Отиттер (ересектерде және балаларда)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Гнойный и неуточненный средний отит (H66), Острый средний серозный отит (H65.0), Перфорация барабанной перепонки (H72), Полип среднего уха (H74.4), Средний отит при болезнях, классифицированных в других рубриках (H67*), Холестеатома среднего уха (H71)
Оториноларингология, Оториноларингология детская, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның
2017 жылғы «10» қарашадағы
№ 32 хаттамасымен мақұлданған

Жіті орта отит (ЖОО) – дабыл жарғағының шырышты қабығының және ортаңғы құлақ құрылымының жіті қабынуы, интоксикация симптомдарымен және клиникалық ауырсынумен, есту қабілетінің төмендеуімен сипатталады, сондай-ақ дабыл жарғағының гиперемиясы түріндегі отоскопиялық көріністе, танытушы белгілердің жоқ болуымен және құлақ жарғағының тесілуі жағдайында жүріп тұрған рефлекс және оторея анықталады.    

Созылмалы орта отит (СОО) –  ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуы,  үш түрлі белгілермен сипатталады: дабыл жарғағының тұрақты перфорациясының бар болуы, құлақтан бөлінетін тұрақты қайталанбалы патологиялық бөлінді және әр түрлі деңгейде айқындалған есту қабілетінің төмендеуі, аурудың ұзақ ағымында әрдайым алға қарай ақырындап  дамиды.    

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 Код(тары):

АХЖ-10
Код Атауы
Н65.0 Жіті серозды орта отит
Н66.0 Жіті іріңді орта отит
Н66.1 Созылмалы туботимпалды іріңді орта отит
Н66.2 Созылмалы эпитимпано-антральды іріңді орта   отит
Н66.3 Басқа созылмалы іріңді орта отиттер
Н66.4 Анықталмаған іріңді орта отит 
Н66.9 Анықталмаған орта отит 
Н67 Аурулар кезіндегі орта отит, басқа тарауларда жіктелген 
Н71 Ортаңғы құлақтың холестеатомасы
Н72 Дабыл жарғағының перфорациясы
Н74.4 Ортаңғы құлақтың түймешігі
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні:  2013 жыл (2017 жылы қайта қаралған)
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

ЖОО - жіті орта отит
СОО - созылмалы орта отит
РКЗ - рандомизацияланған клиникалық зерттеулер
АМСП - Алғашқы медико-санитарлы  пункт 
  -  
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, педиатрлар, оториноларингологтар, балалар оториноларингологтары.
 
Пациенттер санаты: ересектер, балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ны жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі  РБЗ, олардыңнәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерін жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатеніңөте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. 
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін немесе жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар (++ немесе +) РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайды.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу не сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


ЖОО:

·          Перфорацияға дейінгі кезең  (дабыл жарғағының гиперемиясымен және шиеленісімен сипатталатын, айқын ауырсыну синдромымен қатарласып жүретін қабынудың катаралды нысаны);  
·          Перфоративті кезең  (қабынудың іріңді нысаны, перфорацияланған дабыл жарғағы арқылы ірің ағумен сипатталады); 
·          Репаративті кезең (дабыл жарғағының қалыпқа келуі).

СОО:
·          Созылмалы туботимпалды іріңді орта отит   – мезотимпанит;
·          Созылмалы эпитимпано-антральды іріңді орта отит   – эпитимпанит.
 
ЖОО және СОО кезіндегі асқынулар: 
·          Мастоидит – шырышты қабықтың және самай сүйегінің емізік тәрізді өскінінің сүйек тінінің іріңді қабынуы; 
·          Лабиринтит – ішкі құлақтың қабынуы, бұндай жағдайда қандай да бір деңгейде вестибулярлы және кохлеарлы рецепторлардың зақымдануы орын алады; 
·          Отогенды бассүйекішілік асқынулар және отогенді сепсис. (отогенды  менингит және бассүйек ішіндегі отогенді іріңді ісіктер);   
·          Сигмовидті синус тромбозы және отогенді сепсис; 
·          Артқы бассүйек шұңқырының арахноидиты;
·          Бет жүйкетамырының отогенді невриті (бет жүйкетамырының парезы).  

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ [1-4,6-8,10,12-14,16-18]

Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар және анамнез:
ЖОО кезіндегі шағымдар
Перфорацияға дейінгі кезең сипатталады: 
·        соғып тұрушы сипатты, самайға, еңбекке берілетін құлақтағы ауырсынуға шағымдар; 
·        есту қабілетінің төмендеуі;
·        интоксикация белгілері;  
·        мұрынның бітелуі.

Анамнез ішінде: өткізілген ЖРВИ, жалпы суықтау, құлақ жарақаты. 
 
Перфоративті кезең сипатталады:
·          5-7 күнге дейінгі ірің ағумен; 
·          Құлақтағы ауырсынудың азаюы;
·          Науқас жағдайының жақсаруы; 
·          Дене қызуының төмендеуі.
 
Репаративті кезең сипатталады:
·          ірің ағудың тоқтауымен;
·          дабыл жарғағының қалыпқа келуімен;  
·          есту қабілетінің қалыпқа келуімен.

СОО кезінде шағымдар:
Ремиссия кезеңінде:
·          ауру құлақтан патологиялық бөліндінің бөлінуі белгіленбейді;   
·          есту қабілетінің төмендеуі;
·          құлақта төмен жиіліктегі шуыл болады .
Асқыну кезінде:
·          оталгия байқалады;
·          көп бөлінулер;
·          бас ауыруы;
·          есту қабілетінің төмендеуі;
·          шуылдың ұлғаюы;
·          нашар жағымсыз иісі бар бөлінулер; 
·          бас айналудың ұстама ұқсас эпизодтары. 
ЖОО және СОО кезінде теріс динамика байқалуы мүмкін: 
·          ірің ағу күшееді, ірің көлемі ұлғаяды; 
·          бас ауыру жайылма сипатқа дейін күшееді немесе емізік тәріздес өскінді аймағына ошақталады; 
·          интоксикация белгілері өсе бастайды;
·          сананың деңгейі нашарлайды (бірқалыпты саңырауқұлақтықтан комаға дейін);
·          жүрек айну, лоқсу қосылады.
 
Физикалық қарап зерттеу:
Перфорацияға дейінгі кезеңдегі отоскопия:  
·          дабыл жарғағының тамырларының инъекциясы; 
·          жарықты конустың қысқаруы; 
·          гиперемия;
·          ісіну;
·          танылмалы пункттардың жоғалуы; 
·          дабыл жарғағының тартылуы;   
Перфоративті кезең:
·          сыртқы есту жолында іріңді бөлінудің бар болуы; 
·          дабыл жарғағының перфорациясы; 
·          пульс етуші  рефлекс деп аталатын рефлекс байқалуы мүмкін, ол кезде ірің перфорация арқылы көрініп танылады және пульсқа сай ырғақта соғып тұрады.    
Репаративті кезең:
·          дабыл жарғағының гиперемиясы және инфильтрациясы жоғалады; 
·          оның жарқылы байқалады; 
·          танытылушы контурлары айыруға келетіндей болады; 
·          перфорацияның өздігінен жабылуы мүмкін; 
·          дабыл жарғағы тыртықпен өзгертілген, ішке тартылған. 

СОО:
Мезотимпанит кезінде отоскопия, ремиссия:
·          дабыл жарғағының тартылған бөлігінде перфорациялық саңылау; 
·          перфорацияның шеттері сүйелденген;   
·          бөлінді жоқ;
·          үлкен перфорация кезінде ортаңғы құлақ құрылымы көрінеді; 
·          танытылушы белгілер жадағайланған. 
Эпитимпанит кезінде отоскопия,    ремиссия:
·          дабыл жарғағының тартылмаған бөлігіндегі перфорациялық саңылау; 
·          перфорацияның шеттерінің кейде көрінуі қиын. (микроскопты пайдалану арқылы қарау қажет);
·          бөлінді жоқ;
·          дабыл жарғағының тартылған бөлігі қалыпты шеңберде болуы мүмкін; 
танытылушы белгілер жадағайланған
Асқыну:
·          іріңді бөлінулер сарғыштау немесе жасылдау түсті; 
·          дабыл жарғағының шырышты қабығының гиперемиясы; 
·          холестеатома кезінде – дабыл жарғағының тартылған бөлігіндегі шеткі перфорация; 
·          дабыл жарғағы қуысында қабыршықтанған эпидермальды түзілулер; 
·          нашар жағымсыз иісі (сасық) бар іріңді бөлінулер. 
 
Зертханалық зерттеулер:
·          ЖҚА: нейтрофильді жылжуы бар лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.
·          Құлақтан бөлінетін бөліндінің бактериологиялық зерттеу: патогенді микробтардың бар болуы, сондай-ақ антибиотиктарға сезімталдығын анықтау. 
·          Жалпы зәр талдауы: отогенді сепсис кезінде зәр анализдерінде өзгерулер болуы мүмкін (уытты нефропатия). 
 
Аспаптық зерттеулер:
ЖОО:
·          Отоскопия: дабыл жарғағы гиперемияланған, контурлар жадағайланған. 
·          Риноскопия (алдыңғы және артқы):
·          Фарингоскопия:
·          Ларингоскопия:
·          Камертон арқылы есту ағзасын зерттеу. 
СОО:
·          Отоскопия
·          Риноскопия (алдыңғы және артқы)
·          Фарингоскопия
·          Ларингоскопия
·          Камертон арқылы есту ағзасын зерттеу
·          Шюллер бойынша самай сүйектерінің рентгенографиясы   (үдерістің таралуын және сүйектегі өзгерістерін анықтау мақсатында)
·          Көрсетілімдер бойынша самай сүйектерінің компьютерлік  томографиясы (КТ)  
·          Аудиометрия, импедансометрия
·          ЭКГ: (отогенді сепсис кезінде жүрек бұлшықеттері жұмысында өзгеріс болуы мүмкін, ЭКГ бақылауы емдеуді түзету үшін қажет) 
·          Өкпе рентгенографиясы: (отогенді сепсис кезінде өкпе іріңді септикалық метастаздардың нысаны болуы мүмкін ).

Мамандар консультациясы үшін көрсетілімдер:
·          невропатологтың консультациясы – бассүйек ішілік асқынудан күдіктенген кезде; 
·          нейрохирург консультациясы – бассүйек ішілік асқынулар белгілерінің бар болу жағдайында; 
·          офтальмолог консультациясы   – көз түбін зерттеу мақсатында; 
·          сурдолог консультациясы  –  есту қабілетінің төмендеуі жағдайында аудиометрияны, тимпанометрияны өткізу;
·          жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр консультациясы – соматикалық ауруларды жоққа шығару мақсатында.   
 
Диагностикалық алгоритм:


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі:  
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды болдырмау критерийлері
Сыртқы отит
 
Талдаудың клиникалық әдістері(анамнез, оториноларинголог дәрігердің қарауы  – құлақтың ауыруы, құлақтан бөлінулер.   Есту қабілетінің төмендеуі, жіті басталуы)
 
Отоскопия.
Шюллер бойынша самай сүйектерінің рентгенографиясы (үдерістің таралуын және сүйектегі өзгерістерін анықтау мақсатында
Үдеріс сыртқы құлақ шеңберінде өтеді. Ортаңғы құлақ бөлімдері патологияларсыз 
Сыртқы құлақтың іріңді ісуі, домбығу,  карбункул, фурункул Талдаудың клиникалық әдістері(анамнез, оториноларинголог дәрігердің қарауы  – құлақтың ауыруы, құлақтан бөлінулер.   Есту қабілетінің төмендеуі, жіті басталуы)
 
Отоскопия.
Шюллер бойынша самай сүйектерінің рентгенографиясы (үдерістің таралуын және сүйектегі өзгерістерін анықтау мақсатында
Үдеріс сыртқы құлақ шеңберінде өтеді. Шаш фолликулдарын тартумен қатар.   Фурункул кезінде шектелген және карбункул кезінде бөлінген қабыну аймағы бар. Ортаңғы құлақ бөлімдері патологиясыз
Ортаңғы құлақтың жабысқақтық ауруы, жабысқақ отит Талдаудың клиникалық әдістері(анамнез, оториноларинголог дәрігердің қарауы  – құлақтың ауыруы.   Есту қабілетінің төмендеуі, созылмалы ағым Отомикроскопия.
Шюллер бойынша самай сүйектерінің рентгенографиясы (үдерістің таралуын және сүйектегі өзгерістерін анықтау мақсатында
Үдеріс созылмалы ағымға ие. Дабыл жарғағы ортаңғы құлақтың аэрациясының бұзылушылығының созылмалы үдерісі есебіне байланысты өзгерген. 

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1-4,6-8,10,12-14,16-18]: ересектерде емдеу тактикасы қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын препараттармен емдеуге тоғытылған. Антибиотиктар қалтырау және қатты ауырсыну кезінде барлыө жастағы балаларға және ересектерге тағайындалады.   
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Режим – жалпы.
·          Диета №15
Кейбір жағдайда пациенттерге физиорәсімдер тағайындалады: 
·          УФС;
·          УЖЖ;
·          пневмомассаж;
·          лазеротерапия.
Дәстүрлі емес медицина құралдары бірнеше ережені есепке алумен қолдануға беріледі: 
·          глицеринге, медициналық спиртке және резорцинге шыланған мақташадан тұратын компресс, бір тәулікке ауру құлаққа қойылады. Компресс қабынуды түсіруге және ауырсынуды азайтуға мүмкіндік береді. 
·          құлақ жарғағының артына  сумен араластырылған спирттен компресс қойылады. 12 сағат ішінде ұстау қажет,  сосын дәке алынып тасталынады. 
·          ісінуді басу үшін құлаққа протаргол тамызылады.  
·          Компресстерді жоғары дене қызуы кезінде қоюға болмайды. 
·          Балаларды емдеу мақсатында спирті бар тамшыларды қолдануға болмайды; 
·          Егер пациенттің жас мөлшері 10 жастан кіші болса, ондай жағдайда жартылай спирттік компресстер қолданылмайды. 
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу

Негізгі дәрілік заттар тізбесі (қолданудың  100% мүмкіндігі бар): 

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
Антибактериалды препараттар Ампициллин
немесе
 
250 немесе 500мг х тәулігіне 4 рет. 20 кг-ға дейінгі балаларға   50-100 мг/кг салмағына 4 рет қабылдауға бөліп А
Амоксициллин + клавулан  қышқылы
немесе
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
инфекцияның жеңіл және ортаауыр ағымдары   1 таб-дан 250 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб-дан 500 мг+125 мг әр 12 сағат сайын, инфекцияның ауыр ағымында  -1 таб 500 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб 875 мг+125 мг әр 12 сағат сайын.
Балаларға 50 мг/кг дене салмағы. 500 мг бірреттік доза.  Құйылу жиілігі күніне 2 рет  қ/т 100-200 мг/кг
А
Азитромицин
 
 
  0,5 г-нан күн сайын (курстық дозасы 1,5 г) 12 жастан ересек балаларға және дене салмағы 45 кг көп балаларға 45 кг . ЛОР-ағзаларының инфекциялары кезінде     - 500 мг/тәу 3 күн ішінде 1 рет қабылдау(курстық  дозасы - 1.5 г). А
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
 
Ацетаминофен            10-15  мг/кг бірреттік доза ішке, Ацетаминофеннің таблеткалардағы тәуліктік ең жоғарғы дозасы  жарты жылға дейінгі сәбилерге 350 мг құрайды, бір жасқа дейін – 500 мг, үш жасқа дейін – 750 мг құрайды, 6 жасқа дейін – 1 грамм, 9 жасқа дейін – 1,5 грамм, 12 жасқа дейін – 2 грамм. Қабылдау жиілігі – тәулігіне 4рет қабылдау арасына 4 сағат салып және одан да көп.   Емдеудің ең көп ұзақтығы – 3 күн (ыстық түсіруші препарат ретінде) және 5 күн (ауырсынуды басатын препарат ретінде қабылдаған кезде). В
  Ибупрофен 
немесе
 
200-800 мг, қабылдау жиілігі - 3-4 рет/тәу; балаларға - 20-40 мг/кг/тәу бірнеше рет бөліп қабылдау. В
Кетопрофен 100мг бір рет. 300 мг тәуліктік дозасы.
Қарсы көрсетілімдер: 18 жасқа дейінгі балалар жас мөлшері – инъекциялар үшін, 6 жасқа дейін – гель үгін, 15 жасқа дейін – таблеткалар үшін. 
В
Антигистаминді  препараттар
 
клемастин
немесе
 
Ішке, тамақтануға дейін,   1 мг-нан тәулігіне 2 рет, қажеттілік болған жағдайда дозаны тәулігін 3-6 мг/тәу дейін көтереді. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға таңертең және кешке (күніне 2 рет)   0.5 мг-нан тағайындайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға  –  0.67 мг шәрбат (1 ш.қасық). В
лоратадин 10 мг/тәу
30кг-нан жоғары дене салмағы бар балалар тәулігіне 1 (10мг) таблеткадан немесе шәрбаттан әсер етуші заттың 10мг есебін алғанда. 
30 кг-нан төмен дене салмағы бар балаларға таблетканы 2 күнге немесе тәулігіне 5 мг-ға бөледі 
В
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен): 

Дәрі-дәрмектік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
Есірткі емес ауырсынуды басатын препараттар Метамизол натрия**
 
50% - 2,0 мл
балаларға  0,1 – 0,5 мл-нан құяды. Ішке, тамақтан кейін немесе ректальды түрде күніне 2-3 рет 250 – 500 мг-нан, бірреттік ең жоғарғы дозасы  – 1 г, тәуліктің — 3 г. Балаларға күніне 2-3 рет қалыпты дозасы 2 – 3 жас — 50 – 100 мг-нан, 4 – 5 жас — 100 – 200 мг-нан, 6 – 7 жас — 200 мг-нан, 8 – 14 жас— 250 – 300 мг-нан.
В
Антисептикалық препараттар
 
Сутек  тотығы 3% ерітінді 100 мл-нан С
Йодталған повидон   20-50 мл-нан С
Этил спирті 70% және 96% С
Хлоргексидин Жергілікті және сырты қолдануға арналған ерітінді    С
**тұрақты бақылауда және өте ерекше мұқияттылықпен қабылдау қажет 
 
Хирургиялық емдеу:
ЖОО
·          дабыл жарғағының парацентезы (көрсетілімдер бойынша: консервативтік емнен ешқандай әсер болмаған жағдайда);

Әрі қарай жүргізу
ЖОО
·          6 ай ішінде амбулаторлы деңгейде оториноларингологта бақылауда болу, 6 айдан кейін бақылау  аудиометриясын жасау.   
СОО
·          Жылына 2 рет қаралумен оториноларингологта диспансерлік бақылауда болу, жылына 1 рет неврапатолог консультациясы және жылына 2 рет сурдолог консультациясы.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          ортаңғы құлақ қуысында іріңді-қабыну үдерісін тоқтату; 
·          құлақта ауырсынудың болмауы;
·          есту функциясының қалыпқа келуі;
·          зертханалық көрсеткіштердің қалыпқа келуі;
·          аурудың асқынған түрлерінің болмауы.  

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: ортаңғы құлақтың қабыну үдерісінің әрбір нысаны үшін өзіне тән медициналық рәсімдері және медициналық препараттары бар ерекше емдеу тәсілі қарастырылған.   
ЖОО кезінде перфорацияға дейінгі фазада дабыл жарғағын хирургиялық тілу жүзеге асырылады — тимпаностомия. Берілген қимыл асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ірің сыртқа әдейі орнатылған түтік арқылы шығады. Ауырсыну синдромы төмендейді, сауығу тезірек орнайды. Есту қабілетінің қалпына келуі үшін, үрлеу және пневматикалық массаж тағайындалуы мүмкін.   
Мезотимпаниттар кезінде хирургиялық емдеудің мақсаты – дабыл жарғағының бүтіндігін қалпына келтіру – өз шеміршегін қолдану арқылы тимпанопластика.    
Эпитимпаниттер сүйек тінінің бұзылуымен байланысқан. Аурудың бұндай ағымында хирургиялық араласудың мақсаты сүйек патологиясын алып тастау және протездерді қолдану арқылы дабыл жарғағын инертты материалдар (титан) көмегі арқылы қалпына келтіру.   
ЖОО және СОО барлық асқынған түрлерінде инфекцияның алғаш ошағын санациялау бір уақытта отогенді асқынулар жайлы тұрғыдан хирургиялық араласумен бірге жүргізіледі. 

Пациентті қадағалау картасы, пациентті  бағдарлау (сызбалар, алгоритмдер):


Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          режим – жалпы, нашарлаған жағдайда төсек.
·          диета – жалпы (ілеспелі патология кезінде сәйкес диета тағайындалады).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу

Негізгі дәрілік заттар тізбесі (қолданудың  100% мүмкіндігі бар): 

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
Антибактериалды препараттар
 
Ампициллин
немесе
 
250 немесе 500мг  тәулігіне 4 рет. 20 кг-ға дейінгі балаларға   50-100 мг/кг салмағына 4 рет қабылдауға бөліп А
Амоксициллин + клавулан  қышқылы
немесе
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
инфекцияның жеңіл және ортаауыр ағымдары   1 таб-дан 250 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб-дан 500 мг+125 мг әр 12 сағат сайын, инфекцияның ауыр ағымында  -1 таб 500 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб 875 мг+125 мг әр 12 сағат сайын.
Балаларға 50 мг/кг дене салмағы. 500 мг бірреттік доза.  Құйылу жиілігі күніне 2 рет  қ/т 100-200 мг/кг
А
  Азитромицин
 
 
  0,5 г-нан күн сайын (курстық дозасы 1,5 г) 12 жастан ересек балаларға және дене салмағы 45 кг көп балаларға 45 кг . ЛОР-ағзаларының инфекциялары кезінде     - 500 мг/тәу 3 күн ішінде 1 рет қабылдау(курстық  дозасы - 1.5 г). А
Цефуроксим
немесе
Есресектерге тәулігіне 3 рет  750 мг-нан тағайындалады. Балаларға30-100 мг/кг-нан тәулігіне 3-4 бөліп қабылдауға тағайындалады. Жаңа туған нәрестелерге және 3 айға дейінгі балаларға тәулігіне 2-3 бөліп қабылдауға 30 мг/кг-нан тағайындалады.    А
Цефазолин
немесе
Ересектер үшін тәулікті орташа дозасы - 0.25-1 г; енгізу қысқалығы – тәулігіне 2-4рет. Тәуліктегі ең жоғарғы дозасы - 6 г. 1айлық балаларға және одан ересек тәулігіне - 25-50 мг/кг-нан; инфекцияның ауыр ағымы кезінде доза тәулікке  100 мг/кг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Енгізу қысқалығы – тәулігіне 2-4 рет. А
Цефиксим
немесе
Ересектер және 12 жастан үлкен балалар және дене салмағы 50 кг-нан асатындар тәуліктік дозасы 400 мл-ға тең (тәулігіне 2 рет 200 мг-нан немесе тәулігіне 1 рет 400 мг).  0,5-12 жас аралығындағы балалар:  әр 12 сағат сайын 4 мг/кг-нан немесе әр 8 сағат сайын  8 мг/кг/тәу А
Джозамицин Ішке қабылдаған уақытта ересектер мен 14 жастан асқан балаларға – 2-3 бқліп тәулігіне 1-2 г-нан. 14 жасқа дейінгі балаларда – тәулігіне 3 бөліп  30-50 мг/кг-нан қабылдау. А
Гормоналды препараттар
 
Преднизолон
 
  Преднизолонның дозасы және емдеу ұзақтығы дәрігермен аурудың ауырлығы және көрсетілімлерге қарай жекеше түрде тағайындалады.  
Преднизолон қантамыры ішіне (тамшылар немесе сорғалатып) дәрі тамызғыш немесе бұлшық ет ішіне енгізіледі. Қ/т препаратын әдетте алдымен сорғалатып кейін тамшылатып құйылады.
В
  Дексаметазон
 
 Дозалау режимі жекеше болып табылады және көрсетілімдерге, науқастың жағдайын және оның терапияға деген реакциясына  тәуелді.  Препаратты қантамыры ішіне баяу сорғалатып немесе тамшылатып құйылады (жіті немесе кезек күттірмейтін жағдайларда); бұлшықетішілі енгізіледі В
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
 
Ацетаминофен            10-15  мг/кг бірреттік доза ішке, Ацетаминофеннің таблеткалардағы тәуліктік ең жоғарғы дозасы  жарты жылға дейінгі сәбилерге 350 мг құрайды, бір жасқа дейін – 500 мг, үш жасқа дейін – 750 мг құрайды, 6 жасқа дейін – 1 грамм, 9 жасқа дейін – 1,5 грамм, 12 жасқа дейін – 2 грамм. Қабылдау жиілігі – тәулігіне 4рет қабылдау арасына 4 сағат салып және одан да көп.   Емдеудің ең көп ұзақтығы – 3 күн (ыстық түсіруші препарат ретінде) және 5 күн (ауырсынуды басатын препарат ретінде қабылдаған кезде). В
Ибупрофен 
немесе
 
200-800 мг, қабылдау жиілігі - 3-4 рет/тәу; балаларға - 20-40 мг/кг/тәу бірнеше рет бөліп қабылдау. В
Кетопрофен 100мг бір рет. 300 мг тәуліктік дозасы.
Қарсы көрсетілімдер: 18 жасқа дейінгі балалар жас мөлшері – инъекциялар үшін, 6 жасқа дейін – гель үгін, 15 жасқа дейін – таблеткалар үшін. 
В
Антигистаминді  препараттар
 
клемастин
немесе
 
Ішке, тамақтануға дейін,   1 мг-нан тәулігіне 2 рет, қажеттілік болған жағдайда дозаны тәулігін 3-6 мг/тәу дейін көтереді. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға таңертең және кешке (күніне 2 рет)   0.5 мг-нан тағайындайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға  –  0.67 мг шәрбат (1 ш.қасық). В
лоратад
ин
10 мг/тәу
30кг-нан жоғары дене салмағы бар балалар тәулігіне 1 (10мг) таблеткадан немесе шәрбаттан әсер етугі заттың 10мг есебін алғанда. 
30 кг-нан төмен дене салмағы бар балаларға таблетканы 2 күнге немесе тәулігіне 5 мг-ға бөледі 
 
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен): 

Дәрі-дәрмектік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
Есірткі емес ауырсынуды басатын препараттар Метамизол натрия**
 
50% - 2,0 мл
балаларға  0,1 – 0,5 мл-нан құяды. Ішке, тамақтан кейін немесе ректальды түрде күніне 2-3 рет 250 – 500 мг-нан, бірреттік ең жоғарғы дозасы  – 1 г, тәуліктің — 3 г. Балаларға күніне 2-3 рет қалыпты дозасы 2 – 3 жас — 50 – 100 мг-нан, 4 – 5 жас — 100 – 200 мг-нан, 6 – 7 жас — 200 мг-нан, 8 – 14 жас— 250 – 300 мг-нан.
В
Антисептикалық препараттар
 
Сутек  тотығы 3% ерітінді 100 мл-нан С
Йодталған повидон   20-50 мл-нан С
Этил спирті 70% және 96% С
Хлоргексидин Жергілікті және сырты қолдануға арналған ерітінді    С
**тұрақты бақылауда және өте ерекше мұқияттылықпен қабылдау қажет 
 
Хирургиялық емдеу

ЖОО кезінде:
1)      Дабыл жарғағының парацентезі;
Көрсетілімдер:
·          дабыл жарғағының санациясы,
·          ішіндегі қою іріңді шығару,
·          консервативті емдеу тиімділігінің болмауы.
Қарсы көрсетілімдер:
·          ішкі жағына қарай дабыл жарғағының жабысуы.  

2)      Антропункция;
Көрсетілімдер:
·          дабыл жарғағы және антрум санациясы; 
·          ішіндегі қою іріңді шығару;
·          консервативті емдеу тиімділігінің болмауы.
Қарсы көрсетілімдер:
·          тығыз іргелі сүйек; 

3)      Антротомия антропункция;
Көрсетілімдер:
·          дабыл жарғағы және антрум санациясы; 
·          ішіндегі қою іріңді шығару;
·          консервативті емдеу тиімділігінің болмауы.
Қарсы көрсетілімдер: жоқ.

СОО кезінде:
1)      Аттикоадитотомия;
Көрсетілімдер:
·          дабыл жарғағы және антрум санациясы; 
·          ішіндегі қою іріңді шығару;
·          консервативті емдеу тиімділігінің болмауы.
Қарсы көрсетілімдер: жоқ.

2)      Аттикоантротомии;
Көрсетілімдер:
·          дабыл жарғағы және антрум санациясы; 
·          ішіндегі қою іріңді шығару;
·          консервативті емдеу тиімділігінің болмауы.
Қарсы көрсетілімдер: жоқ

3)      Аттикоантромастоидотомия;
Көрсетілімдер:
·          дабыл жарғағы және антрум санациясы; 
·          ішіндегі қою іріңді шығару;
·          консервативті емдеу тиімділігінің болмауы.
Қарсы көрсетілімдер: жоқ

4)      Мастоидэктомия;
Көрсетілімдер:
·          дабыл жарғағы және антрум, емізік тәріздес өскін санациясы; 
·          ішіндегі қою іріңді шығару;
·          консервативті емдеу тиімділігінің болмауы.
Қарсы көрсетілімдер: жоқ

5)      ортаңғы құлақтағы толық санациялаушы ота; 
Көрсетілімдер:
·          дабыл жарғағы және антрум, емізік тәріздес өскін санациясы;
·          бассүйекішілік асқынулардың алдын алу;
·          ішіндегі қою іріңді шығару;
·          ота өмірлік көрсеткіштер бойынша жүргізіледі; 
·          консервативті емнің тиімділігінің болмауы.
Қарсы көрсетілімдер: жоқ.

6)      Тимпанопластика i–v типа;
Көрсетілімдер:
·          дыбыс өткізу тізбегін қалыпқа келтіру.   
Қарсы көрсетілімдер:
·          саңыраулық;
·          ауыр нейросенсорлы сағырауқұлақтық; 
·          бассүйек ішілік асқынулар. 

Әрі қарай жүргізу:
ЖОО кезінде:
·        6 ай ішінде амбулаторлы деңгейде оториноларингологта бақылауда болу, 6 айдан кейін бақылау  аудиометриясын жасау.   
СОО кезінде:
·        Жылына 2 рет қаралумен оториноларингологта диспансерлік бақылауда болу, жылына 1 рет неврапатолог консультациясы және жылына 2 рет сурдолог консультациясы.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·        ортаңғы құлақ қуысында іріңді-қабыну үдерісін тоқтату; 
·        құлақта ауырсынудың болмауы;
·        есту функциясының қалыпқа келуі;
·        зертханалық көрсеткіштердің қалыпқа келуі;
·        аурудың асқынған түрлерінің болмауы. 

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫҢ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [1-4,6-8]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
СОО:
·          СОО ремиссиясы кезінде санация және ортаңғы құлақ құрылымдарын реконструкциялау мақсатында жатұызу. 

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
ЖОО кезінде:
·          ортаңғы құлақ қуысында тоқтатылмайтын іріңді-қабыну үдерісінің бар болу жағдайында; 
·          бассүйек ішілік асқыну белгілерінің бар болуы, желке бұлшықеттерінің қаттылығы және басқа да менингеальды симптомдар, мастоидит белгілері (құлақ артындағы ауырсынуы бар ісіну); 
·          интоксикацияның айқын симптомдары   (тамақ және ішуден бас тарту, кез келген тағамды қабылдаудан және ішуден соң лоқсу, сананың бұзылушылығы);
·          Амбулаторлық емдеудің тиімсіздігі.
СОО кезінде:
·          СОО асқыну аясында отогенді бассүйек ішілік асқынулардың дамуы; 
·          консервативті терапиядан әсердің болмауымен қатар СОО асқынуы.  

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. Ina F. Wallace, Nancy D. Berkman, Kathleen N. Lohr, Melody F. Harrison, Adam J. Kimple, Michael J. Steiner. Surgical Treatments for Otitis Media with Effusion: A Systematic Review. February 2014, Vol. 133/ISSUE2 Овчинников Ю.М., Гамов В.П. Болезни носа, глотки, гортани и уха. — М., 2005, -328с. Пальчун В.Т., Магомедов М.М., Лучихин Л.А. Оториноларингологии, учебник 3-е издание переработанное и дополненное, М.:2013г.- 571с. Солдатов И.Б. Руководство по оториноларингологии. – М.: Медицина. 608с. Төлебаев Р.К., Ерсаханова Б.К., Жусупов Б.З. Оториноларингологиядан қысқаша оку құралы [Мәтін] : оқу құралы Астана : б.и., 2013. - 175 б. S. Burkert, CH. Rasinski, R. Burkert, K. Neumann Otitis media with effusion - current management in children.. - 2012. - Vol. 22, Iss.l. - P. 9-12. Surgical management of otitis media with effusion in children pathway // Copyright © NICE 2013

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)      Аженов Талапбек Муратович – медицина ғылымдарының докторы, № 1 «Қазақстан Республикасы Президенті істері  Басқармасының медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК хирургиялық бөлімінің меңгерушісі. 
2)      Байменов Аманжол Жумагалеевич – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана қаласының медициналық университеті» АҚ оториноларингология кафедрасының доценті. 
3)      Бекпанов Алмат Жаксылыкович – медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығының «UMC»  КФ филиалының балалар оториноларингологы. 
4)      Смагулова Газиза Ажмагиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, «М.О.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі ауруларды үйрету және клиникалық фармакология факультетінің меңгерушісі. 
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Рецензенттер тізімі:
Исмагулова Эльнара Киреевна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, №1 «М.О.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті»  ШЖҚ РМК хирургиялық аурулар кафедрасының отриноларингологиялық курстың меңгерушісі. 
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх