Менопаузаның бұзылуы мен менопаузаға жақын кезеңдегі басқа бұзылыстар

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Менопаузные и перименопаузные нарушения неуточненные (N95.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының
2014 жылғы 4 шілдедегі №10 хаттамасымен бекітілген


Менопаузаның бұзылуы мен менопаузаға жақын кезеңдегі бұзылулар екі топқа бөлінеді: урогениталды бұзылу (УГБ), постменопаузалық остеопороз.

УГБ — эстроген-тәуелді тіндердегі және несеп-жыныстық трактің төменгі құрылымындағы аторофиялық және дистрофиялық үдерістердің дамуымен байланысты екінші асқынуының климакс кезеңдегі қуық қалбыршағында, несеп жіберу каналында, қынапта, кіші жамбастың байланыс аппаратында және жамбас түбінің бұлшықеттеріндегі симптом кешені. Синонимдер: урогениталды атрофия.

Постменопаузалы остеопороз — жыныс гормондарының жетіспеушілігі, ең алдымен эстрогендердің жетіспеушіліген менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде орын алатын жаратылысы көп факторлы қаңқаның жүйелі ауруы. Сүйек салмағының азаюына және сүйек тінінің  микроархитектоникасының бұзылуымен сипатталады, ол сүйектің тығыздығының азаюына және сыну тәуекелінің артуына алып келеді.

Хаттама атауы: Менопаузаның бұзылуы мен менопаузаға жақын кезеңдегі басқа бұзылыстар

Хаттама коды:

ХАЖ-10 коды (-тары):
M81. 0- Менопаузадан кейінгі остеопороз
М81.1- Анабезді алып тастағаннан кейінгі остеопороз
N95- Менопаузаның бұзылуы мен менопаузаға жақын кезеңдегі басқа бұзылыстар
N95.3- Жасанды шақырылған менопаузамен байланысты жай-күйі
N95.8 – Менопауза және перименопауза кезеңіндегі басқа нақтыланған бұзылыстар
N95.9- Менопаузалық және перименопаузалық нақтыланбаған  бұзылыстар

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АВ - атрофиялық вагинит
АлАТ - аланинаминотрансфераза;
АсАТ - аспартатаминотрансфераза;
ТГ-АД - тиреоглобулинге антидене;
ТПО-АД – тиреоиднойпероксидазеге антидене;
БІТУ – белсенді ішінара тромбопластиналық уақыт
ЕРА – екі фотонды рентген абсорбциометриясы
АГТ- алмастырушы гормоналды терапия:
ИФТ – иммунофлюоресцентті талдау
КУДЗ - кешенді уродинамикалық  зерттеу
ЛГ-лютеинделген гормон
НҰА- несепті ұстай алмау
ХҚҚ – халықаралық қалыптандырылған қатынас
ЕФМК – ерітілетін фибринмономерлі  кешен
ТТГ - тиреотропты гормон
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
УГБ - урогениталды бұзылу
ФЫГ-фолликула ынталандырушы гормон
ЖТЛП-ХС – жоғары тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;
ТТЛП-ХС – төменгі тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;
ӨТТЛП -ХС – өте төмен тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;
ЭКГ - электрокардиография
АХГ – адамның хорионикалық гонадотропині
HbeAg – В гепатиті вирусының антигені

Хаттаманы әзірлеу күні: 2014жыл.

Пациенттер санаты: пери/постменопаузадағы, уақытынан бұрын /ерте менопаузалы, хирургиялы менопаузалы әйелдер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, кардиологтар, эндокринологтар, урологтар, травматологтар, фельдшерлер.

Жіктемесі


Клиникалық жіктеу
 
УГБ клиникалық жіктеу [3,4]:
-гипербелсенді қуық қалбыршағы – аяқ астынан, сондай-ақ шақыру арқылы болуы мүмкін детрузордың оның толуы кезіндегі еріксіз сығылуымен сипатталатын ахуал (әйелдердің 70%-ы УГБ-ны климактерий келуімен байланастырады);
-несеп жіберу үшін императивті шақыру – несеп шығаруға шақыру кенеттен, тез арада пайда болуы, оны іске асыру мүмкіндігі болмағанда, несепті ұстай алмауға алып келеді (императивті немесе ургентті ЗҰА);
-шынайы ЗҰА – қатты күшенгенде (әлеуметтік және/немесе гигиеналық проблемалар тудыратын және объективті дәлелденетін күш қолдану арқылы несептің еріксіз шығуы;
-аралас ЗҰА – бірінің басым болуы арқылы стрестік және императивті ЗҰА үйлесуі.
УГБ-ні ауырлық деңгейі бойынша жіктеу:
-УГБ-нің жеңіл деңгейі: АВ белгілері поллакиуриямен, никтуриямен, цисталгиямен үйлеседі;
-УГБ-ы ауырлығының орта деңгейі: күшенгендегі АВ, цистоуретрит және шынайы ЗҰА белгілері үйлесетін ахуалы;
-УГБ ауырлық деңгейі: АВ, цистоуретрит және аралас ЗҰА белгілерінің үйлесуі [3,4].
 
Постменопаузадан кейінгі остеопорозды клиникалық жіктеу
-Бастапқы (сүйек массасының шығынының байланысты жасы): менопаузадан кейінгі остеопороз (1-түрі); сенильді остеопороз (2-түр);
-Қайталама – әр түрлі патологиялық жай-күйлердің асқынулары мен оларды емдеу.

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:

Зертханалық зерттеулер:
-несепті жалпы талдауды зерттеу;
-жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу ПАП-тест;
-гинекологиялық сүртіндіні тазалық деңгейін анықтау;
-вагиналды бөлінетін бактериологиялық зерттеу;
-қанды биохимиялық талдау (креатинин, АЛТ, АСТ, билирубин, холестерин, триглицеридтер, глюкоза, глюкозаға толеранттыққа сынақ);
-коагулограмма (ПВ-ПТИ-ХҚҚ, VII факторын, фибриномономерлер ерітілетін кешендерін (МКЕФ), қан плазмасындағы плазминоген, фибриногеннің белсенділігін анықтау, тромбоциттердің адгезиясын және агрегация реакциясын жүргізу).

Аспаптық зерттеулер:
-гинекологиялық трансвагиналды УДЗ;
-маммография;
-вагиноскопия;
-ЕРА (бел омыртқа аумағын және жамбас бөксе буындарына рентген денситометриясы).

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (көрсетімдер бойынша):
-қанды биохимиялық талдау: қан сарысуындағы ЖТЛП-ХС, ХС-ЛПНП, ХС-ЛПОНП анықтау, атероген индексін (артық салмақты әйелдерде);
-ИФТ бойынша қан сарысуындағы жыныс гормондарының, ФЫГ, ЛГ, эстрадиол, пролактин, тестостерон деңгейін анықтау;
-ИФТ  әдісімен қан сарысуындағы Т3, Т4, ТТГ, АД-ТПО, АД-ТГ қалқанша без гормондарын анықтау;
-бауырдың УДЗ (артық салмақты әйелдерде);
-ЭКГ (артық салмақты әйелдерде);
-КУДЗ (кешенді уродинамикалық зерттеу) ЗҰА бар әйелдерде.

Жоспарлы ауруханаға жатқызуға бағыттауға қажетті зерттеулердің ең аз тізімі: жоспарлы ауруханаға жатқызу

-жалпы қан талдауы (6 параметр);
-жалпы несеп талдауы;
-коагулограмма (қан сарысуындағы ПВ, фибриногенді, БІТУ, ХҚҚ анықтау);
-қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, жалпы билирубин);
-қан тобын анықтау;
-қанның резус-факторын анықтау;
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
-қан сарысуындағы p24 АИТВ антигенін ИФТ-әдісімен анықтау;
-қан сарысуындағы В гепатитінің HbeAg вирусын ИФТ-әдісімен анықтау;
-қан сарысуындағы С гепатитінің жиынтық антиденесін ИФТ-тәсілімен анықтау;
-гинеколгиялық сүртіндінің тазалық деңгейін анықтау;
-кіші жамбас органдарының УДЗ;
-ЭКГ.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер: КУДЗ.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетуде жүргізілетін  диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлар

Шағымдар мен анамнез

Климакс кезеңінде УГБ-да АВ-мен және несеп жіберудің бұзылуына байланысты шағымдарды ерекшеленеді.
 
АВ-мен байланысты шағымдар:
 -қынаптағы құрғақтық, қышу,ашыту;
 -диспареуния (жыныстық акті кезінде ауыру);
 -қынаптан қайталанатын бөлінділердің болуы;
 -түйісуге байланысты қан шығуы;
 -қынаптың алдыңғы және артқы жағының төмендеуі.

 
Несеп жіберудің бұзылуымен байланысты шағымдар:

-поллакиурия (тәулігіне 6-8 реттен артық несеп жіберу);
-никтурия (түнде 2 реттен артық несеп жіберу);
-цисталгия (қуық қалбыршағы бұзылмаған кездегі жиі, ауыр несеп жіберу);
-күшенгендегі ЗҰА;
-несеп жіберуді императивті шақыру;
-императивті ЗҰА.

Менопаузадан кейінгі остеопороздағы шағымдар:
-денеге жүк түскенде және жүру кезінде көбейетін сегізкөздегі және белдегі ауырлық (омыртқадағы, жамбас, үлкен асық жілік сүйектеріндегі тоқтамайтын қарқынды ауру, ауру күшейгенде ауырлық синдромы күшейе береді);
-омыртқаның майысуы, мүсіннің бұзылуы (омыртқаның кеуде бөлімінің кифозының қалыптасуы);
-жылына бойдың 2 см-ден артық немесе өмір бойы 4 см-ге пәсеюі;
-жалпы әлсіздік;
-шаршағыштықтың жоғары деңгейі;
-бұлшықеттің әлсіздігі;
-жауырын арасындағы ауырлықты сезіну;
-өзін-өзіне қызмет көрсету мүмкіншілігінің және еңбекке қабілетінің төмендеуі.

Физикалды зерттеу [4.А]:
-дене салмағының индексін бағалау (семіздіктің абдоминальды және/немесе висцералды түрінің қалыптасуымен бірге салмақтың артуы және майдың қайта бөліуі);
-АҚ артуы;
-тырнақтың құрғақтығы, сынғыштығы, әжімдер, шаштың құрғақтығы мен түсуі;
-гинекологиялық зерттеу: қынаптың созылуының азаюы, қынаптың шырышты қабық атрофиясы, расталған жөтелге сынама, Вальсальва сынамалары, бір сағаттық төсемдік тест.

Зертханалық зерттеулер
-ПАП-тест жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу: жатыр моййнағы патологиясының жоқтығы.
-Қынаптан бөлінділерді бактериологиялық зерттеу: қынаптық микрофлораның түрлік және сандық құрамы анықталады.
-Гинекологиялық сүртіндінің тазалық деңгейін анықтау: лейкоцитарлы реакцияның жоқтығы.
-Қанды биохимиялық талдау: тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендеуі, компенсаторлы гиперинсулининемияның пайда болуы, аш қарынға плазмадағы глюкозаның деңгейін өсуі, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, атерогендік индексі 4-тен артық.
-Коагулограмма: VII факторының артуы, плазминоген ұлпасының деңгейін азайту және плазминоген-1 белсендірушісінің ингибиторын арттыру (ИАП-1), яғни, фибринолизді басу, тамырдың созылмалығы және артериалды қан айналымының азаюы.
-Жалпы қан талдауы 6 параметр бойынша: қабыну реакциясының жоқтығы.
-Несепті бактериологиялық зерттеу: микрофлораның жоқтығы немесе шартты-патогенді микрофлораның саны 105  дейін болуы.
-Жыныс гормондары мен қалқанша без гормондарының деңгейін анықтау:
қан сарысуындағы эстрадиолдың төменгі деңгейі  (<80 пмоль/л);
қан сарысуындағы ФЫГ-тің жоғарғы деңгейі, ЛГ индексі/ФЫГ <1; эстрадиол индексі/эстрон <1;
қатысты гиперандрогения немесе андрогендердің жетіспеушілігі; гипотиреоз немесе тиреотоксикоздың белгілері.

Аспаптық зерттеулер
-трансвагиналды УДЗ: менопаузадан кейін эндометриядағы патологияның жоқтығы (Мэхо қалыңдығы 5 мм-ге дейін);
-вагиноскопия: Люголь әртүрлі түсімен қынаптың шырышты қабығының жұқаруы, шырышты негіздің астындағы капилляр желісі;
-КУДЗ: несеп ағынының ең жоғарғы жылдамдығын, ең жоғарғы уретралды индексті азайту, уретралды және/немесе детрузорлық қысымның кенеттен көтерулерінің болуы немесе жоқтығы.
-ЕРА: остеопения белгілері (сүйек массасының азаюы) - Т-меже 2,5 SD төмен.

Мамандар кеңесі үшін көрсетімдер:
-урологтың кеңесі – созылмалы цистит, несеп жіберудің тоқтауы эпизодтары;
-невропатологтың кеңесі – орталық және/немесе перифериялық жүйке жүйесінің аурулары болған кезде;
-психотерапевтің кеңесі – психологиялық және психосоматикалық бұзылулардың деңгейін бағалау үшін;
-соматикалық патологиялар бар болғанда терапевттің кеңесін алу.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз

1-кесте. УГБ сараланған диагностикасы


УГР  Ерекшелігі жоқ және ерекше вагиниттер 
Бактериялы циститтер, бактериурия 
 
Органикалық себептерден туындаған қалбыршақ ішіндегі Қуық қалбыршағының иннервациясының бұзылуына алып келетін аурулар 
Анамнез
Менопаузаның, оның ішінде хирургиялық менопаузаның болуы  Айрықша кольпит: кездейсоқ жыныстық байланысқа, жыныстық серіктестерге нұсқау. Ерекшелігі жоқ кольпит- инфекцияның ағзаны бұзуы, иммунитеттің төмендеуі  Факторларға нұсқау мүмкін: қуық қалбыршағының шырышты қабығының зақымдануы, жамбас тамырларында қанның ұюы, суықтау және басқалар
Қуық қалбыршағы
ішіндегі обструкцияға нұсқау. Несепті ұстай алмауға қатысты жасалған отаның әсерінен немесе уретраның бұзылуына алып келетін цистоцеленің әсерінен болуы мүмкін
Қант диабетінің, энцефалопа тияның, омыртқа бағанасыны ң және ми жұлыны ауруларына , Альцгеймер , Паркинсон ауруларына , ми қан айналымының бұзылуына байланысты экстрагенит алды аурулардың болуына нұсқау
Шағымдар 
Мепопауза ның нейровегет а тивті симптомда рының болуы. УГБ қынаптың құрғақтығ ы мен қышуы, несептің қалыпты көрсеткішт ерінде - диcпареуния  шығындылар: олардың түсі өзгеріп, иісі  шамалы ғана сезілетін және жағымсыз болып кетеді («балық» иісіне ұқсайтын, мұрынды жаратын иіс басым синдром  болып келетін  вагинитке қарағанда), шығындылар көлемі де өседі. Көптеген жағдайларда шығындылар сипаты да өзгереді: олар олар крем тәрізді және қоюланады немесе керісінше, өте сұйық және былғайтын болады Несеп жіберу ауырлық тудырады, пациенттер түйіліп шаншып ауру мен ашытуды, әсіресе несептің жіберудің соңғыныда қан аралас шығындылар шығады және қуық қалбыршағының және бұт аралығының ауыры мазалайды. Несеп көмескі болуы мүмкін.   Қуық қалбыршағы ішіндегі обструкцияны тудырған себепке байланысты Негізгі экстрагенитальды аурулар клиникасы  
Аспаптық зерттеулер түрлерінің деректері  
Кольпоскопиялық зерттеу - 
жатырдың шырышты қабығының жұқаруы, қансыраушылығы, субэпителийлі тамырлы желі. 
Қынаптың ішіндегі  рН құрамы: 
 Атрофияның жоғары деңгейінің рН артуы  - 6,1 артық.  
Несепті бактериологиялық өсіндіні талдау.  
шарттыпатогенді қоздырғыштарды анықтамайды
 Қынап сүртіндісін зерттеу айрықша инфекциялы қоздырғыштарды анықтамайды  
Ерекше қоздырғыштарды анықтау:гонококк, трихомонадтар, хламидиялар, уреплазманың түссіз трепонемалары, микоплазмалар, туберкулездің микобактериялары . Ерекшелігі жоқ қоздырғыштарды анықтау:протей, стрептококк, стафилококк, ішек таяқшасы, синеіріңді таяқша, гарднерелла, ашытқы тәрізді ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар, адамның папиллома вирусы, қарапайым герпестің вирусы; (вирустық вагиниттер); аралас вагиниттер 

Несепті  талдау. Бактериалды инфекцияның белгісі болып лейкоцитарлы эстеразаға және нитритке арналған оң сынамалар жатады (диагностикалық сызықтардың көмегімен). Пиурийлер туралы  лейокциттер саны 10-нан астам болса, білдіреді. 
Гематурияның бар болуы мүмкін.  
Негізгі ауруды цистоскопияның, УДЗ, КТ, МРТ көмегімен диагностикалау  Негізгі ауруды диагностикалау  
Антибактериалды терапияның тиімділігі 
Әсердің жоқтығы, дизуриялық бұзылулардың сақталуы   Бар Бар Әсердің жоқтығы   Әсердің жоқтығы  

 

Емдеу тактикасы


Емдеу

Емдеу мақсаттары:

-АГТ тағайындау арқылы әйелдердегі аналық бездің гормонды функциясын алмастыр (орнын толтыру);
-АГТ ең төменгі өлшем режиміндегі жалпы ахуалды жақсарту;
-кеш алмасатын бұзуларды оңалту.
 
Емдеу тәсілі ***:
Дәрісіз емдеу
: жүргізілмейді
Дәрімен емдеу
 
Гормонды терапия:
-жүйелі және /немесе жергілікті гормонды терапия;
-құрама (жүйелі және жергілікті терапия) (жүйелі терапиядан әсер жеткіліксіз болғанда).
Эстриол (май немесе суппозиторий)  0,25-1,0 мг тәулігіне 1 рет (түнге) қынап ішіне 2 апта, әрі қарай 0,25-1,0 мг тәулігіне, аптасына  2 рет. Емдеу өмір бойы жүргізіледі.

Қуық қалбыршағына және несеп жіберетін каналдың қызметтік ахуалына әсер ететін дәрілік құралдар терапиясы [1].
Емдеу ұзақтығы жеке тағайындалады, бірақ 3 айдан кем емес.

М-холинолитиктер:
-тәулігіне тамаққа дейін 1-3 реттен 5 мг оксибутинин;
-тәулігіне 2 реттен 2 мг толтеродин;
-5-15 мг 2-3 қабылданатын троспия хлорид . 

Альфа-адреномиметиктер:
-1-2 айдың ішінде 2,5 мг 2 рет мидодрин.

М/Н-холиномиметиктер:
-тамаққа дейін 30 минутқа дейін ішке тәулігіне бір рет 5-10 мг-нен дистигмин бромиді.
-Остеопорозды емдеу Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері  жөніндегі Сараптау комиссиясының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №23 «Остеопороз» клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрімен емдеу:

Негізгі емдеу құралдарының тізімі (қолдану мүмкіншілігінің 100%-ы):
-эстриол (жақпамай немесе суппозитарий) 0,25-1,0 мг бойынша.

 Қосымша емдеу құралдарының тізімі (қолдану мүмкіншілігінің 100% аз).
-оксибутинин, таблеткалар, 5 мг;
-толтеродин таблеткалар 2 мг;
-троспия хлорид таблеткалар 5-15 мг;
-мидодрин таблеткалар 2,5 мг;
-дистигминабромид таблеткалар 5-10 мг.

Стационарлық деңгейде дәрімен емдеу: жүргізілмейді
Жедел шұғыл жәрдем көмек көрсетуде дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілмейді
Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді;
Амбулаториялық деңгейде емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді;
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді;

Жедел шұғыл жәрдем көмек көрсетудегі емдеудің басқа түрлері: шұғыл ауруханаға жатқызу жүргізілмейді;

Х ирургиялық араласу:

Амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу: жүргізілмейді;

Стационарлық жағдайларда хирургиялық араласу:
Ректоцеле және уретероцеленің үйлесіміндегі ЗҰА стрестік түрдегі хирургиялық емдеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі Сараптау комиссиясының   2014 жылғы 05 мамырдағы №6 «Стреспен несепті ұстай алмау» клиникалық хаттамасы бойынша жүргізіледі.

Әрі қарай жүргізу  (отадан кейінгі жүргізу, МСАК дәрігерлердің және тар көлемді дәрігерлердің келу жиілігі көрсетілген диспансерлік іс-шаралар, стационарлық деңгейде жүргізілген бастапқы оңалу):
-УГБ клиникалық симптомдарын купирлеу;
-сүйек ұлпасының минералдық тығыздығы н жақсарту;
-гормонды фонды қалыптандыру.
 

Негізгі диагностикалық зерттеулер Қанша рет қолдану
УГР
1. Жалпы несеп талдауы емдеу басталғанға дейін және көрсетімдер болғанда
2. Жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу (Папаниколау бойынша сүртінді); емдеу басталғанға дейін жылына
1 рет
3. КУДИ емдеу басталғанға дейін және көрсетімдер болғанда
 
4. Трансвагиналды УДЗ емдеу басталғанға дейін кейіннен жылына бір рет және көрсетімдер болғанда
 
5. Урологтың кеңесі емдеу басталғанға дейін және көрсетімдер бар болғанда
Менопаузалы остеопороз
1. Терапевтің тексеруі емдеуге дейін, кейіннен жылына бір рет және көрсетімдер болғанда
2. сүйек тіндерінің ахуалын бағалау, денситометрия (ультра дыбыстық, рентгендік) емдеуге дейін, кейіннен жылына бір рет
3 Коагулограмма емдеу басталғанға дейін, кейіннен алты айда бір рет

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау түрін көрсетуімен госпитальдауға көрсетімдер:

Жедел госпитальдау үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.

Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер: несепті стрестік ұстай алмау және жедел емдеу мақсатында ректоцеле мен уретероцеленің УГБ-мен үйлесуі.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар (асқынулар профилактикасы, тәуекел факторларын көрсете отырып, МСАК деңгейіне арналған бастапқы профилактика).
 
Салауатты өмір салтына арналған ұсыныстар [3. А].
-Тәни белсенділік: дене жаттығуларының тиімді саны – аптасына орташа белсенділікті  кем дегенде 150 минут жаттығу [3.А].
-Дұрыс тамақтану: күніне бірнеше рет жеміс-жидектер мен көкөністі, тұтас дәнді дақылды тұтыну, аптасына екі рет балық жеу және майды, тұзды тұтынуды жалпы қысқарту (зәйтүн майын санамағанда).
-Зиянды әдеттерден арылу: темекі шекпеу, алкогольды тұтынбау.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1. Национальное руководство. Гинекология под ред. В.И. Кулакова, Г.М. Савельевой, И.Б. Манухина. Москва. 2009.С.465-469. 2. Остеопороз. Диагностика, профилактика и лечение. Клинические рекомендации под ред. Лесняк О. М., Беневоленской Л. И., 2009. - 270 с. 3. Пособие для врачей под редакцией В.Ф.Беженаря //Сложные и комбинированные формы недержания мочи у женщин: этиология, патогенез, принципы диагностики. Санкт- Петербург.2012.С.16-17 4. Практические рекомендации под редакцией Сухих Г.Т. //Ведение женщин в пери-и постменопаузе. Москва.2010.С.30-31) 5. Старди Д.У Пайнс А. от имени авторской группы Международного общества Менопаузы //Обновленные рекомендации Международного общества менопаузы касательно гормональной терапии в постменопаузальный период и стратегий сохранения здоровья в среднем возрасте. Опубликовано Международным обществом менопаузы Интернет- страница: Первая публикация в: Climacteric 2011;14:302- 20. (А) 6. Cardozo L, Lose G, McClish D.,Versi E. A systematic review of the effects of estrogens for symptoms suggestive of overactive bladder.ActaObstetGynecolScand 2004; 83:892-897 (А). 7. Cirillo DJ, Wallace RB et al. Effect of hormone therapy on risk of hip and knee joint replacement in the Women's Health Initiative. Arthritis Rheum 2006; 54: 3194-204 (A) 8. Ettinger B, Ensrud KE, Wallace R, а1 al. Effects of ultralow-dose transdermal estradiol on bone mineral density: a randomized clinical trial. ObstetGynecol 2004;

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген   хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
  1. Н.Н. Мезинова - м.ғ,д., «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» Мемлекеттік емес білім беру мекемесінің «Акушерия және гинекология» кафедрасының  профессоры.
  2. Н.Н Кобзарь - м.ғ.к., доцент, Қазақстан-Ресей медициналық университеті» Мемлекеттік емес білім беру мекемесінің «Акушерия және гинекология» кафедрасының меңгерушісі.
  3. М.С. Құдайбергенова – «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ клиникалық фармоколог-дәрігері.
 
Мүдделер қақтығысы жоқтығын  көрсету: жоқ
Пікір иесі: Г. Мырзабекова – м.ғ.д., «ҰАБҒО» АҚ бас ғылыми қызметкері, профессор.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх