі қарай емдеу:
·          Қан сұйықтығындағы ПРЛ деңгейін динамикалық зерттеу: бірінші зерттеу отадан кейінгі 10-15 күннен кейін, әрі қарай – ай сайын. Пролактинемияны қалыпты күйге келтірген соң, ПРЛ-ды анықтауды 6 айда 1 рет жүргізеді. Контрастты күшейтумен гипофиз МРТ-сын жылына 1 рет жүргізеді.
·          Отадан кейінгі 10-15 күннен кейін ПРЛ деңгейінің төмендеуі немесе қалыпты күйге келуі болмаса, аденоманың толық жойылмаған деп есептеуге және ПРЛ-секреттеуші аденомасының болашақта рецидивін күтуге болады. Бұл жағдайларда кемінде 2 жылға, немесе өмірлік мерзімге дофамин агонистерін тағайындау көрсетілген (жоғарыда қараңыз). Сырқаттың кенеттен ремиссиясы болуы мүмкін.
·          Соңғылары немесе олардың резистенттілігіне төзімсіздік кезінде, сондай-ақ, агрессивті пролактиномалар мен карциномаларда сәулелік терапия тағайындалады.
·          Ота кезінде көршілес құрылымдардың жарақаттануы және пангипопитуитаризмнің клиникалық белгілерінің дамуы кезінде гипофиздің өзге гормондарының дефицитін шығару үшін қарап тексерулер жүргізіледі және қажет жағдайда өмірлік гормонды терапия тағайындалады.
Макроаденомаларға қарағанда, микроаденомалар сирек рецидивтер береді.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          Қан сұйықтығындағы ПРЛ деңгейінің қалыпты күйге келуі;
·          Регрессия/аденома өсуінің тұрақтылығына жету;
·          гиперпролактиемиялық гипогонадизм көріністерін жою, фертильділікті қалпына келтіру.

Лечение в Турции

Лучшие клиники и врачи Турции!

Сеть клиник "ACIBADEM" ("Аджибадем") в Турции. Полное сопровождение пациентов: трансфер, проживание, услуги переводчика.

Представительство в РК: +7 778 638 22 00

Как удобнее связаться с вами?

Лечение в Турции

ACIBADEM: Лучшие клиники и врачи Турции!

Сеть клиник "ACIBADEM" ("Аджибадем") - это 21 клиника в 4 странах мира. Самое современное оборудование и новейшие методики лечения. Мы оказываем полное сопровождение пациентов из Казахстана: трансфер, проживание, перевод документов, услуги переводчика.

Представительство в РК: Алматы, Кабанбай Батыра 96, +7 778 638 22 00

Как удобнее связаться с вами?

Госпитализация


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ҮШІН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
·          Жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсету (ЖММКК) мекемелерінде жедел емдеу қажеттілігі;
Жоспарлы емдеуге жатқызу профильді нейрохирургиялық бөлімдерде нейронавигацияның бақылауында трансназальды аденомэктомия үшін жүзеге асырылады.
·          Пролактиноманың прогрессиялық өсімі қауіпі;
Мамандандырылған аймақтық нейрохирургиялық бөлімшелерге жоспарлы емдеуге жатқызу*;
·          Емдеу схемасын өзгерту қажеттілігі. Мамандандырылған аймақтық эндокринологиялық бөлімшелерге жоспарлы емдеуге жатқызу*;
*жабдықталған медициналық диагностикалық орталықтары бар аймақтық орталықтарда тұратын пациенттер үшін амбулаторлық жағдайларда қарап тексеру мен косервативті емдеу мүмкін.
 
Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
·          Гипофиз аденомасына қан құйылу кезінде аймақтық нейрохирургиялық бөлімшелерге.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Эндокринология: национальное руководство/ под ред. И.И. Дедова, Г.А. Мельниченко- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016, - 1112 стр. 2) Генри М. Кроненберг, ШломоМелмед,Кеннет С., Полонски К., П.Рид Ларсен. Эндокринология по Вильямсу. Нейроэндокринология,Москва, Рид Элсивер, 2010, 220 – 225, 226-237. 3) ShlomoMelmed, Felipr F. Kasanueva, Andrew R. Hofmanet all. Диагноостика и лечение гиперпролактинемии: клинические рекомендации международного эндокринологического общества // Ожирение и метаболизм – №2-2011, стр79-91. 4) Протокол диагностики и лечения Пролактином, Алматы, 2014.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттаманы әзірлеушілердің тізімі,:
1)      Досанова Айнұр Қасымбекқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ-ның эндокринология кафедрасының ассистенті.
2)      Базарбекова Римма Базарбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ-ның эндокринология кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстандық дәрігер-эндокринологтар ассоциациясының» төрайымы.
3)      Таубалдиева Жаннат Сатыбайқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық ғылыми-медициналық орталық» АҚ-ның эндокриндік бұзылулар бөлімінің меңгерушісі.
4)      Смағұлова Ғазиза Ажмағықызы – медицина ғылымдарының кандидаты,        «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі аурулар пропедевтикасы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Рецензент:
Нұрбекова Ақмарал Асылқызы – «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх