Мерезді алдын ала емдеу
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Контакт с больным и возможность заражения инфекционной болезнью, передаваемой преимущественно половым путем (Z20.2)
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген
Мерезді алдын ала емдеу – бұл мерездің алғашқы кезеңдерімен ауыратындармен жыныстық немесе тығыз тұрмыстық байланыста болған тұлғаларға жүргізілетін миркобқа қарсы терапияның сұлбасы, егер байланыс сәтінен бастап 2 айдан аз уақыт өтсе [1, 2, 3].
Хаттаманың атауы: Мерезді алдын ала емдеу
Хаттаманың коды:
Код (кодтар) ХАЖ Х
Z 20.2 Аурулармен байланыс және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруды жұқтыру мүмкіндігі
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
МҚП - микробқа қарсы препараттар
б/і – бұлшықет іші
г - грамм
ӘБ - әрекет бірлігі
ИФТ - иммуноферментті талдау
СРЖ - серологиялық реакциялардың жиынтығы
ХПЕА - халықаралық патенттелмеген аталымы
мл - миллилитр
мг - миллиграмм
ИФР - иммунофлюоресценция реакциясы
МПР - микропреципитация реакциясы
КБР - комплементаның байланыстыру реакциясы
СГАР - селқос гемагглютинация реакциясы
е-і - ерітінді
RW - Вассерман реакциясы
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, гинекологтар, урологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар.
Жіктемесі
Клиникалық жіктелуі: бұл хаттамаға жіктеу қарастырылмаған
Диагностикасы
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
· Серологиялық: қан сарысуында Вессерман реакциясын қою;
· Қан сарысуында бозарған трепонеманың антигенімен СГАР;
· ИФТ: ИФТ-әдісімен қан сарысуында Treponema pallidum-ге Jg M, Jg G анықтау;
· Қан сарысуында кардиолипинды антигенмен микропреципитация реакциясы;
· Урогениталдық сүртіндіні өзге ЖЖБИ (терапия басталғанға дейін) жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көкпен және/немесе Грам бойынша бояу).
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: жүргізілмейді.
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі: жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (жоспарлы госпитализация кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі): жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (шұғыл госптализация кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі): жүргізілмейді.
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар: жоқ.
Анамнез:
2 айдан кеш емес мерзімде мерездің алғашқы кезеңдерімен ауыратынмен жыныстық қатынас;
· 3 жасқа дейінгі балаларда мерездің алғашқы кезеңдерімен ауыратындармен тұрмыстық қатынастың болуы;
· кездейсоқ жыныстық қатынас.
Физикальды тексеру:
· Тері жабындылары мен шырышты қабыршақтар бөртулерден бос;
· Сырттағы лимфалық түйіндер патологиялық өзгеріссіз.
Зертханалық зерттеулер:
· Серологиялық: қан сарысуында Вессерман реакциясы: нәтижесі теріс;
· Қан сарысуында бозарған трепонеманың антигенімен СГАР: нәтижесі теріс;
· ИФТ: ИФТ-әдісімен қан сарысуында Treponema pallidum-ге Jg M, Jg G анықтау: нәтижесі теріс;
· Қан сарысуында кардиолипинды антигенмен микропреципитация реакциясы: нәтижесі теріс.
Аспаптық зерттеулер: жүргізілмейді.
Мамандардың кеңесіне арналған көрсеткіштер: жоқ.
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар: жоқ.
Анамнез:
2 айдан кеш емес мерзімде мерездің алғашқы кезеңдерімен ауыратынмен жыныстық қатынас;
· 3 жасқа дейінгі балаларда мерездің алғашқы кезеңдерімен ауыратындармен тұрмыстық қатынастың болуы;
· кездейсоқ жыныстық қатынас.
Физикальды тексеру:
· Тері жабындылары мен шырышты қабыршақтар бөртулерден бос;
· Сырттағы лимфалық түйіндер патологиялық өзгеріссіз.
Зертханалық зерттеулер:
· Серологиялық: қан сарысуында Вессерман реакциясы: нәтижесі теріс;
· Қан сарысуында бозарған трепонеманың антигенімен СГАР: нәтижесі теріс;
· ИФТ: ИФТ-әдісімен қан сарысуында Treponema pallidum-ге Jg M, Jg G анықтау: нәтижесі теріс;
· Қан сарысуында кардиолипинды антигенмен микропреципитация реакциясы: нәтижесі теріс.
Аспаптық зерттеулер: жүргізілмейді.
Мамандардың кеңесіне арналған көрсеткіштер: жоқ.
Дифференциалды диагноз
Сараланған диагноз: жүргізілмейді.
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары: мерездің алдын алу.
Емдеу тәсілі
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
2 режим.
№15 үстел (жалпы).
Дәрі-дәрмекпен емдеу [4]:
Фарма-коло-гиялық топ | Препар-аттың ХПЕА | Шы-ғару фор-масы | Мөл шерлеу | Қол-дану еселігі | Ескерту |
Бактерияға қарсы препараттар |
(дәлелділік деңгейі – В-2) |
Бензатинбензилпеницил лин 2,4 млн. ӘБ фла коны |
бір еселі | Таңдау препараты, ең үлкен комплаентнттігі /4/. | |
Бензатинбензилпеницил линнің, бензилпени циллинді натрий (немесе калий) тұзы ның және бензилпен циллинді новокаин тұзының қоспасы |
фла кон |
ӘБ 1,8 млн. |
б/і – жұма ішінде2 инъек ция | ||
Бензатинбен зилпеницил линнің және бензилпени циллинді новокаин тұзының қоспасы |
фла кон |
ӘБ 1,5 млн. |
б/і – жұма ішінде 2 инъек ция | ||
Бензил пенициллин ді новокаин тұзы |
фла кон |
ӘБ 600 мың |
б/і – жұма ішінде 2 инъек ция | ||
Цефтри аксон |
флакон | 500-1000 мг |
ересектер үшін 5 күн ішінде күніне 1 рет б/е 250 мг-нан |
Пенициллиндік қатарлы препараттарға аллергия жағдайында баламалы препараттар | |
Доксициклин | дәрілер | 100-200 мг капсулалар |
10 күн ішінде күніне 2 рет 100 мг - нан |
Пенициллиндік қатарлы препараттарға аллергия жағдайында баламалы препараттар |
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу
Негізі (100 % қолдану мүмкіндігі бар) емдік дәрі-дәрмектер тізімі:
· Бензатинбензилпенициллин (флакон ӘБ 2,4 млн);· Бензатинбензилпенициллиннің, бензилпенициллинді натрий (немесе калий) тұзының және бензилпенициллинді новокаин тұзының, қоспасы (флакон ӘБ 1,8 млн);
· Бензатинбензилпенициллиннің және бензилпенициллинді новокаин тұзының қоспасы (флакон ӘБ 1,5 млн);
· Бензилпенициллинді новокаин тұзы (флакон ӘБ 600 мың);
· Цефтриаксон (флакон 500-1000 мг);
· Доксициклин (100-200 мг дәрілер, капсулалар).
Қосымша (қолдану мүмкіндігі 100 % кем) дәрілік заттардың тізімі: жоқ.
Емдеудің өзге түрлері: жүргізілмейді.
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері:
Стационарлық деңгейде көрсетілетін емдеудің өзге түрлері:
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңіндегі емдеудің өзге түрлері
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу
Стационарлық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу.
Алдын алуы
· Емделуден кейін 6 ай ішінде диспансерлі тексеру;
· Жыныстық серіктестерді уақтылы айқындау, тексеру және емдеу;
· Нәтижесінде ретсіз жыныстық қатынастарды жою;
· Бұқаралық ақпарат құралдары, жаднамалар тарату мен мультимедиялық бағдарламалар көру арқылы ЖЖБИ жеке басты және қоғамдық профилактикасы жөнінде жаппай профилактикалық насихаттау;
· Жеке тұлғалық қарым-қатынастар, сексуалды қарым-қатынастар туралы толық ақпарат, жыныстық өмірді ерте бастау зардабы, қаламаған жүктілік мәселелері бойынша ата-аналармен және жоғарғы сынып оқушыларымен жеке консультациялар мен профилактикалық әңгімелер, қауіпсіз секс (мүшеқапты қолдану) ережелерін түсіндіру;
· Дерматовенеролог, акушер-гинеколог, уролог дәрігерлерінің қабылдау кабинеттерінде, профилактикалық тексеру кабинеттерінде мерезді және өзге ЖЖБИ жұқтыру қатерін болдырмау мен төмендету тәсілдері бойынша кеңес беру;
· ЖЖБИ сақтандыру мәселелері бойынша қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелерді жүргізу мен ақпараттық-білім беретін әдебиеттерді тарату үшін еріктілерді (білім беретін мекемелердің оқушыларын) дайындау.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- 1. Европейское руководство по ведению больных по ЗППП.-2001 г.- Журнал 12.- №3.- 111 с. 2. Клинические рекомендации по ведению больных инфекциями, передаваемыми половым путем и урогенитальными инфекциями.-2011 г.- с.- 109. 3. Sexually Transmitted Diseases Treatment Guidelines, 2010 // Department of health and human services Centers for Disease Control and Prevention. Recommendations and Reports December 17, 2010 / Vol. 59 / No. RR-12./ p. 114. 4. Hook EW 3rd, Stephens J, Ennis DM. Azithromycin compared with penicillin G benzathine for reatment of incubating syphilis. Ann Intern Med 1999; 131:434–437.
Ақпарат
Әзірлеушілер тізімі.
1. Бәтпенова Г. Р. - м.ғ.д., ҚР ДСМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі.
2. Баев А. И. - м.ғ.к., ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК а.ғ.қ.
3. Жетпісбаева З. С. - м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының доценты.
4. Жұлфаева М. Г. - ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас дәрігері.
5. Ахмадьяр Н. С. - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Пікір иесі: Нұрышева С. М. - м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК тері және мерез аурулар кафердрасының меңгерушісі.
Хаттаманы қайта қарастырудың шарттарын көрсету: әрбір 3 жылда немесе диагностика мен емдеудің жаңа дәлелденген мәліметтері пайда болған кезде.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.